Бастауыш сыныптарда математика сабағында ойын түрлерін пайдалану әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сыныптарда математика сабағында ойын түрлерін

пайдалану әдістемесі

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.

Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Балалардың жан - жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын барысында балалардың айналасындағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп игерген білім - машықтарының негізінде бір көрініске орай басты кейіпкерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым - қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі.

Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген - білгенін өзіне ұнаған адамның іс - әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді.

Ойын - баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын, ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық өзгерістеріне, тұрмыс - тіршілігіне, айналысатын кәсіп - шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда оп - оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі - ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.

Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып - үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

Сабақта ойындарды қолдану үшін мынадай әдістемелік талаптарды орындау керек.

1. Ойынның мақсаты нақты қойылу керек.

2. Керекті көрнекіліктер мен материалдар алдын ала дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.

3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығын қатыстыруды қамтамасыз ету керек.

4. Ойынның жүру барысында оқушылардың шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Мен өз сабақтарымда, әсіресе математика сабағында ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Ойын сабағы оқушылардың белсенділігін, қызығуын арттырумен бірге оқушының ойлау қабілетін дамытатаындай дәрежеде болуы керек. Атап айтқанда «Кім тез», «Орныңды тап», «Орамал тастамақ», «Ойлан, тап», т. б

Ойын технолнгиялары - оқу - тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Ойын технологиясы мәнді өмір жағдаяттарын жобалау және оның шешуін іздестіруге құрылады, жетекші әдісі - ойын.

Ойын - шығармашылық мақсатқа бағытталған іс - әрекет, оны жүргізу процесінде балалар қоршаған болмыстың құбылыстарын терең танып біледі.

Дидактикалық ойындардың мақсаты - баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындардың мазмұны қандай да болмасын ақыл - ой міндеттерін жүзеге асыруға негізделеді. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқытуға ұқсамайды, мұнда қиял - ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де бар. Ең бастысы, оқушыларға ешқандай күш түсірмей, олардың өздерінің қалауы бойынша дидактика лық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, оқушыларға білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.

Дидактикалық ойынның арнайы құрылымы болуы шарт:

1. Міндеті.

2. Әрекет.

3. Ереже.

4. Нәтиже, ойынның аяқталуы.

Әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның міндеті оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс - әрекетін белсендіреді және жаңа білім, білік, дағдымен байытады.

Әрекет - ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір оқушының мінез - құлқын анықтап, ұйымдастырып, біртұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоциялық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған және анық түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда төмендегі негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:

а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы шарт;

ә) ойын аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.

Ереже дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше орын алады, сондықтан кейде дидактикалық ойындарды ережеге құрылған ойындар деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс - әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында іс - әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер баланың ойын үстінде не істеу және қалай істеу керек екендігін анықтайды. Дидактикалық ойынның ережесі іс - әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.

Ойын нәтижесі - бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және мұғалімнің көзқарасы тұрғысынан.

Егер ойын нәтижесін баланың көзқарас ытұрғысынан бағаласа, онда мұғалім ойынның балаға моральдық және руханиләззат беру жағын есепке алады. Дидактикалық ойынның міндеттерін шешу баладан белгілі бір күш - жігерді талап етіп, олардың іс - әрекетіне талаптар қояды. Балалар ойын барысында ұшқырлық, алғырлық, тапқырлық танытады. Мұның барлығы балаларды моральдық тұрғыдан қанаттандырып, олардың өз күштеріне сенімін арттырады, қуаныш сезімге бөлейді.

Дидактикалық ойын оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы бола отырып, бағдарлама материалының негізі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді, балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, оқуға ықылас қоюына баулиды және зейінін, ойлау, есте сақтау процестерін дамытады.

Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А. С. Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».
Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А. С. Макаренко еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын - қашан да жаман ойын». Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: « . . . жұмыс адамның қоғамдық өндіріске . . . материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға оның тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар: ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйретеді».
Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде, ережелерде іске асыруға үйретеді.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

Ойын - баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі.

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптары оқушыларының ой-өрісін дамытатын «Сақина тастау» ойыны. Дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі қосу және азайтуға берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды.

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Мен өз сабақтарымда, әсіресе математика сабағында ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Ойын сабағы оқушылардың белсенділігін, қызығуын арттырумен бірге оқушының ойлау қабілетін дамытатаындай дәрежеде болуы керек. Атап айтқанда «Кім тез», «Орныңды тап», «Орамал тастамақ», «Ойлан, тап», т. б

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Бастауыш сынып математика әдістемесі ғылыми пән ретінде
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Бастауыш сыныптың оқыту процесі
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Математиканы оқытудың нақты әдістемесі
Арифметикалық амалдарды оқыту әдістемесі
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz