Бейнелеу өнері туралы



1 БЕЙНЕЛЕНУ
2 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
3 Грек шеберлерінің шығармашылығы
БЕЙНЕЛЕНУ, психоло¬гияда — дүниедегі заттардың, соның ішінде жәндіктер мен адамның түрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтарып әсерленуі (із, таңба қалдыруы, өзгеруі). Бейнелеудің қарапайым түрі өлі табиғатта да кездеседі, мысалы, судың не айнаның бетіндегі заттардың бейнесі. Бейнелеудің бұл түрін тіршілік дүниесіндегі Бейнелеумен барабар деуге болмайды. Себебі; тітіркендіргіштер әсер еткенде жәндіктердің миында із қалады, ал өлі табиғатта (айнада, т.б.) мұндай өзгерістер кездеспейді. Электрон машинасы, компьютерлердің тиісті жұмыстарды ойдағыдай орындауы Бейнелеу теориясымен дәлелденеді. Жәндіктер дүниесіндегі Бейнелеу өзгеше жолмен және белсенді түрде іске асады. Адамда да Бейнелеу оның өмірлік тәжірибесінің жемісі болғандықтан, тек ұғым құру негізінде болмақ.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БЕЙНЕЛЕНУ, психологияда — дүниедегі заттардың, соның ішінде жәндіктер мен адамның түрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтарып әсерленуі (із, таңба қалдыруы, өзгеруі). Бейнелеудің қарапайым түрі өлі табиғатта да кездеседі, мысалы, судың не айнаның бетіндегі заттардың бейнесі. Бейнелеудің бұл түрін тіршілік дүниесіндегі Бейнелеумен барабар деуге болмайды. Себебі; тітіркендіргіштер әсер еткенде жәндіктердің миында із қалады, ал өлі табиғатта (айнада, т.б.) мұндай өзгерістер кездеспейді. Электрон машинасы, компьютерлердің тиісті жұмыстарды ойдағыдай орындауы Бейнелеу теориясымен дәлелденеді. Жәндіктер дүниесіндегі Бейнелеу өзгеше жолмен және белсенді түрде іске асады. Адамда да Бейнелеу оның өмірлік тәжірибесінің жемісі болғандықтан, тек ұғым құру негізінде болмақ. Адам миында тітіркендіргіштердің әсер етуінен болғанымен, нағыз Бейнелеу тек әрекет яғни іс-тәжірибе негізінде болмақ. Әрекеттену адамды әр түрлі объектілермен қарым-қатынас жасап, солардың Бейнелеуіне мүмкіндік туғызады. Сондықтан да Бейнелеу — заттың миға әсер етуінен ғана болатын бір жақты процесс емес, субъект пен объектінің өзара байланысының жемісі. Демек, объектінің тигізген әсерін субъект өңдеп, саналы түрде бейнелейді. Міне, Бейнелеуді субъект пен объектінің өзара байланысы деу осыдан. Бейнелеу процесі мидың әр қабатындағы жықпылда әр түрлі. Сондықтан психология ми қызметін бірнеше дәрежеге бөліп, бір дәрежедегі процестерді өзге процестермен шатастырмауға ерекше мән береді де, Бейнелеуді әр жақтан зерттейді. Кибернетика ми қызметінің үлгісін қалай жасауды зерттеп, жасалынған үлгіні тәжірибе қорытындыларымен салыстырады, сөйтіп Бейнелеу процесін дәлелдеуге ықпалын тигізеді.
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ (ағылш. figurative art, франц. art figuratif, нем. bildendr Kunst) - дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ театр, кино, теледидардагы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау. Бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретті өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және кондырмалы болып екіге белінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме гимараттарының келбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптаскан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Бейнелеу өнерінің тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздіқ заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерігің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазакстанда сақталған. Ежелгі дәуір өнерінің ірі орталығы — Алдыңғы Азиядағы Тигр мен Евфрат езендерінің аралығы. Б.з.б. 3 — 1 мыңжылдықтарда мұнда шумерліктер мен аккадтықтар мәдениеті, кейінірек Бабыл, Миттани және Ассирия мемлекепері мәдениеті өркендеді. Мүсін және кескіндеме туындыларымен көркемделген сарайлар мен ғибадатханалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындық моделі
Қазақ өнерінің тарихы
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Көркемдік білім туралы түсінік
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
Пәндер