Дін және мәдениет



Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім
2.1 Дін әлеуметтануы
2.2 Дін және мәдениет

3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе. Елiмiзде дiн социологиясы iлiмдерi соңғы жылдары ғана жандана, негiзделе бастағанын ескерген жөн. Бұл туралы пiкiрлерiмiздi баяндамас бұрын, алдымен дiн социологиясының зерттеу тақырыбы және дамуы хақында айталық. Қысқаша айтқанда, дiн социологиясы адамдардың дiнге негiзделген әлеуметтiк қатынастарын зерттейдi (Kehrer G. Religionssoziologie. – Berlin: Walter de Gryter und Co., 1968). Әлеуметтiк қатынастардағы дiннiң ықпалды рөлiн жоққа шығаруға болмайды. Соңғы ғасырларда Батыс қоғамдарында дiннiң нормативтiк күшi шектелген сайын дiни феномендердiң зерттелуi таза теология мәселесінен гөрi социология, саясаттану, антропология, құқық, психология сияқты эмпирикалық iлiмдердiң зерттеу нысанасына айналған. Сондықтан, дiн әлеуметтiк феномен ретiнде социологтар үшiн аса маңызды зерттеу объектiсi ретiнде қарастырылуда. Дiн социологиясы дiннiң кейбiр бағыттары бойынша адамдарды белгiлi әлеуметтiк әрекеттерге жетелейтiн қоғам сегменттерiнiң пайда болуын зерттейдi. Мәселен, белгiлi бiр дiннiң яки сектаның (тариқаттың) мүшелерi өздерiнiң дiни нанымдары негiзiнде белгiлi бір әлеуметтiк іс-амалдарды жүзеге асырып жатса, белгiлi бiр формада киiнiп, белгiлi қоғамдық қатынастарға түсiп жатса, бұл тiкелей дiн социологиясының зерттеу саласына кiредi.
Батыста дiн социологиясы мынандай негiзгi зерттеу салаларына бөлiнген:
1-Дiндердiң әлеуметтiк тұрғыдан пайда болуының себептерiн түсiндiру: негiзiнен ХIХ-ғасырдың өзектi зерттеу саласы. Бұл салада Х. Спенсер (Herbert Spencer, 1820-1903), Эдуард Бернетт Тайлор (Edward B. Taylor, 1832-1917), Сэр Жеймс Фрейзер (James Frazer, 1854-1941), Карл Маркс (1818-1883) және Эмиль Дуркгейм (Emil Durkheim, 1858-1917) қомақты еңбектер жазған (Din Sosyolojisi, Der.: Yasin Aktay-M.Emin Köktaş, - Istanbul: Vadi Yayınları, 1998, 130-152 беттер).
2-Шiркеу табының әлеуметтiк һәм дiни өмiрiн зерттеу. Бұл саланың белгiлi зерттеушiсi француз Габриел Ле Брас (Gabriel Le Bras, 1891-1970).
3-Дiн мен зайырлы (светский) қоғам арасындағы ықпалдасушылық. Әсiресе, ХХ-ғасырда қызу зерттеулер жүргiзiлген бұл саланың уәкiлдерi Макс Вебер (Max Weber, 1864-1920), Йоахим Вах (Joachim Wach, 1899-1955) және Г. Меншинг (Gustav Mensching, 1901-1978). Дегенмен, ғалымдардың басым көпшiлiгiнiң ортақ пiкiрi – дiн социологиясының зерттеу тақырыптарын бұлармен ғана шектеуге болмайды. Ол құрамында «дiн» бар әр түрлi әлеуметтiк феномендер мен олардың себеп-салдарын зерттейдi.
Дiндердi зерттеген Батыс социологтары дiннiң эмпирикалық, бiрақ құндылық қоюшы емес ғылымнан, эмпирикалық һәм құндылық қоюшы идеологиядан және эмпирикалық уә құндылық қоюшы емес философиядан парықты қасиеттерi бар екенiн анықтаған. Себебi, адамдардың дiннен туындайтын әлеуметтiк қатынастарында дiн анықтаған «киелi» және «киелiден тыс» ұғымдар, ұстанымдар уә мәмiлелердiң айтарлықтай маңызды әсерi бар. Осы мәлiметтер негiзiнде дiн социологиясы мына ғылым салаларымен тығыз байланыста болады: этно-социология, әлеуметтiк философия, құқық, дін психологиясы, теология, әлеуметтiк антропология, дiндер тарихы және феноменологиясы.
Ендi, дiн социологиясының зерттеу әдiстерi туралы айталық. Эмпирикалық, яғни тәжiрибеге сүйенген iлiм ретiнде дiн социологиясы нақтылы зерттеулер мен тәжiрибелердi жүзеге асырады. Жоғарыда аталған ғылым салалары тарапынан дайындалған ғылыми материалдар негiзiнде дiннiң әлеуметтiк сыр-сипаттары жөнiнде тұжырымдар жасалады. Дiннiң қоғам өмiрiндегi маңызды орны уә ықпалын анықтаудағы ең тиiмдi әдiс адамдармен сұхбаттар жүргiзу (тiкелей кездесу әдiсi) және дiни топтар мен секталардың, маргиналды дiни ағымдардың (суфи тариқаттары сияқты – М.Б.) ритуалдерi мен жыйналыстарына қатысу және тәжiрибе жыйнақтау (эмпирикалық әдiс). Бұған қоса дiни мәтiндер мен баспасөзде келтiрiлген дiни ақпараттарды сұрыптау, талдау, герменевтикалық сараптау пайдалы әдiстерге жатады. Жыйналған материалдар сапалы һәм саналы сарапқа салынбайынша ғылыми нәтижелер шығаруға болмайды дейдi белгiлi зерттеушiлер Эмиль Дуркгейм, Макс Вебер және Б. Малиновски (1884-1924).
Дiн социологиясы жөнiндегi материалдарды сонау антикалық дәуiр авторларының еңбектерiнен ұшырастыруға болғанымен, қазiргi ғалымдар бұл саланың ХIХ-ғасырдың бас шенiнде қалыптасқанын атап айтады. Дiн социологиясының негiзiн салушылар Клауд Анри де Сен-Симон (Claud Henri de Saint-Simon, 1760-1825), Август Комте (Auguste Comte, 1798-1857) және Карл Маркс (Karl Marx, 1818-1883) саналады.
Дiни iс-әрекеттер екi формада жүзеге асырылуы мүмкiн: бiрiншiден, кейбiр адамдардың яки тұтастай қоғамның белгiлi уақыттарда белгiлi iс-әрекеттердi жүзеге асыруы. Мұндай жағдайда дiни өмiрдi ұйымдастырушы дiни ұйымның болуы шарт емес. Екiншiден, дiни iс-әрекеттердi белгiлi ұйымдардың ұйымдастыруы (діни институт – М.Б.) және олардың мән-мағынасын белгiлеуi. Осы тұрғыдан алғанда дiн социологиясы дiни ұйымдар мен қоғамның әлеуметтiк тұрғыдан талдауын мына мәселелер бойынша жүзеге асырады:
1-дiни ұйымды сипаттау
2-дiни ұйымдардың тармақталуы
3-дiни ұйымдардың типологиясы
4-дiни ұйымдардың дамуы
5-дiни жамағатты сипаттау
6-дiни жамағаттың құрылымдық жүйесi
7-дiни жамағат мүшелерiнiң дiни ұстанымдары мен әрекеттерi
8-дiни жамағат пен қоғамның ара қатынасы
9-дiни сипаттары бойынша қоғамның әлеуметтiк таптарға жiктелуi
10-әлеуметтiк жiктер жүйесінiң дiнмен ара қатынасы
11-әлеуметтiк таптардың спецификалық дiндарлығы
12-дiни көпшiлдiк және әлеуметтiк таптарға жiктелу
13-дiн және әлеуметтiк динамикалардың ара қатынасы.
Бұларға қоса, әсiресе Макс Вебер «Протестант этикасы және капитализмнiң рухы» атты еңбегiнде дiннiң экономикалық өмiрдегi рөлiн – экономикалық iс-әрекеттердегi дiннiң рөлi, дiн және экономикалық әдiс тақырыптары бойынша зерттеп, Қытай, Жапон, Үндi және Еуропа экономикаларындағы бұл елдердiң дiни нанымдарының әсерiн талдаған (Вебер М. Избранное образ общества. – Москва: Юрист, 1994. 600-623 бб.).
Адамдардың саяси өмiрiндегi дiни әрекеттер мен ұстанымдарды зерттеу дiн социологиясының мiндеттерiне жатады. Зерттеулер азаматтардың дауыс беруiнде дiни факторлардың айтарлықтай рөл атқарғандығын дәлелдеген. АҚШ президентiнiң Библияға қолын қойып ант беруi, АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландиядағы орташа һәм төменгi ауқаттағы католиктердiң көбiнесе солшыл партияларға, ал жоғары ауқатты буржувазияны құрайтын протестанттардың көбiнесе оңшыл партияларға дауыс беретiнi дiн мен саясаттың әлеуметтiк қатынастарына мысал. Германиядағы католиктердiң басым көпшiлiгi CDU (Christlische Demokratische Union – Христиан демократиялық одақ) партиясына, ал протестанттардың басым көпшiлiгi солшыл бағыттағы SPD (Германия социал-демократиялық партиясы) партиясына дауыс беретiнi анықталған. Түркиядағы жағдайға келер болсақ, ұлттық-дiни ұстанымдарды күштi сақтаған кедейлер мен төменгi тұрмыстағы азаматтар дiни және ұлттық бағыттағы партияларға, ал әл-ауқаты жоғары және орташа ауқаттағы азаматтар болса оңшыл яки солшыл партияларға дауыс беруде. Түркияда солшыл партияларға дауыс беретiндер көбiнесе зайырлы қоғамды жақтаушылар мен сүнни топқа жатпайтын азаматтар һәм кірмелер.
Пайдаланған әдебиеттер: Әлемдік әлеуметтану антологиясы ҚР-2007 ,Дінтану. Алматы-2004. авторы Сергалиев, Кулкенов.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1Дін әлеуметтануы
2.2Дін және мәдениет
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе. Елiмiзде дiн социологиясы iлiмдерi соңғы жылдары ғана жандана,
негiзделе бастағанын ескерген жөн. Бұл туралы пiкiрлерiмiздi баяндамас
бұрын, алдымен дiн социологиясының зерттеу тақырыбы және дамуы хақында
айталық. Қысқаша айтқанда, дiн социологиясы адамдардың дiнге негiзделген
әлеуметтiк қатынастарын зерттейдi (Kehrer G. Religionssoziologie. – Berlin:
Walter de Gryter und Co., 1968). Әлеуметтiк қатынастардағы дiннiң ықпалды
рөлiн жоққа шығаруға болмайды.

Соңғы ғасырларда Батыс қоғамдарында дiннiң нормативтiк күшi шектелген сайын
дiни феномендердiң зерттелуi таза теология мәселесінен гөрi социология,
саясаттану, антропология, құқық, психология сияқты эмпирикалық iлiмдердiң
зерттеу нысанасына айналған. Сондықтан, дiн әлеуметтiк феномен ретiнде
социологтар үшiн аса маңызды зерттеу объектiсi ретiнде қарастырылуда. Дiн
социологиясы дiннiң кейбiр бағыттары бойынша адамдарды белгiлi әлеуметтiк
әрекеттерге жетелейтiн қоғам сегменттерiнiң пайда болуын зерттейдi.
Мәселен, белгiлi бiр дiннiң яки сектаның (тариқаттың) мүшелерi өздерiнiң
дiни нанымдары негiзiнде белгiлi бір әлеуметтiк іс-амалдарды жүзеге асырып
жатса, белгiлi бiр формада киiнiп, белгiлi қоғамдық қатынастарға түсiп
жатса, бұл тiкелей дiн социологиясының зерттеу саласына кiредi.
Батыста дiн социологиясы мынандай негiзгi зерттеу салаларына бөлiнген:
1-Дiндердiң әлеуметтiк тұрғыдан пайда болуының себептерiн түсiндiру:
негiзiнен ХIХ-ғасырдың өзектi зерттеу саласы. Бұл салада Х. Спенсер
(Herbert Spencer, 1820-1903), Эдуард Бернетт Тайлор (Edward B. Taylor, 1832-
1917), Сэр Жеймс Фрейзер (James Frazer, 1854-1941), Карл Маркс (1818-1883)
және Эмиль Дуркгейм (Emil Durkheim, 1858-1917) қомақты еңбектер жазған (Din
Sosyolojisi, Der.: Yasin Aktay-M.Emin Köktaş, - Istanbul: Vadi Yayınları,
1998, 130-152 беттер).
2-Шiркеу табының әлеуметтiк һәм дiни өмiрiн зерттеу. Бұл саланың белгiлi
зерттеушiсi француз Габриел Ле Брас (Gabriel Le Bras, 1891-1970).
3-Дiн мен зайырлы (светский) қоғам арасындағы ықпалдасушылық. Әсiресе, ХХ-
ғасырда қызу зерттеулер жүргiзiлген бұл саланың уәкiлдерi Макс Вебер (Max
Weber, 1864-1920), Йоахим Вах (Joachim Wach, 1899-1955) және Г. Меншинг
(Gustav Mensching, 1901-1978). Дегенмен, ғалымдардың басым көпшiлiгiнiң
ортақ пiкiрi – дiн социологиясының зерттеу тақырыптарын бұлармен ғана
шектеуге болмайды. Ол құрамында дiн бар әр түрлi әлеуметтiк феномендер
мен олардың себеп-салдарын зерттейдi.
Дiндердi зерттеген Батыс социологтары дiннiң эмпирикалық, бiрақ құндылық
қоюшы емес ғылымнан, эмпирикалық һәм құндылық қоюшы идеологиядан және
эмпирикалық уә құндылық қоюшы емес философиядан парықты қасиеттерi бар
екенiн анықтаған. Себебi, адамдардың дiннен туындайтын әлеуметтiк
қатынастарында дiн анықтаған киелi және киелiден тыс ұғымдар,
ұстанымдар уә мәмiлелердiң айтарлықтай маңызды әсерi бар. Осы мәлiметтер
негiзiнде дiн социологиясы мына ғылым салаларымен тығыз байланыста болады:
этно-социология, әлеуметтiк философия, құқық, дін психологиясы, теология,
әлеуметтiк антропология, дiндер тарихы және феноменологиясы.
Ендi, дiн социологиясының зерттеу әдiстерi туралы айталық. Эмпирикалық,
яғни тәжiрибеге сүйенген iлiм ретiнде дiн социологиясы нақтылы зерттеулер
мен тәжiрибелердi жүзеге асырады. Жоғарыда аталған ғылым салалары тарапынан
дайындалған ғылыми материалдар негiзiнде дiннiң әлеуметтiк сыр-сипаттары
жөнiнде тұжырымдар жасалады. Дiннiң қоғам өмiрiндегi маңызды орны уә
ықпалын анықтаудағы ең тиiмдi әдiс адамдармен сұхбаттар жүргiзу (тiкелей
кездесу әдiсi) және дiни топтар мен секталардың, маргиналды дiни ағымдардың
(суфи тариқаттары сияқты – М.Б.) ритуалдерi мен жыйналыстарына қатысу және
тәжiрибе жыйнақтау (эмпирикалық әдiс). Бұған қоса дiни мәтiндер мен
баспасөзде келтiрiлген дiни ақпараттарды сұрыптау, талдау, герменевтикалық
сараптау пайдалы әдiстерге жатады. Жыйналған материалдар сапалы һәм саналы
сарапқа салынбайынша ғылыми нәтижелер шығаруға болмайды дейдi белгiлi
зерттеушiлер Эмиль Дуркгейм, Макс Вебер және Б. Малиновски (1884-1924).
Дiн социологиясы жөнiндегi материалдарды сонау антикалық дәуiр авторларының
еңбектерiнен ұшырастыруға болғанымен, қазiргi ғалымдар бұл саланың ХIХ-
ғасырдың бас шенiнде қалыптасқанын атап айтады. Дiн социологиясының негiзiн
салушылар Клауд Анри де Сен-Симон (Claud Henri de Saint-Simon, 1760-1825),
Август Комте (Auguste Comte, 1798-1857) және Карл Маркс (Karl Marx, 1818-
1883) саналады.
Дiни iс-әрекеттер екi формада жүзеге асырылуы мүмкiн: бiрiншiден, кейбiр
адамдардың яки тұтастай қоғамның белгiлi уақыттарда белгiлi iс-әрекеттердi
жүзеге асыруы. Мұндай жағдайда дiни өмiрдi ұйымдастырушы дiни ұйымның болуы
шарт емес. Екiншiден, дiни iс-әрекеттердi белгiлi ұйымдардың ұйымдастыруы
(діни институт – М.Б.) және олардың мән-мағынасын белгiлеуi. Осы тұрғыдан
алғанда дiн социологиясы дiни ұйымдар мен қоғамның әлеуметтiк тұрғыдан
талдауын мына мәселелер бойынша жүзеге асырады:
1-дiни ұйымды сипаттау
2-дiни ұйымдардың тармақталуы
3-дiни ұйымдардың типологиясы
4-дiни ұйымдардың дамуы
5-дiни жамағатты сипаттау
6-дiни жамағаттың құрылымдық жүйесi
7-дiни жамағат мүшелерiнiң дiни ұстанымдары мен әрекеттерi
8-дiни жамағат пен қоғамның ара қатынасы
9-дiни сипаттары бойынша қоғамның әлеуметтiк таптарға жiктелуi
10-әлеуметтiк жiктер жүйесінiң дiнмен ара қатынасы
11-әлеуметтiк таптардың спецификалық дiндарлығы
12-дiни көпшiлдiк және әлеуметтiк таптарға жiктелу
13-дiн және әлеуметтiк динамикалардың ара қатынасы.
Бұларға қоса, әсiресе Макс Вебер Протестант этикасы және капитализмнiң
рухы атты еңбегiнде дiннiң экономикалық өмiрдегi рөлiн – экономикалық iс-
әрекеттердегi дiннiң рөлi, дiн және экономикалық әдiс тақырыптары бойынша
зерттеп, Қытай, Жапон, Үндi және Еуропа экономикаларындағы бұл елдердiң
дiни нанымдарының әсерiн талдаған (Вебер М. Избранное образ общества. –
Москва: Юрист, 1994. 600-623 бб.).
Адамдардың саяси өмiрiндегi дiни әрекеттер мен ұстанымдарды зерттеу дiн
социологиясының мiндеттерiне жатады. Зерттеулер азаматтардың дауыс беруiнде
дiни факторлардың айтарлықтай рөл атқарғандығын дәлелдеген. АҚШ
президентiнiң Библияға қолын қойып ант беруi, АҚШ, Австралия және Жаңа
Зеландиядағы орташа һәм төменгi ауқаттағы католиктердiң көбiнесе солшыл
партияларға, ал жоғары ауқатты буржувазияны құрайтын протестанттардың
көбiнесе оңшыл партияларға дауыс беретiнi дiн мен саясаттың әлеуметтiк
қатынастарына мысал. Германиядағы католиктердiң басым көпшiлiгi CDU
(Christlische Demokratische Union – Христиан демократиялық одақ)
партиясына, ал протестанттардың басым көпшiлiгi солшыл бағыттағы SPD
(Германия социал-демократиялық партиясы) партиясына дауыс беретiнi
анықталған. Түркиядағы жағдайға келер болсақ, ұлттық-дiни ұстанымдарды
күштi сақтаған кедейлер мен төменгi тұрмыстағы азаматтар дiни және ұлттық
бағыттағы партияларға, ал әл-ауқаты жоғары және орташа ауқаттағы азаматтар
болса оңшыл яки солшыл партияларға дауыс беруде. Түркияда солшыл
партияларға дауыс беретiндер көбiнесе зайырлы қоғамды жақтаушылар мен сүнни
топқа жатпайтын азаматтар һәм кірмелер.
Дiн социологиясының ендiгi зерттеу саласы – жанұя қатынастарындағы дiннiң
рөлi. Бұл сала жанұяның дiни-әлеуметтiк тұтастығын, жанұя өмiріндегi дiн
факторының рөлi мен дiни ритуалдердi (үйлену, ажырасу, жанұя құрылымы,
өлiм, балалардың жыныстарына қарай тәрбиелену ерекшелiктерi, жанұядағы қарт
мүшелердiң орны, экзогамия-эндогамия, полигамия-моногамия, туыстық
қатынастардағы дiннiң әсерi т.т.) жан-жақты зерттейдi. Дiн социологиясы,
сонымен қатар, дiн және әлеуметтiк қақтығыстардың ара қатынасын анықтаумен
де шұғылданады. Алуан этникалық топтар мен діндерден құралған Қазақстандық
зерттеушiлер үшiн бұл сала тың һәм маңызды...
Бiзде дiн социологиясы, оның iшiнде ислам социологиясы саласындағы
зерттеулер ендi-ендi бастап келе жатқанын айта кеткен жөн. Мұның себебi
ретiнде дінге қарсы негізделген бұрынғы томаға-тұйық қоғамның әсiре
позитивист һәм профан ұстанымдары мен Батыстың отарлау жүйесінiң осы
саладағы өзiнiң үстемдiгiн дәлелдеуге бейiмделген бiржақты шолақ
харекетiнiң салқын ызғарын айтуға болады. Бiзде жалпы дiн мәселесi көп
жылдар бойы еленбей келе жатқан күрделi де маңызды ғылым саласы. Дiн
дегенде тек дiннiң ғибадат жағын яки естен танып зікір салуды ғана
ойлайтындар бар. Ал, жоғарыда есiмдерi аталған Батыс зерттеушiлерiнiң
еңбектерiнде ислам дiнi туралы материалдар тым аз һәм көбiнесе бұрмаланған
түрде келтiрiлген. Батыс зерттеушiлерi көбiнесе Үндiстан, Қытай, Африка,
Солтүстiк уә Оңтүстiк Америка мен Тынық Мұхит аралдарындағы отарланған
тайпаларды зерттеумен һәм олардың қаншалықты тұрпайы екендiктерiн
анықтаумен келген. Ең мәшһүр ғалымдардың өзiнiң еуропа-центризмге яки
этноцентризмге негiзделген бақылаулардан аса алмағанын көресiң...
Батыс елдерiнде дiн социологиясы туралы туындылардың ХIХ-ғасырдан бастап
жазылғанын жоғарыда айтқанбыз. Алайда, мұсылман елдерiнде бұл сала бойынша
алғашқы материалдардың пайғамбарымыз Әз Мұхаммедтен (с.а.у.) кейiнгi
ғасырларда-ақ, пайда болғанын айтуға болады. Құран Кәрімдегi исламға
дейiнгi қауымдар мен Пайғамбарымыздың кезiндегi араб, йаһұди (еврей) және
христиан қоғамдарының дiни-әлеуметтiк өмiрiн суреттейтiн аяттарды
айтпағанның өзiнде, хадис және тарих кiтаптарында арабтардың мұсылмандықтан
бұрынғы наным-сенiмдерi, әлеуметтiк құрылымдары, дiни ритуалдерi және
исламмен пайда болған өзгерiстер туралы аса құнды материалдар кезiгедi.
Еуропа халықтары қараңғылықты бастан кешкен VII-XII ғасырлар аралығында
мұсылман авторлар жазған мыңдаған кiтаптардан дiн социологиясына негiз
боларлық мәлiметтер уә ғылыми тұжырымдарды табуға болады. Дегенмен,
мұсылман ғалымдардың пiкiрiнше ислам елдерiндегi дiн социологиясы туралы
арнайы ғылыми зерттеулер Мұхаммед Әбу Райхан әл-Бирұни (973-1048)
еңбектерiмен басталған. Араб, парсы, түркi, үндi, санскрит, грек, ибрани
(иврит), арами, сұрия тiлдерiн әбден меңгерген әл-Бирұни көптеген жылдар
бойы Үндiстан жерiн аралап, ондағы халықтардың дiни нанымдарын зерттеген.
Әл-Бирұни Китаб-ұт тахқиқ мә ли-л-Һинд (Үндiстандағы зерттеулер туралы
кiтап) және Китабұ Батенжел әл-Һинди (Үндiстанның Патанжали кiтабы) атты
еңбектерiнде үндi халықтарының дiни ұстанымдары мен қоғамдық өмiрi туралы
құнды мәлiметтердi оларды кемсiтпей, төмендетпей келтiредi (G. Tümer,
Biruni’ye Göre Dinler ve İslam Dini. – Ankara: D.İ.B. Yayınları, 1991. 173-
184 беттер). Белгiлi ғалым, Әндүлүс мұсылмандарының iрi жұлдызының бiрi Әбу
Мұхаммед Әли Хазмұлы (Ибн Хазм, 994-1064) әл-Миләл уә-н Ниһәл атты
еңбегiнде көптәңірлі (политеистiк) және біртәңірлі (монотеистiк) дiндердi
жан-жақты зерттеп, дiн социологиясы тұрғысынан аса құнды мәлiметтердi
сыныптайды. Тарихшы, әлеуметтанушы һәм философ Ибн Халдұн (1332-1406)
барлық дүние жүзiнде алғашқы әлеуметтанушылардың бiрi ретiнде қабылданған.
Соңғы ғасырда дiн социологиясы саласында қомақты еңбектер жазған ғалым
ретiнде философия ғылымдарының докторы, профессор Хилми Зия Үлкендi (Hilmi
Ziya Ülken, 1901-1974) айтуға болады. Ол Түркиядағы дiн социологиясының
негiзiн қалаушылардың бiрi. Оның ондаған рет басылған және сала
мамандарының басты құралына айналған еңбектерiнен социологияға қатыстылары
мыналар: İctimai Doktrinler Tarihi (Әлеуметтiк доктриналар тарихы),
Sosyoloji (Әлеуметтану), Sosyolojiye Giriş (Әлеуметтануға кiрiспе),
Dini Ictimayat (Дiн социологиясы). Түркияда дiн социологиясы саласында
келелi еңбектер жазған ғалымдар Сабри Үлгенер (Sabri Ülgener, 1911-1983),
Ерол Гүнгөр (Erol Güngör, 1938-1983), Амиран Билгисевен (Amiran Bilgiseven,
ислам социологиясы туралы құнды еңбектер жазған) және Шериф Мардин (Şerif
Mardin, 1927- ). Ислами әлеуметтiк антропология саласында Кэмбридж
университетiнде iстейтiн пәкiстандық ғалым, профессор Әкбар Ахмед (Akbar S.
Ahmed, 1947- ) ағылшын тiлiнде маңызды еңбектер жазған зерделi зерттеушi.
Елiмiздегi дiн социологиясы саласындағы зерттеулерде батыстағы ғылыми
ағымдардың шылауына түспей, мәселеге шынайы ғылыми тұрғыдан қарағанымыз
абзал. Батыс ғалымдарындағы басым пiкірият материалистiк-позитивизм уә
ұлттық-нәсілдік және діни үстемдікке негізделген алғыойлылық (предубеждение
– М.Б.) дiн социологиясына да салқынын тигiзуде. Ұзақ ғасырлар бойы дiн мен
ғылымның арасындағы қақтығыстарға сахна болған Еуропада дiн көп жағдайларда
ескiшiлдiктiң, артта қалушылықтың белгiсi ретiнде қабылданады. Марксизм
сияқты әсіре реалист-материалист жүйелер дiнге өндiрiстiк барыстың
вертикалды нәтижесi һәм таптық қоғамға тән мәселе деп қарайды. Шынтуайттап
айтқанда, материалист Батыс ғалымдарының пiкiрiнше дiн материалдық өмiр мен
қоғамдағы құбылыстардың бiрi. Сондықтан, дiн тек онтологиялық ақиқат
ретiнде қарастырылады да онтикалық (жеке және ақырғы шындық болмыс – М.Б.)
ақиқат ретiнде қарастырылмайды. Осындай ұстанымдарды Дуркгейм мен Вебердiң
еңбектерiнен кездестiру бiздi таңырқатпауы керек. Мәселен, Дуркгеймнiң
эволюционист үрдiсi бойынша барлық дiндер әлеуметтiк құрылымдардан
туындаған функциялар болып табылады да тотемизмнен (пұтқақұлдық) бастап,
монотеизмге (біртәңірлілік) қарай дамиды. Ал, Вебердiң еңбектерi протестант
сенiмі маңайында өрбiгендiктен, оның материалдарын басқа дiндерге
пайдалануға болмайды.
Дiн социологиясын зерттеуде Батыс елдерiнде қолданылып келе жатқан
әдiстердiң бiрi – социография әдiсi. Бұл әлеуметтiк қарым-қатынас
феномендерiн сипаттауға бағытталған әдiс. Осы әдiс бойынша әлеуметтiк
өмiрдiң белгiлi бiр мәселесi хақында деректер жыйналады, тәжiрибелер
жасалады, санақтар жүргiзiледi және жыйналған мәлiметтер салыстырмалы түрде
талданады. Социографиялық талдаулар практикалық тұрғыдан пайдалы
болғанымен, терең ғылыми нәтижелерге апармауы мүмкiн. Сонсоң, мұндай қолдан
жасалған материалдарды Батыстың тек өз мүддесі үшін пайдаланатынын
ұмытпаңыз.
Ислам дiнi өзге дiндермен көптеген ұқсас жақтары болғанымен нақтылы
монотеизм, яғни тәухид қағидасына негiзделген, көптәңірлі (политеистiк)
қоғамда пайда болғанына қарамастан, Мекке қоғамының мәдени үрдiстерiне
қарсы бағытта қалыптасқан дiн. Ислам дiнi Меккедегi тәңiрлер (пұттар)
пантеонын жойып, оның орнына бас тәңiр емес, бiрегей және бiрлiк ұғымды
бiлдiретiн Аллаһ Тағалаға иман етудi, Одан басқа ешкімге, ешнәрсеге құл
болмауды, табынбауды бұйырады. Сондықтан, ислам нанымы адамдарға толықтай
материалдық һәм рухани азаттық бередi. Бұның әлеуметтiк өмiрдегi
көрiнiстерi пұттарға табынатын яки белгiлi бiр дiни тапқа құлшылық
жасататын басқа дiни-әлеуметтiк жүйелерден (христиандық, суфизм т.т.)
айырмашылықтары орасан зор. Демек, ислам социологиясы мен мұсылман
қоғамдарды зерттеген кезде Батыстың ұстанымдары мен әдiстерінен гөрi
зерттеу субъектiсiне тән әдiстердi қолдану тиiмдi болады. Ислам
социологиясы туралы зерттеулерде осы дiннiң универсалдылық, күллі ғаламдық
сипатын ескерген жөн...
Қазақстан Республикасы жас мемлекет. Тәуелсiздiгiмiздiң 10 жылдығын тойлап,
төбемiз көкке жеткендей болдық. Алайда, елiмiздегi экономикалық-құқықтық
реформалармен барабар күрделi әлеуметтiк өзгерiстер де жүзеге асуда.
Заманауи мәдени ықпалдастық, жиһандастыру (глобализация) және ұлттық
идентификация, дәстүрлi құндылықтардың өзгеруi, гео-саяси және гео-
экономикалық проблемалар... Мiне, осы мәселелердiң бүгiнгi және ертеңгi
нәтижелерiн анықтауда дiн социологиясының, оның iшiнде елiмiз халқының
басым көпшiлiгiн құрайтын мұсылмандардың дiни социологиясын зерттеудiң
маңыздылығы айқын. Бiрақ, аталмыш iлiм саласының бүгiнгi жағдайы көңiл
көншiтерлiк деңгейден тым алыста. Жалпылап алғанда дiн социологиясын, жалқы
ислам социологиясын зерттеуде жоғарыда аталған проблемаларға қоса мынандай
қыйыншылықтарды айтуға болады:
1-Дiн социологиясы саласында жазылған әдебиеттер я тым аз, я тiптен жоқ.
Батыс авторлары мен мұсылман зерттеушiлердiң маңызды еңбектерiнiң бiрде
бiрi қазақшаға аударылмаған. Бұл проблема тәуелсiз ел ретiнде бiздiң ғылыми
дамуымызға аса жойқын соққы беруде.
2-Жалпы дiн саласындағы зерттеулерге, оның iшiнде, әсiресе ислами
зерттеулерге зайырлылық қағидасы алға тартылып, мән берiлмеуде. Христиан
мемлекетi болғанына қарамастан, Германиядағы жыйырма шақты
Islamwissenschaften, яғни ислам ғылымдары бөлiмдерiнде мыңдаған
студенттердiң бiлiм алып жатқанын айтсақ жеткiлiктi. Батыс елдерi және
Америкада көптеген институттар уә арнайы зерттеу орындары йаһұдилiк,
христиандық, ислам және өзге де дiндердi әлеуметтану, мәдениеттану,
саясаттану, экономика, құқық, философия т.т. тұрғысынан зерттеуде. Жаппай
жұмыс iстеп жатқан бұл ұйымдар аталмыш елдердiң әлеуметтiк, саяси және
экономикалық өмiрiне айтарлықтай маңызды үлес қосуда. Олардың бізде жүрген
зерттеуші барлаушылары да арнайы материалдар жіберіп, өз миссияларын
орындауда.
3-Дiн социологиясын тiкелей теологияның жұмысы деп бағалаушылық. Бұл да
терiс пiкiр. Жоғарыда айтқанымыздай, дiн социологиясы мен теологияның ортақ
мәселелерi бек көп. Бiрақ, христиан теологиясының қағидаларын басқа
дiндерге, мәселен исламға телуге болмайтынын ескерген жөн. Батыс
ғалымдарының өздерi өскен христиан ортаның әсерiмен дайындаған қалыптарын
басқа дiндерге қолдануға болмайды. Мәселен, Америкадағы протестант
тариқаттары бастаған фундаментализмдi мұсылмандарға тән феномен етiп
көрсетуге тырысушылық бар.
Елiмiздегi философия ғылымдарының дiн саласымен шұғылданатын бағыттары даму
үстiнде. Соңғы жылдары дiн философиясы, дiнтану, дiн тарихы және
социологиясы салаларында ғылыми еңбектердiң жарық көруi, диссертациялардың
қорғалуы қуантарлық жағдай. Ал, аталмыш ғылыми еңбектерде теологиялық және
тарихи материалдардың жиi қолданылатыны назар аудартады. Бiздiңше, бұл
дiндердi зерттеудiң, дiннiң онтологиясын түсiнудiң ең басты
қажеттiлiктерiнен туындайды.
Алдымен, дiнтану iлiмi мен теологияның ара қатынасын анықтап алайық: Дiн
философиясы сөзiнiң философиялық әдебиеттерге қосылуы соңғы ғасырлардың
жемiсi. Ол, Г.В.Ф. Гегелдiң (Georg Hegel, 1770-1831) Дiн философиясы
туралы конференциялар атты еңбегi 1832 жылы жарық көрген соң пайда болған.
Философтардың дiннiң философиясы туралы ой қозғаулары үшiн алдымен дiн
ғылымдары уә өзге де ғылымдар (антропология, этнография, социология,
психология, филология т.т.) белгiлi даму деңгейiне жетуi керек болған
сияқты. Антикалық философия тұсында христиандық және ислам сияқты дамыған
дiндердiң болмауы салдарынан Платон (м.б. 427-347) кейде тәңiр, ал кейде
тәңiрлер десе, Аристотель (м.б. 384-322) Құдайға қоса субстанцияны да
мәңгiлiк санаған.
Дiн туралы философия жасау дегенiмiз дiннiң негiзгi притұжырымдары туралы
рационалды, объективтi, жан-жақты ойлар мен пiкiрлердi баяндау. Сондықтан,
көптеген философтар теология тарапынан үзiлдi-кесiлдi бiлдiрiлген Құдайдың
барлығы, рухтың мәңгiлiгi, уахидың (откровение – М.Б.) мүмкiндiгi
қағидаларын рационалды айғақтарға арқа сүйей отырып, дәлелдеуге тырысқан.
Дiн психологтары дiндi адамдардың жаны мен тәнiне әсер ететiн рухани
тәжiрибе ретiнде зерттейдi. Социологтар болса, дiндi әлеуметтiк институт
ретiнде, қоғам өмiрінiң компонентi ретiнде зерттейдi. Ал, теологтар болса,
дiндi ақыл және нақыл жолымен түсiндiрiлетiн қағидалар жыйынтығы ретiнде
зерттейдi. Осы арада теология сөзінің негізінен христиан діні тұрғысынан
қолданылатынын ескерелік. Ислам дінінде рұһбан табының болмайтыны және
шіркеу сияқты дінді өз монополиясында ұстайтын құрылымның жоқтығы назарда
болғаны жөн. Дiн философиясының ең басты мәселесi болып табылатын Құдайдың
барлығын дәлелдеуде Мұса Меймұнұлы, Аквиналық Фома, әл-Фараби және Спиноза
сияқты философтар көптеген жағдайларда теологиялық, діни дәлелдерге
жүгiнген. Белгiлi философ Ибн Рұшдтың (1126-1198) пiкiрiнше философиямен
шұғылдануды Құран Кәрiмнiң өзi талап етедi. Ол философиямен шұғылдануды
ғибадат һәм аса қажеттi дiни мiндет деп санаған.
Дiн философиясының екiншi бiр функциясы – дiн келтiрген қағидаларды, дiннiң
негiзгi үкiмдерiн философиялық тұрғыдан түсiндiру, керек болғанда – сынау.
Бұл жағынан қарағанда да философиялық дiнтану мен теология iлiмдерi жақын
байланыста, ортақ мәселелердi шешуге әрекеттенедi. Ал, материалист,
феноменалист және әсiре позитивист философиялар дiн философиясы тұрмақ,
дiннiң өзiне де қарсы. Елiмiзде 70 жыл бойы диалектикалық және тарихи
материализм мен позитивист философияның өктемдiк жасағанын, атеист режимнiң
ғылымның дiнмен айналысатын салаларына иелiк еткенiн ескергенде, мәселе
түсiнiктi болмақ. Сондықтан, Кеңестер Одағында өмiр сүрiп, бiлiм алған
бағзы зерттеушiлерге дiннiң ғылыммен етене байланысуын түсiну қыйын сияқты.
Философиялық дiнтану негiзiнен мына мәселелермен де шұғылданады:
1-) Метафизикалық және космологиялық проблемалар (И. Кант, Г.В.Ф. Гегель).
2-) Дiннiң негiзгi қағидаларын эпистемологиялық талдау, сынау (Людвиг
Витгенштейн (Ludwig Witgenstein, 1889-1951), Ян Барбур (1923- ), Томас Кун
(Thomas Kuhn, 1922-1996)).
3-) Дiн тiлiн логика (мантиқ) және герменевтика тұрғысынан қарастыру (Поль
Рикёр – Paul Ricoeur, 1913-2005).
4-) Дiннiң этика, өнер және ғылыммен ара қатынасын анықтау (Г.М. Андреева
(Galina Andreeva, 1924- ), Г. Геффдинг (Харальд Геффдинг, Harald Hoffding,
1843-1931).
5-) Дiни символизмнiң мән-мағынасын анықтау (Люсьен Леви-Брюль (Lucien Levy-
Bruhl, 1857-1939), Mери Дуглас (М. Douglas, 1921- ), У. Томпсон (William
Hepworth Thompson, 1810-1886), Наталия Львовна Жуковская).
Зерттеу нысанасы жағынан философиялық дiнтануға ең жақын iлiм теология мен
дін ілімдері болып табылады. Дiн философиясы көптеген жағдайларда
теологиямен қоян-қолтық араласады. Осы екi iлiмнiң тығыз байланысы
нәтижесiнде кейбiр Батыс философтары дiн философиясы, философиялық
дiнтану iлiмдерiн теологиялық философия деп атау керек деген (FINDLEY
J.N., Can God’s Existence Be Disproved?, New Essays in Philosophical
Theology, ed. A. FLEW & A. McIntyre, London, 1955; FLEW A., Divine
Omnipotence and Human Freedom, New Essays in Philosophical Theology, ed.
A. FLEW & A. McIntyre, London, 1955; TENNANT F.R., Philosophical Theology,
Vol. II, Cambridge, 1930). Ал, теология деген сөзден бiз ненi ұғамыз? Ислам
дiнiндегi кәлам iлiмi ұзақ жылдарға ұласқан еркiн пiкiр таластар мен сыни
көзқарастардың дамуы нәтижесiнде қалыптасқан. Сондықтан, ислам ғылымдары
тек теологиядан емес, әл-Фиқһ секiлдi дүнияуи мәселелермен шұғылданатын
және әл-Сарф, әл-Наху секiлдi араб тiлi мәселелерiмен шұғылданатын
маңызды iлiмдерден құралған. Әсiлi, христиандық пен иудаизмдегi теологияның
рухани-иерархиялық таптарға жол бермейтін мұсылмандықта жоқ екенiн,
жоғарыда айтқанымыздай, ескеру жөн. Бiз ислам дiнiне қатысты теология
сөзiнен дiн ғылымдарын, яғни шариғат пен табиғат ғылымдарын қамтитын Құрани
ғылымдарды түсiнгiмiз келедi.
Философиялық дiнтану iлiмi теологиядан кейiн ең көп дiндер тарихынан нәр
алады. Тарихшылардың еңбектерi болмаса философтар не туралы ойланып, не
туралы пiкiр өндiрмек? Өйткенi, тарихшылар құдды социологтар мен
психологтар сияқты дiни уақиғаларды суреттейдi, оларды түсiндiре отырып,
кейбiр нәтижелерге жетудi мұрат етедi. Сондықтан, философиялық дiнтанумен
шұғылданатын ғалымдар тарих және теологиядан үнемi материал жыйнақтап
отырады. Бұл өте заңды, түсiнiктi жағдай.
Осы тұрғыдан алғанда, дiнтану уә дiн философиясы салаларындағы зерттеулерде
теология және тарих материалдарының мол келтiрiлуi әбден түсiнiктi, тiптi
қажеттi жағдай. Дегенмен, бiзде дiнсiз қоғамның салқын ызғары әлде де болса
байқалады. Дiн дегенге үрке қарайтындарымыз да бар. Дiндi зерттейтiн ғылым
саласында дiннiң болмысы мен мәнiн айқындайтын деректердiң келтiрiлуiнiң
өзiне жатырқай қараушылық бар. Бiздiңше, елiмiзде дiн ғылымдары бiрте-бiрте
дамып, нығайған сайын, дiннiң қоғамдағы рөлi күшейген сайын, дiнге деген
аллергияның бұлты сейiлмек, бұрмалаушылықтар азаймақ. Мұның нақты
мысалдары да жоқ емес. Ислам шариғаты саласында заң ғылымдарынан докторлық,
кандидаттық қорғаған зерттеушiлердi айтсақ жеткiлiктi. Сол секiлдi, соңғы
жылдары суфизм әдебиеттерi мен философиясын, дiн тарихын, христиандық пен
буддизмдi зерттейтiн iзденушiлер кандидаттық және докторлық қорғауда. Басқа
ғылым салаларында шариғаттың, теологияның материалдары еркiн қолданылуда.
Сондықтан, дiнтану мамандығы бойынша қорғалып жатқан диссертацияларда
тақырып қажеттiлiгінен туындаған деректердiң келтiрiлуi объективтi деп
санаймын.
Батыс елдерi мен Ресейде дiн философиясы және тарихы жөнiнде сүбелi
еңбектер жазған философтар мен ойшылдардың басым көпшiлiгi теологтар
(богословтар) екенi күмән тудырмайды. Ислам философиясында өзiндiк орын
алған Нұриддин әл-Жәми (1414-1492), Жалаладдин әл-Рұми (1207-1273), әл-
Ғазали (1058-1111), Хафиз әл-Ширази (1230-1291), Омар әл-Хаййам (1048-
1122), Әбу Йәзид әл-Бистами (812-874), Ибн әл-Араби (1165-1240), Ахмед әл-
Йесеуи (уаф. 1166), Фәридұддин Аттар (1119-1230?) діни оқу орындарында
бiлiм алған, көптеген дiни-философиялық еңбектердiң авторлары.
Кез келген дiндi тану үшiн оның теологиясы мен өзге iлiмдерiн зерттеуiмiз,
пайдалануымыз шарт. Бұрынғы атеист жүйе философия саласына да қатты әсер
еткендiктен, дiнге бейтарап қарауды талап еткендей сыңай танытады да, дiнге
бейтарап қарау үшiн мiндеттi түрде атеист болу керек дейдi. Атеистiң өзiнiң
дінсіздік сенiмi болғандықтан, яғни атеизмдi өзiне дiн етiп алғандықтан, ол
да дiнге бейтарап қарай алмайды. Әрқандай бiр дiнге сенген зерттеушi ғылыми
мәселелердi талдағанда өзiнiң дiни сенiмiн басшылыққа алуы заңды да табиғи
құбылыс. Мәселен, И. Кант өзiнiң философиялық тезистерiн толықтай дерлiк
христиандық нанымға негiздеген: Для Канта христианство – высший этап
нравственно-религиозного развития человечества. Все остальные – шаг назад
дейдi белгiлi канттанушы, философия ғылымдарының докторы А.В. Гулыга (Кант
И. Трактаты и письма. – Москва: Наука, 1980. 24-бет). Гегель де
философиясын христиандық негiзiнде жасаған. Спиноза (1632-1677, пантеист-
философ), Ансельм (теолог-философ, 1033-1109), Аквиналық Фома (1225-1274,
теолог-философ), Елена Петровна Блаватская (1831-1891, дiни-философ),
Северин Боэций (теолог-философ, 480-524), Сергей Николаевич Булгаков (1871-
1944, теолог-философ), Борис Петрович Вышеславцев (1877-1954, теолог-
философ), Василий Васильевич Зеньковский (1881-1962, теолог-философ), Иван
Александрович Ильин (1882-1954, дiни-философ), Серен Кьеркогор (1813-1855,
теолог-философ), Габриэль Марсель (1889-1973, дiни философ), Уильям Оккам
(1285-1349, монах-философ), Рамакришна (1836-1886, үндi дiни философы),
Пьер Тейяр де Шарден (1881-1955, теолог-философ), Павел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің негізгі элементтері
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
Дін рухани мәдениеттің бөлігі ретінде
Дін жайлы түсінік
Мәдениет философиясы туралы
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Діннің мәдениет қалыптастырудағы орны
Дін, мәдениет және қоғам
Дін мәдениетті қалыптастырушы басты күш
Теориялық дінтану
Пәндер