Балабақшадағы оқыту технологиялары



1 Саралап оқыту технологиясы
2 Дамыта оқыту технологиясы
3 Деңгейлеп оқыту технологиясы
4 Ақпараттық технологиялар
5 Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары.
6 Сын тұрғысынан ойлау
Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды, талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы ретінде жоғарғы қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды. Ассоцацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу, қолдау және мадақтау. Мұндай саясат Қазақстанда да жүріп жатыр. ( « Болашақ » бағдарламасы, «Дарын» орталығы.) Ғалымдардың есептеуі бойынша әрбір жас ерекшелігіне байланысты топта 3 пайызға дейін өте талантты оқушылар болады. Бірақ олардың барлығы мадақтала бермейді. Дүние жүзінде болып жатқан мұндай құбылыстан Қазақстан да қалыс қалып отырған жоқ. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады, оларға жағдай жасау керек» делінген. Танымал француз педагогы дұрыс атап көрсеткеніндей: "Оқыту, дегеніміз – екі есе оқу".

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Балабақшадағы оқыту технологиялары
Саралап оқыту технологиясы
Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды,
талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті
мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады. Соның бір
айғағы ретінде жоғарғы қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды.
Ассоцацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу, қолдау және
мадақтау. Мұндай саясат Қазақстанда да жүріп жатыр. ( Болашақ
бағдарламасы, Дарын орталығы.) Ғалымдардың есептеуі бойынша әрбір жас
ерекшелігіне байланысты топта 3 пайызға дейін өте талантты оқушылар
болады. Бірақ олардың барлығы мадақтала бермейді. Дүние жүзінде болып
жатқан мұндай құбылыстан Қазақстан да қалыс қалып отырған жоқ. Ел
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында Біздің
балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады, оларға жағдай жасау
керек делінген. Танымал француз педагогы дұрыс атап көрсеткеніндей:
"Оқыту, дегеніміз – екі есе оқу". Шын мәнінде, мұғалімдердің үздіксіз оқу
және дайындалуынсыз жақсы нәтиже күтуге болмайды. Сондықтан да үстіміздегі
жылдан бастап оқытушылар өздері оқытатын пәнге қатысты білім деңгейі
бойынша тестіден өткізіледі. өйткені тек солардың біліктілігі – білім
жүйесіндегі нақты анықтауыш. Егер сөзде, істе, әрбір әрекетте сенімділік
пен нақтылық болмаса, онда көз алдаудың орын алары сөзсіз. Ал мұғалім
қызметіндегі көз алдау орын толмас өкінішке ұрындырады. Себебі ол – бұл
дүниедегі ең құнды материалмен жұмыс істейтін тұлға.
Бүгінгі ұлдарымыз бен қыздарымыз жылдар жылжып өткен кезде қандай болатыны
тікелей оқытушыға байланысты. Сондықтан да билік – қоғам – мұғалім үш
бұрышы ырғақты, түсіністікпен жұмыс істеп, жалпыұлттық мүддеге қызмет етуі
тиіс. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі Қазақстанның оқытушысы жан-жақты, терең
білімді тұлға болуы керек. "Бір салада құнсыз болған адам келесі бір
салада айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуі мүмкін емес" деп Мераб
Мамардашвили бекерге айтпаған. Бұл, әсіресе, әлемнің бәсекелестікке
қабілетті 50 елінің сапында болуды мақсат тұтқан біздің жас
мемлекетіміздің білім беру жүйесі үшін ерекше маңызды. өйткені білімді
жастарсыз, талантты топ-менеджерлерсіз мақсат еткен биік асуды алу мүмкін
емес. Ал оларды даярлау еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындарына
жүктелген.
Данышпан ұстаз Ыбырай Алтынсарин бұдан ғасырдан астам уақыт бұрын
"Бір Аллаға сыйынып, кел, балалар, оқылық" деген екен. Бұл сөзді бүгін
қайталаушы біздер жас бүлдіршіндерге: "мемлекет сендердің жақсы білім
алуларыңа қолайлы жағдай туғызды, енді сіздер сол қамқорлыққа жақсы
оқуларыңызбен жауап беріңіздер" демекпіз. өйткені білімділер ғана бар
мақсатына жетеді .
Республикада Дарын ғылыми - практикалық орталығы құрылған.
Мақсаты - еліміздегі талантты да дарынды балаларды тауып, сапалы білім
беру. Көптеген авторлық мектептер, гимназиялар, лицейлер және жекеменшік
мектептер ашылуда. Ең таңдаулы жастар шет елге оқуға жіберіліп тұрады.
Балаларды саралап оқытуда тестік жүйе кеңінен тарап келеді. Білім беру
саласында әлемде болып жатқан үрдіске қосылуымыздың өзі егемендік
алуымызбен тікелей байланысты. Саралап оқыту идеясы әлемде 30 –
жылдардан басталса, Қазақстан мектептері үшін инновациялық (жаңаша)
бастамалардың оң нәтижелері аз зерттеліп отыр
Саралап оқытудың басты бағытының бірі - толықтыра оқыту, яғни
үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау. Толықтыра
оқыту дегеніміз – үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік бағдарламамен
оқыту.
Мектепшілік саралап оқытуда елеулі жетістіктерге жету үшін мынандай
мақсаттар қою керек:
• нақтылы бағдарлама жасау:
• педагогикалық ұжым білім беру мен оқытуда саралаудың теориясы мен
әлем педагогикасының іс – тәжірибесімен қаруланған болуы;
• материалдық базаның жеткілікті болуы .
Қазақстан мектептерінің осы бағытта қандай жетістіктерінің толық
зерттелмегенімен, аз – кем жұмыстар істелініп жатыр деуге толық негіз бар.
Сондай – ақ Қазақстанда білім берудің мемлекеттік емес саласы да кеңейе
түсуде. Қазіргі таңда мемлекеттік емес мектептерде 15 мың бала оқып
жүр. Білім жөніндегі қызмет рыногы құрылды, кез келген рынок сияқты ол
да бәсекелестік заңдарымен дамып келеді. Білім туралы жаңа заң, Білім
атты мемлекеттік бағдарлама, осы көкейкесті мәселе бойынша бірқатар
маңызды шешімдер қабылданады. Осы арқылы білім беру жүйесін нарық
ұстанымдарының талаптарын ескерте отырып дамытуға жаңаша жағдайлар
жасалды.
Саралап (дифференциалды) оқытудың тағдыры:
* Мектептік оқулықтарға;
* әдістемелік оқу құралдарына;
* ұстаздардың білімі мен шығармашылықпен еңбек етулеріне;
* шәкірттердің даярлықтарына, талаптарына;
* оқыту әдістемесінің жүзеге асырылуына байланысты
Мектептерде үздік, дарынды оқушылар бар, олардың үміт талабын,
бағдарын дамытуда саралай оқыту - бүгінгі күннің алға қойған міндетін
шешудің негізгі жолы. Саралай оқыту екі кезеңнен тұрады:
• дайындық кезең;
• негізгі кезең.
Дайындық кезеңнің басты міндеттерінің бірі – шәкірттер ішінен
талантты, дарындыларды тауып, олардың қабілеттерін дамыту, білімге
құштарлығын қанағаттандырып, белсенділіктерін арттыру.
Негізіг кезең - оқушыны ынталандыратын пәндерді айқындап, ондағы
оқуға қажеттілерді тереңдете оқытуға назар аудару. Қазіргі кезде
жарияланған бағдарламалар ішінен оқушы талғамына сай келетін түрін
таңдап алу қажет.
Таңдап алынған бағдарламаға сай әрбір пәндерге бөлінетін сағат
пайдалы әсер коэффициенті жоғары дәрежеге жеткізе еңбек етуді мықтап
ойластырған жөн. Бұл арада мұғалім оқулықтар, оқу құралдары, зертхана,
кабинет жабдықтарын кеңінен пайдаланып, уақытпен санаспай, шәкірт уақытын
аялап, жалықпай, жауапкершілікпен еңбектенсе ғана көздеген мақсат
жүзеге асады

Дамыта оқыту технологиясы
Бұл технология – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның
нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьект дәрежесінде көтерілуі
көзделіп , оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалынады. Дамыта
оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:көздеген мақсатында, мәнінде,
мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын
қызметінде, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің
түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың
қарым – қатынас сипатында, танып – білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы
коммуникациялар түрлерінде, т.б .
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л.С.Выготскийдің
идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың
дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген
университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады. Бұл бағдарлы
идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ оны жалпы білім
беретін мектептерде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда.өйткені,
ұсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта,
сондықтан кез келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында
қолдануын таба алмай жүр
Дамыта оқыту – білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым
– қатынаста,мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты,
сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне,
өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның
қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде,
ерік, құндылықтар, білімділік және тәжірибе, т.б) поэзитивті өзгерістер
енеді Даму дегеніміз – материалдық және идеялық объективтілердің
қайтымсыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды
өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынаста ескіден озса, онда
дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде
тұрады
Прфессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша дамыта оқыту жүйесімен білім
алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп – білудің
жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүниеге және оны тану үрдісі
баланың сол үрдіспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдайында пайда
болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды,
соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын не қалыптастыру, яғни дамыта
оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы білім
берудің жүйесін қалыптастыру. В.С.Лазаре ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек
бір сыныпта болуы мүмкін емес , ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет,
педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде
ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын
жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім–сабақ үрдісін ұйымдастырушы,
бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше
дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушы өз ойын білдіріп, пікір айтуға
мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда
дұрыс бола бермес.Дегенмен,әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп,
дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылау үйренеді .
Осындай негізде құрылған іс - әрекеттер бір – бірімен тығыз
байланысты: Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою,
мақсатқа жету жолдарын ашу мақстақа жету үрдісі (әрекет, операциялар),
нәтижесін шығару. Сонымен, жалпылап айтқандап, оқушы тұлғасының дамуына
ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі
төмендегідей:
• оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты
бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
• оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру
әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
• оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
• оқу материалын игеруде және іс - әрекеттерінде жете ұғынуға
талпындыру;
• белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін
ұйымдастыру;
• көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
• оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті – зерттеу түрлерін
ұйымдастыру;
• оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
• оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді
(стандартқа сейкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
• дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
• жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар,
зейін, ес, ойлау жәнеп т.б. дамыту жаттығулары ).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де
оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:
• мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобына мұғалімдер мен оқушылардың
күш – жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс
жағдайын қалыптастыру;
• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасы (өзара сыйласу, түсіну,
әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде іске
асырылуы );
• оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс - әрекеттер
оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдайымен, оқыту
материалының деңгейімен анықталуы;
• оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті бірітінділеушіліктің болуы
(оқыту жылдарына байланысты, нәтижелеріне байланысты, білім беру
стандарттарына сәйкес, т.б. ) ;
• оқу материалы бөлек – бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса
кіріктірілген курстардың да болуы (табиғаттану,әлеуметтік ғылымдар,
қоршаған орта және т.б. ) ;
• оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігінп тудырып, қабілеттерінің жан
– жақты дамуына ынталандыруы көздеген әр түрлі әдіс – тәсілдерінің кең
қолданылуы (диалог – сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас,
іскерлік ойын сабақтары, т.б. ) ;
• оқушылар әжептеуір уақыт аралығында мысалы, (бір, не бірнеше жыл)
белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды
топтар қалыптасып уақытша (бір, не бірнеше сабаққа) қызыметтесуінің
мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
• балалардың эмоционалды – сезімділік және абстрактілігі, логикалық ой
құрастырылуын дамытуға ықпал етілуі;
• үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей естен
шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының
қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
• оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің
үйлесімді қосылуы;
• оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін
жүйелі талдаудан өткізіп, бағалауы;
• оқушыларидың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік
бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы
Қазіргі біздің елдің мектептерінде осындай бірталай баптары игерілу
үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу
әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б.
Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын,
ұсаздықпен жалықпайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни демократиялық
әулеті жете дамыған мұғалім қажет. Бала ұрпақты баулу,тәрбиелеу–аға
ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа - деп, ақылшы
ақын М.Әлімбаев айтқандай, әрбір еремек адамның сана – сезіміне салмақты
орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғы шарт болып табылады

Деңгейлеп оқыту технологиясы
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой – тұжырымдардағы
гуманизм идеялары,еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту
үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын
қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау
қажеттілігі туындайды. Мектептің педагогикалық құрылымда негізгі құндылық –
оқушы және оның жеке тұлғасы. Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың
деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік
тапсырмалар дайындауға болады. өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының
жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика
саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі оқушылаға ғылым негізін меңгертудің
негізі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі –
оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында.
Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен
оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды.
Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар
оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді .
Оқулықтардың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін
мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.
Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар,
деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай және жеке тұлға
тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп
оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын, оқуға деген
ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік – психологиялық танымал, сұранымын ескеру
талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен
деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі.
Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып, ережелерді
оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді.
Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес. Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып,
тақпақты жаттап (тіпті ол оны қызықтырмаса да) ережені айтып беруі
мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме, ол
туралы әрі қарай өздігінен іздене ме, өз тарапынан жаңа пікір қоса ала ма,
өмірде іске асыра ма, міне негізгі мәселе осында жатыр.
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей
бағалауға болады: I деңгей (төмен) – эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға
көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; II деңгей – түсініктерді жүйелеу
деңгейі. 70 % ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; III - деңгей
(жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді.
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар -
өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған
тілдік,грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында
мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар
мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәкес оқушыны
саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас
ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға
беріледі. Оқушыны деңгейіне бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.
Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. өз бетімен
жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік
тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының
белсенділігі мен іскерлігі артып шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту
барысында біліктілікке жетеді.
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік
стандарт талабына сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау
МДҰ әдістемелік кабинет
Мектепке дейінгі ұйымдардың практикасында қолданылатын педагогикалық технологиялар
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
GEF білім беру және оқыту мектебіне сәйкес орта мектеп мұғалімдеріне оқыту және тренинг
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Тәрбиенің инновациялық әдістері мен технологиялары
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуға арналған инновациялық технологиялар
Мектепке дейінгі білімді дамытудың заманауи модельдері мен негізгі тенденциялары
Пәндер