Меншікті негізгі құралдардың теориясы


ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Дипломдық жұмыс

Меншікті негізгі құралдардың теориясы

Дайындаған:

Жетекшісі:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

І БӨЛІМ. МЕНШІКТІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ11

1. 1 Меншікті негізгі құралдардың экономикалық мәні, жіктемесі11

1. 2 Меншікті құралдар есебінің мәні15

1. 3 Меншікті негізгі құралдардың есебін реттеудің жалпы сипаттамасы: жөндеу, түгендеу және тозуын есептеу18

1. 4 «КазАгроТрейд» ЖШС-і мен тәуелді компаниясы «Атамекен Агро

Тимирязево» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы33

ІІ. МЕНШІКТІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ45

2. 1Меншікті незігі құралдар қозғалысының есебі45

2. 2Меншікті негізгі құралдың тозуының және амортизациясының есебі50

2. 3Меншікті негізгі құралдарды жөндеу есебінің ерекшіліктері59

2. 4 Бухгалтерлік есеппен халықаралық стандартқа бейімделу жолдары64

ІІІ. МЕНШІКТІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ66

3. 1 Меншікті негізгі құралдардың техникалық жағдайын және қозғалысын

талдаудағы ақппарат66

3. 2 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін арттыру жолдары94

ҚОРЫТЫНДЫ102

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ105

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі . Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Дс Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес»- деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки "Есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы" - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында "Есептей алмаған, басқара алмайды" - деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді.

Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

1) есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;

2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;

3) шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты . Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станокгар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады.

«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай әртүрлі топтарға бөлінеді.

Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтер есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген № 6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес іске асырылады.

Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс-қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 1996 ж. 18 қарашадағы №6 қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құрамдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.

Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жургізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға орай (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 24 шілдедегі №1174 Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттіктің 2002 ж. 3 сәуірдегі № 03-1а-8 «Негізгі құралдардың құнын арттыру индекстері туралы» қатынас хаты) объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 541 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал» 54 бөлікшенің баланстық шоты бойынша көрсетілді.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Жоғарыда көрсетілген жұмыс мақсаттарына байланысты мынадай міндеттер туындады:

  • негізгі құралдардың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу;

- негізгі құралдардың техникалық жағдайын және қозғалысын талдау;

- негізгі құралдың тозуының және амортизациясының есебін қарастыру;

- негізгі құралдар есебін жетілдіру жолдарын анықтау;

  • негізгі құралдардың түрлерін, атқаратын қызметтерін бағалау.

Зерттеу жұмысының құрылымы. «Негізгі құралдар есебі» дипомдық жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен қалған. Кіріспе жұмысының негіздері мақсаттары және оларды шешу көрсетілген. Бірінші тарауда меншікті инегізгі құралдардың теориялық негіздері көрсетілген. Екінші тарауда меншікті негізгі құралдардың есебі сипатталған. Үшінші тарауда меншікті негізгі құралдарды пайдаланудың жағдайы және талдауы көрсетілген.

I БӨЛІМ. МЕНШІКТІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1Меншікті негізгі құралдардың экономикалық мәні, жіктемесі

Негізгі құралдар - материалдық активтер олар:

а) компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;

ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.

Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:

а) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;

ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.

Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен 16 «Негізгі кұралдар» ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:

• бастапқы күн немесе өзіндік құнмен - активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай каражаттың немесе оның баламасының сомасы;

• ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;

• өткізу құнымен (әділ бағаның) - мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;

• жойылу құны - шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;

• амортизациялық құнмен - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;

• баланстың құнмен - жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал - активтің баланстық құны онын орнын толтыратын құн ан артқан сома.

Есеп мәліметтерінде табыс бөлігінің көп болуын көздейді. Сондықтан да олардың есептілікті өз мүддесіне тиімді болуына ұмтылуы да түсінікті, оларға қаржы тапшылығы кезінде аман қалуы үшін несие алуды, өз қаржы жағдайын өсіруді және т. б. жатқызамыз және де егер мемлекетте салық салу жүйесі тиімді дамыса, онда шаруашылық субъектісінің негізгі ісі ол өз табысын жасырып қалу және салық төлеуден қашу болып табылады. Мұнда тек қана біздің республикалық емес, басқа да республика үшін айтылып отыр.

Салық ұйымдары кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуіне мүдделі, өйткені бұл қазынаға түсетін иайданы арттырады, ал бүл болса олардың жалақысын өсіреді.

1. 2 Меншікті негізгі құралдар есебінің мәні

Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың талдамалық есебі әрбір тұгендеме объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме (инвентарълық) объектісі деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекгі жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлері мен ғимаратгарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

Кәсіпорындарда негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету ушін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер белгіленеді, ол сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жікгелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.

Кәсіпорындардың бухгалтериясында негізгі қүралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз-бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар жэне тағы басқалары қосылып бір түгендеме объектіні құрайтын болса, онда оның түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек түгендеме нөмірі беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай-ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуде үлгілі түрі НҚ-6 ведомоствоаралық түгендеу карточкасы қолданылады. Түгендеу карточкалар ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі.

Негізгі құралдары көп емес шағын ұйымдар мен бірлестіктер өздерінің негізгі құралдарын есептеу үшін түгендеу карточкалардың орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Бүл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды түгендеу кітапшада есептеген жағдайда түгендеу тізімі жүргізілмейді.

Кәсіпорындарда түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, техникалық паспорттар және басқа да негізгі құралдарды сатып алу, сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері және тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір түгендеме объектіге бір данадан толтырылып, ұйымның бухгалтериясында сақталады. Ол картотекада негізгі құралдар халық шаруашылығының саласына қарай жіктелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде түгендеу карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың атқаратын қызметіне жэне түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер және тағы да басқалар) орналастырылады. Кәсіпорындарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір жерден екінші жерге орны ауыстырылған негізгі құралдардың түгендеу карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталады. Сондай-ақ, келешекте пайдалану үшін сақтаулы тұрған негізгі құралдар мен басы артық тоқталып қойылган негізгі құралдардың да түгендеу карточкалары бұлек қойылуы қажет.

Түгендеу карточкалар мен кітапшалар талдамалық есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмірі, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық нөмірі, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) және тағы да басқа шартгы белгілері мен керекті мәліметтері жазылады. Толтырылған түгендеу карточкаларының үлгілі түрі НҚ-10 санды ведомствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылып отырылады. Бұл тізімдеме бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, түгендеу карточкаларының түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдар негізгі құралдарды жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімдемеге тіркейді.

Негізгі құралдардың сақталып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша үлгілі түрі НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады. Түгендеу карточкаларға қарағанда бүл тізімдеме келіп-түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша тек қана қысқаша мәліметтер, яғни объектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарьлық нөмірі, түгендеу карточка немесе түгендеу кітапшаға жазылған нөмірі, басқа да мәліметтері жазылады. Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде үлгілі түрі НҚ-13 түгендеу тізіміне кіріске алынған және шығыс етілген негізгі құралдар жайлы мәліметтер жазылып, бухгалтерлік есептің ақпараттарымен салыстырып, тексеріліп отырады. Бұл түгендеу тізіміне көрсетілген объектілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек. Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточка қолданылады. Ол карточка ұйымдарда негізгі құралдардың тиісті шоттарының түгендеу карточкалары мәліметтерінің негізінде толтырылады. Бұл карточкада негізгі кұралдардың жіктелу топтары мен түрлері есеп беретін айдың басындағы құны бойынша қалдығы, олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ-12 санды үлгілі түрінің мәліметтері негізгі құралдар жайлы есеп беруге пайдаланады. Ұйым бойынша негізгі құралдардың кірісі мен шығыс етілуін есептейтін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточкадағы қалдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырып, тексеріліп отырады.

Кәсіпорындарда түгендеу карточкалар және түгендеу кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырылады. Мұндай төлқұжаттарда негізгі құралдардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері және тағы да басқа деректер жазылуы тиіс.

  1. Негізгі құралдардың есебін реттеудің жалпы сипаттамасы:

түгендеу, жөндеу және тозуын есептеу

Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің эсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи жэне моральдық.

Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нэтижесінен жэне негізгі қүралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық қүбылыстар нэтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен пайда болады.

Негізгі қүралдардың моральдық тозуы техникалық прогреске, өндіріс эдістерін жетілдіруге және жаңғыртуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жүмыс істеп түрған негізгі күралдардың үқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі қүралдар өздерінің қүнының бөлігін жоғалтып, қүнсызданғандай болады.

Негізгі қүралдардың моральдық тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар, технологиялық процесті жетілдіру - жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды, шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда, жүмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жүмысшылар біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер өндірістің жэне пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін, өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат қүрамындағы өзгерістер өнеркэсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.

Моральдық тозудың эсері нэтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі қүрал-жабдықтар обьектілері жаңасына, эрі неғүрлым пайдалы түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі қүрал-жабдықтар обьектілерін қайта қүрып, жаңарту жүмыстарын жүргізеді. Мүражай жэне көркем туынды қүндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сэулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар жэне басқа барлық негізгі қүралдар моральдық тозуға үшырайды.

Амортизация - тозудың қүндық көрінісін білдіреді.

№ 6 «Негізгі қүралдардың есебі» БЕС [5] сэйкес, амортизация - активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған қүнды тарату процесі.

Амортизацияланған қүн бастапқы қүны мен жою қүнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар эрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.

Жаңадан пайдалануға берілген негізгі қүралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал

шығып кеткен негізгі кұралдар бойынша - шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.

Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.

Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.

Төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын көлік жолдары.

Негізгі кұралдардың тозуын есептеу үшін 13 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшесінің мынандай синтетикалық шоттары: 131 «Үйлер мен ғимараттардың тозуы», 132 «Машиналар мен жабдықтардың тозуы», 133 «Көлік кұралдарының тозуы», 134 «Басқа негізгі құралдардың тозуы» пайдаланылады.

Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің эртүрлі эдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субьектінің БЕС сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тэсілі бойынша жасалынады, олар:

  • Құнын бірқалыпты (түзу сызықты ) жолмен есептен шығару;
  • Құнын орындалғын жұмыстың көлеміне пропорционалды етіп есептен шығару (өндірістік эдіс) ;
  • Жеделдетіп есептен шығару;
  • Қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
  • Құнын сандардың жиынтығы бойынша ( кумулятивтік эдіс) есептен шығару.

Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизация есептеуддің эрқилы әдістері пайдаланылады. Бұл кезде негізгі кұралдың бір түрі бойынша бір ғана тэсілі пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері
Қаржылық менеджмент туралы ақпарат
Бухгалтерлік баланстың кәсіпорында қолдану ерекшеліктері
Кәсіпорынның қарыз капиталы
Капитал
«компания капиталының құрылымын оңтайландыру»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
Ұйымның капитал және резервтер есебі
Меншіктің акционерлік формасының негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz