«Фитоценоз. Фитоценоздың құрамы, құрылымы»


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: биология және биотехнология

Кафедра: биоалуантүрлілік және биоресурс

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Фитоценоз. Фитоценоздың құрамы, құрылымы»

Орындаған: Қуан Ләззат

Қабылдаған: Әметов Әбибулла Әметұлы

Алматы 2017ж

Өсімдіктер табиғатта жекелеп өспей бір-бірімен әр түрлі дәрежеде күрделі байланысып қауым құрады. Орман, батпақ, егіс даласы, бауша, парк - бұлардың барлығы өсіміктер қауымы, немесе фитоценоз /гректің Phyton - өсімдік, koinos-жалпы/ деп аталады, олардың әрқайсысының құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар. Өсімдіктер қауымдарының құрылу заңдылықтарын білу - оларды қорғаудың, өнімділігін арттырудың және ғылыми түрде дұрыс пайдаланудың негізі болып табылады. Өсімдік қауымының тіршілік заңдылықтарын арнайы ғылым фитоценология /фитоценоз және гректің logos - ілім/ зерттейді. Геоботаника өсімдіктер жабыны туралы ілім, ал өсімдіктер жабыны фитоценоздардан тұрады. сондықтан А. П. Шенников /1964/ «Геоботаника» және «Фитоценология» терминдерін синонимдер деп қарайды.

Сонымен фитоценология - фитоценоздар туралы ғылым. Фитоценоз немесе өсімдіктер қауымы дегеніміз біршама біркелкі учаскедегі белгіл бір флоралық құрамы бар ортамен және өзара белгілі қарым-қатынасы бар өсімдіктер тобы. Олардың өздеріне тән құрлысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдермен бірге белгілі бір жағдайда өмір сүре алатын түрлерден құрылған.

Фитоценоз ашық биолгиялық жүйе, ол өзінен жоғары реттегі жүйелерге оның бір тармағы есебінде қатыса алады. Фитоценоз, зооценоз және микробоценозбен бірге биоценоз құрады. Биоценоз /гректің био - өмір, койнос - жалпы/ дегеніміз тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі болып келетін учаскеде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер бірлестігі. «Биоценоз» термині 1877 жылы Кильск университетінің профессоры К. Мебиустың жұмысында бірінші рет қолданылды /Федоров, Остроумов, 1984/.

Биоценоз абиотикалық немесе сыртық ортадағы бейорганикалық компоненттермен /жер бедері, температура, ылғалдылық, атмосфералық ауа қысымы, топырақтың физико-химиялық құрамы және т. б. / бірге биогеоценоз құрады.

Бейорганикалық немесе өлі компоненттерді бір сөзбен экотоп деп атауға болады.

Биогеоеноз /гректің био - өмір, гео - жер және ценоз - жалпы/ дегеніміз зат алмасуы және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен өлі компоненттерді біріктіретін күрделі табиғи жүйе.

Биогеоценоз туралы түсінікті ғылымға енгізген В. Н. Сукачев /1940/. Биогеоценз экотоптан және биоценоздан тұрады. Экотоптың өзі климатопқа /аэротоп/ және эдафотопқа /жердің қатты қабығындағы жағдай/ бөлінеді. Биоценоз жоғарыда айтылғандай фитоценоздан, зооценоздан және микробоценоздан тұрады. Ғылыми әдебиетте мағынасы жағынан биогеоценозға жақын кейбір ұғымдар бар. Олардың ішінен экосистеманы атап өткен жөн.

Экосистема /гректің Dicos - үй, орын және система - жүйе/ - тірі организмдердің бірлестігінен және олардың тіршілік ортасынан тұратын функциональдық жүйе. Бір фитоценоз ішінде /шекарасында/ экосистема мен биогеоценоз бір-біріне дәл келеді. Фитоценоздың шекарасынан жоғары не төмен болса онда биогеоценоз және экосистема бір-біріне дәл келмейді. Практика жүзінде экосистема термині масштабы жағынан өте кішкентай мысалы, аквариум немесе космос кораблі және өте үлкен /мысалы Каспий теңізі/ объектілерге қатысты қолданыла береді. Экосистема терминінің авторы ағылшын экологы А. Тэнсли /1935/.

Барлық экосистемаларды үш топқа бөлуге болады:

1/ бөлектенген жүйелер қоршаған ортамен энергияда, материяда алмаспайды /жасанды экспериментальдық экосистемалар/;

2/ жабық жүйелер, қоршаған ортамен тек энергия айырбастайды /мысалы, космос корабльдері және станциялары экосистемасы/;

3/ ашық экосистемалар қоршаған ортамен энергия және зат айырбастайды. Ашық экосистемалар классификациясы толық жасалып бітті деп айтуға әлі ерте. Б. А. Быковтың /1988/ пікірі бойынша ашық экосистемалардың ең басты элементі биотаның автотрофтық бөлігі болып табылады, сондықтан экосистемалар классификациясын өсімдіктер классификациясын негізге алып жасау керек.

Флорадағы түрлердің құрамын есепке алу олардың жалпы саны туралы және олардың қандай туыстарға, тұқымдастарға жататындықтары туралы түсінік береді.

Флораны құратын түрлердің саны онын байлығын тікелей көрсетеді.

«Өсімдіктер» немесе өсімдіктер жабыны дегеніміз - орман, батпақ, дала, шөл, тундра сияқты жерлерде қалыптасқан әртүрлі өсімдік қауымдарының жиынтығы. Ол типтердің әрқайсысы көптеген өсімдік турлерінен тұрады, сондықтан оларды зерттеу кезінде, ең алдымен олардын флорасын білген жөн.

Геоботаниканың жеке бөлімдері өсімдіктердің негізгі типтерін зерттейді.

2 Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір тур биотопты жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан қауым туралы толық мағлұмат алу оның флоралық кұрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндерді де есепке алу керек.

Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе еліміздің оңтүстік аудандарында (дала, шөл тағы с. с) . өсімдік түрлерінің дамып жетілуі, вегетациялық кезеңдері бір мезгілде өте бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін, ондағы түрлерді тізімге алу (инвентаризация) жұмысын өсімдіктердің вегетациялык кезеңі ішінде екі (көктемде, жазда) немесе үш (көктемде, жазда, күзде) рет жүргізген дұрыс. Тек сонда ғана вегетациялық кезеңі ұзақ және қысқа (көктемгі және күзгі эфемерлер және эфемероидтар) өсімдік турлерін толық қамтуға болады. Бірақ өсімдіктерді тізімге алған кезде, осы жерде кездесетін өсімдіктердің кейбір түрлерінің болмай қалуы мүмкін. Өйткені қауымның флоралық құрамының тізімін жасаған кезде олар тек дән (тұқым) түрінде топырақ бетінде кездесуі мүмкін. Сондықтан оларды анықтап есепке алу керек. Жинаған өсімдік дәнін өсіріп керіп тек қана осы жағдайда өмір сүруге икемі барларын ғана тізімге кіргізу қажет.

Құрамындағы түрлердің санына қарай кедей флоралы (егер түр саны аз болса) және бай флоралы (егер түр саны көп болса) фитоценоздар болады. Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың (гректің dіаsроrа - таралу деген - өсімдіктің таратылуға арналған кез-келген бөлігі) келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп өсе алатындығына байланысты анықталады.

1 Белгілі бір районның өсімдіктерін зерттегенде оның флорасымен жалпы танысып қана қоймай, әрбір фитоценоздың және әрбір ассоциацияның флоралық құрамына баса көңіл аудару керек. Ассоциация /латын сөзі association - қосылу, қосылған/ - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз - белгілі орында табиғи пайда болған, белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі қауым.

Фитоценозды зерттеуді оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің тізімін жасаудан бастау керек. Флоралық құрам - фитоценоздардың маңызды белгісі. Көп жағдайда оған сипаттама бергенде тек қана күрделі өсімдіктерге және қыналарға көңіл бөледі. Олармен бірге қауым құрамына балдырлар, саңырауқұлақтар, бактериялар және актиномицеттер кіретінінде ескерген жөн.

Өсімдіктер қауымдарына терең талдау жасау үшін және әртүрлі қауымдарды бір-бірімен салыстыру үшін олардың флоралық құрамын, флоралық байлығы және флоралық толықтығын білу өте қажет.

Фитоценозға кіретін әр өсімдік, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты, коршаған ортаға өзінің белгілі әсерін тигізеді. Фитоценоз компоненттерінің бір-біріне әсер етуі оның негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Бұл белгі әлі фитоценоз ретінде калыптаса қоймаған басқа өсімдік топтарынан фитоценоздың негізгі айырмашылықтарының бірі болып табылады. Егер де өсімдіктер өздерінің жер үстіндегі немесе жер астындағы мүшелері арқылы тұтасып байланысқан болса ондай учаскелерді өсімдіктер қауымы (фитоценоз) деп санау қабылданған.

Өсімдіктердің бір-біріне әсерлері әр алуан, олардың классификациясын үш тұрғыдан (Миркин, Розенберг, 1978) қарауға болады:

1) бір-біріне әсер ету жолдары;

2) өсімдіктердің бір-біріне әсер етуін көрсететін нәтижелері;

3) өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің онтогенез процсінде өзгеру

ерекшелігі.

Фитоценоздағы бір-біріне әсер ету жолдары.

Өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдарының толық классификациясын

В. Н. Сукачев (1954) жасады.

Фитоценозда бірге өмір сүрстін өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің негізгі үш формасы бар:

1) тікелей немесе түйіскен (контактные) ;

2) трансабиотикалық немесе жанама орта арқылы:

3) трансбиотикалық.

Өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификациясы.

Екі организмнің бір-біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификацияны Г. Кларк (Воронин бойынша, 1973) ұсынды.

Организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы олар бір-бірімен түйіскенде немесе белгілі бір қашықтықта орналасса да бола береді. Ол қарым-қатынастар өмір бойы тұрақты немесе қысқа, уакытша болуы мүмкін.

Егер бір-бірімен түйіскен әр түрлі түрлерге жататын организмдердің қарым-қатынастары сол екі организмге немесе біреуіне пайда әкелсе, ал екіншісіне ешқандай зиян болмайтын болса оны біз симбиоз деп атаймыз. Егер симбиоз екі организмге де пайда әкелетін болса оны мутуализм, ал тек біреуіне пайда әкелетін болса - комменсализм деп атаймыз.

Егер әр түрлі түрлерге жататын организмдер арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде бір организм екінші организмге зиянын тигізсе (мысалы, екінші организмге зиянды зат бөліп шығаруы арқылы) және өзі ешқандай пайда көрмесе оны антибиоз деп айтамыз.

Б. М. Миркин, Г. С. Розенберг (1978) өсімдіктердің бір-біріне әсерін және оның онтогенез процесі кезінде өзгеруінін мынадай классификациясын береді:

А) бейтараптық-антибиоз;

Б) бейтараптық-антибиоз-антогонизм;

В) симбиоз-бейтараптық-антибиоз;

Г) симбиоз-бейтараптык-антибиоз-антогонизм тағы с. с.

Бейтараптық және симбиоз өсімдіктердің ювенильді особьтары арасында, ал антогонизм мен антибиоз жасы ұлғайған особьтары арасында су және минералды тұздар үшін бэсеке кезінде болуы мүмкін. Антогонистік қарым-қатынаска антибиоз, паразитизм, жыртқыштық және конкуренция сияқты бір немесе екі организмге де зиян келетін қарым-қатынастар жатады.

2 Флоралық байлық дегеніміз белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау жасау үшін әрбір систематикалық топтар /қыналар, мүктер, папоротниктер, жалаңаш тұқымдылар, жабық тұқымдылар/бойынша түрлердің санын есептеп шығару керек.

Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай флоралы және күрделі флоралы фитоценоздар болады: жай флоралы фитоценоз - бір немесе бірнеше түрлерден, ал күрделі флоралы фитоценоз - көптеген түрлерден тұрады.

Қауымның флоралық байлығы көптеген факторларға байланысты /мысалы, осы ауданның флорасының түрлік байлығына, қауымның тіршілік ететін жерінің микроклиматына, экотоп жағдайына және оның өсімдіктердің өмір сүруі нәтижесінде өзгеруіне, адам тіршілігінің әсеріне тағы с. с. /. Тропикалық ормандар өсімдік түрлеріне ең бай қауымдардан саналады, ал альпілік және арктикалық шөлдер өсімдік түрлеріне ең кедей қауымдарға жатады.

Фитоценоздың барлық компоненттері сол жерде бар ресурсты дерлік бірдей пайдаланатын жағдайда өсімдіктердің бірде-бір түрі доминант бола алмайды. Тек осындай жағдайда ғана фитоценоз флоралық құрамы жағынан өте бай болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фитоценоз. Фитиценоздың құрылымы туралы ақпарат
«Фитоценоз. Фитиценоздың құрылымы»
Геоботаник. Геоботаниканың зерттеу объектісі - фитоценоз
Фитоценология туралы
«Геоботаниканың зерттеу объектісі – фитоценоз»
«Фитоценоз, фитоценоздың түрлік қрамы»
Биоценоз классификациясы
Геоботаниканың негізгі зерттеу объектілері
Фитиценоздың флоралық құрамы
Регионалды флористика оқу-әдістемелік құрал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz