«Геоботаниканың зерттеу объектісі – фитоценоз»


Геоботаника - жер бетіндегі өсімдіктер мен олардың қауымы туралы және фитоценоздардың құрамы, құрылысы, өнімділігі, пайдалануы, өзгеруі туралы ғылым. Негізгі мақсаты - өсімдік қауымдастығының құрылысын, олардың табиғат және адам әрекетіне байланысты факторлардың әсерінен белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте өзгеруін зерттеу.
« Геоботаника» терминін алғаш рет 1866 жылы Ресейде Рупрехт, Германияда Гризебах енгізген. Әдетте геоботаниканы тарихи, экологиялық және харалогиялық деп бөледі.
ГЕОБОТАНИКА ІРІ ТӨРТ БӨЛІМНЕН ТҰРАДЫ :
1. қоныстанған организмдер құрамын, фитоценозда организмдердің таралуын фитоценоздың өнімділігін зерттейді.
2. Синбиология- организмдердің өзара күресін, өзара бірлесіп тіршілік етуін, фитоценоздың қайта жандануын, ауысуын, сонымен қатар фитоценоздың қайта ауысуы кезінде осы заңдылықтардың жүруін зерттейді.
3. Синэкологиялық- фитоценозға қоршаған ортаның әсерін, фитоортаның ценобионттардың түзілуіне әсерін, ценоздың климаттық және маусымдық өзгерістерін, фитоортаның және сыртқы ортаның өзгеру жолы мен фитоценоздың қайта жандануын зерттейді.
4. Ценогеография- фитоценоздың кеңістікте таралуын және олардың таралу кезіндегі өзгеруін зерттейді.
Геоботаниканың зерттеу обьектісі : фитоценоздар және олардан құралған жер бетіндегі өсімдік топтары. Геоботаника фитоценоздардың структурасын, олардың ішіндегі биоталық қарым - қатынасын, фитоценоздардың ішкі ортасының ерекшелігін, даму тарихын және фитоценоздарды классфикациялаумен айналысады.
Флора - белгілі бір аймақта, өлкеде, ауданда және жерде тіршілік орындарының барлық типтеріне орналасып, сол жерге тән барлық өсімдік қауымдарын құрайтын өсімдік түрлерінің жиынтығы. Бұл анықтаманы берген 1974 жылы Толмачев. Әр флораның негізгі белгісі - оның түрлік құрамы. Белгілі бір территорияда өсетін өсімдіктердің түрлерін есепке алу немесе инвентаризация жасау, флораның түрлік құрамын есепке алу.
Өсімдіктер дегеніміз - орман, батпақ, дала, шөл, тундра сияқты жерлерде қалыптасатын әртүрлі өсімдіктер қауымдарының жиынтығы. Өсімдіктер табиғатта жекелеп өспейді, бір - бірімен байланысып қауым құрайды. Бұл фитоценоз деп аталады.
Өсімдік қауымының тіршілік заңдылықтарын арнайы ғылым - фитоценолгия зерттейді.
Сонымен, геоботаника өсімдіктер туралы ғылым, ал өсімдіктер жабыны фитоценоздардан тұрады.
Геоботаникалық зерттеулер барлық континенттерде және барлық елдерде жүргізілді. Бұл жұмысты жүргізуші ғалымдардың көзқарастары мен зерттеу бағыттары әр түрлі.
1. Фитоценологиялық- В. Н. Сукачев, В. В. Лехин, Е. М. Лавренко
2. Биоценологиялық- В. Г. Карпов, В. Н. Сукачев
3. Экологиялық ординациялық-Л. Н. Соболев,
4. Ландшафты филогенетикалық-Т. И. Исаченко, С. А. Грибова
5. Статистикалық-геоботаникалық зерттеудің математикалық әдісі. В. М. Миркин, В. И. Василевич.
Фитоценоз - белгілі бір территорияның біртектес участоктерінде енздесетін өсімдіктердің тарихи қалыптасқан үйлесімді қарым-қатынасы.
Фитоценоз - өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес. Ол белгілі бір территориямен басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланыста болатын өмір сүріп отырған ортасына бейімдеушіліктің негізінде қалыптасқан ұзақ уақыттар бойы жүрген тарихи дамудың жемісі.
Бір ғана түрден тұратын фитоценоздар бар мұндай фитоценоздарды ерекше орталарда түрлердің бейімдеушілік қасиетінің жоғары болуының нәтижесінде басқа түрлерден айқын айырмашылығы болған жағдайда кездестіруге болады. Мысалы:бұған сор топырақтарда солянкалардың кейбір түрлердің қалың болып өсуі. Тұрақты жүйе ретінде фитоценоздың ең маңызды қасиетерінің бірі-оның өздігінен қалпына келуге қабілеттілігі. Фитоценологтар ең алдымен фитоценоздың структурасын зерттеуге, түрлердің құрамына, ярустығына, осы фитоценоздың түзілуіне түрлердің қатысына, фитоценоз аспектісіне, өміршеңдігіне көңіл бөлді.
Жердің өсімдік жамылғысы әр түрлі көптеген фитоценоздардан тұрады. Әр түрлі белгілеріне қарап фитоценоздарды бөлуге болады. Бұл белгілердің жиынтығы фитоценоздың жалпы құрылымын, яғни морфологиясын анықтайды. Фитоценоздарды аналитикалық және синтетикалық деп бөледі.
Аналитикалық белгілеріне: фитоценоздың түрлік құрамы, ярустығы, ауданы, аспектісі, фитоценоздарда түрлердің таралуы, өміршеңдігі, синузиясы жатады. Синтетикалық белгілеріне. Кездесуі, тұрақтылығы, жалрылығы. Аналитикалық белгілерін табиғатта кездестіруге болады, ал синтетикалық белгілерді алынған материалдарды камерада өңдегенде біле аламыз. Соңғы жылдары ғалымдар фитоценоздың физиологиялық қасиетін зерттеуге көңіл бөлуде. Мысалы: физиологиялық өнімділігі.
Фитоценоздардың құрамын сипаттайтын элементері мен белгілері
1. Фитоценоздардың маңызды белгісі.
Фитоценоздың құрамын оның мынадай элементтері және белгілері сипаттайды: 1) флоралық құрамы; 2) экобиоморфтық құрамы; 3) түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы; 4) фитоценозды құратын түрлердің ценопопуляцияларының қасиеттері.
2. Қауымның экобиоморфтық құрамы.
Экобиоморфа (экоморфа және биоморфадан: Быков; 1988) - белгілі бір сыртқы және биоценотикалық ортаның жағдайында табиғи сұрыптау нәтижесінде өсу формалары, биологиялық ритмдері және экофизиологиялық, соның ішінде ортаны жасаушылық ерекшеліктері ұқсас түрлердің жиынтығы. Түрлердің және формалардың ұқсастығы олардың жақындығымен (туыстығымен), ал оданда жиірек адаптациялық конвергенциясымен қамтамасыз етіледі. Соның салдарынан бір экобиоморфаға жататын түрлердің популяциялары биоценоздың құрылысын түзуде бір бағытта ұқсас қызметтер атқарады (заттар және энергия тасымалдауда, биоценотикалық ортаны жасауда тағы с. с. ) . Экобиоморфа - бұл биоморфа және экоморфаның бірлігі. Кәбінесе биоморфа (гректің bios - өмір және morphe - форма) түрлердің систематикадағы орнымен, олардың өсу формаларымен және биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы. Биоморфаның ерекше тобына мысалы, қыналар, мүктер, плаундар, папоротниктер жатады. Күрделі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде негізгі биоморфаларға ағаштар, бұталар, бұташалар, шөптер жатады.
Экоморфа (гректің oikos - үй, орын және morphe - форма) - сыртқы ортаның жағдайымен қарым-қатынасына байланысты тіршілік формасы. Мысалы, жер бетіндегі өсімдіктер үшін ең алдымен бұл ылғалдық. Ылғалдыққа қатысы жөнінде өсімдіктер мысалы, гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер және ксерофиттер болып бөлінеді. Сол сияқты жылуға, сортаңдыққа және субстратқа қатыстыда өсімдіктер тіршілік формаларына бөлінеді.
Фитоценоздар әдетте әртүрлі экобиоморфтарға жататын түрлерден тұрады. Бұл фитоценоздың құрылуының маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамының біркелкі еместігі ормандарда айқын көрінеді. Үйткені орман фитоценоздарының құрамына ағаштардан басқа бұталар, бұташалар, шөптер, мүктер, қыналар және балдырлар кіреді. Сонымен бірге көптеген орман типтерінде жоғарыда аты аталған тіршілік формаларының әрқайсысы өз кезегінде бірнеше экобиоморфалардан тұрады (мәңгіжасыл қылқанжапырақтылар, жапырағы түсетін ағаштар және тағы с. с. ) .
Шөптесін фитоценоздарды (шабындық, дала және тағы с. с. ) алсақ олардың да экобиоморфтық құрамы әртүрлі болады. Бұлардың құрамына кіретін өсімдіктердің өсу формаларына, тамырының тереңдігіне, көбею жолына, маусымдық вегетациясының ритміне қарай бір-бірінен үлкен айырмашылықтары болады. Олар өскен ортасының ылғалдылығына, сортандығына және тағы с. с. байланысты әртүрлі болып келеді.
Кейде өсімдіктер қауымының құрамына фитоценоздардың әртүрлі типтеріне сәйкес келетін өсімдік түрлері кіреді. Мысалы, шабындықта - шыбындыққа, орманға және далаға тән өсімдік түрлері кездеседі. Бұл ортаның біркелкі еместігіне ғана емес, сонымен қатар кейбір өсімдік түрлерінің бұл жерде бұрын болған өсімдіктерден қалған қалдықтар (реликт) екендігіне де байланысты.
3. Түрлердің ценопопуляцияларының қасиеттері.
Ценопопуляция (гректің koinos - жалпы және популяция) - фитоценоздың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы. Бұл түсінікті ғылымға енгізген Т. А. Работнов (1945, 1950) . Бірақ «ценопопуляция» деген термин кейінірек енгізілді (Петровский, 1961) .
Өсімдіктер қауымдарының популяциялық құрамын жан-жақты зерттеу оның қазіргі кездегі жағдайын, тарихын және даму тенденциясын білудің кілті болып табылады.
Фитоценоздарда өсімдіктердің әрбір түр особьтарының (дербес организмдерінің) саны өте көп болады. Олар бір-бірінен жасымен, тіршілік күйімен және орналасу ерекшеліктерімен ажыратылады. Фитоценозда популяция особьтары әр қалай орналасады. Сонымен ценопопуляцияның қасиеттері оның құрамына кіретін дербес организмдердің санымен, орналасу ерекшеліктерімен, жастық және тіршілік күйімен анықталады.
«Фитоценоздардың флоралық құрамы»
4. Өсімдіктер қауымдарының және ассоциациясының флоралық құрамы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz