Қазақстанда саяси партиялардың – қоғамдағы ролін, институционалды қалыптасуын зерттеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
1. САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТҮСІНІГІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. 1 Саяси партия ұғымының қалыптасу эволюциясы, мәні және атқаратын
қызметрі . . . 6-23
1. 2 Саяси партиялардың жіктелуі (классификациясы) . . . 23-38
II. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР МЕН САЯСИ ПАРТИЯЛАР
- Қазақстан Республикасында саяси қозғалыстар мен ұйымдардың пайда
болуы мен дамуы . . . 39 - 46
- Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар: қазіргі жағдайы мен
болашағы . . . 46-58
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 59-61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62-63
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Саяси партиялар қоғамның даму үрдісін қалыптастыратын саяси-әлеуметтік институт. Белгілі бір әлеуметтік қызметтерді іске асыра отырып қоғам дамуына зор үлес қосады. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы біршама өзгерістерге толы. Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, саяси ұйымдардың белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Саяси пратиялардың әлеуметтік мәні - қоғамдағы азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.
Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.
Қазіргі кезеңде біздің мемлекетте көппартиялық жүйеге бет бүрып отыр. Оған Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қоғамды демократияландыруға бағытталған толықтырулары Ата Заңымыздың 50-бабының 3-тармағына «Саяси партияларды ұйымдастыру мен тіркеудің заңнамасы жазылған. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады» - деген қосымшалар енгізілді. Біздің бүгінгі өмірімізде Қазақстанда көп партиялық жүйе қалыптасу кезеңін басынан кешіруде әлбетте ол жүйеге өтпелі дәуірге сай түрақсыздық тән екенін де айтпауға болмайды [1] .
Мұндай кезең Қазақстан үшін тарихта екінші рет қайталанып отыр. Ел мен жердің тағдыры үшін жанпидаланған идеяны Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды көрнекті ұлт қайраткерлері көтерген. Олар түңғыш рет Қазақ жерінде 1917 жылы шілде айының 21-26 аралығында Орынборда «Алаш» партиясының мүшелері саяси еркіндікті аңсап сол жолда өмірлерін қиды. Ол үйым 20-шы жылдардың ортасына дейін өмір сүрді. Алайда кеңестік қызыл диктатура демократияға қарсы шығып, бір партиялық жүйеге билік тізгінін үстатты.
Сондай-ақ, Қазақстанда 1917 жылдың күзінде «Алаш» партиясына қарсы солшыл революциялық-демократиялық ағымның бір бөлігі «Үш жүз» атты Қырғыз социалистік партиясын құрады. Ол 1918 жылы қаңтарда Кеңес өкіметін таныды. Оның терағасы Айтпенов Мұқан, орынбасары Тоғысов Күлбай, хатшысы Қабеков Ысқақ болды [2] .
1990 жылы КСРО-ның «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңы қабылданды. Міне, осы кезден бастап Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар, саяси үйымдар заман сахнасына шықты.
XX ғасырдың 90- жылдарында Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде тәуелсіз ел ретінде әлем сахнасына шыққан Қазақстан Республикасы өзге де посткеңестік мемлекеттер секілді әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінен арылып жаңа нарықтық қатынастар жүйесі арқылы дами бастады. Ел халқының ауқаттылық деңгейін жақсарту мақсатында бірқатар экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізілді. Демократизация мен жаһандану сынды мәселелерге басты назар аударылды. Осындай күрделі де қарбаласты даму жолында көпұлтты Қазақстан халқы құрамындағы әр түрлі ұлттар мен ұлыстар арасында достық пен татулықты, ынтымақтастык пен ауызбіршілікті сақтап қалу еліміздің ең басты мінденттерінің біріне айналды. Өйткені Қазақстанды мекендеген 125- ден аса ұлттар мен ұлыстардың шынайы демократиялық қоғамдық белгісі ретінде өз тілі мен мәдениетін жандандыруға, төл тарихы мен дәстүрі, әдет- ғүрыптарын танытуға, өз өкілдерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға ұмтылды. Еліміздің саяси діни үлттық және идеологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етті. Осы орайда саяси партиялар қоғамды демократияландыру негізінде көптеген істерді, қызметтерді атқаратыны белгілі. Саяси партиялардың бұл қызметтерді қоғамды дамытуға, ондағы әртүрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтенуіне оң ықпал жасайды.
Әрбір мемлекет түғырлық ұстамдарын бекітіп алысымен-ақ кез-келген жаңа мемлекеттік құрылым алдағы жан-жақты өркендеп, гүлденуінің басты факторы ретінде халқын, соның ішінде, ең алдымен, өсіп келе жатқан жас, жеткіншек ұрпағын қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін жан-тәнімен сезінетін әрі өзінің жеке басының құндылығын жоғары бағалай білетін. Адамгершілік қадір қасиеттері заңғар, отанын жанындай сүйетін, жеке басының мүддесін қоғамдық мүдделермен ұштастыруға қабілетті, білімді, ойлы, белгілі бір кәсіпті шеберлікпен меңгерген білікті маман, кеңпейіл азамат ретінде қалыптастыруға, оларды әлеуметтендіруге күш салады. Жеке тұлғаның бұлай қалыптасуы үшін қоғамдағы бар мүмкіншілік пайдаланылады, барлық материалдық және рухани ресурстар осы салаға жауапкершілікті құрылымдарға жұмылдырылады [3] .
Қазіргі уақытта дүние жүзінде аса күрделі процестер іске асуда. Соның бірі- ғаламдану процесі. Ғаламдану процесінде қуатты елдердің ықпалы басқа елдерге күшейе түседі. Оны біз бүгінгі жастардың мінез-қүлқынан да байқап отырмыз. Бірақ көпшілік жағдайда, қоғамда болып жатқан жайларды нарық заңдылықтары әсері деп, өзімізді өзіміз иландырамыз. Қуатты ел болғанда үлттық ой-санамыз да жетіліп, өзіндік бағыт-бағдарын алатын болар деп үміттенеміз.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін мойындауымыз керек. Ал жастар тәрбиесі мәселесіне келетін болсақ, Елбасы "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына жолдауында: "Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты" - деп атап көрсетті.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына биылғы жолдауында XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетінін ескертіп, еліміздің білім жүйесін дамытуға бағытталған іс- шараларды белгіледі. Еліміздің білім жүйесінің даму үрдісін дүние жүзінің өркениетті елдерінің білім жүйелерімен салыстыра қарасақ, оны Елбасы жүктеген міндеттер биігіне жеткізу үшін қыруар шаруа атқару керектігі айқындала түседі.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Саяс партиялардың қоғамдағы рөлін, әлеуметтік үрдістерді дамытудағы қызметтеріне әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу жаңа қоғамдық пікірді туғызатыны белгілі. Әлемдік тәжірбиеге және саяси партиялардың тарихына көз жүгіртер болсақ ол төмендегідей сан алуан болып келеді. «Партия» термині (латынның раггіз - бөлік) - деген сөзінен шыққан. Саяси партия - пікірлестердің ұйымдасқан әлеуметтік тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келу немесе оны жүзеге асыруға қатысу арқылы қол жеткізуді мақсат етеді. XIX ғасырда «партия» термині өкімет билігі үшін, өкіметке ықпал ету үшін күрескен өзара бақталас топтың мүдделерін білдіретін болған [4] . (Қуандық Есенғазы Сләмғазыүлы «Саясаттану негіздері» АСТАНА -2000ж) .
Саяси партиялар азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн азаматтарының ерiктi әлеуметтік - саяси бiрлестiгi саяси партия деп танылады. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары 2-бабында былыай деп жазылған Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
Саяси партияларға бiрiгу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады.
Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.
Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады. Парламент депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.
Саяси партиялардың тұрақты жұмыс iстейтiн органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады.
Саяси партиялардың қоғамдағы рөлі мен мәнін түсінуде негізгі үш көзқарасты басшылыққа алуға болады. Олар: а) партияны ең алдымен белгілі бір идеологиялық доктринаны ұстанатын адамдардың топтары деп түсіндіретін либералдық дәстүр. (Б. Констан) ; б) саяси партияны белгілі бір таптың мүдделерін көздеуші деп түсіндіретін маркстік көзқарас. Марксизм классиктерінің тұжырымдамасы бойынша партия пролетариаттың авангарды ретінде қарастырылады; в) партияны мемлекет жүйесінде жұмыс істейтін ұйым ретінде институционалды түсіну (М. Дюверже) .
Осы тұжырымдамаларды қорыта келгенде саяси партиялар мемлекеттік деңгейде билікті жеңіп алуға, қоғамды саяси әлеуметтендіруге бағытталған идеологиялық негіздердің ерікті одақ болып табылады, оның үстіне бұл одақ үшін биліктің өзі де үлкен әлеуметтік топтардың біреуінің мүдделеріне сай жұмыс істейтін саяси бағдарламаны іске асырудың құралы болып шығады.
Жоғарыда аталған мақсат міндеттерді жүзеге асыру барысында көптеген әдебиеттерді және интернет желісіндегі сайттарды пайдаландым. Бүл жерде бір атап өтетін жәйт, Қазақстандағы әлеуметтік жүмыстың қалыптасуы жайлы арнаулы жазылған әдебиеттер көп еместігі байқалды. Сондықтан, интернет жүйесінен алынған ақпарат көздеріне, түрлі ғылыми журналдарға және мерзімді басылымдарға сүйенуіме тура келді.
Диплом жүмысының мақсаты- Қазақстанда саяси партиялардың - қоғамдағы ролін, олардың атқаратын әлеуметтік қызметтерін, әлеуметтік институт ретіндегі статусы, институционалды қалыптасуын зерттеу болып табылады.
Диплом жүмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қосымшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен түрады.
I. САЯСИ ПАРТИЯЛАР ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. 1 Саяси партия ұғымының қалыптасу эволюциясы, мәні және атқаратын қызметтрі
Қазіргі кезде саяси партияларға қоғамды ұйымдастырудың саяси түрі ретінде оның қалыптасу эволюциясына, дүние жүзілік тәжірибесіне көңіл аударудың маңызы зор және оған қажеттілік туып отыр.
Себебі, саяси партия өзінің үш-төрт ғасырлық өміріне қарамастан адамзат цивилизациясының ең негізгі жетістіктерінің бірі болып есептелетін саяси - әлеуметтік институт. Екіншіден, кез келген қоғамда қоғамдық өмірінің негізгі жақтарының бірі -саясат, осы саяси саланы әлеуметтік зерттеулер негізінде талқылау қазіргі қоғамның өзекті ғылыми мәселесі болып табылады. . Ал саясат - мемлекттік билік мәселесі бойынша әр түрлі қоғамдық күштер өзара қарым-қатынас жасайтын орталық. Ол қоғамдық күштер міндетті түрде белгілі бір топтың, таптың мүддесін қорғап отырады да, сонымен бірге, олар саяси қатынастың алғашқы қатысушылары болып есептеледі. Сол әлеуметгік мүдденің ортақ болуынан пайда болған қоғамдық күштер ең алдымен өздерінің ұйымын құрады, ол ұйымдар көп жағдайда саяси партия болып құралады.
Партия ісі - қоғам ісі. Бұл бүгінгі шындық. Айтуға жеңіл болғанымен, осы күнге жету үшін, басымыздан ауыр-ауыр тарихи жағдайларды өткердік. Біз бүгінгі күнге тарих сынынан өтіп, өзімізге деген сенімімізді нығайтып, ел болып есейіп, өзіміз таңдап алған жол - Қазақстан жолына түсіп, әлемдік деңгейде белгілі болған жетістіктерімізді орнықтырып, әлемнің талай-талай елдеріне үлгі боларлық дәрежеге жеттік. Осы аталған істердің ең бастысы, біз Қазақстан Республикасы деген мемлекеттің іргетасын мықтап орнатып, әлеуметтік мемлекет құрдық. Бұл анық, талас тудырмайтын мәселе. Қазіргі заман тарихының оқулығына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімі мемлекет құрушы тарихи тұлға ретінде жазылатынына да еш күмән жоқ.
Мемлекет құру қиынның қиыны. Ол тыңға түрен салу деген сөз. Тарихта болған Қазақ хандығы мемлекеттің өзге тарихи түрі еді, оны бүгінгі Қазақстан Республикасы деп аталатын, біз азаматтары болып отырған мемлекетпен салыстыруға болмайды, әр заманның өз өлшемі бар. Бүгінгі заман өлшемі мемлекеттің өркениетті болуын талап етеді, демек өркениетті өлшемдерге сай мемлекет құру ісі осы заманның бұлжымас талабы. Ақпаратты қоғам, ашық қоғам, постиндустриялық қоғам, азаматтық қоғам деген сияқты әлемдік өлшем, түсінік, ұғымдары бар қоғам жағдайында өркениеттік өлшемдерге, әлемдік әртекті стандарттарға сай мықты болсаң, мемлекет құрып көр. Посткеңестік кеңістікке бірге шығып, тәуелсіздік алған Украина, Грузия, Қырғызстан, Молдова елдеріндегі саяси дағдарыстар кімге де болсын сабақ болатын жағдайлар емес пе?
Мемлекеттің кемелденуі үздіксіз үдеріс, алайда оның іргетасын қалап, орнату ісі елімізде негізінен жүзеге асты, оның айқын көрінісі елімізде орнаған әлеуметтік, қоғамдық және саяси тұрақтылық. Бұл істің кепілі әрбір азаматтың өз еркіндігін, өз тәуелсіздігін сезініп, өз мүмкіндігінше іспен айналысып, нарықтық қатынастардан өзін-өзі таба алатындай халге жетуі. Бұл үлкен жетістік, әлеуметтік жеңіс. Кеңестік заманда мемлекет асырап, сақтаушы қызметтерін атқарып, елдің жігерін құм қылған. Бүгінгі мемлекет өз міндетін дұрыс анықтап алды, ол асырап, сақтаушы емес, азаматтарына, олардың істеріне мүмкіндіктер жасаушы - саяси әлеуметтік феномен. Мемлекет міндеті азаматтар еркіне шек қоймау, оларды тәртіпке, өркениеттілікке, адал еңбекке, еркін бәсекелестікке бейімдейтін жағдайлар жасау, бір сөзбен айтқанда, мемлекет - азаматтарына мүмкіндіктер жүйесін қалыптастырушы құрылым, сонымен қатар бүгінде мемлекеттің сан-саласына қатысты қажетті институттар қалыптасқан, бұл істе реті келген соң айта кетейін, екі басты қиыншылық бар: бірі - азаматтардың әлі де болса, өз еркіндігі мен мүмкіндігін толық пайдалана алмауы, бұл азаматтық белсенділік және сыбайлас жемқорлық мәселесі. Бар жақсылықтың жауы - сыбайластық. Бұл алға басқан қадамдарымызды бір сәтте жойып жіберетін аса қауіпті құбылыс. Шәкәрім метафора тілімен: “Мал мен мансап адамзатты мас қылады”, - деп еді. Ақын мал деп байлықты, мансап деп билікті айтып отыр. Қолында байлығы мен билігі бар адамның мас болмауы екіталай іс. Мас болмау үшін сау ақыл қажет. Шәкәрім осы мәселені тағы еске сала: “ . . . бұзба елдің шаруасын”, - деп аталы сөз айтып еді. Елдің шаруасының шырқын бұзатын осы - сыбайластық.
Бұл пәлені ауыздықтау үшін мемлекет тарапынан, тікелей Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шұғыл харекеттерімен тиісті істер атқарылып жатыр, оны халық көріп-біліп отыр. Менің айтпағым, бетімен кетсе болашағымыздың жауы осы - сыбайластық. Ескермесек, үнемі есімізге салып отырмасақ, бұл оннан-мұннан, тіптен күтпеген жерлерден өсіп-өніп шыға келмек. Бұл, біріншіден. Екіншіден, сыбайластық қосалқы немесе көлеңкелі экономикаға да қатысты. Мұндай жағдай әлемнің барлық елдерінде бар, бірақ мәселе, оның қоғам өміріне, жемқорлықтың өрістеуіне ықпалында. Ол дамыған елдерде ІЖӨ-нің шамамен 12 пайызын құраса, дамушы елдерде - 39, 6, ал өтпелі экономикасы бар елдерде - 23 пайызын құрайды. Бұл деректер де мөлшермен айтылған, анығында көлеңкелі экономиканың елдегі нақтылы мөлшерін анықтау мүмкін емес. Біздің жағдайда көлеңкелі экономиканың болуына биліктің әртүрлі тармақтарының және құқық қорғау органдарының шенеуніктері де мүдделі, себебі, ол есепке алынбайтын кіріс көзі, пара берудің және алудың өрісі.
Үшіншіден, ірі капиталдың, журналистер тілімен айтсақ, олигархтардың билікке әсері қай елде де болмай қоймайтын құбылыс. Ірі байлық иелерінің билікке жасайтын әсерлері сан алуан, мәселе, міне, осыда. Қазақстан жағдайында олигархтардың қоғамдағы тұрақтылыққа айтарлықтай әсерлері болды, әрине, өздерінің жағдайлары үшін. Ірі капиталға қоғамдағы тұрақтылық ауадай қажет. Керек десеңіз, қоғамдағы тұрақтылық олардың қорлануының, пайда табуының факторы. Қырғыз қоғамында тұрақтылықтың орныға алмай жатқаны, біздердегі сияқты олигархтардың болмауында ма деп ойлаймын. Шынында, ірі капитал болғанда Қырғызстандағы жағдай дәл осындай дертті болмас па еді. Оның өкілдері өз ісін өркениетті түрде жүргізіп қана қоймай, қоғам дағы тұрақтылықты сақтау үшін әлеуметтік, мәдени мәселелерге қаражат шығарып отыру міндеттерін алулары керек.
Олай болмаса, қоғамдағы ірі капиталға деген “өкпе” өршіп, оның аяғы жақсылыққа бастамайтынына әлеуметтік болмыс тарихынан мысалдарды көптеп келтіруге болады. Кезінде, Ресейде ХХ ғасыр басындағы ірі капиталдың қалайша тас-талқаны шыққаны бәрімізге белгілі. Қазақстан жағдайындағы ірі капитал мен билік мәселесі, арнайы тақырып. Өркениетті елдерде бұл мәселеде кәсіподақтың қызметі ерекше.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев алысқа сапар алғашқы қадамнан басталады деген еді алқалы бір жиында. Бұл сөз сананы самал желдей желпиді. Осы сөз Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізілгенде қайтадан есіме түсті. Бұл батыл саяси қадам еді. Елімізде мемлекетімізді құрып, оның кереге-уықтарын бекітіп, шаңырағымызды биіктетіп, орнықтырып алғанымызбен, әлі де болса шешуін таппаған айтулы проблема бар еді, ол қоғам ісі болатын.
2007 жыл өзінің саяси қуатымен тарихқа еніп келеді. Бұл жыл еліміз үшін бетбұрыс жылы болды. Президентіміз тәуелсіздік жолына түскен уақыттан бері стратегиялық дұрыс бағытты ұстанды, оның, алдымен - экономика, содан кейін - саясат деген доктринасы халқымызды қиын-қыстаудан алып шыққан кемел саясат болғанына бүгінде көзіміз анық жетіп отыр. Бұл доктринаны кезінде түсінбегендер де жеткілікті болды, бірден саяси жаңарту керек дегендер де табылды. Саясатта асығыстық елді жарға жығу. Президент айтқанынан бұлжымай, экономика мәселесімен айналыса берді, меншік иелері пайда болды, мемлекет экономиканы тікелей басқарудан оған мүмкіндіктер жасау саясатымен айналысты, шаруамен еркін шұғылдана бастаған ерікті меншік иелері халық бойындағы тұмшаланып келген қуатты шығарып, әр адамның өзінше өмір сүру қабілетін және өз мүмкіндіктеріне деген сенімін қалыптастыра бастады. Оң істер нәтиже берді, халық тұрмысы жақсара бастады. Бәсеке түсінігі орнады, алғашқы кезде байқалған жабайы нарықтық қатынастар жойылып, адамдар еңбек етіп, өнім шығарудан қорқып-үрікпейтін халге жетті. Жеке меншік Конституциядан заңды түрде қорғаныс тапты. Енді экономикадан саяси жаңаруға көшу мүмкіндігі туды, осы жағдайды біліп, оны іске асыру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламентке “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын ұсынды, оны депутаттар талқылап, қабылдады, ол Заңды 21 мамырда Президент мақұлдап, қол қойып бекітті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz