1-сыныпта «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін байланыстырып оқыту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4-6
І тарау. Бастауыш сыныпта пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
1. 1 Пәнаралық байланыс туралы ұғым, оның мәні және білім мазмұны . . . 7-17
1. 2 Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын пәнаралық тұрғыдан ұйымдастырудың педагогикалық- психологиялық мәселелері . . . 17-25
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта пәнаралық байланыстың әдістемесі
2. 1 Бастауыш сыныпта пәнаралық байланысты қалыптастыру жолдары . . . 26-41
2. 2 1-сыныпта «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін байланыстыра оқытуда жаңа технология элементтерін пайдалану . . . 42-52
2. 3 Пәнаралық байланыстың білімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу . . .
. . . 53- 62
Қорытынды . . . 63-64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65-66
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
«Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел! Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» - деп мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті [1] .
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасаланып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.
Пәнаралық байланыстырып оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз беріліп отыр. Бұл мәселені көптеген ғалымдар: М. А. Данилов, В. В. Давыдов, И. Д. Зверев, Р. Г. Лемберг, В. Н. Максимова, В. Н. Малахов, С. А. Рубинштейн, В. Н. Федерова, Н. Ф. Талызина, Д. Б. Эльконин және тағы басқалар шұғылданып келеді. Олар пәнаралық байланыстың философиялық, психологиялық, педагогикалық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қарастырған.
Қазақстандық педагогикада оқу- тәрбие үдерісіндегі пәнара лық байланыс проблемасын А. Бейсенбаева, Р. К. Аббасова, А. Р. Бектеньярова, Ы. Оразахынова, С. Мажиденова, А. Қазмағанбетов Г. Шолпанқұлова, А. А. Әбдиева және т. б. қарастырған. Олардың ғылыми еңбектерінің аса құнды екендігі мәлім [2] .
Қазіргі таңда еліміздің егемендік алып, еңсе көтерген кезінде ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болғаны, оның қолданылуы аясының кеңеюі, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің халықтық педагогикаға қарай бағытталуы, ұлттық салт-саналарымыздың қайта түлеуі, окушылардың ата-бабалар қалдырған бай мәдени мұраларына деген биік құрмет сезімін жандандыруы секілді маңызды мәселелердің барлығы да ана тілін оқыту ісін жетілдіруге келіп саяды.
Бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту, оны жаңа деңгейге көтеру мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі бұл кезде оқушылар мұғалімнің көмегімен сөйлеу, жазу, ойлау дағдыларын игере бастайды.
Оқушыға тереңде тиянақты білім, жан-жақты тәрбие беруде «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерінің алатын орны ерекше.
Еліміз егемендікке ие болған бүгінгі күні рухани жұтандығымыздың бір себебі осы тілдің өз деңгейінде қызмет ете алмай отырғанына барып тіреледі. Сондықтан елдің болашақ иелерін тәрбиелейтін білім ошағы жалпы білім беретін мектептерден бастау алмаса, тілдің де келешегі көмескі. Себебі, тілдің қаруы - баспа мен мектеп. Баспа мен мектепте қолданылған тіл елге ақырында сіңбей қоймайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді. "Мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол сорлы ел, бұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды", - деп Халел Досмұхамедұлы мектептің тілі бола алмаған тілдің ешқашанда сол мемлкеттің де тілі бола алмайтындығын ашық көрсеткен-ді [3] .
Бұл ана тілін оқытудың ең негізгі тұжырымдық бағыты болуы тиіс. Баланың пәнге дұрыс, оң қатынасын қалыптастыратын бір жүйе - оқушыға «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін тек қолданушы деңгейінде қалмай, оның болашағы үшін жауапты ұрпақ екенін сезіндіру. Олай болса, кез келген пәннің міндетін анықтайтын факторлардың бірі ретінде қоғамдық-әлеуметтік сұраным үлкен рөл атқаратындықтан, оқушыға ана тілі мен қазақ тілінің бүгінгі жайы туралы мәлімет беріп отырудың тағылымдық әрі білімдік мәні айтпаса да түсінікті.
Сондықтан, бұл диплом жұмысының тақырыбы: 1-сыныпта «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін байланыстырып оқыту әдістемесі (1-сыныпта) .
Зерттеудің мақсаты:
1-сыныпта «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін байланыстырып оқыту.
Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін байланыстыра оқушының танымдық қызығушылығын арттыру, білімін тереңдетіп, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
Зерттеу объектісі:
Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудегі «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерінің орны.
Зерттеу пәні:
1-сыныптағы оқушылардың білім, білік дағдыларын пәнаралық байланыс арқылы үрдістеу.
Зерттеудің міндеттері:
1 . Пәнаралық байланыстың теориялық негіздерін зерттеу.
2. «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыруда бала дамуының маңызын зерделеу.
3. Іс-тәжірибеде пәнаралық байланыс негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі:
Жеке тұлғаның философиялық-педагогикалық теориясы, ғылыми қағидалары, қоғамдағы құбылыстар мен үдерістердің дамуы және олардың өзара тығыз байланысты, бірлікте ауқымды түрде қарастырады, танымның жалпы әдісі ретінде диалектика болып табылады. Жеке тұлғаның педагогикалық мұраларын зерттеу ғылыми-тарихнамалық ұстанымға, құбылыстардың дамуын зерделеуге, жүйелі және кешенді тұрғыдан келуге білім беру теориясы мен практикасын бірлігі мен тұтастығы тұжырымына, білім беру саласындағы әлеуметтік және қоғамдық саяси үдерістің орын алуы мен рөліне сүйенеді.
Зерттеудің ғылыми-педагогикалық әдістері:
Зерттеу проблемасына байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге және мерзімді басылымдарда дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты жарық көрген материалдарға, ғылыми еңбектерге шолу жасау мен талдау, оларды педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау, әр түрлі ғылыми дерек көздерін салыстыру, талдау, жинақтау, қорыту, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Бастауыш сыныпта пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері
1. 1 Пәнаралық байланыс туралы ұғым, оның мәні және білім
мазмұны
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында көрнекті философ, психолог, педагогтардың бірі - В. М. Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әр түрлі пәндердің өзара әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған. В. М. Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді [4] .
Пәнаралық байланыс проблемасы бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәжірибеде қолданып келгенін көрсетіп, ал қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді. Сонымен, ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек "өзіне" тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалған.
Пәнаралық байланыс негізінде білім-тәрбие беру проблемасын зерттегенде осы тірек бола алатын жаңа әдіснамалықты басшылыққа алған.
Пәнаралық байланыстың педагогикалық тағы бір аса маңызды міндеті ғылымдардың бір-бірінен бөлектенбей ғылыми білімнің бір жүйеге топтасуын, басқаша айтқанда интеграциялану дәрежесін жоғары дәрежеге көтеру.
Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің, адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп түсінуіміз керек. Пәнаралық байланыс ұғымы "табиғат - қоғам - адам ойы" жүйесінде білім негізін, пәнішілік қатынастарды және ғылымдардың интеграциялануын реттеуші қызметін жүзеге асырады.
Пәнаралық байланыс білім және тәрбие міндеттерін шешуде ерекше рөл атқарады. Мектептегі білімдер жүйесі өздерінің мазмұны жағынан комплексті. Олардың мәні және меңгерілуі пәнаралық деңгейде жүзеге асуы тиіс. Мәселеге тек осылай келгенде ғана шәкірттерде ақиқат дүние біртұтас жүйе екен деген түсінік қалыптасады. Бұл жүйеде барлық элементтері біріне-бірі ықпал жасайтындығын, үдерістер өздерінен-өздері туындап жататындығын мұғалім білуі керек.
Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие үдерісінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді; қазіргі кезде оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге жағдай жасайды.
Көптеген педагогтар мен психологтар пікірлеріне қарағанда, оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауы олардың білімдерін жүйеге түсіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.
Белгілі психолог Ю. А. Самарин өзінің "Ақыл-ой психологиясының очерктері" деген еңбегінде былай деп жазады: - Диалектикалық тұрғыдан ойлай білу дегеніміз - әр құбылыс басқалармен байланысы көп, түрлі фактілердің өзара ықпалы, қайшылықтары мен дамуы барынша күрделі екендігін көре білу деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс - адам баласы ақыл-ойының жоғары деңгейі [5] .
Ол бұған қоса, диалектикалық тұрғыдан ойлау, құбылысты оның барлық байланыстары мен жанама түрлерін көре білу бірден күтпеген жерде пайда болмайды. Ол қасиет бірте-бірте барған сайын күрделене беретін білімдер жиынтығын меңгеру барысында қалыптасады деп дәлелдейді.
Ю. А. Самариннің позициясы бойынша пәнаралық байланысқа диалектикалық заңдылық деп қарау керек. Пәнаралық байланыс әр шәкірттің санасын өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ойлайтын адам табиғаттағы жеке құбылыстардың өзара байланысын түсінетіндей бейімділік дарытумен қатар олардың неғұрлым кең жүйедегі басқа құбылыстармен өзара байланысын байқауы керек.
Кейбір ғалым-зерттеушілер пәнаралық байланысты дидактикалық шарттар, оқыту мазмұнының арнайы құрылымы десе, келесі бір ғалымдар оны дидактикалық қағидалар деп есептейді. Біздер бұл анықтамалардың қай-қайсысы болса да, толық әрі дәл емес деген көзқарастамыз.
Пәнаралық байланыс - ол білімнің мазмұнына ғана қатысты емес, оның ықпалы оқыту үдерісінің барлық құрамды бөліктерімен байланысты.
Пәнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ, себебі оның педагогикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан туындайды, ол білімнің тұтастай жүйесінің оның негізгі бөліктерінің, атап айтқанда табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы айқын түсініктердің өзара байланысын білдіреді.
Дегенмен, түрлі зерттеушілердің И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Г. И. Беленьский, П. Г. Кулагин, Н. Ф. Лашкарева т. б. пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары бірдей емес. Мәселен, Г. И. Беленьский пәнаралық байланыс жалпы пәндердің мазмұнын құрылымдық бөліктерінің мақсат бірлігін көрсетеді десе, Н. А. Сорокин пәнаралық байланыстар идеясын дидактикалық қағидаларды жүзеге асырудың қажетті шарты деп есептейді.
В. Н. Максимова ұсынған классификация бойынша мынадай топтар бар екендігін көрсетеміз: мазмұн-хабарлық, операциялық-қажеттік, ұйымдық-әдістемелік. Бірінші топтық байланыстар ағарту жұмысы міндеттерін тәуірірек шешуге, екіншісіндегілері оқушылардың практикалық жұмысын ұйымдастыруға, үшінші топтағылары ұйымдастыру жағынан айқындықты, тиімділікті қамтамасыз етуге бағыт-бағдар ұстауға көмектеседі [6] .
П. Г. Кулагин пәнаралық байланысқа мұғалім мен оқушылар жасайтын жүйесі деген анықтама береді де бағдарламалардың материалдарын неғұрлым тиянақты меңгеріп алу мақсатында, білімдерді игеру үдерісінде ұқсас пәндердің мазмұны пайдаланады да қамтылады дейді [7] .
Г. Ф. Федорецтің зерттеу еңбектерінде пәнаралық байланысқа мынадай түсінік береді:
• пәнаралық байланыс дегеніміз шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және үдерістері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін педагогикалық категория. Ал олар оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын, формалары мен тәсілдерінен көрінеді және тәрбиелеу қызметін атқарады [8] .
Н. А. Лошкарева "Пәнаралық байланыс" деп аталатын ұғымға берілетін мәні жағынан түрлі-түрлі анықтамалар негізгі екі нәрсеге саюға болады:
• пәнаралық байланыс дегеніміз оқу-тәрбие үдерісінде объективті шындық өмірді баяндаудың диалектикалық формасы мен педагогикалық талап принципі [9] .
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдардың бірі - пәнаралық байланыстар. Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. Зерттеулердің нәтижесіне сәйкес пәнаралық байланыстар оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті элемент ретінде де айқындалады (В. Краевский, И. Лернер, А. Бейсенбаева,
И. Зверев, В. Максимова және т. б. ) . И. Зверев пәнаралық байланыстарды толықтыру көлемде жүзеге асыру тәсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту және тірбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы білім беретін функциялары оқушыларда материя қозғалысының әр түрлі формаларының өзара байланысын көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық-материалистік дүниетанымды, өнегелік-эстетикалық идеяларды, жеке тұлғаның эмоционалдық-еріктік қасиеттерін қалыптастыруды көрсетеді. Пәнаралық байланыстардың дамытушылық функциясы салалас пәндерді зерделеу кезінде жалпы жаратылыстану-ғылыми және политехникалық ұғымдарды дамытуда, талдап қорытындыланған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады. Сондай-ақ пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен ғылыми негіздерінің пәнаралық байланысты мектеп оқушысының белсенді өмірлік көзқарас ұстанымында, объективтік ақиқат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық әрекетінің жүзеге асуына мүмкіндік береді. Технология пәні мен ғылым негіздері пәндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. Бұл функция еңбек үдерістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру - экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі.
В. Скакун өз жұмысында пәнаралық байланыстарды: зерделейтін оқу материалдары мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастыратын жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен құралдары бойынша, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша деп ажыратады. Пәнаралық байланыстардың оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі әлеуметтік-педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.
В. Скакуннің пәнаралық байланыстарының түрі бойынша мұғалім мен оқушы тарапынан орындалатын іс-әрекеттер сипаты төменде беріліп отыр:
• зерделенетін оқу материалдары мазмұны бойынша пәнаралық байланыстар. Бұл байланыс түрінде оқу материалдарын іріктеуден бастап пәнаралық байланыстарды белгілеу, басқа пәндерді зерделеу барысында өндірістік және өмірлік тәжірибеде алған білімдерді оқушылардың берілген пәнді зерделуі үшін пайдалану, барлық пәндерде кездесетін терминді бірыңғай ғылыми көзқарас тұрғысынан пайдалану, әр түрлі пәндерді зерделеу барысында оқушылардың алған білім мен іскерліктерді кешенді пайдалану жүзеге асырылуы тиіс;
• оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыру кезіндегі пәнаралық байланыстар. Бұл байланыс түрінің сипатына оқушылардың кітаппен жұмыс жасау іскерліктері, оқушыларда жоспарлау іскерліктерін қалыптастыру, пәнаралық сипаттағы интелектуалдық іскерлікті қалыптастыру, тәжірибелік және ұйымдастырушылық (жұмыстағы тәртіптілік, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, өзіндік бақылау, еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау) іскерліктерді қалыптастыру тән;
• оқыту әдістері мен құралдары бойынша пәнаралық байланыстар. Мұнда әр түрлі оқу материалдарын пайдаланып үй тапсырмасын орындау, пәнаралық сипаттағы білімдерді дамытуға әңгімелер өткізу, басқа пәндер бойынша деректі фильмдерді, үзінділерді, көрнекі құралдарды қолдану, сандық және танымдық тапсырмаларды, пәнаралық музыкадағы кроссвордтарды шешу, т. б. іс-әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс;
• оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша пәнаралық байланыстар. Бұл байланыста әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын ашу, қоғамдық құрылыстың өмірмен байланысы, еңбекке шығармашылық қатынасты, оқушылардың танымдық белсенділігін және өз бетінше жұмыс жасай алатынын дамыту, барлық педагогтар тарапынан оқушыларға қойылатын бірыңғай педагогикалық талап, оқушылардың ұжымшылдығын, өзара комектесулерін дамыту, педагогтің өзінің жеке үлгісін өнеге ретінде жүзеге асырылуы қажет [10] .
Зерттеушілердің пәнаралық байланыс жөніндегі көзқарастары жоғарыда баяндалған пікірлермен бітпейді. Педагогикалық әдебиеттерде пәнаралық байланыс жөнінде оның жаңа қызметінің қырларын көрсететін анықтамаларға басқа тұрғыдан келушілер байқалады. Мысалы, В. И. Янцен пәнаралық байланысты білім берудің құрамды бір бөлігі деп қарайды да, бұл бөлік оқу қызметінде түрліше көрінеді дейді. И. Ф. Борисенко пәнаралық, ғылымаралық ұғымдардың дидактикалық баламасы деп түсіндіреді.
Бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан үдерісі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысымен интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр.
Осыған орай пәнаралық байланыстың философиялық, психологилық, жалпы ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.
Объективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны танып білуде де ғылымдар арасындағы байланыстар қажет.
Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен толар бір-бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға негіз болатын өткен жылдардағы мектептегі қоғамтану пәні еді. Онда оқушылар табиғаттың, қоғамның, адам ойының даму заңдылығын диалектикалық және тарихи материализм негізінде қабылдап теориялық танымдық біліммен қаруланатын еді.
Соңғы жылдардағы блоктық жүйемен алынған курстар оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеп отыр. Бұл бағыт жеке тұлғаның интелектуалдық потенциалын дамытады және дүниетанымын қалыптастыруды жүзеге асыруға көмектеседі. Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты етіп бірінші орынға диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыруды қою керек. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілуі мүмкін емес.
Сондықтан, әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. Ол материалдың өзара байланысын бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ негізгі тенденцияларын, әлеуметтік-экономикалық, рухани ортақ белгілерін, топтастыру, бір-бірімен сабақтастыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz