Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты



1. Қолдану саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. Негізгі ережелер
5. Орта білім беру құрылымы
6. Орта білім берудің мақсаттары
7. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелер
8. Орта білім берудің негізгі міндеттері
9. Орта білім берудің базалық мазмұны
10. Оқу жоспары және ең жоғарғы оқу жүктемесі
11. Білім беру үдерісін ұйымдастыру
12. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) орта білім берудің ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттарын, қысқа мерзімді сипаттағы мақсат ретінде білім, білік, дағды, құзыреттер түрінде берілетін күтілетін нәтижелерді тағайындайды; орта білім берудің базалық мазмұнына, оқу жүктемесінің жоғары шекті көлеміне қойылатын талаптарды сипаттайды.
1.2 Осы Стандарт:
- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын меншік формасына, типіне және түріне тәуелсіз орта білім беру ұйымдарына;
- орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын педагог кадрларды даярлаудың оқу бағдарламаларын әзірлеуде жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарына;
- орта білім беру деңгейлерінің стандарттарын, жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындауда білім беру саласы мамандарына, ғылыми мекемелер мен оқу орындарына;
- педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуде білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарына;

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Елтаңба

Ұсыныстар беру үшін

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
Негізгі ережелер

ҚР МЖБС 2.003 - 2008

Ресми басылым

АСТАНА-2008

1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы ӘЗІРЛЕГЕН және
ҰСЫНҒАН

2 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19 қараша 2008
жылғы №616 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ және ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ

3 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ережелер. 2.003.-2007ж. ОРНЫНА
ЕНГІЗІЛДІ

4 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеудің,
бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысына СӘЙКЕС
ДАЙЫНДАЛҒАН

Осы стандартты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Министрлігінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара
қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды.

Мазмұны

1. Қолдану саласы 4
2. Нормативтік сілтемелер 5
3. Терминдер мен анықтамалар 5
4. Негізгі ережелер 7
5. Орта білім беру құрылымы 9
6. Орта білім берудің мақсаттары 10
7. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша 12
күтілетін нәтижелер
8. Орта білім берудің негізгі міндеттері
9. Орта білім берудің базалық мазмұны 13
10. Оқу жоспары және ең жоғарғы оқу жүктемесі 17
11. Білім беру үдерісін ұйымдастыру 19
12. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
Қазақстан Республикасы бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру
Негізгі ережелер

___________________________________ ___________________________
Енгізілу мерзімі: 2010.01.09

1. Қолдану саласы

1.1 Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі
- Стандарт) орта білім берудің ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттарын, қысқа
мерзімді сипаттағы мақсат ретінде білім, білік, дағды, құзыреттер түрінде
берілетін күтілетін нәтижелерді тағайындайды; орта білім берудің базалық
мазмұнына, оқу жүктемесінің жоғары шекті көлеміне қойылатын талаптарды
сипаттайды.
1.2 Осы Стандарт:
- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын
іске асыратын меншік формасына, типіне және түріне тәуелсіз орта білім
беру ұйымдарына;
- орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске
асыратын педагог кадрларды даярлаудың оқу бағдарламаларын әзірлеуде жоғары
оқу орындары мен білім беру ұйымдарына;
- орта білім беру деңгейлерінің стандарттарын, жалпы білім берудің оқу
бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындауда білім
беру саласы мамандарына, ғылыми мекемелер мен оқу орындарына;
- педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау
бағдарламаларын әзірлеуде білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру және қайта даярлау институттарына;
- білім алушыларды оқуға қабылдау материалдарын, кадрларды
даярлаудың оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім
беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына;
- орта білім беру ұйымдарын бітіру емтихандары мен жоғары оқу орындарына
қабылдауды ұйымдастыру үшін бақылау-өлшеуіш материалдарын әзірлеу кезінде
тестілеу орталықтарына;
- орта білім беру ұйымдарының дамуын басқаруда, білім беру сапасына
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда білім беру саласындағы өкілетті
органдарына таратылады.

Ресми басылым
Осы стандарт орта білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялау,
аттестациялау кезінде білім беру саласындағы өкілетті органдарға, жұмыс
оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеуде және олардың орындалуына
бақылау жасау кезінде білім беру ұйымдарына таратылады

2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 27.07.2007 ж,
№ 319-III ҚРЗ, Астана. Ақорда;
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы, 11.10.2004 ж, № 1459.

3. Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына сәйкес
терминдер мен анықтамалар қолданылды.
Сонымен қатар осы стандартта келесі сәйкес анықтамалар мен терминдер
пайдаланылды:
3.1 Орта білім берудің базалық мазмұны: орта білім беру ұйымдарында
олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына қарамастан міндетті
оқытуға тиісті орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі және
үздіксіз білім берудің келесі деңгейлерінде білім алуға жеткілікті болып
саналатын білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелеріне жету құралы
болып табылады.
3.2 Базистік оқу жоспары: Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі
орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарының құрылымдық бөлігі; орта білім мазмұнының инвариантты және
вариативті компоненттері мен олардың қатынасын, оқу жүктемесінің көлемін
бекітетін; типтік, жеке және жұмыс оқу жоспарының әзірлеуге негіз болатын
нормативтік құжат.
3.3 Білім беру мазмұнынының базалық компоненті: оқу жоспарының
инвариантты бөлігінде көрсетілген міндетті түрде оқытылуға тиісті білім
салаларының құрамы және оқу пәндерінің тізімі.
3.4 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейінің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары: білім берудің
күтілетін нәтижелерін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім
берудің базалық мазмұнын белгілейтін нормативтік құжаттар; білім беру
процесінің барлық қатысушыларына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді
әзірлеуде, оқыту технологияларын таңдауда, күтілетін нәтижелерге қол
жеткізуді бағалауда, білім беру процесін басқаруда бағдар болып саналады;
білім берудің барлық субьектілерінің өздігінен даму процесін реттеуге
бағдарланған.
3.5 Оқытуды саралау: оқушылардың жеке және топтағы типологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыру; оқыту
процесін ұйымдастырудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдануды қарастырады.
3.6 Ұлттық бірыңғай тестілеу: орта білімнен кейінгі білім беретін
немесе жоғары білім беретін оқу орындарына қабылдау емтихандарымен
біріктірілген жалпы орта білім беру ұйымдарын бітірушілерді қорытынды
аттестаттаудың бір нысаны.
3.7 Өлшеуіштер: білім алушылардың белгіленген бағалау өлшемдеріне, оқу
жүктемесінің нормасы мен бағалау көрсеткішіне сәйкес оқу жетістіктері
деңгейін айқындауға арналған оқу тапсырмалары.
3.8 Жеке оқу жоспары: орта білім беру ұйымдарының оқу жұмыс жоспарының
негізінде әзірленіп, жеке оқушыға білім беруді ұйымдастыруға бағытталған
нормативтік құжат;
3.9 Құзырет: білім алушылардың әлеуметтенуінің даярлық деңгейінен
көрініс табатын білім берудің күтілетін нәтижелері олардың оқу және өмірлік
мәселелерді шешудегі өнімді іс-әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал етеді.
3.10 Базалық құзырет: өмірлік рөл арқылы көрінетін ұлттық деңгейдегі
білім беру мақсаты.
3.11 Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар: күтілген нәтижеге жету
деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар.
3.12 Таңдау курстары: қызығушылығы бойынша қосымша білім
бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдастыру формасы; 5-10 сыныптарға
арналған оқу жоспарының вариативті компонентінің құрамды бөлігі; білім
алушылардың білім дайындығын кеңейтуге бағытталған.
3.13 Білім беру үдерісінің мониторингі: білім беру ұйымдарында білім
беру үдерісін ары қарай жетілдіру мақсатында білім беру үдерісінің жүзеге
асырылу жағдайларын, нәтижелерінің өзгеру динамикасын жүйелі түрде бақылау,
диагностикалау, талдау, бағалау және жағдайды болжау.
3.14 Бағдарлы оқытуға бағыттау: анықталған білім беру пәндерін
кеңейтіп, тереңдетіп оқытуды қамтитын 11-12 сыныптардағы оқыту формасы;
бағдарлы оқытудың жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және
технологиялық бағыттарын ұйымдастыру қарастырылады.
3.15 Білім беру саласы: оқу нысаны бір оқу пәндерін қамтитын орта білім
берудің базалық мазмұнын құрайды.
3.16 Білім берудің қосымша оқу бағдарламасы: орта білім беру
деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың шегінен тыс білім
беру мазмұнын айқындайтын білім беру бағдарламасы; вариативті бөлікте
факультатив, таңдау курстары, қолданбалы курстар, білім алушылармен жеке
сабақтар түрінде жүзеге асады.
3.17 Білім берудің күтілетін нәтижелері: білім беру мақсаттары білім
беру кезеңінде тұлғаның біртіндеп дамуын көрсетеді. Оларды анықтауда
негізгі бағдар базалық құзырет болып табылады.
3.18 Орта білім беру ұйымы: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білім берудің жалпы білім беру және қосымша оқу бағдарламаларын жүзеге
асыратын оқу орны.
3.19 Бағалау: білім алушылардың қол жеткізген нақты нәтижелерін
белгіленген өлшемдер бойынша білім берудің күтілетін нәтижелерімен
сәйкестендіру үдерісі.
3.20 Портфолио: білім алушылардың оқу және әлеуметтік маңызды жеке
жетістіктерін көрсету тәсілі.
3.21 Бағдаралды даярлық: 8-10 сыныптардағы білім алушылардың оқу
бағдарын таңдауына мақсатты түрде педагогикалық қолдау көрсету; негізгі
орта білім беру деңгейін бітіруші өз оқу әрекетінің негізгі бағытына
қарай оқу бағдарын алдын-ала өз бетімен анықтауға бағытталған.
3.22 Мемлекет аралық бақылау: білім беруді ұйымдастырудың формасына
тәуелсіз білім беру сапасыан бақылау жасау.
3.23 Бағдарлы оқыту: оқытуды даралау және саралау үдерісі, білім
алушылардың қабілеттілігі мен икемділігін және олардың қызығушылығын ескере
отырып білім беру үдерісін ұйымдастыру.
3.24 Оқу жұмыс жоспары: Орта білім беру ұйымдарында білім беру іс-
әрекетін нақтылы ұйымдастыруға арналған нормативті құжат; оны білім беру
ұйымы типтік оқу жоспары негізінде орта білім беру деңгейіне сәйкес өз
бетінше әзірленеді және орта білім ұйымының педагогикалық кеңесінің
шешімімен бекітіледі.
3.25 Мазмұндық желілер: білім беру салаларының пәнаралық және пәнішілік
байланыстары негізінде айқындалған білім мазмұнының ірілендіріліп берілуі.
3.26 Тұлғаны әлеуметтендіру: әлеуметтік нормалар мен мәдени
құндылықтарды меңгеру арқылы білім алушының қоғамдық-құндылықты қатынасын
қалыптастыру үдерісі; оқу-тәрбие үдерісі мен білім беру мазмұны арқылы
жүзеге асады.
3.27 Типтік оқу жоспары: Білім беру ұйымдарының оқыту тілі (1-10 сынып)
мен оқыту бағдарын (11-12 сыныптар) ескере отырып құрылған нормативтік
құжат; орта білім беру деңгейіне сәйкес базистік оқу жоспары негізінде
дайындалады.
3.28 Оқу курсы: білім салаларының мазмұндық желісін көрсететін оқу
пәндерінің кешені.

4. Негізгі ережелер
4.1 Осы стандарт орта білім беруде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің
келісілген мүддесін танытады.
4.2 Осы стандарт негізінде мемлекет жалпыға мүмкін болатын, тегін орта
білім беруге кепілдік береді.
4.3 Осы стандартты қолдану:
- білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге;
- күтілетін нәтиже түрінде белгіленген оқу жетістіктерін меңгеру
деңгейіне міндетті талаптар қою арқылы білім сапасын арттыруға;
- білім беру саласындағы барлық субъектілерінің міндеттері мен
құқықтарын реттеуге;
- балалардың денсаулығын қорғауды, тұлғаның жан-жақты дамуына, оның
ішінде білім алушының қосымша білім алудағы қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызуды қамтамасыз етуге;
- орта білім беру ұйымдарының меншік нысанына, типіне және түріне
қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің
сабақтастығын қамтамасыз етуге;
- орта білім беруді ұйымдастыру жұмысының тиімділігіне бақылау жүйесін
құруға;
- білім беруді басқару ұйымдарының білім беру сапасын қамтамасыз
ету жөніндегі іс-әрекеттеріне қажетті жағдай жасау үшін ұтымды бағалау
ұйымдастыруға;
- орта білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін
қаражатты ұтымды және тиімді пайдалануға;
- орта білім беру ұйымын дамыту үшін бюджеттен тыс бөлінетін қаржыны
тағайындау мақсатын анықтауға бағытталған.
4.4 Осы стандарт мынадай аспектілерді қарастырады:
- қазақстандық мектептің озық дәстүрлерін сақтау мен орта білім беруді
ұйымдастырудағы әлемдік тенденцияларды кіріктіру;
- білім берудің нәтижелерін пәндік білім, білік және дағдыдан
құзыреттілік деңгейіне дейін кеңейту;
- барлық балаларға бірдей дәрежеде мүмкіндік жасау ұстанымын жүзеге
асыру;
- орта білім беру құрылымын жас кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру;
- білім беру ұйымдарындағы инновациялық тәжірибені дамыту;
4.5 Осы стандарт:
- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттарын әзірлеуге;
- бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқу пәндері
бойынша, оқу бағдарламаларын әзірлеуге;
- оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеуге;
- оқу пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін
өлшеуіштер жасауға;
- орта білім беруді ұйымдастыруда білім берудің күтілетін нәтижелеріне
жетуге бағдарланған басқару жүйесін әзірлеуге;
- орта білім беру ұйымдарының мониторинг жүйесін әзірлеуге;
- педогикалық қызметкерлерге біліктілік мінездемелерін әзірлеуге;
- орта білім беру ұйымдарының оқу және тәрбие үрдісінің материалдық-
техникалық, ақпараттық жабдықталуына бірыңғай талаптар тағайындауға;
- орта білім беру сапасын қамтамасыз етуге жағдай жасау жөніндегі білім
беруді басқару органдарының іс-әрекетін бағалауға негіз болып табылады.
4.6 Орта білім беру мекемелері осы стандартта белгіленген күтілетін
нәтижелерге қол жеткізу үшін денсаулық сақтау ортасын қамтамасыз ететін
әртүрлі әдістер мен педогикалық технологияларды қолдана алады.
4.7 Білім беру жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере
отырып күндізгі, кешкі (ауысымдық) сырттай және экстернат түрінде жүзеге
асырылады.
4.8 Осы Стандарттың ережелері мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарттары шеңберінде ашылып,
нақтыланады.
4.9 Орта білім берудің әрбір деңгейлерінің (бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білім беру) Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары:
- сәйкес білім беру деңгейлерінің мақсаттарын;
- сәйкес білім беру деңгейлерінің білім беру салалары бойынша
күтілетін нәтижелерін;
- сәйкес білім беру деңгейлерінің базалық мазмұнын;
- сәйкес орта білім беру деңгейлерінің базистік оқу жоспары мен типтік
оқу жоспарларын анықтайды.

5. Орта білім беру құрылымы
5.1 Орта білім орта білім беру ұйымдарында үш деңгейде кезеңмен
игеріледі.
Білім беру деңгейлері білім алушылардың өсу кезеңдерін, өзіндік
мүмкіндіктерінің кеңеюін және жеке даму мүмкіндіктерін қолдануға
жауапкершілігінің артуын көрсетеді.
Бірінші деңгей – бастауыш білім беру. Нормативтік оқу мерзімі –
4 жыл (1-4 сыныптар). Оқытуды бастаудың ұсынылатын жасы - 6 жас.
Екінші деңгей – негізгі орта білім беру. Нормативтік оқу мерзімі –
6 жыл (5-10 сыныптар).
Үшінші деңгей – жалпы орта білім беру. Нормативтік оқу мерзімі –
2 жыл (11-12 сыныптар).
5.2 Бастауыш білім беру деңгейінде білім берушілер мен білім алушылар
арасында адам, табиғат, қоғам туралы алғашқы ұғымдар арқылы білім алушыға
қоршаған ортаны түсінуге, ұғынуға, оны қабылдауға мүмкіндік беретін
қолайлы педагогикалық орта құрылады; білім алушылар білім алу тәсілдерін
игереді.
Білім берудің бастауыш деңгейінде оқыту:
- оқуға ынталандыруды;
- қоршаған әлем туралы алғашқы түсінікті;
- мектепке және өзіне позитивті қатынасты;
- білім алу қабілеттерін (тіл дамыту, қарапайым есептеу және т.б.);
- қарапайым әлеуметтік дағдыларды қалыптастыратын мектепке дейінгі
даярлық жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.
5.3 Негізгі білім беру деңгейінде білім алушылардың бағдаралды даярлық
негіздері құрылып, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дүниетанымы
қалыптастырылады, білім алушылардың қоғамдық ортаға әлеуметтік-
психологиялық бейімделуі, бейінді оқу бағыттарын таңдауы бойынша тұлғалық
мүмкіндіктерін қалыптастыру жүзеге асырылады.
Негізгі білім беру деңгейінің білім беру мазмұны аяқталған және жалпы
орта білім беру деңгейінде білім алуды жалғастыру үшін базалық болып
табылады.
5.4 Жалпы орта білім беру деңгейінде білім мазмұнының кіріктірілуі мен
саралануы негізінде жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және
технологиялық бағыттар шеңберінде бағдарлы оқытуды ұйымдастару арқылы
білім алушыларға кәсіби бағдар беру қамтамасыз етіледі.
Білім алушыларға болашақ мамандықтары мен қабілеттеріне және
қызығушылығына сәйкес оқытудың әдісі мен нысанын және деңгейін, жеке
шығармашылық бағдарламаларды таңдап алу құқығы берілген.
Жалпы орта білім беру деңгейін бітіруші өзіне келесі білім беру
деңгейі үшін қажетті әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсініктерді,
сонымен қатар коммуникативтік және танымдық іс-әрекет түрлерін меңгереді.
Бейінді оқытудың таңдап алынған бағыты шеңберінде меңгерген пәндік білімі
мен құзыреттері білім алушылардың әлеуметтік және кәсіби өзіндік
анықталуына негіз болады.

6. Орта білім берудің мақсаттары
6.1 Білім беру қоғам өрлеуінің жетекші факторы және еліміздің дамуының
стратегиялық ресурсы ретінде жаңа миссияны орындауға тиісті. Өмірдің
өзгермелі жағдайында үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып
табылатын орта білімнің құндылық мәні арта түседі. Білім құндылық, жүйе,
үдеріс және нәтиже ретінде өскелең ұрпаққа жинақталған әлеуметтік
тәжірибені беріп қана қоймай, сонымен қатар жасампаздық пен адами әлеуеттің
дамуына мүмкіндік береді.
6.2 Білім берудің, соның ішінде орта білімнің құндылық мәні білім
алушылардың қоғамдағы өз орнын табуға, өзін әлемнің бір бөлігі ретінде
сезінуге жағдай жасайтын базалық құзыреттер түрінде берілген ұлттық
деңгейдегі мақсаттармен нақтыланады. Олар бағдар ретінде әр адамның өз
өмірін қалауға, қоғамдағы тіршілікке өзек болады, сондай-ақ орта білімнің
жасампаздық рөлін күшейтуге негіз болады.
6.3 Базалық құзыреттер тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы білім
берудің мәні мен орнын анықтайды және ұлттық деңгейдегі білім берудің жалпы
мақсаттарының негізгі құраушысы болады. Базалық құзыреттер орта білім
берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтауға бағдар береді және ұзақ
мерзімді сипаттағы күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылады.
6.4 Білім берудің жалпы мақсаты:
– мейірімді адам;
– бауырмал отбасы мүшесі;
– шығармашыл дара тұлға;
– жауапкершілікті азамат;
– салауатты және кемелденуші тұлға рөлдерін қамтитын базалық
құзыреттілікті мақсатты түрде дамыту арқылы білім алушылардың үйлесімді
қалыптасып дамуына саналы түрде өз өмірін ізгілендіруге ықпал ету.
6.5 Жалпы мақсат орта білім берудің мақсаты арқылы нақтыланады. Орта
білім берудің мақсаты пәндік және түйінді құзіреттердің дамуы арқылы білім
алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген оқу
және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту
мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету.
6.6 Түйінді құзірет білім алушылардың адамгершілік және этикалық
нормаларға қарсы келмейтін жетістікті шешім қабылдау үшін танымдық және
практикалық біліктері мен дағдыларын кіріктіруге дайындығын байқататын
білім салалары аралығындағы қабілеттер болып табылады. Түйінді құзыреттер
адамның адамгершілік құндылықтары мен ынталарын қалыптастыруға, сондай-ақ
әлеуметтік және мінез-құлықтық әрекеттерінің дамуына, алғы шарт болады;
әрбір білім салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға қызмет етеді.
6.7 Түйінді құзыреттерге:
– ақпараттық құзырет;
– коммуникативтік құзырет;
– проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады.
6.7.1 Ақпараттық құзырет барлық білім беру салаларының күтілетін
нәтижелерінде көрініс табады. Ақпараттық құзырет келесі компоненттерді
қамтиды:
- оқу іс- әрекетін іске асыру үшін ақпараттарды іздеу, талдау және
таңдап алу;
- оқу әрекетінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес таңдап алынған
оқу материалдарын жіктеу;
- оқу іс-әрекетінде пайдалану үшін алынған ақпараттарды өңдеу және
өзгерту;
- өңделген ақпараттарды оқу іс-әрекеті үдерісінде қолдану.
6.7.2 Коммуникативтік құзырет барлық білім беру салаларының күтілетін
нәтижелерінде көрініс табады. Коммуникативтік құзырет келесі компоненттерді
қамтиды:
- оқу және өмірлік міндеттерді шешу үшін ауызша және жазбаша қарым-
қатынас жасаудың әртүрлі тілдік құралдарын пайдалану;
- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен
жанрларды таңдау;
- оқу және әлеуметтік-мәдени жағдаяттарда өнімді қарым-қатынастар
жасауды іске асыру;
- коммуникативтік іс-әрекетке қатысына өзіндік баға беру және соның
негізінде түзетулер енгізу.
6.7.3 Проблемалардың шешімін табу құзыреті барлық білім беру
салаларының күтілетін нәтижелерінде көрініс табады. Проблемалардың шешімін
табу құзыреті келесі компоненттерді қамтиды:
- проблемаларды айқындау және іс-әрекет мақсаттарын белгілеу,
қабылданған шешімді жүзеге асыруға қажетті жағдайларды анықтау;
- оқу әрекетін және мәдени мінез-құлық нормаларын ескере отырып
жоспарлау;
- қойылған мақсат пен міндетке сәйкес технологияларды таңдау
негізінде іс-әрекетті ұйымдастыру;
- ұйымдастырылған әрекет пен оның нәтижелерін рефлексиялау және
бағалауды іске асыру.
6.8 Пәндік құзыреттер білім беру салаларының мәні мен орнын анықтайтын
мақсат болып табылады және күтілетін нәтижелерді анықтауда бағдар береді.
Пәндік құзыреттер білім алушылардың кең ауқымды әрекеттерін қамти
келе, олардың келесідей қабілеттерін сипаттайды:
- қоғам қажеттілігіне сай ана тілінде және басқа тілдерде қарым-
қатыныс жасауға ынталы болуы;
- кең ауқымды мағынада математикалық сауаттылыққа ие болу сонымен
қатар жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана білуі;
- адамның табиғаттағы ролі мен орны тұрғысынан әлемнің ғылыми сипатын
түсінуі;
- өз халқының өткен тарихын білу, отбасында, қоғамдастықта және
басқа адамдармен қарым-қатынаста жалпыадамзаттық және әлеуметтік мәдени
құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;
- қазақ халқының мәдениетін, Қазақстан халықтарының және әлемнің
мәдени көптүрлілігін түсіну және бағалауы;
- өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге
және кәсіби өсуге ынталы болуы;
- өзінің дене күш қуатын, ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік
әрекетін жоғары деңгейде ұстап тұру үшін салауатты өмір салтын сақтауы
жатады.

7. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша күтілетін
нәтижелер
7.1 Білім берудің күтілетін нәтижелері – бұл біріншіден, оқыту циклдары
бойынша тағайындалған қысқа мерзімді мақсаттар жүйесі, екіншіден, оқытудң
нақты кезеңдеріндегі жоспарланған соңғы өнім болып табылады.
7.2 Әрқайсысының ұзақтығы 2 жылды қамтитын 6 оқыту циклы белгіленген.
Әрбір циклдың соңында білім алушыларды мақсатқа жетелейтін күтілетін
нәтижелер ұсынылған.
7.3 Күтілетін нәтижелер түйінді және пәндік құзыреттердің бірігіп,
бірін-бірі толықтырып біртұтас болуын көрсетеді. Олар білім алушылардың
әрбір түйінді құзыреттер аясында пәндік білім, білік, дағдыларын және
өмірлік тәжірибелерін кіріктіруге дайындығын сипаттайды.
7.4 Күтілетін нәтижелер білім алушылардың оқу жетістіктерінің
критерийлері болып табылады және өлшеуіштерді құруға негіз болады. Сонымен
қатар олар білім берудің базалық мазмұнын анықтау үшін, білім алушылардың
әртүрлі деңгейдегі сұраныстарына сәйкес, оның ішінде арнайы білім беруді
қажет ететін балаларға арналған оқу бағдарламаларының нұсқаларын құруға
негіз болады.
7.5 Оқыту циклдары жинақтала келе, білім алушылардың жеке даму
траекториясын құруға және олардың жетістікке жетелеудің әртүрлі тәсілдері
мен жолдарын айқындауға мүмкіндік жасайтын көпдеңгейлі күтілетін нәтижелер
жүйесін құрайды.
7.6 Күтілетін нәтижелердің көпдеңгейлі жүйесінің әрбір циклы білім
алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі ретінде белгіленгін. Бұл жүйе
білім алушылардың оқу жетістіктерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастапқы әскери даярлық
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
Мектепке дейінгі білім
Үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы
Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Стандарт талаптары
Өркениетті дамыған елдердің білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Пәндер