Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен дәрістер тезистері



Лекция 1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Лекция 2. КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАОЫНА ИНФОРМИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Лекция 3. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫНА СИПАТТАМА
Лекция 4. ИНФОРМАТИКАНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТЫЛАТЫН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Лекция 5. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ҮШІН ИНФОРМАТИКАНЫҢ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ТАЛДАУ
Лекция 6. АҚПАРАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. АҚПАРАТТЫҢ ФОРМАСЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ. АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ
Лекция 8. КОМПЬЮТЕР СЫНЫБЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЕРЕКШЕЛІГІ
Лекция 9. КОМПЬЮТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІКТЕРІ. КОМПЬЮТЕРГЕ АҚПАРАТТЫ ЕНГІЗУ. КОМПЬЮТЕРДЕН АҚПАРАТТЫ АЛУ, КОМПБЮТЕРДЕ АҚПАРАТТЫ САҚТАУ
Лекция 10. БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУ.
“PAINT” ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ
Лекция 11. “WORDPAD” МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ
Лекция 12. АЛГОРИТМДЕР. СЫЗЫҚТЫҚ АЛГОРИТМ. АЛГОРИТМДІ ОРЫНДАУ
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып,т осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1- ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда.

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
пәнінен
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ

ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ

Лекция 1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта
отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті
информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология
элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық
жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын
болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен
теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты
бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір
тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге
арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға
негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып
мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып,т осы мақсатта жүргізілген
ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1-
ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін
сабақтардың жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі
өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына
байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге
болады деген пікірлер ұсынылуда.
Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен
логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа үйрету
керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11
жаста қалыптасады.
Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал
бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға
қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
- Математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;
- Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық
ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге
үйрету.
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам
қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік
техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң
көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс
оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру Қазақстан 2030
бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл
мәселелер бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды
кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың
логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс –
тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі
күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің әр-түрлі жолдары
қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене
отырып:
1. Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;
2. Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;
3. Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру
арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса,
жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып
өсуіне жол ашады.
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен
дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін
тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны
информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру,
өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну.
Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен
үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті
дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге
бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық
байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке
қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар,
жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға,
ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және
жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі
әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі
оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан
бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын
қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан
байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап
оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде
дәлелденіп отыр.
Ғалымдардың, практик – мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш
сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра
отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы
информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
1. Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық
және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар
негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты
қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі –
бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін
пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде
оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:
- оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;
- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды
пайдалану;
- программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін
табу, өз бетімен жұмыс істеу.
2. Ақпаратты - логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың
қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін
дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар
байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді
жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың
зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас
аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін
барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
3. Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану
арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының
қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын
іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.
4. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғылымдардың зерттеулері
бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық
технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу
процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі
шарттарды ұсынады:
1. Проблемалық оқытуды қолдану;
2. Алгоритмдік оқыту;
3. Оқытуды ақпараттандыру;
4. Пәнаралық кіріктіру.
Информатика пәні баланың техника құлағында ойлап отырған өз
замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің
әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер,
қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір әдістерінің
жолдары жаңаруда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей
сипаттауға болады:
1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
2. Ойды логикалы түрде дамыту;
3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып
табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына
да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық
мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде
өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой - өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім
алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда демек болашақта да
білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың
бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім
алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз
білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.

Лекция 2. КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАОЫНА ИНФОРМИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта
отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті
информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология
элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық
жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын
болсақ, отандық және шетелдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен
теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты
бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір
тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге
арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға
негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып
мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып,т осы мақсатта жүргізілген
ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1-
сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін
сабақтардың жылдық күнтізбелік–тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі
өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына
байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге
болады деген пікірлер ұсынылуда.
Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен
логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа үйрету
керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11
жаста қалыптасады.
Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал
бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға
қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
- Математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;
- Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық
ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге
үйрету.
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам
қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік
техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң
көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу
қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру Қазақстан 2030 бағдарламасында
көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша
тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін
қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін
шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін
арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына
айналып отыр. Осы мәселелердің әр-түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет
мемлекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:
• Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;
• Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;
• Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы
жүргізуге болатынына көз жеткізуде.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса,
жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып
өсуіне жол ашады.
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен
дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін
тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны
информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру,
өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну.
Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен
үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті
дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге
бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық
байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке
қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар,
жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға,
ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және
жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі
әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі
оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан
бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын
қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан
байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап
оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде
дәлелденіп отыр.
Ғалымдардың, практик – мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш
сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
• бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
• ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
• бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып,
әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы
информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
• Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық
және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар
негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты
қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі –
бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін
пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде
оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:
• оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;
• программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;
• программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін
табу, өз бетімен жұмыс істеу.
• Ақпаратты - логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың
қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін
дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын
зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба
білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың
логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады.
Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан
қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
• Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану
арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының
қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын
іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.
• Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғылымдардың зерттеулері
бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың
рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің
тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды
ұсынады:
• Проблемалық оқытуды қолдану;
• Алгоритмдік оқыту;
• Оқытуды ақпараттандыру;
• Пәнаралық кіріктіру.
Информатика пәні баланың техника құлағында ойлап отырған өз
замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің
әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер,
қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір әдістерінің
жолдары жаңаруда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей
сипаттауға болады:
• Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
• Ойды логикалы түрде дамыту;
• Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
• Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып
табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына
да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық
мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде
өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой - өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім
алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда демек болашақта да
білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың
бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім
алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз
білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.

Лекция 3. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫНА
СИПАТТАМА

Бастауыш сыныптартда компьютерді қолданудағы басты мақсат
дүниетанымдық және жалпы мәденилік сипатта болуы, баланың тұлғасы мен
ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.

Компьютерлік сауаттылық – екінші сауаттылық, - деп ғалым
А.П.Ершов айтқандай оқытудың мазмұны мен әдістемесі оқушылардың теориялық
ойлауын дамытуы қажет. Дәстүрлік эмпирикалық ойлауды ғана дамытуға
бағытталған. Оқыту үрдісі өзара байланысты және бірін-бірі толықтарытын
компьютердің екі қызметін: өлшеу аспабы және пәндік әлемге ықпал етуші
пәндік әлемнің белсенді элементі ретінде пәндік және компьютерлік әлем
жөніндегі білім қалыптастыруды үйлестіруі қажет.

Бастауыш сыныптардағы информатика курсының базалық мазмұны екі бөліктен
тұрады:
Ақпараттық технологиялар курсы;
Алгоритмдік курс.
Ақпараттық технологиялар курсында -компьютерлік сауатттылықты
қалыптастырумен қатар оқушыларды нақты ақпараттық технологияларды кеңінен
қолдануға үйрету. Тікелей компьютерді қолдану арқылы оның құрамымен
танысып, сурет салу, мәтін теру, өңдеу, мәтінді принтерден шығаруға
үйретеді.
Алгоритмдік курста - оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілеттерін
қалыптастыру және одан әрі дамыту. Алгоритм, алгоритмдерді орындау, жиын,
жиындардың берілу тәсілдері қарастырылады.
Әр сабақ екі бөліктен 20-25 минуттан тұрады. Сабақтың бірінші бөлігі
компьютердің қолдануынсыз алгоритмдердің құрылуына, ал сабақтың екінші
жартысында өздері құрған алгоритмді ақпараттық технологияларда қолданады.
Жалпы, бастауыш мектептегі оқытылатын информатика пәніне жалпы 102
сағат бөлінген, пән 2-сыныптан бастап оқытылады, яғни 2-ші сыныпқа – 34
сағат, 3-ші сыныпқа – 34 сағат, 4-ші сыныпқа – 34 сағат.
Қазіргі кезде санитарлық талаптарға сәйкес балалардың
компьютерде жұмыс істьеуіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы
санитарлық – эпидемологиялық қорытындысы бар компьютерлерді ғана
пайдалануға болады.
Компьютерлік сыныпта жұмыс орындары гигиеналық тұрғыдан тиімді
түрде орналасуы керек. Компьютерді оның экранына түсетін жарық көзін сол
жақта болатындай етіп орналасқаны дұрыс. Экранның өзі жарық беретініне
қарамастан, сабақ жарық жақсы түсетін бөлмеде өтуі тиіс.
Бір оқушының жұмыс орнына бөлінген аудан көлемі 6 метр квадарттан
аз болмауы керек. Әрбір компьютерлік жұмыс орны өз айналасында радиусы
1,5 м аймақта электромагниттік өріс таратады. Бұл өріс тек экранның бетінен
емес оның артқы және екі бүйір жақтарынан да таратылады.
Компьютерлік сыныпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс
шаршамауы үшін: ІІ-ІҮ сынып оқушыларының компьютерде жұмыс істеу ұзақтығы
15 минуттан аспауы керек;
Балалардың көздері талмас үшін компьютерде жұмыс істеп болған соң,
олардың көзге арналған арнайы жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар
экранға қарамай тұрғанда, қалыпты күйде демалдырып, көз қозғалыстарын
барынша үлкен етіп орындауға тырысуы керек. Балаларға қызықты болуы үшін
жаттығулар ойын күйінде орындалады.
Ақпарат сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген
ұғымдарды білдіретін іпfогтаtіо сөзінен шыққан.
Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі:
философия, экономика, физика, математика, информатика т. б. салаларына
кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз үғымы мен түсінігі
бар.
Ақпарат деп қоршаған орта мен онда болып жатқан түрлі құбылыстар
туралы мәліметтер жиынтығын айтады.
Адам қоршаған ортадағы ақпаратты алуда сезім мүшелерінің бес түрін
қолданады: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу мүшелері. Ақпаратты
біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.
Көру ақпараты – бұл көз арқылы қабылданатын ақпарат.
Дыбыстық ақпарат – бұл есту арқылы қабылданатын ақпарат.
Сипап сезу ақпараты – бұл тері арқылы қабылданатын ақпарат.
Иіс сезу ақпараты – бұл мұрын арқылы қабылданатын ақпарат.
Дәм сезу ақпараты – бұл тіл арқылы қабылднатын ақпарат.
Адам ақпаратты қабылдайды, есте сақтайды, өңдейді, таратады. Осының
барлығы ақпараттық үдеріс болады.
Бізді дүниежүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын
газеттерді, радио мен теледидарды БАҚ бұқаралық ақпарат құралдары деп
атаймыз. Диктор теледидар арқылы Оқиға болып жатқан жерден қосымша хабар
келіп түсті деп хабарлайды. Сендер бір-біріңнен: кеше біздің футбол
командамыз жөнінде жаңалық естідің бе? немесе "бүгін соңғы хабарды естідің
бе? деп сұрайсыңдар. Бұл мысалдарда ақпарат деген сөз белгілі бір
хабардың, жаңалықтардың, өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді.
Алматы облысының маңынан археологиялық қазба жұмысы кезінде қаз
қалпында сақталған ежелгі сақ тайпасының жас жауынгерінің киімі, құрал-
жарақтары, үй бұйымдары т.б. табылды. Бұл қазба Жетісу өңірін бұрын
мекендеген сақ тайпалары екендігі жөнінде, олардың тұрмысы, мәдени дамуы,
сол кездегі жауынгерлердің киімі, тұрмыста пайдаланған заттары жөнінде өте
бағалы ақпарат берді.
Тірі организмнің құрылысьш зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Мысалы, баласы ата-анасына неге ұқсайды, иттен неге торғай тумайды, тірі
жәндіктер мен микроорганизмдердің түрі неге өте көп? Бұл сұрақтарға
генетика ғылымы жауап береді, ол тұқым қуалаушылық болатынын, әрбір тірі
организмнің: ол адам, жануар, өсімдік, тіпті микроорганизм болсын, негізгі
белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНК молекулаларында кодталған генетикалық
ақпарат арқылы берілетінін дәлелдеді. Шексіз алыс әлемді, физиканың
жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында физиктер, астрономдар олардан Жерге
жетіп жатқан электромагниттік сигналдар арқылы олардың құрылысы, шығу тегі
жөнінде көп мағлұматтар алады.
ХІХ-ХХ ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы ақпаратты кез
келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге, ал
теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниежүзінде не болып жатқанын көріп-
біліп отыруға мүмкіндік берді.
Ақпарат тек қарым-қатынас нәтижесінде, яғни оны алу немесе беру
кезінде ғана алынып қоймай, адам миы бұрынғы қабылдаған мәліметтерді,
хабарларды, білімін өңдеу процесінде де туу мүмкін.
Информатика сабағында ақпараттық құбылыстар компьютер арқылы өңделеді.

Информатика - бұл электронды есептеуіш машинаның көмегімен ақпаратты
қабылдау, сақтау, өңдеу, жинау және тарату үдерістерін зерттейтін ғылым.
Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да болады, ол орқашан
сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алудың сан алуан түрі бар деп айта
аламыз. Ақпарат қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зерттеу т.б.
әрекеттер нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған дүние
туралы және онда жүріп жатқан үдерістер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп
түсінуге болады.
Ақпарат — белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т.б.) туралы
таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мөліметтер тобы.
Ақпарат алмасу үшін, жолдаушы мен қабылдаушы болуы ксрек. Хабар
жеткізуде пайдаланылатын құралдарды ақпарат жеткізу арнасы деп атайды. Оған
теледидар, радио, компьютерлік желі, басылған құжаттар т.б. жатады. Адам
ақпаратты өңдей алады.
Ақпаратты өңдеу деи ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну
түрлі өзгертуді, алынған ақпаратты бір рет- келтіруді және жаңа ақпарат
іздестіріп толықтыруды айтады.
Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз үдеріс, тіпті сендер ұйықтап
жатқанда да ой үдерісі, яғни ақпаратты өңдеу үдерісі жалғаса береді.
Алынған мәліметтерді өндеу, математикалық есептерді шешуде қиын
жағдайдан шығу жолын іздегенде, адам бұрын болмаған жаңа ақпарат ойлап
шығарады. Адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді және (шыгарып бере) жеткізе
алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық
үдеріс дейді. Ақпараттық үдерісті оның өзі жасай алады немесе әр түрлі
құралдар мен құрылғыларды пайдалана отырып ұйымдастыра алады. Оларға қағаз,
магниттік таспа, дискі, калькулятор, компьютер т.б. жатады. Ақпарат
жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын
әрекеттер ақпараттық үдерістер деп аталады.
Адам ақпаратты қалай қабылдай алады? Адам ақпаратты үздіксіз қабылдап
отырады. Адамға ауа, су, жылу қандай қажет болса, қоршаған орта туралы
ақпарат та сондай қажет.
Айталық, адам дыбыс, жарық жоқ бітеу кеңістіктің ішінде қамалып қалды
делік. Адам өзін-өзі жағдайсыз сезіне бастайды. Оның рухани күйі
(психикасы) өзгереді. Бірнеше күннен кейін сезінуден айырылып, ол ең
қарапайым әрекеттерді істей алмайтын халге жетіп, қозғала алмай қалады.
Өйткені адамға кез келген тірі организм сияқты әрқашан қоршаған болмыс,
уақыт пен кеңістік туралы ақпарат қажет.
Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді
сезеді, яғни ақпарат қабылдайды. Адамның ең басты сезім мүшесі - көру мең
есту.
Ол кітаптан, теледидар мен радиодан алатын ақпаратты тек осы
мүшелерімен қабылдайды. Сырттан қабылдайтын ақпа-раттың 90%-ы сол мүшелер
арқылы қабылданады.
Бірақ басқа сезу мүшелерінің рөлін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы,
шай ішкенде, оның төтті немесе тәтті емес екенін сеземіз, затқа тек қол
тигізе салып, біз оның температурасының қандай екенін, қатты немесе жұмсақ
екенін анықтай аламыз.
Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөлуге
болады.
Бейнелік ақпарат деп — табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс,
сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттарды айтады. Таңбалы ақпаратқа
адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттары жатады.
Жазба мәтін әр түрлі: а, в, ".", "-" ... таңбаларынан тұрады. Ауызекі
тіл де таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар — фонемдер.
Фонемдерден сөздер, сөздерден сөйлемдер құрастырылады. Сөз бен жазу бір-
біріне пара-пар (бірдей). Сөйлеу дыбыстары — әріптермен, әріптер
тіркестерімен, үзіліспен (пауза), дауыс ырғағы (интонация) тыныс
белгілерімен көрсетіледі.
Адамдардың қарым-қатынасы, яғни адамнан адамға ақпарат жеткізу, сөйлеу
немесе хат арқылы жүргізіледі, басқаша айтқанда, дыбыс немесе таңба түрінде
беріледі.
Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі дейді. Қатынас тілдері табиги
және жасанды болып бөлінеді.
Табиғи қатынас тіліне қазақ, орыс, ағылшын т.б. тілдер жатады. Олардың
ауызекі және жазу түрлері болады.
Жасанды немесе формалды тілдерге математика, физика, музыка,
компьютермен қатынасу тілдері жатады.

Лекция 4. ИНФОРМАТИКАНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТЫЛАТЫН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН
БАЙЛАНЫСЫ

Қазіргі заманда ғылымның дамуына байланысты мектепте
оқушыларға білім беру процесі өз дәрежесінде
болу керек. Өйткені жалпы білімнің мазмұны әр түрлі
саладағы ғылымдардың өзара әрекеті, даму прцесінің
жаңа тұрғыда жетілуіне ықпал жасайды. Сондықтан
қазіргі уақытта мектепте оқыту үрдісі пәнаралық
байланыс сипат алуы тиіс.
Осы орайда пәнаралық байланыстың өзіндік шығу
тарихына тоқталамыз.
ХVІ ғасырдан бері қарай пәнаралық байланысқа
аса көңіл бөлген мынадай ұлы педагогтарды атауға
болады.: Я.А.Коменский, Д.Локк, И.Г.Песталоции, Ж.Руссо т.б.
Мысалы, Я.А.Коменскийдің пікіріне сүйенсек: Өара
байланысы бар нәрселердің бәрі сондай байланыс күйінде
оқытылуы керек - деп жазды.
ХІХ ғасырдың 60 – шы жылдарында прогресшіл педагогтар,
атап айтқанда, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский
т.б. өздерінің ғылыми құнды еңбектерінде пәнаралық
байланысқа зор көңіл аударды.
Бүгінгі таңда пәнаралық байланыс мектепте оқыту
процесінің негізгі мәселесіне айналып отыр.
Пәнаралық байланысқа ғылыми еңбектерде алпыстан
астам анықтамалар берілген. Мысалы, Педагогикалық сөздіктегі
анықтамаға сүйенсек, онда былай берілген: пәнаралық
байланыс оқу бағдарламаларының өзара үйлесімділігі.
Пәнаралық байланыс ұғымы мынадай бөліктерден
тұрады: байланыс құрамы, байланыс амалы, байланыстың
бағыттылығы.
І. Байланыс құрамы. Оған байланыстардың маңызды
объектілерін жатқызамыз (оқу пәндері арасындағы құрамы мен
тақырыбы)
ІІ. Байланыс амалы. Бұны яғни, бір пәннен екінші
пәнге хабар беру амалы деп түсінуге болады.
ІІІ. Байланыстың бағыттылығы. Бұнда мағлұматты бір
пәннен екінші пәнге беріп отыру бағыты.
Бұдан шығатын қорытынды, пәнаралық байланыс негізгі
оқыту процесінің проблемасы ретінде қаралады.
Қазіргі кезде білімді игеру процесі бұрыңғы
алынған білімдер мен кейінгі білімдер арасындағы
байланыс, қатынас болып саналады.
Пәнаралық байланыс бұл тек білімнің мазмұнына
ғана қатысты болмауы керек, оның ықпалы оқыту
үрдісінің барлық құрамды бөліктері мен байланысты.
Көптеген зерттеушілердің И.Д.Зверев, В.Н. Максимова,
В.В.Давыдов, Р.Г.Лемберг, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин т.б.
пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары әр түрлі
қалыптасқан пікірлері бар.
М.Д.Зверев пен В.Н.Максимова пәнаралық байланыс
әдіснамалық қағидалардың бірі, ақыл – ой қызметінің
ерекше түрі деп түсіндіріледі.
В.Скакун пәнаралық байланыстарды: зерделейтін оқу
материалы мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастырылатын
жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен
құралдары бойынша, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту
әдістері мен құралдары бойынша деп ажыратады: Пәнаралық
байланыстардың оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін
шешудегі әлеуметтік– педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі
туындайды.
Қазіргі заманда жалпы білім беретін мектептерде
білім мазмұны мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады:
- пәнаралық байланысты оқыту үрдісі кезінде пәнаралық
байланысты жүзеге асыру барысында қазіргі заманға сай
ғылымаралық байланысты ұғындыру ұстанымы;
- қазақ халқының немесе өз ұлтының бұрыннан
қалыптасып келе жатқан мәдени мұрасын меңгерту
ұстанымы;
- ҚР – ның мемлекеттік тілін, ұлтаралық, халықаралық
қатынас құралдары тілдерін оқып үйрену ұстанымы;
- білім мазмұнының біртұтас жүйе ретінде қарастырылып,
жеке индивидтің жан – жақты дамуын қамтамасыз ету
ұстанымы.
Білім мазмұны ең біріншіден, қоғамның, мектептің
алдына қойған мақсаттарымен анықталады. Бүгінгі заман
талабына сәйкес үздіксіз білім берудің әдіснамасы
негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім берудің
мақсатын, мазмұнын, міндетін қайтадан жаңарту көзделініп
отыр.
Пәнаралық байланыстың міндеті оқу – тәрбие үрдісі
арқылы іске асады. Пәнаралық байланыс тек оқыту мазмұнымен
шектелмейді, сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің оқу
процесінің бір бөлшегі болып табылады.
Оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге
асырудың көптеген амалдары бар: көрнекі құралдар, сұрақтар,
ситуациялар, әңгімелер, тарихи оқиғалар.
Мысалға пәнаралық байланысқа негізделген сұрақтар
әр пәннен бұрын алған білімдерін қайта естеріне
түсіріп, жаңа оқу материалын меңгеруге, оларды жүзеге
асыруға жағдай туғызатын мазмұнда болуы керек.
Ең бастысы қазіргі уақытта әрбір ұстаз нақты
деректерді, нақтылы оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен
шектелмеуі керек. Ол деректердің өзара байланысын, бір
– біріне әсерін, басты әлеуметтік, немесе рухани ортақ
белгілерін бір – бірімен байланыстыру, ортақ заңдылықтарды
ашуды көздеуі тиіс.
Сонымен, қорыта айтқанда, пәнаралық байланыс
мектептегі оқушылардың өмірлік көзқарастарын
қалыптастыруда, жалпы экономикалық – экологиялық білім
беруде қазіргі мектепте басты орын алады. Жалпы, өскелең
ұрпақты жетілдіруде мектептің білм мазмұнын одан әрі
жаңарту, жоғарғы деңгейге көтеруде, оның қоғамдағы
даму процесінен үнемі оқып отыру мақсатындағы
ізденістерде ғылымдар жүйесінің бір – бірімен тығыз
байланыста болуы пәнаралық байланыстың негізінде
қарастырылуы керек.
Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу – тәрбие
үрдісіндегі пәнаралық байланыстарды айқындау әдістері мен
жүзеге асыру жолдарын іздеуді керек етеді. Пәнаралық
байланыстарды жүзеге асырудың объективті және
субъективті екі жақтың қатысынан пайда болады. Объективті
жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады
және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу
құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі.
Субъективті жағы тікелей оқыту үрдісінде көрініс
табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты
жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері
қарастырылады.
Еліміздің білім беру жүйесінің 12 жылдық оқу
мерзіміне өтуде, жаңаланған оқыту мазмұнын айқындауда
пәнаралық байланыс түрлерін педагог - ғалымдарымыздың,
әдіскерлеріміздің есте ұстағаны дұрыс деп білеміз.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі
бағыттарында: пән бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын
жазу кезінде; оқу жоспарын және бағдарламаларды даярлауда:
жеке әдістемелерді және ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді
жазуда; оқу орындарының түрлеріне байланысты әдістемелік
және оқу - әдістемелік жұмыстарды жүргізуде бұларды
басты назарда ұстаған жөн. Сондай – ақ педагогика
ғылымында белгіленген пәнаралық байланыстарды оқу
материалдарының уақыт критерийі; жекелеген пәндердегі оқу
материалдарының фактілік, ұғымдық, теориялық ақпараттық
мәні; оқу пәндеріндегі білімдер мен іс- әрекет түрлері;
мазмұндық – ақпараттық, операциялық іс -әрекеттік, ұйымдастыру -
әдістемелік сипатына тән талдап қорытындыланған түрі
бойынша жүзеге асырғанымыз абзал.
Бастауыш мектепте ин форматика элементтерін оқыту
негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі
мәселелер жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ.
Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың
алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беру, сонымен қатар
басқа пәндерді оқып үйренуде пәнаралық байланысты
жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен,
дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда
қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау
қажеттілігі басты назарда болып отыр.
Мұндай келелі мәселелерді шешу, бастауыш мектепте
информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық
байланысты жүзеге асыруды теориялық, психологиялық, және
педагогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді.
Жоғарыда аталған мәселелер зерттеу жұмысының
көкейкестілігін анықтайды. Бірақ , бүгінгі таңда информатика
элементтерін пәнаралық байланыс негізінде бастауыш
мектепте оқытудың қажеттілігі мен оқу үрдісінде
жүргізуге тиімді оқу - әдістемелік құралдардың, оқыту
бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арқасында
қарама – қайшылық бар. Осы қарама – қайшылықты информатика
элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды енгіу
арқылы оқушыларда алғашқы білім, іскерлік дағдыларды қалай
қалыптастыруға және оны қандай теориялық, психологиялық –
педагогиеалық алғы шарттарын анықтауға болады? – деген
зерттеу мәселесі туындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты – бастауыш мектепте
информатика элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде
оқыту әдістемесін жасау.
Жалпы бастауыш білім беру мазмұнына жаңа –
Информатика және есептегіш техника негіздері пәнінің
еңгізілуі математика мен информатика пәндерінің
арақатынасына, олардың интеграциясына байланысты әдістемелік
мәселелер туындатады.
Бұл екі пән арасындағы байланыстар барынша жан –
жақты. Бұл байланыстар ең алдымен, ғылым мен
техниканың барлық салаларын компьютерлендіруге байланысты
міндеттер аясында мектептегі математика курсының да
жаңартылуын талап етеді. Бұл жағдайда мектепте математика
курсы информатика негіздерінің пропедевтика және ғылыми
базасы тәрізді болады. Ақпараттық технология жағдайында
математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін
де қайта құру қажет.
Математикадан информатикаға бұған дейін игерілген
және машинаға қол жеткізетін алгебралық
символикаға негізделген алгоритм ұғымы арқылы көшу
идеясы әдістемелік тұрғыдан өте қызықты.
Математика мен информатиканы оқыту барысында
кейбір ұғымдарды үйлестіру қажеттілігі туады. Мысалы,
математиканың символдық тілінің ерекшеліктерінің бірі - әр
түрлі айнымалыларды кеңінен қолдану болса, сондай
анйнымалылар бағдарламалау тілінің де негізгі элементі.
Функцияларды есептеу алгоритмдері бұл ұғым туралы
түсінікті кеңейте түсуге мүмкіндік береді. Алгоритм
жасау үрдісінде алгоритмдік құрылымын анықтауға, оны
жүйелі түрде жасауға, алгоритмдеу әдістерін шығаруға жол
ашады.
Бастауыш сыныптарда математика курсын оқытқанда
информатикадан алған білім мен білік қолданылуы тиіс.
Төменгі сыныптарда математика курсы информтиканың
негізгі ұғымдарын болашақта еңгізу, игерту даярлығына
бағытталуы керек.
Қазіргі уақытта математика мұғалімдерін даярлағанда
мектептегі математика мен информатика пәндерін кешенді
түрде үйрену мәселелері осындай актуальды болып отыр. Бұл
жағдайда математика курсының көптеген таруларының маңызын
қайта бағалап, көптеген дәстүрлі алгоритмдерді басқа,
неғұрлым машинада жұмыс істеуге бейімді алгоритммен
ауыстыру өте қажет.
Сонымен, жаңа оқу пәні – Информатика және есептегіш
техника негіздері мен дәстүрлі математика арсындағы
пәнаралық байланысты қарастырғанда екі негізгі аспектіні
ескеру қажет:
- математиканы оқыту барысында информатика идеялары мен
әдістерінің көрініс табуы;
- әдістемелік тұжырымдамалардың, ұғымдардың, қағидалардың,
және терминологияның ұштасып жатуы;
сонымен қорыта келгенде, зерттеу барысында бастауыш
мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс
негізінде оқытудың бағдарламасы жасалды. Бағдарламаға сай 1
-3 сыныптарға араналған күнтізбелік - тақырыптық жоспарлар
жасалды. Мұнда әпбір сыныпта информатика элементтерін
оқыту аптасына 1 сағат, жыл бойына 34 сағаттан, жалпы 94
сағатты қамтиды. Мұнда 1 – сыныпта оқытылатын сабақ сағат
саны 26 , ал қалған сыныптарда 34 сағаттан оқытылады.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық
байланыс негізінде оқыту әдістемесін теориялық,
психолгиялық және педагогикалық жағынан негіздеу мен
тәжірибелік эксперимент жүргізу барысында келесі нәтижелер
алынды.
- бастауыш мектепте информатика пәнін пәнаралық балйаныс
негізінде оқытудың мазмұны анықталды;
- бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық
байланыс негінде оқытудың тиімді әдіс – тәсілдері, оқу
әдістемелік жіне бағдарламалық құралдары жасалды;
- бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық
байланыс негінде оқытудың тиімді әдістемесі жасалып,
ұсынылды және лны практикада қолдану тиімділігі
тәжірибе жүзінде тексерілді;
Демек , бастауыш мектепте информатика элементтерін
пәнаралық байланыс негізде оқытуды жүзеге асыру,
оқушылардың информатика элементтерін оқып – үйрену бойынша
алған алғашқы білім іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыруға, және олардың сауат ашу, әліппе, ана тілі,
қазақ тілі математика мен бейнлеу өнері пәндерінен
алған білімдерін нақтылап бектіуге мүмкіндіктер туғызады.
Бұл зерттеу жұмыстарын келешекте информатика
элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде оқытуды орта
мектептің жалпы білім беретін пәндеріне пайдалана
отырып, оқушылардың екі жақты пәндерден алатын
білімдерін, іскерліктерін және дағдаларын жетілдіру бағытында
дамытуға болады.

Лекция 5. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ. БАСТАУЫШ
МЕКТЕП ҮШІН ИНФОРМАТИКАНЫҢ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ТАЛДАУ

Қазіргі заман мектеп оқушыларын құбылмалы әлемге бейімдеуге,өзінің
жеке өмірінде болашақ кәсіптік әрекетті тануға мүмкіндік беретін
өзгерістерді талап етеді.
12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол
жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр,өзін
таныта алатын және өзі үшін де қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын
жоғары білімді шығармашыл,құзыретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды
алдын- ала болжайды (Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім
беру Тұжырымдамасының жобасы).
Заман талабына сай білім беру жүйесі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде
қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда. Оны
қалыптастыру қоғамдағы негізгі сала-білім беру жүйесіне міндеттеледі. Елдің
елдігін,бірлігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесі тең
өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім беру жүйесі.
Ұрпаққа білім беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін
қамтитын іс. Бүгінгі 12 жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің игі
мақсатқа жетуі үшін көзделген сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу
білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты
бағасын бермек, олар:
- Әлемдік білім кеңестігіне енуге өзге елдің даму үдерісіндегі
үлгілерді зерделеу, ұлттық сана қалыптастырудың басым бағыты.
-Әрбір жеке тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдау
мүмкіндігі туады
-Білім мазмұнын жаңарта отырып, оқу үдерісінде өз іс-әрекетін
ұйымдастыра алатын тәжірибесін үйлестіре алатын тұлға қалыптасады.
Елімізде ақпарат ағымы қарқындап, ғылым мен техниканың өркен жаюы
өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын ерекше қарастыруды талап
етеді. Мектеп жасындағы баланың жас ерекшелігін зерттеу, формальді тек іс
қағаз, сауалнама арқылы жүргізіліп келген болатын. Жан-жақты зерттеудің
тұтас бағдарламасы болған емес. Алғашқы күннен баланың үлгерімі мен іс-
әрекетін бір-бірімен салыстыру арқылы шектелген көрсеткіштер бойынша
бағаланатын. Осындай тәсілдердің кемшілігін бүгінгі күнде көріп отырмыз. 12-
жылдық білім қазіргі өмір талабын айқындап, жаңа ғасыр білім жүйесін,
тәрбиесін ұсынады.
Баланы барлық жағынан тәрбиелеу үшін оны барлық жағынан білу керек
деген дана педогогикалық шындықты естен шығармауымыз керек. Қазіргі
педагогика оқу мен тәрбиеге зерттеу әдісін ұсынып, мұғалімнің жұмысында
оқушының даму деңгейіне, яғни ақыл-ой, адамгершілік, физиологиялық
ерекшелігіне баса назар аударуды қажет ететіндігін көрсетеді. Қоғамдық және
кәсіп иелері өмірінің салаларында қарқынды түрде өзгеретін еңбек жағдайы
күнделікті жұмыс технологияларының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осы өзгерістер
қоғамның болашақ мүшелерінің дайындығына қойылатын талаптарына да әсер
етеді. Адамның өз өмірінің субъектісі, қоғамдағы белсенді, өз бетімен
болатын күш,ең жоғары құндылық және барлық заттың өлшемі ретінде түсінуі
білім берудің жаңа құндылықтарының тууына әкеп соқтырады. Қазірден бастап
білім берудің іс-әрекеттік құндылық парадигмасының және білім беру
қоғамдастығының кезеңі басталуда. Мектеп алдындағы міндет оқу
бағдарламаларына осы өзгерістерді енгізіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін оқытудың мазмұны мен әдістерін қайта құру болып табылады. Ақпараттық
технологияның дамуы қоғамның әр мүшесінің танымдық көзқарасының жетілуіне,
білім беру жүйесінің нәтижелі моделіне байланысты.
Ақпараттандыру қоғамның барлық салаларына ерекше үлесін тигізбек.
Ақпараттық технологияның қолданбалы информатика ұсынатын әртүрлі
техникалық құралдары және құрылғылар көмегімен жинақтау, сақтау, іздеу,
өңдеу жолдары және әдістер жүйесі ретінде қарастырамыз. Ақпараттық
технология мақсаты қолданушының қажеттілігне сәйкес ақпараттық өнімді
қолдану және сапалы құрастыру болып табылады. Оқытудың ақпараттық
әдістерінің бірі-білім беруде интернеттің байланыс мүмкіндіктерін қолданып,
шексіз ақпарат ресурстарын пайдалануға ұмтылу. Бүгінгі таңда оны қолдану
үшін таным мүмкіндігін жүзеге асыруда, кез келген ақпарат ресурстарын бар
жағдайда іс-әрекет жолдарын меңгерумен байланысты. Бұрынғы білім берудің
әдістемесі қазіргі қоғамның талаптарына жауап бере алмайды, ал оқытуда жаңа
технология қолдану мектептің дұрыс бағытта дамуына жол ашады.
ХХІ ғасыр білім стандартын құрайтын үш маңызды құрам іске асырылуы
тиіс:
• Ақпаратты іздеуді және таңдауды жүргізу дағдысы.
• Шет тілін білуі.
• Бастауыш қоғам түсініктерін білуі.
Педагогтер XXI ғасырды Жаңа ақпараттық технология кезеңі деп
атайды, қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай. Сондықтан оқушыларды
қажет ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға үйрету - оқыту
технологияларының бір аспектісіне айналып отыр, әрі таным белсенділігінің
артуына тиімді әсерін береді.
Білім беру технологиясы - оқу барысын жоспарлау, оқушылардан тест ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Әдістеме және оқыту технологиясы
Инфoрмaтикaның нeгізгі ұғымдaры жәнe oны oқыту әдістeрі
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі
Пәндер