Қазақстан Республикасында бұзақылықпен күресуін зерттеу


Мазмұны

Кіріспе. . . . 3

  1. Бұзақылықпен күресудің қылмыстық-құқықтық жалпы ұғымы және қоғамға қауіптілігі . . . 6Бұзақылықтың объектісі және объективтік жағының сипаты . . . 12Бұзақылықтың субъектісінің құқықтық және әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы . . . 19
  2. Қазақстан Республикасында бұзақылықпен күресудің криминологиялық алдын-алу профилактикасы . . . 30Бұзақылықты сабақтас қылмыс түрлерінен айыру мәселелері . . . 40

Қорытынды . . . 49

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 52

Қосымша А . . . 56

Қосымша Б . . . 57

Кіріспе

Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекіту, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстылықпен күресу - Қазақстан Республикасы бағыт алған құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы негізгі жолдардың бірі болып табылады.

Бүгінгі күні өзінің мазмұнымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, құқықбұзушылықтардың алдын алуды көздейтін жаңа сапалы заңнама жүйесі қалыптасуда. Қылмыстылықпен күресудің негізгі шарттарының бірі болып - құқық қоғау органдары мен қоғамның бұзақылық, өмірге, денсаулыққа және ар-намысқа қол сұғу сияқты қылмыстардың алдын алуда бірлесуі табылады.

Соттардың бұзақылық туралы қылмыстық істерді және ұсақ бұзақылық туралы материалдарды қарауы кезінде заңдарды дұрыс және біркелкі тиімді қолдану мәселелері әрқашан Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының қарауында болады.

Сот статистикаларының анализі, сот-тергеу тәжірибесі көрсеткендей бұзақылық туралы істерді қарау кезінде құқық қорғау органдары негізінен заңдарды дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді.

Бірақ та сот-тергеу органдары барлық жағдайларда заңдардың талаптары мен Пленумдардың қаулыларында берілетін заңдарды қолданудың түсініктемелерін сақтамайды.

Берілген қоғамға қауіпті қылмыстық істерді қараған кезде құқық қолдану органдары кейбір кездерде тағылған айыптың барлық эпизодтары мен бұзақылық іс - әрекеттердің барлық қатысушыларын тануды зерттеуді толық және жан-жақты қамтамасыз етпейді. Жай бұзақылықты қауіпті бұзақылықтан, бұзақылықты ұрып-соғудан, денсаулыққа жеңіл және орташа ауырлықтағы зиян келтіруден, оскорблениеден және т. б. айыруда қателіктер жібереді.

Айта кететін жай, соңғы кезде бұзақылықпен және қоғамдық тәртіпті бұзатын басқа да қылмыстармен күресу әлсіреп кетті.

Бұзақыларға жеңіл қарау - қоғам мен азаматтарға моральдық және материалдық зиян келтіретін бұл қылмыспен күресуді бағаламаудың нәтижесі екендігі даусыз. Бұзақылықтың тағы бір қауіптілігі, ол қасақана адам өлтіру, ауыр дене жарақаттарын келтіру, зорлау сияқты және тағы да басқа қылмыстармен ұштасуы мүмкін.

Бұзақылықпен күресуді қылмыстық-құқықтық ұйымдастыруда көптеген қателіктер жіберіледі. Бұның бәрі заңды, өйткені менің ойымша Қазақстанда бұл қоғамға қауіпті қылмыспен күресудің қылмыстық-құқықтық мәселелері жеткілікті деңгейде зерттелген жоқ. Республикамызда әлі күнге дейін бұзақылықпен күресудің криминологиялық аспектілеріне арналған бірде бір арнайы жұмыс жазылмаған.

Бұл қоғамға қауіпті қылмыспен күресуде құқықтық шаралардың ішінде тиімді шаралар болып әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар табылады. Қылмыстық-құқықтық шаралардың тиімділігінің маңызды талаптары болып: заңды нақты және дұрыс қолдану, жауаптылықтан құтыла алмауды қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнаманы және құқыққолдану тәжірибесін жетілдіру табылады.

Қоғамдық тәртіптің көшелердегі және қоғамдық орындардағы жағдайына қарап азаматтар аумақтағы жалпы криминогендік жағдайды қабылдайды және құқық қорғау органдарның қызметінің нәтижесін бағалайды.

Еліміздің соттық-тергеу органдарының тәжірибесі бұзақылық пен осы қылмыс құрамына ұқсас қылмыстарға нормаларды қолданған кезде қиындықтар туындайтынын атап өтеді. Бұл қолданыстағы нормаларды құрастырғандағы жетіспеушіліктер, маңызды мәселелерге байланысты ғылыми рекомендациялардың біркелкі еместігімен түсіндіріледі. Тек бұзақылықтың қылмыс құрамы бойынша ғана заңгерлердің он бір түрлі көзқарастары бар.

Дипломдық жұмысымда бұзақылық құрамына анализ жасап, бұзақылықпен күресуде қылмыстық заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін жетілдіру міндетін қоямын.

Дипломдық жұмысым кіріспеден, екі тараудан, бес бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, екі қосымшадан тұрады.

  1. Бұзақылықпен күресудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

1. 1. Бұзақылықтың жалпы ұғымы және қоғамға қауіптілігі.

Бұзақылық - қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең кең тараған түрлерінің бірі. Бұзақылық жасалған кезде қоғамдық тәртіп, азаматтардың тыныштығы, ортақ ережелер, кәсіпорынның, мекеме не ұйымның бір қалыпты жұмысы дөрекі түрде бұзылады. Бұзақылық кезінде азаматтардың денсаулығына зиян келіп, меншікке залал тигізілуі де жиі орын алып отырады. Сонымен қатар, бұзақылық, көбінесе, өзге де ауыр қылмыстардың жасалуына әкеп соқтырады.

Бұзақылықтың қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, қайсыбір жағдайларда, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқық бұзушылық екеніне дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тәртіпті, адамгершілік салтты өрескел бұзатын, көбінесе себепсіз немесе болар - болмас себепті пайдаланып қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тәртіпке ашық қарсыласумен, өзін айналасындағыларға қарсы қоюмен, оларға немқұрайлы қарым-қатынасымен әдейі жасалған әрекеттері арқылы көрініс табады. Бұзақылық - тұрмыс салты мен қоғамдық тәртіптің бірден бір жауы. 1

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіптің орнығуын қолдайтын іс-шаралар жүргізілуде. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуын әртүрлі қоғамдық қатынастарды, соның ішінде қылмыспен күресу саласын реттейтін тұрақты заңнамаларсыз елестету қиын.

Бұзақылық іс-әрекеттер қоғамдық тәртіпке елеулі зиянын тигізеді, ол қалыпты еңбек етіші халыққа және олардың қалыпты демалуына кедергі келтіреді. Бұзақылықтың жоғары қоғамға қауіптілігі оның құрамында басқа да қылмыстардың жасалатындығымен түсіндіріледі. Тәжірибе көрсеткеніндей, бұзақылық үшін сотталғандардың 26 пайызы кейін басқа да қылмыстар жасаған.

Ғылыми әдебиеттерде «бұзақы» және «бұзақылық» ұғымдары әртүрлі түсіндіріледі. Кейбір ғалымдардың айтуынша бұл ұғым ағылшындардан келген. XVIII ғасырда Лондонда Хулли деген ирландық өмір сүрген екен. Ол өзінің адамдар тобымен әр түрлі бұзақылық іс-әрекеттер жасаған. Басқалардың пікірлерінше «бұзақы» сөзі көне орыстың «хула» деген сөзінен шыққан дейді.

Бұзақылық іс-әрекеттер үшін жауапкершілік Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әдет-ғұрып заңдарында орын алған. 2 Мысылы, 1876 жылғы Қазақ әдет-ғұрыптарының жинағында «Егер кімде-кім «аттан, аттан» деген айқайымен қоғамдық тыныштықты бұзатын болса, сол адамды үлкендердің қарастыруы бойынша зынданға салып, қамауға алып немесе басқа да жазалар қолданылады». 3

Қазақтардың әдет-ғұрып заңдары бойынша келесі қоғамдық қауіпсіздікті бұзған тұлғаларды жазалау тиіс болған: а) жалған мәліметтерді таратқан; ә) ауылға шумен, айқаймен шауып кіру; б) қоғамның тыныштығын тойларда, ас беру кездерінде немесе кез келген мерекелерде бұзу. 4 Осы көрсетілгендердің барлығы бұзақылықтың қазіргі кездегі ұғымымен сәйкес келеді. Сонымен қатар, көптеген революцияға дейінгі криминалисттер бұзақылықты жеке қылмыс ретінде қарастырмаған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бұзақылық яғни қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық деп анықтайды.

Бұзақылық көптеген қылмыстармен: мысалы, жеке адамға, басқарумен байланысы бар екендігімен түсіндіріледі. Сондықтан А. А. Пионтковскийдің: «егер жасалған әрекет қоғам және мемлекеттік құрылыс немесе құқықтық тәртіп үшін қауіпті екенін мойындау мүмкін болмаса, тұлғаның іс- әрекетін қылмыс деп тануға болмайды. Әрекеттің қоғамға қауіптілігі - қылмыс құрамының қажетті белгісі» - деген анықтамасымен келіспеуге болмайды. 5 Мұндай пікірмен А. С. Якубовте келіседі: «кез келген қылмыс өзінің объективтік қасиеттеріне қарай қылмыс құрамының негізгі белгісі болып табылатын қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы әрекет болып табылады». 6

Қоғамға қауіптілік қылмыстың негізгі белгісі болып табылады. Бірақ бұл ұғым шексіз, белгісіз болмауға тиіс. Бұл жерде біз барлық құқық бұзушылық қауіпті және бұл белгі қоғам тарапынан жағымсыз баға алатын барлық іс-әрекетке тән деген Л. Шуберттің пікірімен келісеміз.

Мұндай жағдайда бұл ұғымның мәні кеңейеді, және ол бұл ұғымның мәні мен мазмұнын ұғынуға мүмкіндік бермейді.

Бәрімізге белгілі, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі сапалық және сандық тұрғыда көрсетіледі: сипаты және дәрежесі. Қоғамдық қауіптілік сипаты - әлеуметтік қиянды әрекеттің сапалық, мазмұндық қасиеті. Қоғамдық қауіптілік сипаты олар зиян келтіретін қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік мүдделердің мазмұны болып табылатын қылмыстың объектісімен сипатталады.

С. А. Домахин қылмыс болып табылатын әрекеттің ішкі мазмұнына анализ жасай отыра, «өзінің ішкі мәніне қарай ол қоғамның қалыпты өмір сүруіне кедергі жасайды, құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады, сондықтан да қоғамға қауіпті» - деп дұрыс бағалаған.

Қоғамдық қауіптілік сипатының басқа көрсеткіші ретінде келтірілген зиянның мазмұны табылады.

Қоғамдық қауіптілік сипаты сонымен қатар кінәнің нысанымен да анықталады.

Қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі әрекеттің антиәлеуметтік сандық көрсеткішін көрсетеді. Егер қоғамдық қауіптілік сипаты «Қоғамдық қауіптілігі бар ма?» - деген сұраққа жауап берсе, ал қоғамдық қауіптілік дәрежесі «Қауіптілік дәрежесі жоғары ма?»- деген сұраққа жауап береді. Қоғамға қауіптіліктің сандық жағын анықтау кезінде кейбір факторлар қатарын назарға алу қажет: келтірілген зардаптардың ауырлығы, ерекшеліктері, кінәнің сипаты, қылмыстың субъектісінің ерекшелігі және т. б. И. И. Роговте осындай пікірде. 7

Жоғарыда айтылғандардың барлығы мынадай қорытынды шығаруға мүмкіндік береді - кез келген қылмыстың әлеуметтік қасиетінің материалдық сипаты болып қоғамдық қауіптілік шығады. Сипат пен дәреже қылмыстың заңда бекітіледі. Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығы және оның қоғамға қауіптілігі әрекеттің құқықтық нысаны мен оның материалдық әлеуметтік-саяси мазмұнының арасындағы қатынас ретінде шыға алады.

Бұзақылық іс-әрекеттер қоғамдық тәртіпке мәнді зияндар келтіреді, азаматтардың қалыпты еңбек етуі мен қалыпты демалуына кедергі жасайды. Бұзақылықтың қоғамға қауіптілік дәрежесі оның негізінде басқа да ауыр қылмыстардың жасалуына байланысты жоғарылайды. Тәжірибе көрсеткеніндей, бұзақылық үшін сотталғандардың 26%-ы басқа да қылмыс қатарларын жасаған.

Бұзақылықты анықтау негізінде заңда оның қол сұғу объектісі мен іс-әрекеттің бағыттылығын сипаттайтын белгілері берілген. Олар қылмыс ретіндегі бұзақылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен спецификасын сипаттайды. Бұл анықтамада бұзақылық іс-әрекеттер қоғамдық тәртіпке қол сұғатындығы көрсетіледі. Қоғамдық тәртіпті бұзу басқа да көптеген қылмысқа тән белгі, өйткені қоғамдық тәртіп деген кең ұғым болып табылады және көптеген қылмыстардың объектісі болып табылады. Қоғамдық тәртіп бұзақылықтың тікелей объектісі болып табылады, ал бұл қоғамдық қатынастарға зиян келтіру қылмыстың жанама объектісі болып табылады. Қоғамға қауіптілігі жағынан төмендеу құқық бұзышылықтарға қарағанда бұзақылық кез келген қоғамдық тәртіпті бұзу емес, қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық болып табылады.

Бұзақылық іс-әрекеттердің екінші белгісі болып қоғамды ерекше сыйламау табылады, бұл азаматтарға қарсы күш қолданумен немесе қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасады. Қоғамды ашық түрде құрметтемеу - бұл мораль нормалары мен қоғамның ережелеріне қарсы арсыз іс-әрекеттер болып табылады.

Қоғамды сыйламау бұл субъектінің қоғамда қабылданған және құқықтық немесе адамгершілік нормаларында бекіген мінез-құлық ережелерін елемеушілік немесе менсінбеушілік болып табылады. 8

Сонымен, бұзақылықты екі белгі де сипаттайды: қоғамдық тәртіпті ерекше өрескел бұзу және қоғамды анық құрметтемеу. Жасалған іс-әрекетте екі белгінің де болуы бұл іс-әрекетті қылмыстық жазаланатын әрекет ретінде қарауға мүмкіндік береді.

Бұзақылық ұғымын қалыптастыра отыра заң шығарушы тек оның объективті белгілеріне ғана сипаттама беріп қана қоймайды, сонымен қатар іс-әрекеттің қасақаналығын көрсетеді. Субъектінің ойында бұзақылықтың қажетті белгілері орын алуға тиіс: қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзу және қоғамды ашық құрметтемеу. Осымен бұзақылық жасауда әрекеттің объективтік бағытталуы сипатталады.

Бұзақылық ұғымының анализі мынадай қырытындығы келуге мүмкіндік жасайды: бұл анықтамада қарастырылып отырған іс-әрекеттің негізгі белгілері беріледі және бұл қылмыс құрамының басқа сабақтас қылмыс құрамдарынан, әкімшілік деликттерден айыруға жағдай жасаайды.

Қылмыспен күресуде заңдылықты қатаң сақтау қажетті талап ретінде жасалған әрекетті дұрыс саралауды ұсынады. Мұндай саралау тек қылмыс құрамының белгілерін толық және жан-жақты ұғынудың және оларды сабақтас қылмыс құрамдарынан айыру негізінде ғана мүмкін. Бұл әрине барлық қылмыстарға, әсіресе, бұзақылыққа қатысты. Бұзақылық басқа қылмыстармен салыстарғанда басқа құқық бұзушылықтармен жақындығы басым және тек қылмыс құрамының элементтерін нақты саралау ғана оның мәні мен белгілерін анық қалыптастыруға және оны басқа қылмыс құрамдарынан айыруға мүмкіндік жасайды.

1. 2. Бұзақылықтың объектісі және объективтік жағының сипаты.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-тарауында қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға жауапкершілік көзделген. 1960 жылғы Қылмыстық кодексіне қарағанда жаңа қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйесінде 10-тараудан 9-тарауға көшірілген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі бұл өзгерістер мемлекеттің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғам мен мемлекеттің және қоғам мен мемлкеттің қалыпты жұмыс істеуіне көп көңіл бөлетіндігін көрсетеді.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, кез келген қылмыстың қажетті белгісі болып қоғамдық қауіпсіздік табылады. Қоғамға қауіптілік дәрежесі - оның мөлшері болып табылады. Бұзақылықтың қоғамға қауіптілігі алдымен қол сұғушылықтың объектісінен көрінеді. Барлық қылмыстардың жалпы объектісі болып қоғамдық қатынастар табылады. Жалпы объектіден басқа қылмыстық құқық теориясында тектік және тікелей объектілерді ажырата білуіміз керек. Объектілерді былай жіктеу Н. И. Коржанскийдің, 9 А. С. Михлинннің, 10 И. Велиевтің11 және т. б. еңбектерінде көзделген.

Бұзақылықтың тектік объектісі болып қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздіктің мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыстың объектісі - қоғамдық тәртіп. Адам денсаулығы, намысы, абыройы, сол сияқты меншіктің қатыстылығы қосымша тікелей объект болуы мүмкін. Осы қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 257-бабының 2-тармағының «а» тармақшасында бұзақылықтан жәбір көретіндердің тізімі: өкімет өкілі, қоғамдық тәртіпті бұзуға тиым салушы өзге де адамдар деп тура көрсетілген. Өкімет өкіліне қоғамдық тәртіпті бұзушылықты тыюға құзіретті барлық лауазым адамдары жатады. Қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге адамдар деп өкімет өкіліне немесе ұйымдық тәртіпті қоғау жөніндегі міндетті атқаруға жатпайтын басқа адамдардың азаматтық борышын өтеп қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушыларды айтамыз.

Қоғамдық тәртіп дегеніміз қоғамдық тыныштықтың, азаматтардың, қоғамдық орындардағы лайықты мінез-құлқының, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық немесе жеке көлік құралдарының бір қалыпты жұмысының, азаматтардың жеке басына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Бұзақылық іс-әрекет бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен байланысты болса, онда бөтеннің мүлкі оның заты болып табылады.

Жоғарыда көрсетілгендей, бұзақылық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 257-бабының 1-тармағына сәйкес қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше араздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық болып табылады. Бұл ережеге сәйкес бұл қоғамға қарсы әрекеттің тікелей объектісі болып қоғамдық тәртіп табылады. 12

Құқықтық әдебиеттерде қоғамдық тәртіпті тар мағынада әлеуметтік-құқықтық категория ретінде қарау қажеттілігі туралы ұсыныстар берілген.

Бұзақылық объектісінің мазмұнын зерттеу қоғамдық тәртіптің мәнін ұғуды талап етеді. Көптеген авторлар қоғамдық тәртіпті қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде қарастырады.

М. И. Еропкин қоғамдық тәртіпке қоғамдық орындарда қалыптасатын мемлекетпен реттелетін және қоғалатын белгілі бір қатынастардың жүйесі ретінде анықтама береді. 13 М. А. Нигай - азаматтардың мемлекетте бекітілген ережелерді сақтау нәтижесі деп қарайды. 14

Бұзақылықтың объектісі ретіндегі қоғамдық тәртіп ұғымын зерттеуде әртүрлі авторлардың пікірлері ұқсас болып келеді. Бұзақылық көптеген жағдайларда тұлғаға немесе меншіктік қатынастарға зиян келтірумен байланысты болады. И. Н. Даньшин қорытындылай келе, қоғамдық тәртіп бұзақылықтың жалғыз объектісі болып табылмайды. 15 Оның айтуынша, қоғамдық тәртіп бұзақылықтың негізгі, тұрақты және тікелей объектісі болып табылады, сонымен қатар бұзақылықтың тұлға сияқты қосымша-факультативтік объектісі болады. О. Ф. Шишовта осындай пікірде.

М. А. Нигайдың пікірінше, бұзақылықтың объектісі ретіндегі қоғамдық тәртіп пен қоғамды сыйлау қылмыс құрамының міндетті белгісі, ал тұлға, мүлік және т. б. факультативтік белгісі болып табылады.

Біздің ойымызша, бұзақылық объектісін тікелей және қосымша - факультативтік деп бөлу даулы болып табылады, өйткені қылмыстың объектісі болып қылмыс әрқашан зиян келтіретін, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Егер «қоғамдық тәртіп» ұғымының мазмұнын дұрыс аша білсек, бұзақылық объектісін негізгі және қосымша деп бөлу қажеттілігі туындамайды.

Бұзақылықтың объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастардың анализі қылмыс соған қатысты жасалған қатынастардың субъектісі ретінде шығатын жәбірленуші тұлғалардың сипатын анықтайды. Бұзақылық жасаған тұлғаны ол жәбірленушіні таңдауына қарай анықтауға болады. Қазақстан Республикасының тергеу-соттық тәжірибесінің анализі көрсеткеніндей көше бұзақылығының жәбірленушісі болып тең дәрежеде ер адамдар мен әйелдер табылады. Қылмыс жасалғанға дейін жәбірленушілер таныс болған. Криминалдық жағдай туындаған сәтте жәбірленушілер көпшілік жағдайларда қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтатуды талап еткен. Көшедегі бұзақылық көбінесе уақыт бойынша көпке созылмайды. Азаматтар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің уақытылы араласуы жәбірленушіге ауыр зардаптардан қашып құтылуына көмектеседі.

Тұрмыстық бұзақылыққа келетін болсақ бұл қылмыстың жәбірленушісі әйелдер болады. Қылмыскерлер ролінде күйеуі, туыстары, таныстары және басқа да бірге тұратын адамдар болады. Жәбірленушілер көптеген жағдайларда балағаттау, ұрып-соғуға ұшыраған, бірақ бұл жағдайларға бұрын да ұшырағандықтан шыдаған. Сонымен қатар, жәбірленушілердің 35 %-нің қылықтары қылмыстың болуына септігін тигізген: олар кінәлімен бірге спирттік ішімдіктер ішкен, оларға әртүрлі ескертулер айтқан және т. б.

Жәбірленушілердің көп бөлігі 18-39 жас аралығына жатады (64%) . Құқық қорғау органдарының тәжірибесі көрсеткеніндей бұзақы егер жәбірленушінің әлсіздігін, төзімділігін және оған ешкімнің көмекке келмейтіндігін сезсе өзін сенімді әрі қатаңырақ ұстайды. Егер, керісінше, азаматтар тарапынан оған қандай да бір қарсылықтар болса бұзақылық іс-әрекеттер бірден тоқтатылатын болған.

Объективтік жағынан бұзақылық қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық әрекеттер арқылы сипатталады.

Қылмыстың кодекстің 257-бабында көрсетілген әрекеттерді істеу барысында азаматтардың мазасы кетіп, қорқыныш, үрей, өздерінің қауіпсіздігіне сенімсіздік пайда болады, олардың бірқалыпты еңбек ету, тынығу салттары бұзылады, мемлекеттік немесе басқадай мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың жұмысына кедергі келтіріледі, бөтеннің мүлкі жойылады немсе бүлінеді. Бұзақылық үшін заңда көрсетілгендей қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушулуқ орын алуы керек. Осы белгі арқылы қылмыстық жолмен жасалынатын бұзақылық ұсақ бұзақылықтан ерекшеленеді. Әкімшілік кодекстің 174-бабына сәйкес, ұсақ бұзақылық деп көпшілік орындарда орынсыз балағттауды, азаматтарды қорлай тұра жолын бөгеуді және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерді айтамыз.

Кінәлінің күш қолданумен немесе оны қолданамен деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленген әдепсіз іс-әрекеттер жасауымен ұштасқан әрекеттері қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзған бұзақылық деп саналады. 16

Күш қолдануға денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе еңбек ету қабілетінің болмашы ғана жоғалуына ұласқан денеге жеңіл жарақат салу жатады. Денеге орта және ауыр жарақат келтірілген жағдайда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша (257-баптың 1-тармағы, 103 немесе 104-баптар) сараланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ұғымы
Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық - саяси қызметі
БҰЗАҚЫЛЫҚ - ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСЫЗДЫІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ
Уранның табиғатта таралуы
Бөдене құсының емдік қасиеті
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау
Мұхамеджан сералиннің өмірбаяны, бүтін шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі
Ұрлық объектісі - меншік
Әйел кейіпкерлерін талдау
Уран
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz