Герман Федеративті Республикасы


Жоспар
1. Кіріспе
І тарау
1. 1 Екідүниежүзілік соғыс аралығындағы Германия
1. 2 Германиядағы фашистік қозғалыс.
1. 3 Адольф Гитлер
ІІ тарау
2. 1 Екі дүниежүзілік соғыстың басталуы
2. 2 Қырғи қабақ соғыс
2. 3 ГФР жаңа үкіметінің «Қырғи қабақ соғыс жылдарында» АҚШ тың бағыт ұстануы.
2. 4 Германияның бірігуі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Германия Федеративтік Республикасы.
Орталық Европадағы мемлекет, Территориясы - 356, 96 мың шаршы километр. Үкіметтің орналасқан жері - Бонн. 1991 жылы маусымда астана болып Берлин жарияланды. ФРГ әкімшілік-территориялык жағынан 16 жерден құралады: Баден-Вюртемберг, Баварин, Берлин, Бранденбург, Бремен, Гамург, Гессен, Мекленбург-Алдыңғы Померания, Төменгі Саксония, Солт. Рейн-Вестфалия, Рейнланд-Пфальц, Саар, Саксония, Саксония-Анхальт, Шлезвиг-Гольштейн және Тюрингия. Халқы - 81, 1 млн. адам (1995ж. санак бойынша) . Немістер халқының 94%-ы. Ресми тілі - неміс, діні -христиандық. Ақшасы - марка. ¥лттық мерекесі - 3 қазан біріккен күні (ГДР-дін ФРГ-ға 1990 жылы біріккен күні) . ФРГ- федеративті мемлекет, әр жердің өз конституциясы, парламенті, үкіметі бар.
2. Өзіндік жұмыстың маңыздылығы: - Менің өзіндік жұмысымның маңыздылығы Орталық Европадағы мемлекет германия Федеративтік республикасының жай күйі. Дүние жүзілік соғыстағы Германияның ролі. Адольф Гитлердің ұлтшылдық саясаты. екінші дүние жүзілік соғыстың басына қарай Германия экономикасының түбегейлі өзгеруі. Фашистік мемлекеттің ресми саясаты - антисемитизм.
3. Өзіндік жұмыстың мақсаты мен міндеті: Германияның алға қойған мақсаты фашистік - жиырмасыншы ғасырдағы көбіне Европа саяси қозғалыс мемлекет басқарудың арнайы түрін көздеді.
Экономиканы дамыту Германияны дағдарыстан алып шығу. Өзіндік жұмыстың зерттелу деңгейі. Менің өзіндік жұмысымның тақырыбы Германия Федеративтік Республикасы. Бұл тақырыптың зерттелуі өте жақсы деңгейде. Менің бұл тақырыпта пайдаланған дерек көздері мына әдбиеттер тізімі:
1. Новейшая история зарубежных стран. под. ред: А. М. Родригес Москва 2001
2. «Новая история стран Европы и Америки». под ред И. М Кривогуза
Москва 2003
3. Европа, Америка елдерінің тарихы. Т. Дәуірбаева. Түркістан 2004
4. Новая история. И. С. Галькина, Н. Е. Застенкера, В. М. Хвостова. Москва 1973
5. «Всемирная история» ав: Васина. В. Г. Москва 1968
4. Өзіндік жұмыстың хронологиялық шеңбері. 1918 жылы Германия Республикасы болып жариялануынан - 3 қазан 1990 жылы ГДР мен ГФР-дің бірігуіне дейін.
5. Өзіндік жұмыстың құрылымы. Өзіндік жұмысымның құрылымы кіріспе 2 тараудан, 7 тараушадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Германия.
Ресейдегі революциядан кейін соғыстың ауыртпашылығын, азабын көп тартқан Германияда революция кең етек жайды. Ол қолбасшылықтың флотты соңғы ұрысқа салуға наразы болған Киль әскери тенізшілерінің көтерілісімен басталды. Өкімет Кильде теңізшілердің қолына көшті және олар Германияда алғашқы кеңес құрды. 1918 жылы 9 қарашада рейхсканцлер Макс Баденский өкіметті социал-демократ Фридрих Эбертке берді, ал кайзер Вильгельм П-ші Нидерландыға қашты. Германия Республика болып жарияланды. 10 қарашада Берлин кеңесі екі жұмысшы партиясы - Социал-демократиялык герман партиясы мен Тәуелсіз социал-демократиялық партия өкілдерінен халық уәкілдерінің Кеңесін (СНУ) құрды. СНУ төтенше әскери заңдарды алып тастады, 8 сағаттық жұмыс күнін орнатгы және кәсіпкерлерге кәсіподақтар мен ұжымдық келісім жасауды міндеттеді. СНУ конституция жасау үшін Құрылтай жиналысын шақырды. Оның атынан Компьен бітіміне қол қойылды; соғыс аяқталды. Елде социалистік революция, Кенестер өкіметін орнату және өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікті жойып, жылдам қоғамдық меншікке көшіру үшін қозғалыс күшейе берді. Бұл қозғалысты мүшелері НСДПГ-да болған Спартак тобы басқарды. Топ жетекшілері Карл Либкнехт және Роза Люксембург. Герман қоғамында күштердің сапырылысуы жүрді, алайда үкіметті жақтайтындар көбейді. Кеңестердің бірінші жалпыгермандық съезі 1918 жылы желтоқсанда «Бүкіл өкімет билігі Кеңестерге берілсін» деген ұраннан бас тартып, 1919 жылы 19 каңтарға белгіленген Құрьлтай жиналысына сайлауды жүргізуді қолдады.
Қантардың басында спартакшылар құрған Германия коммунистік партиясы бүлік ұйымдастырып, Берлин және тағы басқа қалаларда бақылау орнатуға тырысты. Бұл олардың саяси қарсыластарынын ашық қару қолдануына түрткі болды. 12 қаңтарда спартакшылардың қарсыластары Берлинді толық бакылауға алып, 15 қаңтарда Карл Либкнехт мен Роза Люксембургты өлтірді. Алайда күрес жалғаса берді. Коммунистер 13 сәуірде Германияның Бавария жерінде кеңес өкіметін орнатты, бірақ ол үш апта ғана өмір сүрді.
1919 жылы Құрылтай жиналысына жүргізілген сайлауда оңшылдар мен орталық партиялар жеңді, коммунистер тіпті қатыспады. Герман республикасының конституциясын жасау революция барысында жүрді. Ұлттық Құрылтай жиналысы қауіпсіздік мақсатында 1919 жылы 6 ақпанда астанада емес, тыныш провинциалдық қала Веймарда шақырылды. Осы себептен республиканың негізі жасалған конституция веймарлық деп аталды.
19 қаңтар 1919 жылғы сайлаудың нәтижесінде буржуазиялық партиялар көп мандатқа ие болды да, ол болашақ мемлекеттің сипатын анықтады. Алайда ішкі саяси терең дағдарыс жағдайында буржуазиялық партиялар таза буржуазиялық кабинет құру жолымен жүре алмады. Сондықтан Ф. Шейдеман бастаған үкіметке үш партаяның өкілдері кірді: СДПГ, Орталық және Герман демпартиясы (ол кейін Веймар коалициясы деп аталды) . Ұлттык Құрылтай жиналысының басты мақсаты Герман мемлекетінің жаңа конституциясын жасау болатын. 1919 жылы наурызда Ұлттық жиналыс «социализация» туралы заң қабылдады. Онда осыған дейін «пісіп жетілген» өнеркәсіп кәсіпорындарын «коғамдық меншікке» («занды жолмен» немесе марапаттау арқылы) және қажет болған жағдайда өндіріс пен бөлуді реттеуге көшіру мүмкіндігі туралы айтылған. Дәл сол күні қабылданған «көмір шаруашылығын реттеу туралы заң» «социализацияға» нақты анықтама берді: ол өндіріс құрал-жабдықтарына меншікке тиіскен жоқ. 1919 жылы наурыз-сәуірде өндіріс кеңестерінің өкілеттігін анықтаған уақытша қарарлар ретінде құжаттар жарияланды.
Бұл шараларды социал-реформистер социализацияның жүргізілуі деп насихаттады. 1919 жылы 31 шілдеде Ұлттық жиналыста кабылданған Веймар конституциясы 1919 жылы 11 тамызда күшіне енді. Ол елде қалыптасқан күш арасалмағын айқындады. Осы кезде Германияда жұмысшылар социалистік программаны жүзеге асыруға шамасы келетіндей ұйымдаспаған болса, ал буржуазия өзінің таптық үстемдігін бүркемелемей ашық кимылдауға әлі күші жетпейтін еді. Веймар конституциясының «мемлекеттік билікті халықтың өз қалауынша», «еңбекті қорғау» қажеттілігі туралы, «адамның өмір сүруі үшін қажеттіліктің барлығын қамтамасыз ету» деп мәлімдесе де, ол буржуазиялық партиялардың, социал-демократтардың катысуынсыз елді басқара алмайтындығынан көрінді. Ішкі қайшылық «шаруашылық өмір» деген бөлімнен айқын білінді. Бір жағынан жеке меншікті қорғау принципі жарияланып, мемлекеттің буржуазиялық сипаты айқын көрінсе, екінші жағынан революциялық жұмысшы қозғалысынан туындаған конституцияда «социализация», кеңестер, әлеуметтік идеялар орын алды. Алайда олардың мәні бұзылғандықтан түсініксіз еді.
Жұмысшы партиясы (НСДАП) бүкіл фашистерді тартуды орталығына айналды. Бұл партияның лидері көп ұзамай-ақ Адольф Гитлер болды.
Консервативтік-милитаристік күштер Версаль бітіміне наразылықты пайдалануға тырысып, ұлтшылдықты өршітті. «Ұлттық масқара» неміс халқын «сатқан» марксистерге жабылды. Осындай жағдайда 1918 жылы наурызда құрылған фашистік партия өз позициясын нығайта алды.
Қоғамды өзгерту қозғалысы 1919-1920 жылдары биік шыңына жетті, Күрес барысында көп нәрсеге қол жеткенімен, бәсеңсу басталды. Жұмысшылардың, социал-демократиялық партиялардың ықпалы өсті, Көптеген елдерде кәсіподақ құқы танылды. Австро-Венгрия, Германия, Осман, Ресей империялары құлады. Жаңа ұлттық мемлекеттер құрылды, Скандинавия елдерінде, Австрия, Германия, АҚШ және Ұлыбританияда әйелдер дауыс беру құқына ие болды. Европа картасында үш республиканың орнына 13 мемлекет пайда болды. Осыған мәз болғандар белсенді күрестен ауытқыды. Біразы күрестен шаршады. Біреулері күрес қорытындысына риза болмады. Алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің құлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократиялық қиял көпшілікті бірден баураған болса, демократияға көңіл толмағандық та бірден жалпы сипатқа ие болды. Бірқатар елдерде бұл жаппай антидемократиялық қозғалыстың туындауына әкеліп соқты. Осылайша европалық фашизм пайда болды.
Фашизм - XX ғасырдағы көбінде европалық саяси қозғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүние жүзінің халықтарына, Феңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда Германия мен Италия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыптылары болды. Әрбір елде фашистік қозғалыс өзіндік ерекшеліктерімен айқындалды. Герман фашизмі немесе нацизмінің де біраз ерекшеліктері бар. Мұнда ұлтшылдық шегіне жетіп, нәсілдік формаға ие болған. Нацистердің көзқарасына адамзат баласының тарихы әр түрлі ұлттардың немесе нәсілдердің өмір сүруі үшін күресі. Осы күресте күштілер жеңеді, жеңілгендер иә бағынады, иә қырылады. Олар өмір сүруге ең қабілетті нәсіл деп немістер жататын «ариилік», «нордилік» нәсілді есептеді. Фашистердің ойынша олардың тарихи миссиясы дүниежүзілік үстемдікті жаулап алу. Ол үшін Версаль бітімшартын жою, барлық немістерді бір мемлекетке біріктіру және Шығыста Германия үшін оған ешқашан блокада қаупі болмайтын «өмір сүру кеңістігін» жаулап алу керек болды. Германия дүниежүзілік үстемдік үшін шешуші шайқасқа дайындалуды бастады. Шектен шыққан ұлтшылдық шектен тыс жүгенсіздік туғызды.
Германияда фашистік қозғалыс бірінші дүниежүзілік соғыстан соң бірден пайда болды. 1919 жылы құрылған Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы (НСДАП) бүкіл фашистерді тартудың орталығына айналды. Бұл партияның лидері көп ұзамай-ақ Адольф Гитлер болды.
Адольф Гитлер (1889-1945) .
Ол 1932 жылға дейін Австрия азаматы болған. Әкесі кеден қызметкері. Алайда ол Гитлер 14-ке келгенде өлген. Гитлер оқуға аса ынталы емес еді. Әкесі өлген соң Адолья Вена суретшілер академиясына түсуге әрекеттенеді, алайда екі рет емтиханнан өте алмаған. 1913 жылы Гитлер Мюнхенге келеді. Бірінші дүниежүзілік соғысты қуана қарсы алған Гитлер өз еркімен Герман армиясына кіріп, соғыстың төрт жыл бойына Батыс майданда соғысады. Екі рет жараланады және ефрейтор шенін алады. Гитлер сол кездегі көптеген немістер сияқты Германияның женілісі онын ішкі жауларының - марксизм мен еврейлердің тіміскілеуінен деп түсінді. Әскерден қайтысымен ол ұлтшылдардың партиясына кіріп, өзінің шешендік, «оқымыстылық» қабілетімен тез арада оның лидеріне айналды. Мұнан соң Гитлер бұл партияны НСДАП деп құрды. 1923 жылы ол өзінің жақтастарымен бірге Мюнхенді басып алуға тырысты (Ол жөнінде шешім сыраханада қабылданғандықтан, мұны «сырахана бүлігі» деп атады) . Осы әрекеті үшін Гитлер 5 жылға түрмеге жабылды. Онда отырып өзінін саяси және нәсілдік идеясын көрсеткен «Майн кампф» («Менің күресім») деген кітабының үлкен бөлімін жазды. Бір жылдан соң түрмеден босатылып, саяси әрекетке белсене кірісті.
20-шы жылдары фашистердің жағдайы адам қызығарлық емес еді. Олардың ыкпалы 1929-1933 жылдарғы экономикалық дағдарыс жылдарында тез өсе бастады. Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының дағдарысын да көрсетті. Сан мыңдаған жұмыссыздық, шаруалар мен қолөнершілердің жаппай қайыршылануы үкіметтің халықтың жағдайын жеңілдететін төтенше шаралар жүргізуін талап етті. Алайда бірінен соң бірі ауысқан үкімет ескірген басқару аясынан шыға алмай, онсыз да аз әлеуметтік шығындарды қысқартқан экономикалық саясатты жүргізе берді. Осындай саясат үкімет басында отырғандарды, демократияны сынаушыларға жол ашты. Веймар Республикасы беделінің құлдырауына оны масқара Версаль бітімшартының туындысы деп сипаттау әсерін тигізді. Осылайша дағдарыс жылдарында демократияға қарсы партиялар, әсіресе елді дағдарыстан шығаруға және мықты билік орнатуға уәде берген нацистер күшейді. Веймар Республикасын қолдаған партиялар азайды. Нацистер Германияда ең мықты саяси партияға айналды.
Фашистік қозғалысты ұлтшыл көңіл күйдегі қолөнершілер, шаруалар, соғыс ардагерлері, жұмыссыздар қолдады. Нацистерге Германия ірі капиталының ықпалды тобы қолдау көрсетті. Жұмысшылар нацистердің ықпалына бірден түсе қойған жоқ. Дегенмен олардың біраз бөлігі социалистік революцияны қолдағандарды - коммунистерді қолдап, Веймар Республикасына қарсы шықты. Коммунистер мен социал-демократиянын арасындағы бітіспес дау солшыл күштердің антифашистік әрекеттерде бірігуіне кедергі келтірді. Нацистер өз жағына демократияға наразы болған жастарды көптеп тарта алды. НСДАЛ-ның 1/3 мүшесі 30-ға жетпеген жастар еді. Сайлаушыларға нацистердің сайлау алдындағы тактикасы ұнады.
Эсэсовшылар мен штурмовиктер митингілерде саяси қарсыластарына шабуыл жасады, басқа партиялардың белсенділерін ұрып-соқты, аудандардың халқын қорқытты. Олардың әрекеттері қалаларды тәртіпті қамтамасыз етуге шамасы келмеген заңды биліктің әлсіз екенін әйгіледі.
Веймар Республикасының тағдырына Германияның дәстүрлі соғыс-бюрократиялык элитасының өкілдері шешуші роль атқарды. Дағдарыс аяқталуға жақын еді. Нацизмнің жақтаушылары өкімет басына келу мүмкіндігіне сене қойған жоқ. Дәл осы тұста саяси-бюрократиялық элита өзінің президент Гинденбургке ықпалын пайдаланды. Оны үкіметті қалыптастыру мандатын Адольф Гитлерге беруге көндірді. 20 қаңтар 1933 жылы А. Гитлер үкімет басшысы - рейхсканцлер болып тағайындалды.
Атқару билігін қолға алған нацистер Германияда саяси-демократияны жоюға белсене кірісті. Сылтау ретінде рейхстатты жағу қолданылды. Нацистер өзінің саяси қарсыластарына қарсы ашық террор ұйымдастырды. Гитлер Гинденбургқа азаматтардың негізгі құқықтарын жоятын және жазалаушы органдарға шексіз өкілеттілік беретін «халық пен мемлекетті күзету туралы» арнайы қарарға қол қойғызды. Веймар Республикасы конституциясы негізіне алынған билікті бөлу принципі лақтырылды. Заң шығару функциясы үкіметке берілді. 1934 жылы Гинденбург қайтыс болған соң, Гитлерге президент өкілеттілігі де берілді. Осылайша Германиядағы барлық билік Германияның «көсемі», «фюрері» атанған Гитлердің қолына топтасты. Жергілікті басқару органдары жойылған әкімшілік реформасы жүргізілді. Барлық жерде билік жоғарыдан тағайындалған шенеуніктердің қолына көшті. 1933 жылы НСДАП-дан басқа барлық саяси партияларға тыйым салынды. Бұлар зорлықсыз, күшсіз жүзеге асырылмайтын еді. Сондықтан мемлекеттің жазалаушы органдарының ролі күшейді. Штурмовиктер мен күзету отрядтары мемаппараттың зорлық-зомбылығының бір бөлігіне айналды. Елде құпия полиция (гестапо) кұрылды. 1933 жылдан бастап Германияның барлық жерінде режимге қарсы шыққан адамдарды ұстауға арналған концентрациялық лагерьлер пайда болды. Азаматтардың барлық саяси құқықтары - сөз, жиналыс бостандығы, хат алмасу құпиясы, тұрғын үйге тиіспеушілік жойылды.
Германияның экономикасында да маңызды өзгерістер болып жатты. Гитлер үкіметі дағдарыстан шығу мақсатында шаруашылық өмірді мемлекеттік реттеуді кеңейтті. Мемлекеттің қаржысына жалпыұлттық автожол құрылысы басталды, ол жұмыссыздардың санын көбейтуге мүмкіндік берді. Басты назар соғыс өнеркәсібін жылдам дамытуға аударылды. 1933-1939 жылдары соғыс шығындары 620 млн-нан 15, 5 млрд. рейхсмаркаға дейін өсті. Экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында салыққа жеңілдіктер енгізілді. Шығыңдардың өсуі мен салықтардың кемуінің қатар жүруі бюджет тапшылығын тудырды, ол ақша шығарумен жабылды. Оның кұнсыздануы мен бағаның өсуін болдырмау үшін үкімет баға мен жалақыға бақылау енгізді, бөлу жүйесін карточкаға бірте-бірте көшіру басталды. Экономиканы мемлекеггін реттеу ауқымы ұлғайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басына қарай Германияның экономикасы түбегейлі өзгерді. Жеке меншік сақтала отырып, кәсіпкерлердің еркіндігі едәуір шектелді. Еңбек, тауар және қызмет көрсету рыногы мемлекеттік реттеумен ауыстырылды. Рыноктық экономика өмір сүруін тоқтатты. Осы шаралардың барлығы Германияны дағдарыстан шығуды жылдамдатқандай болып көрінді. 1935 жылы ол өндірістің дағдарысқа дейінгі деңгейіне жетті, ал 1939 жылы оны едәуір басып озды. Осыған сәйкес жұмыссыздық азайды: 1933 жылы 6 млн болса, 1938 - 429 мьщ адам. Неміс экономикасының жандануы тан қаларлық емес еді: 1933 жылдан бастап Батыстың барлық елдерінде экономика жандану кезедіне кірген-ді. Оның үстіне Германия экономикасының қалпына келтіру карқыны оның милитаризациялануына да байланысты болатын. Осы табыстардың құны -немістердің 1945 жылғы трагедиясы.
Фашистік Германиядағы өмір нацистердің даурыққанындай емес еді. Зорлық-зомбылық күн асқан сайын күшейе түсті. 1935 жылдың басына қарай нацизмге қарсы 4200-ден астам адам өлтірілді, 517 мың тұтқындалды. 1939 жылдың басында саяси сенімсіз 300 мыңнан астам адам тұтқында болды. Алдыңғы қатарлы ой-пікірлі немістер эмиграцияға кетті, олардың қатарында творчестволық интеллигенция қаймақтары - физик Альберт Эйнштейн, жазушылар Томас және Генрих Манндар, Лион Фейхтвангер, Бертольд Брехт, композиторлар Ганс Эйснер, Отго Клемперер, Пауль Хиндбмиттер болды.
Фашистік мемлекеттің ресми саясаты - антисемитизм. 1933 жылдың көктемінен өкімет еврейлерге қарайтын барлық мекемелерге байкот ұйымдастырды. 1935 жылы еврейлердің герман азаматтығын жойған және оларға мемлекеттік аппараттарда қызмет істеуге тыйым салған бірнеше заңдар қабылданды. Аралас некеге тыйым жасалынды. 1939 жылдан еврейлер үйден және көшелерден қашық арнайы бөлінген орындарға - геттоға көшіріле бастады. оларға қоғамдық орындарда жүруге, әр түрлі істермен шұғылдануға тыйым салынды. еврейлер үнемі киімдерінен тігілген сары жұлдызша тағып жүретін болды. 1939 жылы қарашаның 9-нан 10-а қараған түні өкімет еврейлерді жаппай қыруды ұйымдастырды, мыңдаған адам қырылды. Осылайша еврейлерді соғыс кезінде қыруға дайындық жасалды: ол кезде нацистердің нәсілдік ақымақтығынан 6 млн. еврей құрбан болды.
Германияда өкімет басына фашистердің келуі Европадағы жағдайды өзгертгі. Версаль-Вашингтон жүйесіне қауіп төнді. Нацистердің программасы әуелден-ақ Версаль бітімшартын қайта қарауды ғана көздемеп еді. Өйткені Веймар Республикасы дипломатиясының бұған қолы жетіп еді. Өкімет басына нацистер келгенге дейін-ақ Германия репарация төлеуді тоқтатқан және Ұлттар Лигасының мүшесі болған. Алайда бұл табыстар Версаль-Вашингтон аясында жүзеге асқан. Германия дипломаттары соғыстан кейінгі өз статусының әділетсіздігіне барлығын сендірді, ұлы державалар арасындағы қайшылықтарды шебер пайдаланды. Гитлер дүниежүзілік үстемдікті күшпен орнату мақсатын қойды. Ол соғысқа Версаль бітімшартын елемей ашық дайындалды.
1939 жылға карай Германияда жалпыға бірдей әскери міндеттілік қалпына келтірілді, соғыс авиациясы мен танк әскері құрылды. Гитлер Германияға Австрияны қосты және Чехословакияны бөлшектеді. Германия европанын күшті державасына айналды. Қосып алған территорияларымен бірге Англия мен Францияны басып озып, дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісінің 15%-ын берді. 1939 жылдың басында Германия Европада ең күшті армияға ие болды: 2, 75 млн адам, 10 мың зеңбірек, 3, 2 мың танк және 4 мыңнан астам самолет. Фашистік Германия үлкен соғысқа дайын болды. Ол басталды.
Германия Федеративтік Реепубликасы. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германия территориясы соғыс қимылдарынан зардап шекпесе, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ел қирап жатты. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің үшіндей ғана болды, Шығыс Пруссия және Одер мен Нейседен 9 млн-нан астам немістер көшірілді, бұл онсыз да күрделі тұрғын үй проблемасын қиындатты. Одақтастар репарация үшін өнеркәсіп құрал-жабдықтарын әкетті. Өмір сүру қиындады. Ақша құнсызданды. Мөлшермен бөлінетін азық-түліктің қуаты болмады. Оның үстіне Германия
Қырғи қабақ соғыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz