Қазақстың тұңғыш ғарышкері


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тоқтар Әубәкіров

Тоқтар Оңғарбайүлы Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 Май ауылында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері. Техника ғылымының докторы, профессор. Қазақтан шыққан тұңғыш сынақшы-ұшқыш. Жай ғана сынақшы емес, еңбегі сіңген сынақшы атағы бар. Авиация генерал-майоры. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы. Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері.

1962-1965 жылдары еңбек жолын Теміртау құйма-механика зауытында токарь болып бастаған. 1964 жылы есімі облыстый, Құрмет кітабына алтын әріппен жазылған. 1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірген. 1969-1975 жылдар аралығында Кеңес Одағы Әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1976 жылы Мәскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін, 1979 жылы Мәскеу авиация институтын бітірген.

Мәскеудегі А. И. Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы ретінде бүкіл кеңестік өскери ұшқыштардың ішіндегі ең таңдаулы бесеудің бірі болып, іс жүзінде мүмкін емес делінген әрекетке барып, тоғыз балдық мұхит толқынындағы кемеге ұшақ қондырған. Кеңес Одағында түңғыш рет әуеде жоғары шапшаңдықпен ұшып бара жатый, бірнеше рет май құю арқылы солтүстік полюске үшу сапарын ерлікпен орындаған. Ол реактивті ұшақтың 50-ден аса ең соңғы техникамен жарақталған түрін сынақтан өткізді. Аса қымбат алып ұшақтарды игеріп, көкке көтерілу үшін батырлықпен бірге зор білім керек. Оны елдің ең таңдаулыларының қатарына қомсындырмай қосқаны - оның батырлығы мен білімінің бір жерде ұштасқанынан.

80-ші жылдардың ішінде Америка Құрама Штаттарында жарық көретін "Авиация әлемі" беделді журналы әлемнің ең үздік деген он сынақшы-ұшқышының тізімін жариялаған. Ең үздік он қыранның ішінде Кеңес Одағынан Тоқтар Әубәкіровтың аты-жөні, бүкіл өмірбаяны, қызмет жолы, сынақтар саны - бәрі-бәрі тайға таңба басқандай анық жазылған. Таңқаларлық құбылыс, сынақшы-ұшқыштардың өздеріне ғана мәлім жайт өлем жұртшылығына осылайша мәлім болған.

Тоқтар Әубәкіров Гагарин атындағы ғарышкерлер отрядының бір жарым жылдық бағдарламасын бір жылға жетпей үздік орындап, Отан алдындағы ғарышкерлік үлкен мақсатына абыройлы жетіп, оған бүкіл әлем куә болды. Бұл оның балаң шақтан дұрыс армандай білгенін, мамандығын құлай сүйетінін танытады.

1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынып, 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында үшу дайындығына кірісті. 1991 жыл. 2 қазан. Алматы уақыты 11 сағат 59 минутты көрсеткенде, қазақ жігіті Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Халықаралық экипаждың құрамында "Союз ТМ-13" кемесімен сегіз тәулік ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі түзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зияңды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды. Осылайша күллі бір халықтың ғасырлар бойы аңсаған азаттығының көзайымындай болып, ғарышқа барып қайтты. Сонысымен де туған халқының мәртебесін сан ғасыр алға оздырып тастады. Халықтың маңдайына жүз жылда бір бітетін Ұлы тұлға - Ғасыр адамы атанды.

Т. Әубәкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсеңе араласты. Ол 1992-93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993-94 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1994-95 жж. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты - Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

2004 жылы Қызылорда облысынан Парламент Мәжілісіне депутат болып сайланды. Қазақтың ардақты азаматы жайында белгілі журналист Талғат Сүйінбайдың"Түңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров" атты ғұмырнамалық әссе кітабы жарық көргеннен кейін, оның өмір тынысынан бейхабар оқырман қауым, батырдың таңдай қақтырар қаһармандыққа толы өмір жолы, адамгершілік

асыл қасиеттері және аса күрделі мінез құлқы жайынде хабардар болды.

Талғат Сүйінбай Тоқтар Әубәкіровтың жан сезімін жақыннан білу үшін, мінез-құлқы мен болмысын тереңнен тану үшін онымен он жылдан аса сөйлесіп, пікірлесіп, "ғарыш", "сынақшы-ұшқыш" деген түсініктің қыры мен сырын білуге ұмтылған екен. Осы жылдар ішінде оның іс-әрекетін зерделеп-зерттеп жүргендегі тапқаны - бұған дейін көзбен көрмеген жөне бетпе-бет кездеспеген мінезін былайша суреттейді: "Оны елден ерек дараландырып тұрғаны, адам баласының екеуінің бірінің қолы жетпес биіктерге көтерген де сол ақиық мінез екен ғой. Соған қарамастан кейде, тіпті, оның аяқ астынан аңқылдаған ақүрпек балапан мінезге айналатынын қайтерсің. Ал енді, жауар бұлттай түнеріп, кеңістікте найзағай ойнатқан қаһарлы-қатқыл мінезіне дөп келмей-аққойыңыз. . түсінбей қалуыңыз мүмкін! Бірақ, бірақ, . . . қашан да болсын оның көңіл толқындарының адалдық пен азаматтық деген өлшемдердің шектеулі арнасынан асып түскенін байқамаппын, байқай алмайтын шығармын. Өйткені менің ұққаным, оның болмысы мен табиғатында ондай қасиеттер алабөтен, мүлдем жат, еш үйлеспейді, еш сөйкес келмейді! . . . ".

КСРО ғарышкерлерінің отыз жылдық тарихында тұңғыш рет, яғни, қазақ ғарышкері Тоқтар Әубөкіровке Кеңес Одағының Батыры атағы берілмеді. Шовинистік көзкарастың орын алуы - оның ерлігіне қарай Кеңес Одағының Батыры атануының жолын кескен.

Сол кездегі мемлекет басшылығындағы Компартияның Саяси бюросының жабық мәжілісінде авиакрейсерге ұшақ қондырушы қазақ жігіті екенін білген Бас хатшы М. Горбачев: " . . . Осынау жауапты міндетті орындайтын қалайша ғана орыс фамилия табылмады" деп бас конструкторды бас салады. Ол ол ма тіпті, әйгілі "МиГ" фирмасы Тоқтар Әубәкіровті екі жылдың ішінде он рет "Кеңес Одағының Батыры" атағына ұсынған. М. Горбачев тоғыз рет Тоқтардың есімі жазылған құжатты кері қайтарған.

Тіпті, бірде ол: "Менің алдыма мынадай . . . қазақтардың аты-жөні жазылған құжатты бұдан былай алып келмеңіз деген жоқпын ба?" деп құжаттарды босағаға лақтырып та жіберген. Бірақ, Кеңес Одағында ғана емес, күллі әлемнің алдында беделді "МиГ" фирмасы түбі дегеніне жетеді. Фирма М. Горбачевті, осылайша, оныншы рет дегенде қазақ жігітінің шынайы ғана ерлігін мойындатуға мәжбүрлеген.

Кейін ғарышқа барып қайтқан Тоқтар Кремльдің салтанатты сарайында ғарышкерлерді қабылдау барысында марапаттаушылардың атынан сөз сөйлеп, Горбачевтің кемшілігін айтып, саяси "соқырлығын" бетіне басып, өзінің жолбарыс жүректілігін тағы да кѳрсетеді.

Тәуелсіздігіміздің Туы желбірегенде Елбасы Нұрсүлтан Назарбаев Тоқтар Оңғарбайүлына "Халық қаһарманы" атағын берді. Батырдың мәртебесін халқы осылайша аспандатып көтерді!

Талғат Мұсабаев

1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы селосында дүниеге келген Талғат 1968 жылы Алматыдағы № 58 мектепті бітіргеннен кейін Ригадағы Азаматтық авиация инженерлері институтына оқуға түседі. 1974 жылы оны тәмамдаған соң Боралдайдағы азаматтық авиация жасағы бірлестігіне радио саласының инженері болып жұмысқа орналасады. 1975 жылы осы бірлестіктің комсомол комитетінің хатшысы болып сайланады. Бұл жылдан кейін Қазақстанның азаматтық авиация басқармасының саяси-тәрбие бөліміне нұсқаушы болып тағайындалады. Партиялық қызметтің жоғары баспалдақтарына жол ашылды деген осы. Бірақ Талғаттың қыран көңілі қашанда көк аспанның тұңғиығына шарлап жүретінін басқалар қайдан білсін.

Бос уақытында ол Алматыдағы ДОСААФ мекемесіне келіп, ұшақ спортымен айналысатын. Сөйтіп жүріп, ол Мәскеуге хат жазып, өзін ЮА. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын орталыққа қабылдауын өтінеді. Ондағылар мұны өскери ұшқыш емессің деп бетін қайтарып тастайды. Соған қарамастан ол ұшақ спорты бойынша "КСРО спорт шебері" атағын алады. 1984 жылы КСРО чемпионы атанады. Қазақстаннан бұрын соңды мұндай спортшы шықпағанын ескерсек, бұл үлкен жетістік, әрине.

1986 жылы Талғаттың денсаулығын арнайы тексеру үшін Мәскеудегілер айналыса бастайды. Бұл аралықта ол қарап жүрмей Азаматтық авиацияның оқу-жаттығу жасағында оқып, азаматтық авиацияның ұшқышы деген куәлік алып үлгереді. Сөйтіп, "АН-2", "Ту-134" ұшақтарымен ұшып, оларды басқарып, тәжірибе жинақтай береді.

1990 жылдың 11 мамырында Талғатты Бас медициналық комиссия тағы тексеруден өткізеді. Бұдан кейін Азаматтық авиация министрлігі оны Ғарышкерлер дайындайтын орталыққа ұсынады. Сол жылдың қазан айында армандаған оқуына қабылданады. Келесі жылы ғарышкер-зерттеуші деген құжатқа ие болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқтар Әубәкіров туралы
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың ғұмырнамасы
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров
Ғарышкер және Қазақстан
Ғарышты игеру. Байқоңыр
Әлемдік ғарыш туризмінің жағдайы
Т. Әубакиров
Байқоңыр космодромы
Тоқтар Әубәкіров
Ғарышты игеру туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz