«Фитоценоз. Фитиценоздың құрылымы»


Фитоценоз - бұл белгілі бір территорияның бір тектес участоктерінде кездесетін өсімдіктердің тарихи қалыптасқан үйлесімді қарым-қатынасы болып табылады. Бұл анықтамада көңіл аударатын нәрсе мынау, фитоценоз -өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес, ол белгілі бір территориямен, басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланыста болатын, өмір сүріп отырған ортасына бейімделушіліктің негізінде қалыптасқан, ұзақ уақыттар бойы жүрген тарихи дамудың жемісі. Бір ғана түрден тұратын фитоценоздар бар. Мұндай фитоценоздарды ерекше орталарда, түрлердің біреуінің бейімделушілік қасиетінің жоғары болуының нәтижесінде, басқа түрлерден айқын артықшылығы болатын жағдайда кездестіруге болады. Бұған сор топырақтарда солянкалардың кейбір түрлерінің калың болып өсуі, қара өлеңшөптің (камыша озерного) жер асты суының жақын жатқан жерлерінде қалың қопа түзуі мысал болады. Тұрақты система ретінде, фитоценоздың ең маңызды қасиеттерінің бірі - оның өздігінен қалпына келуге қабілеттілігі. Өсімдіктердің өздігінен қалпына келуге қабілетсіз үйлесімділігінің фитоценоздардан айырмашылығы сол, оларды өсімдіктердің топтары (группировки) деп атайды. Фитоценоздарды универсалды бағдарламамен зерттейді. Ең алдымен олардың структурасын зерттеуге: түрлерінің құрамына, ярустығына (жер беті бөлігі мен тамыр системаларының), осы фитоценоздың түзілуіне жекелеген түрлердің қатысына, жекелеген түрлердің өмірлік формаларына және басқа да параметрлеріне көңіл бөледі. Фитоценологтардың басты мақсаты шалғындарды, ормаңдарды, тундраны, шөлейтті, шөлдерді және өсімдіктер жабынының басқа типтерін (оның ішінде мысалы, ауылшаруашылық дақылдары мен ағаштардың көшеттерімен ауыстырылғандары да бар) тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Фитоценологтар агрономдармен, топырақтанушылармен, экологтармен, өсімдік шаруашылығын жақын арада қалайда жолға қоюдың жоспарын жасау үстінде. Олар шөлді және шөлейт аймақтарда, қорықтарда жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге олар ауылшаруашылығына пайдалы жерлерді дұрыс жоспарлауға (пландауға) және үлкенді-кішілі қалаларды, елді мекендерді, үлкен кен орындарын игеруге байланысты бүлінген жерлерді (террикондарды, золоотвалдарды, хвосто-хранилищелерді) көгалдандырудың жоспарларын жасауға қатысады.
Фитоценоздардың құрамын сипаттайтын элементері мен белгілері
Фитоценоздың құрамын оның мынадай элементтері және белгілері сипаттайды:
1) флоралық құрамы;
2) экобиоморфтық құрамы;
3) түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы;
4) фитоценозды құратын түрлердің ценопопуляцияларының қасиеттері.
Өсімдіктер қауымдарының және ассоциациясының флоралық құрамы.
Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір түр биотопты жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлері орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан қауым туралы толық мағлұмат алу оның флоралық құрамы, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндердіде есепке алу керек.
Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе еліміздің оңтүстік аудандарында /дала, шөл тағы с. с. /, өсімдік түрлерінің дамып жетілуі, вегетациялық кезендері бір мезгілде өте бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін, ондағы түрлерді тізімге алу /инвентаризация/ жұмысын өсімдіктердің вегетациялыө кезеңі ішінде екі /көктемде, жазда/ немесе үш /көктемде, жазда, күзде/ рет жүргізген дұрыс. Тек сонда ғана вегетациялық кезеңі ұзақ және қысқа /көктемгі және күзгі эфемерлер және эфемероидтар/ өсімдік түрлерін толық қамтуға болады. Бірақ өсімдіктерді тізімге алған кезде, осы жерде кездесетін өсімдіктердің кейбір түрлерінің болмай қалуы мүмкін. Өйткені қауымның флоралық құрамының тізімін жасаған кезде олар тек дән /тұқым/ түрінде топырақ бетінде кездесуі мүмкін. Сондықтан оларды жиып анықтап есепке алу керек. Жинаған өсімдік дәнін өсіріп көріп тек қана осы жағдайда өмір сүруге икемі барларын ғана тізімге кіргізу қажет.
Құрамындағы түрлердің санына қарай кедей флоралы /егер түр саны аз болса/ және Құрамындағы түрлердің санына қарай кедей флоралы /егер түр саны аз болса/ және бай флоралы /егер түр саны көп болса/ фитоценоздар болады. Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың /гректің diaspora - таралу деген - өсімдіктің таратылуға арналған кез-келген бөлігі/ келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп өсе алатындығына байланысты анықталады.
Қауымның экобиоморфтық құрамы.
Экобиоморфа /экоморфа және биоморфадан: Быков; 1988/ - белгілі бір сыртқы және биоценотикалық ортаның жағдайында табиғи сұрыптау нәтижесінде өсу формалары, биологиялық ритмдері және экофизиологиялық, соның ішінде ортаны жасаушылық ерекшеліктері ұқсас түрлердің жиынтығы. Түрлердің және формалардың ұқсастығы олардың жақындығымен /туыстығымен/, ал оданда жиірек адаптациялық конвергенциясымен қамтамасыз етіледі. Соның салдарынан бір экобиоморфаға жататын түрлердің популяциялары биоценоздың құрылысын түзуде бір бағытта ұқсас қызметтер атқарады /заттар және энергия тасымалдауда, биоценотикалық ортаны жасауда тағы с. с. /. Экобиоморфа - бұл биоморфа және экоморфаның бірлігі. Кәбінесе биоморфа /гректің bios - өмір және morphe - форма/ түрлердің систематикадағы орнымен, олардың өсу формаларымен және биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы.
Түрлердің ценопопуляцияларының қасиеттері.
Ценопопуляция /гректің koinos - жалпы және популяция/ - фитоценоздың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы. Бұл түсінікті ғылымға енгізген Т. А. Работнов /1945, 1950/. Бірақ «ценопопуляция» деген термин кейінірек енгізілді /Петровский, 1961/.
Өсімдіктер қауымдарының популяциялық құрамын жан-жақты зерттеу оның қазіргі кездегі жағдайын, тарихын және даму тенденциясын білудің кілті болып табылады.
Фитоценоздарда өсімдіктердің әрбір түр особьтарының /дербес организмдерінің/ саны өте көп болады. Олар бір-бірінен жасымен, тіршілік күйімен және орналасу ерекшеліктерімен ажыратылады. Фитоценозда популяция особьтары әр қалай орналасады /сурет 7, 8/. Сонымен ценопопуляцияның қасиеттері оның құрамына кіретін дербес организмдердің санымен, орналасу ерекшеліктерімен, жастық және тіршілік күйімен анықталады.
Қауымның флоралық байлығы.
Флоралық байлық дегеніміз белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау жасау үшін әрбір систематикалық топтар /қыналар, папоротниктер, жалаңаш тұқымдылар, жабық тұқымдылар/ бойынша түрлердің санын есептеп шығару керек.
Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай флоралы және күрделі флоралы фитоценоздар болады: жай флоралы фитоценоз - бір немесе бірнеше түрлерден, ал күрделі флоралы фитоценоз - көптеген түрлерден тұрады.
Қауымның флоралық байлығы көптеген факторларға байланысты /мысалы, осы ауданның флорасының түрлік байлығына, қауымның тіршілік ететін жерінің микроклиматына, экотоп жағдайына және оның өсімдіктердің өмір сүруі нәтижесінде өзгеруіне, адам тіршілігінің әсеріне тағы с. с. /. Оны төменде келтірілген таблицадан /3/ көруге болады. Тропикалық ормандар өсімдік түрлеріне ең бай қауымдардан саналады, ал альпілік және арктикалық шөлдер өсімдік түрлеріне ең кедей қауымдарға жатады.
Фитоценоздың барлық компоненттері сол жерде бар ресурсты дерлік бірдей пайдаланатын жағдайда өсімдіктердің бірде-бір түрі доминант бола алмайды. Тек осындай жағдайда ғана фитоценоз флоралық құрамы жағынан өте бай болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі /табл. 3/.
Л. Г. Раменский /1924/ флоралық мүшелері толық және мүшелері толық емес фитоценоздар деген түсінік кіргізді. Егер фитоценоз құрамына онда өмір сүруге қабілеті бар өсімдік түрлерінің кейбіреулері кірмей қалған болса оны Раменский мүшелері толық емес фитоценозға жатқызды. Фитоценоздардың флоралық мүшелері толық немесе мүшелері толық емес екендігін эксперимент жасап оларға қосымша тұқымдар сеуіп қана анықтауға болады.
Л. Г. Раменский фитоценоздарды мүшелері мүлде толық, жергілікті мүшелері толық, практикалық мүшелері толық және анық мүшелері толық емес деп бөлді. Мүшелері мүлде толық фитоценоздар жоқта болуы мүмкін. Фитоценоздарға адамның басқа аймақтардан алып келген өсімдік түрлерін енгізу немесе оларды жергілікті фитоценоздарға әдейі саналы түрде кіргізу жұмыстары табиғатта флоралық мүшелері толық емес фитоценоздардың кең кездесетіндігін көрсетеді. Фитоценоздардың флоралық мүшелерінің толық еместігінің үлкен практикалық маңызы бар. Ондай фитоценоздардың құрамына кіріп олардың өнімділігін арттыруға қабілеті бар өсімдік түрлерінің тұқымдарын қосымша себуге болады. Мысалы, шабындықтардағы бұршақ тұқымдастардың дәндерін қосымша себу жұмыстары. Әрбір фитоценозда өте мол, көп кездесетін және өте аз кездесетін өсімдік түрлері болады. Көп кездесетін өсімдік түрлерін көлемі кішкентай ауданнан да табуға болады, ал сирек кездесетін өсімдік түрлерін табу үшін көлемі үлкен ауданды қарау керек. Фитоценоздың флоралық байлығын анықтау үшін алынған ауданның көлемі үлкен болған сайын оңдағы өсімдік түрлерінің саны көбейе береді /әрине белгілі бір шекке дейін/
Қауымның немесе ассоциацияның флоралық байлығын табу ауданын ассоциацияны анықтау ауданымен шатастырмау керек. Ассоциацияны анықтау ауданы дегеніміз ассоциацияның барлық негізгі белгілері /флоралық құрамы, құрылысы тағы с. с. / айқындалатын ең аз аудан /Раменский, 1925/.
Фитоценоздың флоралық толықтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz