«Су жағалап өсетін қырықбуындар және папоротниктер»


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

«Су жағалап өсетін қырықбуындар және папоротниктер», «Су экожүесіндегі қырықбуындар және папоротниктер»

Жоспар:

  1. ҚырықбуындарЖалпы өкілдеріне сипаттама
  2. ПапоротниктерЖалпы сиспаттама

Қырықбуынтәріздестер бұрынғы геологиялық кезеңдерде алуан түрлі болған. Ертедегі ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып, қазіргі кезде тек шөптекті түрлері ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қырықбуын деп атаған.

Қазіргі кезде кездесетін қырықбуын туысы жатады, онда 30-35 түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретінде егістікте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседі. Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездеседі. Бізге көбірек тараған өкілдерінің бірі - далалық қырықбуын. Ол - ұзын, тармақталған жерасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптекті өсімдік. Тамырсабағының буынынан қосалқы тамырлар дамиды. Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен. Көктемгі өркендері ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршіктерінен бірінші пайда болады. Оның биіктігі 20 cм, бұтақтанбаған жапырақтары қоңыр түсті, қабыршақты, өркен ұшында масақтары болады. Масақтарында споралар дамиды. Қабыршақты жапырақтары өркенде топтанып орналасады. Далалық қырықбуынның көктемгі өркендері споралары пісіп жетілген соң қурап қалады. Жасыл түсті жаздық өркендерінде хлорофилл дәндері бар. Жаздық өркенде жанама бұтақтары топтанып орналасады. Ол - өсімді өркен. Жапырақтары болмайтындықтан, фотосинтез үдерісі осы жаздық өркендері арқылы жүзеге асады. Көктемгі өркендері - көбею, ал жаздық өркендері өсу қызметін атқарады. Жаздық өркеннің тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналады. Онда қорек заттары қорға жиналады әрі өсімді көбею мүшесі болып саналады. Қырықбуын сабағының сырты көп қырлы болады. Сабақтың сыртын жұқа өң қаптайды. Ол бірқатар түссіз жасушалардан тұрады.

Жаздық өркен өңінің астында қабық қабаты, содан соң өзек орналасады. Өзекте өткізгіш ұлпалары бірнеше ұсақ шоқ түзеді. Кейін өзек ұлпалары ыдырап, өзектің орнында қуыс пайда болады.

Сабақ қырларының астында - тірек ұлпасы, ал ойыс жерлерінің астында фотосинтездеуші ұлпалар жетіледі. Хлорофилл дәндері бар фотосинтездеуші ұлпаның әр бөлігінің астында айқын байқалатын қуыс болады. Тірек ұлпасының астында өткізгіш ұлпалар шоқ түзіл орналасады. Өткізгіш ұлпалар қоректік заттардың тасымалдануын қамтамасыз етеді. Ағзалық заттар фотосинтез үдерісінің нәтижесінде өсімдіктің жербеті өркендерінде түзіледі. Бұл заттарды өткізгіш ұлпалардың бір тобы өркендерден тамырына қарай тасымалдайды. Өткізгіш ұлпалардың екінші тобы су мен минералды заттарды тамырдан жербеті өркендеріне жеткізеді. Осылай өткізгіш ұлпалары өсімдікті қоректі заттармен қамтамасыз етеді.

Қырықбуындар плаундар секілді өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі - тамырсабақтары, түйнектер арқылы, жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Ал споралар тобы спорангийлерде орналасады. Қырықбуынның ұшында орналасатын спорангийлер тобының орны бүр деп аталады. Спора түзетін масақтарында көптеген споралар пісіп жетіледі де жерге шашылады. Споралардың барлығының мөлшері бірдей болғанымен, физиологиялық жағынан әр түрлі. Бір споралардан - аталық өскіншелер, ал екіншілерінен аналық өскіншелер жетіледі. Осы өскіншелерде жынысты көбею жүзеге асады. Аталық өскіншеде - аталық жыныс мүшесі, аналық өскіншеде аналық жыныс мүшесі жетіледі. Аналық және аталық жыныс жасушалардың қосылуы нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықтан қайтадан жас қырықбуын өсімдігі жетіледі.

Қырықбуындар - егістік арамшөптері. Олар топырақты бүлінуден сақтайды. Қырықбуындардың бірқатар түрлері - улы өсімдіктер. Далалық қырықбуын - дәрілік өсімдік. Ол халық медицинасында ертеден қолданылып келеді. Дәрілік шикізат ретінде жасыл сабақтарын жинап, келтіреді. Дәрілік шикізаты қанайналымның әлсіздігінен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолданылады. Сонымен бірге қырықбуынның споралар түзетін масақтары мен сабақтарын тамаққа пайдаланады.

Қырықбуынтәріздестер өсімдіктер дүниесінің бір бөлімі болып табылады. Сабағында буындар мен буынаралықтары өте көп болғандықтан, өсімдік «қырықбуын» деп аталған. Қырықбуынтәріздестер бұдан 300 млн жыл бұрын тас көмір кезеңінде ағаш тәрізді орман түзген.

Қырықбуын (лат. Equisétum) - қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдас тармағы.

Қырықбуын - ылғалды топырақ өсімдігі. Көбірек таралған өкілі - далалық қырықбуын. Қырықбуындар көпжылдық, қатқыл сабақты, тамырсабағы дамыған шөптекті өсімдіктер болып табылады. Қырықбуынның жаздық және көктемдік өркендері болады. Жаздық өркенде фотосинтез үдерісі жүріп - өсу, ал көктемгі өркені көбею қызметін атқарады. Көбею суда өтеді. Өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Қырықбуындар - дәрілік өсімдіктер, улы түрлері де бар.

Тұқымдас тармағында әр түрлі мәлімет бойынша 15-тен 32-ге дейін өсімдіктердің түрі бар. Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Африкада кең, таралған. Еуразияда 11 түрі өседі.

Олар өзен жағалауларында, орманда, қалың бұта арасында, ылғалы мол жерлерде өседі. Қазақстанның аса құнды жем-шөптік (Бұтақты қырықбуын - лат. Е. zamosіssіmum; Теңбіл қырықбуын - лат. Е. varіegatum; Қыстық қырықбуын - лат. Е. hіemale) және жайылымдар мен егіс алқаптарында өсетін арам шөп ретінде (Далалық қырықбуын лат. Е. аrvense) кездесетін түрлері де бар. Ал олардың арасында улы түрлерінің бірі - Батпақ қырықбуыны (лат. Е. рalustre) .

Класс: Қырықбуындар- Equisetopsida - Хвощовые

Қатар: Қырықбуындар - Equisetales - Хвощовые

Тұқымдас: Қырықбуындар - Equisetaceae - Хвощовые

Туыс: Қырықбуын - Equisétum - Хвощ

Тамырлары бұтақталып, өте жақсы дамыған. Сабақтары бунақты, көбіне топтасып бұтақтанады, буындарында түтікке біріккен қара түсті жапырақтың қынапшалары орналасқан. Олардың ирек ұштарында ақ түсті жолақтары болады. Олар жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады. Сабақтың сыртын бір қабат эпидермис жауып тұрады. Спора түзетін сабақтары біршама жуан, түсі қоңырлау, хлорофилсіз, бұтақталмаған. Биікт. 15 - 30 см. Олардың буындарында 8 - 9 иректелген тістері бар, түтік тәрізді қынапшалармен жабылып тұрады. Спора түзетін масақтары сабақтың ұштарында жетіледі. Шар тәрізді споралары пісіп жетілгеннен кейін сабағы солып қалады.

Түрлері:

  1. Дала қ. -Equisetum arvenseL. - Хвощ полевой
  2. Equisetum fluviatileL. -Хвощ приречный, или Хвощ топяной
  3. Батпақ қ. -Equisetum palustreL. - Хвощ болотный
  4. Шалғын қ. -Equisetum pratenseEhrh. - Хвощ луговой
  5. Орман қ., жылбұрын -Equisetum sylvaticumL. - Хвощ лесной
  6. Equisetum telmateiaEhrh. - Хвощ большой
  7. Қыстық қ. -Equisetum hyemaleL. - Хвощ зимующий
  8. Бұтақты қ. -Equisetum ramosissimumDesf. - Хвощ ветвистый
  9. Қамыс қ. -Equisetum scirpoidesMichx. - Хвощ камышовый
  10. Equisetum variegatumSchleich. ex F. Weber et D. Mohr - Хвощ пёстрый
  11. Қорыс қ., сүйіндір -E. fluviatileL. - Х. речной

Олар өзен жағалауларында, орманда, қалың бұта арасында, ылғалы мол жерлерде өседі. Қазақстанның аса құнды жем-шөптік (Бұтақты қырықбуын - лат. Е. zamosіssіmum ; Теңбіл қырықбуын - лат. Е. varіegatum ; Қыстық қырықбуын - лат. Е. hіemale ) және жайылымдар мен егіс алқаптарында өсетін арам шөп ретінде (Далалық қырықбуын лат. Е. аrvense ) кездесетін түрлері де бар. Ал олардың арасында улы түрлерінің бірі - Батпақ қырықбуыны (лат. Е. рalustre ) .

Дала қ. - E. arvense L. - Х. полевой.

Споралы көктемдік сабақтары жасыл түсті болмайды, ашық немесе қоңыр түсті, шырынды, споралары пісіп-жетілгенге дейін бұтақтанбайды, кейінірек төбелік масақшалары солған соң жасыл түсті жеміссіз сабақтарымен алмасады немесе шоқтанып орналасқан бұтақтары дамиды; жапырақ қынапшасы ірі, ұзындығы - 12-35 мм, жоғары қарай кеңейген, қоңыраулы, сабақтан алшақ орналасқан. - Споралы сабақтары барлық уақытта жасыл түсті, солмайды, қарапайым немесе бұтақтанған болады; қынапшасы біршама ұсақ, ұзындығы - 4-12 мм., жоғары қарай кеңеймеген, сабаққа жа- бысып орналасқан.

Орман қ., жылбұрын - E. sylvaticum L. - Х. лесной.

Споралы сабақтарынан споралары пісіпжетілген соң жасыл түсті, шоқты орналасқан, көлденеңінен тарбиған немесе иілген бұтақ дамиды және олармен бірге пайда болатын жеміссіз сабақтарға ұқсас болып келеді; қынапшасы сарғыш-қоңыр немесе қоңыр түсті, әдетте, сабақтың 10-16 қыры сияқты тісшелі. Қынапшасы ірі, ұзындығы - 15-35 мм, тісшелерінің ұзына бойы біріккен 2-5 сарықоңыр түсті жақтаулы; жаздық сабақтары жасыл түсті, бұтақшалары тарамдалған, төмен қарай иілген. Биіктігі 30-50 см, көпжылдық өсімдік; споралары IV-V айларда пісіп-жетіледі. Солтүстік, шығыс және орталық Қазақстандағы қылқанды және аралас ормандарда, қайыңды шоғырлы ормандарда, бұталар арасында және батпақтар жағалауларында таралған. Улы өсімдік.

Шалғын қ. - E. pratense Ehrh. - Х. луговой.

Қынапшасы біршама ұсақ, ұзындығы - 10- 17 мм, қоңыр түсті, әдетте, тісшелері бірікпеген; жаздық сабақтары ашық-жасыл түсті, шоқты, тармақталмаған, әдетте, көлденең тарбиған бұтақшалы. Биіктігі - 15-30 см, көпжылдық өсімдік; споралары V-VII айларда пісіп жетіледі. Солтүстік және солтүстік-шығыс Қазақстандағы шалғындарда, аралас ормандар мен қайыңды шоғырлы ормандарда, бұталы қопаларда кездеседі. Улы өсімдік.

Қорыс қ., сүйіндір - E. fluviatile L.

Сабақтары қатты, бұдырлы, қыстап шығады; қынапшасының немесе тісшелерінің түбінде қара көлденең сақиналы жолағы болады; масақшалары үшкір. Сабақтары биік және біршама жуан, жуандығы - 2, 5-6 мм, тегіс, әлсіз және жіңішке 10-20 бороздкалы (сайшалы) ; қынапша тісшелері қара-қоңыр түсті, шеттері ақ жиекті, сабаққа тығыз қабысып тұрады, біз тәрізді, қынапша ұзындығынан 1/3 аспайды; бұтақша қынапшасы біз тәрізді үшкір тісшелі; масақшалары тек сабақтың ұшында орналасады. Биіктігі 30-100 см көпжылдық өсімдік, споралары VI-VII айларда пісіп-жетіледі. Солтүстік және солтүстік-шығыс Қазақстандағы ылғалды шалғындарда, суларда, ескі арналарда, көлдер мен батпақтар жағалауларында кездеседі. Улы өсімдік.

Батпақ қ. - E. palustre L. - Х. болотный

Сабақтары аласа және жіңішке, жуандығы 1, 5-2, 5 мм; терең-сайшалы, сайшалар саны 6-8(10) ; қынапша тісшелері қара-қоңыр түсті, сабақтан аздап алшақ тұрады, үшбұрышты- ланцетті, әдетте, қынапша ұзындығының ½ аспайды; бұтақшалар қынапшасының тісшелері үшбұрышты-жұмыртқа тәрізді; масақшалары төбелік және бүйірлік бұтақшаларында орналасқан. Биіктігі - 15-50 см, көпжылдық өсімдік; споралары V-VII айларда пісіп-жетіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс Қазақстандағы шалғындарда, аралас және қайыңды ормандарда, бұталы қопаларда кездеседі.

Қамыс қ. - E. scirpoides Michx. - Х. камышевидный.

Сабақтары биік емес, өте жіңішке, жуандығы 0, 5-0, 8 мм, шашақты шым түзеді, үшкір 6 қырлы, іші орталық қуыссыз, тек 3 шеттік; қынапшасы 3-6 тісшелі; споралы масақшасының ұзындығы - 3-4 мм, жартысына дейін қынапшасымен жабылған. Биіктігі - 6-25 см, көпжылдық өсімдік; споралары VI-VII айларда пісіп-жетіледі. Солтүстік Қазақстандағы орманды жылғалар жағалауларында, ылғалды қылқанды ормандарда кездеседі.

Қыстық қ. - E. hiemale L. - Х. зимующий.

Сабақтары ашық-жасыл түсті, өте қатты, мықты, бұдырлы, әдетте, бұтақтанбаған; қынапшасы цилиндрлі, тісшелері ерте түсіп қалады, тек оның қынапшасының төбесінде сақиналы жолақ түзетін доғал және қара түбі сақталады. Биіктігі - 50-80 см, көпжылдық өсімдік, споралары VIVIII айларда пісіп-жетіледі. Шөлдерден басқа, Қазақстанның жазық және таулы жерлеріндегі өзендер мен жылғалар жағалауларында, қылқанды және аралас ормандарда, тасты құмды беткейлерде кездеседі. Техникалық, дәрілік өсімдік.

Бұтақты қ. - E. ramosissimum Desf. - Х. ветвистый.

Сабақтары сұр-жасыл түсті, аздап қатты және мықты, көлденең-бұдырлы (лупамен қарағанда), әдетте төменгі жағы бұтақтанған; қынапшасы кері-конусты, қысқа, үшбұрышты тісшелі, тісшелері жіңішке, қабыршақты (жарғақты), тез сынатын үшкірленген өсінділерге жалғасады. Биіктігі - 30-100 см, көпжылдық өсімдік; споралары V-VII айларда пісіп-жетіледі. Қазақстанның таулы және жазық жерлеріндегі өзен жағалауларында, құрғақ құмды жерлерде, далалы және тасты беткейлерде кездеседі.

ПАПОРОТНИК ТӘРІЗДІЛЕР БѲЛІМІ (ПАПОРОТНИКОВИДНЫЕ) POLYPODIOPHYTA

Папоротник тәрізділер немесе папоротниктер жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең ертеде пайда болғандарының бірінен саналады. Өзінің ерте пайда болғандығы жағынан олар риниофиттер мен плаун тәрізділерден ғана кейін тұрады. Ал қырықбуын тәрізділермен геологиялық жас шамасы қатар болып келеді, яғни олармен шамамен бір мезгілде пайда болған (қатар дамыған) . Бірақ сол кездің өзінде ринофиттердің жойылып кеткеніне көп уақыттар болған, ал плаун тәрізділер мен қырықбуын тәрізділердің жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінде алатын орны (ролі) шамалы болған және олардың түрлерінің саны да көп болмаған. Папоротниктер болса дамудың нағыз өскелең шағында (биігінде) болған. Қазіргі кезде бұрынғы геологиялық кезендермен салыстырғанда папоротниктердің ролі әлде қайда төмен, соған қарамастан олардың 300-дей туысы жөне 1-нан аса түрлері белгілі. Папоротниктер жер шарының барлық бөліктерінде аса кең тараған өсімдіктер. Олар шөлді аймақтардан бастап батпақты жерлерге дейін, көлдермен, күріш өсірілетін жерлерде және кермектеу суларда, яғни әртүрлі ортада кездесе береді.

Алайда олардың ең көп тараған жері, ылғалы мол тропикалық ормандар болып саналады. Ол жерлерде папоротниктер ағаштардың көлеңкесінде, топырақта ғана өсіп қоймай, сонымен бірге эпифит ретінде ағаштардың сабақтарында және бұтақтарында көптеп кездеседі. Осындай әртүрлі ортаға бейімделгіштік қасиетінің болуының арқасында папоротниктерде әртүрлі өмірлік формалар (жизненные формы) қалыптасқан. Әсіресе сыртқы формаларына, ішкі құрылыстарына, физиологиялық ерекшеліктеріне және мөлшеріне қарай көптеген түрлері пайда болған. Өзінің көлеміне карай папоротниктер тропикалық ормандарда кездесетін ағаш тәрізді формаларынан (кейде биіктігі 25м жететін, ал діңінің диаметрі 50см болатын), аса кішкентай ұзындығы бірнеше мм-ден аспайтын түрлеріне дейін кездеседі. Папоротниктер туралы сөз еткенде, алдымен олардың жыныссыз немесе спора түзетін ұрпағы (спорофит) жөнінде айтамыз. Көптеген жоғары сатыдағы өсімдіктер секілді (мүк тәрізділерден басқасы) олардың өмірлік циклінде спорофит басым фазасы болып келеді, сондықтанда біздер алдымен папоротниктердің спорофитін көреміз.

Папоротниктердің барлығында дерлік спорофиті көпжылдық, тек аздаған маманданған формаларында ол бір жылдық. Суда немесе батпақта өсетін цератоптерис (Сегаіоріегіз) туысының түрлері оған мысал бола алады. Цератоптеристің спорофиті жыл сайын өліп тұрады, бірақта олар арнайы спорофиттік бүршіктер қалдырады. Осы бүршіктерден келесі жылы жаңа спорофит жетіледі.

Қырықбуын тәрізділер мен плаун төрізділерден папоротник тәрізділер жапырақтарының үлкен болуымен (макрофиллділігімен) ажыратылады. Олардың жапырақтары үлкен, бірнеше рет тілімделген, сиректеу тілімделмеген, бүтін болып келеді. Жапырақтарының мөлшері бірнеше мм-ден 30 м-ге жетеді, тіптен одан да ұзындау болады. Сыртқы формасы және ішкі құрылысы жағынан олар алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда папоротниктердің жапырақтары екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден оларда фотосинтез процесі жүреді, екіншіден споралар түзіледі. Көптеген папоротниктердің, мысалы страусниктердің, сезімтал оноклеяның немесе тропикалық эпифит дринария туысының жапырақтарында фотосинтез процесі жүретін (стерильді) және спорангийлер түзетін (фертильді) болып екіге бөлінеді. Фертильді жапырақтар хлорофиллдерін жоғалтып салвиниялардағыдай тек қана спора түзу қызметін атқарады.

Папоротник тәрізділердің жапырақтары жер бетінде кездесетін өсімдіктердің ең қарапайымы риниофиттердің үлкен бұтақтарынан пайда болған (теломдардан және олардың топтарынан) . Олар бұтақтардың бірігіп кетуінен жөне одан әрі қалыңдауынан (кладодификация) пайда болады. Тіптен осы кезде кездесетін папоротниктердің жапырақгары сабақтары секілді төбе клеткалары арқылы өседі. Ол жағдай папоротниктердің жапырақтарының сабақтан (өстен) пайда болатындығын көрсетеді. Жапырақгың өткізгіш системаларының сабақтан кеткен жерлерінде жапырақ жарықшағы пайда болады (плаундар мен қырықбуындарда жапырақ жарықшағы болмайды), көп жағдайда ол аса үлкен жөне бұтақтың жарықшағына тура келеді.

Папоротник тәрізділердің сабақтары алуан түрлі болады. Алайда олар көпшілік папоротниктерде нашар жетілген. Көп жағдайда сабақтары жер астында көміліп жататын тамырсабақ түрінде берілген. Көптеген формаларының сабағы субстратқа төселіп өседі және жіңішке болып келеді. Алайда бірқатар папоротниктердің сабақтары тік өседі. Олардың ішінде ағаш тәрізді формалары да бар. Бұлардың алғашқы тегі құрылысы қарапайым папоротник тәрізділерге жататын, бұл кезде жойылып кеткен, сабағы тік өсетін жартылай ағаштар болған. Оларда ағаш тәрізді және шөптесін формалары шыққан. Папоротник тәрізділердің стельдік құрылысы алуан түрлі. Олардың әртүрлі топтарында стельдің барлық типтері кездеседі (протостель, сифоностель, диктиостель, полициклия, эустель) .

Папоротниктердің спорангийлері жапырақтың астыңғы жағында көп мөлшерде жетіледі. Сиректеу олар жалғыздан болады. Көп жағдайда спорангийлері топтасып жиналып сорустар түзеді. Сорустар жапырақтың ерекше индузий деп аталынатын жарғақ жамылғымен жабылап тұрады.

Алайда қарапайым папоротник тәрізділердің спорангийлері жалғыздан болады жөне псилофиттердегі секілді бұтақтарының жоғарғы ұштарында жетіледі. Кейбір формаларының спорангийлері жапырақ тақтасының шетінде орналасады.

Спорангийлері не кәдімгі вегетативтік жапырақтарында, немесе ерекше спора түзетін жапырақтарында (спрофиллдерінде) пайда болады. Спорофиллдерінің вегетативтік жапырақтарға (трофофиллдерге) өте ұқсас болуыда, немесе олардан көлемі және формасы жағынан айырмашылықтарының болуыда мүмкін.

Соңғы кездері папоротниктердің систематикасы үлкен табыстарға жетті. Сондықтавда біздің кдзіргі кездегі біліміміздің деңгейіне сай етіп папоротник

тәрізділер бөлімін А. Л. Тахтаджян 1978 жылы мынадай 7 класқа б ө л д і:

1) аневрофитопсқдтер (Aneurophytopsida) ;

2) археоптеридопсидтер(Archaeopteridopsida) ;

3) кладоксилопсидтер (Cladoxylopsida) ;

4) зигоптеридопсидтер (Zygopteridopsida) ;

5) офиоглоссопсидтер (Ophioglossopsida) ;

6) мараттиопсидтер (Marattiopsida) ;

7) полиподиопсидтер (Polypodiopsida) .

ПОЛИПОДИОПСИДТЕР КЛАСЫ (ПОЛИПОДИОПСИДТЕР) -POLYPODIOPSIDA

Полиподиопсидтер лептоспорангиатты папоротниктердің тобын құрайды. Оларга шамамен 270-тей туыс, 1-нан астам түр жатады. Полиподиопсидтердің басым көпшілігі кѳгі жылдық жэне бір жылдық шөптесін өсімдіктер, тек аздаған түрлері ғана ағаштар.

Полиподиопсидтер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі, алайда олардьщ түрлерінің басым көпшілігі ылғалды тропикалық ормандарда өседі. Ол жерлердін өсімдіктер жабынын түзуде папоротниктердің ролі орасан зор. Олар топырақтың бетінде, лиана және эпефит ретінде ағаштардың діндерінде өседі. Ағаш тәрізді папоротниктер тек ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі. Көптеген папоротниктер сонымен бірге ылғалды субтропикалық аймақтарда өседі. Қоңыржай климатты облыстарда папоротниктердің ролі онша жоғары емес. Бұл жерлерде олар негізінен күн сәулесі түсе бермейтін, ылғалы мол аймақтарда, көлеңкелі жерлерде кездеседі. Сонымен бірге папоротниктер ормандарда, таудың терең шатқалдарында және батпақгы жерлерде өседі. Полиподиопсидтердің басым көпшілігі тең споралы папоротниктер, алайда олардьщ ішінде әртүрлі споралыларьща кездеседі.

Полиподиопсидтер класы 3 класс тармағынан тұрады: Polypodiidae класс тармағына жер бетінде өсетін тең споралы папоротниктер жатады, ал Marsileidae және Salviniidae класс тармақтарына әртүрлі споралы суда жэне сулы-батпақты жерлерде ѳсетін ѳсімдіктер жатады. Лептоспорангиатты папоротниктер тобынын спорангийлері жапырақтың үстіңгі бетіндегі ьслеткалардың бірінен пайда болады және олардың қабыкщалары (қабырғалары) бір ғана қабаттан тұрады.

Полиподилер класс тармағы (полиподииды) - Polypodiidae

Бұл класс тармағы мынадай 4 қатардан түрады:

  1. Осмундалар (Osmundales),
  2. схизеялар (Schizaeales),
  3. полиподиумдар (Polypodiales),
  4. циатеялар (Cyatheales) .

Циатеялар катары (циатейные) - Cyatheales)

Циатеялар қатары осы кластың ішіндегі ең үлкен қатарлардың бірі. Бұл қатарға мынадай түқымдастар жатады:

  1. циатеялар (Cyatheaceäe) ,
  2. гименофиллдер (Hymenophyllaceae),
  3. асплениумдар (Aspleniaceae),
  4. даваллиялар (Davalliaceae) .

Бұл тұқымдастардың ішінде тек асплениумдардың өкілдері ғана БОР-дың территориясында, оның ішінде Қазақстанда да кеңінен таралған өсімдіктер. Циатеялар мен даваллиялардың ѳкілдері БОР-дьщ территориясында мүлдем кездеспейді, ал гименофиллдерге келер болсақ олардьщ санаулы түрлері ғана кездеседі. Казақстанда бүл түқымдастардың өкілдері мүлдем кездеспейді, сол сабепті де біз оларға тоқгалмауды жѳн кѳрдік. Тек қысқаша әр түқымдаскд қаиша түр жататынын және олардың қанша түқымдас тармақтарынан тұратындығын айтумен шектелеміз. Сонымен циатеялар түқымдасына 1000-нан астам, негізінен тропикалық түрлер жатады, олардьщ жартысынан астамы ағаш тәрізді папоротниктер. Бұл түқымдас алты тұқымдас тармағынан түрады. Гименофиллдер түқымдасына 700-дей түр жатады, олар гименофилл (Hymenophyllum) мен трихоманес (Trichomanes) деген екі үлкен туысқа шамамен тең бѳлінген. Даваллиялар тұқымдасына 230-дай түр жатады, оларды екі үлкен топқа немесе екі түқымдас тармағына бәледі.

Асплениумдар түқымдасы (асплениевые) -Aspleniaceae

Асплениумдар түқымдасына 4000-дай топырақтың бетінде және эпифит ретінде, негізінен ылғалы мол жерлерде ѳсетін папоротниктер жатады. Олардьщ негізгі белгілері мынадай: тамырсабақтары диктиостельді, сырты қабыршақтармен қапталған, сорустары дорсальды, жақсы жетілген жамылғысы болады (индузий), споралары биллатеральды жақсы қауырсындалған.

Асплениумдар түқымдасы мынадай 7 түқымдас тармағынан тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Папротник тәрізділер
Кладофоралы балдырлар қатары
Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы
Саңырауқұлақтар бөлімі-mycophyta
Орманды өсімдіктер
Су жағалап өсетін плаун және мүктәрізділер
«Өсімдіктер жүйесі. Раушангүлділерге сипаттама»
Биосфера құрылысы, биосфераның пайда болуы
Дүниежүзілік мұхит біртұтас табиғат құрылымы ретінде
Жалаңаш тұқымдылар бөліміне сипаттама және негізгі ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz