Су жағалап өсетін плаун және мүктәрізділер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: «Су жағалап өсетін плаун және мүктәрізділер», «Мүктер, плаунар және қырықбуындар», «Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер - су биоценозының компоненттері»

Жоспар:

  1. МуктәрәзділерМүктерге жалсы сипаттама
  2. ПлаунПлаундарға жалпы түрлерге қысқаша тоқталу
  3. жалпы түрлерге қысқаша тоқталу
  4. Су биоценозындағы жоғары сатылы споралы өсімдіктерБиоценоз туралы түсінік

Мүктәрізділер - Bryophyta - жоғары сатыдағы автотрофты өсімдіктердің құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты. Солтүстік жарты шардан тропиктік, қоңыржай аймақтарға дейінгі пайда болған шымтезектердің қалың қабаттарының қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне байланысты.

Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды Бриология деп атайды.

Көпшілік түрлері көп жылдық, аздаған түрі ғана бір жылдық өсімдіктер. Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер. Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. Ризоид - бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.

Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.

Түсі - жасыл қоңыр, қызыл қоңыр. Белгілі бір затқа ризоидтары арқылы жабысып бекиді. Құрамында хлорофилі бар. Даму циклінде автотрофты гаметофиттің үлесі басым. Гаметофиттер ұзақ уақыт бойы дербес вегетативтік жолмен көбейіп таралады. Гаметангиялары екі түрлі жолмен: аталық (антеридия) және аналық (архегония) жыныс жасушалары жұптасып бір өсімдікте немесе бөлек екі өсімдікте пайда болады. Жыныстық көбеюден пайда болған зиготадан спорофит өсіп шығып, онда жыныссыз көбею органдары - спорогандар түзіледі. Соның ішінде споралар пісіп жетіліп, сыртқа шашылып, ауамен, сумен таралады. Споралары гаплоидты, олардан гаметофит өсіп жетіледі.

Мүктәрізділердің табиғатта судың тепе-теңдігін сақтауда маңызы зор. Кейбір түрлері (мысалы, сфагнум) антибиотик ретінде медицинада қолданылады. Сондай-ақ құрылысқа қажетті престелген тақтайшалар жасауға, ауыл шаруашылығында, әсіресе, отын көзі (шымтезек) ретінде пайдалынады. Өте сирек кездесетін түрлері: тықыр сфагнум, ірі жапырақты пахифиссиденс, жатаған ортотрихум қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Кластары:

  1. Andreaeobryopsida
  2. Andreaeopsida- Андреевые мхи (екі туыс)
  3. Bryopsida- Листостебельные мхи
  4. Oedipodiopsida
  5. Polytrichopsida- Политриховые мхи
  6. Шымтезек мүк- Sphagnopsida- Сфагновые мхи
  7. Takakiopsida- Такакиевые мхи (жалғыз туысы:Такакия (лат. Takakia) )
  8. Tetraphidopsida- Тетрафисовые мхи

Bryopsida - Листостебельные мхи

Классасты:

  1. Buxbaumiidae- Буксбаумиевые (жалғыз туыс Буксбаумия (Buxbaumia) )
  2. Diphysciidae(жалғыз туыс Дифисциум (Diphyscium) )
  3. Timmiidae(жалғыз туыс Timmia)
  4. Funariidae(5 тұқымдас)
  5. Dicranidae(24 тұқымдас)
  6. Жасыл мүк- Bryidae- Бриевые(71 тұқымдас) Қатар үсті:- Ортотриховые (қатар) HedwigialesBryales- Бриевые

Bryales - Бриевые тұқымдастары:

  1. Bryaceae- Бриевые. 13 туыс.
  2. Catoscopiaceae- Катаскопиевые
  3. Leptostomataceae
  4. Mniaceae- Мниевые
  5. Phyllodrepaniaceae
  6. Pseudoditrichaceae
  7. Pulchrinodaceae
  1. Қатар үсті:
  2. Қатар үсті:- Гипновые, түрі:Neckera bhutanensis

Bryaceae - Бриевые. 13 туыс.

  1. Acidodontium
  2. Anomobryum - Аномобриум
  3. Brachymenium - Брахимениум
  4. Bryum - Бриум, или Брий
  5. Leptostomopsis
  6. Mniobryoides
  7. Osculatia
  8. Perssonia
  9. Plagiobryum - Плагиобриум, или Плагиобрий
  10. Ptychostomum
  11. Rhodobryum - Родобриум
  12. Roellia
  13. Rosulabryum - Росулабриум

Жасыл мүктің құрылысы. Жасыл мүктің биіктігі 12-20 см., жоғары тік өсетін жіңішке сабағы болады. Сабаққа майда, жасыл, жіңішке жапырақтар бекиді. Мүктің жапырағын микроскоппен қарағанда оның бірнеше қатар жасушалардан тұратынын және жасушаларында хлорофилл дәндері бар екенін көруге болады. Жасушада органикалық заттар түзіледі. Мүктер - көп жылдық өсімдік. Мүктің тамыры болмайды. Тамырдың орнына сабақтың жер астындағы бөлімінде жіп тәрізді жіңішке өскіндер болады. Оны ризоид деп атайды. Ризоидтардың көмегімен мүк топырақтан су мен минералды тұздарды сорады. Мүктер де, басқа жасыл өсімдіктер сияқты, қоректенеді. Ол топырақтан су мен минералды тұздарды алса, ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Көмірқышқыл газ бен судан хлорофилл дәндерінде органикалық заттар түзіледі.

Мүктің тіршілік жағдайы. Мүк - күй талғамайтын өсімдік. Ол қатты суықты және өте ыстықты көтереді. Қоласыз жағдайлар болғанда, өсуін тоқтатады, бірақ солып қурамайды. Жаңбыр жауып, күн жылынғада қайтадан өсе бастайды. Өздерінің төзімділіктері арқасында олар басқа өсімдіктер тіршілік ете алмайтын жерлерде өсе алады.

Мүктердің көбеюі. Жаздыгүні жасыл мүктің сабағының жоғары ұшында жіңішке сағақты қызғылт-қоңыр түсті қауашық өсіп шығады, қауашықтың ішінде майда споралар болады. Қауашықтың сыртын қалпақша жауып тұрады, ол спораны құрғап кетуден сақтайды. Споралар піскен кезде қалпақша түсіп қалады, қауашықтың қақпағы ашылып, споралар сыртқа шашыла бастайды. Дымқыл жерге түскен споралар тез өніп, тарамданған жіңішке жасыл түсті жіпшелер - өскін пайда болады. Осы жіпше тәрізді өскіндерге бүршіктер шығып, ол бүршіктерден жапырағы мен сабағы бар жас көкек мүгі өсіп шығады. Көкек мүгі - дара жынысты. Бір өсімдіктің ұшында аталық жыныс жасушалары жетілсе, екінші өсімдікте аналық жасушасы жетіледі. жаңбыр жауған кезде аталық жыныс жасушасы сумен ағып, аналық жыныс жасушсымен қосылып, ұрықтанады. Ұрықтанған жасушадан қауашақ өсіп шығады. Спорадан өніп шыққан жасыл жіпше - өскіннің жіп тәрізді балдырларға ұқсас болуы, жынысты көбеюдің тек сулы ортада жүруі мүктердің ертедегі жіп тәрізді балдырлардан шыққанын дәлелдейді.

Sphagnopsida - Сфагновые мхи

Қатарлар:

  1. Protosphagnales- жалғыз түрі:Protosphagnum nervatumNejburg
  2. Sphagnales- Сфагновые, 4 туыс, 3 тұқымдас:

Sphagnales - Сфагновые тұқымдастары:

  1. Ambuchananiaceae, екі туыс:
  2. Flatbergiaceae, монотипты; - монотипты туыс:Flatbergium
  3. Sphagnaceae, монотипное; жалғыз туыс: Сфагнум (Sphagnum) 382 түр. Sphagnum affineRENAULD & CARDOT - Сфагнум близкийSphagnum angustifolium(WARNST. ) C. E. O. JENSEN - Сфагнум узколистныйSphagnum aongstroemiiC. HARTM. - Сфагнум ОнгстрёмаSphagnum balticum(RUSSOW) C. E. O. JENSEN - Сфагнум балтийскийSphagnum capillifolium(EHRH. ) HEDW. - Сфагнум волосолистныйSphagnum centraleC. E. O. JENSEN - Сфагнум центральныйSphagnum compactumLAM. & DC. - Сфагнум компактныйSphagnum cuspidatumEHRH. EX HOFFM. - Сфагнум остроконечныйSphagnum denticulatumBRID. - Сфагнум мелкозубчатыйSphagnum fallaxH. KLINGGR. - Сфагнум обманчивыйSphagnum fimbriatumWILSON - Сфагнум бахромчатый

Шымтезек мүгi (сфагнум - Sphagnum ) . Сфагнум

Шымтезек мүгi ылғалды, батпақты жерлерде, әсiресе солтүстiк ендiктерде кездеседi. Шымтезек мүгi - сабағы жиi бұтақталған көпжылдық өсiмдiк. Көкек зығырынан және басқа да мүктерден айырмашылығы - оның ризоиды болмайды. Су мен онда ерiген минералды тұздарды сабақ арқылы сiңiредi. Сабағында ақшылдау-жасыл түстi жапырақтары бар. Шымтезек мүгiнiң жапырағының клеткалары екi түрлi болады: 1) ұзын, жiңiшке, хлорофилл дәндерi бар жасыл түстi тiрi клеткалар; 2) iшiнде цитоплазмасы жоқ өлi клеткалар. Жасыл клеткаларда фотосинтез процесi жүредi және олар арқылы жапырақтан сабаққа органикалық заттар өтедi. Екiншi өлi, түссiз клеткалар сәл iрiлеу келедi, оларда көп мөлшерде су жиналады. Бұл клеткалардың қабықшалары ғана сақталған.

Осындай түссiз өлi клеткалар сабақтардың да сыртын жауып тұрады. Олар суды топырақтан, оңай сiңiредi және ұзақ уақыт өз бойында ұстауға қабiлеттi келедi. Содан соң бiртiндеп бойындағы суды тiрi клеткаларға өткiзедi. Осы қасиеттерiне байланысты шымтезек мүгi бойына өз салмағынан 30-40 есе артық су жинайды.

Шымтезек мүгi орманды жерлерде, көкек зығырының арасында өседi. Қай жерде шымтезек мүгi өссе, сол жердiң топырағының ылғалдығы жоғары болады. Ылғалдылығы жоғары топырақта ауаның жетiспеуiнен ағаштар нашар өседi. Мұндай жерлерде шымтезек мүгi керiсiнше қалың болады. Нәтижесiнде орман алқабы бiртiндеп батпаққа айналады.

Шымтезек мүгi көкек зығыры секiлдi жынысты және жыныссыз жолдармен көбейедi. Шымтезек мүгi бiр үйлi, қос жынысты өсiмдiк. Жынысты көбейгенде аталық жыныс клеткалары сабақтың бұтақталған жерiндегi жапырақтардың қолтығында жетiледi. Олардың қасындағы жапырақтар қызғылттау түске боялады. Аналық жыныс клеткалары қысқарған сабақтардың бұтақтарында орналасады.

Аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуының нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Осы ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан кiшiлеу қауашақ жетiледi. Оның iшiнде көптеген споралар түзiледi. Жыныссыз көбеюi осы споралардан басталады. Споралар пiсiп - жетiлген соң қауашақтан сыртқа шашылады. Жерге түскен споралардан табақша тәрiздi өскiншелер пайда болады. Осы өскiншелерде көптеген бүршiктер түзiледi, олардан келешекте шымтезек мүгi жетiледi.

Шымтезектiң түзiлуi

Шымтезек мүгiнiң сабағы жыл сайын шамамен 2-3 сантиметрге өсiп отырады. Сабақтың төменгi бөлiгi жыл өткен сайын бiртiндеп өле бастайды. Сабақтың өлi бөлiгi батпақты топырақта оттектiң жетiспеуiнен өте баяу шiридi. Нәтижесiнде олар шымтезекке айналады. Шымтезек мүгi судың бетiнде де қалың болып өсе алады. Мысалы, су өсiмдiктерi өте қалың болып өсетiн терең көлшiктерде шымтезек мүгiнiң қатысуымен салынды түзiледi.

Шымтезектiң қабаттарында осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмiр сүрген, ағаштардың тамырлары, жапырақтары және споралары сақталады. Олар толығымен шiрiмейдi, өйткенi шымтезек қабаттарында оттек аз болады. Шымтезек мүгi бактериялардың дамуын тежейтiн, ерекше зат бөлiп шығарады. Батпақты жерлердi құрғатқанда және өңдеген кездерде, шымтезектiң қабаттарынан жақсы сақталған қайықтар, жануарлар мен адамдардың қалдықтары табылған.

Мүктердiң маңызы. Мүктер фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi және ауаға оттегiн бөлiп шығарады. Олар құнарсыз топырақтарда алғашқы өсiмдiктердiң бiрi болып өседi және топырақ түзу процесiне қатысады.

Мүктерұя салып балапан шығаратын құстардың қорегi және өз жауларынан тығылатын орны болып табылады.

Мүктер басқа өсiмдiктер секiлдi қурап микроорганизмдердiң көмегiмен шiридi. Нәтижесiнде құнарлылығы жоғары шымтезектi топырақ түзiледi. Мұндай топырақтарға жаңадан өсiмдiктер өседi. Шымтезектi шымтезек батпақтарынан өндiрiп, отын ретiнде кеңiнен пайдаланады. Шымтезектен спирт, карбол қышқылы және шайыр сияқты шикi заттар алынады.

Мүктер - тұщы су қоры болып табылады. Батпақты жерлерде судың жиналуы мүктерге тiкелей байланысты.

Andreaeopsida - Андреевые мхи

Тұқымдас: Andreaeaceae Андреевые, немесе Андреэевые

Туыстар:

  1. Acroschisma, монотипты туыс.
  2. Andreaea- Андрея, жүзге жуык түрі бар. Andreaea alpestris(THED. ) SCHIMP. Andreaea alpinaHEDW. - Андрея альпийскаяAndreaea blyttiiSCHIMP. Andreaea frigidaHÜBENER - Андрея холоднаяAndreaea gainiiCARDOTAndreaea heinemanniiHAMPE & MÜLL. HAL. Andreaea megistosporaB. M. MURR. Andreaea mutabilisHOOK. F. & WILSONAndreaea nivalisHOOK. Andreaea obovataTHED. Andreaea rothiiF. WEBER & D. MOHR

Плаундар

Плаунтәріздестер Lycopodióphyta ерте дәуірде пайда болған. Олардың қазіргі кездегі өкілдері - көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер. Жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да кездескен. Оның айырлана тармақталган майысқақ сабағы жерге төселе өседі. Топыраққа таралған тамыры өсімдіктің жер бетіндегі сабағын жоғары көтереді. Сабағы және оның тармақтары өте ұсақ, үшкір жапырақтармен тығыз қапталған. Бұл жапырақтар өсімдік сабағын жер бетімен жайлап бір орыннан екінші орынға жылжытады (жылыстатады) . Сондықтан, бұл плаунды жылысқы деген жөн деп есептейміз (орысша «плаун, плывун» - жүзу, жүзіп жүргіш, жылжымалы) . Қазіргі кезде жылысқының 200-500 түрі белгілі. Плаунтәріздестер - тең және әр түрлі споралы өсімдіктер. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі - шоқпарбас плаун. Ол қарағайлы ормандарда жиі кездеседі. Төселіп өсетін сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендер, ал төмен қарай қосалқы тамырлар жетіледі. Күзге қарай жоғары бағытталып, тік өсетін өркендердің ұшында екіден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетін масақтары дамиды. Плаун сабағының ішкі құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа өң жауып тұрады. Оның астында жақсы жетілген қабық қабатты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар. Сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып жатады.

Плаунтәріздестер бұдан 300 млн жыл бұрын ағаш түрінде өркендеп, кең тараған жасыл өсімдіктер. Қазіргі кезде қылқанды және аралас орманда кездесетін шөптектес көпжылдық өсімдіктер түрінде таралған. Плаунтәріздестер сабақты, ұсақ жапырақты және қосалқы тамырлы болып келеді. Табиғатта 200-500 түрі бар деп есептеледі.

Плаундар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею төселіп өсетін сабақтардың үзінділерінен, ал жыныссыз көбею споралар арқылы жүзеге асады. Жынысты көбею кезінде аталық және аналық жұмыртқалар қосылып, ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдіктің тамыры, сабағы және жапырағының бастамасы болады. Плаундардың спорасы және шөбі медицинада дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Өнеркәсіпте плаун сары және жасыл бояу алынатын шикізат болып табылады.

Тропиктегі биік тауларда өсетін плаун полушниктің кейбір түрлерінде ерекше қасиет бар. Олар фотосинтезге қажетті көміртегін ауалан емес, тұнба материал - әктастардан алады.

Плаундар өкілі селагинелла құрғақта өсуге бейімделген. Оның денесінің суға шылығуы ауаға және топырақтың ылғалдығына тәуелді. Құрғақшылық жыл кезеңінде ол құрғақ ауадан кеберсиді. Алайда жаңбыр жауса-ақ өсімдік сыртқы көрінісі мен ішкі құрылысын толық қалпына келтіреді.

Плаун өте баяу өседі. Мәселен, кейбір саңырауқұлақтардың жіпшумағымен селбесіп өсетін өскінше 15-18 жыл өседі

Тұқымдастары:

  1. Плаундар -Lycopodiaceae- Плауновые
  2. Selaginellaceae- Селагинелловые
  3. Isoetopsida- Полушниковые.
  4. Huperziaceae- Баранцовые

Баранцовые ( Huperziaceae ) тұқымдаста үш туыс біріккен:

  1. Huperzia- Баранец - 10-15 түр.
  2. Phlegmariurus- 300-350 түр, тропикалык зонада.
  3. Phylloglossum- монотипты туыс, Австралия және Жана Зеландия.

Lycopodiaceae - Плауновые

Туыстары:

  1. AustrolycopodiumHolub
  2. DendrolycopodiumA. Haines
  3. DiphasiastrumHolub - Дифазиаструм, или Двурядник
  4. DiphasiumC. Presl ex Rothm
  5. HuperziaBernh. - Баранец
  6. LycopodiastrumHolub ex R. D. Dixit
  7. LycopodiellaHolub - Ликоподиелла
  8. Lycopodiodes- жалғыз түрі: Lycopodiodes contiguum (Baker) Kuntze
  9. Плаун -LycopodiumL. - Плаун
  10. PalhinhaeaFranco & Carv.
  11. Phlegmariurus(Herter) Holub
  12. PseudodiphasiumHolub
  13. - Ликоподиелла ложная
  14. PseudolycopodiumHolub
  15. SpinulumA. Haines,
  16. UrostachysHerter.

Туыс: Lycopodium L. - Плаун,

Плаун (Lycopodіum) - плаунтәрізділер класына жататын мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер. Көпшілік түрлері Солтүстік жарты шарда кездеседі. Қазақстанда орманды жерлер мен қара топырақты аймақтардағы шоқ ормандарда, қылқан жапырақты ормандарда өсетін 5 түрі бар. Олардың ішінде жиі кездесетіні - шоқпарбас Плаун (Lycopodіum clavatum) . Сабағы төселмелі, ұзындығы 150 см-дей, көп бұтақтары осы сабақтарынан өседі, олардың ұшында споралары жетіледі. Жапырақтары жіңішке, таспа немесе ланцет тәрізді, масақшалары көп, ұзын, тығыз орналасқан, спорангийлі спорофиллалары бар. Споралары арқылы немесе вегетативті түрде көбейеді. Споралары көп, ұнтақталған ұсақ, май сияқты, сары сұр түсті. Олар шілде - тамыз айларында пісіп жетіледі. Плаун спорасының құрамында 50%-ға дейін кеппейтін май (олеин, стеарин, пальмитин, арахин), қышқылдар, алкалоидтар, клаветин, клаватоксин, никотин бар. Плаундар - улы өсімдіктер, олардың спораларын (ликоподийларын) медицинада, ветеринарияда дәрілік препараттар алу үшін пайдаланады. Алтай мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында ғана өсетін, өте сирек кездесетін - таңдамалы Плаун (L. selago) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Қазақстанда кездесетін түрлері:

  1. Шоқпарбас плаун-Lycopodium clavatumL. typus - Плаун булавовидный, вид умеренной зоны
  2. Жылдық қ. -L. annotinumL. - П. годичный
  3. Альпа п. -L. alpinumL. - П. альпийский
  4. Таңдамалы плаун -Lycopodium selagoL. - Плаун баранец
  5. Қырлы п. -L. complanatumL. (L. anceps Wallr. ) - П. сплюснутый.

Шоқпарбас плаун- Lycopodium clavatum L. typus - Плаун булавовидный, вид умеренной зоны

Шоқпарбас плаун - жылдық төрт мезгілінде де көгеріп тұратын, көп жылдық, споралы, бұталы өсімдік. Сабағы жер бетіне қисайып, жайылып өседі. Жер бетіндегі жайылып жатқан сабақтан бұтақшалар тік өседі де, биіктігі 1, 5 метрге дейін жетеді. Жапырақтарының пішіні сопақша, жұмыртқа тәрізді. Олардың ұшында өткір, ақ түсті, ұзын шаш сияқты жіңішке зат, ал бұтақшаларының ұшында 3 - 4 споралы масақшасы болады. Шілде айының екінші жартысында масақшалардан сары түсті ұнтақ - споралар төгіледі. Оларға су жұқпайды, жылтылдап сусып тұрады. Республикамыздың оңтүстік, шығыс облыстары тауларының тастақты беткейлерінде, аршалы ну тоғайлардың, жабайы бұталардың арасында өседі. Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің жас бұтақшаларын және спораларын жаз, күз, көктем айларында жинап алады. Ол үшін плаунның жас бұтақшаларын өткір қайшымен кесіп алып, майдалап турайды да, көлеңке жерге кептіріп, қағаз қапшықтарға салып сақтайлһды. Кептірілген спораларды ірі көзді елеуіштермен елеп алады.

Таңдамалы плаун - Lycopodium selago L. - Плаун баранец

Спорангийлері жапырақ қолтығындағы сабақтар мен бұтақтарда орналасқан, споралы масақшалары болмайды; сабақтары тік неме- се көтеріңкі, бұтақтанған; жапырақтары қою- жасыл түсті, сызықты-ланцетті, қатты, жылтыр, жоғары қарай бағытталған. Биіктігі 5-20 см, көпжылдық өсімдік; споралары VII-IX айларда пісіп-жетіледі. Алтайдың көлеңкелі қылқанды ормандары мен таулы тундраларда кездеседі. Техникалық, улы өсімдік

Қырлы п. - L. complanatum L. (L. anceps Wallr. ) - П. сплюснутый.

Сабақтары және бұтақтары жалпайған; жапырақтары 4 қатарлы, қарама-қарсы, сабаққа қабысқан, қабыршақ тәрізді, төмен қарай бағытталған, ұштарында қылшықтары болмай- ды. Биіктігі 15-100 см көпжылдық өсімдік, спора- лары VII-VIII айларда пісіп-жетіледі. Солтүстік және солтүстік-шығыс Қазақстандағы құрғақ қарағайлы және аралас ормандарда таралған.

Жылдық қ. - L. annotinum L. - П. годичный.

Жапырақтары бірдей, спиральді, жіңішке- ланцетті, көлденең бағытта орналасқан; сабақтары мен бұтақтары цилиндрлі, жапырағымен бірге ені 10 мм-ге дейін жетеді. Биіктігі 75-150 см көпжылдық өсімдік; спора- лары VII-IX айларда пісіп-жетіледі. Алтайдың қылқанды, қалың мүкті жабынды таулы орман- дарда таралған. Улы өсімдік.

Альпа п. - L. alpinum L. - П. альпийский

Жапырақтары қарама-қарсы, жалғыз емес, қабыршақ тәрізді немесе бүйірлік жұмыртқа тәрізді-ланцетті, сабаққа қабысқан; сабақтары мен бұтақтары аздап жалпайған немесе цилиндрлі, жапырағымен бірге ені 3 мм-ге дейін жетеді, жалпақ емес. Биіктігі - 5-60 см, көпжылдық өсімдік; споралары VII-VIII айлар- да пісіп-жетіледі. Алтайдың альпілік белдеулеріндегі тундраларда таралған.

Қырықбуынтәріздестер бұрынғы геологиялық кезеңдерде алуан түрлі болған. Ертедегі ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып, қазіргі кезде тек шөптекті түрлері ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қырықбуын деп атаған.

Қырықбуын (лат. Equisétum ) - қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдас тармағы.

Таралуы

Тұқымдас тармағында әр түрлі мәлімет бойынша 15-тен 32-ге дейін өсімдіктердің түрі бар. Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Африкада кең, таралған. Еуразияда 11 түрі өседі. Қазақстанда 8 түрі кездеседі.

Класс: Қырықбуындар- Equisetopsida - Хвощовые

Қатар: Қырықбуындар - Equisetales - Хвощовые

Тұқымдас: Қырықбуындар - Equisetaceae - Хвощовые

Туыс: Қырықбуын - Equisétum - Хвощ

Түрлері:

  1. Дала қ. - Equisetum arvense L. - Хвощ полевой
  2. Equisetum fluviatileL. -Хвощ приречный, или Хвощ топяной
  3. Батпақ қ. -Equisetum palustreL. - Хвощ болотный
  4. Шалғын қ. -Equisetum pratenseEhrh. - Хвощ луговой
  5. Орман қ., жылбұрын -Equisetum sylvaticumL. - Хвощ лесной
  6. Equisetum telmateiaEhrh. - Хвощ большой
  7. Қыстық қ. -Equisetum hyemaleL. - Хвощ зимующий
  8. Бұтақты қ. -Equisetum ramosissimumDesf. - Хвощ ветвистый
  9. Қамыс қ. -Equisetum scirpoidesMichx. - Хвощ камышовый
  10. Equisetum variegatumSchleich. ex F. Weber et D. Mohr - Хвощ пёстрый
  11. Қорыс қ., сүйіндір -E. fluviatileL. - Х. речной
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кладофоралы балдырлар қатары
Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы
Өсімдіктердің тіршілік формалары
Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Мүк тәрізділер бөлімі
Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасы
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Алғашқы жабық тұқымдылардың шығу тегі және дәлелдері
«Өсімдіктер жүйесі. Раушангүлділерге сипаттама»
Су жағасындағы және суда өсетін өсімдіктер
«Су жағалап өсетін қырықбуындар және папоротниктер»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz