Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1.
Бағдарламаның паспорты
3
1.: 2.
Бағдарламаның паспорты: Кіріспе
3: 6
1.: 3.
Бағдарламаның паспорты: Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың қазіргі жай-күйін талдау
3: 8
1.: 4.
Бағдарламаның паспорты: Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
3: 10
1.: 5.
Бағдарламаның паспорты: Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
3: 11
1.: 5. 1.
Бағдарламаның паспорты: Нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру
3: 11
1.: 5. 2.
Бағдарламаның паспорты: Е-үкіметтің қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласында білім деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру
3: 12
1.: 5. 3.
Бағдарламаның паспорты: Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту
3: 14
1.: 5. 4.
Бағдарламаның паспорты: Е-үкімет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру
3: 15
1.: 5. 4. 1.
Бағдарламаның паспорты: Е-үкіметтің порталы мен шлюзін қалыптастыру
3: 15
1.: 5. 4. 2.
Бағдарламаның паспорты: Банк жүйесімен өзара іс-қимыл үшін «төлем шлюзін» қалыптастыру
3: 16
1.: 5. 4. 3.
Бағдарламаның паспорты: Ұлттық сәйкестендіру жүйесін қалыптастыру
3: 17
1.: 5. 4. 4.
Бағдарламаның паспорты: Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын қалыптастыру
3: 18
1.: 5. 5.
Бағдарламаның паспорты: Ведомствоаралық және үлгілік ведомстволық ақпарат жүйелерін құру және дамыту
3: 19
1.: 5. 6.
Бағдарламаның паспорты: Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін құру және дамыту
3: 20
1.: 5. 7.
Бағдарламаның паспорты: Е-үкіметтің ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету
3: 20
1.: 5. 8.
Бағдарламаның паспорты: Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету
3: 21
1.: 5. 9.
Бағдарламаның паспорты: Бағдарламаны іске асыру тетігі
3: 22
1.: 6.
Бағдарламаның паспорты: Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
3: 23
1.: 7.
Бағдарламаның паспорты: Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер және оның индикаторлары
3: 23
1.:
Бағдарламаның паспорты: Қосымша
3: 1 - 6
  1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Бағдарламаның атауы: Әзірлеу үшін негіз
:
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы
Бағдарламаның атауы: Әзірлеуші
:
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бағдарламаның атауы: Мақсаты
:
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру
Бағдарламаның атауы: Міндеттері
:
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы:

Мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық және әдіснамалық база құру;

мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту;

«электрондық үкіметтің» қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;

е-үкімет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;

«электрондық үкіметтің» ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету

Бағдарламаның атауы: Іске асыру мерзімі
:
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: 2005 - 2007 жылдар
Бағдарламаның атауы: Қаржыландыру-дың қажетті ресурстары мен көздері
:
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: Бағдарламаны іске асыруға 2005-2007 жылдары республикалық бюджеттен (мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құруға арналған 31, 9 млрд. теңге көлеміндегі шығынды қоса алғанда), 51, 9 млрд. теңге көлемінде бөлінетін қаражат берілетін болады, оның ішінде 2005 жылға - 4, 5 млрд. теңге, 2006 жылға - 25, 3 млрд. теңге, 2007 жылға - 22, 1 млрд. теңге; ақпараттандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыратын жергілікті бюджеттердің жылына шамамен 150, 0 млн. теңге көлеміндегі қаражаты; жекеше инвестициялар, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының гранттары
Бағдарламаның атауы: Күтілетін нәтижелер
:
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы:

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдерін оңтайландыру үшін жағдайлар жасалатын болады және ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік ресурстарды ықпалдастыру жүзеге асырылады;

мемлекеттік органдардың бірыңғай қорғалған мультисервистік көліктік ортасы ұйымдастырылатын болады. Жоба іске асырылғаннан кейінгі 8 жылдың ішінде бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен инвестицияларды қайтару болжанып отыр;

мемлекеттік органдарды ақпараттандыруға арналған шығыстар оңтайландырылатын болады;

2005 жылдың ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын қызмет көрсетулердің 15 %-ы электрондық нысанда іске асырылатын болады;

мемлекеттік қызмет көрсетулер уақыты қысқартылады;

2006 жылы мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгізуі аяқталады;

2007 жылдың аяғына қарай:

“электрондық үкіметтің” базалық құрамдас бөліктері құрылатын болады, оған е-үкіметтің порталы мен шлюзі, «төлем шлюзі», ұлттық сәйкестендіру жүйесі, мемлекеттік органдардың біріңғай көліктік ортасы, жүйеқұраушы деректер базасы жатады;

ұлттық сәйкестендіру жүйесін құру шеңберінде азаматтың жеке басының куәлігінің нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, азаматтың әлеуметтік жеке код және басқаларын біріктіретін сәйкестендіру нөмірлері жүйесін қолданысқа енгізуге көшу жүзеге асырылатын болады;

мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулеріне неғұрлым кең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында кемінде 50 арнаулы пункт құрылатын болады;

25 интерактивті қызмет көрсетулер ұсынылатын болады, сондай-ақ транзакциялық қызмет көрсетулерді іске асыру үшін жағдай жасалады, мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін пайдаланатын азаматтар мен ұйымдардың үлесі 2-3 есеге ұлғайтылады;

ұлттық бірегейлендіру жүйесі құрылатын болады, Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқының 15-18 %-ы смарт-технологиялар негізінде жаңа үлгідегі жекебас куәліктерін алады;

мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен ресурстарын тиімді қорғау қамтамасыз етілетін болады;

салық төлеушілер мен фискалды органдардың өзара іс-қимыл рәсімдерін жеңілдету есебінен салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді жинау ұлғайтылады;

пайдаланушылардың компьютерлік білімділік деңгейін 2004 жылмен салыстырғанда Қазақстанның кәмелетке толған жұртшылығы санының 26, 5%-ына көтеру жоспарланып отыр;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде қоғамдық қолжетімді пункттер үшін арнайы тарифтер белгіленіп, оны одан әрі 2 есеге төмендету үшін жағдайлар жасау жоспарлануда;

тұрғыны 50 адамнан асатын 7523 ауылдық елді мекеннің барлығына телефон орнатып, телефонның жиілігін 100 тұрғынға шаққанда 9 телефонға дейін жеткізу жоспарлануда;

2007 жылдың аяғына қарай Интернетке қосылған мектептер санын 100 %-ға жеткізу жоспарланып отыр;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім деңгейін көтеру шеңберінде мектептердегі 1 компьютерге шаққанда оқушылар санын 54-тен 36-ға дейін төмендету, қашықтан оқыту спутниктік арнасына қосылған мектептер санын 8, 7%-дан 20, 8%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.

  1. Кіріспе

Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында № 9 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы “электрондық үкімет” тұжырымдамасының ережелері ескеріле отырып әзірленді.

Осы Бағдарламаның негізіне «электрондық үкімет» арқылы - прогрессивті ақпаратты Қазақстанға» қол жеткізу идеясы алынды.

Қазақстанда «электрондық үкіметті» қолданысқа енгізу мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзімін қысқартуға, мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық базасына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, болашақта әкімшілік жүйені жетілдіруді ескере отырып, құрамы жағынан тиімді әрі оңтайлы мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.

«Электрондық үкімет» құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейін көтеру, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіне жаңғырту жүргізу болып табылады.

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қалыптастыру кезінде әкімшілік процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргізу көзделетін болғандықтан, “электрондық үкімет” құру сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін ұдайы жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибені талдауды ескере отырып, Қазақстанда «электрондық үкімет» құрудың ұзақ мерзімді болашағы бар және ол үш кезеңде іске асырылатын болады.

Бірінші кезең «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымын құру. Аталған кезең шеңберінде осы Бағдарламаны іске асыру «электрондық үкіметтің» шлюзі мен порталы, банк жүйесімен өзара іс-қимыл үшін «төлем шлюзі», ұлттық бірегейлендіру жүйесі, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық және үлгілік жүйесін құру мен дамыту, сондай-ақ электрондық қызмет көрсетулерге қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізу, ақпараттық теңсіздікті жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім көтеру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру сияқты базалық құрамдас бөліктерді құруға бағытталатын болады.

Осы кезеңде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ақпараттық және интерактивтік қызмет көрсетулер жоспарлануда.

Екінші кезең - «электрондық үкіметтің» сервисін дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің барлық саласын қамтитын сан алуан сервистерді дамытуға, сондай-ақ әкімшілік процесстерге кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге бағытталатын болады. Осы кезеңде транзакционды қызмет көрсетулер іске асырылатын болады.

Үшінші кезең - ақпараттық қоғам құру е-медицина, е-білім, е-мәдениет, е-демократия және басқалары сияқты жобаларды іске асыруды қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерін трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды көздейді.

Осы Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінің аяқталу қортындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі республикада «электрондық үкіметті» дамыту жөніндегі бағдарламалық құжатты одан әрі әзірлеу туралы шешім қабылдайтын болады.

Осы Бағдарламада жағдайлар жасауға және «электрондық үкіметтің» мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған шаралар көзделеді, олар мынадай шешуші сәттерге шоғырландырылатын болады:

  1. «электрондық үкімет» пен оны пайдаланушылардың жұмыс істеуін

реттейтін нормативтік құқықтық базаны дамыту;

Бұл тұрғыда «электрондық үкімет» құру мемлекеттік қызмет көрсетулер регламенттерін талдауды көздейді, мұның өзі әкімшілік рәсімдерге технологиялық қайта жабдықтау жүргізу мен мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тетіктерінің бірі болып табылады.

  1. халықты «электрондық үкімет» мүмкіндіктеріне тарту, яғни білім алу және ақпарат теңсіздігін еңсеруге, электрондық іс-қимыл рәсімдерін орындау мен халықтың қалың жігі үшін «электрондық үкімет» қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті ұйымдастыру үшін қоғамды қажетті білімділік деңгейімен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру қажеттілігі;
  2. мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде әкімшілік процестерді стандарттау мен нысандандыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мен басқарудың біріңғай саясатын әзірлеу мен іске асыруды білдіретін мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.

“Электрондық үкіметтің” инфрақұрылымын қалыптастыру екі өзара байланысты, бірақ функциялық дербес контурларды іске асыру жағдайында мүмкін болады.

Ішкі контур «үкімет - үкімет» үлгісіндегі өзара қарым-қатынастарды қамтиды және ведомствоаралық әкімшілік рәсімдерге қызмет көрсететін ақпараттық жүйелерді құрайды.

Сыртқы контур «үкімет - азаматтар» және «үкімет - ұйымдар» үлгісіндегі өзара қарым-қатынастарды қамтиды және мемлекеттің азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Бағдарламада Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері ескеріледі және салааралық сипатта болады.

Бағдарламада мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

е-қызмет көрсетулер: е-қызмет көрсетулер
-: -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;
е-қызмет көрсетулер: е-үкімет
-: -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;: мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетулерді ұсынуға барынша бағдарланған жұмыс істеу тетігі;
е-қызмет көрсетулер: мемлекеттік қызмет көрсетулер
-: -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;: мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік рәсімдерді атқаруға бағытталған қызмет көрсетулер;
е-қызмет көрсетулер: АКТ
-: -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
е-қызмет көрсетулер: е-банкинг
-: -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;: интернет арқылы қолжетімділікті ұйымдастыру жолымен банк шоттарын басқару;
е-қызмет көрсетулер: ақпараттық теңсіздік
-: -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;: білім мен ақпаратқа қолжетімділігінің әртүрлі деңгейіне байланысты халықтың түрлі әлеуметтік топтарының АКТ-ны пайдалану мүмкіндіктерінің теңсіздігі;
е-қызмет көрсетулер: е-қызмет көрсетулерді жеткізушілер
-: -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;: АКТ құралдарымен қызмет көрсететін мемлекеттік органдар, ұйымдар және өзге де шаруашылық субъектілері;
е-қызмет көрсетулер: е-қызмет көрсетулерді тұтынушылар
-: -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;: азаматтар, мемлекеттік органдар, ұйымдар және өзге де шаруашылық субъектілері;
е-қызмет көрсетулер: е-қызмет көрсетулер регламенті
-: -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;: түпкі нәтижесі е-қызмет көрсетулерді жеткізушілердің функциялық мақсаттарына қол жеткізу болып табылатын әкімшілік және өзге де процестерді жүзеге асыруға бағытталған жүйелі іс-әрекеттер жиынтығы.
  1. Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың қазіргі

жай-күйін талдау

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында әртүрлі қызмет салаларында АКТ-ны дамыту мен қолдануға бағытталған іс-шаралар кешені кеңінен іске асырылуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаннан кейін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру жөніндегі жұмыстар жандана түсті.

Мемлекеттік органдардың автоматтандырылған ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу негізінде мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру жүзеге асырылуда. «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Мекенжай тіркелімі», «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Салық төлеушілер мен салық салынатын обьектілер тізілімі» деген мемлекеттік дерек қорларын, сондай-ақ «Электрондық мемлекеттік сатып алу орталығы» ақпараттық жүйесін құру жөнінде іс-шаралар орындалуда.

Мемлекеттік органдардың Интернетте электрондық өкілдіктер құру жолымен ақпараттар ұсынуын 42 мемлекеттік органның 32-сі жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің 170 түріне жүргізілген талдау нәтижесі бойынша е-үкіметтің 85 е-қызмет көрсетулерінен тұратын, осы Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын базалық қызмет көрсетулер тізбесі қалыптастырылды.

Жекелеген мемлекеттік органдар интерактивті қызмет көрсетулерді іске асыруға көшуде. Қазіргі уақытта нақты уақыт режимінде электрондық цифрлық қолтаңба тетіктерін пайдалана отырып, байланыстың электрондық арналары бойынша барлық салық есептерін беруге, сондай-ақ мемлекеттік бюджетпен өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге болады, бұл Қазақстанды ТМД елдері арасында бөліп көрсетіп отыр. Әлеуметтік төлем алушылардың деректер банкін құру, әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі есепке алу мен талдау жөніндегі процестерді автоматтандыру, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру және мүгедек адамдардың дерек қорын құру саласындағы ақпараттық жүйелер дамуда.

Е-үкімет элементтері жергілікті атқарушы органдардың кейбір ақпараттық жүйелерінде де бар. Алматы қаласы әкімдігінің жанында азаматтарды тұрғылықты жерлері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерін, автокөліктерді, халықтың көші-қон жөніндегі деректерін және басқаларды тіркеуді іске асыратын ақпараттық ресурстармен және ақпараттық жүйелермен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық жүйе құрылған.

Мемлекеттік басқаруды ақпараттандыру бөлігінде белгілі бір проблемалар да бар, олар:

ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық базаның жетілмегендігі;

ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді қалыптастыру жөніндегі функциялар мен жауапкершілікті бөлуді регламенттеудің болмауы;

көптеген мемлекеттік органдарда ақпараттандыру қызметтерінің болмауы және ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі.

Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам қалыптастырудағы ең басты кедергілердің бірі - ақпараттық теңсіздік деп аталатын кедергіні жою өзекті мәселе болып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Қазақстанда «Ақпараттандыру туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының заңдарынан, басқа да заңға тәуелді актілер мен жүйеқұраушы ақпарат жүйелерінен, атап айтқанда:

«Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Атаулы тіркелім», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» дерек қорларынан;

электрондық құжаттар айналымының ақпараттық жүйелерінен, электрондық мұрағаттардан;

Үкіметтің веб-порталынан;

е-үкіметтің элементтері (ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйе, салық төлеушілер мен салық салынатын обьектілер тізілімі, кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе, Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық жүйесі және басқалар) бар ведомстволық ақпараттық жүйелерден тұратын, нормативтік құқықтық базаны қамтитын е-үкімет құру үшін база қалыптастырылды.

Іске асырылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында тиісті қаржыландыру көлемімен 2005 жылы көзделген іс-шаралар олардың негізгі мақсаты е-үкіметтің негізін құрайтын инфрақұрылымның құрамдас бөліктерін құру болып табылатындықтан, осы Бағдарламаның шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

  1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету және АКТ-ны кеңінен қолдану арқылы мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру болып табылады.

Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау керек:

мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық және әдіснамалық база құру;

мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;

е-үкіметтің қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласында білім деңгейін арттыру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;

е-үкімет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;

е-үкіметтің ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.

  1. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

  1. нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру;
  2. мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;

3) е-үкіметтің қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласында білім деңгейін арттыру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;

  1. е-үкіметтің порталы мен шлюзін, банк жүйесімен өзара іс-қимыл үшін «төлем шлюзін», ұлттық бірегейлендіру жүйесін, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын қамтитын е-үкімет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру;
  2. ведомствоаралық және үлгілік ведомстволық ақпараттық жүйелер құру және дамыту;
  3. жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін құру және дамыту;
  4. халықаралық стандарттар базасында е-үкіметтің ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;
  5. Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру

Нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді дамыту қоғамның ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету, е-қызмет көрсетулерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құзыретін белгілеу, сондай-ақ е-үкіметтің жұмыс істеу жағдайларында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру бөлігінде ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталатын болады.

Нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру жүйелілік, объективтілік және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларына сәйкес принциптері бойынша жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік органдардың е-қызметтер көрсетуі үшін құқықтық негіз қалыптастыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы әртүрлі аспектілерді реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына талдау жасау жүзеге асырылатын болады және е-үкіметтің жұмыс істеу тәртібі мен жағдайларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілер кешені әзірленеді.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында е-қызмет көрсетулерді қалыптастыру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетулер мен әкімшілік процестерді жүзеге асыру регламенттеріне талдау жүргізілетін болады, соның негізінде тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Электронды үкімет»
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі
Электрондық үкімет дамуының үшінші кезеңі - транзакциялық кезең
Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту
Электронды үкімет инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Қазақстан Республикасында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету: дамуы және проблемалары
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің құрылымы мен портал қызметтері
Мемлекет механизмінің ұғымы
Электрондық Үкіметтің құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz