«Шамшаттар тұқымдасы»


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: биология және биотехнология

Кафедра: биоалуантүрлілік және биоресурс

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Шамшаттар тұқымдасы»

Орындаған: Қуан Л.

Қабылдаған: Чилдибаева А. Ж.

Алматы 2017ж

Шамшаттар тұқымдасы (Fagaceae) - гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класының көпжылдық ағаш өсімдіктерінің бір тұқымдасы.

Негізгі туыстар:

  1. Каштан - Castanea - Талшын
  2. Кастанопсис - Castanopsis
  3. Хризолепис - Chrysolepis
  4. Коломбобаланус - Colombobalanus - бір түрі бар Colombobalanus excelsa
  5. Циклобаланопсис - Cyclobalanopsis
  6. Бук - Fagus - Шамшат
  7. Форманодендрон - Formanodendron
  8. Камнеплодник - Lithocarpus - бір түрі бар Lithocarpus densiflorus
  9. Дуб - Quercus - Емен, Қазақстанда кездеседі, тек бір түрі.
  10. Тригонобаланус - Trigonobalanus - бір түрі бар Trigonobalanus verticillata,
  11. Дриофиллум - Dryophyllum

Шамшаттықтардың 400-ден астам түрі бар, олардың ішінен бұрынғы КСРО-да өсетіндері: емен, шамшат, каштан (талшын) .

Жапырақ түсетін және мәңгі жасыл ағаштар, кейде бұталар, басым қоңыржай және субтропикалық облыстарда кеңінен тараған 8 туыс, 950 түрді біріктіреді. Шамшаттар мен емендер жалпақжапырақты орман түзетін негіз болып табылады.

Ағаштар кезекті жай жапырақты, ерте түсетін бөбе жапырақтары бар, гүлдеуі жапырақ ашалғанға немесе ашылғаннан кейін жүреді. Бір үйлі өсімдік, гүл шоғыры дара жынысты. Гүлдері бір жынысты, дұрыс, ұсақ, гүл шоғырының негізгі осінде топтанып немесе бірден орналасады.

Гүл қоршауы қарапайым, түссіз, 4-7 жарнақта. Аталық гүлдеріндегі аталықтары бос, олардың сандары гүл қоршауының жарнақтарының санынан екі есе артады. Аналық гүлдеріндегі аналығы 3-6 жемісжапырақшалы. Түйіні төменгі. Жемісі - жаңғақ. Тұқымы ірі ұрықты эндоспермсіз. Негізгі өкілдері - емен, шамшат, каштан.

Емен (Quercus) - шамшаттар тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар.

Түрлері:

  1. Quercus acerifolia (E. J. Palmer) Stoynoff & W. J. Hess
  2. Quercus acrodonta Seemen
  3. Quercus aculcingensis Trel.
  4. Quercus acuta Thunb. - Дуб острый
  5. Quercus acutangula Trel.
  6. Quercus ×acutidens Torr.
  7. Quercus acutifolia Née
  8. Quercus acutissima Carruth. - Дуб острейший
  9. Quercus aerea Trel.
  10. Quercus afares Pomel
  11. Quercus affinis Scheidw.
  12. Quercus agrifolia Née - Дуб траволистный
  13. Quercus ajoensis C. H. Mull
  14. Quercus alba L. - Дуб белый
  15. Quercus albescens Rouy ex A. Camus
  16. Quercus albicaulis Chun & W. C. Ko
  17. Quercus albocincta Trel.
  18. Quercus aliena Blume
  19. Quercus alienoserratoides T. B. Lee
  20. Quercus allorgeana A. Camus
  21. Quercus alnifolia Poech - Дуб ольхолистный
  22. Quercus alpescens Trel.
  23. Quercus alvordiana Eastw.
  24. Quercus andegavensis Hy,
  25. Quercus andresii R. Alonso & al.
  26. Quercus andrewsii Sarg.
  27. Quercus annulata Sm.
  28. Quercus aquifolioides Rehder & E. H. Wilson
  29. Quercus arbutifolia Hickel & A. Camus
  30. Quercus argentata Korth.
  31. Quercus argyrotricha A. Camus
  32. Quercus aristata Hook. & Arn.
  33. Quercus arizonica Sarg.
  34. Quercus arkansana Sarg.
  35. Quercus ashei Trel.
  36. Quercus asymmetrica Hickel & A. Camus
  37. Quercus atlantica Ashe
  38. Quercus aucheri Jaub. & Spach
  39. Quercus augustinii Skan
  40. Quercus auricoma A. Camus
  41. Quercus austrina Small- Дуб южный
  42. Quercus austrocochinchinensis Hickel & A. Camus
  43. Quercus austroglauca (Y. T. Chang) Y. T. Chang
  44. Quercus autumnalis F. M. Vázquez, S. Ramos & Doncel
  45. Quercus auzandrii Gren. & Godr.

Изображение растения Quercus robur.

Quercus robur L.

Емен баяу (жиырма - сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес - алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт - сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз - мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы - екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі - кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 - 50 м.

Емен (Quercus)

1 - гүлдеп тұрған бұтағы; 2 - аталық гүлді сырға; 3 - аналық гүл; 4 - жемістері жаңғақша.

Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 - 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі - үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір - мамырда гүлдеп, қыркүйек - қазан айларында жеміс береді. Тұқымы - жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат - танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т. б. ) пайдаланылады.

Емен - діңі жуан әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Биіктігі - 40 метр, діңінің жуандығы (диаметрі бойынша) - 2 метрге дейін жетеді. Емен ағашын таулы аймақтардан, Тобыл өзенінің жағалауынан табиғи түрін көруге болады. Еменнен ғана құралған ормандар ТМД елдерінде ғана бар. Ал, қала көгалдандыруда оны қала көшелерінен кездестіруге болады. Емен гүлдеп жеміс салады. Жаңғақтан өсіп шыққан емен ашық жерде өссе 20 жылдан кейін, ал орманды жерде өссе 50 жылдан кейін гүлдейді. Қызғылттау келген гүлі көктемде жапырағымен бірге шығады. Бұтақтары кең жайылып өседі. Сондықтан жас көшетін бірден кең орынға егу керек. Еменнің жапырағы мен жаңғағы өте әдемі. Жапырағының жиегі ирек, кесік және түзу түрлері де бар. Түсі қызыл, қоңыр, ашық жасыл. Бойы биіктеген сайын көлемі де ұлғайа түседі. Емен алғашқы уақытта жай өседі, 10 жылдан соң жылдық өсімі 0, 6-1 метрге жетеді. Емен биіктігімен қатар жайылып өскенді ұнатады. Кейде бір жыл ішінде жанынан шыққан бұтақтар 2 метрге дейін өседі. Осыған орай, халық арасында «Емен тон киіп өседі» деген сөз бар. Сондықтан оны өзге өсімдіктерге жақын екпеу керек. Емен 800-1000 жылға дейін өмір сүреді.

Көгалдандыру мақсатында қала жағдайында өсірілген емендерден гөрі табиғи жағдайда өсетін емендер көп жасайды. Қабығы мен жаңғағы емдік мақсатта қолданылады. Ал, жас жапырақты бұтақтарынан сыпыртқы жасап, моншада пайдаланады. Діңі мықты болғандықтан, әдемі де қымбат есіктер мен едендер осы емен ағашынан жасалынады. Емен өте мықты ағаш болғандықтан, құрылыста жиі пайдаланылады. Өскенде кеңге жайылып, көлемді орын алатындықтан, оны жеке аулаларға, тарлау жерлерге отырғызған тиімсіз. Көбінесе үлкен саябақтарға, көше, жол жиектеріне егіледі. *P6A0G(3) ; *P(6-8) A6-10G0

Қазақстанда еменнің (орыс. дуб черешчатый - лат. Quercus robur) аязға төзімді 1 түрі өседі, ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Шамшаттардың ағашы бағаланады, еменнің қабығында дубильді заттар болады оны медицинада қолданады. Каштан мен еменнің жемістерін тамаққа пайдаланады, кофеге суррогат болып табылады. Тығындық еменнен тығын жасайды, шығысазиат еменінің жапырағымен қытай емен жібекқұртының кокондарын қоектендіріп, олардан ерекше жібек сорттарын алады.

Кәдімгі емен (Quercus robur) - шамшаттар тұқымдасына жататын емен түрі. Қазақстандағы туыс түрлерінің жалғыз ғана өкілі, жабайы түрінде тек Батыс Қазақстан облысында ғана кездеседі. Емен отырғызатын жерлер соңғы жүзжылдықта шұғыл қысқарып кеткен. Осылайша, 19 ғасырдың ортасында емен Орал қаласынан оңтүстікке қарай 200 км жерде жай ғана ағаштардың қатарында болған. қазір тек қаланың солтүстік шығысында 30 км қашықтықта Орал және Елек өзендерінің аңғарларында, Республиканың солтүстік шекарасына дейінгі аралықта ғана кездеседі. Олар беткейдегі жарларда өседі. Кейбір анықтамалар бойынша табиғи еменнің Қазақстанда алып жатқан жері 830 га-дан аспайды.

http://ok-t.ru/studopedia/baza11/2791577708489.files/image376.jpg

Кәдімгі емен (Quercus robus) :

А- аналық (жоғарыда) және аталық (төменде) гүлдері бар гүлшоғырынан тұратын, жеміс беретін өркен; Б-аталық гүлдер; В-аналық гүл (жалпы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі) ; Г- жалғыз аналық гүлі бар дихазияның диаграммасы: Д-жемісі -шошқа жаңғақ: 1-жойылған бүйірлік гүл дихазия ; 2-3 жойылған гүласты жапырақшалары ; 4-тостағанша тәрізді қосымша (плюска) .

Түр кеңінен таралғандықтан Қазақстан тұрғындары әсіресе, оңтүстік өлке тұрғындары жақсы таныс. Емен - біздің еліміздегі ең мықты ағашболып келеді. Биіктігі 40 метрге жетеді, кәрі емендердің діңдерінің жуандығы бірнеше метрге жетеді. Тамыр жүйесі мықты өзекті тамыры 5 метрге дейін тереңдеп жуан діңнің жетілуіне жағдай жасайды. Жас өркендердің қабығы тегіс, жылтыр, сұр, үлкен емендердің қабығы майлы қызғыштанып жарылып тұрады, қара-қоңыр түсті. Жапырағының пішіні өте әдемі - ұзын тақтасының үстіңгі беті қою - жасыл, астыңғы жағы ақшыл-жасыл, жылтыр, жиектері терең ойықталған, мұндай жапырақ тақтасының пішіні қалың қабыққа, жапырақтың көп мөлшердетүсуін қамтамасыз етеді.

Пайдасы жағынан қарағанда едәуір бағалысы еменнің сүрегі - мықты, қатты, әдемі суретті. Бәрінен бұрын оны кеме жасауда қолданады, сондай-ақ жиһаз, паркет төсеніштер, арнайы ыдыстар (бөшкелер) жасауда қолданады. Бұл ағаштың қабығы пайдалы. Ерте кезден бері тері өңдеуде қолданылады. Осыдан келіп процесстің атауы шығады (дубление) . Бояғыш заттар алу үшін жас қабық, жапырақ, кесілген ағаштардың өңделген кездегі қалдықтары (үгінділері, бұтақтар, қиындылар және т. б. ) қолданылады. "Жаңғақты" жапырақ (насекомдардың зақымдауларынан пайда болған шар тәрізді өскіндер) - жібек пен жүнді бояйтын бояу көзі. Еменнің қабығы біраз уақыттан бері заласыздандыратын дәрілік зат ретінде, қабынуға қарсы (тістің қызыл еті, асқазан және шек) пайдаланылады. Ерте кезде жаңғағы адамдарға азық болған. Қазір кейбір жағдайда олар кофенің орнына пайдаланылады.

Шамшат (Fagus) - қос жарнақты өсімдіктер; таксономиялық жіктелім бойынша - қатар. Дүние жүзінде қоңыржай, тропиктік және субтропиктік аймақтарда (тек Оңтүстік Африканың тропиктік аймағында кездеспейді) өседі.

Бұл қатарға қайың тұқымдасы және шамшат тұқымдасы, 7 - 9 туыс, 600-дей (кейбір деректер бойынша 1000-нан аса) түрлер жатады. Қазба қалдықтары бор кезеңінен белгілі. Шамшаттар - бір үйлі (сирек екі үйлі) ағаштар. Биіктігі 50 м-ден, діңінің жуандығы 2 м-ден асады. Дің қабығы тегіс, сұр түсті, көпшілігі - жапырақ тастайтын ағаш. Гүлі дара жынысты. Аталық гүлінде 6 - 12 аталық, аналық гүлінде 1 аналығы болады, олар жеке-жеке орналасады. Гүлшоғыры бір немесе бірнеше гүлден құралады. Жапырағы бүр жарғанда гүлдейді. Желмен тозаңданады. Жемісі (жаңғағы) шошқажаңғақ тәрізді болады. Шамшаттарды елді мекендерді көгалдандыру үшін, орман шамшатында ағаштарды қорғау үшін отырғызады; сүрегі мықты, сондықтан ағаш бұйымдарын жасауда қолданылады. Жемісінде улы алкалоид - фагин болады, ол жемісін қуырғанда жойылып кетеді, сондықтан жемісінен тағамдық және техникалық май алынады; күнжарасы шошқаға беріледі.

Түрлері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағаштардың биіктігі және желектерінің декоративтік қасиеттері
Қазақстанда өте сирек кездесетін түр
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. Комменсалдар. Даралардың және популяцияның ассосациялануы. Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану жайында
Қайыңдар тұқымдасы
Қайыңдар тұқымдасы (Betulaceae)
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Антарктика
Кентау қаласының табиғи және экологиялық жағдайы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
Қайың ағашының пайдасы мен емдік қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz