Гендер дрейфі



1 Гендер дрейфі механизмінің мәнісі
2 Гендер дрейфі теориясы
3 Ареалдың тарылу әсері
4 Тәжірибенің салдары
Гендер дрейфі — кездейсоқ факторлардың әсерінен бірнеше ұрпақтар бойы популяцияда аллельді гендер жиілілігінің бағытталмаған өзгеруі, әдетте, ол популяцияда тұқым қуалау өзгеруінің төмендеуіне әкеледі.
Гендер дрейфі механизмінің мәнісі мыналардан тұрады. Популяцияның көбею үдерісінде жыныс жасушалары — гаметалардың үлкен саны түзіледі. Бұл гаметалардың көп бөлігі зиготаларды қалыптастырмайды. Сонда популяциядағы жаңа ұрпақ зиготалар түзе алатын гаметаларды іріктеуімен қалыптасады. Бұл жағдайда алдыңғы ұрпаққа қарағанда аллельдер жиілілігі өзгеруі мүмкін. Теория бойынша мінсіз популяцияда гендердің таралуы ұрпақтан ұрпаққа тұрақты болып келеді. Мәселен, популяцияда биікке өсудің гендері бар «немере» өсімдіктердің саны, осы генге ие болған ата-аналарының санына тең болады. Алайда, шындықта жағдай өзгеше. Кездейсоқ жағдайларға байланысты гендердің таралуы ұрпақтан ұрпаққа өзгеріп отырады – бұл құбылыс «гендер дрейфі» деп аталады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Гендер дрейфі
Гендер дрейфі -- әдетте, популяцияның тұқым қуалаушылық өзгергіштігінің төмендеуіне әкеліп соғатын кездейсоқ факторлардың ықпалымен популяцияның бір қатар ұрпағында аллельдің гендердің жиілігінің бағытталмаған өзгеру құбылысы.
Гендер дрейфі
Гендер дрейфі -- кездейсоқ факторлардың әсерінен бірнеше ұрпақтар бойы популяцияда аллельді гендер жиілілігінің бағытталмаған өзгеруі, әдетте, ол популяцияда тұқым қуалау өзгеруінің төмендеуіне әкеледі.
Гендер дрейфі механизмінің мәнісі мыналардан тұрады. Популяцияның көбею үдерісінде жыныс жасушалары -- гаметалардың үлкен саны түзіледі. Бұл гаметалардың көп бөлігі зиготаларды қалыптастырмайды. Сонда популяциядағы жаңа ұрпақ зиготалар түзе алатын гаметаларды іріктеуімен қалыптасады. Бұл жағдайда алдыңғы ұрпаққа қарағанда аллельдер жиілілігі өзгеруі мүмкін. Теория бойынша мінсіз популяцияда гендердің таралуы ұрпақтан ұрпаққа тұрақты болып келеді. Мәселен, популяцияда биікке өсудің гендері бар немере өсімдіктердің саны, осы генге ие болған ата-аналарының санына тең болады. Алайда, шындықта жағдай өзгеше. Кездейсоқ жағдайларға байланысты гендердің таралуы ұрпақтан ұрпаққа өзгеріп отырады - бұл құбылыс гендер дрейфі деп аталады.
Гендер дрейфінің пайда болуы
Гендер дрейфі дүлей апат (ормандағы өрт, су тасқаны және т.с.с.) кезінде популяция санының күрт төмендеуінде, зиянды жәндіктердің таралып кетуіне, эпитозияның дамуында көрініс табады. Гендер дрейфінің әсеріндегі популяциялардың генетикалық құрылымдары өзгеруінің ерекше қасиеті - гомозиготалылықтың өсуі. Бұл үдеріс популяция саны төмендеген сайын керісінше өседі. Өсу популяцияларда жақын туыстық будандастырудың әсерінен пайда болады. Жеке гендердің жиілілік саны кездейсоқ ауытқудың нәтижесінде бір аллельдердің бекітілуі мен басқаларының жоғалуы болады. Гомозиготалы формалардың кейбіреулері ортаның жаңа жағдайларында бағалы болуы мүмкін. Олар популяция санының кейінгі өсуі кезінде кеңінен таралуы мүмкін. Өткізілген тәжірибелерге сәйкес, көлемі бойынша шағын популяцияларда да гендер динамикасындағы белгілеуші рольді табиғи сұрыптау атқарады. Нәруыздар бойынша кең ауқымды полиморфизм байқалғанда популяцияның генетикалық жақтан өзгеру жылдамдығына табиғи сұрыптау емес, кездейсоқ факторлар әсер ететіндіктерін көп авторлар көрсеткен болатын.

Табиғатта сұрыптаумен қатар немесе сұрыптаусыз гендер дрейфінің нәтижелі болуына популяция саны орайлы әсерін беретін үш жағдай кездеседі:

1) популяциялық жүйе саны үнемі жоғары емес оқшауланған колониялар қатарынан тұрады;
2) популяция саны көлемді, бірақ кезеңді түрде күрт төмендеп, аман қалған бірнеше дарақтың арқасында қайта қалпына келеді;
3) ірі популяция оқшауланған жаңа колонияларға бастама береді, оның әрқайсысы бір немесе бірнеше негізін қалаушы дарақтардан пайда болады.

Жаңа колониялар бірінші ұрпақтарында популяцияның саны аз болып, кейіннен оның көлемі өсуі мүмкін. Егер гендер дрейфі нәтижелі болса, колониялардың өзгеруі келесідей ерекше қасиеттерге ие болады:

Біріншіден, шағын колониялар -- бірінші ұрпақтағы тұқымдас колониялар генетикалық жақтан біркелкі болулары қажет. Екіншіден, колониялардың арасында генетикалық белгілер бойынша елеулі өзгерістер байқалады. Бұл жергілікті нәсілдік дифференциация тұқымдас колонияларда анық көрінеді, бірақ шағын колониялардан дамитын ірі популяцияларда ғана ерекше байқалады.
Үшіншіден, колония аралық өзгеру заңдылықсыз және кездейсоқ сипатқа ие болады. Популяциялық жүйелердің колониялық құрылымы бар өсімдіктер тобының өзгеру сипаты толық зерттелді. Бұл топтардың кейбіреуінде өзгеру сипаты гендер дрейфінің нәтижелі әсерін байқауға мүмкіндік береді. Кездейсоқ жергілікті өзгеру еуропалық құрлық ұлуы (Cepaea nemoralis) кейбір популяциялық жүйелерінде байқалады.

Гендер дрейфі теориясы
Гендер дрейфі теориясын ХХ ғасырдың 40-шы жылдары американдық генетик ғалым С.Райт құрастырған болатын. С.Райт тәжірибе жүзінде шағын популяцияларда мутант аллельдің жиілілігі тез және кездейсоқ өзгеретіндігін дәлелдеді. Оның жасаған тәжірибесі өте қарапайым болды: жем салынған пробиркаларға ол дрозофил шыбындарының екі аналығы мен екі аталығын салды, олар гендері А гені бойынша гетерозиготалы болды (олардың генотиптерін Аа деп белгілеуге болады). Осындай жасанды популяцияда қалыпты (А) және мутациялық (а) аллельдердің концентрациясы 50 % құрады. Бірнеше ұрпақтан кейін кейбір популяцияларда барлық дарақтар мутациялық аллель (а) бойынша гомозиготалы болып шықты, басқа популяцияларда ол мүлдем жойылып кетті, тағы біреулерінде гендердің қалыптысы да мутациялық гені де сақталып қалды. Мутациялық дарақтардың өміршеңдігі төмендегенмен, табиғи сұрыптауға қарамастан, кейбір популяцияларда мутациялық аллель толықтай қалыпты аллельді ығыстырып шығарды. Бұл кездейсоқ үдеріс - гендер дрейфінің нәтижесі болып табылады. Гендер дрейфінің басқа да мысалдары бар. Аллельдері қатаң белгілі таралатын,ірі көбейетін популяцияны қарастырайық. Осы популяцияның бір бөлігі, белгілі бір себептерге байланысты бөлініп, өзінің қауымдастығын құрады деп елестетейік. Субпопуляцияда гендердің таралуы, үлкен топқа тән емес болуы мүмкін. Дегенмен, осы кезден бастап субпопуляцияда дәл осындай тән емес таралу байқалатын болады. Бұл құбылыс Майр ұсынған аллельді гендер жиілігінің кездейсоқ өзгеру әсері деп аталады.

Ареалдың тарылу әсері
Осыған ұқсас гендер дрейфінің түрін ареалдың тарылу әсері деп аталатын құбылыс мысалында көре аламыз. Белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық генетика. Негізгі түсініктері мен терминдері
Популяцияның экологиялық құрылымы
Миграция эволюцияның факторы ретінде
Популяция сипаттамалары
Миграция
АДАМ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАСЫ
Эволюциялық ілім негіздері
Популяциялар генетика
Адам популяциясының өсуі
Популяция және оның генетикалық құрылымы
Пәндер