Фитоценология туралы


Фитоценология туралы. Фитоценология - экологиялық географияның ең жас жөне шарықтап дамьш келе жатқан саласы. Оның негізгі мақсаты өсімдіктер кауымдастықтарьш зерттеп, олардың қалыптасуы мен дамуының себептерін ашу және шаруашылықта пайда-лануының жолдары мен тәсілдерін анықтау больш табылады.
Сонымен бірге фитоценология өсімдіктер қауымдастықтарының қайта қалпына келуін де зерттейді. Ботаникалық географияның басқа салаларымен бірге фитоценологияньщ ауылшаруашылық практикасында маңызы үлкен. Әсіресе шалғындарды, ормандарды, шөлдерді, шөлейтті, батпақты жерлердің және т. б. өсімдіктер жабыньш жан-жақты зерттеу және оларды шаруашылықта пайдалануды белгілі бір ғылыми жүйеге қою фитоценологияның жетістіктерімен байланысты. Фитоценоз - бұл белгілі бір территорияның бір тектес участоктерінде кездесетін өсімдіктердің тарихи қалыптасқан үйлесімді қарым-қатынасы болып табылады. Бұл анықтамада көңіл аударатын нәрсе мынау, фитоценоз -өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес, ол белгілі бір территориямен, басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланыста болатын, өмір сүріп отырған ортасына бейімделушіліктің негізінде қалыптасқан, ұзақ уақыттар бойы жүрген тарихи дамудың жемісі. Бір ғана түрден тұратын фитоценоздар бар. Мұндай фитоценоздарды ерекше орталарда, түрлердің біреуінің бейімделушілік қасиетінің жоғары болуының нәтижесінде, басқа түрлерден айқын артықшылығы болатын жағдайда кездестіруге болады. Бұған сор топырақтарда солянкалардың кейбір түрлерінің калың болып өсуі, қара өлеңшөптің (камыша озерного) жер асты суының жақын жатқан жерлерінде қалың қопа түзуі мысал болады. Тұрақты система ретінде, фитоценоздың ең маңызды қасиеттерінің бірі - оның өздігінен қалпына келуге қабілеттілігі. Өсімдіктердің өздігінен қалпына келуге қабілетсіз үйлесімділігінің фитоценоздардан айырмашылығы сол, оларды өсімдіктердің топтары (группировки) деп атайды. Фитоценоздарды универсалды бағдарламамен зерттейді. Ең алдымен олардың структурасын зерттеуге: түрлерінің құрамына, ярустығына (жер беті бөлігі мен тамыр системаларының), осы фитоценоздың түзілуіне жекелеген түрлердің қатысына, жекелеген түрлердің өмірлік формаларына және басқа да параметрлеріне көңіл бөледі. Фитоценологтардың басты мақсаты шалғындарды, ормаңдарды, тундраны, шөлейтті, шөлдерді және өсімдіктер жабынының басқа типтерін (оның ішінде мысалы, ауылшаруашылық дақылдары мен ағаштардың көшеттерімен ауыстырылғандары да бар) тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Фитоценологтар агрономдармен, топырақтанушылармен, экологтармен, өсімдік шаруашылығын жақын арада қалайда жолға қоюдың жоспарын жасау үстінде. Олар шөлді және шөлейт аймақтарда, қорықтарда жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге олар ауылшаруашылығына пайдалы жерлерді дұрыс жоспарлауға (пландауға) және үлкенді-кішілі қалаларды, елді мекендерді, үлкен кен орындарын игеруге байланысты бүлінген жерлерді (террикондарды, золоотвалдарды, хвосто-хранилищелерді) көгалдандырудың жоспарларын жасауға қатысады.
Табиғи және адам қолымен жасалған фитоценоз типтерін зерттеу ( өсімдіктер жамылғысының фитоценологиялық құрамын анықтау) ; Фитоценоздың құрылысын және флористикалық құрамын анықтау; Өсімдіктер жамылғысының фитоценологиялық құрамының, фитоценоздың флористикалық құрамы және олардың құрылысының, топографиялық және климаттық жағдайға байланысты таралуын және кеңістіктік байланыстылығын, ортаның биотикалық факторы және адамзат қызметімен байланыстылығын (таралу заңдылығы, фитоценоз топографиясы және географиясы, геобиотикалық аймақтарға бөлу, өсімдіктерді картаға түсіру) анықтау;
Ішкі және сыртқы факторларға байланысты ( генезис және өсімдіктер эволюциясы, фитоценоз динамикасы, сукцессиялық қатар) фитоценоздың ауысуы және өзгеруін, қалыптасуын зерттеу; Әсер етуші жағдайларға байланысты фитоценоздағы өсімдіктердің өзара өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері(өсімдіктердің фитоценотикалық арақатынасына талдау) ; әсері, өзара.
Фитоценоз және орта арасындағы өзара бірлестік және өзара әсер жөнінде зерттеу (фитоценоз синэкологиясы) ; Өсімдіктер жамылғысының геологиялық және тарихи өткен жағдайларын қазіргі өсімдік жамылғысымен салыстыру (өсімдіктер тарихы) ; Әр түрлі деңгейдегі және түрлі систематикалық топтағы фитоценоздарды тұтас классификациялық бірлікке біріктіру (өсімдіктерді жүйелеу және жіктеу) ; Өсімдіктерді экономикалық (шаруашылықтық) бағытта қарастыру және оларды жақсарту жолдары, салыстырмалы тиімді орналастыру және пайдалану(қолданбалы геоботаника) ;
Фитоценоздың құрамы мынадай элементтерден тұрады:
1. Флоралық құрамы;
2. Экобиоморфты құрамы;
3. Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы;
4. Фитоценозды құрайтын түрлердің ценопопуляциялық қасиеттері;
Өсімдіктің флоралық құрамын зерттеген кезде біріншіден фитоценоздың немесе ассоциацияның флоралық құрамына көңіл бөлу керек.
« Ассоциация» сөзі латын тілінен аударғанда « қосылу, қосылған » деген мағынаны береді. Ол - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз - белгілі орында табиғи пайда болатын белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі қауым. Фитоценозды зерттеуді оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің тізімін жасаудан бастау керек.
Флоралық құрам фитоценоздың маңызды белгісі. Көбіне сипаттама бергенде күрделі өсімдіктер мен қыналардан басқа қауымның құрамына балдырлар, саңырауқұлақтар және актиномицеттер кіреді.
Фитоценоздың флоралық құрамы дегеніміз - онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығы. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан, қауым туралы толық мағлұмат алу үшін оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білу қажет. Көптеген өсімдіктер вегетациялық кезеңді әртүрлі уақытта өткізеді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін ондағы түрлерді толық тізімге алу немесе инвентаризация жұмысын 2 мезгілде жүргізу керек: көктемде - жазда, көктемде - жазда және күзде. Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың ( diaspora грек тілінен аударғанда «таралу», өсімдіктің таратылуға арналған кез - келген бөлігі ) келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп - өсе алатындығына байланысты анықталады.
Флоралық байлық - белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп, жетілген түрлердің сандық көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау жүргізу үшін әрбір систематикалық топтың - қынаның, мүктің т. б. топтардың түрлерінің санын есептеп шығару керек. Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай және күрделі болып бөлінеді. Жай фитоценоз бір немесе бірнеше түрден, күрделі көп түрден тұрады. Әсіресе орман флорасы бай флоралық құрамға жатады.
Л. Т. Раменский 1924 жылы флоралық құрамы толық және толық емес деген фитоценоз түрлерін бөлді. Өмір сүруге қабілеті бар кейбір түрлер кірмей қалса, оны Раменский толық емес деп атады. Фитоценозға адамдардың басқа жақтан алып келген өсімдік түрлерін кіргізу - интродукциялау соңғы кезде жиі кездеседі. Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% - ке жуығы кездесетін қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейді. Ал ассоциацияны анықтау ауданы дегеніміз - ассоциацияның барлық негізгі белгілері айқындалатын ең аз ауданды айтамыз. Флоралық байлықты табу ауданы флораны құрайтын өсімдіктің мөлшеріне, үлкен - кішілігіне, өсу молдығына және таралуының біркелкілігіне, тіршілік ету жағдайының бірыңғайлығына байланысты.
Флораның толықтығы . Флоралық байлықты табу ауданының мөлшері өсімдіктің типтеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қауымның флоралық толықтығын анықтауда түрлерді санау оның барлық ауданында немесе оның бір бөлігінде жүргізіледі. Қауымның флоралық толықтығы дегеніміз - ол белгілі бір аудан көлемінде өсетін түрлердің саны. Далалық жерлерде қауымның флоралық толықтығы 1 шаршы метр көлемінде 12 - ден, құрғақ далада, бозды далада 60 - қа дейін, шалғынды далада 80 - ге дейін өзгеріп отырады. Ассоциацияда кездесетін әрбір түрдің маңызды белгісі - оның тұрақтылығы. Ассоциацияны сипаттағанда түрдің тұрақтылығы % - пен көрсетіледі. Тұрақтылық дәрежесі 10 балдық шкаламен белгіленеді.
Экобиоморфа - белгілі бір сыртқы және биоценотикалық ортаның жағдайда табиғи сұрыптау нәтижесінде өсу формалары, биологиялық ритмі және экофизиологиялық, соның ішінде ортаны жасаушы ерекшеліктері ұқсас түрлердің жиынтығы. « Экобиоморфа » гректің
« эко - өмір, био - өсімдік » деген сөздерінен шыққан. Биоморфаның ерекшк түріне қыналар, мүктер, папоротниктер жатады. Экоморфа - сыртқы ортаның жағдайымен қарым - қатынасына байланысты тіршілік формасы. Ең алдымен оған ылғалдылық жатады.
Фитоценоздың флоралық құрамнан басқа белгісі - түрлердің ара қатынасы. Бір түр басқалармен салыстырғанда басым болады, оны доминантты деп атайды. Санына қарай моно немесе полидоминантты фитоценоз ажыратылады. Фитоценоздағы ценотикалық маңыздылығы әртүрлі тұрлер фитоценотиптер деп аталады. Соның ішінде Сукачевтің, Раменскийдің, Быковтың классификациялары жиі қолданылады.
Сукачев фитоценозда 2 топты ажыратады:
1. Эдификаторлар - қауымды жасаушылар, құраушылар;
2. Ассектаторлар - қауымды құрауға қатысушылар.
Раменский фитоценозды 3 - ке бөлді:
1. Виоленттер
2. Патиенттер
3. Эксплерентті
Быков фитоценозды 5 -ке бөлген:
1. Кондоминанттар
2. Доминанттар
3. Субдоминанттар
4. Эзодоминанттар
5. Ингредиенттер
Ценопопуляция дегеніміз - (грекше «ценоз» - жалпы) фитоценоздың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы. Ценопопуляцияны ғылымға енгізген 1945 - 1950 жылдары Роботнов, ал толық түсінік берген 1961 жылы Петровский.
Фитоценоздың структурасы.
Структура латын тілінен аударғанда « құрылысы, орналастыру» деген мағынаны білдіреді. Фитоценоздың структурасында төмендегідей топтарды атауға болады:
1. Фитоценоздың морфологиясы немесе кеңістіктегі синморфология;
2. Фитоценоздың храналогиялық структурасы немесе фитоценоздың өзгергіштігі;
3. Эколого - биологиялық структурасы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz