Көкнәрлер тұқымдасы туралы ақпарат



1 Көкнәр тұқымдасы (Papaverales)
2 Көкнәр (Papáver)
3 Жіңішке көкнәр (Papaver tenellum)
4 Апиын көкнәр . Papaver somniferum L. Мак снотворный
5 Қызылтаңдай (Roemeria)
6 Айдаршөп (Corуdalіs)
7 Семенов айдаршөбі (Corydalis semenovii)
8 Көгілдір немесе Аран өсімдігі (Fumaria)
Көкнәр тұқымдасы (Papaverales) — қос жарнақтылар класының өсімдіктері. Көбіне шөптесін өсімдіктер, кейде бұта немесе аласа ағаштар.
Көкнәр тұқымдасы 26 туыс, 250 түрді біріктіреді. Тұқымдастың өкілдері Солтүстік жартышардың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінде, сондай-ақ оңтүстік және тропиктік Африкада, Шығыс Австралияда, Арктикада кездеседі. Қазақстанда 8 туысы, 40 түрі кездеседі. Басым түрде бір- және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Құрамында ақ, сары, тоқ сары түсті латекс (млечный сок-өзек шырыны) болады. Жапырақтары кезекті, кейде супротивті, жай, аздап немесе көптеп тілімделген, бөбе жапырақсыз. Гүлдері әртүрлі типті жалғыздан немесе жоғарғы гүл шоғырында, жиі ірі және ашық түсті, актиноморфты, кейде дұрыс емес, қосжынысты, гүл қоршауы қосарлы, тостағаншасы екі мүшелі, гүл жарғанда түседі, күлтесі 4, кейде 6 күлте жапырақты екі шеңберде орналасқан, аталығы көп, гинецейі паракарпты, 2-16 жемісжапырақтан, аналық аузы отырықты. Көкнәрлер негіщ\зінен насекомдармен тозаңданады. Жемісі – паракарпты қорпша, жақтаулары немесе жоғарғы бөлігіндегі саңылаулары арқылы ашылады. Тұқымдары сансыз көптеген, ұсақ, кішкентай ұрығы және өте майлы эндоспермді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: биология және биотехнология
Кафедра: биоалуантүрлілік және биоресурс

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Көкнәрлер тұқымдасы

Орындаған: Сейтжан А.
Қабылдаған: Чилдибаева А.Ж.

Алматы 2017ж

Көкнәр тұқымдасы (Papaverales) -- қос жарнақтылар класының өсімдіктері. Көбіне шөптесін өсімдіктер, кейде бұта немесе аласа ағаштар.
Көкнәр тұқымдасы 26 туыс, 250 түрді біріктіреді. Тұқымдастың өкілдері Солтүстік жартышардың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінде, сондай-ақ оңтүстік және тропиктік Африкада, Шығыс Австралияда, Арктикада кездеседі. Қазақстанда 8 туысы, 40 түрі кездеседі. Басым түрде бір- және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Құрамында ақ, сары, тоқ сары түсті латекс (млечный сок-өзек шырыны) болады. Жапырақтары кезекті, кейде супротивті, жай, аздап немесе көптеп тілімделген, бөбе жапырақсыз. Гүлдері әртүрлі типті жалғыздан немесе жоғарғы гүл шоғырында, жиі ірі және ашық түсті, актиноморфты, кейде дұрыс емес, қосжынысты, гүл қоршауы қосарлы, тостағаншасы екі мүшелі, гүл жарғанда түседі, күлтесі 4, кейде 6 күлте жапырақты екі шеңберде орналасқан, аталығы көп, гинецейі паракарпты, 2-16 жемісжапырақтан, аналық аузы отырықты. Көкнәрлер негіщ\зінен насекомдармен тозаңданады. Жемісі - паракарпты қорпша, жақтаулары немесе жоғарғы бөлігіндегі саңылаулары арқылы ашылады. Тұқымдары сансыз көптеген, ұсақ, кішкентай ұрығы және өте майлы эндоспермді.
Өкілдері: көкнәр-мак, сүйелшөп, боккония, маклея. Көкнәрлердің құрамында алколоидтар болады. Олардың ішінде тамақтық, дәрілік және әсемдік өсімдіктері бар. Көкнәр, мүйіз көкнәр және Мексика аргемонының тұқымынан техникалық май алынады. Көкнәрлер тұқымдасының көптеген түрлері гүлдері әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі.
Қазақстанның Қызыл кітабына жұқа көкнәр (Papaver tenellum) - сирек түр, эндемді, тек Шығыс және Орталық-Қазақстан бөліктерінде ғана кездеседі.


Туыстары
Түр саны
1
Гипекоум - Hepecoum L. - Гипекоум
3
2
Сүйелшөп - Chelidonium L. - Чистотел
1
3
Мүйіз көкнәр - Glaucium Adens. - Глауциум
4
4
Қызылтаңдай - Roemeria Medic. - Ремерия
2
5
Көкнәр - Papaver L. - Мак
11
6
Айдаршөп - Corydalis Medic. - Хохлатка
19
7
Көгілдір - Fumaria L. - Дымянка
4

Көкнәр (Papáver) - көкнәрлер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда далалы, шөлейт және таулы аудандарда тараған 11 түрі бар.[1] Ең маңызды сортына дәрілік Апиын көкнәрі (P. somnіferum) жатады: ол Қазақстанның оңтүстік мен таулы аудандарда өседі. Оның піспеген қауашағының шырынынан дәрі алынады. Піскен Көкнәр тұқымында алкалоид болмайды, бірақ майы көп (55%). Көкнәрдің биіктігі 20 - 90 см. Сабағы жіңішке, түкті жапырағы жалпақ, гүлдері ақ, сары, қызыл қызғылт, гүл сағағы ұзын, олар шар тәрізді гүлшоғырына топталған. Шілде - тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі - көп тұқымды қауашақ. Көкнәрда сүт тәрізді ақ шырын болады. Сондай-ақ республикада тоты Көкнәрін (P. pavonіnum) бояу өндірісінде пайдаланады. Егістікте арамшөп ретінде сеппе Көкнәр (P. rhoeas) кездеседі. Қазақстанда өте сирек кездесетін жіңішке көкнәр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Таралуы. Көкнәр Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Азияда өседі.

Негізгі түрлері:
1. Papaver alboroseum Hulten -- Мак белорозовый
2. Papaver alpinum L. -- Мак альпийский
3. Papaver amurense (N.Busch) N.Busch ex Tolm.
4. Papaver arenarium M.Bieb. -- Мак песчаный
5. Papaver argemone L. -- Мак аргемона
6. Papaver bracteatum Lindl. -- Мак прицветниковый
7. Papaver dubium L. -- Мак сомнительный
8. Papaver glaucum Boiss. & Hausskn. -- Мак сизый
9. Papaver hybridum L. -- Мак гибридный
10. Papaver alboroseum Hulten -- Мак белорозовый
11. Papaver alpinum L. -- Мак альпийский
12. Papaver arenarium M.Bieb. -- Мак песчаный
13. Papaver argemone L. -- Мак аргемона
14. Papaver atlanticum (Ball) Coss. -- Мак атлантический
15. Papaver bracteatum Lindl. -- Мак прицветниковый
16. Papaver dubium L. -- Мак сомнительный
17. Papaver glaucum Boiss. & Hausskn. -- Мак сизый
18. Papaver hybridum L. -- Мак гибридный
19. Papaver lapponicum (Tolm.) Nordh. -- Мак лапландский
20. Papaver nudicaule L. -- Мак голостебельный
21. Papaver orientale L. -- Мак восточный
22. Papaver pavoninum Fisch. & C.A.Mey. -- Мак павлиний
23. Papaver pseudo-orientale (Fedde) Medw. -- Мак ложновосточный
24. Papaver radicatum Rottb. -- Мак полярный
25. Papaver rhoeas L. -- Мак самосейка
26. [syn. Papaver commutatum Fisch. & C.A.Mey. -- Мак спутанный
27. Papaver rubro-aurantiacum Lundstr. -- Мак оранжево-красный
28. Papaver somniferum L. -- Мак снотворный

Papaver setiferum Goldblatt

Papaver rhoeas: 1 - гүлдеп түрған гүлдің жоғарғы басы; 2 - аналық; 3 - жатырдың көлденен кесіндісі; 4 - корапша; 5 - тұқым; 6 - тұқым кесіндісі; 7 - гүл диаграммасы мака; 8 - кресгүлдінің гүл диаграммасы, K2 C2+2 Ainfinity G(5)-(20)

Papaver somniferum: 1 - жалпы бейнесі ; 2 - диаграмма. Papaver rhoeas: 3 - корапша; 4 - кесіндісі. Dicentra spectabilis: 5 - гүлі (н.л - наружные лепестки; в.л - внутренние лепестки; т.н - тычиночные нити); 6 - аталық схемасы; 7 - диаграмма. Chelidonium majus: 8 - қақырап жатқан жеміс. Hypecoum: 9 - гүл диаграммасы. Corydalis: 10 - гүл диаграммасы.

Жіңішке көкнәр (Papaver tenellum) - көкнәрлер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларының шығыс бөлігінде, Қарқаралы тауларында, Кент және Қызыларай шоқыларында тасты, жартасты беткейлерінде, шалғынды жерлерде, көлеңкелі сайларда кездеседі. Биіктігі 30 см-дей, тықыр кейде сыртын ақ түк жауып жатады. Жапырақтары сағақты, гүлсидамынан 2 - 3 есе қысқа. Гүлсидамы жіңішке, түзу. Гүлшанағы домалақ, сирек қылтанды келеді. Гүлдері ақ немесе сары түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусым - шілде айларында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс салады. Жемісі - домалақ қорапша. Жіңішке көкнәр - өте сирек кездесетін эндемик түр, жылдан-жылға таралу аймағы тарылуда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Papaver tenellum

Апиын көкнәр - Papaver somniferum L. Мак снотворный
Бұл да - биіктігі 1 метрге дейін жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік әрі қысқа, жапырақтары көп. Тамырдан тікелей өсіп шыққан жапырақтары ірі, сопақша, ұзындықтары 20-30 сантиметрге жуық. Сабағынан өсіп шыққан жапырақтары отырмалы, жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті, төменгі жағы сабақты айнала қоршап, оған жабыса біткеп. Ашылардан бұрын гүл тостағаншасы төмен қарай салбырап тұрады. Оның екі қалақшасы бар, гүл ашылған кезде олар түсіп қалады. Гүл жапырақшалары төртеу. Олардың түсі кейде ақ, кейде ашық қызыл, көк түсті болып келе береді. Гүл жапырақшаларының түп жағында қара дақтары болады. Жемісі піспей тұрған кезде тіліп қарасаңыз, ауада шамалы тұрса кеуіп, қарайып кететін тұқым қабының ішіндегі сүт тәрізді сөлді көресіз. Бұл - апиын деп аталатын улы зат.
Апиын-көкнәр мәдени өсімдік. Жабайы түрінде еш жерде кездеспейді. Оның сүтті сөлін кептіріп, дәрі үшін жинап алады. Апиынның құрамында морфин, кодеин, папаверин, тебаин, наркотин деген алкалоидтер, каучук, қоймалжың заттар бар. Оның организмге ететін әсері морфиннің нерв жүйесін тыныштандыратын, жөтел басатын қасиеттеріне байланысты. Папаверин мидың, жүректің қан тамырларын кеңейтеді. Апиын жөтел басатын дәрі ретінде де, асқазан, ішек түйнеп ауырғанда да, іш өткенде де қолданылады. Ол тек дәрігердің ғана ұйғаруымен қолданылады.

Papaver somniferum L. Мак снотворный

Сүйел шөп(Chelidónium - чистотел). Көкнәр тұқымдасына жатады. Халық емшілері сүйелшөп және сүт-ттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген
Үлкен сүйелшөп - (Chelidónium majus) - көкнәрлер тұқымдасына жататын улы көпжылдық шөптесін өсімдік.
Латынша атауын екі сөзден құраған: грек сөзі "χηλιδων" -- қарлығаш, лат. major, majus -- үлкен. Ертеден келе жатқан аңыздарда қарлығаш өзінің көзі көрмей қалған балапандарын сүйелшөптің нәрсуымен емдейді депті.
Ал қазақша "сүйелшөп" деп аталғаны - ол халықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан флорасындағы Papaveraceae Juss. тұқымдасына биологиялық сипаттама және оны оқу үрдісінде пайдалану
Құрамында алкалоиды бар дәрілік шикізаттар
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Алғашқы жабық тұқымдылардың шығу тегі және дәлелдері
Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру
Гүлдің құрылысы және оның қызметтері
Пәндер