Ахмет Байтұрсынұлы және «Зар заман» әдебиеті



1 «Зар заман» әдебиеті
2 «Зар заман» әдебиеті өкілдерінің шығармалары
Өткен ғасырдағы көрнекті әдебиет зерттеушілерінің көпшілігі ХІХ ғасырда қазақ даласында қалыптасқан ірі әдеби ағым – «Зар заман» әдебиетін зерттеуге қызығушылық танытқаны мәлім. Мәселен, Сәкен Сейфуллин 1932 жылы қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихын «Билер дәуірі» және «Орыс патшасына бағынған дәуір» деп екі дәуірге бөліп қарастырса, Сәбит Мұқанов Шортанбай дәуірін «Зар заман әдебиеті» деп атады. Бұл кезеңге қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесіне қатысты зерттеулер жүргізген Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев сияқты белгілі ғалымдарымыз да айрықша мән береді. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов «Зар заман» әдебиетін сипатына қарай «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» деп атауды ұсынды.Ал қазақ халқының ұлы қаламгері Мұхтар Әуезов 1927 жылғы «Әдебиет тарихы» оқулығының «Зар заман» атты бөлімінде бұл кезең жайында арнайы зерттеуін жариялады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Байтұрсынұлы және Зар заман әдебиеті
Өткен ғасырдағы көрнекті әдебиет зерттеушілерінің көпшілігі ХІХ ғасырда
қазақ даласында қалыптасқан ірі әдеби ағым – Зар заман әдебиетінзерттеуге
қызығушылық танытқаны мәлім. Мәселен, Сәкен Сейфуллин 1932 жылы қазақ
әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихын Билер дәуірі және Орыс патшасына
бағынған дәуір деп екі дәуірге бөліп қарастырса, Сәбит Мұқанов Шортанбай
дәуірін Зар заман әдебиеті деп атады. Бұл кезеңге қазақ әдебиетін
дәуірлеу мәселесіне қатысты зерттеулер жүргізген Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев,
Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев сияқты белгілі ғалымдарымыз да айрықша мән
береді. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов Зар заман әдебиетін
сипатына қарай Отаршылдық дәуірдегі әдебиет деп атауды ұсынды.Ал қазақ
халқының ұлы қаламгері Мұхтар Әуезов 1927 жылғы Әдебиет тарихы оқулығының
Зар заман атты бөлімінде бұл кезең жайында арнайы зерттеуін жариялады. 
Бұл кезең әдебиетін зерттеуге алғашқылардың бірі болып қалам тартқан ұлт
көсемдерінің бірі, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы. Оның Зар заман
әдебиетіне қатысын екі түрлі бағытта қарастырамыз. Бірінші, Зар заман
әдебиетіндегі азаттық идеясының Алаш идеясымен, оның ішінде А.Байтұрсынұлы
шығармаларындағы ұлттық рухпен өзара байланыстылығы, екінші,Әдебиет
танытқыш еңбегіндегі Зар заман әдебиеті өкілдерінің шығармаларының
көрініс табуы тұрғысынан айтуға болады. 
Әрине, ХХ ғасыр басындағы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ұлт
зиялылары бастаған Алаш идеясының арғы тегі ХІХ ғасырдағұмыр кешкен Дулат
Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан
Асан, Нарманбет Орманбетұлы т.б. сияқты Зар заман ақындарының қазақтың
азаттығын аңсаған айшықты жырларында жатқандығы анық. Тек ХІХ ғасырдың
алғашқы жартысында қазақ даласының әр тұсында басталған поэзиядағы
отаршылыққа наразылық идеясы мен Кенесары Қасымұлы, Исатай-Махамбет
бастаған ашық күрескерлік ХХ ғасырдың басында пісіп жетіліп, үлкен ұлттық
мәдени-саяси қозғалысқа айналды. ХІХ ғасырда ескіше хат таныған ақындар
тығырықтан шығар жол таппай күңіреніп, жалаң қылыш асынған батырлар мұздай
қаруланған жауға қарсы шапса, ХХ ғасырда еуропалық терең біліммен
жарақтанған қазақ зиялылары азаттық идеясын өркениетті түрде жаңа сатыға
көтерді. Олар білек күшімен емес, білімнің мысымен күресті. Зар заман
әдебиетін зерттеуші ғалым Бауыржан Омарұлы ХХ ғасыр басындағы ұлттық оянуға
бетбұрысты: Міне, зар заман поэзиясындағы сарындардың, дәстүрлі
тұжырымдардың біртіндеп жоғала бастайтын тұсы да осы. Алдымен заман азды,
жер тозды мотивін ағартушылық идеялар, әрекетшілдік қадамдар ығыстырды.
Өлең-жыр ақырзамандық сарыннан арылды. Мағжанның өткен – аяулы деп
жырлағанындай, кешегі күнді көксеу сарыны халықтың көшпенді өмірін, азат
дәуренін сағынудан гөрі, адам баласы үшін артта қалған қалған тіршіліктің
қадірлі болатынын айту әуеніне қарай ойысты. Жаңа дүниенің құбылыстарына
тосырқай қарау, күдіктене-күмәндана жырлау үрдісі жойылып, тосын жаңалықты
дәріптеп, мұны қазақ үшін керек нәрсе деп бағалау дәстүрі қалыптаса
бастады, –деп жазады. Ұлы мақсатқа жету үшін Ахмет Байтұрсынұлы бастаған
Алаш зиялылары да өзінің алдындағы қазақ халқына ойы азық, сөзі темірқазық
болған ұлт данышпандарының ұлы қайнарынан сусындады. Олар кімдер еді?
дегенде әрине, алдымен ұлы Абай Құнанбаевты атар едік. 
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы Қазақ газетінде жарық көрген Қазақтың бас
ақыны атты мақаласында:1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер
түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен басқалығы
сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз,
мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, түсініп,
көбінің мағынасына жете алмай қалады. Көп сөздерін ойланып дағдыланған
адамдар болмаса, мың ара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны
біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның
түсінуіне ауыр тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан
кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын
кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан
жазса да Абай түсіндіріп, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады, –
деп баға берген ұлы ақынның шығармашылығы Алаш идеясының негізгі ұстыны
болғаны анық. 
Алаштың астанасы Семей қаласы деп, өздері Абай мектебінің өкілдері Шәкәрім
Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Тұрағұл Абайұлы, Кәкітай Ысқақұлы сияқты
сұңғылалардың айналасына топтасуының бір ұшығы осында жатыр. Абайды жан-
жақты таныған Ахмет Байтұрсынұлы ол үлгі тұтқан Зар заман әдебиетінің
көрнекті өкілі Шортанбай Қанайұлының шығармашылығын зерттеу нысанына
енгізгенімен, ұлы ақынның рухани ұстазы делініп жүрген Дулат Бабатайұлы
туралы пікірін еш жерден кездестіре алмадық. Бір қызығы ХХ ғасыр басындағы
ең көрнекті зерттеу еңбектері болып табылатын Ахаңның Әдебиет
танытқышында да, М.Әуезовтің 1927 жылы жарық көрген Әдебиет тарихы
еңбегінің Зар заман атты тарауында да Дулат Бабатайұлы аталмайды. 1870
жылы Қазанда Өсиетнама атты кітабы жарық көрген ақынды қазақ оқығандары
білмеді деу негізсіз. Зиялыларымыздың аумалы-төпелі заманда сақтануына
себеп болған Дулат шығармаларында орыс отаршылығына наразылық ашық
айтылғандығы болса керек. Қалай дегенмен де, Абайды Дулаттан, Шортанбайдан
бөліп қарастыра алмаймыз. С.Мұқанов ...қазақтың халық әдебиетінсіз, Бұхар
жыраусыз, Махамбетсіз, Шортанбайсыз Абай да болмас еді.Қазақ әдебиетінің
қайнар бұлағы – Абай емес, Абайды туғызған халық, – десе, академик
Р.Бердібай Абайдың ескі ақындарды сынаған өлеңдерін тілге тиек ете келіп,
Бірақ Бұқар, Шортанбай, Дулат сынды ақындардың сөз кестесінен, бейнелеу
құралдарынан мүлде тағылым көрмеген деген үзілді-кесілді қорытынды
тумайды, – деген пікір айтады. 
Зар заман әдебиеті өкілдерінің Абай поэзиясына әсер еткен уытты
толғаулары Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдеріне әсері аз болған жоқ.Дулат,
Шортанбай, Мұраттардың шығармаларында көтерілетін ел мен жер мәселесі,
халықтың әлеуметтік тұрмысы, жұртты еңбекке, білімге, рухани оянуға шақыру
идеясы Ахмет Байтұрсынұлының да өзегін жарып шыққан туындыларының өне
бойынан көрініс табады. 
Шұрайлы жерлердің жат қолына түсуі, айрандай ұйыған ел ішінің нілдей
бұзылуын Дулат, Шортанбай, Мұраттар ел басқарған сатқын, Жатып ішер
жалмауыз, борсық тұмсық қандауыз қазақ ұлықтарынан көрсе, А.Байтұрсынұлы
бастаған Алаш зиялылары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ТОРҒАЙ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы
Шәкәрімнің қай шығармасынан
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ поэзиясындағы ұлттық сипат
Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Пәндер