Даму заңдылықтары



1 Қоғамдық прогресс
2 Регресс
3 Пәнаралық байланыс
4 Әлеуметтік революция
Жалпы прогресс ұғымы (лат. progressus — алға жылжу) қоғамның бірқалыпты жоғары қарқынмен дамуын, экономиканың өрлеуін, саяси орнықтылығын, рухани өмірдің жаңаруын, адамдардың тұрмысының жақсаруын білдіреді. Жаңару және сабақтастық — тарихи дамудың қажетті нышандары. Қоғамдық прогресс деп адамзат қоғамының толассыз дамуын, төменгі, жетілмеген формадан жетілген формаға, дамудың салыстырмалы жоғары сатысына өтуін, жоғары қарай өрлей қозғалуын айтамыз.
Қоғамдық прогрестің деңгейін сипаттау үшін адамның табиғатпен аралық әрекетінің деңгейін, оның өндіріске қатысуын және қоғамдағы нақты орнын ажыратып алу керек. Қоғам өмірі бірқалыпты тұра бермейді, үнемі өзгерісте болады. Ол өзгерістердің қарқыны мен ауқымы әртүрлі. Кейде жүздеген жылдар бойы өмірдің калыптасқан тәртіптері бір деңгейде тұра береді, енді бірде өзгеру қарқыны күшейіп кетуі мүмкін.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Қоғамдық прогресс, прогресс өлшемі. Регресс. Эволюция. Революция және
реформалар.
Қоғамдық прогресс. Жалпы прогресс ұғымы (лат. progressus — алға
жылжу) қоғамның бірқалыпты жоғары қарқынмен дамуын, экономиканың өрлеуін,
саяси орнықтылығын, рухани өмірдің жаңаруын, адамдардың тұрмысының
жақсаруын білдіреді. Жаңару және сабақтастық — тарихи дамудың қажетті
нышандары. Қоғамдық прогресс деп адамзат қоғамының толассыз дамуын,
төменгі, жетілмеген формадан жетілген формаға, дамудың салыстырмалы жоғары
сатысына өтуін, жоғары қарай өрлей қозғалуын айтамыз.
Қоғамдық прогрестің деңгейін сипаттау үшін адамның табиғатпен аралық
әрекетінің деңгейін, оның өндіріске қатысуын және қоғамдағы нақты орнын
ажыратып алу керек. Қоғам өмірі бірқалыпты тұра бермейді, үнемі өзгерісте
болады. Ол өзгерістердің қарқыны мен ауқымы әртүрлі. Кейде жүздеген жылдар
бойы өмірдің калыптасқан тәртіптері бір деңгейде тұра береді, енді бірде
өзгеру қарқыны күшейіп кетуі мүмкін. Бұл өзгерістердің хаос сипатыңда
болмайтыны кейіннен белгілі болды. Қоғам өмірінің дамуында болатын
өзгерістерді зерттеудің нәтижелері қоғамдық прогресс құбылысының табиғатын
айқындауға алып келді.
Қоғамдық прогресс өлшемі. Қоғамдық прогрес өлшемдері ішіндегі көпшілік
қабылдағандары мен салыстырмалы тәуір негізделгендері мыналар:
Прогресс өлшемі — зерденің дамуы деңгейі. Адамның басынан кешіп отырған
қиындықгарының басты себебі — пасықтық пен қарақшылықта. Зерделілік
біртіндеп өскен сайын білім көбейеді. Білім адамды жарамды, дұрыс шешім
қабылдауға қабілеттірек етеді, қоғам өмірін жақсартады, әлеуметтік
қатынастарды жетілдіреді.
Прогресс өлшемі — адамгершілік. Тек моральдық нормалардың жетілуі,
қоғамдық адамгершіліктің дамуы, ізгілік пен әділдіктің орнығуы қоғам
өмірінің барлық жақтарының жетілуінің негізі.
Прогресс өлшемі — өндіргіш күштердің, соның ішінде өндіріс құралдарының
(еңбек кұралдары, еңбек заты), сонымен қоса, материалдық игілік өндіруші
ретіндегі адамның өзінің дамуы. Еңбек кұралдарының жетілу үдерісі қарабайыр
тескіштен қазіргі замандық компьютерлік техникаға дейін қадам аттаған сайын
жылдамырақ жүрді. Адамдардың еңбек машығы да жетіле берді. Оның нәтижесі
қоғам өмірінің барлық жақтарына әсер ететін, адамның өзінің жетілуіне және
дамуына септігін тигізетін еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз етті.
Регресс (лат. regressus — қайта оралу) — прогреске қарама-қарсы
мағынадағы ұғым, коғамның ескіге, күні өткен формаларға қайта оралуын,
дағдарысқа, деградацияға ұшырауын білдіреді. Регресс жағдайында экономика
тоқырауға ұшырайды, халықгың әлеуметтік жағдайы нашарлайды, коррупция,
парақорлық өршиді, қылмыс, нашақорлық сияқты жағымсыз кұбылыстарға жол
беріледі. Қоғам мүшелері моральдық тоқырауға ұшырайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қоғамдық прогресс деп нені айтамыз? 2. Прогресті қамтамасыз ететін
факторларды атаңыздар. 3. Қоғамдық прогресс өлшемдеріне қатысты өз
тұрғыларыңызды анықтаңыздар. Оның өзге өлшемдері бар ма?
4. Дамудың бір көрсеткіші өлшем бола ала ма әлде олар кешенді көрініс
беруі керек пе?
Эволюция (лат. evalutio — даму, қарқын алу) — дамудың түрлі жақтарын
сипаттауға үшін қолданьшатын ұғым; табиғаттағы және қоғамдағы
қозғалыстардың түрлерінің бірі; кең мағынада болмыстың және сананың
мөлшерлік және сапалық жағынан жаңғыруы деп түсінуге болады. Бұл мағынада
эволюция даму ұғымына жақын.
Пәнаралық байланыс:
Жалпы биология пәнінен өтілген Ч.Дарвинның эволюциялық теориясын еске
түсіріңіз.
Эволюция көпшілік жағдайда революция ұғымымен қатар қолданылады.
Мұндайда эволюция дамудың салыстырмалы баяу, біртіндеп, сандық
өзгерістерін, ал революция секіріспен жүзеге асырылатын түбегейлі сапалық
өзгерістерді сипатгайды. Эволюция мен революцияның қатыстылығы мөлшердегі
өзгерістердің сапалық өзгерістерге ұласуын көрсетеді.
Социологияда әлеуметтік эволюция ұғымы қолданылады. Әлеуметтік эволюция
қоғамның сыртқы әсерлерден аулақ болып, өз заңдылықтарымен дамуын, демек
уақыты келгенде, қажетті жағдайлар туғанда, экономикалық-әлеуметтік
алғышарттар пісіп жетілгенде өркениет сатыларының біртіндеп ауысуын
білдіреді. Антикалық дәуірлерден бергі барлық кезеңдерге қатысты
қолданылғанмен, философиялық-тарихи ойлау тұрпаты ретінде эволюция тек
дарвинизм пайда болғаннан кейінгі кезенде, XIX ғасырдың екінші жартысында
көп пікірталас тудыратын нысанға айналды.
Тапсырма:
Биологиядағы эволюция мен әлеуметтік эволюция арасындағы ортақ
нышандарға назар аударыңыз.
Революция деп (лат. revoluio — бұрылыс, төңкеріс) табиғаттың, қоғамның
және ойлаудың диалектикалық даму заңдылықтарының аса маңызды көрінісі
ретіндегі бір сапалық күйден екінші сапалық күйге секірмелі, тез өтуін
айтамыз. Революциялар дамудың түрлі аяларында болып жатады. Мысалы, ғылымда
үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінің заңдылықтары
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Оқыту заңдылықтары мен принциптері түсініктері және оларға сипаттама
Нарықтық экономиканы дамытудың экономикалық қатынастары мен заңдылықтары
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Педагогикалық психология даму тарихы
Оқыту процестерінің заңдылықтары
Өсу даму антропометриясы жайлы
Тұтас педагогика ұғымы
Пәндер