ПАПОРОТНИК ТӘРІЗДІЛЕР БѲЛІМІ (ПАПОРОТНИКОВИДНЫЕ) POLYPODIOPHYTA



1 Папоротник тәрізділер
2 Полиподиопсидтер класы (Полиподиопсидтер).Рolypodiopsida
3 Құлқайырлар тұқымдасы (Malvaceae)
Папоротник тәрізділер немесе папоротниктер жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең ертеде пайда болғандарының бірінен саналады. Өзінің ерте пайда болғандығы жағынан олар риниофиттер мен плаун тәрізділерден ғана кейін тұрады. Ал қырықбуын тәрізділермен геологиялық жас шамасы қатар болып келеді, яғни олармен шамамен бір мезгілде пайда болған (қатар дамыған). Бірақ сол кездің өзінде ринофиттердің жойылып кеткеніне көп уақыттар болған, ал плаун тәрізділер мен қырықбуын тәрізділердің жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінде алатын орны (ролі) шамалы болған және олардың түрлерінің саны да көп болмаған. Папоротниктер болса дамудың нағыз өскелең шағында (биігінде) болған. Қазіргі кезде бұрынғы геологиялық кезендермен салыстырғанда папоротниктердің ролі әлде қайда төмен, соған қарамастан олардың 300-дей туысы жөне 10000-нан аса түрлері белгілі. Папоротниктер жер шарының барлық бөліктерінде аса кең тараған өсімдіктер. Олар шөлді аймақтардан бастап батпақты жерлерге дейін, көлдермен, күріш өсірілетін жерлерде және кермектеу суларда, яғни әртүрлі ортада кездесе береді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ПАПОРОТНИК ТӘРІЗДІЛЕР БѲЛІМІ (ПАПОРОТНИКОВИДНЫЕ) POLYPODIOPHYTA
Папоротник тәрізділер немесе папоротниктер жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең ертеде пайда болғандарының бірінен саналады. Өзінің ерте пайда болғандығы жағынан олар риниофиттер мен плаун тәрізділерден ғана кейін тұрады. Ал қырықбуын тәрізділермен геологиялық жас шамасы қатар болып келеді, яғни олармен шамамен бір мезгілде пайда болған (қатар дамыған). Бірақ сол кездің өзінде ринофиттердің жойылып кеткеніне көп уақыттар болған, ал плаун тәрізділер мен қырықбуын тәрізділердің жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінде алатын орны (ролі) шамалы болған және олардың түрлерінің саны да көп болмаған. Папоротниктер болса дамудың нағыз өскелең шағында (биігінде) болған. Қазіргі кезде бұрынғы геологиялық кезендермен салыстырғанда папоротниктердің ролі әлде қайда төмен, соған қарамастан олардың 300-дей туысы жөне 10000-нан аса түрлері белгілі. Папоротниктер жер шарының барлық бөліктерінде аса кең тараған өсімдіктер. Олар шөлді аймақтардан бастап батпақты жерлерге дейін, көлдермен, күріш өсірілетін жерлерде және кермектеу суларда, яғни әртүрлі ортада кездесе береді.

Папоротник жапырағының схемасы:
1 - сағағы; 2 - жапырақ тақтасы; 3 - бірінші қатар қауырсыны; 4 - қауырсыншалар (екінші реттік қауырсындар); 5 - қауырсын тақтасы; 6 - рахис.

Алайда олардың ең көп тараған жері, ылғалы мол тропикалық ормандар болып саналады. Ол жерлерде папоротниктер ағаштардың көлеңкесінде, топырақта ғана өсіп қоймай, сонымен бірге эпифит ретінде ағаштардың сабақтарында және бұтақтарында көптеп кездеседі. Осындай әртүрлі ортаға бейімделгіштік қасиетінің болуының арқасында папоротниктерде әртүрлі өмірлік формалар (жизненные формы) қалыптасқан. Әсіресе сыртқы формаларына, ішкі құрылыстарына, физиологиялық ерекшеліктеріне және мөлшеріне қарай көптеген түрлері пайда болған. Өзінің көлеміне карай папоротниктер тропикалық ормандарда кездесетін ағаш тәрізді формаларынан (кейде биіктігі 25м жететін, ал діңінің диаметрі 50см болатын), аса кішкентай ұзындығы бірнеше мм-ден аспайтын түрлеріне дейін кездеседі. Папоротниктер туралы сөз еткенде, алдымен олардың жыныссыз немесе спора түзетін ұрпағы (спорофит) жөнінде айтамыз. Көптеген жоғары сатыдағы өсімдіктер секілді (мүк тәрізділерден басқасы) олардың өмірлік циклінде спорофит басым фазасы болып келеді, сондықтанда біздер алдымен папоротниктердің спорофитін көреміз.
Папоротниктердің барлығында дерлік спорофиті көпжылдық, тек аздаған маманданған формаларында ол бір жылдық. Суда немесе батпақта өсетін цератоптерис (Сегаіоріегіз) туысының түрлері оған мысал бола алады. Цератоптеристің спорофиті жыл сайын өліп тұрады, бірақта олар арнайы спорофиттік бүршіктер қалдырады. Осы бүршіктерден келесі жылы жаңа спорофит жетіледі.
Қырықбуын тәрізділер мен плаун төрізділерден папоротник тәрізділер жапырақтарының үлкен болуымен (макрофиллділігімен) ажыратылады. Олардың жапырақтары үлкен, бірнеше рет тілімделген, сиректеу тілімделмеген, бүтін болып келеді. Жапырақтарының мөлшері бірнеше мм-ден 30 м-ге жетеді, тіптен одан да ұзындау болады. Сыртқы формасы және ішкі құрылысы жағынан олар алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда папоротниктердің жапырақтары екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден оларда фотосинтез процесі жүреді, екіншіден споралар түзіледі. Көптеген папоротниктердің, мысалы страусниктердің, сезімтал оноклеяның немесе тропикалық эпифит дринария туысының жапырақтарында фотосинтез процесі жүретін (стерильді) және спорангийлер түзетін (фертильді) болып екіге бөлінеді. Фертильді жапырақтар хлорофиллдерін жоғалтып салвиниялардағыдай тек қана спора түзу қызметін атқарады.
Папоротник тәрізділердің жапырақтары жер бетінде кездесетін өсімдіктердің ең қарапайымы риниофиттердің үлкен бұтақтарынан пайда болған (теломдардан және олардың топтарынан). Олар бұтақтардың бірігіп кетуінен жөне одан әрі қалыңдауынан (кладодификация) пайда болады. Тіптен осы кезде кездесетін папоротниктердің жапырақгары сабақтары секілді төбе клеткалары арқылы өседі. Ол жағдай папоротниктердің жапырақтарының сабақтан (өстен) пайда болатындығын көрсетеді. Жапырақгың өткізгіш системаларының сабақтан кеткен жерлерінде жапырақ жарықшағы пайда болады (плаундар мен қырықбуындарда жапырақ жарықшағы болмайды), көп жағдайда ол аса үлкен жөне бұтақтың жарықшағына тура келеді.
Папоротник тәрізділердің сабақтары алуан түрлі болады. Алайда олар көпшілік папоротниктерде нашар жетілген. Көп жағдайда сабақтары жер астында көміліп жататын тамырсабақ түрінде берілген. Көптеген формаларының сабағы субстратқа төселіп өседі және жіңішке болып келеді. Алайда бірқатар папоротниктердің сабақтары тік өседі. Олардың ішінде ағаш тәрізді формалары да бар. Бұлардың алғашқы тегі құрылысы қарапайым папоротник тәрізділерге жататын, бұл кезде жойылып кеткен, сабағы тік өсетін жартылай ағаштар болған. Оларда ағаш тәрізді және шөптесін формалары шыққан. Папоротник тәрізділердің стельдік құрылысы алуан түрлі. Олардың әртүрлі топтарында стельдің барлық типтері кездеседі (протостель, сифоностель, диктиостель, полициклия, эустель).
Папоротниктердің спорангийлері жапырақтың астыңғы жағында көп мөлшерде жетіледі. Сиректеу олар жалғыздан болады. Көп жағдайда спорангийлері топтасып жиналып сорустар түзеді. Сорустар жапырақтың ерекше индузий деп аталынатын жарғақ жамылғымен жабылап тұрады.
Алайда қарапайым папоротник тәрізділердің спорангийлері жалғыздан болады жөне псилофиттердегі секілді бұтақтарының жоғарғы ұштарында жетіледі. Кейбір формаларының спорангийлері жапырақ тақтасының шетінде орналасады.
Спорангийлері не кәдімгі вегетативтік жапырақтарында, немесе ерекше спора түзетін жапырақтарында (спрофиллдерінде) пайда болады. Спорофиллдерінің вегетативтік жапырақтарға (трофофиллдерге) өте ұқсас болуыда, немесе олардан көлемі және формасы жағынан айырмашылықтарының болуыда мүмкін.
Соңғы кездері папоротниктердің систематикасы үлкен табыстарға жетті. Сондықтавда біздің кдзіргі кездегі біліміміздің деңгейіне сай етіп папоротник
тәрізділер бөлімін А.Л. Тахтаджян 1978 жылы мынадай 7 класқа б ө л д і:
1)аневрофитопсқдтер (Aneurophytopsida);
2) археоптеридопсидтер(Archaeopteridop sida) ;
3) кладоксилопсидтер (Cladoxylopsida);
4) зигоптеридопсидтер (Zygopteridopsida);
5) офиоглоссопсидтер (Ophioglossopsida);
6) мараттиопсидтер (Marattiopsida);
7) полиподиопсидтер (Polypodiopsida).

ПОЛИПОДИОПСИДТЕР КЛАСЫ (ПОЛИПОДИОПСИДТЕР)-POLYPODIOPSIDA
Полиподиопсидтер лептоспорангиатты папоротниктердің тобын құрайды. Оларга шамамен 270-тей туыс, 10000-нан астам түр жатады. Полиподиопсидтердің басым көпшілігі кѳгі жылдық жэне бір жылдық шөптесін өсімдіктер, тек аздаған түрлері ғана ағаштар.
Полиподиопсидтер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі, алайда олардьщ түрлерінің басым көпшілігі ылғалды тропикалық ормандарда өседі. Ол жерлердін өсімдіктер жабынын түзуде папоротниктердің ролі орасан зор. Олар топырақтың бетінде, лиана және эпефит ретінде ағаштардың діндерінде өседі. Ағаш тәрізді папоротниктер тек ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі. Көптеген папоротниктер сонымен бірге ылғалды субтропикалық аймақтарда өседі. Қоңыржай климатты облыстарда папоротниктердің ролі онша жоғары емес. Бұл жерлерде олар негізінен күн сәулесі түсе бермейтін, ылғалы мол аймақтарда, көлеңкелі жерлерде кездеседі. Сонымен бірге папоротниктер ормандарда, таудың терең шатқалдарында және батпақгы жерлерде өседі. Полиподиопсидтердің басым көпшілігі тең споралы папоротниктер, алайда олардьщ ішінде әртүрлі споралыларьща кездеседі.
Полиподиопсидтер класы 3 класс тармағынан тұрады: Polypodiidae класс тармағына жер бетінде өсетін тең споралы папоротниктер жатады, ал Marsileidae және Salviniidae класс тармақтарына әртүрлі споралы суда жэне сулы-батпақты жерлерде ѳсетін ѳсімдіктер жатады. Лептоспорангиатты папоротниктер тобынын спорангийлері жапырақтың үстіңгі бетіндегі ьслеткалардың бірінен пайда болады және олардың қабыкщалары (қабырғалары) бір ғана қабаттан тұрады.

Полиподилер класс тармағы (полиподииды)- Polypodiidae
Бұл класс тармағы мынадай 4 қатардан түрады:
1. Осмундалар (Osmundales),
2. схизеялар (Schizaeales),
3. полиподиумдар (Polypodiales),
4. циатеялар (Cyatheales).

Циатеялар катары (циатейные) - Cyatheales)
Циатеялар қатары осы кластың ішіндегі ең үлкен қатарлардың бірі. Бұл қатарға мынадай түқымдастар жатады:
1. циатеялар (Cyatheaceäe),
2. гименофиллдер (Hymenophyllaceae),
3. асплениумдар (Aspleniaceae),
4. даваллиялар (Davalliaceae).
Бұл тұқымдастардың ішінде тек асплениумдардың өкілдері ғана БОР-дың территориясында, оның ішінде Қазақстанда да кеңінен таралған өсімдіктер. Циатеялар мен даваллиялардың ѳкілдері БОР-дьщ территориясында мүлдем кездеспейді, ал гименофиллдерге келер болсақ олардьщ санаулы түрлері ғана кездеседі. Казақстанда бүл түқымдастардың өкілдері мүлдем кездеспейді, сол сабепті де біз оларға тоқгалмауды жѳн кѳрдік. Тек қысқаша әр түқымдаскд қаиша түр жататынын және олардың қанша түқымдас тармақтарынан тұратындығын айтумен шектелеміз. Сонымен циатеялар түқымдасына 1000-нан астам, негізінен тропикалық түрлер жатады, олардьщ жартысынан астамы ағаш тәрізді папоротниктер. Бұл түқымдас алты тұқымдас тармағынан түрады. Гименофиллдер түқымдасына 700-дей түр жатады, олар гименофилл (Hymenophyllum) мен трихоманес (Trichomanes) деген екі үлкен туысқа шамамен тең бѳлінген. Даваллиялар тұқымдасына 230-дай түр жатады, оларды екі үлкен топқа немесе екі түқымдас тармағына бәледі.

Асплениумдар түқымдасы (асплениевые) - Aspleniaceae
Асплениумдар түқымдасына 4000-дай топырақтың бетінде және эпифит ретінде, негізінен ылғалы мол жерлерде ѳсетін папоротниктер жатады. Олардьщ негізгі белгілері мынадай: тамырсабақтары диктиостельді, сырты қабыршақтармен қапталған, сорустары дорсальды, жақсы жетілген жамылғысы болады (индузий), споралары биллатеральды жақсы қауырсындалған.
Асплениумдар түқымдасы мынадай 7 түқымдас тармағынан тұрады:
1. асплениумдар (Asplenioideae),
2. усасыр папоротниктер (Dryopteridoideae),
3. тага папоротниктер (Athyrioideae),
4. элафоглоссумдар (Elaphoglossoideae).
5. ломариопсистер (Lomariopsidoideae),
6. телиптеристер (Thelypteridoideae),
7. блехнумдар (Blechnoideae).
Бұл тұқымдас тармақтарының алғашқы үшеуінің ғана өкілдері БОР-дын территориясында, оның ішінде Қазақстанда кездеседі, ал қалған төртеуінің өкілдерінің барлығы тропикалық аймақгардьщ өсімдіктері.

Усасыр папоротниктері тұқымдас тармағы (шитовниковые) - Dryopteridoideae
Бұл түқымдас тармағына 500-дей түр жатады. Олардьщ көпшілігі усасыр папоротнигі (шитовник-Dryopteris) және алқа папоротнигі (многорядник - Polystichum) туыстарына жатады. Усасыр папоротнигі туысына 150-дей, негізінен орманды зонада ѳсетін түрлер жатады. Усасыр папоротнигі Европамен Солтүстік Американьщ суық облыстарынан бастап Азияның, Африканың жэне Оңтүстік Американьщ тропиктеріне дейін кең таралған өсімдіктер, басқа папоротниктерден айырмашылығы сол, оның түрлерінің басым көпшілігі
қоңыржай климатты зонада өседі. Туыстың түрлерінің ең көп кездесетін орталығы Гималай таулары мен ІПығыс Азия (Қытай,Жапония), бұл жерлерде оның 100-дей түрлері шоғырланған. Еркек усасыр папоротниктің қазба түріндегікалдықтары бор дәуірінің қабаттарынан табылган, бірақ оның дамуы негізінен үшінші дәуірде жүрген.
БОР-дың территориясында ең көп таралған папоротниктердің бірі еркек усасыр папоротнигі (щитовник-Dryopteris fîlix-mas) . Ол ылғалы мол жалпақ жапырақты ормандарда, көлеңке жерлерде, жөне таулардың орманды белдеуінде ѳседі. Еркек папоротниктің жапырағьіның ұзындығы 1 және 1,5 м-ге дейін жетеді, бірақ олар өте жай өседі. Алғашқы жапырақтары тамырсабақтың стіңгі жағынан, оның өсу нүктесінің айналасында пайда болады.
Алғашқы жылы олар көп байқалмай бүршік күйінде қалады. Екінші жылы жазда жас жапырақтар спиральданып ұлу төрізді формаға келеді, олардьщ сыртын қоңыр түсті қабыршақгы түктер жауып түрады. Үшінші жылы көктемде ұлу тәрізді жапырақтар тез жазылып қабыршақтардан босайды да, жаздың басына таман толығымен жетіліп, күрделі қауырсынды, жасыл түсті нағыз жапырақ тақгасына айналады. Оларды вайялар деп жиі айтады. Кѳп жағдайда жапырақтар екі түрлі қызмет атқарады - фотосинтездік жэне спора түзу. Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал тѳменгілері фотосинтезге маманданган болып келеді. Спора түзетін көпжылдық өсімдікте әдетте 5-7 жақсы жетілген жапырақтар болады.

Dryopteris fîlix-mas

Сабағы жерасты тамырсабағы түрінде берілген. Ол қысқа, жуан, қаралау-қоңыр түсті, құрылысы айқын байқалатын дорсовентральды болып келеді. Мұндай тамырсабақтар жас жапырақтарымен қоршалған өсу конусынан түратын төбе бүршіктерімен аяқталады.
Онда жас,әлі дифференциацияланбаған жапырақтармен қоршалған өсу нүктелері орналасады.
Усасыр папоротнигінің сабағы (тамырсабағы) сырт жағынан эпидермамен қапталған, одан әрі қабық қабаты орналасады, ол сыртқы жэне іш кі болып бөлінеді. Сыртқы қабықтың клеткалары беріктік (механикалық) қызмет атқарады. Сабақтың үлпаларында көптеген мөлшері (размері) әртүрлі болып келетін өткізгіш шоқтары орналасады. Үлкен шоқтарының саны аз болады, олар дүрыс шеңбердің бойымен сабақтың орталық бөлігін айнала қоршап орналасады. Мұндай шоқтарды сабақтық шоқтар деп атайды, олар сабақтың үзына бойына созылып жатады. Белгілі бір жүйесіз, іиашыраңқы орналаскдн көптеген үсақ шоқтары сабақтық шоқтардан жапыраққа қарай бағытталған болып келеді.

Таға папоротниктер тұқымдас тармағы (кочедыжниковые) - Athyrioideae
Таға папоротниктер түқымдастармағының усасыр папоротниктеріне туыстык жағынан жақындығы бар, бүған 20-дай туыс жатады. Түқымдастармағының негізгі туысы тага папоротнигі (кочедыжник-Athyrium) оған 200-дей, негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты зонасында өсетін түрлер жатады (тропиктерде аздаған ғана түрлері өседі). Олар біршама ірі, негізінен орманда өсетін өсімдіктер, жапырақтары екі-үш рет қауырсындалған, жүқа, олардың бетінде сопақтау, немесе қисайып орналасқан сорустары болады. Тамырсабақтары жуан, қысқа, немесе үзын болып төселіп өседі, көп жағдайда бүтақталған, олардьщ сыртын қалындау қабыршақтар қаптап тұрады. Туыстың негізгі өкілі аналық тага папоротнигі (кочедыжник женский - A.filix-femina), ол Евразияның жэне Солтүстік Американьщ орманды зонасына тән. Негізгі ѳсетін жерлері ылғалды орман, шалғынды жер, өзеннің жағасы және батпақты жерлер. Аналық таға папоротнигі орманды тундраньщ талдар өсетін жерлерінде және қайың шоқганып кішігірім орман түзетін жерлерде Арктикаға дейін жетеді. Аналық таға папоротнигінің жапырағының сегментінің екі бетінде де негізгі жүйесін бойлай сорустары орналасады, олардьщ формасы тага немесе ілгек тэрізді болады. Сорустарын дэл осындай формалы жамылғы жауып түрады, оның шеттері шашақтанған болып келеді (бахрома). Бұл папоротниктің тамырсабағы, усасыр папоротнигінің тамырсабағы секілді халық медицинасында кеңінен қолданылған. Қуырылған тамырсабақтарымен жас жапырақгарын Батыс Американьщ индсецтері тамакқа пайдаланады.

Athyrium filix-femina (L.) Roth

Диплазиум (Diplazium) туысына 400-дей трогіикалық ормандарда өсетін түрлер жатады, олар орманның өсімдік-тер қауымының негізгі компоненттері болып табылады.
Диплазиум туысына тропиктердің папоротниктерінен тамаққа пайдалануы жағынан ең маңыздыларының бірі, жеуге келетін (тамақтық) диплазиум (диплазиум съедобный- D.esculentum). Ол тропиктерде Индиядан Филлипинге дейін, және Фиджи аралдарыньщ ылғалды ашық жерлерінде ѳседі. Бұл түрдің үстіңгі етженді жапырактары кѳкѳніс немес салат ретінде тамақкд пайдаланылады. Қоңыржай климатты зоналарда диплазиумдар кѳп емес, әдетте олар онша биік болмайтын (15-25 см) ѳсімдіктер.
1. Diplazium australe (R.Br.) N.A.Wakef.
2. Diplazium dietrichianum (Luerss.) C.Chr.
3. Diplazium esculentum (Retz.) Sw.
4. Diplazium melanochlamys (Hook.) T.Moore
5. Diplazium molokaiense W.J.Rob
6. Diplazium sibiricum (Turcz. ex Kunze) Sa.Kurata -- Диплазиум сибирский

Diplazium sibiricum (Turcz. ex Kunze) Sa. Kurata

Көпіршікті папоротник туысына (пузырник или цистотоптерис- Cystopteris) 10-нан астам түр жатады, олардьщ санының аздығы кейбір түрлерінің қалың болып өсуімен теңеседі. Мысалы: морт көпіршікті папоротник (пузырник ломкий-C.fragilis) Арктикалық тундраның, Евразияның, Солтүст ік Американьщ орманды аудандарын мекендейді.

Cystopteris fragilis (L.) Bernh.

Сонымен бірге ол Гренландияда, Исландияда,Батыс Африканьщ тауларында, Тасманияда жэне Жаңа Зеландияда да кездеседі. Кѳпіршікті папоротниктің кейбір түрлерінің кең таралуына, олардьщ вегетативтік жолмен көбею көп мүмкіндік береді. Баданалы көпірш ікгі папоротниктің (пузырник луковиценосный- C.bulbifera,) бүршіктері жерге тускен соң, өсіп калың қопа түзуіне ғана емес, сонымен бірге оньщ жаңа территорияларды жаулап алуына да мүмкіндік береді.

Вудсия туысына (Woodsia) Австралия мен Антарктикадан баска жер шарыньщ барлық жерлерінде ѳсетін 25-тей тур жатады. Бүл туыстың 15-тей түрі, сонын, ішінде өте қарапайым түрлері Азияда ѳседі (Гималай, Тибет). Бүл облыс шамасы туыстьщ шыққан орталығы болса керек. Жалащұқымды папоротник туысына (гимнокарпиум, немесе голокучник- Gymnocarpium) Солтүстік ендікте кең таралған 5-8 түр жатады.

Woodsia ilvensis (L.) R. Br.

Түрлері:
1. Woodsia acuminata Sipliv.
2. Woodsia alpina (Bolton) Gray -- Вудсия альпийская
3. Woodsia andersonii (Bedd.) Christ
4. Woodsia angolensis Schelpe
5. Woodsia appalachiana T.M.C.Taylor
6. Woodsia burgessiana Gerrard
7. Woodsia canescens (Kunze) Mett.
8. Woodsia cinnamomea Christ
9. Woodsia cochisensis Windham
10. Woodsia cycloloba Hand.-Mazz.
11. Woodsia cystopteroides Windham & Mickel
12. Woodsia elongata Hook.
13. Woodsia glabella R.Br. ex Richardson -- Вудсия гладковатая
14. Woodsia ilvensis (L.) R.Br. -- Вудсия эльбская
15. Woodsia kangdingensis H.S.Kung, L.B.Zhang & X.S.Guo
16. Woodsia manchuriensis Hook. -- Вудсия маньчжурская
17. Woodsia polystichoides D.C.Eaton -- Вудсия многорядниковая
Қауырсын папоротник (страусник - Matteuccia) туысы да Солтүстік жарты шарда ѳсетін 2-3 түрден тұрады. Осы туысқа жататын түрлердің ішіндегі ең сәндісі кәдімгі страусник (M.struthiopteris), ол мәдени жағдайда кѳптеп ѳсіріледі. Қауырсын папоротник (страусник) Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты зонасының батпақты және ылғалды жерлерінде ағаш өсіп түрған тау жоталарының беткейлерінде, езендердің және тау жылғаларының, көлеңкелі жағалауында және өзеннің жайылмасындағы ормандарда кеңінен таралған. Бүл папоротниьстщ жас жапырақтары кейбір елдерде овощ ретінде тамакка пайдаланылады.
1. Matteuccia intermedia C.Chr.
2. Кәдімгі страусник - Matteuccia struthiopteris (L.) Tod. -- Страусник обыкновенный

Папоротниктердің сурыстары мен спорангилерінің орналасуы. (туыстарда)
1 - спорангилер, Pteridium; 2 - сорустар, Woodsia; 3 - сорустар, Dryopteris; 4 - сорустар, Asplenium, Athyrium, Polypodium.

Matteuccia struthiopteris (L.) Tod.
Құлқайырлар тұқымдасы (Malvaceae)
Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құрлықтарында (континенттерінде), негізінен тропикалық аудандарда, әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі. Қос жарнақтылар класының дилениидтер класы тармағына жататын ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары мен бөбешік жапырақтары кезектесіп орналасады. Құлқайыр тұқымдасының 85-тей туысы 1600-дей түрі белгілі. Жер бетінің тропиктік өңірлерінде кездеседі. Қазақстанда құлқайыр тұқымдасының 7 туысына жататын 20 түрі бар. Түрлерінің басым бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және таулы аймақтарында шоғырланған. Гүлдері қос жынысты, тостағаншасы бес жапырақты (кейде 3 - 4 жапырақты), әдетте төменгі жақтары бірігіп кеткен. Гүл тәжі бес күлтелі, кейде тіпті жоқ, ал бүршік құрылымында оралмалы келеді. Аталықтары әдетте екі доғада, кейде сыртқы доғадағы аталықтары стаминодияларға (тозаңынан айрылып, түрі өзгерген ұрықсыз аталық) айналған, ішкі доғадағы аталық жіптері бірігіп биік түтік түзеді, жоғары жағында көптеген жіпшелерге тілімделген, жіпшелердің әрқайсысына қос ұялы тозаңқап орналасқан. Жеміс жапырақтары, негізінен, үшеу, кейде одан да көп, жоғары жатынды бір аналыққа біріккен. Аналық аузы жұмыр басты, тұқым бүршігі әр ұяда жалғыз немесе көп, ортасы плацентаға (бүр бүртік) орналасқан. Әдетте гүлінің астында бос немесе өзара біріккен бір немесе бірнеше жапырақшадан тұратын тостағанша дамиды. Жемісі - құрғақ, көптеген бір тұқымды жемісшелерге бөлініп кететін кейде 3, әдетте 5 ұялы қауашақ, кейде жидек түрінде. Құлқайыр тұқымдасының кейбір түрлері тех. дақылдар, олардан мақта алынады. Құлқайыр тұқымдасының талшықтарынан арқан есіп, қап тоқиды. Медицинада қолданылады. Құрамында белок көп болғандықтан азық-түліктік, жем-шөптік өсімдік ретінде пайдаланылады. Әсемдік үшін де өсіріледі. Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұтақтарында орналасады. Гүл серігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостағанша асты жапырақшалары гүл асты жапырақшаларынан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұрады, оның сыртқысының аталықтары стаминодиға дейін редукцияға ұшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бөлінеді де олардың жіпшелері трубкаға бірігеді, тозаңқап (тозаңдық) ішінде екі тозаң ұясы бар бір ғана жартыдан (текадан) тұрады. Гинецейі ценокарпты 5-жеміс жапырақшадан тұрады, сиректеу олар 2-3тен немесе көптен болады, жатыны (гүл түйіні) жоғарғы 2-,3-,5-, көп ұялы болып келеді. Әрбір ұяның ішінде біреуден немесе көптен тұқымбүршігі болады. Жемістерінің көп жағдайда сыртқы қабы құрғақ : қорапша, қанатша (қанатты жеміс) сиректеу шырынды болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары тұтас немесе саусақсалалы болып келеді, қосалқы жапырақшалары түсіп қалып отырады. Көп жағдайда шырышты заттар жинақталатын лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген шырышты клеткалары болады.

1.
2. Adansonia L. -- Адансония
3. Aguiaria Ducke
4. Bernoullia Oliv.
5. Bombax L. -- Бомбакс
6. Camptostemon Mast.
7. Catostemma Benth.
8. Cavanillesia Ruiz & Pav.
9. Ceiba Mill. -- Сейба
10. Chiranthodendron Larreat. -- Хирантодендрон
11. Eriotheca Schott & Endl.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Су жағалап өсетін қырықбуындар және папоротниктер»
Папротник тәрізділер
Саңырауқұлақтар бөлімі-mycophyta
Кладофоралы балдырлар қатары
Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы
МҮК ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (МОХОВИДНЫЕ) – ВRҮОРНҮТА
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер бөлімі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
Папоротниктәрізділер бөлімінің жалпы сипатамасы және жіктелуі
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәндер