Бала жынысын анықтаудың оңтайлы тәсілі


Құрсақтағы сәбиді УДЗ (УЗИ) арқылы анықтау жүктіліктің 15-16 аптасында жүзеге асады. Яғни тәжірибелі УДЗ дәрігері жобалап баланың жынысын анықтай алады. Баланың бейнесі көріне бастаған уақытта және де толғақ алдында да тексеріледі. Бала жынысын анықтаудың тағы бір оңтайлы тәсілі бар. Егер ата-ана баланың жынысын ертерек білгісі келген жағдайда биопсия хорион әдісін қолдануға болады. Хорион дегеніміз болашақ ұрық, яки жүктілік мерзімінің 8-9 аптасында, 12 аптаға дейін УДЗ бақылаумыен ұрық жолдасты кішкентай арнайы қысқышпен алады. Содан барып генетик маман хромосома жиынтығын, хромосома құрамын, өзгерістер, ауытқуларды анықтай отырып, ХХ хромосома қыз болса, ХУ - ұл деген сияқты нәтиже шығару арқылы 100 пайыз нақтылықпен орындалатын тәсіл. Сонымен қатар, аталмыш әдіс генетикалық, даун синдромы, тұқым қуалаушылық сынды аурулар орын алған жағдайда көмегі зор, бірден анықтап береді. Биопсия хорион әдісі дәрігер кеңесімен орындауға ұсынылады.
«Халық айтса қалып айтпайды» демекші, ел аузында да құрсақтағы нәрестенің жынысын анықтайтын әдіс-тәсілдер бар. Бұл әдісті қолданып көргендер де аз емес екен, сәйкес келіп жататқандары да бар. Ол үшін жүкті болып қалған айдың, яғни етеккір тоқтаған уақытты алып, оған аяғы ауыр болған кезеңдегі жас мөлшерін қосу арқылы анықталады. Мысалы қазан айы - 10, әйел жасы- 24. Сосын сандарды қосамыз да шыққан қосындыға 1-ді қосамыз (10+24+1=35) . Егер тақ сан шықса ұл, жұп сан шықса қыз деседі.
Сыртқы келбет Егер жүкті ананың бетіне безеу, дақтар көбейіп кетсе, онда сұлулықты іштегі бала алып қойды деп, оның жынысын қызбен байланыстырады. Ал келіншек аяғы ауыр кезде құлпыра түссе, онда ұл күтеді деген наным бар.
Іш пішіні Егер іштің көлемі жалпақ болса қыз, сүйір, шығыңқы болып келсе ұл болады.
Тамақтану Жүктілік кезеңде әйел қышқыл, ащы нәрсеге құмартса ұл болады, егер тәтті жақсы көрсе қыз болады деп те айтылады. Тәбеті ашылып, тамақ жеуге құмартып жүрсе, онда ұл деген болжам жасайды.
Жүрек айнуы Алғашқы айларда болашақ ананың жүрегі айни берсе қыз деп айтады. Сараптама нәтижесі бойынша көптеген келіншектер осы жорамалды расқа шығарды. Зерттей келе қыз бала анасының құрсағында жатып, гормональді фонға әсер ететіндіктен әйелдерде әлсіздік болады екен. Алайда жоғарыда көрсетілген әдістер де, анықтауға көмектесер тәсілдер де нақты сәйкес келмей жатса мұңаюдың қажеті жоқ. Жынысы қандай болса да сәби тағдыр берген тәтті сый, тамаша тарту емес пе?!
https://massaget. kz/kyizdarga/shayra/37925/
http://anamenbala. kz/2895
Қазақта «қыздың артынан ұл ерсін» деген ниетпен қызға ұл есімін беріп жатады. Ал, орыстың әжелері қызды болғысы келетін жас жұбайлардың төсек астына бантик, тарақ жастанып жатуды, ұлды болғысы келетіндерге ойыншық машина, пышақ қоюға кеңес береді екен.
Немістердің болжамы бойынша, жаңбырлы күні қыз көп туылады. Ежелгі грек дәрігері Эмпедоклдің есептеуінше, әйел ыстықта - қыз, суықта - ұл кө-тереді. Жаңазеландиялық зерттеуші В. Грант «Ұл бала еркі мықты, ержүрек әйелден туылады», депті. Белсенді әйелдің организмінде еркектік гормон-тестостеронның көп болуы «өзіне тән» сперматозоидтарды қабылдап отыратынын алға тартады. Егер бойға бала біткен уақытта жұбайлардың некесі әлі қиылып үлгермеген болса, онда дүниеге ұл келеді. Өйткені, беті аулақ, аяқ асты жігіт үйленгісі келмей қалған жағдайда нәзік жыныстыға тірек болатын еркек сол болады дейді. Жұбайлар сәби жоспарламай тұрып-ақ төсек қатынасына жиі барған болса - қыз, 3-4 күнде бір жыныс қатынасына түсетіндерде ұлдың өмірге келуі ғажап емес дейтіндер де бар.
Сосын, қайсысының махаббат сезімі күштірек - балаға соның жынысы беріледі деп сендіретіндер де жетерлік.
Жыныстық қатынаста еркектен бұрын әйел солығын қандырып, бойынан бірінші жіберу керек. Сосын барып қана еркекке белін босатуға рұқсат. Ал, егер керісінше болса, әйелдікі еркектікін «басып тастайтын» көрінеді. Бұл ұлды болғысы келетін жұптарға арналған кеңес.
Апа-әжелеріміздің айтатын мына бір болжамына да құлақ аспаса болмайды: әйелдің бетінде, бойында еш өзгеріс байқалмаса, іштегі шарананың ұл болғаны. Ал егер болашақ ананың ажарына қандай да бір қаяу (секпіл, дақ, т. б. ) түссе, қыз бала жарық дүние есігін ашпақ дейді. «Ұл - ананың ақылын, қыз - ананың ажарын алады» деп дәлелдеп те береді.
Мына бір үрдіс көп елдерде әлі күнге бала жынысын анықтауға себін тигізіп келе жатыр екен. Берлин қаласының бір мұражайында сақталған ежелгі мысырлықтардың папирусында былай деп жазылыпты: «Жүкті әйелдің зәрімен арпа мен бидайды өсіру арқылы бала жынысын анықтауға болады. Егер бірінші болып арпа бүр жарған болса, өмірге ұл келеді. Бидай өсіп шықса, дүниеге қыз бала келеді». Бұл әдісті зерттеген ғалымдар 80 пайызға анық келетіндігіне көз жеткізді.
Астрологтар болса, жұлдызнамаға сенуге ша-қырады. Егер сіздің жүктілігіңіз әйелге тән Бикеш белгісінде басталса, қыз баланың өмірге келуін күте беріңіз. Суқұйғыш, Сарышаян белгісінде басталған жүктілік ұл баланың дүниеге келуімен аяқталады. Сандарға қатысты
Егер әйелдің жасы жұп санға келіп тұрса, онда жұп санды айда қыз көтергісі келетіндер ұтымды пайдалансын (жұп санды ай ақпаннан басталады) . Ал жасы тақ санға дөп келсе, тақ санды айды таңдауы керек. Ұл сүйгісі келетіндер керісінше, жасы тақ санға келіп тұрса, жұп санды айды, жасы жұп болса, тақ санды айды өткізіп алмағаны дұрыс екен.
Ғалымдардың пікірінше, адамның жыныстық қа-тынастағы қарқындылығы да бала жынысына әсер етеді екен. Төсек мәселесінде белсенді болсаңыз, ер-азамат, әйтеуір бір кезде тағдыр сізге ұл сыйлайтынына күмәнданбаңыз. Еркек гиперсексуальді болған кезінде, яки жас отбасыларда көбіне ұл туылатынын статистиканың өзі көрсетіп отыр. Ал отызға қарай, керісінше, қыз баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да болар, жас үйленгендердің көпшілігінің тұңғыштары ұл да, екіншісі қыз болады екен. Сонымен, егер төсек қатынасында әйел белсенді болса - қыз, еркек белсенді болса - ұлдың дүниеге келуі мүмкін, дейді орыс ғалымдары.
Партеногенез, апомиксис (гр. parthenos - тың, genesis - шығу, пайда болу) - көптеген өсімдік және жануарлар организміндегі ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасынан ұрықтың дамуы; жыныс жасушаларының қосылуынсыз дамыған жаңа ағза: ұрықтанбаған жұмыртқадан (партеногенез) спорофиттің вегетативтік жасушасынан(апоспория) және т. б. Көбінесе күрделігүлділер, раушангулділер, астық тұқымдастыларда кездеседі.
Зигогенезден басқа көптеген жануарлардың организмдері табиғи жағдайда партеногенез жолымен (грекше parthenos-қыздық және genesis- дүниеге келу) көбейе алады. Партеногенездің облигатты және факультативті түрлерін ажыратады. Облигатты партеногенез -организмдердің үрықтанбаған жүмыртқа клеткасынан көбеюі. Мұндай партеногенез 90-нан аса жануар түрлерінің, кейбір омыртқалыларды қоса, көбею тәсілі болып табылады. Облигатты партеногенездің мысалы ретінде тек аналық даралардан құралған кавказдық жартас кесірткесінің көбеюін алуға болады. Факультативтік партеногенездің мэні сол, ол керісінше, жұмыртқа клеткаларының ұрықтанбай-ақ та, ұрықтанғаннан кейін де дами алатындығы. Факультативті партеногенез өз кезегінде аналық және аталық болады. Аналық партеногенез араларда, құмырсқаларда, коловраткаларда жиі, оларда ұрықтанбаған жұмыртқа клеткаларынан аталықтар дамиды. Аталық партеногенез кейбір изогамды балдырларда кездеседі.
Өсімдіктерде ұрықтың ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасынан дамитындығы жайлы мәліметтер де белгілі. Жоғарыда аталып өткендей, бұл құбылыс апомикс деген атауға ие. Ол көптеген жабықтұқымды өсімдіктерде, оның ішінде қолдан өсірілетін қызылша, мақта, зығыр, темекі және т. б. жиі кездесед.
Табиғи партеногенезбен қатар жасанды (индуцирленген) деген атқа ие партеногенезді ажыратады, ол жұмыртқа клеткасын белсенділеуге және нәтижесінде ұрықтанбаған жұмыртқалардың дамуына әкелетін жұмыртқа клеткаларын физикалық және химиялық факторлардың көмегімен тітіркендіру арқылы жүзеге асады. Жасанды партеногенезді көптеген систематикалық топтарға жататын жануарлардан-тікентерілілерден, құрттардан, моллюскалардан және кейбір сүтқоректілерден байқаған.
Андрогенез (латынша: andros-ep адам, genesis-дүниеге келу) партеногенездің түрі белгілі. Егер, жұмыртқа клеткасында ядроны инактивацияласа және осыдан кейін оған бірнеше сперматозоидтар енсе, онда мүндай жұмыртқа клеткасынан аталық ядролардың (сперматозоидтар) қосылуынан аталық организм қалыптасады. В. Л. Астауровтың (1904 - 1974) жібек құртының андрогенезін көрсеткен тәжірбиелері кеңінен белгілі. Бұл тәжірбиелердің мәні мынада. Жібек құрты бір түрінің (Bombyx mandarina) жұмыртқа клеткаларына жоғары температураның көмегімен ядроларын инактивациялап, кейін бұл жұмыртқа клеткаларын жібек құртының басқа түрінің (В. mori) сперматозоидтарымен ұрықтандырады. Соңғылары жұмыртқа клеткаларына ене отырып, бір-бірімен қосылып, қасиеті жағынан әкелік организм (В. mori) болып шыққан жаңа организмдерге бастау болады. Бұл организмдерді В. mori-дің аналықтарымен шағылыстырғанда В. mori-ге тиесілі ұрпақ береді. Табиғатта партеногенездің рөлі мен түрлері көп емес, себебі ол организмдердің бейімделуінің кең мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алмайды. Бірақ, оны қолданудың практикалық маңызы бар. Оның ішінде, Б. Л. Астраумов жібек өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын жібек құртынан партеногенетикалық ұрпақты алу әдісін тапқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz