Телеология: ортогенез, номогенез, финализм, преформизм және басқа концепциялар


Телеология: ортогенез, номогенез, финализм, преформизм және басқа концепциялар.
Телеология - (грекше teleos - мақсат, нәтиже және logos - ілім, заң) табиғат құбылыстарының сәйкестілігі мен мақсаттылығы туралы идеалистік ілім, бұл ілім бойынша табиғат құбылыстарының ең жоғары негізі, алғашқы бастауы және аяқталуы - құдай болып табылады. Телеологтардың бұл көзқарасы бойынша "мысық жаралғанда тышқанды жеу үшін, тышқан мысыққа жем болуы үшін жаралған, ал бүкіл табиғат жаратушының даналығын дәлелдеу үшін жаралған" болады деп Энгельс мысқылдай жазған еді. Телеология құбылыстардың жалпыға бірдейй өзара байланысы мен заңдылықтарын түсіндіруге жасалынған әрекет болады.
Телеологиялық концепцияны Аристотель, Ф. Аквинский, Лейбниц, Гегель және басқалар дамытты. Ф. Аквинский оны анағұрлым егжей-тегжейлі талдау жасап, құдай болмысының телеологиялық дәлелі дейтін ұғымды қалыптастырды. Ч. Дарвиннің ілімі Телеологияның биологиядағы табиғат құбылыстарының пайда болу заңдылықтары мен себептерін ғылыми тұрғыдан түсіндірумен сиыспайтынын организмдердің сәйкестілік құрылымы табиғи сұрыптаудыңнәтижесі екенін ашып берді. Марксизм, мақсаткерлік әрекет, нысаналы бағыт адамдарға ғана тән екендігі ол материалдық, әлеуметтік (таптық) , тұрмыстық жағдайдан туатындығы, ал мақсаттарды жүзеге асыру обьективтік тарихи заңдылықпен реттелетіндігі туралы қағиданы ұсына отырып, Телеологияның негізсіздігін дәлелдеді.
Ортогенез - эволюциялық ілімдегі концепция, тірі табиғаттың дамуы ішкі себептерге байланысты, белгілі бір бағыт бойынша эволюция жолын бағыттау бағыты қатаң анықталады дегенді қолдайды. Осы концепцияға сәйкес, эволюцияның бағыты бастапқыда ауытқудың өзі белгілі бір бағытқа ие екендігімен анықталады. Эволюцияның бағыты табиғи сұрыптауға тәуелді емес. Барлық тірі формалардың өзгеруі бірнеше қатаң анықталмаған организмнің табиғи бағытымен және тұқымқуалаумен жүреді.
Ортогенез концепциясының тарихы.
Ең ашық түрде бұл концепцияны 1888-1897 жылдары Теодор Эймер ұсынған. Кейіннен ортогенездің жақтаушылары эволюция үрдісін алдын ала анықтайтын факторлар ретінде ДНҚ тізбектерінің немесе кез келген жасушалық құрылымдардың ерекшеліктерін ұсынды.
Қазіргі уақытта ортогенез теориясы қанағаттанарлықсыз деп саналады
Номогенез (грек. nomos - заң және генез) - тірі табиғаттың тарихи дамуы ішкі заңдылықтар негізінде жүзеге асады деген эволюциялық көзқарас.
“Номогенез” терминін 1922 ж. Л. С. Берг ұсынған. Осыған дейін органик. дүниенің эвол. дамуы барысында, қолдан сұрыптау арқылы, әр түрлі тіршілік жағдайларына сәйкес бейімді түрлердің пайда болатынын анықтап, өсімдіктер мен жануарлар эволюциясында ең маңызды нәрсе - табиғи сұрыпталу деп келген дарвиншілдік ілімді жоққа шығарып, Берг “тіршілікте бір мақсатқа жету үшін әуелден сәйкестік принцип тән” деп атап көрсетті. Ол Номогенез құбылысы клеткадағы протоплазма белогының стереохимиялық қасиеттері арқылы жүзеге асады және тұқым қуалау өзгергіштігінің бағыты мен заңдылығы көптеген дарабаста қоршаған ортаның әсерінен бір мезгілде байқалады деп есептеді. Чарльз Дарвин әр түрлі органик. түрлер млн-даған жылдарға созылған тарихи даму процесінің нәтижесі десе, Берг түрлердің түзілуі кенеттен болатын бір реттік секірістер - “пароксизмдер” жолымен жүреді деген қарама-қарсы пікір айтты. Ол эволюциялық дамудың негізгі заңдылығын ортогенездік тұрғыдан дәлелдеуге тырысты (қ. Ортогенез) . Жалпы Номогенез ілімі дарвиндік теорияға қарсы бағытталған қате көзқарас болды. Номогенез жорамалын түсіндіруге негіз болған конвергенция және параллелизм құбылыстары - шын мәнінде белгілі ортада тіршілік ететін организмдерде өзгергіштік тудыратын табиғи сұрыптаудың бағыттары. Қазіргі кезде биологияда телеологиялық бағыттағы Бергтің тұжырымдары макроэволюцияның кейбір мәселелерін түсіндіргенде дарвиндік теорияға қарсы пайдаланылады.
Финализм - әлемнің басынан бастап белгілі бір аяғына дейінгі қозғалыс ілімі. Финализмнің философиялық баламалары: өзгермейтін әлемнің мәңгілік концепциясы, немесе оның шексіз дамуы.
Идеологиялық финализм креационизмнің салдары болып табылады және телеология және эсхатология сияқты ұғымдарға байланысты.
Теория ең төменгі критерийлердің біреуін қанағаттандыратын болса, түпкілікті деп танылуы мүмкін:
- Нақты мақсатты байланыстарға бағытталған мақсатты материалдық емес қатынастардың басымдығы
- Эволюцияның қатаң бағытталуын анықтайтын ішкі алдын ала анықталған даму бағдарламасының болуы
- Эволюцияның онтогенезге және қозғалыстың сөзсіз финалына қарай өзгеруі
- Дамудың эквифинальдығы
XVI ғасырда пайда болған преформизм деген философиялық ағым төмендегідей ойды ұстанған: адамның ұрығында болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz