«Су жағалап өсетін зостералар, наядалар және алисмалар тұқымдастарының өсімдіктері»


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

«Су жағалап өсетін зостералар, наядалар және алисмалар тұқымдастарының өсімдіктері» «Зостералар, наядалар және алисмалар тұқымдастарынің өкілдері»

Жоспар:

  1. Зостералар тұқымдасыЖалпы түрлеріне сипаттама
  2. Наядалар тұқымдасыЖалпы түрлеріне сипаттама
  3. Алисмалар тұқымдасыЖалпы түрлеріне сипаттама

Зостералар - Zosteraceae - Взморниковые

Зостералар аса үлкен тұқымдас емес, оның өкілдерін әдетте «теңіз шөптер» деп атайды, биолгиялық жағынына қызықты гүлді өсмдіктер тобына жатады, олар теңіздер мен мұхиттардың тұзды суларына бейімделген. Зостералардың өте ұзын жапырақтары төгілімен суға батып тұрады, оларды кейде балдырлар депте қалу мүмкін, ал олардың тамаша гүлдерін, сондай -ақ жемістерін екәде ғана көруге болады.

Барлық зостераларда ұзын көлденен орналасқан тамырсабақтары болады, олар су түбіне қалың толық дамымаған тамырларымен бекінген және қысқарған сабақты болады, 0, 3-15 мм енінде 1, 5 м ұқыгдықта сызықты жапырақтары болады. Тамырсабаұтары әдетте моноподиальды, ағаштанбайтын, тек бір исклучения ретинде (Zostera tasmanica) бар.

Гүлдері жалаңаш, бір жынысты, масақтарда; аталық гүлдер бір тозаңұаптанғ ал аналық гүл бір жатыннан тұрады. Жемістері жүзіп жүруі мүмкін.

Көп жағдайда таяз суларда кейде терең суларда, басымырақ түбі құмды, балшықты тұнық суларда өседі.

Негізгі туыстары:

  1. Heterozostera- Гетерозостера
  2. Phyllospadix- Филлоспадикс
  3. Зостера -Zostera- Взморник, немесе Зостера

Зостера - Zostera - Взморник, немесе Зостера

Туыстын көптеген түрлері көпжылдық шөптесін өсімдіктер, әдетте тамырсабағымен, буындарда тамырланатын. Тамырсабақтары әдетте моноподиальды, жетілмеген. Сабақтары қысыңқы, бутақтанған, екі қатарлы орналасқан сүйір жапырақтарымен. Жапырақтары ұзын, ашық жасыл түсті, бір сантимерт енінде. Гүлдері ұсақ, бір жынысты, масақтарда.

Түрлері:

  1. Кіші зостера -Zostera minorNolte. - Взморник малая -тек осы түр Қазақстанда кездеседі
  2. Zostera angustifolia(Hornem. ) Rchb. - Взморник узколистный
  3. Zostera asiaticaMiki - Взморник азиатский
  4. Zostera caespitosaMiki - Взморник дернистый
  5. Zostera capensisSetch.
  6. Zostera capricorniAsch.
  7. Zostera caulescensMiki (- Взморник стеблеобразующий
  8. Zostera chilensis(J. Kuo) S. W. L. Jacobs & Les
  9. Zostera japonicaAsch. & Graebn. - Взморник японский
  10. Теңіз зостера- Zostera marinaL. - Взморник морской
  11. Zostera mucronataHartog
  12. Zostera muelleriIrmisch ex Asch.
  13. Zostera nigricaulis(J. Kuo) S. W. L. Jacobs & Les
  14. Zostera noltiiHornem. - Взморник малый
  15. Zostera novazelandicaSetch.
  16. Zostera polychlamys(J. Kuo) S. W. L. Jacobs & Les
  17. Zostera tasmanicaM. Martens ex Asch.

Теңіз зостера - Zostera marina L. - Взморник морской

Өсімдік Солтүстік жарты шардың теңіз жағалауларында өседі, тек жылынатын құмды литоральдерде өседі.

Биологиялық сипаттамасы. Жақсы тарамдалған тамыр жүйесі болады, су асты шылғындықтар құрайды, кейде өте биік болып келеді - 100 см дейін.

Өсімдіктің гүлдеуі және жеміс шашуы су ішінде жүреді, тозаңдарды су тасмалдайды.

Бұл өсімдіктің тұқымдары күзге ұарай пісіп жетіледі.

Өсімдік теңіздің қатаң тұзды су ортасына бейімделу үшін бірнеше бтохимиялық ерекшеліктерге ие болды, ол оның биологиялық активтілігімен көрстіледі. Осының негізінде өсімдік бойында пектин қалыптасады, ол басқа өсімдік бойында кездеспейді. Осы пектин зостерни деген атауға ие болды. Зостерин химиялық жағынан қарайтын болсақ пентинді ортаның полисахариды болып табылады.

Наядалар - Najadaceae - Наядовые

Бір жылдық, кейде көп жылдық, су немесе батпақты шөптесін өсімдіктер, сабақтары тік немесе шашыранды нәзік болады. Жапыраұтары отырмалы, сирек сағақты, әдетте шоғырланып орналасады. Отырғыш жапыраұтары бүтін, көбінесе тісті, ал сағақтылары веертәріздес, айыртәрізді жіптесін сегменттерге тілімденген. Гүлдер жапырақтар орналарсақ жерлерде орналасады, әдетте жалғыз гүлді, ұсақ, ұсқынсыз. Өсімдік тез дамиды, көбінесе қаптап өседі. Аквариумдарда және ылғал комнаталарда оңай култиверленеді, қалыпты жағдайларда вегетативті көбиеді. Осы тұқымдастың кейбір түрлері декаративті болып табылады.

Наядалар - Najas - Наяда

Түрлерінің көбі қатты бутанған, бірақ сабақтары өте нәзік, жайғана тез бөллшектеніп сынады, олар су бетінде жүзіп жүреді, сонымен қатар гүлдеуі және жеміс беруі жалғаса береді.

Наядалардың барлығында жапырақтары сызықты, көп жағдайда жіптірізді, отырғыш жапырақтары болады, әдетте басқа су өсімдіктерінінен айқын ажыратылады. Кейде наядалардың жапырақтарының жиектерінде, ал тіпті кейде жүйкесінде тісшелі тікендер орналасқан. Көбінесе наядаларда жапырақтары жалған шоғырлары түзеді.

Наяда туысының өкілдері тропикалық ормандардада, сондай ақ тропикалық емес жер шарының басқа бөліктерінде кездеседі, бірақ барлық жерлерде кездесе бермейді, мысалға Арктикада, Еуразияның кейбір зоналарында, шөлдерде және биік құрғақ тауларда кездеспейді.

Түрлері:

  1. Теңіз наяда -Najas marinaL. - Наяда морская - Қазақстанда кездеседі
  2. Кіші наяда -Najas minorALL. - Наяда малая - Қазақстанда кездеседі
  3. Najas affinisRendle - Наяда родственная
  4. Najas ancistrocarpaA. Braun ex Magnus
  5. Najas argutaKunth - Наяда острая
  6. Najas australisBory ex Rendle - Наяда южная
  7. Najas baldwiniiHorn - Наяда Болдуина
  8. Najas brevistylaRendle - Наяда короткостолбиковая
  9. Najas brownianaRendle
  10. Najas chinensisN. Z. Wang - Наяда китайская
  11. Najas conferta(A. Braun) A. Braun - Наяда сжатая
  12. Najas filifoliaR. R. Haynes - Наяда нителистная
  13. Najas flexilis(Willd. ) Rostk. & W. L. E. Schmidt - Наяда гибкая *
  14. Najas gracillima(A. Braun ex Engelm. ) Magnus - Наяда изящнейшая
  15. Дәнді наяда -Najas gramineaDelile - Наяда злаковидная- Қазақстанда кездеседі
  16. Najas grossareolataL. Triest - Наяда крупноячеистая
  17. Najas guadalupensis(Spreng. ) Magnus - Наяда гваделупская
  18. Najas hagerupiiHorn - Наяда Хагерупа
  19. Najas halophilaL. Triest - Наяда солелюбивая
  20. Najas heteromorphaGriff. ex Voigt
  21. Najas horridaA. Braun ex Magnus
  22. Najas indica(Willd. ) Cham. - Наяда индийская
  23. Нізік наяда -Najas tenuissima(A. BRAUN EX MAGNUS) MAGNUS - Наяда тончайшая - Қазақстанда кездеседі

Наяда Кинга - N. Kingii Rendle.

Индияда және басқа да Оңтүстік Шығыс Азияның аймақарында кездеседі. тамыр жүйесі нашар дамыған, тамырлары жіңішке, ақ, өте нәзік. Сбақтары жұқа, ұзын, жеткілікті қатты, қатты бұтақтанатын. Жапырақтары сүйір сызықты формалары, ұзындыңы 2, 5 см және ені 0, 3 см, жартылай мөлдір, ашық жасыл, орналасуы шоқтанып төрт жапырақтан. Жапырақтың беті жылтыр, жиектері тісшелі. Өсімдік жақсы өсім бұта тәәрздес өте әсем болады. Оны алуан түрлі жағдайда култиверлеуге болады, сондықтан ол аквариумдар мен ылғал бөлмелерге ұсынылуы мүмкін.

Наяда гуаделупская - N. guadelupensis (Sprengel) Magnus

Американың және Индияның суларында тараған. Тамыр жүйесі нашар тамыған. Сбақьары ұзын, қатты бұтақтанатын, нәзік. Жапырақтары қауырсынды, терең тілімденген, кезектес, төрт жарым сантиметр ұзындықта, ашық жасыл, қалың қысқа сағақтарда отырады. Өсімдік вегетативті тез көбейеді.

Дәнде наяда - Najas graminea Delile - Наяда злаковая

Бір жылдық өсімдік, Англияның су қоймаларынан, Италияның солтүстігінде, Африканың солтүстік және батыс бөлігінде, Азияның тропикалық және субтропикаларында. Тамыр жүйесі нашар дамыған, тамырлары ақ, жіптәріздес, нәзік. Сабақтары ұзын нәзік, қатты бұтақтанған. Жапырқтары сабақта шоғырланып орналасады. Жақсы өскен өсімдіктің бойы алпыс сантиметрге дейін биіктікте болады және өте декаративті болып келеді. Өңай вегетативті көбейеді, бүйірлік сабақтардың бөлінуінен. Суда жеткілікті жылуда және жарықта жақсы өседі.

Алисмалар - Alismataceae Vent. - Частуховые

Солтүстік жарты шардың тропикалық және қалыпты ауа райы бар аймақтарына, алисмалардың 70-ке жуық түрлері таралған. Бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде олардың 15-ке жуығы кездеседі, ал Қазақстан жерлерінде ұшырасатын 8 түрі Алисма жұлдызжеміс, жебежапырақ сияқты туысқа топтастырылған.

Саяз суларда, батпақты жерлерде және су бойларында өсетін көпжылдық, сирек бір жылдық, өсімдік. Кейде түп жағы жуандау келінетін жапырақтары, кездесіп бекіген, жапырақ алақандары жәй (қарапайым), бүтін, дөңгелектеу, жұмыртқа пішіндес, қандауыр тәрізді немесе торланған жүйкелері бар, жебе сияқты да болады. Жиі гетерофилия құбылысы болып тұрады, өйткені, суға батып тұрған жапырақтары белдік тәріздес ұзын болса, қалқып тұратын және су бетіндегілері басқа пішінді болады. Олардың вегетативті органдарында жиі шырын жиналатын орындар кездеседі.

Жанама сабақшалардағы шоқжапырақтармен бірге дамитын сыпырғыш немесе шашақ тәріздес гүлшоғыры бар. Қынапты, актиноморфты циклді немесе гемициклді, қос жынысты немесе дара жынысты, қос гүлсеріктерінен тұрады. Сондай-ақ гүлі - 3 бос тостағанжапырақшалары бар тостағаншадан және 3 бос күлтежапырақшалы күлтеден құралған. Бір немесе бірнеше шеңберге орналасқан андроцейі 6 аталықтан тұрады. Үш аталығы бар түрі сирек кездеседі. Жұп болып бекіген аталықтары жиі ыдырауға ұшырап отырады. Тозаңқаптары төртұялы. Аталық жіпшелердің ішкі немесе түп жағына қарай шырын жинайтын орны пайда болады.

3, 6 немесе одан да жемісжапырақтарынан тұратын, апокарпты генецейі бар. Түйіннің түбінен басталатын аналық мойын ұзын және қисықтау келеді. Кейде бірнешеу болатын, тұқым түрі - біреу. Жемісі көп жаңғақша, сирак жапырақшалы болады. Жалпы алисмалардың жабайы және мәдени өсірілетін түрлері де бар. Мысалы: жебежапырақтың тағамдық қасиеті басым болса, ал алисма сияқты туысы улы қасиетімен белгілі.

Туыстар:

  1. Алисма -AlismaL. - Частуха
  2. Жұлдызжеміс -DamasoniumJuss. - Звездоплодник
  3. Жебежапырақ -SagittariaL. - Стрелолист
  4. AlbidellaPichon - Қазақстанда жоқ
  5. AstoniaS. W. L. Jacobs - Қазақстанда жоқ
  6. BaldelliaParl. - Бальделлия - Қазақстанда жоқ
  7. BurnatiaMicheli - Бурнатия - Қазақстанда жоқ
  8. ButomopsisKunth - Қазақстанда жоқ
  9. CaldesiaParl. - Кальдезия - Қазақстанда жоқ
  10. EchinodorusRich. & Engelm. ex A. Gray - Эхинодорус - Қазақстанда жоқ
  11. Helanthium(Benth. & Hook. f. ) Engelm. ex J. G. Sm. - Қазақстанда жоқ
  12. HydrocleysRich. - Қазақстанда жоқ
  13. LimnocharisHumb. & Bonpl. - Қазақстанда жоқ
  14. LimnophytonMiq. - Лимнофитон - Қазақстанда жоқ
  15. LuroniumRaf. - Лурониум - Қазақстанда жоқ

Алисма - Alisma L. - Частуха

Гүлдері қос жынысты, аталығы 6-у; аналықтары мен жемісшелері жалпақ немесе аздап дөңес гүл тұғырында шеңбер немесе жұлдызшалы орналасқан; жапырақтары ауалық жұмыртқа тәрізді немесе ланцетті, кейде төменгі жапырақтары жүзгіш, әдетте дәл сондай формалы. Жеміс жапырақшалары 1 тұқым бүрлі; жемісшелері бос, көп, сақина тәрізді орналасқан.

Түрлері:

  1. Alisma bjoerkqvistiiTzvelev - Частуха Бьёрквиста - Қазақстанда жоқ
  2. Alisma canaliculatumA. Braun & C. D. Bouché - Частуха желобчатая - Қазақстанда жоқ
  3. Alisma gramineumLej. - Частуха злаколистная - Қазақстанда жоқ
  4. Alisma juzepczukiiTzvelev - Частуха Юзепчука - Қазақстанда жоқ
  5. Жіңшке алисма -Alisma lanceolatumWith. - Частуха ланцетолистная, или Частуха ланцетная
  6. Alisma nanumD. F. Cui - Қазақстанда жоқ
  7. Бақажапырақ алисма -Alisma plantago-aquaticaL. - Частуха обыкновенная
  8. Лезель а. -A. loeseliiGorski. - Ч. Лезеля.

Бақажапырақ а. - A. plantago-aquatica L. - Ч. подорожниковиднаяя. - Аналық бағаны тік, гүл түйінінен ұзынырақ; аталықтары эллипсті тозаңдықты, аналығынан екі есе ұзын; жемісшелерінің арқасы 1-2 бороздалы және 2 арқаулы; табақша мен сағаққа тілімделген тек ауалық жапырақты өсімдік; сулы формалары болмайды. Жапырақтары жасыл, ұзын сағақты, тамырлы жер таған түзеді, жұмыртқа тәрізді немесе эллипсті, үшкір, түбі дөңгеленген немесе аздап-жүрек тәрізді; гүлдері ұзын сыпырғы түзеді; күлте желектерінің ұштары дөңгеленген. Ұзындығы 10-80 см көпжылдық; VI-VIII гүлдеп, жеміс береді. Қазақстанның барлық жазық жерлеріндегі тұщы су қоймаларының жағалауларындағы суда кездеседі. Улы, крахмалды өсімдік.

Лезель а. - A. loeselii Gorski. - Ч. Лезеля .

Аналық бағанасы ілмек тәрізді иілген, әдетте гүл түйінінен қысқа; аталықтары созылыңқы тозаңдықты, ұзындығы әдетте аналығымен бірдей; жемісшелерінің арқасы 2 бороздалы және 3 арқаулы; таспалы, сағақсыз, су асты жапырақты сулы формалы өсімдік; жер үсті формасындағы жапырақтары қысқа сағақты, ланцетті немесе сызықты-ланцетті. Биіктігі 10-30 см көпжылдық; V-VIII гүлдейді. Қазақстанның барлық жазық жерлеріндегі балшықты көл, өзен және тоған сулары мен жағалауларында кездеседі.

Жіңішке а. - A. lanceolatum With. - Ч. ланцетная.

Жапырақтары сұр-жасыл, сағақты, әдетте бірдей табақшалы, сирек одан ұзынырақ, тар немесе кең-ланцетті, түбінен сына тәрізді тарылған; гүлдері қысқа сыпырғы түзеді; күлте желектерінің ұшы аздап үшкірленген. Биіктігі 10-40 см көпжылдық; VI-VIII гүлдеп, жеміс береді. Қазақстанның барлық жазық жерлеріндегі тұщы су қоймаларындағы суларда кездеседі.

Жебежапырақ -Sagittaria L. - Стрелолист.

Гүлдері дара жынысты, бір үйлі, аталықтары көп; аналықтары мен жемісшелері дөңес гүл тұғырында шар тәрізді шоқпарбаста спиральды орналасқан; жапырақтары ауалық жебе тәрізді, жүзгіш жапырақтары қалақты, су асты жапырақтары сызықты.

Бұрынғы Кеңес Одағында 4 түрі кездеседі, Қазақстан жерінде жебежапырақтың кәдімгі жебежапырақ, үш жапырақты жебежапырақ, жүзгіш жебежапырақ сияқты үш түрі таралған.

Түрлері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су жағалап өсетін өсімдіктерді жүйелеудің негізгі ұғымдары
Жоғарғы сатыдағы су өсімдіктерінің өсімдік әлеміндегі орны
Тараңдар, тұңғиықтар, мүйізжапырақтар тұқымдастарының су жағалап өсетін түрлері
«Сарғалдақтар, балдыршөптер, сужұлдыздар тұқымдастарының су жағалап өсетін түрлері»
Су жағасындағы және суда өсетін өсімдіктер
Су жағалап өсетін теңгебастар, сукөріктер, астық, қиякөлеңкелер тұқымдастары
Мемлекеттік қорықтар
Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің құрылысы
«Балдыршөптер, құртқашаштар тұқымдастарының өкілдері»
Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz