Регионалды флористика оқу-әдістемелік құрал
КІРІСПЕ..
1 тақырып «Флора» және «өсімдіктер» туралы түсінік ..
2 тақырып Экологиялық факторлардың топталуы.
З тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары.
4 тақырып Фитоценоз туралы түсініктер.
5 тақырып Фитоценоздардың қалыптасуы
6 тақырып Фитоценоздың құрамы.
7тақырып Фитоценоздар географиясы...
8 тақырып Ареалдың қалыптасуы..
9 тақырып Ареалдың бөлінуі..
10 тақырып Вегенер теориясы..
11тақырып Эндемизм. Реликт және викаризм.
12тақырып Өсімдіктер жабындарының зоналығы.
1Зтақырып Дала өсімдіктері..
14тақырып Шөл және шөлеитті жерлер өсімдіктері..
15тақырып Тайга, тундра..
Тәжірибиелік жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары..
1 тақырып Ботаникалық географиясының элементтері.
2 тақырып Өсімдіктердің экологиялық топтары.
3 тақырып Абиотикалык факторлар. Биотикалық факторлар..
4 тақырып Геоботаника негіздері. Фитоценоз құрамы
5 тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары...
6 тақырып Фитоценоздардың ауысуы..
7 тақырып Өсімдіктер фенологиясы
8 тақырып Фитоценоздың флоралық құрамы және зерттеу әдістері.
9 тақырып Қостанай жерінің тарихы, физико.географиялық жағдайы ... ... ...
10 тақырып Флоралық байлығы..
11 тақырып Өсімдіктер зоналары мен биіктік белдеулері ... ... ... ... ... ... ... ... .
12 тақырып Жер бетіндегі флоралық облыстар.
13 тақырып Флоралық толыктығы...
14 тақырып Өсімдіктердін жеке дамуының кезеңдері мен тіршілік күйлері...
15 тақырып Фитоценоздардын өнімділігі ... .
Зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары...
1 тақырып Қарағайлы орман ... ... ... ... .
2 тақырып Аралас орманның өсімдіктері ...
3 тақырып Көгалдық.шалғындық өсімдіктер..
4 тақырып Дала өсімдіктері ... .
5 тақырып Су жағалауында, ағын су және тосқауыл су қоймаларының өсімдіктері...
6 тақырып Арам шөптер мен жол жиектерінде кездесетін өсімдіктер ... ... ...
7 тақырып Симбиоздык (селбестік), өсімдіктер..
8 тақырып Паразиттік және жартылай паразиттік өсімдіктер.
9 тақырып Пайдалы өсімдіктер...
10 тақырып Улы өсімдіктер.
11 тақырып Сирек кездесетін жойылып бара жатқан өсімдіктер..
12 тақырып Эндемик өсімдіктер...
13 тақырып Реликтік өсімдіктер.
14 тақырып Себілген мал азықтық шөптер..

Ботаника ғылымдарының алдында тұрған мақсаттың бірі адам өміріне қажетті табиғи өсімдіктер қорын толық зерттеу болып табылады. Осыған байланысты әртүрлі өсімдіктер тобын, Қостанай аумағында зерттеп, біздің өңірде пайдаланылмаған өсімдік түрлеріне ерекше көңіл аудару қажет.
Адам қоғамының өркені табиғи ортаның өзгеруіне күшті әсер етуіне байланысты табиғи қалыптасқан өсімдіктер тез, қауырт өзгерістеріне әкеп соқты. Соның нәтижесінде кей аудандарда мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи ландшафт бұзылды. Әсіресе кейінгі бір жиырма жылда өсімдіктерді жинап, олардың тіркелуінің жүргізу жұмыстары болмады. Өсімдіктердің әртүрлі тобын, жан-жақты терең флоралық зерттеулер жүргізу, белгілі бір жер көлеміндегі нақты түр құрамын, таралуын, экологиялық ерекшелігін, химиялық құрамы мен практикалық маңызын анықтау, ботаника ғылымының дамуында ерекше орын алды.
Автордың негізгі мақсаты студенттерді республикамыздың Қостанай аудандарында таралған практикалық маңызы зор, жеткілікті зерттелмеген, тіпті кейбір аймақтарда зерттелмей қалған өсімдіктермен таныстыру.

1. Мухитдинов Н. Геоботаника негіздері. Алматы: 1992.-193 бет.
2. Сағындықов Ж. Өсімдіктер географиясы /оқулық/. — Алматы 1997, 277бет.
3. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы: Дәуір, 2005,- 512 бет.
4. Остенова Г.С.,Бозшатаева Г,Т. Экология. /оқулық/, - Алматы: Экономика, 2002.- 405 бет.
5. Асанов Қ.Ә., Елешев Р.Е., Алимаев И.И. Жайылым және экология. -Алматы. «Ғылым», 2001-468 бет.
6. Ахметжанова А.І., Әуелбекова А.Қ., Жомартова Г.Ж. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясынан далалық практика: Оқу - әдіст. Құралы. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004.- 128 бет.
7. Суворов В.В. и др. Пособие к учебной практике по ботанике. М: Колос, 1982-176 с.
8. Бедарев С.А. Учебное пособие по фитоценологии. Алма-Ата, Каз.ГУ, 1989. 61 б.
9. Быков Б.А. Геоботаника. Алма-Ата, 1978. 288 б. Қосымша:
10.Биологическая продуктивность растительности Казахстана. Алма-Ата, 1974.2886.
11.Василевич В.И. Современное предстовление о растительности сообществ.
Ботаника журнал, 1989 т 74, № 8
12.Карибаева К.Н., Курочкина Л.Я. Смены растительности и их регулирование при пастбищном использовании. Алма-Ата, 1991. 1676. ІЗ.Комгатексная характеристика пастбищ пустынной зоны Казахстана. Алма-
Ата, 1990.232 6.
14.Рачковская Е.И., Сафронова И.Н., Хромцов В.н. К вопросу о зональности растительного покрова пустынь Казахстана и Средней Азии. Ботаника журнал 1990, т. 75, № 1.
15.Сағындықов Ж. Өсімдіктер географиясы /оқулық/. - Алматы 1997, 217 бет. 16. Бедарев С. Л. Учебное пособие по фитоценологии. Алма-Ата, изд. Каз.ГУ, 1989. 61 с.
17. Браун Д. Методы исследования и учета растительности пер. англ. М. изд-во иностр. лит,, 1957. 361 с.
18. Василевич В.И. Количественные методы изучения структуры растительности: Итоги науки и техники. Вып. Ботаника М: ВИНИТИ, 1972,т 1., с 7-83.
19. Василевич В.И. О методах классификации растительности Ботаника журнал 1985, т. 70, № 12 с. 1596-1604.
20. Миркин Б.М., Розенберг Г.С. Фитоценология. Принцпы и методы. Изд-во «Наука», Москва, 1978, 212 с.
21. Нешатаев Ю.Н. Методы анализа геоботанических материалов. Л. 1987.192с,
22. Методика интродукционных исследований в Казахстане. Алма-ата: Наука, 1987.-135 с.
23. Бейдеман И.Н. Изучение фенологии растений // Полевая геоботаника Л.: Изд. АН СССР, 1960, т.2, с. 334-363.
24. Работнов Т.А. Жизненный цикл многолетних травянистых растений в луговых ценозах //Тр. БИН АН ССР. Геоботаника. 1950. Сер. З.Вып.6. С.7-204,
25. Серебряков И.Г. Жизменные формы высших растений и их изучение // Полевая геоботаника. М-Л.: Наука, 1964. С. 146-202.
26. Арыстангалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Растения Казахстана. -Алма-Ата, 1977. -288с.
27.Әубәкіров К. Жаңа және аз тараған мал азықтык өсімдіктер. - Алматы: Білім баспасы, 2007.-232 бет.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Биология және химия кафедрасы
28.58
С 89
Сұлтанғазина Г.Ж.
Регионалды флористика
Оқу-әдістемелік құрал
Қостанай, 2011
ББК 28.58
С 89
Құрастырушы: Г.Сұлтанғазина б.ғ.қ, биология және химия кафедрасының
доценті
Рецензенттер:
Қонысбаева Д.Т., б.ғ.қ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының
биология және география кафедрасының меңгерушісі
Жарлығасова Г.Д. биология ғылымының кандидаты, экология кафедрасының
доценті
Сулейманова К.У., б.ғ.к, ветеринарлық медицина кафедрасының доценті
Сұлтанғазина Г.Ж.
С 89 Регионалды флористика. Студенттерге арналған оқу - әдістемелік құрал.
– Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011.- 99 бет.
Студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралында Регионалды
флористика пәнінің мақсаты мен міндеті, жергілікті өсімдіктердің
морфологиялық құрылысы, шығу тегі, туыстық қатысы, таралуы, экологиялық
жағдайы, сондай-ақ түрлі шаруашылық саласында пайдалануы және олардың
табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы жан-жақты баяндалады. Тәжірибиелік
және зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
енгізілген.
Биология мамандығының студенттеріне арналған.
ББК 28.58
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ОӘК талқыланып, баспаға ұсынылды (мәжіліс
хаттамасы № ___.___. 2011 ж.)
© А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттiк университетi
КІРІСПЕ
Ботаника ғылымдарының алдында тұрған мақсаттың бірі адам өміріне
қажетті табиғи өсімдіктер қорын толық зерттеу болып табылады. Осыған
байланысты әртүрлі өсімдіктер тобын, Қостанай аумағында зерттеп, біздің
өңірде пайдаланылмаған өсімдік түрлеріне ерекше көңіл аудару қажет.
Адам қоғамының өркені табиғи ортаның өзгеруіне күшті әсер етуіне
байланысты табиғи қалыптасқан өсімдіктер тез, қауырт өзгерістеріне әкеп
соқты. Соның нәтижесінде кей аудандарда мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан
табиғи ландшафт бұзылды. Әсіресе кейінгі бір жиырма жылда өсімдіктерді
жинап, олардың тіркелуінің жүргізу жұмыстары болмады. Өсімдіктердің әртүрлі
тобын, жан-жақты терең флоралық зерттеулер жүргізу, белгілі бір жер
көлеміндегі нақты түр құрамын, таралуын, экологиялық ерекшелігін, химиялық
құрамы мен практикалық маңызын анықтау, ботаника ғылымының дамуында ерекше
орын алды.
Автордың негізгі мақсаты студенттерді республикамыздың Қостанай
аудандарында таралған практикалық маңызы зор, жеткілікті зерттелмеген,
тіпті кейбір аймақтарда зерттелмей қалған өсімдіктермен таныстыру.
1 тақырып Флора және өсімдіктер туралы түсінік
Мақсаты:
- ботаникалық география пәнінің мақсаттарымен, әдістерімен, даму
тарихымен таныстру
- ботаникалық географияның басқа пәндермен байланысын көрсету
Жоспар:
1 Ботаникалық география, оның максаттары, галымдар жүйесіндегі орны,
дамуының негізгі кезеңдері және зерттеу обьектілері
2 Флоралық құрамы
1 Ботаникалық география - жер бетіндегі өсімдіктер және олардың кауымы
туралы және фитоценоздардың құрамы, құрылысы, өнімділігі. пайдаланылуы,
өзгеруі туралы ғылым. Бұл пәннің негізгі мақсаты өсімдік кауымдарының
кұрылысын, олардың табигат және адам әркеттеріне байланысты факторлардың
әсерінен белгілі уақыт аралығында кеңістіктегі езгеруін зерттеу.
Геоботаника деген терминді ғылымға 1866 жылы бір-біріне байланыссыз
Ф.Н.Рупрехт және А.Гризебах еңгізді. Рупрехтің бойынша геоботаника өсімдік
жабынының физико-географиялык ортамен, ең алдымен топыракпен қарым-қатынасы
туралы ғылым.
ХХ-шы ғасырдың бірінші жартысында геоботаникамен фитоценологияны
синонимдер тұргысынан қарастыратын немесе геоботаниканы ботаникалық
география мен фитоценологияның бірлестігінен тұратын пән ретінде түсіну
керек деген көзқарастар болды.
Әдетте геоботаниканы - тарихи геоботаника, экологиялык геоботаника;
хорологиялық геоботаника деп бөледі.
Геоботаниканың негізгі зерттеу объектілері фитоценоздар және олардан
құрылған жер бетіндегі есімдік топтары. Геоботаника фитоценоздардың
структурасын, олардың ішіндегі биотикалық қарым-қатынастарын,
фитоценоздардын ішкі ортасының ерекшеліктерін, дам тарихын зерттейді жэне
фитоценоздарды классификациялаумен айналысады.
Геоботаника өсімдіктер жэне жануарлар экологиясымен, топырақ тану және
климатологиямен; өсімдіктер және жануарлар географиясымен, геоморфологиямен
жэне т.б.ғылым тармақтарымен тығыз байланысты.
Жер бетіндегі өсімдіктер жабыны әр алуан өсімдік түрлерінен және олардың
бірлесуінен түзілетін өсімдік кауымдарынан құрылады.Өсімдіктер жабынын
зерттегенде оны флора және өсімдіктер деген екі түрлі ұғымға бөледі.
Бұл өсімдіктер жабынының әртүрлі екі жағы. Әдетте бұл екі ғылымды жиі
шатыстырады.
Флора дегеніміз, ол белгілі бір аймақта, өлкеде, ауданда, жерде
тіршілік орындарының барлық типтеріне орналысып, сол жерге тән барлық
өсімдік қаумдарын құратын өсімдік түрлерінің жиынтығы.
Әр флораның негізгі белгісі - ол оның түрлік құрамы. Белгілі бір
территорияда өсетін өсімдіктердің түрлерін есепке алу, демек флоралық
өсімдіктердің сабағының ірі болып келетіндігінде. Сол себепті оны көк
конвейер ретінде жас кезінде, яғни сабағы іріленіп кетпеген, жапырақ
мөлшерінің (өсімдік салмағының 60-70% құрағанда) көбірек болғанында
пайдалану тиімді.
Жаңа мал азықгықдақылдардан дайындалған сүрлемді мал жаксы жейді. Оның
қоректілігі жүгері сүрлемінен кем түспейді. Олардың сүрлемдік ерекшеліктері
әр түрлі де, ол өсімдік құрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты.
Ең жақсы сүрлемге салынатын өсімдіктер аю балдырғанының түрлері күн
түйнегі, максары ұқсас марал шөбі. Бүлардың кұрамында қант мөлшері сүрлемге
салуға керекті мөлшерден 1,5-2,5 еседей жоғары. Майлы шалқан, күлқайыр,
майтамыр сияқты өсімдіктерді таза күйінде тек қана тұқым салған кезінде
сүрлемге салуға болады.Өйткені бұлардың құрамында қант мөлшері аздау,
сондықтан бұл өсмдіктерді жас кезінде баска жақсы сүрленетін өсімдікгермен
қосып сүрлемге салу тиімді.
Майтамырдың, ешкі шөбінін, құлқайырдың, марал шөбінің, таранның және
басқа да өсімдіктердің көк балаусасын қоректілігі жоғары және витаминдерге
бай шөп ұнтағын дайындауға пайдаланады.
Қорыта келгенде жаңа өсімдіктерді көк балаусаға, сүрлемге, витаминді
шөп ұнтақтарын дайындауға өсіруге болатынын зерттеулер мен алдыңғы қатарлы
тәжірибелер көрсетті. Көпшілік жаңа өсімдіктер жақсы бал жинағыш ретінде де
белгілі. Және де кейбір жана өсімдіктердің гүлдену кезеңінің жүруі баска
бал жинайтын дақылдардың гүлденуінің азайып кеткен кезінде болатыны
анықталды.
Жаңа мал азықтык өсімдіктерге биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ,
олардың табиғатга белгілі бір жерде өсуіне қарамай әртүрлі экологиялық
аймақтарда өсіруге бейімді болатындығы.
Ылғалды аймактарда жақсы өсіп, жоғары өнім беретін өсімдіктер тобына:
аю балдырғаны, Вейрих тараны. сильфия, майтамыр, жер алмұрты, шыгыстың ешкі
шөбі, марал шөбі, күлқайыр, майлы шалқан жатады.
Аю балдырғаны, май тамыр, марал шөбі, ешкі шөбі сиякты өсімдіктер
өздерінің мезофидділер тобына жатуына қарамай, алғашқы өсу қарқынының жақсы
жүруінің нәтижесінде құрғақ (ксерофитті) аймақтарда да жақсы өнім
қалыптастырады.
Жалпы, барлық жаңа мал азықтық өсімдіктер жақсы алшын беруімен, яғни
орып алғасын қайтадан қарқынды өсе бастауымен ерекшеленеді. Алшын есуі
олардың ағзаларының дамуының ерекше өтуіне байланысты. Кейбір өсімдіктерде
бұл ерекшеліктер жақсы дамыған да оларды вегетация кезеңінде 3-4 рет орын
алуға болады (майтамыр, ешкі шөбі). Көпшілік жаңа өсімдіктерді көбінесе 2
рет орып алады. Бірінші орын өнімді болады. Бірақ, жазғы маусым кезінде
өсімдік қоректік заттармен, ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген және де
бірінші ору ертерек жүргізілген кезде екінші және одан кейінірек алшынның
өнімдері де жоғары болуы ықтимал. Айта кету керек, өсімдіктің жақсы алшын
түзуі оның шаруашылық маңызын көтеретін ерекшелігі.
Барлық жаңа өсімдіктер: біржылдық болсын, көпжылдық болсын, күздің
инвнтаризация жасау - ол әр бір флоралық зерттеу жұмыстарының негізгі болып
саналады.
Флорадағы түрлердің құрамын есепке алу олардың жалпы саны туралы және
олардың қандай туыстарға, тұқымдастарға жататындықтары туралы түсінік
береді.
Флораны құратын түрлердің саны онын байлығын тікелей көрсетеді.
Өсімдіктер немесе өсімдіктер жабыны дегеніміз - орман, батпақ, дала, шөл,
тундра сияқты жерлерде қалыптасқан әртүрлі өсімдік қауымдарының жиынтығы.
Ол типтердің әрқайсысы көптеген өсімдік турлерінен тұрады, сондықтан оларды
зерттеу кезінде, ең алдымен олардын флорасын білген жөн.
Геоботаниканың жеке бөлімдері өсімдіктердің негізгі типтерін
зерттейді.
2 Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік
түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір тур биотопты
жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола
алады. Сондықтан қауым туралы толық мағлұмат алу оның флоралық кұрамын,
экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен
қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндерді де есепке алу керек.
Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе еліміздің оңтүстік
аудандарында (дала, шөл тағы с.с). өсімдік түрлерінің дамып жетілуі,
вегетациялық кезеңдері бір мезгілде өте бермейді. Соған байланысты қауымның
флоралық құрамын толық анықтау үшін, ондағы түрлерді тізімге алу
(инвентаризация) жұмысын өсімдіктердің вегетациялык кезеңі ішінде екі
(көктемде, жазда) немесе үш (көктемде, жазда, күзде) рет жүргізген дұрыс.
Тек сонда ғана вегетациялық кезеңі ұзақ және қысқа (көктемгі және күзгі
эфемерлер және эфемероидтар) өсімдік турлерін толық қамтуға болады. Бірақ
өсімдіктерді тізімге алған кезде, осы жерде кездесетін өсімдіктердің кейбір
түрлерінің болмай қалуы мүмкін. Өйткені қауымның флоралық құрамының тізімін
жасаған кезде олар тек дән (тұқым) түрінде топырақ бетінде кездесуі мүмкін.
Сондықтан оларды анықтап есепке алу керек. Жинаған өсімдік дәнін өсіріп
керіп тек қана осы жағдайда өмір сүруге икемі барларын ғана тізімге кіргізу
қажет.
Құрамындағы түрлердің санына қарай кедей флоралы (егер түр саны аз
болса) және бай флоралы (егер түр саны көп болса) фитоценоздар болады.
Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың (гректің
dіаsроrа - таралу деген - өсімдіктің таратылуға арналған кез-келген бөлігі)
келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп өсе алатындығына байланысты
анықталады.
Әдебиеттер тізімі: Н.М.Мухитдинов Геоботаника негіздері 11-15 б.
Пысықтау сұрақтары:
1 Кедей флоралы және бай флоралы фитоценоздарды қалай ажыратады?
2 Инвентаризацияны қалай өткізеді?
2 тақырып Экологиялық факторлардың топталуы
Мақсаты:
- өсімдіктердің экологиялық типтерімен таныстыру
- ылғалға қатысты өсімдіктердің ерекшеліктерің білу
- субстратка және жарыққа қатысты экологиялық топтарға түсінік жасау
Жоспар:
1 Өсімдіктердің экологиялық типтері
1 Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде өсімдіктің айқын сырт
көрінісі, кейпі, онын тіршілік формасы қалыптасады. Егер біз өсімдіктің бар
түрін алып қарайтын болсақ, оның ареалының әртурлі экологиялық жағдайында
әртүрл тіршілік формаларының бар екендігін байқауға болады. Мысалы,
көптеген ағаштар-өзінің ареалының шекарасына жақын жерлерде формаларын
өзгертіп бұталарға немесе тіпті төселіп өсетін формаларға айналады. Басқаша
айтқанда. өсімдіктердің тіршілік формасы онын өмір сүретін жағдайының -
экологиялық факторлардың өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Өсімдіктің пішіні мен құрылымы, оның Жер бетінде таралуы, олардың
фитоценоздардағы түрлік құрамының әртүрлілігі және эволюциясы өмір сүру
жағдайына тікелей тәуелді.
Өсімдіктің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым өсімдіктер
экологиясы деп аталады. Өсімдік құрылымына әсер етуші табиғаттағы
экологиялық факторлар әртүрлі, олар - ауа, топырақ, ылғалдылығы, жарық
т.с.с. Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді әртүрлі
экологиялық типтерге бөледі.
Ылғалға қатысты өсімдіктердің мынадай топтарын ажыратады:
1. Гидрофиттер - сулы ортаға бейімделген өсімдіктер. Бұл экологиялық топтың
өсімдіктерінің қайсы бірі су түбіне бекінеді де, жапырақтары оның бетіне
қалқып, ал енді бірі түгелімен суға батып, тек олардың жекелеген гүлдері су
бетіне қалқып шығады. Гидрофиттердің барлық вегетативтік мүшелерінде
клеткааралық жүйелер жақсы жетілген, осы ауалық кеңістіктер арқылы олардың
денесі оттегімен қамтамасызданады. Толық су қабатында өсетін
өсімдіктердің газалмасуы біршама қиын, сондықтан олардың
жапырақтары өте жұқа, эпидерма клеткаларында хлоропластары бар,
кутикуласы болмайды. Жапырақта түтіктер (сосудтар) нашар жетілген немесе
мүлдем жок, өсімдік суды бүкіл денесімен сіңіреді. Денесі толығымен суға
батып өсетін өсімдіктерді гидатофиттер деп атайды.
2. Гигрофиттер - ылғалы мол топырақта (батпақты шабындықта, өзен арнасында
(руслореки), ылғалды ормандарда) өсетін өсімдіктер. Бұлар ылғал тапшылығын
сезінбейді (не чувствительны к недостатку), сондықтан оларда транспирацияны
бояулататын, бейімделушіліктер (приспособление) жоқ. Жұқа қабырғалы
эпидерма клеткалары аздап кутикулаланған, устьицелері көтеріңкі
(приподнетые), жақсы жетілген клетка аралықтары оның сулану ауданын
ұлғайтады.
3. Мезофиттер (грек. мезос - орташа) - ылғалы жеткілікті, қоңыржай жағдайда
өсетін өсімдіктер.
4. Ксерофиттер (грек. ксерос - құрғақ) ылғалдылықтың ауада, топырақта
тұрақты немесе уақытша тапшылық жағдайында өсетін өсімдіктер. Оларда
(недостача, нехватка) денесіндегі судың жетіспеуін реттеу үшін, әр түрлі
беуімдеушілік ерекшеліктер қалыптасады. Эпидерма клеткаларының сыртқы
қабырғалары қалың, ол қалың қабаты кутикуламен жабылған.
Вегетативтік мүшелер сыртындағы қалың түктер, олардың беткі ауданында
өзіндік микроклимат қалыптастырады. Көпшілік жағдайда
олардың устьицалары көміле орналасқан. Ксерофиттер жапырағының ішкі
ұлпаларының клеткалары ұсақ, суректтелген клетка аралықтары жоқ болады.
Ксерофиттердің тамыр жүйелері топырақ қабаттарында кен және терең
таралып, басқа экологиялық топтар пайдалана алмайтын ылғалды сініреді.
Өсімдіктерді өсетін субстратка және жарыққа қатысты да экологиялық
топтарға беледі. Мысалы, минералды тұздарды жеткіліксіз субстратта өсетін
өсімдіктерді олиготрофтар (грек. олигос - аз санды, трофе - қорек) деп
атайды.
Тұзы мол топырақта өсетін өсімдіктерді галофиттер (грек. галос - түз)
деп атайды. Бұл өсімдіктерде ксероморфоздық белгілер жақсы жетілген.
Өйткені тұзы мол топырақта өсімдіктің суды сіңіруі қиындайды. Галофиттерге
бұзаубас сораң (солерос), бүйыргын (ежовник), көкпек (лебеда), қараматау
(камфоросма) жатады.
Қалың көлеңкелі жағдайда өсетін өсімдіктер - сулофиттер (грек. суло
-көлеңке) деп аталады. Бұларға орманның төменгі қабаттарында өсетін
өсімдіктер жатады. Көлеңкеде есімдік ұзындыққа белсенді өседі де, оның
жуандауы, ұлпаларының сүректенуі, ұзындыққа өсуден қалып отарады.
Вегетациялық кезендегі жербеті мүшелерінде хлорофилл денгейі біршама төмен.
Сабақта арқаулық ұлпаның нашар жетілуінен, ол тік өсе алмайды. Көлеңкеде
өсе алмайтын, жарық неғұрлым мол болса, солғұрлым жақсы өсетін өсімдіктерді
гелиофиттер (грек. гелиос - күн) деп атайды (Сарбас жоңышқа және т.с.с.).
Әдебиеттер тізімі: Н.М.Мухитдинов Геоботаника негіздері 7-10б.
Пысықтау сұрақтары:
1 Ылғалға қатысты өсімдіктерді қандай топтарға ажыратады?
2 Өсімдіктің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым не деп
аталады?
З тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары
Мақсаты:
- өсімдіктердің тіршілік формаларымен таныстыру
- Раункиер классификацйясына түсінік жасау
Жоспар:
1 Тіршілік формалары туралы ғылымның дамуы
2 Раункиер ұсынған тіршілік формаларының үлгісі
1 Тіршілік формалары туралы ғылымның дамуы А.Н. Краснов, А.Б. Келлер,
И.Г. Серебряковтың есімдерімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник -эколог
А.Б. Келлердің (1933) айтуы бойынша, тіршілік формасы деп өсімдіктердің
дене құрылымымен, онын белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен
тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін түсіну керек.
А.Б. Келлердің анықтамасында екі негіз: генетикалық (белгілі бір
системалық топка жатуы) және экологиялық бейімделу қамтылған.
И.Серебряковтың (1962) анықтауында осы екі негіз қамтылады және де тіршілік
формасының морфологиялық мәні жете сипатталады.
Өсімдіктердің физиологиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесін
төмендегідей қарастыруға болады:
1. Ағаштар - Жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық
есімдіктер, куатты жетілген ерекше жеке-дара бір діңі болады.
2. Бұталар - Жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдык өсімдіктер.
Ағаштардың айырмашылығы, ерекше жеке-дара діңі болмайды, өзара шамалас
бірнеше діңі бар, бұтақтануы Жер бетіне таяу басталатын сүректі өсімдіктер.
3. Бұташықтар - бұталарға ұқсас, бірақ бойы аласа, 50 см-ден аспайды (қар
жидек, вереск).
4. Жартылай бұталар - өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп,
жоғарғы бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп
отырады (жусандар, жебір).
5. Лиандар - сабақтары арқылы өрмелеп, жармасып және шырмалып өсетін
өсімдіктер (жүзім, құлмақ, барқытшөп, шырмауық).
6. Жастықша өсімдіктер - қоректік заттарға кедей тасты, құмды, шымтезекті
және суық жерлерде өсуге бейімделген. Негізгі морфологиялық және
физиологиялық ерекшелігі — тығыз бұтақталған, ұзарып өсуі шектелген, аласа,
өркендері бір-біріне тығыздалып, жақындаған, өркеннің жоғарғы жағы
дөңгеленіп шырпылған тәрізді. Сондықтан жастық пішіндес болады. Жастықша
өсімдіктер іш жағында ылғал, жылу сақтайды. Бұлар биік тау шыңдарының,
мұхиттағы тасты аралдардың, теңіз жағалауларының, арктикалық тундраның
өсімдіктері.
7. Суккуленттер - су қорын сақтайтын шырынды өркенді көп жылдық өсімдіктер
(түбіртек, кактустар, агавалар).
8. Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және бір жылдық, бұлар тіршілік
формаларының мынадай топтарына бөлінеді: кіндік тамырлар, шашақ
тамырлар, ұзын және қысқа тамырсабақтылар, жуашыктылар, шымдылар, түйнек
түзушілер, Жер бетінде төселмелі және Жер бетінде столондылар.
Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктің сыртқы ортаның әсерінен пайда
болған өсуінің сыртқы көрінісі және вегетативтік мүшелері тіршілігінің
ұзақтығы алынған.
2 "Тіршілік формасы" деген терминді бірінші рет Варминт (1884) ұсынды.
Ол өмір бойы сыртқы ортамен үндестікте болатын индивидтің вегетативтік
денесінің формасын тіршілік формасы деп атады. Сол уақыттан бері бұл
терминнің көптеген анықтамасы және тіршілік формаларының әртүрлі
жүйелері немесе классификациялары ұсынылды. Сол тіршілік формаларының
көптеген классификацияларының ішіндегі дүние жүзінде дұрыс қабылданып кең
тарағаны ол Раункиер классификациясы.
Рауникиер тіршілік формаларын бөлшектегенде жылдың қолайсыз уақыттарына
өсімдіктердің шыдап , төзу ерекшеліктерінің ішінен бір белгісін негізге
алған. Ол тоқтаған (жаңару) бүршіктердің немесе төбе өркендерінің жылдың
қолайсыз уақыттарында топырақ (немесе су) бетінде қатысты орналасуына
байланысты тіршілік формаларын 5 топқа бөледі.
1. Фанерофиттер (Р) - бүршіктері топырақ бетінен 30 см және одан да жоғары
ауада орналасқан. %.
2. Хамефиттер ( Сһ ) - колайсыз кезенде бүршіктері топырақ бетіне жақын (20-
30 ем ) орналасқан.
3. Гемикриптофиттер ( Н ) - жаңару бүршіктері және төбе өркендері тікелей
топырақ бетінде, төсеніш астында орналасқан.
4. Криптофиттер ( К ) - "жасырын" жер үстіндегі өркендері толық өледі,
жаңару бүршіктері жер астында, әртүрлі терендікте сақталады; криптофиттер
тармақтары: Теофиттер (С) - жер астында, тамырсабақтар, баданалар және т.б
гел офиттер - батпақты жердегілер, өркендері су үстінде жаңару бүршіктері
су астында.
5. Терофиттер (ТҺ) - біржылдықтар қолайсыз кезеңді тұқым күйінде басынан
өткізеді.
Раункиердің ұсынған тіршілік формалары өсімдіктер структурасының
негізгі үлгілері болып табылады. Олар флора және өсімдіктер жабыны
тарихының өте ерте кезеңінде дифференцияланған. Олар таралған аймақтарына
және климат жағдайында тәуелсіз әрбір үлкен таксон ішінде қайталанып
отырады мысалы, пальманың біржылдық терофиттен басқа, барлық тіршілік
формалары табылған.
Аталған тіршілік формалары осы климат режиміне бейімделуі нәтижесінде
пайда болған деп есептеп, Раункиер осы аймақтың климатына тиісті, соның
климатының "индикаторы" бола алатын жеке топтарды ұсынды.Ол климатқа
байланысты өсімдіктер формалар топтарының таралуын көрсетіп және олардан
әртүрлі аймақтар мен эоналардағы проценттік ара-қатынасын есептеп,
биологиялық спектр тәсілін ұсынады. Биологиялық спектр %
Зоналар Р СҺ Н К ТҺ.
Тропикалық 61 6 12 5 16
Шел 4 8 1 5 82
Жерорта 12 6 29 11 42
теңізі
аймағы
Қоңыржай 8 6 52 25 9
Орталық,
Европа
Арктикалық 1 22 60 15 2
Біркелкі жылы жане ылғалды климаты бар тропикада фанерофиттер басым (
61 % ) екендігін көреміз. Қолайсыз ұзақ. Жаздың құрғақ кезеңі басым
шөл және жерорта теңізі аймақтарында терофиттер басым ( 82 және 42% ).
Қоңыржай климаты бар аймақ және Арктика гемикриптофиттерге бай (52 және 60
% ), бұл жерлерде оларды қар қабаты қорғайды.
Өсімдіктердің тіршілік формаларын зерттеуге кеп көңіл бөлінуі қажет.
Қазіргі кезде тіршілік формаларын зерттеудеге негізгіі проблемалар мыналар
олардың әртүрлі фитоценоздардагы жэне әртүрлі
систематикалық таксондардағы спектрін жасау; тіршілік формаларының
фитоценотикалық ролі; тіршілік формаларының негізгі белгілерін айқындау,
филогенетикалық негізде олардың классификациясын жасау, таксондар ішінде
тіршілік формаларының шығуын және эволюциясын білу және тағы с.с.
Әдебиеттер тізімі: Н.М.Мухитдинов Геоботаника негіздері 17-19 б.
Пысықтау сұрақтары:
1 Раункиер тіршілік формалар классификация негізінде не жатады?
2 И.Серебряковтың тіршілік формалар классификация негізінде не жатады?
4 тақырып Фитоценоз туралы түсініктер
Мақсаты:
- фитоценоз туралы түсінік жасау
- биогеоценоз туралы түсінік жасау
- экосистема жөнінде ұғым беру
Жоспар:
1 Фитоценология - фитоценоздар туралы ғылым
2 Биоценоз. Биогеоценоз
3 Экосистема
1 Өсімдіктер табиғатта жекелеп өспей бір-бірімен әр түрлі дәрежеде
күрделі байланысып қауым құрады. Орман, батпақ, егіс даласы, бауша, парк –
бұлардың барлығы өсіміктер қауымы, немесе фитоценоз гректің Phyton -
өсімдік, koinos-жалпы деп аталады, олардың әрқайсысының құрылысында
өздеріне тән ерекшеліктері бар. Өсімдіктер қауымдарының құрылу
заңдылықтарын білу – оларды қорғаудың, өнімділігін арттырудың және ғылыми
түрде дұрыс пайдаланудың негізі болып табылады. Өсімдік қауымының тіршілік
заңдылықтарын арнайы ғылым фитоценология фитоценоз және гректің logos –
ілім зерттейді. Геоботаника өсімдіктер жабыны туралы ілім, ал өсімдіктер
жабыны фитоценоздардан тұрады. сондықтан А.П.Шенников 1964 Геоботаника
және Фитоценология терминдерін синонимдер деп қарайды.
Сонымен фитоценология – фитоценоздар туралы ғылым. Фитоценоз немесе
өсімдіктер қауымы дегеніміз біршама біркелкі учаскедегі белгіл бір флоралық
құрамы бар ортамен және өзара белгілі қарым-қатынасы бар өсімдіктер тобы.
Олардың өздеріне тән құрлысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және
басқа организмдермен бірге белгілі бір жағдайда өмір сүре алатын түрлерден
құрылған.
Фитоценоз ашық биолгиялық жүйе, ол өзінен жоғары реттегі жүйелерге
оның бір тармағы есебінде қатыса алады. Фитоценоз, зооценоз және
микробоценозбен бірге биоценоз құрады. Биоценоз гректің био - өмір, койнос
– жалпы дегеніміз тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі болып келетін
учаскеде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер бірлестігі.
Биоценоз термині 1877 жылы Кильск университетінің профессоры К. Мебиустың
жұмысында бірінші рет қолданылды Федоров, Остроумов, 1984.
Биоценоз абиотикалық немесе сыртық ортадағы бейорганикалық
компоненттермен жер бедері, температура, ылғалдылық, атмосфералық ауа
қысымы, топырақтың физико-химиялық құрамы және т.б. бірге биогеоценоз
құрады.
Бейорганикалық немесе өлі компоненттерді бір сөзбен экотоп деп атауға
болады.
Биогеоеноз гректің био - өмір, гео – жер және ценоз – жалпы
дегеніміз зат алмасуы және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен
өлі компоненттерді біріктіретін күрделі табиғи жүйе.
Биогеоценоз туралы түсінікті ғылымға енгізген В.Н. Сукачев 1940.
Биогеоценз экотоптан және биоценоздан тұрады. Экотоптың өзі климатопқа
аэротоп және эдафотопқа жердің қатты қабығындағы жағдай бөлінеді.
Биоценоз жоғарыда айтылғандай фитоценоздан, зооценоздан және
микробоценоздан тұрады. Ғылыми әдебиетте мағынасы жағынан биогеоценозға
жақын кейбір ұғымдар бар. Олардың ішінен экосистеманы атап өткен жөн.
Экосистема гректің Dicos – үй, орын және система – жүйе - тірі
организмдердің бірлестігінен және олардың тіршілік ортасынан тұратын
функциональдық жүйе. Бір фитоценоз ішінде шекарасында экосистема мен
биогеоценоз бір-біріне дәл келеді. Фитоценоздың шекарасынан жоғары не төмен
болса онда биогеоценоз және экосистема бір-біріне дәл келмейді. Практика
жүзінде экосистема термині масштабы жағынан өте кішкентай мысалы, аквариум
немесе космос кораблі және өте үлкен мысалы Каспий теңізі объектілерге
қатысты қолданыла береді. Экосистема терминінің авторы ағылшын экологы
А.Тэнсли 1935.
Барлық экосистемаларды үш топқа бөлуге болады:
1 бөлектенген жүйелер қоршаған ортамен энергияда, материяда
алмаспайды жасанды экспериментальдық экосистемалар;
2 жабық жүйелер, қоршаған ортамен тек энергия айырбастайды мысалы,
космос корабльдері және станциялары экосистемасы;
3 ашық экосистемалар қоршаған ортамен энергия және зат айырбастайды.
Ашық экосистемалар классификациясы толық жасалып бітті деп айтуға әлі ерте.
Б.А.Быковтың 1988 пікірі бойынша ашық экосистемалардың ең басты элементі
биотаның автотрофтық бөлігі болып табылады, сондықтан экосистемалар
классификациясын өсімдіктер классификациясын негізге алып жасау керек.
Әдебиеттер тізімі: Н.М.Мухитдинов Геоботаника негіздері 11-18 б.
Пысықтау сұрақтары:
1 Фитоценоз дегеніміз не?
2 Экосистемаларды неше топқа бөлуге болады?
5 тақырып Фитоценоздардың қалыптасуы
Мақсаты:
- фитоценоздардың және биотоптың қалыптасуы туралы ұғым беру
- фитоценоздардың қалыптасу заңдылықтарымен таныстыру
Жоспар:
1 Фитоценоздардың қалыптасуы және оның компоненттерінің қарым-қатынасы
1 Фитоценоздардың қалыптасуы туралы ұғымды филогенетикалық және
онтогенетикалық тұрғыдан қарауға болады. Егерде қазіргі кездегі бар,
нақтылы фитоеноздардың жаңа субстраттарда пайда болып қалыптасу процесін
қарастыратын болсақ онда, ол онтогенетикалық тұрғыдан қарау болып табылады.
Субстраттар алғашқы немесе бірінші және екінші болып бөлінеді. Біріншіге
бұрын еш уақытта өсімдіктер болмаған мысалы тасты шөгінділер, өзен
бойындағы құм үйінділері, ал екіншіге - өсімдіктері ортаның күшті әсерінен
жырту, өрт т.б. себептер жойылып кеткен субстаттар жатады.
Екінші субстраттарда кейде жойылған фитоценоздың вегетативтік
мүшелерінің қалдықтары және тұқымдары сақталуы мүмкін, ал бірінші де -
өсімдіктің бастамасы тек айналадағы фитоценоздардан келіп түседі. Олардан
өсімдік тұқымдары су, жел, жануарлар және адам арқылы жеткізіледі.
Субстратты шөп басу процесі биосфера өмірі заңдылықтарының бейнесі болып
табылады. Фитоценоздың қалыптасу жылдамдығы субстраттың жағдайына және
қоршаған кеңістіктен өсімдік бастамаларының келіп түсу мүмкіншіліктеріне
байланысты. Фитоценоздың қалыптасу заңдылықтарын бейнелейтін ғылыми
әдебиетте кең тараған екі үлгіге тоқталуға болады. Ол үлгілердің авторлары
орыс геоботанигі А.Б. Шенников 1964 және американ ғалымы Клементс.
А.П. Шенников 1964 фитоценоздың қалыптасу процесін үш сатыға бөледі:
1. Пионерлік топталушылық. Көрші өсімдіктер арасында бір-біріне елеулі
әсер ету байқалмайды.
Бірінші субстратты шөп басу процесі, ол жерде алғашқы жекеленген
өсімдіктердің – пионерлердің пайда болуынан басталады. Өсімдіктердің қандай
түрлерінің пайда болуы көп себептерге байланысты: біріншіден экотопқа
климатқа, субстраттың қасиетіне; екіншіден экотопты қоршаған учаскелердің
флорасына олардан жел, су, жануарлар және адам арқылы тұқымдар, споралар
және басқада өсімдік бастамалары келіп түседі; үшіншіден қоршаған
учаскелердің флорасының тарихына егер бұрын мәдени өсімдіктер егілген
учаскелер болса онда арамшөптер топырақта өздерінің тұқымын қалдырып кетуі
мүмкін.
Әртүрлі географиялық жағдайларда климаттың ерекшеліктері және
субстраттың қасиеті пионерлік флораның құрамына өз әсерін тигізеді мысалы
солтүстікке қарағанда оңтүстік аймақтарында пионерлік флораның құрамы өте
бай болады. Субстратқа көптеген өсімдік түрлерінің бастамалары келіп
түседі. Бірақ, оның барлығы бірдей өніп өсе бермейді. Өйткені субстраттың
экологиялық жағдайы іріктеу жұмысын жүргізеді. Сол экотоптың іріктеуінен
өткендері ғана тірі қалады да, ал қалғандары өледі. Тірі қалған өсімдік
бастамалары өскіндер береді, бірақ экотоптың іріктеу жұмысы одан әрі
жалғаса береді. Соның нәтижесінде кейбір өсімдік түрлерінің өскіндері
әртүрлі қолайсыз жағдайларға өте күшті күн радияциясына немесе субстраттың
кедейлігіне, құрғақтығына тағы с.с. байланысты өледі. Екіншілері тірі
қалсада жағдайлары өте нашар болғандықтан гүлдемейді де, көбейе де алмайды.
Үшіншілері өте жақсы өніп, өсіп көбейіп жатады. Сөйтіп өсімдіктердің түр
құрамының тіршілікке бейімделуіне, сандық ара қатынасына байланысты
дифференциялануы басталады. Бұл процесте экотоптың әсерінен басқа өсімдік
түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, оның ішінде ерекше көбею энергиясының
үлкен маңызы бар.
2. Топтала – теңбілденген группово-пятнистый қауым.
Субстраттағы өсімдіктер особьтарының санының көбеюі бірте-бірте
олардың жақындасуына, тамырларының немесе бұтақтарының және жапырақтарының
тығыз тұтасып кетуіне мүмкіншілік туғызады. Фитоценоздың қалыптасу
процесінде экотоп бірте-бірте биотопқа айналады. Биотоп гректің bios-өмір
және topos-орын - жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің тіршілік
орны.
Сонымен, фитоценоздың және оған тән биотоптың қалыптасуы қатар жүреді.
3. Диффузиялы қауым.
Диффузиялы қауымның алғашқылардан айырмашылығы ол популяциялардың ең
болмағанда үстем түрлердің азды көпті біркелкі таралуы.
Фитоценоздың және биотоптың қалыптасуы кезінде биотоптық немесе
фитоценотикалық іріктеу басталады. Фитоценотикалық биотоптық іріктеу
экотоптық іріктеуден көп жағдайда қаталдау болады.
Фитоценоздың қалыптасуымен қатар биоценоз қалыптасып биогеоценоз
дәрбестенеді.
Клементс Миркин, Розенберг бойынша, 1983 фитоценоздың қалыптасуында
мынадай фазаларды ажыратты:
1. Өсімдіктер бастамаларының бос субстратқа миграциясы;
2. Эцезис немесе мигранттардың өніп, тамырланып жаңа жерде орнығуы;
3. Агрегация немесе мигранттардың аналық особьтарының айналасында
ұрпақ топтарының пайда болуы;
4. Инвазия немесе мигранттардың бір тобының екінші топтарға араласып
өнуі;
5. Стабилизация немесе өзін реттеуге қабілетті, тұрақты структура
жасау.
Көпжылдық жайылымдықтар мен шабындықтарды қолдан жасау үшін, күл
үйінділерін, террикондарды француз сөзі – жер бетіндегі бос тау
жыныстарының үйіндісіжәне де тағы басқа өндірістік субстраттарды
көгалдандыру үшін фитоценоздардың қалыптасу заңдылықтарын білу өте қажет.
Әдебиеттер тізімі: 1,19 -32 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Клементс фитоценоздың қалыптасуында қандай фазаларды ажыратады?
2 Фитоценоздардың компоненттерін атаңыз?
6 тақырып Фитоценоздың құрамы
Мақсаты:
- өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі туралы мәлімет беру
- өсімдіктердің бір-біріне әсерлерін салыстыру
Жоспар:
1 Фитоценоздың флоралық құрамы және оны зерттеу әдістері
2 Флоралық байлығы
3 Фитоценоздың экобиоморфтық құрамы
1 Белгілі бір районның өсімдіктерін зерттегенде оның флорасымен жалпы
танысып қана қоймай, әрбір фитоценоздың және әрбір ассоциацияның флоралық
құрамына баса көңіл аудару керек. Ассоциация латын сөзі association –
қосылу, қосылған - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі.
Ассоциация дегеніміз – белгілі орында табиғи пайда болған, белгілі құрамды,
тіршілік жағдайы біркелкі қауым.
Фитоценозды зерттеуді оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік
түрлерінің тізімін жасаудан бастау керек. Флоралық құрам – фитоценоздардың
маңызды белгісі. Көп жағдайда оған сипаттама бергенде тек қана күрделі
өсімдіктерге және қыналарға көңіл бөледі. Олармен бірге қауым құрамына
балдырлар, саңырауқұлақтар, бактериялар және актиномицеттер кіретінінде
ескерген жөн.
Өсімдіктер қауымдарына терең талдау жасау үшін және әртүрлі қауымдарды
бір-бірімен салыстыру үшін олардың флоралық құрамын, флоралық байлығы және
флоралық толықтығын білу өте қажет.
Фитоценозға кіретін әр өсімдік, биологиялық және морфологиялық
ерекшеліктеріне байланысты, коршаған ортаға өзінің белгілі әсерін тигізеді.
Фитоценоз компоненттерінің бір-біріне әсер етуі оның негізгі белгілерінің
бірі болып табылады. Бұл белгі әлі фитоценоз ретінде калыптаса қоймаған
басқа өсімдік топтарынан фитоценоздың негізгі айырмашылықтарының бірі болып
табылады. Егер де өсімдіктер өздерінің жер үстіндегі немесе жер астындағы
мүшелері арқылы тұтасып байланысқан болса ондай учаскелерді өсімдіктер
қауымы (фитоценоз) деп санау қабылданған.
Өсімдіктердің бір-біріне әсерлері әр алуан, олардың классификациясын
үш тұрғыдан (Миркин, Розенберг, 1978) қарауға болады:
1) бір-біріне әсер ету жолдары;
2) өсімдіктердің бір-біріне әсер етуін көрсететін нәтижелері;
3) өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің онтогенез процсінде өзгеру
ерекшелігі.
Фитоценоздағы бір-біріне әсер ету жолдары.
Өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдарының толық классификациясын
В.Н.Сукачев (1954) жасады.
Фитоценозда бірге өмір сүрстін өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің
негізгі үш формасы бар:
1) тікелей немесе түйіскен (контактные);
2) трансабиотикалық немесе жанама орта арқылы:
3) трансбиотикалық.
Өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген
классификациясы.
Екі организмнің бір-біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген
классификацияны Г.Кларк (Воронин бойынша, 1973) ұсынды.
Организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы олар бір-бірімен түйіскенде
немесе белгілі бір қашықтықта орналасса да бола береді. Ол қарым-қатынастар
өмір бойы тұрақты немесе қысқа, уакытша болуы мүмкін.
Егер бір-бірімен түйіскен әр түрлі түрлерге жататын организмдердің
қарым-қатынастары сол екі организмге немесе біреуіне пайда әкелсе, ал
екіншісіне ешқандай зиян болмайтын болса оны біз симбиоз деп атаймыз.
Егер симбиоз екі организмге де пайда әкелетін болса оны мутуализм, ал
тек біреуіне пайда әкелетін болса - комменсализм деп атаймыз.
Егер әр түрлі түрлерге жататын организмдер арасындағы қарым-қатынас
нәтижесінде бір организм екінші организмге зиянын тигізсе (мысалы, екінші
организмге зиянды зат бөліп шығаруы арқылы) және өзі ешқандай пайда көрмесе
оны антибиоз деп айтамыз.
Б.М.Миркин, Г.С. Розенберг (1978) өсімдіктердің бір-біріне әсерін және
оның онтогенез процесі кезінде өзгеруінін мынадай классификациясын береді:
А) бейтараптық-антибиоз;
Б) бейтараптық-антибиоз-антогонизм;
В) симбиоз-бейтараптық-антибиоз;
Г) симбиоз-бейтараптык-антибиоз-антого низм тағы с.с.
Бейтараптық және симбиоз өсімдіктердің ювенильді особьтары арасында,
ал антогонизм мен антибиоз жасы ұлғайған особьтары арасында су және
минералды тұздар үшін бэсеке кезінде болуы мүмкін. Антогонистік қарым-
қатынаска антибиоз, паразитизм, жыртқыштық және конкуренция сияқты бір
немесе екі организмге де зиян келетін қарым-қатынастар жатады.
2 Флоралық байлық дегеніміз белгілі бір фитоценоздың немесе
ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші.
Флоралық байлыққа терең талдау жасау үшін әрбір систематикалық топтар
қыналар, мүктер, папоротниктер, жалаңаш тұқымдылар, жабық
тұқымдыларбойынша түрлердің санын есептеп шығару керек.
Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай флоралы және күрделі
флоралы фитоценоздар болады: жай флоралы фитоценоз – бір немесе бірнеше
түрлерден, ал күрделі флоралы фитоценоз – көптеген түрлерден тұрады.
Қауымның флоралық байлығы көптеген факторларға байланысты мысалы,
осы ауданның флорасының түрлік байлығына, қауымның тіршілік ететін жерінің
микроклиматына, экотоп жағдайына және оның өсімдіктердің өмір сүруі
нәтижесінде өзгеруіне, адам тіршілігінің әсеріне тағы с.с.. Тропикалық
ормандар өсімдік түрлеріне ең бай қауымдардан саналады, ал альпілік және
арктикалық шөлдер өсімдік түрлеріне ең кедей қауымдарға жатады.
Фитоценоздың барлық компоненттері сол жерде бар ресурсты дерлік
бірдей пайдаланатын жағдайда өсімдіктердің бірде-бір түрі доминант бола
алмайды. Тек осындай жағдайда ғана фитоценоз флоралық құрамы жағынан өте
бай болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі.
Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% жуығы кездесетін
қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейміз
Раменский, 1925. Флоралық байлықты табу ауданы қауымды құратын
өсімдіктердің мөлшеріне, үлкен-кішілігіне ағаш өсімдіктері үшін үлкен,
шөптесін өсімдіктер үшін кіші, олардың өсу ерекшеліктеріне, молдығына және
таралуының біркелкілігіне және тіршілік ететін жағдайының бірыңғайлығына
байланысты. Сондықтан берілген қауымның флоралық байлығын табу ауданын
алдын ала есептеп шығаруға болмайды. Оны тек қана мөлшері бірте-бірте ұлғая
беретін сынау аудандарының сериясын салу тәжірибесі негізінде есептеп
шығаруға болады. Мысалы, 1, 4, 16, 25, 36, 64, 100, 400, 1000 м2 сынау
аудандары. Олардың әрқайсысында кездесетін түрлерді қайта санау керек.
Жоғарыда айтылғандай осы аудандардың ішіндегі қауымда өсетін өсімдіктер
түрлерінің бәрі немесе 90% кездесетін ең аз аудан мөлшері флоралық байлықты
табу ауданы деп аталады.
Қауымның немесе ассоциацияның флоралық байлығын табу ауданның
ассоциацияны анықтау ауданымен шатастырмау керек. Ассоциацияны анықтау
ауданы дегеніміз ассоциацияның барлық негізгі белгілері флоралық құрамы,
құрылысы тағы с.с. айқындалатын ең аз аудан Раменский, 1925.
3 Экобиоморфа (экоморфа жэне биоморфадан: Быков: 1988) - белгілі бір
сырткы және биоценотикалық ортаның жағдайында табиғи сұрыптау нәтижесінде
өсу формалары, биологиялық ритмдері және экофизиологиялық, соның ішінде
ортаны жасаушылық ерекшеліктері ұқсас түрлердің жиынтығы. Түрлердің және
формалардың ұқсастығы олардың жақындығымен (туыстығымен), ал оданда жиірек
адаптациялық конвергенциясымен қамтамасыз етіледі. Сонын салдарынан бір
экобиоморфаға жататын түрлердің популяциялары биоценоздың құрылысын түзуде
бір бағытта ұқсас қызметтер атқарады (заттар және энергия тасымалдауда,
биоценотикалық ортаны жасауда тағы с.с). Экобиоморфа - бұл биоморфа және
экоморфаның бірлігі. Көбінесе биоморфа (гректің bios-өмір және morphe-
форма) түрлердің систематикадағы орнымен, олардың өсу формаларымен және
биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы. Биоморфаның ерекше
тобына мысалы, қыналар, мүктер, плаундар, папоротниктер жатады.
Күрделі жоғары сатылағыөсімдіктердің ішінде негізгі биоморфаларға
ағаштар, бұталар, бетіндегі өсімдіктер үшін ең алдымен бұл ылғалдылық.
Ылғалдылыққа қатысы жөнінде өсімдіктер мысалы, гидрофиттер, гигрофиттер,
мезофиттер және ксерофиттер болып бөлінеді. Сол сияқты жылуға, сортандыққа
және субстратқа қатысты да өсімдіктер тіршілік формаларына бөлінеді.
Фитоценоздар әдетте әртүрлі экобиоморфтарға жататын түрлерден тұрады.
Бұл фитоценоздың құрылуының маңызды белгілерінің бірі болып табылады.
Фитоценоздардын экобиоморфтық құрамының біркелкі еместігі ормандарда айқын
көрінеді. Өйткені орман фитоценоздарының құрамына ағаштардан басқа бұталар,
бұташалар, шөптер, мүктер, қыналар және балдырлар кіреді. Сонымен бірге
көптеген орман типтерінде жоғарыда аты аталған тіршілік формаларының
әркайсысы өз кезегінде бірнеше экобиоморфалардан тұралы (мәңгі жасыл
қылканжапырақтылар, жапырағы түсетін ағаштар және тағы с.с.)-
Шөптесін фитоценоздарды (шабындық, дала және тағы с.с.) алсақ олардың
да экобиоморфтық құрамы әртүрлі болады. Бұлардың құрамына кіретін
өсімдіктердің өсу формаларына, тамырынын тереңдігіне, көбею жолына,
маусымдық вегетациясының ритміне қарай бір-бірінен үлкен айырмашылықтары
болады.
Бұлардың құрамына кіретін өсімдіктердің өсу формаларына, тамырынын
тереңдігіне, көбею жолына, маусымдық вегетациясының ритміне қарай бір-
бірінен үлкен айырмашылықтары болады. Олар өскен ортасының ылғалдылығына.
сортандығына және тағы с.с. байланысты әр түрлі болып келеді.
Кейде өсімдіктер қауымының құрамына фитоценоздардың әр түрлі типтеріне
сәйкес келетін өсімдік түрлері кіреді. Мысалы, шабындықта -шабындыққа,
орманға және далага тән өсімдік түрлері кездеседі. Бұл ортаның біркелкі
еместігіне ғана емес сонымен қатар кейбір өсімдік түрлерінің бұл 1 жерде
бұрын болған өсімдіктерден қалған қалдықтар (реликт) екендігіне де
байланысты.
Әдебиеттер тізімі: 1, 33-39 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдарының классификациясын жасаған
ғалым
2 Экобиоморфтық құрамы дегеніміз не?
7 тақырып Фитоценоздар географиясы
Мақсаты:
- экотоп, биотоп туралы түсінік беру
- өсімдік қауымдарының жер шарындағы таралу заңдылықтарымен танысу
Жоспар:
1 Өсімдіктер ареалының мәні
2 Ареал типтері
3 Комполитті өсімдіктер
1 Өсімдіктер және олардың қауымының жер шарында таралуын және сол
таралудың зандылықтарын зерттейтін ғылым саласы ботаникалық география деп
аталады. Ботаникалық география екі салаға бөлінеді:
1 Өсімдіктер географиясы - өсімдік турлерінің және ipi систематикалық
таксондардың жер шарындағы таралу заңдылықтарын зерттейді;
2Фитоценоздар географиясы - өсімдік қауымдарының жер шарындағы таралу
заңдылықтарын зерттейді.
Аталган ғылым салаларының негіздері, олардың алдында түрған
проблемалар арнаулы курстарда өсімдіктер географиясы, картаға түcipy және
т.б. толық қаралып, беріледі. Сондықтан бұл тарауда тек өсімдіктер ареалы,
фитоценоздар флорасының географиялық элементтер, картаға түcipy және
аудандастыру туралы гана қысқаша тоқталып қтеміз.
Ареал - өсімдіктер түрлері, туыстары жене басқа да категориялары
таралған аймақ. Егерде біз өсімдіктің 6ip түрiнің мекен жайын алсақ,
мысалы, Туркістан термопсисiн Thermopsis turkstanica Gand алып оларды
нукте немесе үшбұрыш түрінде картаға түсіріп ең сыртқы нүктелерді
сызықшамен қосу арқылы оның ареалын анықтауға болады, яғни сол сызықтың
ішіндегі аудан өсімдіктің осы түрінің таралған аймағы немесе ареалы болып
табылады сурет № 20. Бірақ мұндай нуктелі картаны тек сирек кездесетін
өсімдік түрлеріне пайдалануға болады; кездесетін түрлерді ерекше даңдылы,
сиректеу және басқа белгілермен көрсетеді. Кейде торлынүктелі карталар
жасалынады. Мүндай торлармен түрдің барлық таралған аймақтары жабылып,
тордың ішіндегі осы түр кездесетін тор кездеріне нүкте қойылады. Мысалы,
Британия флорасының осындай карталары бар. Keйбip мекен жайлар алыста
ареалдың сыртында орналасқан болуы да мүмкін, мұндай жағдайда ареалдың шет
форпостары деп айтады. Негізгі ареалдан алыста орналасқан олардың
фрагменттері болуы мумкін, олар эксклавтар деп аталады; кейде букіл ареал
бірнеше бірдей бөлшектерге бөлінген болады. Мұндай тарихи себептерге
байланысты пайда болган ареалдар дизьнктивті ареалдар деп аталады
Kөп жағдайда ареалдың түйық оңашаланған немесе дизьюнктивті екенін
ажырату қиын. Егерде диаспораларымен таралуға арналған элементтер:
тұқымдар, споралар, вегетативтік бөлшектер алмасу мүмкіншілігі жоқ болса
оларды дизьюнктивті ареалдарға жатқызады. Бірақ диаспоралар қаншалықты
жерге тарай алатындығын аньқтау оңай емес. Өйткені диаспоралар желмен,
сумен, құстар және адамдар арқылы талай жерге таралуы мүмкін . Түрлердің
ғана емес одан ірі ткасондар туыстардың және тұқымдастардың да ареалын
сызуға болады. Әрине түрдің ареалының. территориясында тіршілік жағдайы
біркелкі емес, сондықтан түр өз ареалына бүтіндей таралмайды . Әpбip
фитоценоздың құрамына және әрбір ассоциацияға тек қана осы экотоптың немесе
биотоптың жағдайына бейімделген толерантты шыдамды түрлер ғана өне алады
. Сондьқтан түрдің ареалының бірнеше аймағы болуы мүмкін Быков,1953;
формациялық аз жерде түр өзінің формациясын құрады ;ингрегациялық, бұл
аймақта түр ассоциацияға субдоминант ролінде енеді, ассектаторлық, бұл
аймақта түр тек ассектатор өсімдіктер қауымында үшіншіt дәрежелі орын
алатын топтар немесе ингредиент ролінде енеді; және перфорациялық, бұл
аймақта түр кездеспейді. Мысалы, май қарағайдың ареалының территориясы
27 млн га болса, оның формациялық бөлшегінікі – 10,1 млн. га 35 %
Ареалдың көлемі әртүрлі болуы мүмкін. Өсімдік түрлері барлық
континенттерде кездеседі космополиттер, басқалары кішкентай ғана
территорияда кездеседі эндемдер.Туыстардың ареалдарының көлемі оларға
жататын түрлердікінен, тұқымдастар ареалы оларға жататын тұыстардың
аркеалдарынан молырақ болады .Coндықтан космополитті тұқымдастар
космополитті туыстарға қарағанда, ал соңғылары-космополитті түрлерден
жиірек кездеседі және кейбip басқа тұқымдастар жершарында түгeл тараған
десе де болады.
Эндемдер палеэндемизм және неоэндемизм деп ажыратылады Палеоэндемизмге
реликті эндемдер бұрын кең тарап қазір
құрып бітуге айналған таксондар жатады, олар қ.aзіp тек кейбір шамалы
территорияларда ғана кездеседі. Мысалы гинкго- юра кезеңінде кең тараған
туыстың жалғыз өкілі қазір тек Сычуань провинциясында Қытай ғана
кездеседі.
Неоэндемизмге көрісінше белсенді түрде пайда болып жатқан
тұыстардың жас түрлері жатады. Мысалы, оңтүстік Альпаның кейбip
алқаптарында жэне т.б. туыстарға жататын
неоэндемдер табылып жатады.
Фитоценоздардын. формациянын, және басқада өсімдіктер жабынының
бөлімдерінің флорасында түрлердің үш тобын ажыратуға болады Быков, 1978 :
эндемдер, аэндемдер жене эйремдер .
Эндемдер - географиялық шағын аймаққа ғана таралған , басқа жерде
кездеспейтін түрлер ; аэндемдер - осы шағын аймақта пайда болған-, бipaқ
қазіргі: ареалы ол аймақ; терраториясының, сыртына шығып кеткен; эйремдер -
бұл аймақ территориясынан сырт жерде пайда болған түрлер. Сонымен бірге,
сирек және реликті турлердi көрсету қажет. Eкi формацияның немесе екі
аймақтың флораларының айырмашылығын немесе ұқсастығын ортақтьқ коэфициент
арқылы көрсетуге болады :
К = а+в-с
а+в+с
мұндағы a-бірiншi аудандағы түрлердің саны; в- екінші аудандағы түрлердің
саны;
с-түрлердің жалпы саны.
Әдетте фитоценоздардың , формацияның немесе өсімдіктер типінің
флорасына талдау жасағанда оларды дербес географиялық элементтерге немесе
геоэлементтерге бөледі. Географияльқ элементтерге бөлгенде негізгі
континенттердің көпшілік макұлдаған бөлінyi алынады-голарктикалық,
палеотропикалық, неотропикалық, австралиялық, қаптық және антарктикалық
элементтері. Егерде Тянь-Шаньдагы бip формацияның флорасын алсақ, онда
мынадай геоэлементтер бөлінеді: эндемдер , тянь-шань-джунгарлық , тянь шань-
алтайлық,
тянь-шань сібірлік, тянь-шань-памирлік және с.с. космополиттерге
дейін. Осылайша кез-келген географиялық аймақтың флорасына талдау жасауға
болады .
Ареал - өсімдік түрлері немесе тұқымдастарының жер бетінің белгілі бір
аумақ-жер көлеміне орналасуы. Ареалға тиянақты мән бермей өсімдіктер түрін,
туысын, бірлестігін, алып жатқан аумағы мен көлемін білмей географиялық та,
ботаникалық та тұжырым жасау мүмкін емес. Сондықтанда ареал өсімдіктер
географиясының өлшемі, объектісі, негізгі құралы деп түсіндірген жөн. Түр
немесе тұқымдас бір ареалда немесе бірнеше түр, тұқымдас таксон бірлесіп
бір ареалда өсуі мүмкін.
3 Ареалдың белгіленген бір ауданы, аумағы, көлемі түр, тұқымдас
таксон амплитудасы жоқ. Өсімдіктер жер бедеріне геологиялық,
географиялық, экологиялық ерекшеліктерге, тікелей жер жағдайларына
байланысты өсу, өнуі, орналасуы мүмкін. Өсімдіктер түрлері жер планетасының
барлық материгінде кездессе – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz