Түр аралық бәсекелестік



1 Түр аралық бәсекелестік . бірлестіктердің түрлік құрамын сақтайтын механизм ретінде.
2 Түраралық бәсекелестік . Гетеротиптік реакциялар
3 Бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс
Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде онша байқалмайды. Сондықтан эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл әрине қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, тұрағы үшін, аумақтық т.б.) факторлардың жетіспеуінен де болады.
Әр алуан түр дарақтарының арасындағы тіршілік үшін күрес. Мысал: қоян-қасқыр, мысық-тышқан. Бұл барынша сан алуан және жан-жақтылықты қамтитын өзара әрекет. Жақын туысты түрлер арасындағы бәсекелестіктер жатады. Өсімдіктерде бәсекелестіктің мұндай түрі жүйелік алшақ топтарда айқын көрінуі мүмкін. Мәселен, орманда жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда, ал шалғында біржарнақты және қосжарнақтылар бәсекелеседі.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде онша байқалмайды. Сондықтан эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл әрине қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, тұрағы үшін, аумақтық т.б.) факторлардың жетіспеуінен де болады.

Түр аралық бәсекелестік - бірлестіктердің түрлік құрамын сақтайтын механизм ретінде.

Әр алуан түр дарақтарының арасындағы тіршілік үшін күрес. Мысал: қоян-қасқыр, мысық-тышқан. Бұл барынша сан алуан және жан-жақтылықты қамтитын өзара әрекет. Жақын туысты түрлер арасындағы бәсекелестіктер жатады. Өсімдіктерде бәсекелестіктің мұндай түрі жүйелік алшақ топтарда айқын көрінуі мүмкін. Мәселен, орманда жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда, ал шалғында біржарнақты және қосжарнақтылар бәсекелеседі.

Г.Ф. Гаузенің бәсекелістік принципі. Экологиялық орта : потенциалды және шынайы.

Гаузе бәсекелестік ығысу принципін ұсынды:бір экологиялық жағдаймен сипатталатын екі түр бір экологиялық ортада ұзақ уақыт бірге тірішілік ете алмайды.

Биогеоценоздарда бәсекелестік көп ретте жанама түрде байқалады. Белгілі бір экологиялық қуысты мекендейтін әр түрлі популяциялар экологиялық факторларға өзінше әр қилы жауап береді. Биоценозда неғұрлым түрлер алаундылықпен сипатталса, соғұрлым сол биогеоценозда бәсекелестік бәсең болып келеді.

Түраралық бәсекелестік - Гетеротиптік реакциялар

Гетеротиптік реакциялар - әртүрлі түрлерге жататын жеке организмдер арасындағы өзара әрекеттесулер. Екі популяцияның біріне - бірі ықпал етеді немесе ықпал етпейді. Егер ықпал ету орын алса, онда ол жағымды әлде жағымсыз болуы мүмкін.

А және В түрлерінің популяцияларының арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі типтері

Гетеротиптік реакциялар
А түрі
В түрі
Бәсекелестік
-
-
Бейтараптылық

Мутуализм
+
+
Ынтымақтастық
+
+
Комменсализм
+

Аменсализм
-

Жыртқыштық
+
-
Паразитизм
+
-

Ескерту: 0 - бұл түрге әсер етпейді, + - жағымды әсер, - - жағымсыз әсер.

Қарым - қатынас типтері

Егер екі популяция әрқайсысы екеуіне жағымсыз әсер ететін болса, онда олардың қарым-қатынасы бәсекелестіксипатта орын алады.

Егер екі популяция өзара әрекеттеспейтін болса және олардың ешқайсысы екіншілеріне ықпал етпесе, онда айтарлықтай экологиялық мәні жоқ жағдай - бейтараптылықнемесе нейтрализм орын алады.Нағыз нейтрализм табиғатта өте сирек кездеседі, себебі, кез келген экожүйеде барлық популяциялардың арасында жанама әрекеттер болуы мүмкін.

Екі жаққа бірдей пайда әкелетін қарым - қатынастар мутуализмге жатады.

Екі түрдің әрқайсысының қатысуы міндетті болуы қажет селбестік қатынастың типін мутуализм деп атайды.

Симбиотикалық қатынастың міндетті шарты - организмдердің белгілі дәрежеде бірге тіршілік етуі. Бұның мысалы ретінде балдыр мен саңырауқұлақтың симбиозы болып табылатын қыналарды келтіруге болады.

Бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс

Кейде азықтық мұқтаждықтары әртүрлі болатын екі түр ортақ территорияда бір - бірімен бәсекелеспей тіршілік етеді. Мысалы, Англияда үлкен суқұзғын мен айдарлы суқұзғын жартастарға ұясын аралас салады және қорек аулайтын сулары да ортақ, бірақ олардың ұстайтын азықтары әртүрлі.

Үлкен суқұзғын тереңге сүңгіп, көбіне бентостық жануарлармен қоректенсе, айдарлы суқұзғын судың беткі қабатынан майшабақ тұқымдас балықтарды аулайды. Осы сияқты көптеген фактілер бізді 1927 жылы Элтон ұсынған экологиялық қуыс ұғымына әкеледі

Тіршілік орнын білу - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған қуыстар
Тіршілік ортасы және экологиялық факторлар жайында
Топырақ - жануарлар өмір сүретін орта
Организмдердің индикаторлық мәні. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар туралы ақпарат
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Популяция құрылымы және таралуы
Экология ғылымының пайда болуы, дамуы
Экологиялық факторлар туралы түсінік
Туристік қызметтер саласындағы маркетинг
Экологиялық сукцессия туралы
Пәндер