Фитоценоз. Фитиценоздың құрылымы туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: биология және биотехнология
Кафедра: биоалуантүрлілік және биоресурс
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Фитоценоз. Фитиценоздың құрылымы»
Орындаған: Осмонали Бектемір Бірімқұлұлы
Қабылдаған: Әметов Әбибулла Әметұлы
Алматы 2017ж
Фитоценоз - бұл белгілі бір территорияның бір тектес участоктерінде кездесетін өсімдіктердің тарихи қалыптасқан үйлесімді қарым-қатынасы болып табылады. Бұл анықтамада көңіл аударатын нәрсе мынау, фитоценоз -өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес, ол белгілі бір территориямен, басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланыста болатын, өмір сүріп отырған ортасына бейімделушіліктің негізінде қалыптасқан, ұзақ уақыттар бойы жүрген тарихи дамудың жемісі. Бір ғана түрден тұратын фитоценоздар бар. Мұндай фитоценоздарды ерекше орталарда, түрлердің біреуінің бейімделушілік қасиетінің жоғары болуының нәтижесінде, басқа түрлерден айқын артықшылығы болатын жағдайда кездестіруге болады. Бұған сор топырақтарда солянкалардың кейбір түрлерінің калың болып өсуі, қара өлеңшөптің (камыша озерного) жер асты суының жақын жатқан жерлерінде қалың қопа түзуі мысал болады. Тұрақты система ретінде, фитоценоздың ең маңызды қасиеттерінің бірі - оның өздігінен қалпына келуге қабілеттілігі. Өсімдіктердің өздігінен қалпына келуге қабілетсіз үйлесімділігінің фитоценоздардан айырмашылығы сол, оларды өсімдіктердің топтары (группировки) деп атайды. Фитоценоздарды универсалды бағдарламамен зерттейді. Ең алдымен олардың структурасын зерттеуге: түрлерінің құрамына, ярустығына (жер беті бөлігі мен тамыр системаларының), осы фитоценоздың түзілуіне жекелеген түрлердің қатысына, жекелеген түрлердің өмірлік формаларына және басқа да параметрлеріне көңіл бөледі. Фитоценологтардың басты мақсаты шалғындарды, ормаңдарды, тундраны, шөлейтті, шөлдерді және өсімдіктер жабынының басқа типтерін (оның ішінде мысалы, ауылшаруашылық дақылдары мен ағаштардың көшеттерімен ауыстырылғандары да бар) тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Фитоценологтар агрономдармен, топырақтанушылармен, экологтармен, өсімдік шаруашылығын жақын арада қалайда жолға қоюдың жоспарын жасау үстінде. Олар шөлді және шөлейт аймақтарда, қорықтарда жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге олар ауылшаруашылығына пайдалы жерлерді дұрыс жоспарлауға (пландауға) және үлкенді-кішілі қалаларды, елді мекендерді, үлкен кен орындарын игеруге байланысты бүлінген жерлерді (террикондарды, золоотвалдарды, хвосто-хранилищелерді) көгалдандырудың жоспарларын жасауға қатысады.
Фитоценоз зооценоз және микроценозбен бірігіп биоценоз құрады. Фитоценоздың қандай да бір өсімдігі өзіне қажетті ресурстарды (жарық, су, минералды қоректік заттар, т. б. ) пайдаланып, тіршілік ортасын өзгертуінің нәтижесінде сыртқы ортаға зат алмасуға қажетті өнімдерді шығарады, топырақта және оның бетінде қурап қалған өсімдік қалдықтары ғана қалады. Бұл қалдықтар ерекше бір микроклиматтың құрылуына ықпал жасайды. Фитоценоз жыл бойына және жыл сайын өзгеріп тұрады.
Бірлестіктегі басым өсімдіктерді доминантты түрлер болып есептеледі. Мысалы, қарағайлы орман, аршалы тоғай, талды жағалау т. с. с.
Аз санды немесе сирек кездесетін өсімдік түрлері де бірлестіктің тұрақтылығында маңызы рөл атқарады. Олар неғұрлым көп болса, соғұрлым бірлестік тұрақты болады. Фитоценоздың алғашқы өнімдер органикалық заттардың негізгі массасын өндіреді. Өсімдік бірлестігінің маңызды белгілері - өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің бедеуленуі, яғни биіктіктері және тамырларының ұзындығы әр-түрлі болуында.
Орман ішінде өздерінің тіршілік ету қалыптары бір-бірінен өзгеше болып келетін өсімдіктерден құралған бірнеше белдеу кездеседі. Жоғары белдеудегі өсімдіктердің бөрікбасы жарық сүйгіш, ортаңғы белдеудегі өсімдіктер жарықтың аз ғана мөлшерімен қанағаттанатын ұсақ ағаштар мен бұталардан құралады. Төменгі белдеуде көлеңкеге төзімді жартылай бұталар, қырыққұлақтар мен әр - түрлі шөптесін гүлді өсімдіктер болады. Бұлардың түбінде мүктер және саңырауқұлақтар өседі. Сор топырақты жерлерде сабақтары етті болып келетін шөпсораң өседі. Шөлді жердік топырағында әр түрлі өсімдік бірлестіктері қалыптасады.
Эфемерлер- көктемде және жаздың басында жеміс беріп, құрғақшылық кезде тұқымын қалдырып қурайтын бір жылдық өсімдіктер. Эфемероидтар - даму мерзімі қысқа көп жылдық өсімдіктер түрі. Олар жазғы құрғақшылыққа дейін гүлдеп, тұқым береді де, жер бетіндегі бөліктері қурап, топырақта түйнектері немесе пиязшықтары қалады. Белгілі бір жерде өсетін өсімдіктердің түр құрамын флора деп атайды. Өсімдік бірлестігінің алмасуына адамның іс-әрекеті үлкен әсер етеді. Мысалы, ағаштарды кесіп құртыуынан немесе орманның өртенуінен ормандағы ағаш тұқымдары ауысады. Егер орманның жоғары белдеуінің ағаштарын кессе, күн сәулесінің түсуі өзгергендіктен, орман бірлестігіндегі өсімдіктер жаңа бір бірлестікпен алмасады.
Фитоценоздың өзгеруі периодты және периодсыз түрде болады, яғни әр-түрлі жылдарда ылғалдың бірдей түспеуіне, жануарлар санының өзгеріп отыруына байланысты.
Фитоценозда жоғары дәрежелі маңызды саны бойынша немесе биомассасы бойынша топырақ бетін жабу дәрежесі бойынша басым түрлерді алады. Мұндай түрлерді доминанттар деп атайды. Олар фитоценоздың міндетті түрдегі элементтері болып табылады. Өсімдіктер түрлерін оның компоненті деп аталады. Фитоценоздың негізін құрайтын осы компоненттерді эдификаторлар деп атайды. Мысалы: шалғындық фитоценозда костер безостый, лисохвост луговой.
Фитоценозды қалыптастыратын өсімдік түрлері жер бетінде әр түрлі биіктікте таралған, ал олардың тамырлары жер астында топырақтың әртүрлі тереңдіктерінде орналасады. Бұл құбылыс ярустылық деп аталады. Ярустылық жер үсті және жер асты ярустылық болып бөлінеді. Жер үсті ярустылығының саны 1-8-е дейін ауытқиды. Жалпы орманнан мынадай ярустылықты көруге болады: 1. 6 м жоғары ағаштар.
2. 6 м төмен ағаштар.
3. 2 м-ге дейінгі бұталар.
4. 0, 8 м шөптесін өсімдіктер.
5. 30 см болатын өсімдіктер.
6. 10 см шөптесін өсімдіктер.
7. топырақта жанасып өсетін өсім
Өсімдіктің тамыр жүйесін қазғанда жер асты ярустарын ажыратуға болады. Мысалы: жалпақ жапырақты орманда:
1 ярус: будралар
2 ярус: папоротниктер
3 ярус: бұта тамырлары
4 ярус: ағаш тамырлары- ең терең ярусты құрайды.
Фитоценоздың ярустылығын зерттеу тек ғана геоботаниктерді ғана емес эколог, агрономдарды да қызықтырды. Себебі: фитоценоздардың ярустығы мен өнімдерінің арасында қарым-қатынасбар. Бұл теориялық және практикалық жағынан да маңызы зор.
Фитоценозды сипаттағанда міндетті түрде оның құрамындағы жекелеген түрлердің таралуына көңіл бөлу. Кейбір түрлер фитоценоздың бүкіл аудаында бірыңғай мөлшерде таралады. Ал кейбірі 2-3 жерінде кездеседі. Ал тағы біреулері топталып өседі. Фитоценозда өсімдіктердің әр түрлі таралуы түрдің биологиялық ерекшеліктері және әртүрлі микроклиматтық жағдайларға байланысты.
Әрбір фитоценозда өсімдіктердің вегетациялық период аралығындағы фенологиялық фазалардың ауысымы болады. Кейбір өсімдіктер жаңа гүлдеп жатса екіншілері сол уақытта тіршілігін тоқтатып жатады немесе кейбірі жаңадан өсіп келе жатады. Осындай маусымға байланысты фитоценоз сипаты оның сыртқы көрінісі, яғни аспектісі әр түрлі болуы мүмкін. Фитоценоз аспектісі дегеніміз-оның сырт көрінісі әр даму сатысындағы физиономиясы.
Фитоценоздағы өсімдіктер қауымдастығын зерттенгенде оның барлығы бірдей даму сатыларын жақсы өткізбейтіндігін байқауға болады. Біреулері гүлдегеннен тұқым бергенге дейін барлық фазалардан табысты өтсе. Екіншілері тіпті өскін стадиясында тіршілігін тоқтады, яғни бұл фитоценоздың экологиялық жағдайы, кейбір түрлері біріншісіне жағымды, кейбіріне жартылай жағымды, үшіншісіне жағымсыз әсер етеді. Бұдан фитоценоз шеңберіндегі түрлердің өміршеңдігінің әртүрлілігін көреміз. Түрлердің өміршеңдігі осы фитоценоз экологиясына түрдің бейімделу көрсеткіші.
И. Браун Бланке және Павиар өміршеңдік градациясын былай жіктейді:
1. Өсімдік фитоценозда барлық баму циклын өткізеді.
2. Өсімдік фитоценозда жартылай даму циклын өткізеді.
3. Өсімдік кейде ғана өскін береді, бірақ кейінірек тіршілігін тоқтатады.
Бұл келтірілген жіктеу немесе сипаттама басқа өміршеңдік көрсеткіштерін есепке алмай жасаған. Олар: аурулар мен зиянкестерге қарсы тұруы, ыстыққа, суыққа т. б. бейімделуін есепке алмағанда.
Фитоценоздың құрамы мынадай элементтерден тұрады:
1. Флоралық құрамы;
2. Экобиоморфты құрамы;
3. Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы;
4. Фитоценозды құрайтын түрлердің ценопопуляциялық қасиеттері;
Өсімдіктің флоралық құрамын зерттеген кезде біріншіден фитоценоздың немесе ассоциацияның флоралық құрамына көңіл бөлу керек.
« Ассоциация» сөзі латын тілінен аударғанда « қосылу, қосылған » деген мағынаны береді. Ол - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз - белгілі орында табиғи пайда болатын белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі қауым. Фитоценозды зерттеуді оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің тізімін жасаудан бастау керек.
Флоралық құрам фитоценоздың маңызды белгісі. Көбіне сипаттама бергенде күрделі өсімдіктер мен қыналардан басқа қауымның құрамына балдырлар, саңырауқұлақтар және актиномицеттер кіреді.
Фитоценоздың флоралық құрамы дегеніміз - онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығы. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан, қауым туралы толық мағлұмат алу үшін оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білу қажет. Көптеген өсімдіктер вегетациялық кезеңді әртүрлі уақытта өткізеді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін ондағы түрлерді толық тізімге алу немесе инвентаризация жұмысын 2 мезгілде жүргізу керек: көктемде - жазда, көктемде - жазда және күзде. Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың ( diaspora грек тілінен аударғанда «таралу», өсімдіктің таратылуға арналған кез - келген бөлігі ) келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп - өсе алатындығына байланысты анықталады.
Флоралық байлық - белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп, жетілген түрлердің сандық көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау жүргізу үшін әрбір систематикалық топтың - қынаның, мүктің т. б. топтардың түрлерінің санын есептеп шығару керек. Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай және күрделі болып бөлінеді. Жай фитоценоз бір немесе бірнеше түрден, күрделі көп түрден тұрады. Әсіресе орман флорасы бай флоралық құрамға жатады.
Л. Т. Раменский 1924 жылы флоралық құрамы толық және толық емес деген фитоценоз түрлерін бөлді. Өмір сүруге қабілеті бар кейбір түрлер кірмей қалса, оны Раменский толық емес деп атады. Фитоценозға адамдардың басқа жақтан алып келген өсімдік түрлерін кіргізу - интродукциялау соңғы кезде жиі кездеседі. Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% - ке жуығы кездесетін қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейді. Ал ассоциацияны анықтау ауданы дегеніміз - ассоциацияның барлық негізгі белгілері айқындалатын ең аз ауданды айтамыз. Флоралық байлықты табу ауданы флораны құрайтын өсімдіктің мөлшеріне, үлкен - кішілігіне, өсу молдығына және таралуының біркелкілігіне, тіршілік ету жағдайының бірыңғайлығына байланысты.
Флораның толықтығы . Флоралық байлықты табу ауданының мөлшері өсімдіктің типтеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қауымның флоралық толықтығын анықтауда түрлерді санау оның барлық ауданында немесе оның бір бөлігінде жүргізіледі. Қауымның флоралық толықтығы дегеніміз - ол белгілі бір аудан көлемінде өсетін түрлердің саны. Далалық жерлерде қауымның флоралық толықтығы 1 шаршы метр көлемінде 12 - ден, құрғақ далада, бозды далада 60 - қа дейін, шалғынды далада 80 - ге дейін өзгеріп отырады. Ассоциацияда кездесетін әрбір түрдің маңызды белгісі - оның тұрақтылығы. Ассоциацияны сипаттағанда түрдің тұрақтылығы % - пен көрсетіледі. Тұрақтылық дәрежесі 10 балдық шкаламен белгіленеді.
Экобиоморфа - белгілі бір сыртқы және биоценотикалық ортаның жағдайда табиғи сұрыптау нәтижесінде өсу формалары, биологиялық ритмі және экофизиологиялық, соның ішінде ортаны жасаушы ерекшеліктері ұқсас түрлердің жиынтығы. « Экобиоморфа » гректің
« эко - өмір, био - өсімдік » деген сөздерінен шыққан. Биоморфаның ерекшк түріне қыналар, мүктер, папоротниктер жатады. Экоморфа - сыртқы ортаның жағдайымен қарым - қатынасына байланысты тіршілік формасы. Ең алдымен оған ылғалдылық жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz