Су жағалап өсетін теңгебастар, сукөріктер, астық, қиякөлеңкелер тұқымдастары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Су жағалап өсетін теңгебастар, сукөріктер, астық, қиякөлеңкелер тұқымдастары. Астық, қиякөлеңкелер тұқымдастарының өкілдері. Қосмекенді өсімдіктертер.

Жоспар:

  1. Теңгебастар тұқымдасыЖалпы өкілдері
  2. Сукөріктер тұқымдасыЖалпы өкілдері
  3. Астық тұқымдасыЖалпы өкілдері
  4. Қияқөлеңдер тұқымдасыЖалпы өкілдері
  5. Қосмекенді өсісдіктерӨкілдеріне сипаттама

Теңгебастар тұқымдасы - Butomaceae Rich. - Сусаковые

Солтүстік жарты шардың қалыпты аймақтары мен тропикада кең тараған бұл тұқымдастың түрлері 10-шақты болады. Бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде 2-туысы ұшырасады.

Тамыр түбірлері, кейде тамыр түйнектері бар көпжылдық су немесе батпақ өсімдіктері.

Жапырақтары негізінен сабақтың түп жағына бұтақшалы болып орналасқан, жалпақ белдік немесе қылыш тәрізді болғанмен эллипс немесе дөңгелектеу алақандары торланған жүйкелерден тұрады.

Шатырлы теңгебас деген түрінен басқасының вегетативті мүшелерінде сүтті бездері болады. Гүлдері дара немесе ширатылған шатырлы жабынды жапырақтары бар, монохазийлі түзілген шатыр тәрізді гүлшоғырынан тұрады немесе актиноморфты шеңберленген, 3 мүшелі қосарланған гүлсерікті келеді. Тостағаншасы 3 бос тостаған жапырақшаларынан, ал күлтесіде сол сияқты 3 бос күлте жапырақшаларынан құралған. Андроцейі, бір, екі немесе бірнеше шеңберге орналасқан 3, 6, 9 немесе одан да көп аталықтардан тұрады.

Екеуден күлтежапырақтың аралығында орналасқан, жиі сыртқы шеңберге бекітілген аталықтары ыдырауға ұшырайтын болса, ішкілері, керісінше өзгеріске сирек ұшырайды. Өзгеріске ұшыраған аталықтар қармақшаларға айналуы мүмкін. Гинецейі 3, 6, 9 немесе одан да көп жеміс жапырақшаларынан түзілген, апокарпты, дегенмен кейде жеміс жапырақтары түбіне қарай тұтасып кетеді. Аналық мойын әрқашан бос тұрады.

Түбіндегі тұқым бүршіктері жеміс жапырақтарының бүйір жағына орналасқан.

Жемісі - 3, 6 немесе көп жапырақшалы. Тұқымы эндоспермсіз, тік немесе таға тәрізді тұқымбүрден тұрады.

Бұл тұқымдастардың айтарлықтай шаруашылық маңызы жоқ, тек шатырлы теңгебастың тамыртүйнектері ғана, крахмалға бай болғандықтан тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.

Қос гүлсерігінің, көп аталықтары мен аналықтарының болуы және жемісінің жапырақ жемісті келуі теңгебастарды дара жарнақтылардың қарапайым тұқымдастарының біріне жатқызады. Осындай белгілерге қарап оларды сарғалдақтар мен тұңғыйықтар тұқымдастарына да жақындастыруға болады. Дегенмен атақты ғалым А. Л. Тахтаджян (1966) оларды бір ғана теңгебас туысына жатқызады.

Теңгебас туысы - Butomus L. - Сусак

Бұранғы Кеңес Одағы көлемінде теңгебастардың 2 түрі кездессе Қазақстанда біреуі ғана белгілі.

  1. Butomus junceusTurcz. - Сусак ситниковый
  2. Шатыршалы теңгебас -Butomus umbellatusL. - Сусак зонтичный

Ақ шоқан, шатыршалы теңгебас - B. umbellatus L. - С. зонтичный.

Шатыршалы теңгебастар су қоймалары мен өзен бойларында жиі кездесетін өсімдік. Тік бағытта өсіп тұрған, жолақты, көлденеңінен үш бұрышты жапырақтары арқылы өте танымалы. Жалпы мамырдың аяқ жағынан бастап, гүлдеуі тамызға дейін созылады. Үш немесе төрт, үш бұрышты - қандауыр тәрізді, үшкірлеу жабық жапырақшалары бар, сабақ басына орналасқан шатыршалы гүлшоғырынан тұратын гүлі арқылы да ажыратылады.

Тостағанжапырақшалары жалпақ ланцет тәрізді, үшкірлеу, имектеу іш жағы қызғылттау, сыртынан жасылдау келеді. Күлтелері ірілеу, кері орналасқан жұмартқа пішіндес, ашық-қызғылт түсті болады. Аталықтары 9, оның 6 аталығы, қарама-қарсы ішкі шеңберге қосарланып бекісе, ал ішкі шеңбердегі 3 аталығы күлтежапырақшаларға қарама-қарсы орналасқан. Жоғарғы ұштарына қарай жіңішкерген аталық жіпшелері салалы - қандауыр тәрізді келеді.

Тозаңқаптары жылжымалы емес. Жиі бостау, кейде түп жағына қарай кірігіп кеткен, аналықтары 6 болады. Түйіні екі жағынан қысыңқы келеді және жалпақ жақтарымен көршілес аналықтармен жабысып тұрады. Аналық мойыны сыртқа қарай имектеу келеді. Тұқымбүрлері көп мөлшерде болады. Жемісі - шеңберленген 6 жапырақшалы.

Сукөріктер тұқымдасы - Hydrocharitaceae Juss. - Водокрасовые

Сукөріктер тұқымдасы (лат. Hydrocharitaceae) - суда өсетін көп жылдық дара жарнақты өсімдіктер. Қоңыржай, тропиктік және субтропиктік белдеулерде 16 туысы, 100-ден артық түрі кездеседі. Сукөріктер тұқымдасының сабағы су ішінде өсіп, жапырағы су бетінде қалқып тұрады. Гүлдері дара жынысты, қос үйлі. Бір аналығы бар, аналық гүлдері жеке-жеке орналасады. 2 - 15 аталығы бар, аталық гүлдері жартылай шатырша гүлшоғырын құрайды. Кейбір түрлері 10 м тереңдікке дейін ну қопа болып өседі және бұлардың тіршілік ортасына бейімделгені соншалық, су ішінде тозаңданады. Гүлдеген кезде ғана гүлдері су бетінен көрінеді. Сукөріктер тұқымдасының кейбір түрлері тағам және тыңайтқыш ретінде пайдаланылады, аквариумда өсірілетін түрлері де бар.

Қазақстанда Ақтөбе, Шығыс және Орталық Қазақстан облыстарында, Арал тауы маңында өсетін 4 туысы (бақаоты, болбыр, бұрандажапырақ, жауқияқ) бар.

  1. Сукөрік -HydrocharisL. - Водокрас
  2. Гидрилла -HydrillaRich. - Гидрилла
  3. Жауқияқ -StratiotesL. - Телорез
  4. Валлиснерия -VallisneriaL. - Валлиснерия.

Сукөрік - Hydrocharis L. - Водокрас.

Жапырақтары судың бетінде жүзгіш, дөңгелек-бүйрек тәрізді табақшалы ұзын сағақты. су бетінде қалқып жүретін ұсақ та әсем шөптесін өсімдіктер. Олар көлде, тынық және баяу ағатын, көбінесе, қалың қамыс, қоға арасында, суда өседі. Аквариумда өсіруге болады. Сабағы көптеген бунақтардан тұрады. Бүтін жиекті, жұмыртқа пішіндес жапырағы сабағына шоғырланып орналасады. Гүлі ақ, үш желекті келеді. Бақаоты көбінесе, өсімді (вегетативті) жолмен, әсіресе, жазда пайда болған жас өскіндерінен көбейеді. Күзде өркендерінің ұшында бүршік пайда болады да, ол үзіліп түсіп, су түбінде қыстайды. Көктемде сол бүршіктер су бетіне қалқып шығып, олардан жаңа өсімдік дамиды. Жемісі - жидек. Бақаотының сабақтарымен, жапырақтарымен су құстары және балықтар қоректенеді. Келте сабақшасына ұзын сабақты жапырақтары шоғырлана орналасқан, жапырағы дөңгелекше келген, жүрек пішіндес, су бетінде қалқып тұратын кішкене, әсем өсімдік. Гүлі дара жынысты (қос үйлі), гүл сағағының ұзындығы 5-6 см. Көбінесе көлбеу орналасқан өркендерімен вегетативті түрде көбейеді. Күзде өркендерінің ұшында бүршік пайда болады да, үзіліп түсіп су түбінде қыстап шығады. Көктемде сол бүршіктер су бетіне қалқып шығып, олардан жаңа өсімдік дамиды.

Түрлері :

  1. Hydrocharis chevalieri(De Wild. ) Dandy- Қазақстанда кездеспейді
  2. Hydrocharis dubia(Blume) Backer - Водокрас сомнительный, - Қазақстанда кездеспейді
  3. Бақа с. -H. morsus-ranaeL. - В. лягушечный

Бақа с. - H. morsus-ranae L. - В. лягушечный

Сабақтары жатаған, бұтақтанған, жертағанды жапырақтары жүзгіш; жапырақтары ұзын сағақты, жоғал, бүтін жиекті, 2 ірі түссіз қосалқы жапырақшалы; ұзын гүл сағақты гүлдері 3-тен жиналған. Ұзындығы 15-30 см көпжылдық; VII-VIII гүлдейді. Жазықты Қазақстанның солтүстік жартысындағы ағынсыз және баяу ағын суларында кездеседі.

Гидрилла - Hydrilla Rich. - Гидрилла .

Жапырақтары суға батырылған, кейде судан шығып тұрады, отырмалы, сызықты немесе ланцетті. Жапырақтары сабағында 3-8-ден шоқтанып отырады, жиектері үшкір тісті.

Түрлері.

  1. Hydrilla angustifoliaHassk. - Қазақстанда кездеспейді
  2. Hydrilla dentataCasp. - Қазақстанда кездеспейді
  3. Hydrilla lithuanica(Rchb. ) Dandy - Гидрилла литовская- Қазақстанда кездеспейді
  4. Hydrilla najadifoliaZoll. & Moritzi - Қазақстанда кездеспейді
  5. Hydrilla ovalifoliaRich. - Қазақстанда кездеспейді
  6. Hydrilla polyspermaBlatt. - Қазақстанда кездеспейді
  7. Hydrilla roxburghiiSteud. - Қазақстанда кездеспейді
  8. Hydrilla subulataRoyle - Қазақстанда кездеспейді
  9. Hydrilla wightiiPlanch. - Қазақстанда кездеспейді
  10. Шоқ г. -H. verticillata(L. f. ) Rich. - Г. мутовчатая.

Шоқ г. - H. verticillata (L. f. ) Rich. - Г. мутовчатая.

Сабағы ұзарған, бұтақтанған, айтарлықтай ұзын буынаралықты; жапырақтары жалпақ; гүлдері дара жынысты, көріксіз; аталық гүлдері шар тәрізді жамылғыдан тұрады, аналық гүлдері түтікті, екі қалақты жамылғылы. Ұзындығы 50-100 см көпжылдық; VI-VIII гүлдейді. Ертіс өзенінің ағынсыз және баяу ағынды су қоймаларында кездеседі.

Жауқияқ - Stratiotes L. - Телорез.

Жапырақтарының барлығы тамырлы немесе сабақтың түбінде көп жапырақты жер ағанға жиналған. Жапырақтары кең-сызықты, қатты, жиектері үшкір тісшелі; гүлдері ірі, ақ күлте желекті, аналық гүлдері қысқа аяқшалы.

Кәдімгі ж. - S. aloides L. - Т. Алоэвидный (обыкновенный) .

Сабақтары қысқа жатаған өркенді; гүлдері екі үйлі: аталық гүлдері 2-3-тен жамылғысынан көрініп тұратын ұзын жалпақ аяқшалы, аналық гүлдері 1-2-ден, дерлік отырмалы, жамылғыдан тұрады; жемісі жұмыртқа тәрізді, 6-қырлы. Ұзындығы 15-45 см көпжылдық; VI-VIII гүлдейді. Солтүстік жарты көбінесе жазықты Қазақстанның баяу ағынды көлдерінде, ескі арналар мен өзендерде кездеседі. Малазықты.

Валлиснерия - Vallisneria L. - Валлиснерия.

Жапырақтары белдік тәрізді, жұмсақ, бүтін жиекті; гүлдері көріксіз, жасыл желекті, аналық гүлдері ұзын спиральды иректелген аяқшалы.

Спираль в. - V. spiralis L. - В. спиральная.

Сабақтары қысқарған; жапырақтарының ені 0, 5-1, 2 см, тамырлы, қынапшалы; гүлдері екі үйлі: аталық гүлдері қысқа аяқшалы, 2 аталықтан тұрады, аналық гүлдері ұзын аяқшалы, цилиндрлі гүл түйіні мен көп тұқым бүрлерден тұрады. Ұзындығы 50-80 см көпжылдық; VIII-IX гүлдейді. Оңтүстік-батыс жазықты Қазақстанның көлдерінде, майда сулы теңіз шығанақтарында кездеседі. Малазықты.

Қоңырбастар- Poaceae - Мятлековые, злаковые

Астық тұқымдасы , қоңырбастылар (лат. Poaceae ) - дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т. б. ) . Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см-ден 30 - 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм-ден 20 - 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша.

Тұқымдасастылар :

  1. Қамыстар- Arundinoideae- Тростниковые
  2. Bambusoideae- Бамбуковые
  3. Қоңырбастар- Pooideae- Мятликовые
  4. Panicoideae- Просовые
  5. Centothecoideae- Центотековые
  6. Chloridoideae- Хлорисовые
  7. Қаулар -Stipoideae- Ковылёвые

Қамыс (Phragmіtes) - астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыс жер шарында кең таралған. Негізінен, 250 ден астам түрі белгілі, ал Қазақстанда 14 түрі бар. Оның биіктігі 2, 5 м - дей, тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Қамыс вегатативті буындарынан шыққан өскіндерден және тұқым арқылы өсіп - дамиды. Қыс мезгілінде қамыс арасындағы сулар қатпай, жылы болып жатады. Қамыстың жапырақтары параллель жүйкелерге жатады. Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағына сақтайды да «үнемдеп» пайдаланады. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартады. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс шабындығына жайылған ірі қара малдардың қалдырған қилары қамыстың қысқа төзімділігін арттырады, өсіп дамуын жоғарылатады және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға қолайлы жағдай тудырады.

Морфологиялық ерекшеліктері. Дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650 - дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, ) . Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см ден 30 - 40 м - ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм - ден 20 - 30 см - ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Қамыстың жер астындағы тамырын борық деп атайды. Борық - суда өсетін қамыс тәрізді өсімдіктің тамыры мен сабағының арасындағы шырынды, тәтті болып келетін сабағының түп жақ бөлігі

Қамыстың гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Қамыстың жер шарында кең таралған (тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді) 7 түрі, Қазақстанда грунт сулары жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар.

  1. Phragmites australis(Cav. ) Trin. ex Steud. -Тростник южный
  2. Phragmites japonicusSteud. - Тростник японский
  3. Кәдімгі Қамыс немесе құрақ -Ph. Communіs- Тросник обыкновенный

Кәдімгі Қамыс немесе құрақ (Ph. communіs) . Оның биіктігі 0, 8 - 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Негізінен, вегетативті жолмен көбейеді. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс - су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық.

Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см-дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет.

Қияқөлеңдер - Cyperaceae - Осоковые

Жер шарына көп тараған, бұл тұқымдас өсімдіктердің 3800-ге жуық түрі бар. Оның 500 шамасындағы өкілдері бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде кездеседі. Қазақстан жерінде олардың 157 түрі тараған. Мысалы, тек қияқөлең туысының 94 түрі кездеседі.

Сыртқы пішіні жағынан астық тұқымдастарға ұқсас, бірақ кедір-бұдыр, өткір, үш қырлы сабағы бар бұл тұқымдастардың көпшілігі көп жылдық өсімдіктер, ал бір жылдық түрі сирек ұшырасады. Олардың бұтақтануы сабақтың жер бетіне жақын жерінде немесе жер астындағы бөліктерінен басталады. Өйткені, олар қынапта жатқан бүршіктен дамып, жанама тамырлардың негізгі немесе тамыр систематикасының шоғырлану аймағын құрауға қатысады. Көпшілік жағдайда, қынаппен қымталған, үш қатарлы, кезектесіп орналасқан қынапқа айналатын жерінде жалпақтау, үшкір тілше тәрізді жапырақтары болады. Алақаны жоқ, қынапқа айналған, төменгі жапырақтарының сырты қауызды келеді. Кейде, олардың қауыз тәріздес ғана жапырақшалары болады, сабақтың түп жағына шоғырланады. Мұндай жағдайда, сабақтың жоғарғы жағында, жапырақтар болмайды.

Әрсіз майда гүлдері масақ немесе масаққа ұқсаған ширатпа болады. Сондықтан, олардың күрделі шашақты (семсершөп) қалқанды шашақты (өлеңшөп) шоқпарбас (мәдиен) немесе күрделі масақ (суылдыр) гүлшоғырлары байқалады. Бұтақталған гүлшоғырларының әрбір бұтақшасы, жабын жапырақшасының қынабынан дамиды. Оның көмегімен түп жағында, сабаққа мықтап қыстырылған, ұш жағы айырылған алдыңғы жапырақшасы болады. Жабын жапырағы жарғақты немесе сыртқы пішіні жағынан кәдімгі жапыраққа ұқсас келеді.

Қарапайым гүлсеріктері бар, жалаңаш шеңберленген гүлдері қос жынысты немесе дара жынысты. Олар ержеңді қауыз тәрізді жапырақтарында жетіледі.

Гүлсеріктері қылтанақты немесе түтікті болады. Қылтанақтар саны, әртүрлі болып кездеседі. Мысалы: өлеңшөптерде - 6 және 2 шеңберге үшеуден орналасады, ал арамқоғаларда 1-3, имекдәндерде 5-13 болады. Ұлпабас туыстарының гүлсеріктері көптеген түтіктерге айналып, тұқым шашар кезінде, ұшуға бейім ұлпалы тұқымға айналады, сондықтанда оларды ұлпабас деп атайды. Негізінен көпшілігінің андроцейі 3 аталықтан, кейде сирек 6 немесе 2 болады. Төмен қарай салбырап тұрған аталық жіпшелерге орналасқан, сопақша тозаңқаптары жылжымайтындай болып бекіген. 2-3 жемісжапырақтардан құралған гинецейі лизикарпты, бір ғана базальды тұқымбүрден тұратын, жоғарғы түйінді келеді. Діңгегі, жалпы саны, жеміс жапырақшаларының санындай болатын, жіпше немесе шаш тәріздес тарамдалған ұзын аналық ауыздан тұрады. Кейбір туыстарының түрлерінде аналық діңгектің түп жағы жалпақтау келеді де, жемісі сақталып қалатын жағдайлары кездеседі. Жемісі, жалаңаш немесе гүлсеріктердің қалдықтарымен қоршалған жаңғақша. Ұрықпен қоршалған ұнтақ эндоспермді тұқым шашады.

Бұл тұқымдас өсімдіктердің далалы, қуанды және таулы жерлерде кездесетіндерін мал азығы ретінде пайдаланылғаны болмаса, олардың айтарлықтай шаруашылық маңызы жоқ. Тек Оңтүстік Европа мен африка жерлерінде кездесетін өкілдерінен ғана май өніріледі және кейбір түрлерінен еденге төсейтін тоқымалы төсеніштер жасалынады.

Туыстары :

  1. Суылдыр -BlysmusPanz. ex Schult. - Поточник, немесе Блисмус
  2. Түйнекөлең -Bolboschoenus(Asch. ) Palla - Клубнекамыш
  3. Қияқөлең -CarexL. - Осока
  4. Семсершөп -CladiumP. Browne - Меч-трава
  5. Сәлемшөп -CyperusL. - Сыть
  6. Келтебас -EleocharisR. Br. - Ситняг, немесе Болотница
  7. EriophorumL. - Пушица
  8. Комбрезия -KobresiaWilld. - Кобрезия
  9. Имекдән -RhynchosporaVahl - Очеретник
  10. Schoenoplectus(Rchb. ) Palla - Схеноплектус
  11. ScirpoidesSég. - Камышевидник
  12. Өлеңшөп - Scirpus L. - Камыш

Қияқөлең - Carex - осока - қияқөлеңдер тұқымдасына жататын бір үйлі (сирек жағдайда 2 үйлі) көп жылдық шөптесін өсімдік.

Биіктігі 30 см-ден 1, 5 м-ге дейін жетеді. Тамыр сабағы топыраққа төселе жайылып шым төмпешіктер түзеді. Сабағы тік, үш қырлы, кей түрінде қабыса жалпайған. Жер асты тамыр сабағынан жер үстіне жапырақ шығаратын және гүлдеп жеміс беретін өркендер дамиды.

Жапырақтары жіңішке, сабақтың тамырға жақын түбінен шығады.

Гүлдері дара жынысты, масақ, сыпыртқы тәрізді, шоғырбас гүлшоғырына жиналған. Кейде гүлшоғыры бір масақты болады. Масағы бірыңғай аталық немесе аналық гүлдерден құралады, кейде аралас (масақтың ең ұшында аталық гүлдер, одан сәл төменірек аналық гүлдер) болатындары да кездеседі. Аналық гүлдер ұшы жіңішкеріп, түбі кеңейген қалташада орналасады. Қияқөлеңнің кейбір түрлерінің жер бетіне кең таралуында қалташаның маңызы зор. Қалташа аналық жатынын, одан пайда болған жемісін сыртқы ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Ерте көктемде гүлдейді, желмен және жәндіктермен тозаңданады.

Жер бетінің барлық жерінде өседі. Қазақстанда барлық аймақтарына таралған 94 түрі бар. Әсіресе, Шу-Іле таулары, Қаратау жотасы (Оңтүстік Қазақстан аймағында), Мұғалжар тауы, Тарбағатай жотасы, Көкшетау тауы, т. б. аймақтардың батпақты, ылғалды, сортаң топырағындағы шалғындықта, далалы, шөлейтті, жартылай шөлейтті жерлерінде өседі, сондай-ақ барлық биіктік белдеулеріне таралған.

Түрлері:

  1. Carex albaula- Осока беловатая
  2. Carex aquatilis- Осока водная.
  3. Carex atrata- Осока почерневшая
  4. Carex atrofusca- Осока чёрно-бурая.
  5. Carex baccans- Осока ягодоносная.
  6. Carex bohemica- Осока богемская.
  7. Carex buchananii- Осока Буханана
  8. Carex digitata- Осока пальчатая
  9. Carex elata- Осока высокая
  10. Carex firma- Осока подушковидная
  11. Carex flacca- Осока повислая.
  12. Торсылдақ қияқөлең - Осока пузырчатая
  13. Жағалық қияқөлең - Carex riparia - Осока береговая.
  14. Carex rostrata- Осока носиковая.
  15. Carex siderosticta- Осока ржавопятнистая.

ТОРСЫЛДАҚ ҚИЯҚӨЛЕҢ - ОСОКА ПУЗЫРЧАТАЯ

Орманды батпақ, бұлақтар мен өзен, көл жағалауларында, ылғалды шалғындарда жиі ұшырасатын өсімдік. Мамыр айының орта шенінен маусымның ортасына дейін гүлдейді. Кедір-бұдырлы, өткір, ұш қырлы сабағында дамитын гүлшоғыры масақ тәріздес-шашақ.

Төменгі, қынапты жабын жапырағы, гүлшоғырларынан ұзындау немесе бірдей болып келеді. оның түсі ашық жасыл шеттері жарғақ тектес және орта шені бұдырлы өткір болады. Жолақты, тік орналасқан, ұзындығынан 2-5 см., енінен 3, 2 см болатын 1-3 аналық масақшасы жоғары орналасады.

Оның қандауыр тәрізді, тоқалдау, сыртқы қауызы алғашқыда ашық-қоңыр, бертін келе қоюлана түседі. Цилиндр тәрізді ұзындығынан 2-5 см, енінен 1, 5 см аналық масақшасы болады. Оның жоғарғысы отырыңқы, ал төменгісі, жемісі пайда болғанда салбырап тұратын ұзын сабақты келеді. торсылдақ - қапшықты, қысқа, қоңырлау, орта шені жасыл жолақты келеді және қандауыр тәрізді тоқалдау немесе кейде үшкірлеу басы ақшылдау жарғақты жабын қауызы бар, жұмыртқа немесе сопақша тәріздес, ұзындығы 7-8 мм, 9-12 айқын байқалатын жолақтары бар, тырсиған, ауызы жоғары, қисық бағытталған торсылдақ қапшығын көруге болады. Олардың тұмсық жағы үшкірлеу келеді, ал құрғақтау қапшықтардың ұштары тісшелерге айналған.

Жас қапшықшалардың түсі сары - жасыл болса, жетілгендері сары немесе жылтыр қоңыр түсті келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су жағасындағы және суда өсетін өсімдіктер
Су жағалап өсетін өсімдіктерді жүйелеудің негізгі ұғымдары
Тараңдар, тұңғиықтар, мүйізжапырақтар тұқымдастарының су жағалап өсетін түрлері
«Сарғалдақтар, балдыршөптер, сужұлдыздар тұқымдастарының су жағалап өсетін түрлері»
Жоғарғы сатыдағы су өсімдіктерінің өсімдік әлеміндегі орны
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
«Балдыршөптер, құртқашаштар тұқымдастарының өкілдері»
Мал азықтарының топтары
Су жағалап өсетін плаун және мүктәрізділер
Астық тұқымдасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz