Тараңдар, тұңғиықтар, мүйізжапырақтар тұқымдастарының су жағалап өсетін түрлері


Тақырып: «Тараңдар, тұңғиықтар, мүйізжапырақтар тұқымдастарының су жағалап өсетін түрлері», «Тараңдар, тұңғиықтар, мүйізжапырақтар тұқымдастарының өкілдері», «Жағалауық өсімдіктер жабының гелофиттері»
Жоспар:
- Тарандар тұқымдасыЖалпы туыс өкілдері
- Тңғиықтар тұқымдасыЖалпы туыс өкілдері
- Мүйізжапырақтар тұымдасыЖалпы туыс өкілдері
- ГелофиттерЖалпы анықтамаӨкілдеріне сипаттама
Тарандар тұқымдасы - Polygonaceae - Гречишные - көп жылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасы.
Түрлерінің жалпы саны 900-дей (40 туыс) . Түрлерінің шыққан жері Орталық жөне Оңтүстік Америка (ағаш), солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстары (бүталар, шөптер) .
Климаты құрғақ елдерде, мысалы Орта Азияда, бұталар мен біржылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді; солтүстікке таман өсетін түрлері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы, сиректеу топтасып орналасады. Буын аралықтарьшың түп жағын түтік төрізді жапырақ қынапшасы- раструб жауып тұрады. Ол қосалқы жапырақшалардың бірііуінің нәтижесінде пайда болған. Сабағының буыңдары көп жағдайда жуаңдап ісіетен болып келеді, буьш аралықтары түп жағынан біраз уақыт бойы қыстырма меристеманың есебінен ұзындыққа өседі. Гүлдері үсақ, гемициклді немесе циклді, өдетте қосжынысты. Гүлсерігі қарапайым 3-6, сиректеу 5 мүшелі, әдетте бос орналасады, әртүрлі - жасыл, ақ, қызыл түстерге боялған болып келеді. Аталықтарының саны 6-9 (3-8) . Гинецейі ценокарпты 3 (2-4) жеміс жапьірақшалардан тұрады. Гүлтүйіні төменгі. Жемістері 1-дәнді - 3-2 қырлы жаңғақшалар, кейде қанатты болып келеді.
Туыстары :
- Түйесіңір -AtraphaxisL. - Курчавка
- Жүзгін -CalligonumL. - Джузгун
- Chorizanthe R. Br. ex Bentham- Хоризанте - Қазақстанда кездеспейді
- CoccolobaL. - Кокколоба - Қазақстанда кездеспейді
- EriogonumMichx. - Эригонум- Қазақстанда кездеспейді
- Қарамық -FagopyrumGaertn. - Гречиха
- FallopiaAdans. - Гречишка - Қазақстанда кездеспейді
- Knorringia (Czukav. ) Tzvelev - Кноррингия- Қазақстанда кездеспейді
- Кенигия -KoenigiaL. - Кёнигия
- MuehlenbeckiaMeissn. - Мюленбекия- Қазақстанда кездеспейді
- Саумалдық -OxyriaHill - Кисличник
- PersicariaMill. - Персикария
- Таран -PolygonumL. typus - Горец
- Рауғаш -RheumL. - Ревень
- Қымыздық -RumexL. - Щавель
Таран туысы (горец) . 280-дей түрлері бар, БОР-дың флорасыңда 160 түрі, ал Қазақстанда 52 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: бұталар және ағаштанған лианалар, жартылай бұталар, бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің таралған жерлерінің солтүстік шекарасьшан бастап Австралияға, оңтүстік Африкаға (Кап жері) жөне Чилиге (космополид туысы) дейін таралған. Кызыл таспа, қүс таспасы (горец птичий), - биіктігі 10-нан 40 см. дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, сабақтары жерге төселіп өседі немесе жатаған болып келеді. Гүлдері жапырақтың қолтығыңда 2-5-тен болады. Жемісі 3-қырлы, түп жағы сопақтау болып келеді. БОР-ның барлық жерлерінде, тіптен Арктикада да өседі. Көптеген жерді алып жатқан таза құс таспасын жиі кездестіруге болады. Өзен жағалауының құмдарында, су қайтқан жерлерде, егістікте және малдың өрістейтін жерлерінде, жолдың жағасында өсетін өсімдік. Дәрілік жөне жем-шөптік өсімдік болып табылады.
Негізгі түрлері:
- Күміс таран - Polygonum argyrocoleon Steud. ex Kunze - Горец серебристый
- Дала таран - Polygonum arenastrum Boreau - Горец полевой
- Құс таран - Polygonum aviculare L. - Горец птичий, или Спорыш
- Polygonum bellardii All. - Горец Белларди - Қазақстанда кездеспейді
- Polygonum douglasii Greene - Горец Дугласа- Қазақстанда кездеспейді
- Қырықбуын тәрізді таран - Polygonum equisetiforme Sm. - Горец хвощевидный
- Polygonum erectum L. - Горец прямой - Қазақстанда кездеспейді
- Polygonum humifusum C. Merck ex K. Koch - Горец распростёртый- Қазақстанда кездеспейді
- Polygonum amphibium L. - Горец земноводный - Қазақстанда кездеспейді
- Шырмауық таран - Polygonum convolvulus L. - горец вьюнковый
Polygonum amphibium L. - Горец земноводный
Көпжылдық өсімдік. Тамырсабағы жатаған, бұтақталған, буындарда тамырланады. Сабағының биіктігі 50-150 см, тік, жай, бұтақталған, сулық формасында өте ұзарған, иілгіш. Жапырақтары құрлықтағыларда ланцетті, отырғыш, ал су формасында сағағы ұзарған. Гүлдер тығыз шашақта орналасақан. Гүлсерігі ашық гүлгін немесе ақ болады. Маусым қыркүйекте гүлдейді. Ал жемісі тамыз қыркүйектерде піседі.
Еуразияда, Солтүстік Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка да кең тараған.
Шырмауық таран - Polygonum convolvulus L. - горец вьюнковый
Шырмауық таран- біржылдық өрмелеп өсетін өсімдік, биіктігі 1м. дейін барады, гүлдері жапырақтың қолтығында 3-6-дан топтасып отырады. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі, көп жағдайда егістік дақылдарының арамшөбі болып табылады, дәрілік жөне бал беретін өсімдік.
Қымызды қ (лат. Rumex) - тарандар тұқымдасына жататын көп жылдық және бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанда Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Күнгей, Теріскей, Жетісу (Жоңғар) Алатауларының шалғындарында, өзен-көл жағалауында, тастақты тау бөктерінде, субальпі және альпі шалғында өсетін 24 түрі кездеседі. Гүлі қос және дара жынысты, қос үйлі, түсі қызғылт, сары не қызыл. Аталығы 6 (ішкі гүл қоршауының арасында қосарланып жетіледі) . Аналығы 1 не 3 жеміс жапырағынан тұрады. Бір ұялы, онда бір тұқым бүршігі болады.
Түрлері:
- Кәдімгі қымыздық -Rumex acetosaL. - Щавель кислый, или Щавель обыкновенный
- Су қымыздық -Rumex aquaticusL. - Щавель водяной, или Щавель водный
- Жылқы қымыздық -Rumex confertusWilld. - Щавель конский
- Бұйра қымыздық -Rumex crispusL. - Щавель курчавый
- Халаши қымыздық -Rumex halacsyiRech. - Щавель Халаши
- Rumex hydrolapathumHuds. - Щавель прибрежный
- Ұзынжапырақ қымыздық -Rumex longifoliusDC. - Щавель длиннолистный
- Теңіз қымыздық -Rumex maritimusL. - Щавель приморский
- Rumex obtusifoliusL. - Щавель туполистный
- Rumex obtusifoliussubsp. sylvestris (Lam. ) Celak. - Щавель лесной
- Rumex pseudonatronatus(Borbas) Borbas ex Murb. - Щавель ложносолончаковый
- Rumex rossicusMurb. - Щавель русский
- Rumex sanguineusL. - Щавель красный, или Щавель кровяной
- Rumex scutatusL. - Щавель щитковидный
- Таспа жапырақ қымызыдық -Rumex stenophyllusLedeb. - Щавель узколистный
- Сиырқұйрық қымыздық -Rumex thyrsiflorusFingerh. - Щавель пирамидально-метельчатый
- Украин қымыздық -Rumex ucranicusFisch. ex Spreng. - Щавель украинский
Су қымыздық - Rumex aquaticus L. - Щавель водяной, немесе Щавель водный
Көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары жай, жиектері тегіс, кезекті орналасқан, үшкрленген, жалаңаш; төменгілері ұзын ал жоғарыдағы анық емес қысқа сағақты. Жүрек тәрізде үшбұрышты. Гүлдері екі жынысты, актиноморфты, жай жасыл гүлсерігімен, шоғырланған. Гүлшоғыры сыпыртқы. Маусымда шілдеде гүлдейді.
Жемісі жаңғақша, қара қоңыр түсті, 3 мм ұзындықта. Көп жағдайда су қоймалардың жағалауларына бейімделген, батпақты шалғындықтарда кездеседі. Биіктігі 50-150 см болады.
Өсімдік бүткіл Еуразия территориясында тараған, Қытайда, Жапонияда. Ресейдің еуропалық бөлігінде кездеседі, Сібірде және Қиыр Шығыста.
Кәдімгі қымыздық - Rumex acetosa L. - Щавель кислый, немесе Щавель обыкновенный
Қымыздықтың арасында жиі кездесетін, емдік маңызы бар түрі - кәдімгі Қымыздық (R. аsetosa) . Оның биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, тамыры қысқа, түйнекті. Жапырағы ірі, сағақты. Аталық гүлдерінің гүл қоршауы ұзын. Аналық гүлі сыртқа қарай қайырылып, гүл сағағына жанасады. Қызыл, сары гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі - үш қырлы жаңғақша, жылтыр, қоңыр түсті (ұзындығы 1, 5 - 2 мм, ені 1 мм) . Жапырағында қышқыл дәмді калий тұзы, сондай-ақ, белок, темір және өте көп мөлшерде С витамині бар. Халық медицинасында кәдімгі Қымыздықты бауыр қызметін реттеуге, өттің бөлінуін күшейтуге, қан тоқтатуда пайдаланылады. Жапырағынан салат жасайды.
Тұңғиықтар - Nymphaeaceae - Кувшинковые - көп жылдық, қосжарнақты өсімдіктер.
Негізінен суда өседі. Жер шарында кең тараған, 6 туысы, 60 (кейбір деректерде 90) түрі бар.
Тұңғиықтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің көпшілік түріне гетерофиллия (су бетінде жүзіп жүретін және су түбінде өсетін жапырақтар) тән. Бір ерекшелігі - өсімдік ұлпаларында ауа өтетін қуыстар болады. Бұл қуыстарда газ алмасу процесі жүреді және олар жапырақтарды су бетінде ұстап тұрады. Гүлдері дұрыс, ұзын гүлсағағында орналасқан, күлтелері өте көп. Көбінесе қоңыздар арқылы тозаңданады. Жемісі - жидек тәрізді көп жапырақ. Негізінен вегетативті жолмен көбейеді. Қазақстанның барлық су айдындарында (Арал теңізінде ғана болмайды) 2 туысы: тұңғиық және сарытұңғиық бар.
Туыстары :
- Barclaya Wall. - Барклайя - Қазақстанда кездеспейді
- Euryale Salisb. - Эвриала - Қазақстанда кездеспейді
- Тұңғиық - Nuphar Sm. - Кубышка
- Сарытұңғиық - Nymphaea L. - Кувшинка
- Ondinea Hartog - Ондинея - Қазақстанда кездеспейді
- Victoria Lindl. - Виктория - Қазақстанда кездеспейді
Тұңғиық - Nymphaea L. - Кувшинка.
Тостағанша жапырақшалары 4-у, жасыл; желектері ақ, тостағанша жапырақшаларынан ұзынырақ; жапырақтары жүзгіш қыртысты, веер тәрізді таралған жүйкелі, жиегіне жақын анастомозданады.
Тұңғиық (Nymphaea ) туысының жапырағы дөңгелекше келген, астыңғы беті қызғылт, ұзын сағақты, су бетінде қалқып жүреді. Гүлі дара, ірі (диам. 3 - 30 см), гүл сидамы ұзын, көбіне 4 тостағанша жапырақты, гүл желегі көп, ақ, қызғылт, көгілдір түсті. Туыстың республикада 2 түрі: ақ тұңғиық және кіші тұңғиық бар. Тұңғиықтың тамыры мен дәнін су құстары, кәмшат, ондатр, жұпар тышқан, т. б. су жануарлары қорек етеді, әсемдік үшін қолдан да өсіріледі
Қазақстанда кездесетін түрлері:
- Кіші т. -N. candidaJ. et C. Presl. - К. белоснежная.
- Ақбоз т. -N. tetragonaGeorgi. - К. четырехугольная.
Кіші т. - N. candida J. et C. Presl. - К. белоснежная.
Гүлдерінің диаметрі 10-12 см; желектері 20-25, біртіндеп аталықтарына ауысады; аналық аузы 10-15-сәулелі; жапырақтары ірі, ұзындығы 15-30 см, ені 10-18 см. Биіктігі 50- 300 см көпжылдық; VII-VIII гүлдейді. Жазықты көбінесе солтүстік Қазақстанның өзендері, көлдерінде, тоғандарда кездеседі.
Ақбоз т. - N. tetragona Georgi. - К. четырехугольная.
Гүлдерінің диаметрі 5 см дейін; желектері 10-12, бірден аталықтарынан ажыратылады; аналық аузы 7-9-сәулелі; жапырақтарының ұзындығы 9 см дейін, ені 5 см. Биіктігі 20 см дейін көпжылдық; VI-VIII гүлдейді. Жазықты және ұсақшоқылы солтүстік және шығыс Қазақстанның өзендерінде, көлдерінде, тоған- дарда кездеседі.
Сарытұңғиық - Nuphar Smith. - Кубышка.
Тостағанша жапырақшалары 5-6-у, сары; желектері сары, тостағаншасынан айтарлықтай қысқа; жапырақтары су асты нәзік, жүзгіш қыртысты, екі рет-үш рет аша тәрізді бұтақталған, олардың ұштары бос.
Қазақстанда кездесетін түрлері:
- Кәдімгі с., дүңгіршек -N. luteum(L. ) Smith. - К. Желтая
- Кіші с. - N. pumilum (Hoffm. ) DC. - К. малая.
Кәдімгі с., дүңгіршек - N. luteum (L. ) Smith. - К. желтая.
Тамырсабағы жуан, диаметрі 10 см дейін; жапырақ тақтасының ұзындығы 15-35 см, доғал-3-қырлы сағақты; гүлдерінің диаметрі 3, 5-6, 5 см; аналық аузы ойыс, бүтін жиекті, 10- 20-сәулелі. Биіктігі 30-350 см көпжылдық; VIIVIII гүлдейді. Жазықты көбінесе Қазақстанның солтүстік жартысының өзендері, көлдерінде, ескі арналарда кездеседі.
Кіші с. - N. pumilum (Hoffm. ) DC. - К. малая.
Тамырсабағы жіңішке, диаметрі 2 см дейін; жапырақ тақтасының ұзындығы 4, 5- 10(15) см, жалпақ сағақты; гүлдерінің диаметрі 2-3 см; аналық аузы шығыңқы-тісшелі, 8-10- сәулелі. Биіктігі 30-300 см көпжылдық; VI-VII гүлдейді. Жазықты көбінесе Қазақстанның солтүстік жартысының өзендері, көлдерінде, тоғандарында, өзен қойнауларында кездеседі.
Мүйізжапырақтар - Ceratophyllaceae - Роголистниковые
Гүлдері бір жынысты, бір үйлі, жай шөптесін гүлсерігімен, бір бірден орналасқан. Аталық гүлдерде гүлсеріктері он екі бөлікті ақшыл болып келеді, аталықтары 10-20, аналық гүлдерде гүлсеріктер жасыл, жатыны жоғаргы, бір ұялы, ұзын мойынды, жемісі жаңғақша.
Мүйізжапырақ (Ceratophyllum) - мүйізжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық су өсімдігі.
Қазақстанда барлық өңірлерге тараған 5 түрі бар. Олар өзен аңғарларында, суы тұщы өзен, көл жағалауларында өседі. Биіктігі 0, 5 - 1, 5 м-дей, тамыры болмайды, су бетінде қалқып жүреді. Сабағы көп бунақты, жіңішке бұтақты келеді. Жапырағы таспа пішінді, бірнеше бөлік болып тілімденген, шоқталып орналасады. Гүлі өте ұсақ, оның ақшыл немесе жасылдау келген гүл серігі болады. Маусым - шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі - бір сүйекті жаңғақша. Мүйізжапырақтар қалың өссе, су қоймаларын ластайды, олармен негізінен балықтар мен құстар қоректенеді.
Қазақстанда кездесетін түрлері:
- Дон м. - C. tanaiticum Sapjeg. - Р. Донский.
- Шала шөгінді м. - C. submersum L. - Р. полупогруженный.
- Шөгінді м. - C. demersum L. - Р. погруженный.
- Күріш м. - C. oryzetorum Kom. - Р. рисовый.
- Туыс м. - C. affine Z. Troitz. - Р. родственный.
Дон м. - C. tanaiticum Sapjeg. - Р. Донский.
Жемісінің жиектері қанат тәрізді, жұрынды (с оторочкой), ұштары аз байқалатын тікенекті. Ұзындығы 30-100 см көпжылдық; V гүлдеп, жеміс береді. Батыс және орталық Қазақстанның көлдерінде кездеседі.
Шала шөгінді м. - C. submersum L. - Р. полупогруженный.
Жемісінің жиектері ұшында қанат тәрізді жұрынсыз (без оторочки), жақсы жетілген тікенекті. Жемісі тегіс немесе көп, кішкентай тікенекті; төбелік тікенегі жемісінен біршама қысқа; жапырақтары 3-4-аша тәрізді-бөлікті 5- 15 жіп тәрізді жікке бөлінген. Биіктігі 30-60 см көпжылдық; VI-VII гүлдейді. Барлық жазықты Қазақстанның көлдерінде, ескі арналарда, тоғандарда, ақырын ағатын өзеншелерде, канаваларда кездеседі.
Шөгінді м. - C. demersum L. - Р. погруженный.
Жемістері 3-5 тікенекті; төбелік тікенегі жемісінің ұзындығынан артық; 1-2-бөлікті жапырақтары 2-4 жіп тәрізді жікке бөлінген . . . 3 3. Жемісі 3 тікенекті, 2 бүйірлік тікенектері ұзын, төменге қарай жазылған (отогнутый) ; жапырақтары 2-4 жіп тәрізді бөлікті. Биіктігі 60-90 см көпжылдық; VI-VII гүлдеп, жеміс береді. Барлық жазықты Қазақстанның көлдерінде, ескі арналарда, тоғандарда, ақырын ағатын өзеншелерде кездеседі.
Күріш м. - C. oryzetorum Kom. - Р. рисовый.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz