12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» - деп атап көрсеткен болатын. Осыны ескере отырып, жоба бойынша, бастауыш сынып оқушылары сауатын алдымен ана тілі, яғни қазақ тілінде ашатын болады. Ал, орыс тілі мен ағылшын тілдері бағдарламаға сай сатылап жүргізілетін болады. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

Бүгінде күн талабы - 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі 3 бағытты алады. Олар: оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып, жеке даралық бағытта оқыту; оқушылардың әлеуеттік мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жеке даралық бағытта оқыту; ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі 3 компонетпен таныс болуы керек: инварианттық компонент - мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру; профильдік компонент - профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру; тұлғалық компонент - оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.

2. 2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің статусы

Әлемнің көптеген елдерінде мұғалім мәртебесі айтарлықтай биік. Ал осы жобадағы мұғалімнің статусы мынадай жолмен іске асырылмақ:

  • Біріншіден, мұғалімдерді жұмысқа қабылдамас бұрын міндетті, арнайы тесттен өткізу. Бұл мұғалімдердің біліктілігін айқындайды.
  • Екіншіден, мұғалімдерге біркелкі киім үлгісі керек. Жинақы, тиянақты жүріп тұру оқушы психологиясына оң әсерін тигізері сөзсіз, сондай-ақ қоғамда мұғалім бет-бейнесін нақты қалыптастыру .
  • Үшіншіден, жақсы жалақы.

Міне осы жақдайлар арқылы мұғалімнің статусын орнықтыра аламыз. Мұғалімнің статусы ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. «Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі».

Оның статусы: заман талабына сай жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білетін, жаңа технологиялармен қаруланған бала жанының бағбаны болмақ.

Педагог кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру

Орта білім беруді жүйелі жаңартуды іске асыру сапасы педагог кадрлардың жаңа жағдайларда жұмыс істеуге дайындығына байланысты.

Педагог кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру екі бағытта жүруі керек:

  1. Орта білім беруді жүйелі жаңарту жағдайында жұмыс істеуге дайындау арқылы мұғалімдерге қолдау көрсету.
  2. Кадрлардың жаңа буынын даярлау мақсатында педагогикалық жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру.
  3. Оқытудың қызметі (функциясы) адами, технологиялық және ізгіліктілік. Оқытудың технологиялық қызметі - бұл «өмір сүру үшін база жасау»; еңбекте, кәсіби қызметте, қоғамдық әмірде, шаруашылықта білік, дағды қалыптастыру; адамдармен қарым-қатынас мәдениетін дамыту т. б. Кәсіби педагогикалық мәдениет аксиологиялық, технологиялық, эвристикалық және тұлғалық компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Кәсіби педагогикалық шеберлік педагогикалық қызметтің жоғары дәрежеде дамуы, педагогикалық технологияларды қолдана білуі, педагогтың адами тұлғасы, тәжірибесі, азаматтық және кәсіби көзқарасы арқылы анықталады. Педагогикалық шеберлік арнайы білім, дағды, әдет, өз өз қызметінде әртүрлі негізгі әдіс-тәсілдер, амалдарды меңгеруі арқылы қалыптасады. Мұғалім қандай мәселеде болса да ұйымдастырушы ұстаз, педагогтік қарым -қатынас шебері. Сондықтан, оның бойында мынадай 4 элемент болу керек. Олар: балалардың ұжымдық және жеке әрекеттерін ұйымдастыра білу шеберлігі, сендіре алу шеберлігі, білім беру және қызметінде тәжірибе жинау шеберлігі және педагогикалық техниканы меңгеру шеберлігі. Әсіресе, педагогикалық техниканы, яғни біліктер мен дағдылар жиынтығы - оқушылар мен қарым - қатынаста дұрыс жолды таңдай білу, өзінің сезімін, назарын басқара білу, педагогтік тактіні сақтау, әр адамның өзіндік «менімен» санаса білу т. б. Болашақ мұғалім осының бәрін жоғары оқу орны қабырғасында меңгеруі керек.

2. 3. Болашақ бастауыш сынып оқушыларының портреті

Рухани бай, жан -жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де, ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы - мектеп, ал мектептің жаны - мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу болады.

«Бастауыш білім берудің болашағы» жобасы мектептен «шығу» кезінде қандай нәтижелерге бағдар жасаиды?

  • білімді шығармашлықпен паидалану;
  • сыни тұрғыдан ойлау;
  • зеріттеу жұмыстарын орындау;
  • ақпаратық-коммуникативтік техналогияларды (АКТ) қолдану;
  • коммуникативтік қарым-қатнас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;
  • топпен және жеке жұмыс.

«Бастауыш білім берудің болашағы» жобасы: бастауыш сынып оқушысының қандай сиппатарына бағдар жасайды?

  • дұрыс шешім қабылдау және қоғам өміріне жасампаздықпен араласу, икемділік пен өзгерістерге бейімдік көрсету үшін шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауға даярлау;
  • ақпараттық-коммуникациалық құралдарды қолдана отырып, кез-келген тілдік ортада ұжымдық жұмыста коммуникативті болуға алғы шарттар қалыптастыру;
  • қоршаған ортаны обьективті бейнелеу ушін мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет көрсету үйрену;
  • Отан алдында өз міндетттерін орындау және Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосу үшін жауыпты болу және белсенді азаматтық позицияны ұстануға тәрбиелену;
  • Өзіне және өзгелерге құрметпен қарау үшін жылы шырайлы және қамқоршы болу;
  • Кез келген өмірлік жағдаяттарда өзінің танымдық үрдісін және мансабының жоғарлауын өз бетінше реттеу үшін өмір бойы білім алуғ дайын болу.

2. 4 Бастауыш білім беру жүйесіндегі жаңашылдық

Болашақ білім беру саласы, ел дамуының негізгі тірегі болғандықтан қай мектепте болмасын түйінді мәселелердің бірі екені белгілі. Елдегі білім беру жүйесін бәсекеге қабілеттілігі қандай болса, сол мемлекеттің экономикасының деңгейі де сондай болмақ. . Қазақстан да, Ұлыбритания да сол сүрлеумен келеді. Оның дәлелі осы «Бастауыш білім берудің болашағы» жобасы деп айтуға болады. Жобадағы жаңалықтарға келсек, Сурет 2-ден көре аламыз:

3. Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі
Педагогикалық бейімділік және мұғалім руханилығы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда білім сапасын бағалаудың басым бағыттары
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Жоғары сыныптарда оқушылардың мектепті бітіріп
12 жылдық білім берудегі эксперимент
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
Балалардың психологиялық дайындық компоненттері
12 жылдық оқытуда қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілеттерін ашу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz