Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілік принципін теориялық жағын қарастырып, оны жүзеге асыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
І БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДА КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІН ҚОЛДАНУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК АЛҒЫШАРТТАРЫ 7
1. 1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі көрнекілік
принципін жүзеге асырудың теориялық мәселелері 7
1. 2 Математика пәнін оқыту ісіндегі көрнекі және дидактикалық
құралдардың маңызы мен мәні және пайдалану қажеттігі 12
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДА
КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІН ІСКЕ АСЫРУ АРҚЫЛЫ
ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ 19
- Бастауыш сыныптың математика сабақтарына көрнекілік
дайындау әдістемесі және оларды қолдану жолдары 19
2. 2 Оқушылардың математикадағы іс-әрекеттерін
қалыптастырудағы компьютерлік технологияның ролі 38
2. 3 Дипломдық жұмыс бойынша эксперимент нәтижелері 54
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 58
ҚОСЫМШАЛАР 61
К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі. Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе десек, бастауыш мектеп - соның бастауы [1, 2] .
Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Оның күрделілігі - жүз мыңдаған компонненттерден бас қатырарлықтай шиеленісе байланысып жатуында. Ал, оның жауапкершілік өлшемі - адам. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қоғам өмірі саласында жүріп жатқан демократикалық өзгерістерге байланысты белгілі бір әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылған талаптар арта түсуде. Бұған айғақ ретінде соңғы жылдары ғана қабылданған мемлекеттік мәні зор мына төмендегі құжаттарды атауға болады. Оның бірі - Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, екіншісі Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, үшіншісі-Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елдің стратегия-лық бағытын айқындап, кемел келешекке жол сілтеген "Қазақстан 2030" атты халыққа жолдауы және т. б. жолдаулары [1. 2. 3. 4. 5. 6] .
«ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» - делінген президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында [4] . Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан болашақта жақсы маман білімді адамзат шығары анық. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет [7. 3] . Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшілік те жетерлік. Олар мына төмендегідей:
- білім сапасының төмендігі
- білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен, оқудың нәтижесінің болмауы
- оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы.
- Сабаққа қызығуының төмендігі
- Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің иннновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады [8. 29] .
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Әрбір елдің әуелгі ойлайтыны - өз ұрпағының жай-күйі болмақ. Ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Жан-жақты білім алған, парасатты, саналы азаматты тәрбиелеп шығару, олардың жан дүниесін әлемдік өркениетке сай рухани қазыналармен байыту, халықтық педагогика дәстүрлерінің озық өнегелерін ой-санасына орнықтыру - бүкіл ел жұрт, ауыл-аймақ, отбасы, қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де айқын. Тәрбиенің осы бір сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім баспалдағы - бастауыш мектеп болып табылады. Өйткені бала да "ұяда нені көрсе, ұшқанда соны ілетін" балапан сияқты, айналамыздағы әр нәрсенің қыр-сырын білуге табиғатынан ынтазар болып жаратылады. Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді осы жаста берілген ұлттық тәрбиенің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп, қуат алып өскен баланың өмірге деген бейімділігі де, зерделілігі де анағұрлым жоғары тұрмақ. Ал, баланы оқыту мен тәрбиелеу - ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық қазғандай, бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек, бұл орайда, ұстаздар қауымының орны ерекше екені талассыз [9, 69] .
Бастауыш мектепте тәрбиелеу мен оқыту ісінің бірде-бір сабағы көрнекіліксіз іске аспайды. Сондықтан да мұғалімдер әрбір сабағында негізінен көрнекілікті басшылыққа ала отырып еңбек етеді.
Олай болса, әр педагог оқу-тәрбие жұмысын өзінің кәсіби шеберлігіне, іскерлігіне, ізденімпаздығына қарай балалардың жеке басының қасиеттерін, қабілетін ескере отырып ұйымдастыра алады.
Сонымен қатар, оқу ісі сабақ мазмұнына байланысты алуан түрлі әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдануды қажет ететіні белгілі. Сондай әдістердің ең ұтымдыларының бірі - балалардың байқау-көру қаблетін дамыту үшін сабақта қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Бұл негізінен мұғалімдердің ізденісіне, әдістемелік жаңалықтарды іске асыруына байланысты болып келеді. Мысалы, бастауыш мектепте көрнекі құрал ретінде заттың өзін пайдаланған тиімді. Бұл балалардың қабылдауына жеңіл болып, олардың сабаққа деген белсенділігін арттырады. Бастауыш мектепте балаларға ғылым негіздерінен алғашқы мағлұматтар беріледі.
Бағдарламада көрсетілген оқу материалдары бойынша пайдаланатын көрнекіліктер балалардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сәйкес болуы қажет. Сабақта балалар өздеріне берілетін білімді қабылдау белсенділігін арттырумен бірге ойын да (салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу) жетілдіреді, яғни қабылдау мен ойлаудың себеп-салдарлық байланысы қатар дамиды. Сондықтан бастауыш мектептегі негізгі мақсат - балаларға бағдарламалық оқу материалдарын сапалы, жүйелі меңгерте отырып, оларды ғылым негіздерімен қаруландыру. Сондай-ақ балалардың қоғамдық өмір жөніндегі ғылыми көзқарасын қалыптастырудың, өздігінен еңбек ете білуге үйретудің, алған білімін тәжірибемен ұштастыра білу дағдыларын жетілдірудің пәнаралық байланыс жүйесін сақтаудың мәні өте зор. Мәселен, оқу материалының тақырыбына сәйкес мұғалімнің көмегімен балалар өздері дайындаған көрнекі құралдарды сабақ үстінде пайдалану балалардың танымдық қабілетін арттыратынына әлденеше рет көз жеткіздік [10. 69] .
Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Алдыңғы айтқандай көрнекілікпен оқыту арқылы білім сапасын артттырамыз, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал жасаймыз. Көрнекі құралдар оларды қалай пайдалану керектігі туралы бірқатар педагогикалық-психологиялық зерттеулерге тоқталып өтуге болады.
Көрнекілік принципін теориялық жағынан бірінші болып негіздеген Я. А. Коменский [1592-1670] болса, орыс педагогтары ең алдымен ұлы педагог К. Д. Ушинский [1824-1870] көрнекілік мәнін психологиялық жағынан қоса алып көрсетті [11, 102] .
Көрнекілік әдісімен оқу - оқушыларды өз бетінше байқауға үйретуге негізделеді. К. Д. Ушинский көрнекілік әдіске психологиялық анализ жасай келе, көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір жақты пікірді сынады. Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса зат және құбылыс жөніндегі қабылданбаған ұғым, түсінік есіңізге соғұрлым берік, тиянақты есте сақталады. Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу, тағы басқа сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс. Егер де педагог баланың есінде бірде-ңені берік қалдыруды көздейтін болса, ал көз, құлақ, дауыс, сияқты сезім ор-гандарының, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қарастыруға тырысуы керек деген К. Д. Ушинский [12, 239] .
Көрнекілікті қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.
Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге шолу жасау негізінде біз бұл әдебиеттерде көрнекілік принципінің теориялық негіздері толық ашылмағанын байқадық. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерек-шеліктеріне байланысты математика пәнін оқытуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, көрнекі құралды пайдалана ойлаудың қалыптасуы мен дамуына түрлі жолдардың, әдістердің қалып-тасуының теориясы мен әдістемесін жасаудың жүйесі қалыптаспай отыр. Сондықтан осындай қарама-қайшылықтардың шешімін табуда диплом жұ-мысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрне-кілік принципін жүзеге асыру жолдары» деп таңдауымызға негіз болды.
ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ : Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілік принципін теориялық жағын қарастырып, оны жүзеге асыру жолдарымен бастауыш сынып мұғалімдерін қамтамасыз ету.
ЗЕРТТЕУ ПӘНІ: Бастауыш сыныптың математика сабақтарында көрнекіліктерді қолдану үрдісі.
ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ: орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына математика пәнін көрнекілік принципіне сүйене отырып оқыту әдістемесі.
ЗЕРТТЕУ БОЛЖАМЫ: Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығының артуы, білім, іскерлік, дағдыларының дамуы мүмкін болады, егер де:
- Бастауыш мектептің математика сабақтарында, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу iс-әрекеті дұрыс ұйымдастырылса;
- Оқу процесінде көрнекіліктерді сабақтың мазмұнына қарай таңдап алса, және де оқушылардың сабақ мазмұнын терең игеру үшін пайдаланса;
- Тақырыптарға байланысты көрнекіліктерді орнымен тиімді пайдаланатын болсақ.
ЗЕРТТЕУ МІНДЕТТЕРІ :
- Бастауыш сыныптың математикасын оқыту процесінде көрнекілік принципінің алатын орны және маңызы жайлы педагогикалық әдебиеттермен танысу және оларға талдау жасау;
- Көрнекі құралдардың түрлерін бастауыш сыныпты оқыту процесінде тиімді қолдану жолдарын анықтауға байланысты эксперимент жасау;
- Көрнекі құралдарды қолдану арқылы өтілген сабақтардың үлгі нұсқаларын анықтау және оларды бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсыну;
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ : Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, баста-уыш сынып мұғалімдерінің білім мен тәрбие берудегі іс-тәжірибесі, педаго-гикалық бақылау, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау.
ЗЕРТТЕУ БАЗАСЫ: № орта мектеп, 1-7 сыныптар.
Тәжірибелік мәні: Математика пәнінен қолданылатын көрнекі құралдарды қолдану жолдары туралы нұсқауларды мектептің мұғалімдері өз тәжірибелерінде қолдана алары хақ.
ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ : Зерттеу негізінен екі кезеңнен тұрады.
І кезеңде [2009-2010 оқу жылы] - зерттеу тақырыбы алынып, осы тақырып бойынша психологилық-педагогикалық оқу әдістемелік әдебиет-терге талдау жасалынып, теориялық негіздері анықталды.
ІІ кезеңде [2010-2012 оқу жылы] - жинақталған әдебиеттер талданып, жұмыстың теориялық бөлімі жазылып, дидактикалық көрнекі құралдарды қолданып жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарының озық тәжірибелері қарастырылып, үлгі нұсқалар жасалып, тәжірибелік жұмыстар мектептің оқыту үрдісінде жүргізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, жалпы қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
І БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДА КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІН ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі көрнекілік
принципін жүзеге асырудың теориялық мәселелері
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстанда сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және интерактивтік тақтамен жабдықталуда. Қазіргі заманғы, ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны күннен-күнге өсуде. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің білімін шыңдап ғана қоймай, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа көптеген адами келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды. Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты [13, 87] .
Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады. Сондай іс-тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан шығармалар, көрнекіліктерді пайдалана отырып балалардың бойында білімге деген құштарлықты қалыптастыра білу қажет.
Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір - қасиетті сезіндіру. Бүгінгі ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек. Ұстаздың оқу - тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой - сезіміне әсер ету үшін: біріншіден, саяси сауатты, жан - жақты білімді болуы; екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі; үшіншіден, оқушының психологиялық ой - өрісін бақылай алатын сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет. Сонда ғана ол - нағыз ұстаз [14, 98] . Мұғалімнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысы-ның бір түрі - сабақтың формалары мен оның құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай әдіс тәсілдер мен көрнекі, техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын - ала жоспарлап алуы керек. Техникалық құралдарды оқу процесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісін жетілдіріп, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысына да жақсы әсерін тигізеді. Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек. Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір - бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналық, көрнекілік, жүйелік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым - қатынас т. б. Математиканы оқытуда көрнекілік принципінің ролі ерекше. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Ян Амос Коменский, К. Д. Ушинский т. б. Осы принцип негізінде Я. А. Коменский алғашқы оқытудың әдістемесін («Ұлы дидактика») жазды [15, 258] . Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, «көрнекілік - баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды» - деді [15, 25] . Алайда психологтардың тұжырымы бойынша бастауыш мектеп жасындағы баланың ойлау түрі бірте - бірте көрнекі қимылдан көрнекі - бейнеліге ауысады, тіпті мұнда қандай да деңгейде абстракты ойлар да жүзеге аса бастайтыны белгілі. Сондақтан, сурет 1-ші сыныпта көп болғанымен, оның бірте - бірте сынып ауысқан сайын азаюы осы қағидаға лайықталған. Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің, оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуына мүмкіндік береді. Көрнекі оқу құралдарды табиғи және суретті құралдар деп бөлу қабылданған. Математика сабағында пайдаланылған табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарандаштар, шыбықтар, кубиктер т. с. с. жатады. Суретті көрнекі құралдар ішіне бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: Заттар, суреттер, фигуралардың, қағаз бен картоннан жасалған кескіндері, заттардың немесе фигуралардың кескіндері салынған кестелер. Суретті көрнекі құралдың екінші бір түрі шартты (символдық) құралдар болып табылады: математикалық символдардың (цифрлар, амалдар, таңбалары, «<» «>» «=» қатынастары), схемалар, суреттер, сызбалар. Суреттік көрнекі құралдар да жатады. Олар: оқу фильмдері, диофильмдер, диофозитивтер, нитербелсенді тақта. Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысан алғанда жалпы сыныптық және жекелік деп бөлінеді. Жалпы сыныптық көрнекі құралдарды бүкіл сынып болып пайдаланылады (кейде оларды демонстрациялық деп атайды) [16, 58] . Жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланады. Көбінесе жалпы сыныптық, және жекелік құралдар мазмұны жөнінен бірдей және айырмашылығы тек үлкен - кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың модельдері, кеспе цифрлар, сызба құралдары т. с. с. Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі құралдар деп бөлінеді. Қолдан жасалған құралдар дайын көрнекі құралдарды толықтырады: бұлар - есептер құрастыру үшін әр түрлі суреттер мен сызбалар, құрастырмалы геометриялық фигуралар, цифрлар мен жеке сөздерді алмастыруға болатын кестелер, көбейту мен қосудың электрлендірілген кестелері т. б. көрнекі құралдарды жасауға балаларды қатыстырып отырған пайдалы. Мұның білімдік және тәрбиелік маңызы зор, білім мен біліктерді саналы түрде және берік меңгеруге, белгілі бір еңбек дағдыларына төселдіруге көмектеседі. Мысалы, қағаздан тік бұрыштың моделін жасағанда және жылжымалы бұрыштың ермексазбен бекітілген екі шыбықтан моделін жасағанда, оқушылар бұрыштар жөнінде түсінік алады; сызықтық және квадрат сантиметрдің, дециметрдің, метрдің модельдерін дайындағанда, оқушылар ұзындық бірліктері және аудан жөнінде көрнекі түсінік алады. Өздері қолдан жасалған құралдармен жұмыс істегенде [мысалы, екі таңбалы сандарды иллюстрациялауға арналған құрал] бала еңбекті құрметтей білуге үйренеді. Математика нәрселердің өзі мен айналадағы өмір құбылыстарын ғана емес «нақтылы өмірдің кеңістік формалары мен сандық қатынасын» [Ф. Энгельс] зерттейді, сондықтан математиканы оқытқанда дәл осы жақтарын айырып алуға тырысады; нәрселердің сапалық белгілері болса, еленбей қала береді [12, 365] . Математикалық қатынастар мен операцияларды оқып үйрену үшін көбінесе арнаулы көмекші құралдар пайдаланылады. Мұндай құралдар кейде, нәрселердің өзіне немесе айналадағы өмірден алынған ситуацияларға [жағдайларға] қарағанда, анағұрлым көрнекі болып шығады. Математика сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану айқын кеңістікті және санды түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады. Нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі [17, 78] .
Қай пәнді болса да оқушыларға түсінікті, қызықты, тартымды және күнделікті өмірмен байланыстыра өткізу - оқытудың ең басты талабы. Бастауыш сынып балаларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін, сабақтарда көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызы зор. Сабақта тиімді пайдаланылған көрнекі құралдар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың тиянақты меңгеруіне көмегін тигізеді. Көрнекілік оқушыларды сергітіп, тапсырманы тез ынтамен орындауға, өз беттерімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушылардың ойланғыштық, ізденімпаздық қабілетін арттырады. Сондықтан да күнделікті өткізген сабақтарында түрлі көрнекі құралдарды көп пайдаланып отыру өте тиімді.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыпқа сай әртүрлі жағдайда көрнекіліктерді пайдаланып, сабақты ойын түрінде ұйымдастыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz