Су жағалап өсетін өсімдіктерді жүйелеудің негізгі ұғымдары


«Су жағалап өсетін өсімдіктерді жүйелеудің негізгі ұғымдары» «Су өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы» «Су жағалап өсетін өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы»
Жоспар:
- Су өсімдіктерінің жүйелеудің негізгі ұғымдары
- Су жағалауы және су өсімдікетерінің анатомиялық және морфологиялық
Қазіргі ғылымдағы классификациялар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, тіршілік формалары т. б. белгілеріне байланысты құрылған. (О. М. Зедельмейер, 1925)
Түрлі зерттеушілер өсімдіктердің экологиялық топтары мәселесіне түрліше пікір жүрітеді. Көпшілік авторлар су өсімдіктері қауымдастықтарына су балдырларын қоспайды.
А. П. Шенников (1950) су және су жағалауы өсімдіктерін үш негізгі топқа:
- Су бетінен жоғары жайласқан
- Суда жапырақтары жүзетін
- Суға батып тіршілік ететіндерге бөлінеді
Н. Я. Кац (1936), В. Сукачев (1915) принципі бойынша су қоймалары фитоценоздарын 4 топқа ажыратады :
1) . Еркін су бетінде сүзуші өсімдіктер
2) . Су түбіне бекітілген, толығымен батып тіршілік жасаушы өсімдіктер
3) . Су түбіне бекітілген, жапырақтары жүзіп өмір сүруші өсімдіктер
4) . Өркендері және жапырақтары су бетінде орналасқан өсімдіктер.
К. В. Доброхотова (1952) ғылыми жұмыстарында гидромакрофиттерді төрт негізгі типке бөліп төмендегі олардың классификациясын көрсетеді.
1) . Еркін су бетінде сүзетін өсімдіктерден құралған ассоциация су тереңдігіне байланысты :
а) су бетінде
б) су ортасында өсетіндер
2) . Су қоймасына органдарымен бекітілген өсімдіктерге :
а) суға толығымен батып өмір сүретін өсімдіктер
б) гүлдері су бетінде, қалған органдары суға батып тіршілік ететін өсімдіктер
в) жапырақтары су бетінде жүзетін өсімдіктер
г) өркендері және жапырақтары су бетінен жоғары жайласқан өсімдіктер
3) . Су беті өсімдіктерінен құралған өсімдіктер
4) . Өсімдіктердің түрлі топтарынан құралған ассоциациялар
Т. Таубаев (1954) Амударьяның төменгі ағымы қоймалары үшін үш топтағы өсімдіктерді келтіреді.
1) . Су жағалауы
2) . Жартылай батып
3) . Суға толығымен батып өмір сүретін өсімдіктер
Ш. И. Коган (1955) Мургаб оазисы су қоймаларының өсімдіктерін алты биологиялық топқа бөлді.
1) . Суға толығымен батып тіршілік ететін және су ортасында гүлдеп, ұрықтайтын өсімдіктер.
2) . Суға толығымен батып өмір сүретін, бірақ генератив органдарын су жоғарысында құрайтын өсімдіктер.
3) . Жапырақтары су бетінде жүзіп жүретін өсімдіктер
4) . Су жағалауы және батпақты өсімдіктер
5) . Ылғалды топырақ ортасының өсімдіктері
6) . Уақытынша сулы жер өсімдіктері
А. М. Барсегян (1955, 1958) Армениядағы Аракс дарьясының су және су жағалауы өсімдіктерін зерттеп төмендегі өсімдіктер топтарын ажыратады.
1) . Су өсімдіктері
2) . Су және батпақты
3) . Шалғын - батпақты
4) . Тұзды жерлер өсімдіктеріне бөлген.
В. В. Седов (1959) Бухара облысының коллектор - дренаж жүйесінің өсімдіктерін төрт экологиялық зонаға бөлген .
- су қоймасының түбінде жайласқан гидрато - гидрофиттер
- ылғалды жерлер немесе гигро-галофиттер
- құры жағалайулар немесе гало - ксерофиттер
- раш немесе ксерофиттер
- қоршаған орта өсімдіктері
В. М. Катанская (1959) екі формация класын ажыратады : нағыз су өсімдіктері және амфибиялы. Нағыз су өсімдіктерін бірнеше топ және топшаларға бөледі.
1) . Суға толығымен батып өмір сүруші өсімдіктер формациясы
2) . Суға толығымен батып өмір сүретін, репродуктивті органдарын су бетіне шығарушы өсімдіктер
3) . Суда жапырақтары жүзіп тіршілік ететін өсімдіктер.
Владимир Гаврилович Папченков ресейлік танымал гидроботаник, биология ғылымдарының докторы.
Владимир Гаврилович Папченковтың су өсімдіктер классификациясы су экологиясына түрлі бейімделуді ескере отырып, өсімдіктердің морфологиялық және биологиялық сипаттамаларына негізделген.
Бірінші тип. Гидрофиты немесе нағыз су өсімдіктері:
- Топ. Су ішінде еркін жүзіп жүретін гидрофиттер.
- Топ. Су түбіне тамырланатын гидрофиттер.
- Топ. Су бетінде еркін жүзіп жүретін гидрофиттер.
- Топ. Тамырланатын және жапырақтары су жүзіп жүретін гидрофиттер.
Бұл типтің өкілдері 0, 5 - 2, 5 м тереңдікке дейін фитоциноздар қалыптастырады.
Екінші тип. Гелофиттер немесе ауа-cу өсімдіктер:
- Топ. Биік шөпті гелофиттер, орташа биікігі 180-250 см.
- Топ. Аласа шқпті гелофиттер, орташа биіктігі 60-100 см.
- Топ. Жатаған гелофиттер, өркендер биіктгі 10 cм дейін.
Гелофиттермен басым өсімдік қауымдары басымырақ жағалауларда 1 - 1. 2 м тереңдікке дейін. Қатты тереңдікке биік шөпті гелофиттер енеді, аласа шөпті гелофиттер 0. 5 м тереңдікті қалайды, жатаған гелофиттер су жағалауындағы 10 см тереңдікке дейін.
Үшінші тип. Су жағалау өсімдіктер:
- Топ. Гигрогелофиты бұл өсімдіктер жағалаудың төменгі бөлігінделер.
- Топ. Шөптесін гигрофиттер әдетте жағалаудың ортанғы зонасын алып жатады, кейде су ішінде кездесуі мүмкін.
- Ағаш текті гигрофиттер, бұлар жағалауда кейде тіпті су ішінде өсіп тұрады.
- Гигромезофиттер жағалау зонасының жоғарғы жағын алып жатады, су ішінде кейде ғана кезедседі.
Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:
- Гидатофиттер(гр. hygros - су) - көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар) .
- Гидрофиттер- су) - жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға) .
- Гигрофиттер- ылғалды, сулы, phyton- өсімдік) - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер.
- Мезофиттер(гр. mesos - орташа, аралық) - ылғалдылығы орташа ортаның өсімдіктері. Бүларға көптеген шалғындық, орман өсімдіктері, жапырақты ағаштар, ауыл шаруашылық дақылдары мен арамшөптер жатады.
- Ксерофиттер(гр. xeros - қүрғақ) - құрғақ жерде өсетін өсімдіктер. Ксерофиттер суккулентптер мен склерофиттер болып бөлінеді:
Су жіне су жағалауы өсімдіктерінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері
Гидатофиттер (гр. hygros - су) - көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар) . Судан шығарған кезде бұл өсімдіктер тез қурапкетеді. Бұларда жапырақ саңлауы (устьица) және кутикула болмайды. Гүлді гидатофиттердің тамыр жүйелері қатты редукцияланған немесе мүлдем болмайды. Суды және минералды тұздарды бүкіл денесімен сіңіреді. Гүлді өркендері гүлдері судың бетіне шығарады (кейде тозаңдану су астында да жүреді) да, тозаңданған сон қайта суға көміледі. Жемістерінің пісіп жетілуі су астында жүреді (валлиснерия, элодея, шылаң) .
Гидатофиттерге жататын өсімдіктердің тұқымдастары:
- Наядалар - Najadaceae - Наядовые
- Зостералар - Zosteraceae - Взморниковые
- Шлаңдар - Potamogetonaceae- Рдестовые
- Тұңғиықтар - Nymphaeaceae Salisb. - Кувшинковые
- Галорхагилер - Haloragaceae - Сланоягодниковые
- Дүңгіршектер - Lentibulariaceae - Пузырчатковые
- Мүйізжапырақтар - Ceratophyllaceae S. Gray - Роголистиковые
- Callitrichaceae - Красовласковые - Қазақстанда жоқ
Гидатофиттердің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері.
Тамыры . Судың өзіндік қасиеттеріне байланысты морфологиялық жағынан бірнеше маңызды белгілері бар. Көбінесе тамыр жүйесі редукцияланған, ал көптеген су түбінде және судың бетінде қалқып жүретін өсімдіктерде тамырлары болмайды. Егер де тамырлары жетілген болса, мысалы тұңғиықтарда, онда ол субстратқа бекіну үшін қызмет атқарады, миниралды қосылыстарды сіңіру қызметін атқармайды.
Жапырағы . Су түбіндегі жапырақтарда әдетте устьицалары болмайды, ал су бетінде жүзіп жүретін жапырақтарда устьицалары болады. Суда қалқып жүретін жапырақтарда устьицалары жапырақтың үстіңгі эпидермисінде орналасады. Жүзіп жүретін жапырақтардың үстіңгі эпидермисі әдетте қалың және түкті болады. Жапырақтары тек ассимиляциялық қызмет атқарып қана қоймай сондай ақ тамыр сияқты миниралды заттарды сіңіру қызметін атқарады.
Су ішінде өсетін өсімдіктерде әдетте беттік ауданы өте үлкен болады. Бұл өсімдіктің, жапырақ тақтасының қатты тілімденгенімен, және жапырақ тақтасының кеңейуімен сипатталады, жапырақтарында гетерофилия болады
Сабақ . Судың ауамен салыстырғанда жоғары қысымдылығы өсімдік сабағының механикалық ұлпасының нашар дамуына себеп болады, сабақтағы аздаған механикалық ұлпа элементтері орталық жағына жақын орналасады, бұл оларға жақсы иілгіштік қасиет береді. Гедатофиттерде негзгі бір белгісі сабақтарында ауалық қуыстар, яғни аэринхималар жаөқсы дамыған.
Гидрофиттер - су) - жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға) . Оларда гидатофиттерге қарағанда механикалық және өткізгіш ұлпалары жақсы дамыған, аэренхима жақсы байқалады. Гидрофиттерде жапырақ саңылаулары (устьица) бар эпидермис те дамыған.
Гидрофит өсімдіктердің негізгі тұқымдастары:
- Алисмалар -Alismataceae- Частуховые
- Елекшөп тәрізділер -Juncaginaceae- Ситниковидные
- Сукөріктер -Hydrocharitaceae- Водокрасовые
- Теңгебастар -ButomaceaeRich. - Сусаковые
Гидрофиттердің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері
Тамыр. Гидрофиттердің де тамырлары нашар дамыған, салыстырмалы түрде гидатофиттердікінен жақсы дамыған. Бұл өсімдіктерде тамырлары көбіне су түбіндегі субстратқа бекіну қызметін атқарады, жартылай суда өсуіне байланысты. Бұл өсімдіктерде суда тек тамыр бөлігі орналасуы мүмкін, ал сабағының көп бөлігі ауада тұрады. Сол себептен тамыры негізгі тірек береді. Тамырында тамыр түктері болмайды, яғни сору қызметін атқармайды. Әдетте тамыр жүйесі шашақты.
Жапырақ. Су ішінде және су үстінде өсетін жапырақтарының беттік ауданы өте үлкен болады. Бұл өсімдіктің жапырақ тақтасының қатты тілімденгенімен, және жапырақ тақтасының кеңейуімен сипатталады.
Көптеген су өсімдіктерінде гетерофилия ( әртүрлі жапырақты ) байқалады, бұл жүзгіш және су түбіндегі жапырақтардың формалары мен көлемі әртүрлі болуында. Бұл жағдайда жүзгіш жапырақта сағағы және тақтасы болады, ал су түбіндегі жапырақтар қатты тілімделген, жіп тәріздес болады. Анатомиялық жағынан гидатофиттердікіне ұқсас болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz