Бастауыш мектепте оқыту барысында пәнаралық байланысты жаңа технологиялар арқылы ұйымдастыру


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі:
Елбасы Н. Ә. Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында жоғарғы білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі.
Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік - экономикалық салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар серпінді қадамдар жасалып жатыр. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал жасайды. Осы орайда мектептің оқу - тәрбие үрдісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқаратың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алынған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Оның негізгі себебі, олар бір - бірімен байланыста, сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқаратың туындауына қиындық туғызады. Сондықтанда оқушы санасына дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнаралық байланысты анықтап, дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады.
Пәнаралық байланысты жан - жақты педагогикалық - психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз беріліп отыр. Бұл мәселені көптеген ғалымдар: М. А. Данилов, В. В. Давыдов, И. Д. Зверев, Р. Г. Лемберг, В. Н. Максимова, В. Н. Малахов, С. А. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, Д. Локк, И. Г. Песталоций, Ж. Руссо, Я. А. Коменский т. б. шұғылданып келді. Олар пәнаралық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қалыптастырған.
Республикамызда пәнаралық байланысты зерттеп, өзіндік пікір айтып жүрген ғалымдарымыз баршылық, мәселен: П. М. Иванов (1956), Қ. Мұханов (1967), С. Мұсабеков (1966), А. А. Бейсенбаева (1970), Р. Абасова (1991), С. В. Илларинов (1991), Ж. Ә. Шоқыбаев (2000) т. б.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің халықтық педагогикаға қарай бағытталуы, ұлттық салт - саналарымыздың қайта түлеуі, оқушылардың ата - бабалар қалдырған бай мәдени мұраларына деген биік құрмет сезімімен жандандыру секілді маңызды мәселелердің барлығы да ана тілін оқыту ісін жетілдіруге келіп саяды.
Баланың пәнге дұрыс оң қатынасын қалыптастыратын бір жүйе - ана тілін пәнін тек қолданушы деңгейінде қалдырмай, оның болашағы үшін жауапты екенін сезіндіру.
Атап айтқанда, оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұйымдарды, заңдылықтарды бір - бірімен өзара байланыста қарастыру. Оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс - әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету т. б. мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты: Пәнаралық байланыс қазіргі педагогика ғылымының басты мәселесі екендігін дәлелдеу, ұлы педагогтардың, ғылыми зерттеушілерінің еңбектері арқылы бүгінгі білім мазмұнына тірек болатынын айқындау.
Бастауыш мектепте оқыту барысында пәнаралық байланысты жаңа технологиялар арқылы ұйымдастыру және оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастырудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
2. Пәнаралық байланыстың мазмұнын ашу.
3. Ана тілін оқыту барысында пәнаралық байланысты жаңа технология бойынша жүзеге асыруда бала дамуының маңызы.
Зерттеудің нысанасы: Бастауыш мектепте оқу - тәрбие үдерісін жетілдірудегі «Ана тілі» пәнінің орны.
Зерттеудің пәні - ана тілі пәнінің басқа пәндермен байланысын жүзеге асыру.
Зерттеудің әдісі - байқау, бақылау, әңгімелесу, талдау және оны бастауыш мектеп тәжірибесіне ендіру.
Диплом жұмыстың құрылымы:
Диплом жұмыстың кіріспе бөлімінде жұмыстың ғылыми аппараты, диплом жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, міндеті, объектісі, зерттеу әдістері айқындалып көрсетілді.
«Бастауыш мектептің оқу үдерісінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық мәселелері» атты бөлімінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу жұмысын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастырудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктерін және пәнаралық байланыс туралы ұғым, оның мәні, білім мазмұны қарастырылды.
«Ана тілі сабағында білім беруде пәнаралық байланысты жаңа технологиямен жүргізудің әдістемелік негізі» атты бөлімінде пәнаралық байланысты жаңа технологиялар бойынша ұйымдастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы пәнаралық байланысты пайдаланудың әдістері қарастырылған.
Диплом жұмыстың қорытынды бөлімінде белгіленген тақырып бойынша жүргізілген зерттеулер тұжырымдалды.
Соңғы бөлімде пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілді. Диплом жұмыстың қосымша бөлімінде тақырыпқа сай кестелермен жұмыс жүргізілді.
- Бастауыш мектептің оқу үдерісінде пәнаралық байланысты
жүзеге асырудың теориялық мәселелері
1. 1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу жұмысын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарастың қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады.
Сондықтан жоғарыдағы айтылған мәселелердің шешімі - оқыту үдерісінде пәнаралық байланыс ерекше педагогикалық маңызды мәнге ие болуда.
Қазіргі кезде мектептегі қайта құру білім берудің мазмұнын жетілдіруді, ғылыми пәндердің өзара байланыста жүргізілуін талап етеді. Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Оның негізгі себебі олар бір-бірімен байланысты сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың туындауына қиындық туғызады. Сондықтан да оқушы санасында дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнарлық байланысты анықтап, дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады. [1]
Осы орайда мектептің оқу-тәрбие үдерісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Ал, мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға ксздесіп отырғаны белгілі. Атап айтқанда, оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, зандылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету тағы басқа мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.
Бірақ соңғы кезде пәнаралық байланыс өзекті мәселе ретінде көтерілгендігін байқатады. Дегенмен, жалпы білім беретін мектептерде бұл мәселе әлі толық өз шешімін таппағанын байқаймыз.
Пәнаралық байланысты мектеп мұғалімдері өз тәжірибелеріне сүйеніп жүргізеді, сондықтан да оқулық пен оқу құралдарындағы тапсырмаларда пәнаралық байланыстың жете қамтылуын жүйелі ойластыру қажет. Пәнаралық байланыс мәселесі кеше немесе бүгін ғана көтеріліп, сөз болып отырмағандығы белгілі. [2]
Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріспен қоғамдық дамуы жаңару процесіне тікелей ықпал жасайды.
Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар.
Қазірде пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болып отырған жағдайда оны жан -жақты қарастыру барысында біздер көрнекті философ, психолог, педагог еңбектеріне талқылау жасадық. Мұнда философ В. М. Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әртүрлі пәндердің өзара әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған.
В. М. Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. Пәнаралық байланыс мәселесі бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәжірибеде қолданып келгенін көрсетіп, ал қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек өзіне тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалды. [3]
Көптеген педагогтар мен психологтардың пікірлеріне қарағанда, оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен бірліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауы олардың білімдерін бір жүйеге келтіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.
ХҮІ ғасырдан бері қарай пәнаралық байланысқа аса көңіл бөлген мынадай ұлы педагогтарды атауға болады: Я. А. Коменский (1592-1670), И. Ф. Гербарт (1776-1841), И. Г. Песталоций (1746-1827) өздері өмір сүрген замандардан бері педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса назар аударған.
Мысалы, Я. А. Коменский: "Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек"- деп жазды.
Сондай-ақ XIX ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың кең өріс алуына прогресшіл педагогтар А. И. Герцен (1812-1870), Л. Н. Толстой (1828-1910), К. Д. Ушинский (1824-1870), Н. Г. Чернышевский (1828-1889) т. б. ғылыми еңбектерімен үлес қосты. [3, 4]
Мәселен, педагог-классик К. Д. Ушинский өзінің ғылыми еңбектерінде "Балалар әлемі", "Ана тілі", "Адам - тәрбиенің жемісі" т. б. пәнаралық байланыстың дидактикалық тұрғыдан маңызды екендігін дәлелдеп берді.
Ол мәселенің психологиялык негіздерін ашып, әртүрлі байланыстардың жеті түрін айқындады: қарама-қарсылығы, ұқсастығы, уақыт және оны реті жағынан еске салу, пайымдаушьлық байланыс, жүрек сезімі бойынша байланыс, өркендеу немесе ұғыну байланысы. К. Д. Ушинский қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, мүмкіндігіне қарай кең құлашты көзқарас дарытуы керек деп есептеді. [5]
Ол сонымен қатар бізді қоршаған нақты өмір жөнінде айқын, толық және біртұтас ұғымдар беріп, қалыптастыруға көмектесетін пәнаралық байланыстың, көзқарастың үлкен рөлін атап көрсетті.
Қазақтың ұлы ағартушысы, әрі ойлы педагогы артына өшпес, өлшеусіз мұра қалдырған, халқының адал перзенті Ыбырай Алтынсарин "Қазақ хрестоматиясы" және "Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық" деген екі оқулығын жазды. Бұл еңбектерінде білім мазмұнын дидактикалық қағидаларға сай негіздеді. Оқулықтар балалардың ойлауын, сөз қорын, өзіндік таным қабілетін дамытуға ықпал жасайтын табиғат құбылыстары, айнала қоршаған тұрмыс-тіршілік көріністері туралы әңгімелер, суреттемелер, аңыз-ертегілер, еңбек әрекеттер тағы басқа материалдар алынған.
Ол материалдардың ерекшелігі пәнаралық негізде болуы. Мәселен, "Қыпшақ Сейтқұл", "Білімнің пайдасы", "Қобыланды батыр мен Тайбурыл". Көптеген мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды мазмұнына қарай тақырыптарға бөліп ("Адам, әйел, білім, еңбек, оқу, табиғат, жан-жануар" т. б. ) ана тілі мен орыс тілін қатар алып балалардың дүниетанымының жан-жақты дамуына мән берген. [6]
Қазақтың дара туған данасы Құдайберді ұлы Шәкәрімнің (1858-1931) қандай бір өлеңін, дастаны мен қара сөзін, әңгімесін, мысалы мен мақал-мәтелдерін парақтап ашсақ, өзінің өмір бойғы жүрек жарды ойы, арманы, үміті мен ниеті, көңіл қалауы, халқының білімді, саналы, арлы адам болуын армандағанын көреміз.
Біз Шәкәрім шығармаларынан адам өміріне араласар, адам тағдырын, білімін, оның мәнісіне үңіліп, оның жыр-сырын білуге, сезіп тануға арналған толғаныстарын білеміз. Осылай біртіндеп пәнаралық байланыс идеясы езекті мәселе ретінде педагогикалық ой-пікірдің дамуында шешуші орын алып отырды. [7]
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі бұрынғы одақ көлеміндегі ғалым зерттеушілердің еңбектерінде орын алып келді.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика кафедрасы ұйымдастыруымен Республикамызда бірінші рет 1973 жылы "Орта мектепте ғылым негіздерін оқыту үдерісінің пәнаралық байланыс" мәселесіне арналған бүкілодақтық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілген.
Бұл конференция өзінің ғылыми теориялық тұрғысынан, қарастыратын мәселесінің маңыздылығы жағынан өте жоғары деңгейде өтті. Оған дәлел педагогика-психология, философия және жеке пәндерді оқыту әдістемесі мәселелері бойынша ғылымда танымал болған ірі ғалымдар Р. Г. Лемберг, М. М. Левина, В. Н. Максимова, Н. А. Лошкарева, т. б. қатысып баяндама жасады .
Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Р. Г. Лемберг пәнаралық байланыстың әдіснамалық және педагогикалық негізіне арналған баяндама жасады. Сонымен бірге осы пәнаралық байланыс мәселесімен шұғылданып жүрген педагогика кафедрасының ғалымы А. А. Бейсенбаева "Мектептің оқу-тәрбие үдерісі жұмысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру тәжірибесі туралы" көлемді баяндамасында пәнаралық байланыстың дидактикалық ерекшелігіне тоқтады. [8]
Оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және білім берудегі интеграцияны әртүрлі негізде жасауға Н. В. Малахов, И. А. Лошкарева, И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Т. Г. Рамзаева, Н. Н. Светловская, М. Р. Львов, Н. Я. Велинкин, т. б. зор үлес қосты. Бұл педагог-ғалымдардың еңбектерінде пәнаралық байланыс мәселесі жан-жақты қарастырылды. [4]
Қазақстандық педагогикада жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін Б. Т. Нәбиева, А. Р. Бектениярова, А. Ерімбетова, Р. К. Аббасова, А. А. Әбдиева т. б. сипаттаса, жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе интеграциясының педагогикалық негізін Г. К. Мендіғалиева, аспиранттардың оқу жөне зерттеушілік қызметі интеграциясы мәселесін Т. Н. Бақайбекова, бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мәселесін К. Жүнісова, Ә. Мұханбетжанова және т. б. қарастырған. Олардың ғылыми еңбектерінің аса құнды екендігі мәлім. [9, 10]
М. Берулова өз еңбектерінде оқу пәндері арасындағы байланыстың бірнеше деңгейі бар екендігін атап көрсеткен. Пәнаралық байланыстың алғашқы жоғары деңгейінде пәндерді кіріктіру негізінде кешенді ғылым пайда болады. Екінші деңгейі- дидактикалық біріктіру деңгейі. Бұл деңгейдегі оқу пәндерінің байланысы үнемі жүзеге асырылып, өзара бірлесіп әрекет етуші пәндер өз мәртебесін өз тұжырымдамасы негізінде сақтайды. Байланыстың үшінші деңгейі- пәндердің өзара байланысының ең төменгі деңгейі. Пәндердің өзара байланысы оқушылардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі. Соңғы айтылып отырған деңгей бастауыш мектепте анағұрлым тиімді. [10]
Бүгінгі қоғамның терендеп келе жатқан процесі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді, ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысы негізінде құруды талап етіп отыр. Осыған орай, пәнаралық байланыстың философиялық, психологиялық, жалпы ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.
Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу.
Пәнаралық байланыс кезінде материалдардың өзара байланысын, бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық рухани ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтастыру, ортақ белгілерін бір-бірімен салыстыру ортақ заңдылықтарын ащуды көздеуі тиіс. Оқушылардың меңгерген білімдері сайып келгенде, әрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлқының қағидасына айналуы керек. Қазіргі талап бойынша қоғам, табиғат, адам арасын пәнаралық байланыс негізінде оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденсек, ұлы педагог ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады. Философ М. Орынбеков Абай философиясының негізгі адам мәселесі екенін ашып көрсеткен. Абайдың уағыздағаны- адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімділік, өзін- өзі бақылау, ұяттылық, парасаттылық, Абай аңсаған адам тәрбиесі үнемі оқу- ағарту ісінің алдына қойған мақсаттарының бірі болып келеді. Әсіресе, қазіргі таңда жеке тұлға тәрбиесін жоғары деңгейге көтеру. Абай шығармалары мен ой-пікірлеріне соқпай өту мүмкін емес. Бастауыш мектеп оқушыларына білім мен тәрбие беруде бұл өлеңдердің алатын орнына жетпейді. Осындай тәлім-тәрбиені мұғалімдер сабақ өту үрдісінде пәнарлық байланыс арқылы қалыптастырумен оқушыға жеткізе алады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда философия, педагогика, психология және жеке пән әдістемелерінің де бір-бірімен байланысы бар. [11]
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға негіз болатын өткен жылдардағы мектептегі қоғамтану пәні еді. Онда оқушылар табиғаттың, адам ойының даму заңдылығын диалектикалық және тарихи материализм негізінде қабылдап теориялық танымдық біліммен қаруланатын еді.
Оқу пәндерінде қарастырылатын табиғат, қоғам, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі негіздер оларды білім беру мазмұнының біртұтас жүйесінде біріктіреді. Осы арада пәнаралық байланыстың дүниеге көзқарас қызметі өте маңызды және шешуші рөл атқарады.
Дүниеге көзқарас дегеніміз- адамдардың іс-әрекетіне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары жөнінде тиянақты көзқарастар жүйесі. Дүниенің өзі микро, макро, мега жүйелерді құрайтын көпсалалы байланыста болатын обьектілер мен құбылыстардың жиынтығы болса, дүниетанымның негізіне дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы кіреді. Дүниетаным әртүрлі білімдерді игеру барысында, сонымен бірге күнделікті көзқарастарды санада түю нәтижесінде қалыптасады.
Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық-матералистік дүниетанымды, дұрыс дүниеге көзқарасты қалыптастыруды көзейді. Осыған сәйкес бастауыш мектеп оқушыларына білім және тәрбие берудің, дүниетанымын қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі- пәнаралық байланыс болғандықтан, пәнаралық баланыстың негізгі міндеттерін көрсетсек;
1. Оқушылардың оқыту үдерісіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
2. Оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру, пәнаралық байланысты орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде пайдалану, .
3. Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыста жүргізілуі. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды қажет етеді.
4. Пәнаралық байланыс оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың дамуына және танымдық іс-әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады.
5. Пәнаралық байланыс бастауыш мектеп мұғалімінің жүргізетін педагогикалық әрекетін ғылыми негізде ұтымды ұйдастыруына себепкер болады.
Пәнаралық байланыстың мәні оның ішкі құрылысында жатқандығында, одан оқыту мен тәрбиені дұрыс, жүйелі ұйымдастырудың көп қырларының бірі екендігін танытады. Пәнарарлық байланыстың іске асырылуында методология шешуші қызмет атқаратын мынадай негіздер басшылыққа алынады.
1. Пәнаралық байланыстың философиялық негізде дүнтедегі барлық заттың, құрылыстың бір-бірімен өзар байланыстығытууралы тұжырымдалған дағды алынады. Дүниедегі бар құбылыс бір-бірімен байланысты болады, сондықтан оны танып білетін ғылымдарда өзар байланысты.
2. Пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуына оның психологиялық негізгі үлкен қызмет атқарады. Пәнаралық байланысты педагогика ғылымында зерттеуші ғалымдар пәнаралық байланыстың психологиялық негізін И. Павлов есімімен тығыз байланыстыра қарастырады.
И. П. Павлов мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп, оның үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген тітіркендіргіштер реттеліп жүйеге келетінін түсіндіреді. Сондықтан олар жүйке процестерінің күрделі динамикалық жүйесі болғандықтан, ол мидың анализ, синтез қызметімен орындалады. Бұл әр пәннің өз ішіндегі және пәндер бірлестігіндегі білімдер жүйесі сәйкес келеді. [12]
Пәнараалық байланыстың психологиялық негізін ашуға ұмтылыс жасаған педагог ғалымдардың бірі- немістің идеялист педагогы И. Ф. Гербарт ол өзінің еңбектерінде жан-жақты тәрбиелеуді, білім беруді пәндердің арасындағы және пәнішілік күрделі байланыстарымен тығыз бірлікте қарау керектігін атап көрсетеді. И. Ф. Гербарт оқытудың негізгі жолдарын төмендегідей үлгіде көрсетеді.
Көрсету
Байланыстыру
Үйрету
Философиялық негіздеу
Сезімге әсер ету жағынан мына үлгідегі болуын айтады.
Көрнекілік
Байланыстылық
Көтерінкілік
Қызығушылығын арттыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz