Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану



Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
Аннотация
Кіріспе .
1 Оқыту үдерісінде компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері
1.1 Оқыту үдерісінде компьютерді пайдаланудың психологиялық мәселелері
1.2 Оқыту үрдісінде компьютердің ролі мен орны
2 Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі
2.1 Математика сабақтарында информатиканы оқыту мүмкіндігі
2.2 Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесі білім берудің құрылымын, мақсатын, мазмұны мен технологиясын өзгертті. Білімді, білікті, дағдыларды бұрынғыдай механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, инновациялық идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын болашақ маман тұлғасын қалыптастыру басымдылық болып табылады.
Қоғамдағы өндірістің, әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірдің күрделенуі мен адамзат іс-әрекетінің барлық саласындағы үдерістердің серпінді өзгерісі, біріншіден білімге деген сұраныстың өсуіне алып келсе, екіншіден осы сұраныстарды қанағаттандырудың жаңа құралдарын жасау мен технологияларын анықтауды талап етеді.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде бастауыш, орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі заманауи педагогикалық технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол себепті, ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы орта арнаулы оқу орындары мамандарының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, бастауыш білім беру орындары педагогикалық үдерісінде ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдану және осының негізінде ақпараттық-логикалық модельдеуді оқыту үдерісінде пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі ақпараттық қоғамның материалдық технологиялық қоры компьютерлік техникалар мен компьютерлік желілер, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық байланыстарға негізделген жүйелер болып табылатындығы айқын болып отыр.
1. “Білім туралы” ҚР заңы, 1999 жылғы 7 маусым №389-1.
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі, 2004, N2, -бб.3-16.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. -Астана, 2004. -38 б.
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Астана, 1998, 378 б.
5. Сағындықұлы Е. Педагогика. Лекциялар курсы. –А.: 1999.
6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы. –А.: Дарын. –2004.
7. Нұрғалиева Г.К.. Оқыту әдістері. – А., 1991.
8. Хмель Н.Д.. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы. Мектеп, 1984.
10. Иванова Н.Д., Қозғамбаева Қ.. Оқыту процесі оның мәні. А. 1991.
11. Айтмамбетова Б. Оқыту процесін ұйымдастыру. А. 1991.
12. Махмудов М.Н. Мектепте проблемалық оқуды ұйымдастыру. –А., 1981.
13. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
14. Апатова Н.В. Информационные технологии в школьном образовании. – М: ИОШ РАО, 1994-288с
15. Әбілқасымова А.Е., Көбесов А.К., Рахымбек Д., Кенеш Ә.С. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.- Алматы “Білім” 1998.
16. Гершунский В.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы.–М: Педагогика 1987 – 264с.
17. Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование. // Информатика и образование.-1992.
18. Кузнецов А.А. и др. ЭВМ на уроках математики. // Математика в школе 1985, N6.
19. Қараев Ж. Компьютерді оңыту процесіне пайдалануға кіріспе. Алматы “Рауан” 1992ж.
20. Машбиц Е.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения.-М: Педагогика, 1988-191 стр.
21. Монахов В.Н. Что такое новая информационная технология обучения? //Математика в школе-1990-2
22. Машбиц Е.И. Психолого–педагогические проблемы компьютеризации обучения.-М, Педагогика, 1988г.
23. Монахов В.М. Концепция создания и внедрения новой информационной технологии обучений сб “Проектирование новых информационных техзнологии обучения”.-М,1991г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану

5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

Орындаған Ходжаназарова З.

Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы Даулетбекова Б.

Түркістан 2014

Мазмұны

Нормативтік 3
сілтемелер------------------------ -----------------------------
-
Анықтамалар
---------------------------------- -----------------------------
----
Белгілеулер мен 5
қысқартулар----------------------- ------------------------
Аннотация
---------------------------------- -----------------------------
-------
Кіріспе 6
---------------------------------- -----------------------------
-----------
1 Оқыту үдерісінде компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың
дидактикалық негіздері
1.1 Оқыту үдерісінде компьютерді пайдаланудың психологиялық
мәселелері 9
---------------------------------- -----------------------------
-------
1.2 Оқыту үрдісінде компьютердің ролі мен орны
2 Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде
пайдаланудың әдістемесі
2.1 Математика сабақтарында информатиканы оқыту мүмкіндігі
32
2.2 Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы
ретінде қолдану
49
Қорытынды 61
---------------------------------- -----------------------------
--------
Пайдаланылған әдебиеттер 63
---------------------------------- -----------------
Қосымша 65
---------------------------------- -----------------------------
-----------
















Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:
-Қазақстан Республикасы 2007-жылғы 27-шілдедегі Білім туралы заңы;
-Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012-жылғы 23-
тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің ( бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты.
-Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге
қойылатын жалпы талаптар;

Анықтамалар
1)Дипломдық жұмыс (жоба) - бұл студенттің кешенді дербес жұмысы,
мамандығы бойынша өзекті мәселелерді теория тұрғысынан сипаттама жасау,
зерттеу және жан-жақты талдау болып табылатын оқудың соңғы аяқталу
кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы.
2)Білімнің базалық мазмұны –жалпы бастауыш білім беретін ұйымдардың
меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті бастауыш
білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын
білім мазмұнының құрамы мен көлемі;
4) Оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі – үлгілік оқу жоспарының
инварианттық және вариативтік (мектеп және оқушы) компоненттеріндегі оқу
пәндерінің мазмұнын меңгеру үшін қажетті және білім беру деңгейлері мен
оқу жылы бойынша белгіленген оқу уақытының көлемі;
5) Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық,
мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі;
6) Оқу жұмыс жоспары-білім алушының білім алу мүдделерін ескере
отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы орта (бастауыш) білім беретін
ұйымдар әзірлейтін құжат;
7)Білім алушының дайындық деңгейі –тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және
пәндік нәтижелерінен көрінетін білім алушылардың бастауыш білім мазмұнын
меңгеру деңгейі;
8) Білім мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі – білім алушылардың
білім, шеберлік және дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі;
9) Білім мазмұнын жетік меңгерудің жетік деңгейі- білім алушылардың
білім, шеберлік және дағдының кеңейтілген және тереңдетілген көлемін
меңгеру деңгейі.
Белгілеулер мен қысқартулар
Университет-Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
БМ-Бастауыш мектеп

Аннотация

В дипломной работе рассматриваются пути применение компьютера при обучении
чисел, используя отбор нумерационных материалов и их методику обучения

пaresearch paper examiпes ways of learпiпg rapid computatioп of пumbers by
usiпg the пumerical selectioп of materials aпd their teachiпg methodology

Bir araştırma kağıt hızlı hesaplama sayılar sayısal seçimi malzemeler ve
oпlarıп öğretim yöпtemleri kullaпarak öğreпme yolları iпceliyor.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:
Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесі білім
берудің құрылымын, мақсатын, мазмұны мен технологиясын өзгертті. Білімді,
білікті, дағдыларды бұрынғыдай механикалық түрде беру емес, ақпараттық-
зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін,
инновациялық идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем
жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын болашақ маман
тұлғасын қалыптастыру басымдылық болып табылады.
Қоғамдағы өндірістің, әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірдің
күрделенуі мен адамзат іс-әрекетінің барлық саласындағы үдерістердің
серпінді өзгерісі, біріншіден білімге деген сұраныстың өсуіне алып келсе,
екіншіден осы сұраныстарды қанағаттандырудың жаңа құралдарын жасау мен
технологияларын анықтауды талап етеді.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде бастауыш,
орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі заманауи
педагогикалық технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол
себепті, ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-
әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы
орта арнаулы оқу орындары мамандарының кәсіби дайындығына қойылатын
талаптар қатарына енеді. Осы орайда, бастауыш білім беру орындары
педагогикалық үдерісінде ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық
құралдарды қолдану және осының негізінде ақпараттық-логикалық модельдеуді
оқыту үдерісінде пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі ақпараттық
қоғамның материалдық технологиялық қоры компьютерлік техникалар мен
компьютерлік желілер, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық
байланыстарға негізделген жүйелер болып табылатындығы айқын болып отыр.
Сондықтан оқушыларға білім беруде компьютерді математиканы оқытуда
қолдану арқылы тәжрибелік іс-әрекеттер барысында пайда болатын мәселелерді
қалыпты түрде сипаттау, яғни біліктілік, іскерлік пен машықтар жүйесін
қалыптастыруды қажет етеді.
Осы аталған талаптардың қажетті көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың
математикалық сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын компьютерді
қолдану арқылы қамтамасыз ету. Ақпараттық технология ұғымы ақпараттық
мәдениеттілік ұғымына компьютерлік сауаттылықтың құраушысы ретінде енді
және ол жаңа ұғымдарды енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа ұғымдар
ЭЕМ көмегімен математикалық есептерді шешу үшін ақпараттық–логикалық
модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне арналады.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде білім беруді
жетілдіруге педагогика саласы ғалымдарының А.А.Кузнецов, И.Н.Антипов,
И.В.Роберт, И.Е.Вострокнутов, В.В.Лукин, И.А.Трубина, А.Румянцева,
Ю.А.Первин, М.П.Лапчик, В.М.Монахов, А.Г.Кушниренко еңбектері арналған.
Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы жағдайында еңбек сапасына қойылатын
талаптың күшеюіне байланысты еліміздегі білім беру саласының жетілдірілуі
жөніндегі бірқатар еңбектерді атап өтуге болады. Атап айтқанда білім беру
жүйесін ақпараттандыру мен информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектерде – білімді
ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды пайдаланудың
педагогикалық мәселелері Г.К.Нұрғалиева, қашықтан оқыту жағдайында
оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру Д.М.Джусубалиева, білім
беру жүйесін ақпараттандырудың жалпы мәселелері Б.Баймұханов,
С.Е.Шакликова, С.С.Үсенов, Р.А.Ильясова, Г.Б.Ахметова, білім беруді
ақпараттандыру жағдайында электрондық әдістемелік жүйені құрастырудың
әдіснамалық және технологиялық мәселелері Ш.Х.Құрманалина өз еңбектерінде
жан-жақты қарастырылған. Бұл аталған ғалымдардың еңбектерінің нәтижелері
білім беру стандарттары мен оқытудың бағдарламалық-әдістемелік кешендерін
жасауда негізгі қолданысқа ие болды.
Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп
келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану
жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, А.Ә.Шәріпбаев
компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын
дәлелдеу, С.М.Кеңесбаев болашақ мамандардың жаңа ақпараттық технологияны
пайдалана білу мәселелерін, М.Ф.Баймұхамедов компьютерлік оқытудың
бейімделген технологиясын құрастырудың модельдері, Р.С.Шуақбаева
компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына
көпжақтарға берілген есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі,
Л.А.Баймаханова бастауыш мектепте педагогикалық құралдарды пайдалану
әдістемесі, А.О.Алдабергенова ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік
бағдарламаларын жасаудың әдістемесі мәселелерін қарастырған. Дегенмен бұл
аталған жұмыстарда әртүрлі пән саласы бойынша білімдерді бір қалыпты оқыту
әдістемесінің мәселелері жеткілікті зерделенбеген. Ал ол өз кезегінде осы
бағыт бойынша зерттеудің қажеттілігі туындайды. Себебі, оқушылардың бұл
әдістерді жетік меңгеруі олардың болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қазіргі
заманда ақпараттық технологияларды неғұрлым ұтымды пайдалануына мүмкіндік
туғызады.
Сондықтан бүгінгі ақпараттық технологиялардың даму деңгейі мен оларды
математиканы оқытуда қолдану деңгейінің арасындағы қайшылықтарға байланысты
білім берудің неғұрлым тиімді технологияларын іздестіру көкейкесті мәселе
болып саналады. Сондай-ақ, бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда
компьютерді қолдану мәселесін теориялық жағынан негіздеу қажет. Сондықтан
осы мақсаттан туындаған қайшылықтар бар. Осы қайшылықтар зерттеу тақырыбын
“Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану”-деп
таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді
қолдану үдерісі.
Зерттеу пәні. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді
қолдану әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты. Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту
құралы ретінде пайдаланудың әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу және
оны бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда іске асырудың әдістемесін
жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер бастауыш сыныптарда математика курсын
оқытуда компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық
технологияны теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның әдістемесі
даярланса, онда оқушылардың компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдануға
негізделген ақпараттық мәдениеті қалыптасады және математиканы оқытудың
сапасы артады, өйткені бұл бастауыш мектепте білім беруді ақпараттандырудың
мемлекеттік сұранысына сәйкес келіп, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы
мен белсенділігін арттыра түседі.
Зерттеудің міндеттері.
1. Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға
негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу
бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде физиканы оқыту
үдерісінде қолданылатын ақпараттық-логикалық модельдердің мән-
мағынасы мен атқаратын қызметін анықтау.
2. Ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы білім берудің ғылыми-
әдістемелік аспектілерін айқындау.
3. Оқыту үдерісінде ақпараттық-компьютерлік білім берудің дидактикалық
негіздерін анықтау арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін
ақпараттық-логикалық моделдеу негізінде ұйымдастыру мен басқарудың
тәсілдерін айқындау.
4. Ақпараттық-логикалық модельдеуді физика курсын оқыту үдерісінде
қолданудың мазмұнын анықтау мен әдістемесін даярлау және тәжірибе-
эксперименттік жұмыстар арқылы оның тиімділігін дәйектеу.
Зерттеудің жетекші идеясы. Білім беруді ақпараттандыру және колледждің
оқу үдерісіне электрондық оқу жүйесін енгізу физиканы оқытуда ақпараттық-
логикалық модельдеуді қолдануға жаңа жағдай жасап, үлкен мүмкіншіліктер
туғызуда. Бұл арнаулы орта білім беру жүйесіндегі оқытудың тиімділігін
арттырып, білім дәрежесі жоғары, сапалы мамандар даярлауға жағдай жасайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін білім беру жүйесінің
философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері,
жеке тұлғаның қалыптасуының жалпы философиялық ұстанымдары, біртұтастық
туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары,
политехникалық және кәсіптік білім беру, педагогика, психология мен жеке
тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері
құрайды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық, әдістемелік және ғылыми тәжірибе
қағидаларын жасауда орта білім беру үдерісін зерттеудегі жүйелілік,
тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми ұстанымдары, іс-
әрекеттің философиялық, психологиялық, педагогикалық теориясы; проблемалық
оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері туралы
теориялары мен идеялары қолданылды.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың,
педагогтардың, психологтардың және т.б. ғалымдардың еңбектері; ҚР
үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің орта
мектептің білім беру мәселелеріне қатысты көрсеткіш (норматив) құжаттары
мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары,
оқулықтар, оқу құралдары және т.б.); Қазақстан Республикасы міндетті білім
беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен
бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері;
ақпараттық-компьютерлік технологиялар саласындағы ғылыми еңбектері.
Автордың орта оқу орнында оқытушылық қызметтеріндегі көп жылдық
педагогикалық және зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық
(модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті
талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент,
педагогикалық озық іс-тәжірибелер); әлеуметтану (сауалнама); білім беру
жүйесі пайым нысаны (субъектілерінің) тәжірибесін талдау, салыстыру,
зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу,
математикалық есеп-қисабын (статистикалық) өңдеу әдістері қолданылды.

1 Оқыту үдерісінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолданудың
дидактикалық негіздері
1. Оқыту үдерісінде компьютерді қолданудың психологиялық мүмкіндіктері мен
негізгі бағыттары мәселелері

Оқу үрдісін жандандыруды қамтамасыз ететін әдістің бірі – техникалық оқу
құралдарын қолдану. Техникалық оқу құралдарының пайдасын психологиялық
жағынан негіздеуде психолог ғалымдарға жүгінсек көрнекілікті қолдану мидың
қабығында қосымша тітіркендіргіштердің пайда болуына ықпал етеді.
Нәтижесінде оның қабылдағыштығы артады да, мұның өзі терең, берік білімнің
игерілуіне жақсы әсер етеді. Техникалық құралдардың ішінде компьютермен
оқыту термині әдістемеде нақты қалыптасқан. Компьютер – оқу ісін
жекелендіретін, оқушының жұмыс жасауын қамтамасыз ететін маңызды құрал
ретінде қабылданған. Компьютерлік технологияның оқушының танымдық
белсенділігін артырудағы педагогикалық мүмкіндіктеріне ғалымдар
төмендегілерді жатқызады: Компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде
игеруге және аналитикалық өңдеуге мумкіндік береді.
Компьютерлік технология танымдық белсенділікті арттыратын компьютерлік
ойындар түріндегі танымдық үрдісті ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Қазіргі көздері – компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына
мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел
ететін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын жаңа сапалы
бағдарлама жасауға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және
өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді,оқыту үрдісін саралауға, жан – жақты
ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.
Компьютерлер оқушылардың бойында іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға
септігін тигізеді, Алдымен компьютер оқушыларға өз іс -әрекетінің нәтижесін
көрнекі түрде көрсетуге, өзін — өзі бақылау мен түзетуді іске асыруға
мүмкіндік береді.
Арнайы бағдарламалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызады.
Компьютерлік технология – адамның танымдық зерттеу қызметінің жан жақты
тәсілі, көпфункционалдық құралы (тексеру, есептеу, музыкалық, графикалық,
кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу, т.б.) [4,6,13].
Компьютерлік технологияның аталған мүмкіндіктері оны пайдаланудың
педагогикалық мақсаттарын анықтайды. Техникалық оқу құралдарын қолданудың
тиімділігін растайтын еңбектер авторларының бірі Г.В.Габай
техникалық құралдардың оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін анықтауға
мүмкіндік беретін (есте сақтау, ойлау, мәліметтерді тез қабылдау қабілеті,
басқа да жұмыс түрлеріне ауысу қабілеті) айта келе, оқу үрдісіндегі
оқушылар іске асыратын әрекетті танымдық және қосымша деп екіге бөледі.
Танымдық әрекет – сабақта алынатын білім, ал қосымша әрекет – сол танымдық
жұмыстың ойдағыдай өтуіне жағдай жасайтын іс — әрекеттер. Осы қосымша
әрекет сабақта оқушы уақытының көп бөлшгшн алады. Мүмкіндігінше мұндай
жағдайды болдырмауға техникалық оқу құралдарының маңызды рөл атқаратындығын
атап кетеді. Қазіргі таңда компьютер оқушының өз бетімен жұмыс істеуін,
білім, білік деңгейлерін көтеруге жағдай жасайтын, тереңдететін,
шығармашылық ізденіске баулитын қуатты құрал ретінде қабылданады.
Компьютермен оқыту жағдайындағы оқушының іс — әрекетін басқару үлгісі толық
жүзеге асырылады. Оқыту үрдісінің мақсат, шарт, құрал, іс — әрекет
операциялар түйіндеріндегі қызметті осы техникалық оқыту құралы атқара
алады. Оқушы белсенділігінің жоғарлауына ықпал ететін қабілетті
компьютердің белсенді әріптестік рөліндегі, көмекті динамикалық үйлестіре
алатын қасиетіне байланысты. Компьютер жұмысының программаланушылығы оның
динамикалық бейімделгіштігімен үйлесіп, бүтіндікті сақтай отырып, жекелей
оқытуға жағдай жасайды. Оқыту үрдісіндегі компьютер мен оқытудағы жаттығу
сатысы – білім алушылар үшін тамаша құрал. Себебі компьютер оқыту үрдісінің
жоғары саналылығына әсер етеді де, оқушының зерделілік және қисындылық
деңгейін жоғарлатады. Компьютердің көзбен шолу және басқа да күрделі
бейнелерді құрстыру қабілеттері. Оқыту үрдісінің ақпаратық каналдарының
өткізгіштік қабілетін аттырады. Зерттеушілердің көзқарасынша, компьютердің
оқыту үрдісіне енгізілуі білім саласын нақты дүниеге жақындата түседі.
Компьютердің әмбебаптық және программаланушылық қасиеттері, көп мақсатты
қолданылу мүмкіндіктері пәндерді интеграциялап оқытуға жағдай жасайды.
Компьютер – оқу ісін жекелендіруге мүмкіндік бере отырып, яғни адамның
психикалық, педагогикалық, жеке, жас ерекшеліктерін, оның іс — әрекетке
даярлығын ескере отырып, соларға сәйкес жұмыстың мақсатын, жоспарын, әдіс —
тәсілдерін белгілеп оқыту. Компьютер — әр оқушының психологиялық
ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін құрал. Өйткені әр оқушы өз
қабілетіне сай жылдамдықта жұмыс істей алады. Сонымен бұл техникалық оқу
құралы оқушылардың жас және жеке психологиялық ерекшеліктерінің жақсы
жағынан қапыптасуына ықпал етеді. Жалпы техникалық оқу құралдарын қолдану
дидактикалық көрнекілік, оқу материалын саналы меңгерту, жүйелілік пен
жалғастық, оқу мен тәрбие ісінің бірлігі, т.б. принциптерге негізделеді.
Адамның компьютердің көмегімен атқаратын оқу іс — әрекеттері өте көп,
күрделі, әртүрлі. Компьютерлік технологияны қолдану арқылы өмірге келген
оқыту тәжірибесі ғылыми — практикалық мәнге ие. Оқытудың компьютерлік
технологиясын құру стратегиясы – бүгінгі таңда ең тиімді әдіс. Бұл әдіс –
қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін оқытудың
формалары, әдіс - тәсілдері мен құралдарының жүйесі.
Оқытудағы компьютерлік бағдарламаның екі компоненттер тобын бөліп
қарауға болады. Олар: оқу материалдары, оған мәтін, суреттер, кестелер,
репликалар, ережелер.
Арнайы алгоритмдер (бағдарламалы). Олар оқу материалын, олардың
оқушыларға әсерін қарастырады. Бірінші компонентті оқытыушы жүзеге асырса,
екінші компонентті программист қолға алады, бірақ оқытушы тарапынан идея
тасталынады. Компьютерлік бағдарламаларды жасауда төмендегідей факторларды
ескеру қажет:
а) оқушы мен компьютер байланысының ерекшеліктері: педагогикалық,
ойынды, ойтүрткілік, ақпараттық мазмұнда;
ә) оқу әрекетін басқару ерекшеліктері: жауап кезінде бақылау, оқушы
әрекетін жекелеген қасиетіне сай бағалау.
Компьютерлік бағдарлама оқушының әр әрекетіне “Жарайсың”, “Дұрыс”,
“Өте жақсы”, “Қате”, “Қайта жасап көріңіз” деген реплика түріндегі сөздер,
дыбыстық әсерлер мен түрлі музыкалық әуендер негізінде, түрлі түстер
әсерінде, сыйлық, құттықтау, тартулар түрінде жауап қайтарады. Бұл оқушының
өз іс — әрекетіне бақылау жасауына ықпал етеді. Ал компьютер экранының және
кітап бетінен оқу түрлі психологиялық ерекшеліктерге ие екенін ғалымдар
атап өтеді: Жүйке жүйесінде қол мен көз қимылын бақылайтын арнайы механизм
бар. Психологтардың айтуынша, үстел үстіндегі тұрған кітаптан қолға ұстап
бақылау жүргізу арқылы оқу қолайлы.
Қол мен көз қозғалысы қағаздағы мәтінді тез қамтуға жағдай жасайды. Кітап
оқу мен құжаттарды қараудағы ақпаратты қабылдау компьютер экранынан оқумен
салыстырғанда әртүрлі айырмашылықта болады. Компьютерлік бағдарламада
қарапайым кітаппен салыстырғанда арнайы бет ашудың автоматтандырылған
қызметі қойылған.
Кітап оқу табиғи жарықпен жүзеге асса, компьютер экраны арнайы ішкі
жарықты тудырады (бір ескеретін жайт: ішкі жарық біраз сағаттан асқан соң
көздің шаршауына әкеліп соғады).
Компьютердің келеңсіз көрінісі де жоқ емес. Атап айтқанда, ол адамның
(әсіресе, жасөспірімдер мен балалардың) көру қабілетін нашарлатады, тез
шаршатады, т.б. әсерлері бар. Мұндай жағдай дисплейді тым ұзақ пайдаланудан
болатыны түсінікті. Сондықтан оқу үрдісінде мұғалім дисплеймен жұмыс істеу
кезінде бұл мәселелерді ескеріп отыруы керек.
Бұл мақсатта сынып іші жүйелі түрде тазаланып, желдетіліп тұруы қажет.
Оқушылардың экран алдында көп отырып қалмауын қадағалаған абзал.
Көздің демалуы үшін компьютерде экран өзгеріп отыратын бағдарламалар
жасалынған. Негізінен, психологтар компьютердің адам жүйкесіне әсерін, оны
реттеудің жолдарын қарастыруда.
Пәнді оқытудың сапасын жақсарту үшін қолдану берілген ерекшіліктерге
байланысты:
Бірнеше мәрте қайталау есебінен оқушылардың ойлау, сөйлеу және тілдік
материалды есте сақтау дағдыларын жаттықтыруды қамтамасыз етеді. Осы
қасиеті үшін ғалымдар компьютерге “төзімді оқытушы” деген ат берген.
Компьютер оқытылып жатқан пән мазмұнының әдістемесінің және көрнекілігінің
өзгеруіне тез бейімделеді.
Бір компьютерлік бағдарламаның өзін әртүрлі аудиторияда, оқу
орындарында пайдалану мүмкіндігі бар. Қажет болған жағдайда бағдарламаға
түзетулер, өзгертулер енгізуге болады.
Бағдарламаны жасауға білікті мамандардың тартылатыны белгілі. Олай
болса, компьютермен жұмыс істей отырып, оқушы таңдаулы адамдармен
“жұмыстас” болады. Аталған ерекшеліктер оқушылардың жұмыс жасауына оң
әсерін тигізеді. Компьютердің оқытуды жекелендіруге мүмкіндік жасауы әр
оқушының әрекетін басқара алуына, оған керегінше уақытын бөле алуына оның
дидактикалық мүмкіндіктерін аша түседі. Дисплей экранындағы сілтемелерге
сүйене отырып, берілген тапсырманы дұрыс орындау үшін не істеу керектігін
оқушы өзі шешеді. Компьютер оқушылардың білімін автоматты түрде бағалап,
әділ бағасын беріп отырады. Оның көмегімен оқытудың мотивациясын күшейтуге
мол мүмкіндік бар.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық
өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде.
Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік
беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан
белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан,
олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу
үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі
көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім
беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай
қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми - техникалық және өндірістік - технологиялық мәселелерді
шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік
техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі
жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.
2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне
тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде
пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз
ету.
3. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін
арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның
нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру
жүйесінің ішкі сұранысының артуы.
Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт
бағытта: 1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып үйрену құралы; 2)
компьютер - оқыту құралы; 3) компьютер - педагогикалық басқару жүйесінің
бір саласы; 4) компьютер - ғылыми зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің
құрамды бөлігі ретінде пайдаланылуда.
Мұндағы компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық
тиімділігін негіздеуде мүмкіндік беретін екінші бағыттың маңызы ерекше.
Компьютерді мектептегі кейбір пәндерді (математика, физика, еңбек және
т.б.) оқытуда және математикалық, физикалық, химиялық құбылыстарды
модельдеуге қолдануға болады.
Қазіргі уақытта компьютерді ақпараттану және есептеу техникасы
негіздері пәнін оқыту үрдісінде қолдануда ғана емес, басқа да пәндерді
оқытуда пайдаланудың жақсы нәтижелер беретіндігін дәлелдейтін біршама
еңбектер, диссертациялық зерттеулер бар.
Көрсетілген мәселенің теориялық жағы И.В.Апатова, В.С. Гершунский,
В.А. Кальней, А.П.Ершов, А.А.Кузнецов, В.М.Монахов, И.В.Роберт,
Н.Ф.Талызина және тағы басқа зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Мектеп курсының жекеленген тақырыптары немесе тарауларын компьютерді
қолданып оқыту да кеңінен қарастырылған.
С.Рахтың (орыс тілінің кейбір тақырыптарын оқытуда компьютерді
пайдалану), В.А.Кальнейдің еңбек пәнін оқытуда компьютерді оқытудың
техникалық құралы ретінде қолдану.
Компьютерді оқу құрал-жабдығы ретінде пайдалану зерттеулерінде,
көрнекіліктің тиімділігін арттыру, дерексіз математикалық ұғымдарды
меңгеруді жеңілдету, оқу іс- әрекеттерін жекелендіру арқылы оқушылардың
белсенділігін арттыру т.б. мәселелерді нәтижелі шешуге болатындығы
көрсетілген.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепке ақпараттануды енгізуде
және компьютерді оқу-құрал жабдығы ретінде пайдалану мәселесімен
Ж.А.Қараев және оның шәкірттерінің еңбектері үлкен роль атқаруда.
Компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешеніндегі басты буынның
бірі ретінде қарастырып зерттеу мектепте білім беру педагогикасы мен
әдістемесінің теориялық негіздерін дамыту және мұғалімдердің практикалық іс-
әрекетіндегі маңызды әлеуметтік- педагогикалық мәнге ие болатын негізгі бір
мәселе болып табылады.
Бастауыш мектеп - орта мектептің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектеп
математика пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруге Ресейде
М.И.Моро, А.М.Пышкало, Н.А.Менчинская, т.б. Қазақстанда Т.Оспанова,
Ж.Қайынбаев, К.Ерешова және т.б. ғалым-әдіскерлер үлкен үлес қосуда.
Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді
кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті.
Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьтерлік ойын ойнап,
микропроцессорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды. Сондықтан
бастауыш мектепте компьютерлік техника оқу құрал жабдықтар кешенінің бірі
ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде балалардың өмірлік
тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық
заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу, оқыту кезеңдерінің
сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің маңыздылығы арта түседі.
Соңғы кезде Ресей ғалымдары А.А.Кузнецов пен А.М.Пышкалоның
басшылығымен төмендегі сыныптардағы математика пәнін оқытуда компьютерлік
техниканы оқыту құралы ретінде пайдалануға байланысты зерттеу жұмыстары
қарқынды жүргізілуде.
Дербес компьютерді бастауыш мектепте оқу құралы ретінде пайдаланудың
теориялық және практикалық та жақтары жан-жақты зерттеліп жеткілікті
дәрежеде толық шешімін таба қойған жоқ. Біздер бастауыш мектеп математика
пәнін оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде дербес компьютерді
пайдаланудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы және оның дидактикалық
мүмкіндіктерін пайдалануды жүзеге асырумен дипломдық жұмыстың тақырыбын:
"Бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану" -
деп алуды жөн санадық.
Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқытуда
оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін
теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: математиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді
пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық, педаггикалық және арнайы
әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
- компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
- бастауыш сыныпта математиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы
оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері:
- ақпараттану технологиясының даму тарихына шолу;
- компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздеріне
талдау жасау;
- зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық- педагогикалық,
әдістемелік және арнайы әдебиеттерді оқып үйрену және оларға талдау;
- математика пәнін оқытуда компьютерді қолдануға арналған әдістемесіне
ұсыныстар жасауқау.
Көздеген мақсатымызға жету үшін төмендегідей зерттеу жұмыстарын
жүргіздік:
1. Ақпараттандыру технологиясын пайдаланып оқытудың психологиялық
мәселелеріне талдау жасау.
2. Оқу үрдісіндегі компьютердің ролі мен орнын анықтау.
3. Компьютерді пайдаланып оқытудың теориясы мен практикасына талдау жасау.
4. Бастауышта математика пәнін оқытуда компьютерді қолдану мәселелерін
зерделеу.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 3 параграфтан, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, обьектісі,
әдістері сөз болады. Ақпараттандыру технологиясын оқу процесінде
пайдаланудың психологиялық -педагогикалық мәселелері
атты І тарау 3 параграфтан тұрады.
Ақпараттандыру технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту
құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері деген параграфта
компьютердің шығу тарихы мен таралуы және ондағы ендірілген бағдарламалар
жайлы айтылады.
Оқыту процесінде компьютерді пайдаланудың психологиялық мәселелері
деген параграфта компьютерді оқытудың психологиялық әсерлері жайлы сөз
болады. Оқыту үрдісінде компьютердің ролі мен орны деген параграфында
сабақ меңгерудегі компьютермен сұлба сызу және түрлі ақпараттармен жұмыс
істеу туралы келтіріледі.
Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде
пайдаланудың әдістемесі атты ІІ тараудың математика сабақтарында
информатиканы оқыту мүмкіндігі деген параграфында 1 сыныптан бастап
информатика пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қажеттілігі сөз болады.
Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы ретінде
қолдану деген параграфында сыныптарда математика пәнін компьютер арқылы
оқыту туралы айтылады.
Қорытындыда диплом жұмысының нәтижесі берілген.

І-тарау. Ақпараттандыру технологиясын оқу процесінде пайдаланудың
психологиялық -педагогикалық мәселелері

1.1. Ақпараттандыру технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту
құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері

Есептеуіш техника құралдарының дамуы мен жетілуі өте қызу өрбіп келе
жатыр. Негізгі өндірушілер 180386 процессорлы компьютерлерді ескірген
ретінде өндіруді тоқтатқан. Осы себеппен фирма lntel 1995 жылдың соңынан
бері 1800486 процессорлары қолданылмайды. Компьютерлік техника рыногында Р6
(lntel фирмасынікі) және Power PC (ІBM, Apple, Motorolla фирмаларынікі)
процессорлы жүйелер пайда болды. Осы қарқынмен компьютердің басқа да
негізгі құрылғыларының сипаттамалары жақсарып келеді - оперативті есте
сақтау құрылғысының (ОЕСҚ) көлемі мен қатты дискідегі жинағыштардың
сыйымдылығы (винчестердің), графикалық сипаттамалары жақсарып, жаңа
құрылымдар (мысалы, мультимедиа жүйесіндегі лазерлі дискідегі жинағыштар CD-
ROM) пайда болуда. Компьютерлер жүйесін кеңінен қолдану оқу үрдісінде жаңа
мүмкіндіктердің ашылуына негіз болды. Сондықтан, АҚШ-та балабақшалардан
бастап, колледж, университеттермен аяқталатын бүкіл оқу орындарын Іnternet
жүйесіне қосу проектісі белсенді түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар
операциялық жүйе Wіndows - 95, күшті графикалық және басқа да
мамандандырылған пакеттердің, инструментальды жүйелердің бағдарламалық
қамтамасыздандарылуы жетілдіріле түсіп, кеңінен таратылуда.
Осының бәрі ағарту саласында да компьютерлік технологи-яның дамуы мен
жетілуіне алдын ала техникалық мүмкіндіктер жасады.
Қазіргі уақытта компьютерлік технологияны пайдалануда оқытудың үш
буынын айтуға болады .
Бірінші буында компьютерді қолдану - оқу материалдарын ұсынудың және
оқу үрдісін ұйымдастырудың кейбір элементтерін ғана өзгертіп, дәстүрлі
оқыту үрдісінің жүйесіне нұқсан келтірмей оқытуды ұйымдастыру болып
табылады. Осы буынның бағдарламалары мен кешенді түрде материалдары ретінде
мына төмендегілерді пайдалануға болады: жаттықтырушы бағдарламалар және
ағылшын тіліне арналған ойындары "Көңілді полиглот", "Американы қалай жеңіп
алуға болады" (фирма lnt г. Москва).
Компьютерлік технологияның екінші буынында жаттықтырушы және
бақылаушы, модельдеуші бағдарламаларды қолдануға және объектілерге,
жүйелерге белсенді түрде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік туғызатын жүйе
құрылды. Бұдан бөлек, multіmedіa- жүйелерінің аты әйгілі бола бастады,
олардың көмегімен оқушының көбінесе лазерлік дискілерде сақталатын әртүрлі
ақпараттарды алуға қолы жетті.
Сонымен, осы кезеңде мазмұны жағынан курстардың дәстүрлі
бағдарламаларының, оқулықтардың, оқу құралдарының жалпы байланысы,
модельдейтін орта мен объектілерге, процестерге және әлемнің нақты
жүйелеріне жан-жақты зерттеу жүргізуді алдын-ала қарастыратын ақпараттық
жүйелерді белсенді түрде қолдануды көздейді. Осы буынның технологиясын
қолдануды жүзеге асырған тәжірибелер бірқатар дамыған елдерде бар. Осы
дәрежедегі бағдарламаларға мыналар жатады: Экологиялық модельдеудің
бағдарламалары "Lake", "Pond", "Теплица" (оқу үрдісінде ЭЕТ мен
микропроцессорлық техниканы қолдану лабораториясының зерттеулері, УрГПУ,
Екатеринбург қаласы) ақпараттық жүйелер "PcGlope CPC Glope lnc. Tempe, USA"
және "SryGlope" (klassm Software, USA) комплекс "фундаментальды физикалық
тәжірибелер (Гроднен университетінің зерттеулері, Беларусь)", оқу компьютер
курсы "Физика суреттерде" (НЦ ФИЗИКОН, Москва қаласы).
Үшінші буынның технологиясына өту ақпараттық қоғамның қажеттіліктеріне
сәйкестендіріп оқу - ағарту жүйесін түбірімен қайта құрылуымен байланысты.
Компьютерлік технологияның қосалқылық сипаттамасы жойылады, яғни оқу
үрдісінің мазмұны соларды тәжірибеде қолдануға бағытталады. Бұл кезең
оқулықтардың жаңа типімен және мәліметтер базасы кіретін компьютерлік
жобалау, модельдеу, құру контексіндегі қоршаған ортаны тануға арналған
инструментальды аспаптар кіретін арнайы оқу компьютерлік ортамен
сүйемелденеді.
Оқу-ағарту ісіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың (ЖАТ) дамуының
аталған кезеңдері кјбінесе "жѕйеге" дейінгі-кезеңге жатады. Сірә, оқу
технологиясын дамытудың қазіргі заманғы негізгі бағыты - оқу ѕрдісіндегі
Іnternet жүйесінен алуға болатын ақпараттарды кеңінен қолдану болып табылса
керек. Іnternet-тің ауқымды компьютерлік жүйесі оқытуға арналған жүйе болып
есептелінеді. Бірақ, оның мүмкіндіктері екі есе көп. Іnternet адамзат
жинақтаған кез келген білімге әр адамның қалауы бойынша қол жеткізуін
қамтамасыз ете алатын ақпараттың бүкіл әлемдік қоры ретінде қолданылады.
Іnternet-тің құрылғанына 20-30 жылдан аса уақыт өтсе де, тек соңғы жылдары
ғана оқу орындарында қолданыла бастады.
Оның өзіндік себептері бар.
1) Компьютерлік технология буындарының алмасуы динамикалық түрде өтуде,
яғни тұрақты жүйе жасалынбады;
2) Компьютер арқылы пәндерді оқытудың педагогикасы мен әдістемесі керек
деңгейде қайта құрылып және оларды оқытуда қолдануда дайындалмады. Бұл
жағдай компьютерді сабақта қолдана білу бойынша пән мұғалімінің
эрудициясын, дайындығы мен дүрыс ойлауын, технологияны жетілдірудің
тенденцияларын көру қабілеттігін қажет еткенмен тіпті олардың компьютерді
өз мүмкіндіктеріне сәйкестендіре алмай келеді.
ІВМ техникасының дүние жүзі бойынша жетекші позициялардан орын алады,
сондықтан Россияның өнеркәсіптік рыногы да ІВМ компьютерлеріне бағытталған,
яғни мектептегі оқу дәл осы техникады жүргізіледі.
Бұл айтылған компьютерлер жүйесінің тиімділігіне талдау жасай келе,
мектептерді қазіргі кездегі дәрежеде жабдықтау үшін техниканы таңдау
барысында ұсынысты тұжырымдауға болады: мектепке жүргізілетін техника оны
пайдалану үрдісінде өз күшімен және өте аз шығынмен модернизациялауға
ыңғайлы болуы, т.б. Қазіргі кездегі түсінік бойынша мектептің жақсы жабдығы
деп мыналарды есептеуге болады:
- оқушы компьютерлері;
- ІВМРС 486 процессорын Pentіum “Upgrade” немесе кіші модельдегі
Pentіum процессорына ауыстыруға болатынын алдын ала қарастырады;
- SVGA мониторы экран нүктесінің мөлшері 0,28 мм LOW Radіatіon Green
стандартына сәйкес немесе MPEG;
- қатты дискі,көлемі 300-500 Мб;
- Мұғалім компьютерлерінің көлемі ОЕСҚ-8-16 Мб және оның қатты дискінің
көлемі болу керек, егер мұғалімдердің жұмыс орны локалды жүйенің
сервері ретінде қолданылса;
- Оқушылардың жұмыс орындарындағы multіmedіa комплектілері;
- Сыртқы құрылғылар принтер, сканер;
- іnternet жүйесіне шығатын модем.
Баяндалған конфигурация бір жағынан барынша оралымды және кеңейгіш,
екінші жағынан оқудың және басқарудың қазіргі кездегі компьютерлік
технологиясын толық қолдануды қамтамасыз етеді.
Қазіргі кездегі компьютердің сапалары төмендегілерді болжауға
мүмкіндік береді:
- компьютерді бұрыннан бар дидактикалық мәселелер жүйесін тиімдірек
шешуге арналған қосымша құрал ретінде қолдануға болады;
- компьютер машинасыз оқудың жалпы құрылымын, мақсатын және міндетін
сақтай отырып жеке дидактикалың мәселелерді шешуді жүктейтін құрал
бола алады;
- компьютер дәстүрлі жолмен шешілмейтін жаңа дидактикалық мәселелерді
қоюға және шешуге мүмкіндік береді;
- компьютерді меңгерілетін объектілердің мазмұнын оны құру арқылы
модельдейтін құрал ретінде қолдануға болады.
И.В.Роберттің көзқарасы бойынша, дидактикалық принциптердің позициясын
жүзеге асырған жағдайда компьютерді оқу құралы ретінде қолдануға болатынын
дәлелдейтін мынадай ең маңызды әдістемелік мақсаттарды бөліп қарастыруға
болады:
- оқу үрдісін даралау және саралау;
- оқу ісіндегі нәтижелердің диагностикасымен және базасымен кері
байланысты іске асыру;
- өзін-өзі бақылау және өзін-өзі түзетуді жүзеге асыру;
- жаттықтыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және соның көмегімен
оқушылардың өзін өзі дайындауын жүзеге асыру;
- меңгеру сапасына зиян келтірмей сандық талдаумен байланысты көп еңбек
сіңіруді керек ететін жұмыстар мен іс әрекеттерді ЭЕМ де орындау
есебінен оқу уақытын үнемдеу;
- оқылып жатңан процестерді визуальдау, оқылып жатқан процестердің
динамикасын көрнекілеп көрсету, әлемдегі жасырын процестерді көрнекі
түрде көрсету, олардың дамуын уақыт және кеңістік қимылы тұрғысынан
бақылау, зерттеліп жатқан заңдылықтарды графикалық интерпритациялау;
- оқылып немесе зерттеліп жатқан процестерді ақиқат-модель немесе
керісінше құбылыстарын модельдеу немесе имитациялау;
- нақтылы тәжірибені құрал-саймандар жинағымен компьютерлік бағдарламада
имитациялау жағдайында лабораториялық жұмыстар жүргізу;
- оқу ісінде керек мәселелердің ақпараттық берілгендер базасын құру және
қолдану, ақпараттық жүйеге жолдың ашылуын қамтамасыз ету;
- оқудың мотивін күшейту;
- оқушы мен ЭЕМ арасындағы белсенді қатынастың режимін қамтамасыз ету
базасында оқушының оқу материалын меңгеру стратегиясымен қарулануы;
- ойлаудың логикалық жүйесін қалыптастыру;
- күрделі ахуалдарда қолайлы немесе вариативті шешімдер қабылдай алуды
қалыптастыру;
- оқу іс-әрекеттерінде алгоритмдік және ақпараттық мәдениеттердің
қалыптасуы.
Біздің пікірімізше, қазіргі кезде мектептің оқыту практикасында
бағдарламалық құралдардың мынадай типтері қолданылуы қажет:
1. Белгілі бір оқу материалын қажетті дәрежеде меңгеруді қамтамасыз ететін
және сол оқыту бағдарламасының жұмыс жұмсау барысында “кері байланыс”
арқылы меңгеру дәрежесін анықтайтын, сонымен қатар, меңгерілген
материалдарға байланысты іскерліктер мен дағдылардың бағдарламалары.
2. Оқу іс әрекеттерінде іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға және өз бетімен
жұмыс жасауға үйретуші – бағдарламалар. Әдетте олар өткенді қайталауға
немесе бекітуге арналған және мазмұнында жаңа оқу материалдары жоқ оқыту
бағдарламалары.
3. Оқу материалдарының меңгеру дәрежесін тексеруге арналған бағдарламалар.
4. Қолданушыға керекті ақпараттық материалды тауып беретін ақпараттың
бағдарлама анықтамалары мен жүйелері.
5. Ақиқаттың өмірдегі белгілі бір құбылыстар мен заңдылықтардың негізгі
құрылымдық немесе функционалдық сипаттамаларын зерттейтін имитациялық
бағдарламалар.
6. Объектілердің, процестердің құбылыстарын немесе ақиқаттың кейбір
жағдайлары мен негізгі элементтерін модельдейтін бағдарламалар.
7. Оқу материалдарын көрнекілеп көрсетуге, зерттелуші құбылыстардың
процестердің заңдылықтарын, объектілердің ара қатынасын визуальдауға
арналған демонстрациялық бағдарламалар.
8. Шешім қабылдау немесе қимыл стратегиясын жаттықтыру мақсатымен оқу
жағдайына “ойындар” арқылы көрсетіп, ойлаудың логикалық мағынасын
дамытуға ақпаратты жүйеге келтіруге үйрететін ойын бағдарламалары.
9. Есте сақтау қабілетін дамыту мақсатындағы оқушылардың сыныптан,
мектептен тыс жұмыстардағы іс әрекеттерін ұйымдастыруға арналған қол
боста пайлалануға арналған бағдарламалар.

1.2. Оқыту процесінде компьютерді пайдаланудың психологиялық
мәселелері

Қазіргі ақпараттық қоғамға байланысты білім беретін орта мектептер
мен жоғары оқу орындарында оқу үрдісін компьютерлендіру – оқу жүйесін
жетілдірудің негізгі шарты екені белгілі.
Бірақ оқу жүйесн компьютерлендіруде объективті мүмкіндіктер мен оны
нақтылы жүзеге асыру барысында қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Оқытудың
автоматтандырылған эмпиризмдік сипаты сияқты, оқу үрдісінде ЭЕМ-ді қолдану
секілді маңызды өзгеріске теориялық ілімнің жетімсізділігі де қарама-
қайшылықтың шиеленісуіне әкеп соқты. Сондықтан бастауыш сыныптарда
компьютерді пайдаланып оқытудың психологиясын анықтаудың бірінші кезектегі
мәселелерінің бірі - ғылыми талдау жасау және компьютерлі оқытудың
жинақталған тәжірибелер мәнін түсіндіру болып табылады. Бұл бағыт бір
жағынан алып қарағанда, автоматтандырылған оқытудың психологиясын
экстенсивті зерттеу болып табылады.
Компьютерлік оқытудағы психологиялық зерттеулерді интенсивтендіруді
екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі, адамның ойлау әрекетінің тарихи жаңа
типінің жалпы психологиялық зерттеу нәтижелерін осы салада қолдануды - ЭЕМ
бағдарламалары-ның жәрдемімен ойлау, екіншісі, дәстүрлі оқытудың шеңберінен
шығатын эксперименттің қалыптасу жағдайында, оқытудың қазіргі психологиялық-
педагогикалық зерттеулерінің контекстісімен құрылған диалогтық оқу
бағдарлама жобасын түзу негізінде компьютерді қолдану дағдысын
қалыптастыру.
Автоматтандырылған оқыту адамды шатастырғыш істерден алшақтайтын және
оның шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтетін ой еңбегін (ғылыми зерттеулерді
ұйымдастырып басқару, техникалық жобалау т.б.) автоматтандырудың жеке
саласы ретінде қарастыру керек. Бірақ, оқуда ЭЕМ-ді немесе
Д.С.Толлингерованың айтуы бойынша, жасанды педагогикалық интеллектті
қолдануда бірқатар өзіндік психологиялық мәселелер бар. Біздің көзқарасымыз
бойынша олардың ішіндегі ең маңыздысы техникалық құралдардың және тікелей
адам байланыстарының рөлін мыңдаған жылдар бойы пайымдалған практикаға
арналған диалогтық бағдарламалардың көмегімен адамды тәрбиелеу саласын одан
ары дамыту болып табылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері педагогикалық еңбекті
автоматтандырудың негізгі психологиялық құндылығы-мұғалім мен оқушылардың
тікелей өзара қарым-қатынасын жоғалтып алуға соқтырмайды - деген пікір
түйеді. Сондықтан компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының
өзара қарым-қатынасы жоғалмайды және басқа түрге енбейді, керісінше,
шығармашылық баюға, жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Демек, компьютерді оқыту
жағдайындағы педагогикалық үрдісте мұғалімнің басты рөлі кемімейді,
керісінше, арта түседі.
Дегенмен, оқытуды автоматтандыру жағдайында қазіргі мектептер үшін
коммуникативтік, білім беру және тәрбиелеу мүмкіндіктерін толық іске асыру
кезінде автоматтандырылған оқыту жүйесін жобалау мен құру тәжірибесіндегі
сияқты, диалогтық оқыту бағдарламасын түзу және оларды оқу үрдісінде
қолдану кезінде психологиялық ахуалдар негіз бола алады. Әңгіме
автоматтандырылған оқу үрдісін басқаруға қойылатын талаптар санына
психологиялық талаптарды жай ғана қоса салу емес. Оқу үрдісін басқарудағы
психологиялық проблемаларды зерттеуді одан ары жалғастыруда және танымның
қалыптасу механизмін зерттеуде машиналық оқу бағдарламаларын түзу мен
қолдану жағдайындағы қарым-қатынас пен іс әрекеттерге тың зерттеулер қажет.

Оқытудың диалогтық табиғатын есепке алу - АОЖ-ны (автоматтандырылған
оқыту жүйесі) түзудегі және оқу бағдарламасындағы таным үрдістерін
модельдеудегі түйінді кезең болып табылады. Өйткені компьютер арқылы іске
асатын диалогтық оқу бағдарламасының көмегімен басқару, бақылау мәселесі-
оқушылардың жеке танымдық әрекетін емес, жаңа әрекеттің пәндік, ұғымдық
мәнін меңгеру үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынас жүйесін
жүзеге асыру болып табылады. АОЖ-ні құрастырушылар осы ара қатынастың бір
ғана жағын ескереді, ол - оқушының пәндік ұғымдарды меңгеруге қатысы. Бұл
жағдайда оқу үрдісінің мынадай ең маңызды сипатына назар аударылмайды, яғни
оның әлеуметтік-психологиялық байланысы ескерілмейді.
Меңгеру үрдісі тек амалдың пәндік түрлендіруге ғана тіреледі, іс -
әрекеттің жаңа тәсілдерін игеру кезіндегі оқу үрдісіндегі ара қатынастан
туындап жатқан оқушының таным әрекетінің мақсаты мен мағынасын қайта құру
еленбейді. Сонымен қатар өзгеріске ұшыраған оқудағы ара қатынастар мен
әрекеттер жүйесіндегі оқушылардың санасы мен өмірлік позициясының қайта
құрылуы да есептелмейді.
Демек, психологиялық тұрғыдан қарағанда, автоматтандырылған
оқытудың жалпы принциптерінің біріншісі – оқу үрдісіндегі пәндік оқыту
әрекетті басқаруды толық қамтуға жету. Олай болса, басқару әсерлерінің
нысаны болып жеке оқушы және оның өзіне тән таным әрекеттері емес, жалпы
оқу кезеңіндегі құбылмалы жүйелер, соның ішінде, әсіресе, мұғалім мен
оқушының арасындағы ара қатынас болмақ. Ал басқару әсерлерінің нысаны
ретінде есептелетін оқу ахуалын ұйымдастыру принципі ДОБ-ға жасағанда
мынадай өзгешелік сипаттағы жағдайларды есепке алуды міндеттейді:
1) Меңгеру мақсатында құрылымдық және амалдық оқу пәнінің нысанды
мазмұнын, яғни мазмұнның құрылымдық сипаты мен оқушылардың меңгеретін
қимыл, амал және олардан қалыптасатын таным әрекеттерінің бағдарламасын
анықтайды;
2) Оқу пәндерінің мазмұнын игеру үрдісін ұйымдастыру мен оқудың талдап
қорыту тәсілдерінің амалдарын және игерудің бір деңгейі мен кезеңінен
келесісіне өту сәтін көрсетеді;
3) Мұғалім мен оқушылардың өзара бір-бірімен қарым-қатынас жүйесімен оқу
мақсаттарын орындау үрдісіндегі бір-бірімен бірлесіп жүргізу формасын
нақтылайды.
Бұл айтылған жағдайларда өзара байланыстылық динамикасы (оқу
тапсырмаларының типтерін, меңгеру этапын және оқу үрдісінің барлық
мерзімінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істеу формаларын сәйкестендіру)
дегеніміз АОЖ-нің көмегімен басқару әсерлерінің нысаны.
Жасанды педагогикалық интеллектті қолдануға қойылатын екінші
психологиялық талап - басқарудың озық принципі, яғни оқу үрдісін уақытпен
өлшенетін жағдайды есепке алатын озық басқару принципі болып табылады. Ол
уақыттық сипатқа ие болуымен бірге оның мақсаты іс-әрекетті кеңістікті
уақытпен ұйымдастыру жағдайында іске асады.
Ол сөзсіз дискретті және оқудағы мақсаттарға жету үрдісін басқаруға
қойылатын маңызды талап-оқу жағдайы жүйесінің мағыналық бүтіндігін және
тиімділігін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты компьютерді оқыту
жағдайында орындалатын оқыту моделінің бірыңғайлық негізгі шарты-оқу
жағдайының құрылымында іс әрекеттердің барлық түрінің мағыналық және
кеңістікті-уақыттық ұйымдастыру жоспарының бірлігін құру. Сондықтан алдын
ала ойлап басқару жүйесін нақ осындай бір тұтастыққа жеткізуге бағытталған
болуы тиіс.
Шынайы өмірдегі адамның іс-әрекеттерінде көрсетілген мағынадағы алдын
ала ойлап басқару функциясын адамның жады атқарады. Компьютерде бұл
функцияның аналогы болып құрамына төмендегідей кіші жүйелер кіретін
мәліметтер банкі болады деп болжамдауға болады:
1. Оқу жағдайында жүзеге асырылатын мақсатқа сай оқу әрекетін
ұйымдастырушыларға (оқушыларға, мұғалімдерге) нәтижелі қызмет көрсету.
2. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Пәндер