Геоботаника пәннің оқу-әдістемелік кешені


1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары
Геоботаника міндеті мен мақсаты. Даму тарихы .Басқа ғылымдармен байланысы.
Өсімдік географиясы жер бетіндегі өсімдіктердің таралуы мен бөлінуін және таралу заңдылықтарын зерттейді. Бұл міндеттер орындалу үшін өсімдіктер әлемінің даму тарихын және жер бетінің геологиялық тарихын зерттеумен тығыз байланысты. Сондықтан геобатаника филогенетикалық ғылым болып саналады. Ең алғаш геоботаникалық зерттеулер теңіз жағалауларында жүргізілді. А. Македонский 334 жыл бұрын Орталық Азия даласымен Индияның тропикалық ормандарындағы өсімдіктерді зерттеп, осы екі ауданнан жиналған материалдарды салыстырды. 1807 ж. алғаш рет Гумбольд геоботаниканы нағыз ғылым саласы ретінде қарайды да өсімдіктер географиясы туралы идеясын жарыққа шығарды. Академик П. Палластың, Гмелинаның Россияның флорасын зерттеу туралы бірнеше ғылыми еңбектері жарыққа шықты.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 18 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Оқу әдістемелік кешенінің ПОӘК ПОӘК
құжаты 3 деңгейлі 042-14-4.04.01.20.11103-20
12
ПОӘК 1 басылым
Геоботаника пәнінің
оқу-әдістемелік құжаттар
жиынтығы

050607 – "Биология" мамандығына арналған

"Геоботаника"

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР

СЕМЕЙ – 2012

Мазмұны

1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

1. Глоссарий
Андроцей - бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы.
Апомиксис – ұрықтың ұрықтану процесінсіз пайда болуы.
Амилопластар – крахмал жинайтын лейкопластар.
Гифалар – саңырауқұлақтардың денесін түзетін жіңішке жіп тәрізді жасушалар.
Геотропизм - өсімдік органдарының кеңістікте белгілі бір бағытта өсуге
қабілеттілігі.
Гетерофилия - өсімдікте әртүрлі жапырақтылық.
Гинецей – бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы.
Гаметофит - өсімдіктің жынысты ұрпағы.
Калеоптилия - өсімдіктің сыртқы ұрықтық жапырақшасы.
Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар немесе
ұрпақтар.
Микроспорофилл – жапырақтың өзгерген түрі, онда микроспорангилер түзіледі.
Мегаспорофилл – құрылысы жапырақ тәрізді орган, онда тұқым бүршіктері
жетіледі.
Плазмодесмалар – жасушаның қабықшалары арқылы өтетін және екі жақын жатқан
жасушаларды жалғастырып тұратын цитоплазманың жіңішке жіпшелері.
Паренхималы жасушалар – ұзындығы енімен бірдей жасушалар.
Прозенхималы жасушалар – ұзындығы енінен бірнеше есе артық жасушалар.
Партеногенез – еркектің гаметасынсыз ұрғашының гаметасынан организмнің
дамып өсуі.
Полиплоидия – гаплоидтық жиынтықпен салыстырғанда хромосомалар санының
өсуі.
Субмикроскопиялық – Жасуша компаненттерінің электронды микроскоппен
қарағанда, басқаша айтқанда он және жүз есе үлкейткенде ғана көрінетін жұқа
құрылысы.
Спорофит - өсімдіктің жыныссыз ұрпағы.
СеДәріс – мал тұқымын, өсімдіктер сорттарын микроорганизмдердің,
бактериялардың және вирустардың расаларын өзгертетін ғылымның саласы.
Таллом – төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесі.
Телу – бір өсімдіктен ойып алған бүршіктің немесе сол өсімдіктің сабағынан
дайындалған қалемшенің екінші өсімдіктің сабағымен жымдасып бірігіп кетуі.
Тіршілік формалары – белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен
қалыптасұан, өсімдіктің сыртқы формасы.
арқылы дамуы.

2. Дәрістер
Тақырып 1. Геоботаника міндеті мен мақсаты. Даму тарихы .Басқа ғылымдармен
байланысы.
Өсімдік географиясы жер бетіндегі өсімдіктердің таралуы мен бөлінуін және
таралу заңдылықтарын зерттейді. Бұл міндеттер орындалу үшін өсімдіктер
әлемінің даму тарихын және жер бетінің геологиялық тарихын зерттеумен тығыз
байланысты. Сондықтан геобатаника филогенетикалық ғылым болып саналады. Ең
алғаш геоботаникалық зерттеулер теңіз жағалауларында жүргізілді. А.
Македонский 334 жыл бұрын Орталық Азия даласымен Индияның тропикалық
ормандарындағы өсімдіктерді зерттеп, осы екі ауданнан жиналған
материалдарды салыстырды. 1807 ж. алғаш рет Гумбольд геоботаниканы нағыз
ғылым саласы ретінде қарайды да өсімдіктер географиясы туралы идеясын
жарыққа шығарды. Академик П. Палластың, Гмелинаның Россияның флорасын
зерттеу туралы бірнеше ғылыми еңбектері жарыққа шықты.
1972 ж. шетел ғалымы Вильденов “Основы травовведение’’деген
еңбегінде биологияның 3саласын қамтыған. Олар: флоралық, экологиялық және
тарихи география.
К.Вильденов пен А.Гумбольд өсімдіктер географиясын күрделі
кешен деп қарастырады және 3 бөлімге бөлді: - флоралық; тарихи;
экологиялық.
3 бөлім
тығыз байланысты.
Белгілі бір жер көлеміндегі немесе аудандағы тіршілік ететін
түрлердің орналасуын ареал дейді. Осы ареалды зерттейтін сала-флоралық
география. Ареал латын тілінен аударғанда аудан дегенді білдіреді. Флоралық
география 2 мәселені қарастырады:
1. Жекелеген түрлердің таралуы;
2. Өсімдіктер топтарының таралуын зерттеу.
Ареалды зерттеу жеткіліксіз. Ареалдың конфигурациясы неліктен
пайда болды деген сұраққа экологиялық география жауап береді. Ареалдың
ауданы сыртқы ортамен тығыз байланысты. Экологиялық география 4 бөлінеді: -
аутэкология-өсімдіктердің жеке түрлерін зерттеу.
- синэкология-өсімдік топтарын зерттеу.
- Ауыл шаруашылық экологиясы.
- Фитоценология.
Фитоценология немесе геоботаника өсімдіктер қауымдастығы
туралы ғылым. Зерттейтін объектісі-фитоценоз. Міндеті: фитоценоздың
құрамын, құрылымын, ішкі ерекшелігін, ортасын, реттелуін, өнімділігін,
дамуын, географиясын, дұрыс қолданылуын және қорғауды зерттейді.
Геоботаникалық зерттеулер барлық континенттерде және барлық
елдерде жүргізілді. Бұл жұмысты жүргізуші ғалымдардың көзқарастары мен
зерттеу бағыттары әр түрлі.
1. Фитоценологиялық- В.Н. Сукачев, В.В.Лехин, Е.М.Лавренко
2. Биоценологиялық- В.Г.Карпов, В.Н.Сукачев
3.Экологиялық ординациялық-Л.Н.Соболев,
4. Ландшафты филогенетикалық-Т.И.Исаченко, С.А.Грибова
5. Статистикалық-геоботаникалық зерттеудің математикалық
әдісі. В.М.Миркин, В.И.Василевич.
Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.
Тақырып 2. Фитоценоз. Фитоценоз туралы түсінік.
Фитоценоз – белгілі бір территорияның біртектес участоктерінде енздесетін
өсімдіктердің тарихи қалыптасқан үйлесімді қарым-қатынасы.
Фитоценоз - өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес. Ол белгілі бір
территориямен басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланыста болатын
өмір сүріп отырған ортасына бейімдеушіліктің негізінде қалыптасқан ұзақ
уақыттар бойы жүрген тарихи дамудың жемісі.
Бір ғана түрден тұратын фитоценоздар бар мұндай фитоценоздарды
ерекше орталарда түрлердің бейімдеушілік қасиетінің жоғары болуының
нәтижесінде басқа түрлерден айқын айырмашылығы болған жағдайда кездестіруге
болады. Мысалы:бұған сор топырақтарда солянкалардың кейбір түрлердің қалың
болып өсуі. Тұрақты жүйе ретінде фитоценоздың ең маңызды қасиетерінің бірі-
оның өздігінен қалпына келуге қабілеттілігі. Фитоценологтар ең алдымен
фитоценоздың структурасын зерттеуге, түрлердің құрамына, ярустығына, осы
фитоценоздың түзілуіне түрлердің қатысына, фитоценоз аспектісіне,
өміршеңдігіне көңіл бөлді.
Жердің өсімдік жамылғысы әр түрлі көптеген фитоценоздардан тұрады. Әр
түрлі белгілеріне қарап фитоценоздарды бөлуге болады. Бұл белгілердің
жиынтығы фитоценоздың жалпы құрылымын, яғни морфологиясын анықтайды.
Фитоценоздарды аналитикалық және синтетикалық деп бөледі.
Аналитикалық белгілеріне: фитоценоздың түрлік құрамы, ярустығы,
ауданы, аспектісі, фитоценоздарда түрлердің таралуы, өміршеңдігі, синузиясы
жатады. Синтетикалық белгілеріне. Кездесуі, тұрақтылығы, жалрылығы.
Аналитикалық белгілерін табиғатта кездестіруге болады, ал синтетикалық
белгілерді алынған материалдарды камерада өңдегенде біле аламыз. Соңғы
жылдары ғалымдар фитоценоздың физиологиялық қасиетін зерттеуге көңіл
бөлуде. Мысалы: физиологиялық өнімділігі.
Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.
Тақырып 3. Фитоценоздың құрамы - синморфология.
Өсімдіктердің тіршілік формалары. Экобиоморфа.
Табиғатта фитоценоздың түрлі көптеген формалары кездеседі. Оның пайда болуы
және дамуы қоршаған ортаға соның ішінде климатқа, жер бетінің геологиялық
ерекшелігіне байланысты.
1803ж. Гумбольд морфологиялық белгілеріне қарай өсімдіктердің 17
тіршілік формалары анықталды. Кейінірек 1962 ж. И.Г.Серебряковтың
өсімдіктердің тіршілік формаларының классификациясы жасалды. Ол тіршілік
формаларын 8 топқа бөлді:
1. ағаштар- бұған бір ғана діңі бар тік өсетін ағаштар
2. бұталар- а) толығымен сүректенген бұтақтары ұзын болып келеді.
б) жартылай паразитті және паразитті бұталар.
3. бұташықтар- діңі болмайды, осьы дамудың алғашқы сатысында ғана
болады дами келе жойылып кетеді.
4. жартылай бұталар, жартылай бұташықтар
5. шөптесін поликарбтылар
6. монокарбты- өмірінде бір рет ғана гүлдеп жеміс береді.
7. суда да құрлықта да өсетін өсімдіктер.
8. судың астында және жүзіп жүретін өсімдіктер.
1918ж. Раункиер классификациясы бойынша өсімдіктердің тіршілік
формаларын жіктеу.
1. террафиттер- бір жылдық өсімдіктер, тұқым немесе спора күйінде
қыстап шығады.
2. гидрафиттер
3. геофиттер- жер астындағы өсімдіктер.
4. гелиокриптофиттер- қыстап шығатын бүршік, түйнектері
қабыршақтармен қапталған. Жер бетімен бірдей болып орналасқан.
5. хамефиттер-қыстап шығатын органдары қабыршақпен қапталады. Жер
бетінен көтеріңкі орналасқан.
6. фанерафиттер-қыстап шығатын органдары қабықпен қапталған. Жер
бетінен жоғары, биік орналасқан (ағаштар, бұталар).
7. эпифиттер-жартылай паразит өсімдіктер жатады.
ХIХ ғ. Аяғында өсімдіктерді су жағдайына қарай ксерофиттер,
мезофиттер, гидрофиттер деп жіктеді. Қазіргі кезде өсімдіктерді
температураға қарай жіктеді.
1. гипергекистотермофиттер-5 жоғары ыстықта тіршілік ететін
өсімдіктер.
2. гекистотермофиттер-5-10
3. микротермофиттер-10-15
4. мезотермофиттер-15-20
5. меготермофиттер – 20-25
6. гипотермофиттер – 25 жоғары.
Экобиоморфо – биологиялық ритмдері және өсу формалары ұқсас сонымен
қатар физиологиялық қабілеттіліктері ұқсас түр жиынтығы. 1970ж. Быковтың
экобиоморфо классификациясы:
1. қыналар экобиоморфо бөлімі: бұталы, жапырақты, қаспақты.
2. мүктер экобиоморфо бөлімі.
3. папоротниктәрізділер экобиоморфосы.
4. жалаңаштұқымдылар экобиоморфосы.
5. даражарнақтылар экобиоморфосы.
6. қосжарнақтылар экобиоморфосы.
Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.
Тақырып 4. Фитоценоздың құрылысы. Фитоценоздың түрлік құрамы. Фитоценоздың
ярустылығы.
Фитоценозда жоғары дәрежелі маңызды саны бойынша немесе биомассасы
бойынша топырақ бетін жабу дәрежесі бойынша басым түрлерді алады. Мұндай
түрлерді доминанттар деп атайды. Олар фитоценоздың міндетті түрдегі
элементтері болып табылады. Өсімдіктер түрлерін оның компоненті деп
аталады. Фитоценоздың негізін құрвйтын осы компоненттерді эдификаторлар деп
атайды. Мысалы: шалғындық фитоценозда костер безостый, лисохвост луговой.
Фитоценозды қалыптастыратын өсімдік түрлері жер бетінде әр түрлі
биіктікте таралған, ал олардың тамырлары жер астында топырақтың әртүрлі
тереңдіктерінде орналасады. Бұл құбылыс ярустылық деп аталады. Ярустылық
жер үсті және жер асты ярустылық болып бөлінеді. Жер үсті ярустылығының
саны 1-8-е дейін ауытқиды. Жалпы орманнан мынадай ярустылықты көруге
болады: 1.6 м жоғары ағаштар.
2. 6 м төмен ағаштар.
3. 2 м-ге дейінгі бұталар.
4. 0,8 м шөптесін өсімдіктер.
5. 30 см болатын өсімдіктер.
6. 10 см шөптесін өсімдіктер.
7. топырақта жанасып өсетін өсім
Өсімдіктің тамыр жүйесін қазғанда жер асты ярустарын ажыратуға
болады. Мысалы: жалпақ жапырақты орманда:
1 ярус: будралар
2 ярус: папоротниктер
3 ярус: бұта тамырлары
4 ярус: ағаш тамырлары- ең терең ярусты құрайды.
Фитоценоздың ярустылығын зерттеу тек ғана геоботаниктерді ғана емес
эколог, агрономдарды да қызықтырды. Себебі: фитоценоздардың ярустығы мен
өнімдерінің арасында қарым-қатынасбар. Бұл теориялық және практикалық
жағынан да маңызы зор.
Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.
Тақырып 5. Фитоценоздың құрылысы. Фитоценоздың аспектісі. Фитоценоздың
өміршеңдігі. Жиілігі. Синузия.
Фитоценозды сипаттағанда міндетті түрде оның құрамындағы жекелеген
түрлердің таралуына көңіл бөлу. Кейбір түрлер фитоценоздың бүкіл аудаында
бірыңғай мөлшерде таралады. Ал кейбірі 2-3 жерінде кездеседі. Ал тағы
біреулері топталып өседі. Фитоценозда өсімдіктердің әр түрлі таралуы түрдің
биологиялық ерекшеліктері және әртүрлі микроклиматтық жағдайларға
байланысты.
Әрбір фитоценозда өсімдіктердің вегетациялық период аралығындағы
фенологиялық фазалардың ауысымы болады. Кейбір өсімдіктер жаңа гүлдеп жатса
екіншілері сол уақытта тіршілігін тоқтатып жатады немесе кейбірі жаңадан
өсіп келе жатады. Осындай маусымға байланысты фитоценоз сипаты оның сыртқы
көрінісі, яғни аспектісі әр түрлі болуы мүмкін. Фитоценоз аспектісі
дегеніміз-оның сырт көрінісі әр даму сатысындағы физиономиясы.
Фитоценоздағы өсімдіктер қауымдастығын зерттенгенде оның
барлығы бірдей даму сатыларын жақсы өткізбейтіндігін байқауға болады.
Біреулері гүлдегеннен тұқым бергенге дейін барлық фазалардан табысты өтсе.
Екіншілері тіпті өскін стадиясында тіршілігін тоқтады, яғни бұл
фитоценоздың экологиялық жағдайы, кейбір түрлері біріншісіне жағымды,
кейбіріне жартылай жағымды, үшіншісіне жағымсыз әсер етеді. Бұдан фитоценоз
шеңберіндегі түрлердің өміршеңдігінің әртүрлілігін көреміз. Түрлердің
өміршеңдігі осы фитоценоз экологиясына түрдің бейімделу көрсеткіші.
И.Браун Бланке және Павиар өміршеңдік градациясын былай
жіктейді:
1. Өсімдік фитоценозда барлық баму циклын өткізеді.
2. Өсімдік фитоценозда жартылай даму циклын өткізеді.
3. Өсімдік кейде ғана өскін береді, бірақ кейінірек тіршілігін
тоқтатады.
Бұл келтірілген жіктеу немесе сипаттама басқа өміршеңдік көрсеткіштерін
есепке алмай жасаған. Олар: аурулар мен зиянкестерге қарсы тұруы, ыстыққа,
суыққа т.б. бейімделуін есепке алмағанда.
Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.
Тақырып 6. Фитоценоздың ортасы- синэкология. Эдасфера ценготикалық орта
ретінде. Филосфера. Ризосфера.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің көптеген түрлерінде ассисиляциялық
өнімдермен қамтамасыз ететін жақсы дамыған қабығы болады. Өсімдік қабығы
өзінің физикалық қасиетімен және биологиялық ерекшелігімен ерекше сфера
–филосфераны құрады. Көп тарамдалған тамыр, тамыр түктері су мен минералды
заттарды сіңіре отырып топырақ құрамын өзгертеді. Тамырдың таралу ауданында
топырақ түзілуі және заттардың миграциясы процессі жүреді. Бұл
өсімдіктердің тіршілік әрекетінің ерекше сферасы ризосфера болып табылады.
Өсімдік өзінің айналасында орта жағдайы өзгертілген сфера немесе
эдасфераны түзеді. Эдасфера қуысында әртүрлі организмдер паразиттер,
сапрофиттер, квартиранттар және әртүрлі жануарлар болады. Кез келген
көпжасушалы организмдер тірі ұлпасынан басқа, біраз мөлшерде өлі ұлпасы
болады. Ал өсімдіктердің өлі ұлпалар мөлшері 50 пайыздан асып кетеді. Кез
келген өсімдікте бір жағында өсу зонасы болса, келесі жағында тірі ұлпалар
өлімге айналып және олардың ыдырауы жүреді.
Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.
Тақырып 7. Фитоценоздың ауа ортасы. Жарық режимі.Ауа құрамы. Ауа ағыны.
Фитоценоздың ауа ортасының оны қоршаған атмосферадан айтарлықтай
өзгешелігі болады. Ценотикалық орта сыртқы ортадан тіпті өте аз өзгеретін
фактор атмосфералық ауаның молекулалық құрамы бойынша да ерекшеленеді.
Орманда көмірқышқыл газының мөлшері ярустан ярусқа дейін де өзгереді.
Топыраққа жақын өсімдік жамылғысы аз жерлерде СО2 мөлшері 0,08 % құрайды.
Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайдағыдан 3 есе көп. Ал ағаштардың ұшар басында
СО 2 мөлшері 0,02 % дейін төмендейді. Бұл фотосинтезге жұмсалуына
байланысты. Фитоценозда СО2 ішкі айналымда болады. Ол әсіресе жануарлар мен
микроорганизмдер тыныс алғанда бөлінеді және фитоценотикалық ортадан
фотосинтез процесінде қайта алынады. Өсімдік фитоценотикалық ауа ортасын
әртүрлі ұшқыш органикалық заттар фитонцидтермен қамтамасыз етеді.
Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.
Тақырып 8. Топырақ ценотикалық орта ретінде. Топырақ түзілісі.
Биоценотикалық горизонттар.
Фитоценоздың топырақ түзушілік ролі топырақ бетіне бұтақтардың,
гүлдердің, тұқымның, тозаңның және өсімдіктердің қабықтарының қалдықтарының
түсуінен басталады. Тропикалық ормандарда қалдықтар мөлшері жыл сайынғы
гектарына 12 тоннаны құраса, ал шөлді жерлерде 3 тга. Топырақ түзушілік
процеске тек өсімдіктердің қалдықтары ғана қатыспайды, сонымен қатар жер
астындағы өсімдік тамырлары мен топырақ жануарларының қалдықтары да
қатысады.
Топырақтың органикалық заты-гумус. Даланың қара топырағында 1 метрлік
топырақ қабатында қара топырақ мөлшері 700 тга болады. Ал шөлді жерлердің
сұр –қоңыр топырақтарында 75 тга болады. Гумус феноль типті ароматты
қосылыс. Оған гумин, ульмин, апрокрин қышқылы және гумин, ульмин жатады.
Бұлар жануар және өсімдік тектес ұқсас органикалық заттардың күрделі
өзгерісініңі нәтижесі.
Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.
Тақырып 9. Ценотикалық ортаның су ерекшеліктері. Су режимінің типтері.
Алелопатия. Неорганикалық биолиндер. Органикалық биолиндер.
Фитоценоздың су ролі топырақ бетіне бұтақтардың, гүлдердің, тұқымның,
тозаңның және өсімдіктердің қабықтарының қалдықтарының түсуінен басталады.
Тропикалық ормандарда қалдықтар мөлшері жыл сайынғы гектарына 12 тоннаны
құраса, ал шөлді жерлерде 3 тга. Топырақ түзушілік процеске тек
өсімдіктердің қалдықтары ғана қатыспайды, сонымен қатар жер астындағы
өсімдік тамырлары мен топырақ жануарларының қалдықтары да қатысады.
Топырақтың органикалық заты-гумус. Даланың қара топырағында 1 метрлік
топырақ қабатында қара топырақ мөлшері 700 тга болады. Ал шөлді жерлердің
сұр –қоңыр топырақтарында 75 тга болады. Гумус феноль типті ароматты
қосылыс. Оған гумин, ульмин, апрокрин қышқылы және гумин, ульмин жатады.
Бұлар жануар және өсімдік тектес ұқсас органикалық заттардың күрделі
өзгерісініңі нәтижесі.
Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.
Тақырып 10. Ценоиндикация. Ценотикалық ортаны зеттеу
әдістері.Фитоценоздың су жағдайларын зерттеу. Фитоценоздың ауа ағынын
зерттеу.
Автотрофты организмдер қарапайым неорганикалық заттардан күн сәулесі
қуатының қатысымен органикалық затты синтездейді.гетеротрофты организмдер
автотрофтар өндірген дайын органикалық затпен қоректенеді. Олар органикалық
затты қолдану тәсіліне қарай биотрофтар және сапротрофтар деп бөлінеді.
Биотрофтар тірі организмдердегі органикалық затты қолданады, ал
сапротрофтар өлі ұлпалармен қоректенетіндер. Автотрофтыларды екіге
ажыратады: Фотоавтотрофтылар және хемоавтотрофтылар. Фотоавтотрофтылар
өзінің қоректенуін органикалық заттарды күн сәулесіә қатысымен синтездеп
жүзеге асырады, яғни фотосинтез нәтижесінде. Өсімдікте бұл үшін бірқатар
активті пигменттер бар. Барлық автотрофты организмдерді тіршілік әрекетінің
өнімдеріне қарай продуценттер деп атайды.
Қолданылған әдебиеттер: 1.2.3.4.

Тақырып 11.12. Фитоценоздағы биологиялық процестер- синбиология.
Өсімдіктердің көбеюі. Қауымдастықтағы организмдрдің трофикалық
байланыстары. Автотрофтар. Гетеротрофтар. Мутуализм. Сапротофтар.
Біздің планетамызда тіршіліктің дамуы организмдердің бір-бірімен
байланысынан ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Модульдегі пәннің оқу әдістемелік кешені
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "қаржы"
«Психофизиология» пәннің оқу әдістемелік кешені
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бизнесті моделдеу»
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Бизнесті моделдеу туралы ақпарат
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «банкроттық және кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру»
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь