Бастауыш сынып оқушыларының түсіну деңгейін қалыптастыру әдістемесі (еңбекке баулу пәні бойынша)



АННОТАЦИЯ.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР.
КІРІСПЕ.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Білім» және «білім сапасы» ұғымдарының педагогикалық мәні ...
1.2 Оқушылар білімін қалыптастырудағы білім беру жүйесі мен мазмұны.
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының түсіну деңгейін қалыптастырудың дидактикалық шарттары
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ТҮСІНУІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Оқушылардың түсіну деңгейін қамтамасыз етудегі оқыту мазмұны.
2.2 Оқушылардың түсіну деңгейін қамтамасыз етудегі оқыту технологиялары мен әдіс.тәсілдері.
2.3 Оқушылар түсінуін жүзеге асырудағы тәжірибелік жұмыстар ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі бастауыш мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді керек етіп отыр. Өмір талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста тәжірибелік қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір оқушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті дамиды. Жаңа білімді алу қажеттілігін туындаты, оқып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделген жоғары мәдениетті, білімді ұрпақ дайындайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжиірбелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек.
1. 1 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2014. – 23-б.
2. 2Қасқарбекова Ж., Разбаева Қ.Н. Бастауыш сыныпта білім беру үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану. http://mglm.kz/metodicheskie-razrabotki/75-asarbekova-zh-razbaeva-n-bastauysh-synypta-blm-beru-rdsnde-zhaa-tehnologiyalardy-oldanu.html.
3. 3Абдуллина Г.Т. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығы мазмұнын жобалаудың педагогикалық негіздері. 6D010300 – Педагогика и психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация Түркістан, 2013. http://www.kaznpu.kz/docs/disser_abdul.pdf – 8 бет.
4. 4Умиталиева Н.Р.. Бастауыш білімді дамытудың жаңа тәжірибесі, koipk.kz/kz/confnis3s/678-confnis.html.
5. 5Назарбаев Н.А. ҚР Президентінің « Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012.
6. 6Рысқұлбекова А.. Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы./ Бастауыш мектеп. 2005. №9, 19б.
7. 7Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет.
8. 8Бордовская Н. В., А.А. Реан. Педагогика. СПб.: Питер, 2006. — 304 б.
9. 9Қисымова А.Қ., Нұрланов Е.Б. Біртұтас педагогикалық процесте сабақтың технологиялық картасын құрудың үлгісі. // Әлеуметтік жаңғырту жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру. Халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдар жинағы. Астана, 6-7 желтоқсан, 2013, 341-346бб.
10. 10Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде : оқу құралы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері. – Қарағанды : Б. о. ж., 2011. – 201 б.
11. 11Кларин М.В. Развитие критического и творческого мышления // Школьные технологии. 2004. № 2. C. 3-10.
12. 12Ожегов С.И. Словарь русского языка: 70 000 слов/под ред. Н.Ю.Шведовой. -21-е.изд., перераб. и доп. -М.: Рус. яз., 1989. -924 б.
13. 13Советский энциклопедический словарь.-М.: Сов.энцикл., 1982. – 600 б.
14. 14Требования к знаниям и умениям школьников:Дидактико – методический анализ / под.ред. А.А.Кузнецова.- М.: Педагогика, 1987.-176б.
15. 15Полонский В.М. Критерии качества и эфективности научно – педагогических исследований// Советская педагогика. 1982.-№9- 65-70бб.
16. 16Василькова Ю.В. Страницы отечественного образование. -М., 1996.-376 б.
17. 17Конаржевский Ю.А. Менджмент и внутришкольное управление. –М.: Педагогический поиск, 2002.- 320б.
18. 18Шишов С.К.,Кальней В.А. Мониторинг качества образования в школе. –М.: Педагогический поиск, 2002. -224 б.
19. 19Епишева О.П.,Крупич В.И. Учить школьников учиться математике: формирование приемов учеб.деятельности. Кн.для учителя.- М.:Просвещение,1990.-128 с.
20. 20Поташник М.М. Оптимизация управление школой.-М.:Знание, 1991.-62б.
21. 21Лернер И.Я. Развивающее обучение с дидактических позиций.-М., 1996.-187 б.
22. 22Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007.
23. 23Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: Оқулық. –Алматы: Заң әдебиеті, 2005. 50-56 бб.
24. 24Қоянбаева Р. Педагогика. – Алматы: Мектеп, 2009.
25. 25Бабаев С. Педагогика. – Астана: Фолиант, 2012, - 451 б.
26. 26Краевский В.В. Содержание образования. –М.: Просвещение. 1989. 396б.
27. 27Абдукадирова С. Қазақстан педагогикалық газетінің оқушылардың білім сапасын арттырудың рөлі (1952-1972жж.) пед.ғыл.канд...автореф. – Тараз. 1998. – 28 б.
28. 28Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Қазақстан мектебі, №1, 2004.
29. 29Тягло А.В., Т.С. Воропай. Критическое мышление: Проблемы мирового образования ХХІ века. – Харьков: Университет внутренних дел, 1999, 285 б.
30. 30Мирсеитова С., Іргебаева Ә. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы, 2006
31. 31Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М., 1989.
32. 32Момынқұлова А., Алтаева Ш.. Ізденіс жұмысы – оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі. //Вторая Национальная конференция по Чтению. – Алматы: ХХІ век, 2001.
33. Ортаев Б.Т. Педагогикалық тарсырмалар: Оқу әдістемелік құрал. -Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2008. 4-10 б.
34. 34Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы, Алматы, - 1997.
35. 35Шаталов В. Ф. Куда и как исчезли тройки. Из опыта работы школ Донецка / В. Ф. Шаталов; Предисл. В. В. Давыдова. — М.:«Педагогика», 1979. — 134 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қызметте қолдау үшін

Қорғауға жіберілді
___________
кафедра меңгерушісі
________ п.ғ.д., доцент Б.Т.Ортаев

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының түсіну деңгейін қалыптастыру
әдістемесі (еңбекке баулу пәні бойынша)

5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

Орындаған Пернебаева С.А.

Ғылыми жетекшісі,
п.ғ.д., доцент Ортаев Б.Т.

Түркістан 2015

МАЗМҰНЫ

АННОТАЦИЯ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .
НОРМАТИВТІК 4
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
... ... ... ... ... ... ...
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН 7
ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 11
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Білім және білім сапасы ұғымдарының педагогикалық мәні ... 11
1.2 Оқушылар білімін қалыптастырудағы білім беру жүйесі мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының түсіну деңгейін қалыптастырудың
дидактикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ТҮСІНУІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ 37
2.1 Оқушылардың түсіну деңгейін қамтамасыз етудегі оқыту 37
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.2 Оқушылардың түсіну деңгейін қамтамасыз етудегі оқыту
технологиялары мен 46
әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
2.3 Оқушылар түсінуін жүзеге асырудағы тәжірибелік жұмыстар ... .. 50
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .58
... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН 59
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep
көрсетілген:
2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңы.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Қазақстан жолы –2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.

Назарбаев Н.А. ҚР Президентінің Қазақстан -2050 стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.
Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы. 

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
көрсетілген:
Білім - (латын тілінен аударғанда  scientia)  - адамдардың белгілі бір
жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. 
Білім сапасы - дегеніміз, ол оқыған, игерген білімін өзінше
ізденістермен толықтыра отырып, оны тәжірбиемен ұштастыра, күнделікті
тұрмыста пайдалану арқылы зердеге жинақтау. Сол арқылы сол алған білімінің
сапасының толық немесе толымсыз екендігіне сараптама (анализ) жасай отыра,
ары қарай жетілдіру.
Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos —
заң). Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы
бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты
бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.
Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде бейнеленуі.
Білу – таным мен ойлаудың ең төменгі деңгейі. Бұл категроия
мәліметтерді қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге
бағытталады, мағлұмат пен деректерді еске түсіреді.
Түсіну – таным мен ойлаудың орта деңгейі. Негізгі идеяларды
ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактылер
мен идеяларды түсінетіндігін көосету.
Қолдану – таным мен ойлаудың орта деңгейі. Жаңа білімдерді, әдістерді
және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты
жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді,
әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық
тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда
материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Талдау – таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Дәйектер мен себептерге
сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың
болғанын растайтын дәлелдерді анықтау. Оқу материалының құрылымы анық
көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату;
бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория
оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша
құралатындығын меңзейді.
Жинақтау (синтез) - таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.Жаңа үлгідегі
әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу
немесе балама шешім ұсыну; Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан
бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем
өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды
атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды
жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Бағалау - таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Пікірмен таныстыру және
оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын
бағалау.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру,
ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол
жеткізуді меңзейді.
Құзырет - нақты әрекет пен үдерістерге байланысты тиімді, өнімді
әрекеттер жасай алатындай дара тұлға сапаларының өзара байланысқан
бірлестігі (білім, іскерлік, дағдылар, іс-әрекет түрлері) .
Құзіреттілік – оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың
білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі
көрінетін білім берудің нәтижесі.
Білім беру - адамның жүйеленген білімді, білікті және дағдыларды
меңгеруі, ақыл-ойы мен сезімдерін дамыту, дүниетанымы мен таным үдерістерін
қалыптастыру үдерісі мен нәтижесі.
Білім беру мазмұны - ғылыми білімдер, біліктер мен дағдылар, дүние-
танымдық, құлықтық-эстетикалық идеялар, әлеуметтік, танымдық және
жасампаздық тәжірибе элементтерінен құралады.
Интерактивті әдістер - терминің ортақ түбірі – интер ағылшын тілінің
inter - аралық; act - әрекет ету деген сөздерінен енген. Интерактивті
әдістер тіркесін оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер,
ал интерактивті оқытуды өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған оқыту деп
түсінуге болады.
Педагогикалық тапсырма – оқу үдерісінің тиімділігін және сапасын
арттыруға, оқытуды белсенділендіруге қабілетті ететін, дайындықтың
деңгейін бақылау және оқыту құралы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы;
ҚР БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
Университет – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті;

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік
қатынастардың өркендеуі бастауыш мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді
керек етіп отыр. Өмір талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста
тәжірибелік қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Білім
негізі мектепте қаланады, яғни әрбір оқушының мектеп қабырғасында жүріп
ойлау қабілеті дамиды. Жаңа білімді алу қажеттілігін туындаты, оқып отырған
пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған
оқушыны тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделген жоғары мәдениетті,
білімді ұрпақ дайындайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін
арқалап келеміз, - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып
отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы
бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжиірбелерге сүйеніп,
жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы
жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек.
Сонымен қатар халыққа Жолдауында ел дамуының негізгі кепілі - білім
саласын ешуақытта назардан тыс қалдырған емес. Білім сапасын көтеріп,
мұғалім беделін арттыру, жаңа мектеп, балабақша салу сынды жұмыстар
елбасының тікелей тапсырмасымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алдағы үш
жылда мектеп жетіспеушілігін жойып, білім ордаларын мүмкіндігінше екі
ауысымға ауыстыру керектігін алға тартты.Сондай-ақ, үлгерімі жоғары
студентер мен оқушылардың қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру қажеттігін
айтып өтті. Мәңгілік Ел стратегиясын қолдаушы да, жалғаушы да осы
ұстаздар қауымы болмақ. Өйткені, мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт –бағдар
бере отырып еліміздің болашағын қалауға атсалушы. Елбасы Жолдауын жүзеге
асыруда ұстаздарға артылар міндет зор [1, 23б.].
Педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына
бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға және оны болашақ
мұғалімдердің жүзеге асыруына дайындығын қамтамасыз етуге ұмтылуы.
Оқушыларды жан-жақты дамыту мәселелері – бүгінгі қоғамның негізгі
міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы оқушыны дамыту Л.С.Выготский, А.В.Занков,
В.В.Давыдов, Ж.Асанов және т.б. еңбектерінде негізгі орын алады [2].
Бастауыштағы білім интеграциясы, бастауыш сынып оқушыларының оқу
әрекеттері, дүниеге көзқарасы, тәрбиелеу, еңбек іс-әрекеті тәжірибесін
қалыптастыру мәселесі тұрғысынан (Жиенбаева С., Мухамедин М., Жолдасбекова
С.А., Рыбкин А.Т., Жеделов Қ.О., Ауелбеков Е.Б., Жұмабекова Ф.Н.,
Байдыбекова А.Ө., Билялова Ж.Т., Қайыңбаев Ж.Т., Оспанов Т.Қ., Жанбөбекова
М.З., Аймағамбетова Қ.А., Мұханбетжанова Ә.М., Күнпейіс Ж., Төлеубекова
Р.К., Тұрғынбаева Б.А., Шахгулари В.В. және т.б. [3, 8 бет].
Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы екенін
ескере отырып, оқушылырға белгілі бір көлемдегі білімді меңгерту. Олардың
ой-өрісін жылма-жыл жетілдіріп, кеңейте түсу, дарынды олардың бойларында
адамгершілік қасиеттері бар, туған еліне және жеріне жаны ашитын, табиғатты
қорғайтын, үлкенге құрмет көрсететін, еңбек сүйгіш, ұрпақ оқыту мен
тәрбиелеу тәуелсіз еліміздің басты ұраны мен мақсаты болып отыр.
Ең маңыздысы оқушыны оқуға үйрету, мұның   өзін ол үшін басқа біреу
істеп береді деп үміттенбеуге үйрету, өздері жұмыс істеуге, көп нәрсені
зерттеу жолымен түсінуге үйрету керек деп Н.К.Крупская айтқандай  қазіргі
күннің талабы ұстаздардың оқушыларға білім мен тәрбие беруде көптеген жаңа
ізденістер мен кешенді жұмыстар жүргізулері, оқу-тәрбие үдерісін халықтық
педагогиканың негізгі идеяларына сүйене отырып құруды талап етеді. Қай
заманда болмасын есті де, еңбек сүйгіш, қайырымды, өз ана тілін сүйе
білетін және қадірлейтін, өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына берік ұрпақ
тәрбиелеу парыз.
Білім беру - шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере
отырып, белсенді іс-әрекет жасауына жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін
көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына өзін-өзі тәрбиелік
дамытуына,жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз.
Оқушының өзін тану үшін ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-
бір тәсілі-өзін-өзі рефлекциялық басқаруды жүргізе алуы.Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім
кезеңінен-ақ демократиялық қарым-қатынастарды орнықтыру көзделеді.Ол үшін
оқытуды мынандай басты ерекшеліктері дағдыға айналдырудың маңызы зор:
- өз тәжіребиесін пайдалана отырып,жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік
түсінік пен танымды қалыптастыру:
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен карай
алу:
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге
ұмытылу,одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;
- өз біліміндегі олқылыктарын көре біліу және оны жоюдың жолдарын табу.
Баланың өз білімімен тәжіребиесін қоршаған ортаны зерттеу әрекеттері
арқылы қалыптастырады;  мысалы, тақырып бойынша түрлі сызбалар, үлгілер
құрастыру, сарамандық тәжірибе жасап, одан түйін шығару, даулы мәселелерге
жауап іздеу т.б. [4].
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының түсіну деңгейін қалыптастырудың
ерекшеліктерін терең қарастыруды қажет етеді.
Зерттеу проблемасының көкейкестілігі мен жоғарыда аталған
қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеудің тақырыбын: Бастауыш
сынып оқушыларының түсіну деңгейін қалыптастыру әдістемесі (еңбекке баулу
пәні бойынша) деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының түсіну деңгейін еңбекке баулу пәні
негізінде қалыптастыруды теориялық тұрғыда анықтау және оның тиімді әдіс-
тәсілдерін ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
- білім және білім сапасы ұғымдарының педагогикалық мәнін ашу;
- білім беру жүйесін басқару ерекшеліктерін айқындау;
- бастауыш сынып оқушыларының түсіну деңгейін қалыптастырудың
дидактикалық шарттарын және оқыту мазмұнын анықтау;
- оқушылардың түсіну деңгейін қамтамасыз етудегі оқыту технологиялары
мен әдіс-тәсілдерін анықтап, педагогикалық үдерісте тиімділігін
тексеру.
Зерттеу объектісі: бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жүйесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының түсіну деңгейін еңбекке
баулу пәні негізінде қалыптастыру үдерісі;
Зерттеу әдістері: шығармашылық және дидактикалық материалдар,
ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу, талдау жасау,
педагогикалық-психологиялық тәжірибелерді жинақтау, салыстыру анализдеу,
синтездеу.
Зерттеу базасы: Түркістан қаласы, №17 Ататүрік атындағы мектеп-
гимназия;
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған
әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Білім және білім сапасы ұғымдарының педагогикалық мәні

XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша
білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Мектептегі білім беру
ісі ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңалықтарымен толықтырылуы
тиіс.
Елбасы Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты Жолдауында: Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болуы үшін
біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана
жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қағалы қашан. Біздің азаматтарымыз
үнемі ең озық жабдықтарымен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау
машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай – ақ балаларымыздың, жалпы
барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу
қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды,
- деген болатын [5].
Әрқандай адамзат қауымдастығының шарты - оның мүшелі мойындаған әр
тұлға сол қауымның нақты табиғи және әлеуметті тарихи жағдайларына
байланысты қалыптасып, қабылдаған құндылықтарын мойындап, қылық-әрекет
талаптарына бой ұсынады. Өзі қоғамдық қызметтерді орындауға қажет
қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену үдерісінде адам тұлғалық
кемелдену деңгейіне көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспа
жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне тұлғаның
дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшін іске асыра алу сияқты
үдерістерді де қамтиды.
Дегенмен, аталған үдерістерге байланысты міндеттердің шешімі бірде
мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған
мекемелердің қолдауымен және жеке адамның ынта-ықыласына негізделе кейде
кездейсок келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай жүргізілетін нақты мақсатқа
бағыттала ұйымдастырылған басқару үдерісі білім (образование) деп аталады.
Білім - өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға
мол қоғамдық-тарихи құбылыс, оның мән-жайын тануға кұштарлық білдірмеген
ғылым аз-ақ.
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы, ұлттың бүгіні де,
болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып
қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы
кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті
болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды
дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, — деген
[6, 19б ].
Тарихи материалдарды зерделеу негізінде білім беру жүйесінің,
мазмұнының, құрылымының дамуын қоғамның дамуымен, олардағы өзгерістермен
байланыстылығын көруге болады. Педагогикада қолданылып келе жатқан білім
түсінігі немістің "Віding"-"бейне" сөзі негізінде пайда болған әрі оның бұл
күндегі көпшілік таныған анықтамасы келесідей: кейбір идеалды бейнелерге
саналы бағытталған, тарихи шарттарга тәуелді қоғамдық сана-ой түбегейлі
әлеуметтік өрнек - эталонга сай бекіп, жүзеге ке-тчпін тұлғалық және рухани
қалыптасу мен әлеуметтену үдерісі. Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен
жеке индивидтер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде калыптасады. Осыдан да
ол ең алдымен әлеуметтік құбылыс.
Білімнің әлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім
мен әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу үдерісі қоғамның тіршілік
әрекеттерінен өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы
кәсіби адамдардың пайда болу дәуірінен басталады. Дегенмен, мәдениетке
мұралық ету әлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал-тәсілі ретінде
білім адамзат қауымының алғашкы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек
әрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өркениет жолында өз өрісін
тауып келеді.
Алғашкы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу
заңдылықтарын зерттеген ғалымдардың топшылауынша, ол дәуірдегі білім игеру
үдерісі қоғамдық өндірістің нақты іс-әрекетіне тікелей араласу нәтижесінде
атқарылатын болған. Оқу мен тәрбие, мәдени құндылықтарды әулеттен әулетке
жеткізу қызметтерін орындау әрбір ересектің борышты міндеті есептелген де,
ол міндет балалардың еңбек және әлеуметтік іс-әрекеттерге тікелей араласып
отыруының арқасында шешімін тауып отырған.
Қоғамның әрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік үдерісінде педагог
қызметін атқаратын болған, ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу
тайпасында) бұл жүктемені, яғни жас балаларды тәрбиелеу негізінен
жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайда да білім қоғам өмірінен
ажыралмай, оның ажыралмас бірлігіне айналған.
Балилар үлкендермен бірге қорек тауып, ошақ-отбасын құрып, еңбек
құралдарын жасай отырып, білік,өнеге үйренген. Әйелдер қыздарын үй
шаруашылығына үйретіп, балабағуға баулыған, ал ер адамдар ұлдарын
аңшылыққа, қару-жарақ ұстауға, пайдалануға тәрбиелеген. Жастар аға ұрпақ
өкілдерімен бірге жүріп, жануарларды қолға үйреткен, көкөніс өсірген,
сонымен бірге бұлттар мен аспан денелерінің қозғалысына ден қойып, табиғат
сырларын таныған, табысты аңшылық әскери жеңістерге қуана асыр сала билеп,
ән шырқаған, тайпаластарының бақытсыздығы мен ашаршылығын, жеңілістері мен
күйреулерін бірге басынан өткізіп, налыған да жабырқаған. Осыдан адам
білімденуі комплексті іске асып, өмір бойы үздіксіз дамуда.
Қоғамдық қатынастар шеңберінің өрістеуі, тіл мен жалпы мәдениеттің
дамуы жас ұрпаққа өткізілуі тиіс ақпарат пен тәжірибенің молдыға түсуіне
жол ашты. Бірақ оны игеру мүмкіндіктері шектеулі болды. Осы қарама-
қарсылықтың үйлесімді шешімі білім топтау мен көпшілік арасында таратуға
арналған арнайы әлеуметтік кұрылымдар мен әлеуметтік (институт)
мекемелердің түзілуіне байланысты болды.
Әлеуметтік құбылыс ретінде танылған білім - ең алдымен шынайы қоғамдық
құндылық, әрқандай қоғамның адамгершілік, интеллектуал, ғылыми-техникалық,
рухани-мәдени және экономикалық мүмкіндіктері білім беру саласының даму
деңгейіне тәуелді. Алайда білім қоғамдық - тарихи сипатта бола тұрып, өз
кезегінде, әлеуметтің білімдену функциясын іске асырушы қоғамның тарихи
типіне байланысты. Әр дәуір білімі сол кезеңдегі әлеуметтік даму
міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мәдениет деңгейін, саяси және
идеологиялық талаптар сипатын аңдатады. Себебі аталған факторлардың
ортасында қоғамдық қатынастар субъекті болған педагогтар мен оқушылар тұр.
Білім - (латын тілінен аударғанда  scientia)  - адамдардың белгілі бір
жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы.  [7,
384 б.].
Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.
Ол сана, таным, объективті әлем, субъект,ойлау, лог ика, ақиқат,парасат,
ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар
арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп
бұрын дүниеге келген.
Сонымен, білім – салыстырмалы дербес жүйе. Оның қызметі нақты ғылыми
біліктерді, идеялық-ізгілік құндылықтарды, ептіліктер мен дағдыларды,
әрекет-қылық нормаларын игеруге бағытталған, қоғам мүшелерінің тәрбиесі мен
оқуын іске асыру. Бұл бұлардың бәрінің астарында болатын мазмұн нақты
қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымы мен оның материалды
–техникалык деңгейімен айқындалып барады.
Білімнің жеке тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек.
Әсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді.
Білім әлеуметтік-қажеттілік болумен бірге біршама кызметтер атқарады.
Ғалымдар Н. В. Бордовская, А.А. Реанның пайымдауында білім қызметтері
төмендегідей:
- адамның ғылым және мәдениет әлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы.
Бүкіл дүние қазіргі таңда әлем және барша планета азаматын тәрбиелеуге
ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш-қуатын топтастыруда. Дүние
жүзілік білім кеңістігі жедел дамуда. Сондықтан да әлем қауымдастығы
адамның жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тәуелсіз
жаһандык білім стратегиясын қалыптасгыру талаптарын алға тартып отыр;
- тұлғаның әлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тәсілі.
Адамдардың идеологиялық көзкарасы мен талғамдарының, әлеуметтік
танымдарының, мұраттары мен тіршілік климаттарының түбегейлі өзгеріске
түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи және әлеуметтік
тәжірибені әулеттен әулетке өткізу үдерісін қалыпты жүргізуге мүмкіндік
береді, сонымен бірге жаңа саяси және экономикалык жағдайларды, қоғам және
мәдениет дамуын жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге
жәрдемдеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне бола,
адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икемделіп, бейімделеді.
- адамның қоғамдық және рухани өмірін, сонымен бірге жалпы халықтың
рухани сана қалыптастыру тетіктері: Білім беру және тәрбиелеу мекемелері
белгілі дәуір адамының әлеуметтік - мәдени іс-әрекеттерінің ең жоғары өрнек
- үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің әлеуметтік құндылығы білімді де
ізгілікт қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилық
(гуманистік) құндылығы әрбір жеке тұлғаның танымдық және рухани
қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Біртұтас білім жүйесінің барша
түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал және рухани-инабаттық
мүмкіндіктері жинақтальш, даму жолына түседі.
- мәдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық және қимыл-әрекет үлгілері мен
қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып (трансляция) баруы. Оқу және
тәрбие барысында адам өркениет дамуына қажет әрі мәдени-тарихи маңызы бар
әлеуметтік- мәдени нормаларды игереді, атап айтсак, олар: адамның
әлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен
бірге ортақтасу, жеке тұлғалық және іскерлік қатынастардағы моральдық және
ізгілік талап өлшемдері.
- аймақтың жүйелер мен ұлттың салт-дәстүрлердің даму әдісі. Кейбір
аудан тұрғындарының ерекшелігі педогогикалық міндеттерге өзіндік өң береді
[8, 304 б.].
Бүгін тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның білім беру жүйесінің алдында
басты проблеманың бірі ретінде: Ел азаматын қалай тәрбиелеу керек? деген
сұрақ тұрды. Неге? Проблема өзектілігі неде? Шынымен ғасырлар бойы,
баяғыдан бұл сұрақ қоғамның алдында тұрмады ма? Сын тұрғысынан ойлау –
Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең
басты педагогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе,
толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау,
талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол
әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті
әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын
ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады.
Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos —
заң).
Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін,
реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен
қағидалар бойынша жіктеу[9].
Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының
миымызда жалпылай және жанама түрде бейнеленуі.
Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің жоғары сыныптары мен
жоғары оқу орындарымен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың
негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту
мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең
оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән
беруге ынталандыру.
Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдері оқу-тәрбие үдерісінде
балалардың алған білімдерін тиімді қолдануларында, өз ойын ашық айтуда,
алған білімдерін жинақтап, бағалау біліктері бойынша жасалған зерттеулер
көрсеткендей оқушылардың көпшілігі дәріс кезінде барлық ақпараттың 10% -
дан аз бөлігін есінде сақтайды, аудио - визуалды қабылдау кезінде 20% - ын
сақтайды, ал көрсетілім кезінде 30% - ға дейін, талқылауда 50% - ын
сақтайды, тәжірибеде жасауда 75% - ын сақтаса, ал өзгелерді оқытуда 90%
ақпаратты есінде сақтап қалады екен.
Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ
қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар
қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен
қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен
келешекке ашық болады.
Блумның бұл таксономиясы танымдық үдерісті ең қарапайым деңгейден
(кесте-1) бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере
отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан

Кесте-1. Блум таксономиясының жүйесі

Мақсаттар жүйесі Оқушылардың іс-әрекеті
Білім Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім
негіздері
Түсінік Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді
Қолдану Алған білімді қолданады
Талдау Білімді жай қабылдамайды талдайды, саралайды
салыстырады
Жинақтау Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады
Бағалау Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не
мақұлдайды

кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен
жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз
тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке
ұласады. Қарама – қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының
білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп
отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үдерістің мақсаттары бірте-бірте
күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке
баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы
шыңдалады. Еңбек сабағындағы тапсырмаларды орындағанда оқушылар өзінің
болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра
білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады,
өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда
болған өзгеде жоқ қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Оқушы білімін
шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді
деңгей деп аталады.
Өнімді, шығармашылық деңгей – анализ талдау, синтез жинақтау,
баға. Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол, ол оқушыларды шығармашылық
деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді. [10, 201 б.].
Педагогикалық мақсаттардың алғашқы схемасының авторы американдық ғалым
Б.Блум болды. Ол (1956 жыл) бiрiншi таксономияның бiр бөлiгiн жарыққа
шығарды. Д.Кратволь басқа ғалымдармен келесi он жылдықта екiншi
(аффективтік саладағы) таксономияның бiр бөлiгiн жасады. Бiрiншi бөлiк
(когнитивтi) танымдық сала мақсаттарын сипаттайды. Алдымен іс-әрекет және
соған сәйкес олар қамтитын мақсаттар сипатталады.
1. Когнитивтi (танымдық) сала (облыс). Бұл салаға оқыған материалды
есте сақтау мен еске түсіруден (елестету) мәселені шешуге дейінгі мақсаттар
енеді, бар білімді ой елегінен қайта өткізу қажеттілігі алдын ала
зерделенген идеялармен, әдістермен, әрекет тәсілдерімен (процедуралармен)
олардың жаңа үйлесімділігін тұрғызу, жаңаны жасауды қамту қарастырылады.
2. Аффективті (эмоциональды-құндылық) сала. Бұл салаға қарапайым
ұғынудан бастап құндылық бағдарлар мен қатынастарды меңгеруге дейінгі
қызығушылықты, олардың белсенді жүруін қамтитын қоршаған орта құбылыстарына
эмоциональды-жеке тұлғалық қатынасты қалыптастыру мақсаттары қатысты болып
табылады. Бұл сфера мақсаттары - қызығушылықты және бейімділікті,
әсерленушілікті немесе басқа да сезімдерді қалыптастыруды, қатынасты және
оны жете түсіну мен іс-әрекетте жүруін қамтиды.
3. Психомоторлы облыс. Бұл сала қозғалыс (моторлы), манипулятивті іс-
әрекет түрлерін, ж.йке-күш координациясын қалыптастырумен байланысты. Бұл
жазу дағдылары, сөйлеу дағдылары; дене тәрбиесінің, еңбекке баулудың
ұсынылған мақсаттары Танымдық саладағы педагогикалық мақсаттар
таксономиясының оқыту   қызметінде пайдаланудың мүмкін әрі жөн екенін шын
мәнінде түсіну үшін сабақтың технологиялық картасы Мұғалімге ақпарат
бөлімінің Күтілетін нәтиже тармағында беріліп отырған кестені қолданудың
мына бір әдістемесін ұсынды. Әдістеме Б.Блумның әдістемелік нұсқауларына
(Bloom,B.S. 1956. Taxonomy of Educational Objectives, Handbook I: The
Cognitive Domain. New York: David MeKay Co Inc.) сәйкес берілген мәлімет
болып саналады.
Б.Блум бойынша танымдық салаға білім әрі ақыл-ой дағыдыларын дамыту
процесі жатады. Бұл саланың құрамына ерекше фактілерді, рәсімдер үлгілері
мен ұғымдарды еске түсе оларды тану секілді қызметтер кіреді, бұлар ақыл-ой
қабілеттері мен дағдыларын  дамытады.
Төмендегі 2-кестеде әр алуан сипаттамалар алты ірі категорияларды
қиындық деңгейлер деп түсінсе болады, өйткені әрбір келесі деңгейге өту
үшін оның алдынғысын меңгеріп алуқажет етеді.
  
Кесте – 2. Білім деңгейі көрсеткіштерінің сипаттамалары
Катеогрия Мысалы мен  түйінді  ұғымдары
Білім деректерді не Мысылдары: Стратегияны баяндау. Сатып
ақпаратты  еске  түсіру. алушыға тауарлардың бағасын жатқа айту.
Қауіпсіздік технологиясын білу.    
Түйінді ұғымдары:анықтайды, сипаттайды,
ұқсатады, біледі, қайсыбір категорияға
жатқызады,атап шығады, таниды, жаңғыртады,
іріктейді, тұжырымдайды.
Түсінік: Мағананы, мәліметті Мысылдары: Жазбаша бақылау жұмысының
бір өлшем бірлігінен ережелерін қайта қарау. Күрделі тапсырманы
екіншісіне аударуды, нұсқауларорындаудың қадамдарын өз сөзімен жеткізу.
мен проблемалар түсіндірмесін Теңдеуді компьютердің электронды кестесіне
ұғу. Проблеманы өз көшіру.
сөзімен  сипаттау. Түйінді ұғымдары: түсінеді, жақтайды,
айырып  таниды, жуықтап бағалайды,
түсіндіреді, кеңейтеді, жинақтап қорытады,
мысал келтіреді қорытынды шығарады,
түсіндірмесін береді, парафразалайды,
болжайды, қайта қарайды, түйіндейді,
аударады.
Қолданыс:  Ұғымды  жаңа Мысалдары: Анықтаманы пайдалана отырып,
жағдайда  пайдалану, я болмасақызметкерлердің демалыс уақытын
абстракцияны еш жәрдемсіз есептеп  шығару. Жазбаша тестінің
қолдану. Сынып бөлмесінде сенімділігін  бағалауда  стастика   заңдарын
(аудиторияда) үйренгенді жұмыс  қолдану.
орында отырып бейтаныс Түйінді ұғымдары: қоладанады, өзгертеді,
жағдайға  байланысты қолдану. есептеп шығарады, құстарды көрсетеді, сырын
ашып біледі, қолмен шеңбер жұмыс істейді
(манипуляция жасайды), түрлендіреді, әрекет
етеді, болжайды, әзірлейді,жасап
шығарады,байланысын анықтайды,танытады,
шешеді, пайдаланады.
Анализ: Заттық нәрсенің я Мысалдары: Жабдықтың қайсыбір бөлшегіндегі
идеяның құрылымы түсінікті ақауын дедукциялық әдістің көмегімен тауып,
болу үшін жөндеу. Дәлдеме қисынынан қате ойды көру.
оларды бөлшектеп  қарастыру. Бөлімшеден (мекемеден) келіп түскен
Фактілерді ой-тұжырымдардан мәліметті жинақтап,оның ішінен орындалып
айырып тану. бітуі үшін ізденуді  қажет  ететін
тапсырмаларды  іріктеу.
Түйінді ұғымдары: талдайды, бөлшектеп
қарастырады, салыстарады, қарсы қойып
салыстырады, сызба нұсқа түрінде
бейнелейді, бар құрылымды бөлшек-бөлшекке
ажыратады (деконструкциялайды), саралайды,
ерекшелейді, айырып таниды, ұқсатады,
суреттейді, қорытынды шығарады, бейнелеп
айтады, байланысын анықтайды, іріктейді,
ұсақтап бөледі.
Синтез: Құрылымы я үлгіні Мысалдары: Компания операциялары немесе
алуан түрлі элементтерден технологиялық процесі жайлы нұсқаулық жазу.
жасау. Құрамдас бөлшектерді Ерекше бір тапсырманы орындау мақсатында
біріктіріп, жаңа мағананы, я мәшине жобасын (механизм) жасап шығару.
болмаса құрылымды шығаруға Проблема шешу үшін бірнеше дереккөзден
баса назар аудару. алынған оқу материалын
кіріктіре  пайдалану.Алынған нәтижені
жақсарту үшін оны өңдеп түзету.
Түйінді ұғымдары: категорияларға бөледі,
қиыстырады, компиляциялайды, тұтастырады,
жасайды, ойлап табады, жобалайды,
түйсіндіреді, қозғау салады, түрлендіреді,
ұйымдастырады, жоспарлайды, қайта
топтастырады, қайта қарайды, түйіндейді,
сөйлейді, жазады.
Баға: Идеялардың не заттық Мысылдары: Ең тиімді деген шешімді таңдау.
нәрселердің құндылығы жайлы Ең білікті деген кандидатты жалдау. Жаңа
пікір қалыптастыру. бюджетті түйсіндіріп негіздеу.
Түйінді ұғымдары:  есептейді, салсытырады,
шешім қабылдайды, қарсы қойып салыстырады,
сынайды, сыни талдау жасайды, жақтайды,
сипаттайды, ерекшелейді, бағалайды,
түсіндіреді, түсіндірместен береді,
негіздейді, байланысын анықтайды,
түйіндейді, қолдайды.

Міне, көріп отырғаныңыздай, Блумның классикалық түсіндірмесі біз
білетін Блумнан әлдеқайда нақтырақ десек болады. Тағы бір назар аударатын
жайт, Блум ажыратқан категориялардың мағынасын Блумша түсіну аса қажет
етеді. Мәселен, Блум категориясын Блум көрсеткендей деректерді не
ақпаратты еске түсіру деп тар мағанасында ұғыну керек. Содан соң осы
категорияның мағанасына сай, сабақ тақырыбына қисыны келетін  түйін
ұғымдарды таңдап алуға мегзейді [9, 341-346б].
М.В.Кларин когнитивті және аффективті мақсаттарды қамтитын,
таксономияның кеңінен әзірленген және жалпы қолданылатын саланың негізгі
категорияларын келтіреді
Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының
миымызда жалпылай және жанама түрде бейнеленуі.
Білу – таным мен ойлаудың ең төменгі деңгейі. Бұл категроия
мәліметтерді қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге
бағытталады, мағлұмат пен деректерді еске түсіреді. Білімгер:
- қолданылатын терминдердi (есте сақтайды және еске түсіреді) бiледi;
- нақты фактілерді (айғақтарды) бiледi;
- әдiстер және процедураны бiледi;
- негiзгi ұғымдарды бiледi;
- ережелер мен қағидаларды бiледi.
Түсіну – таным мен ойлаудың орта деңгейі. Негізгі идеяларды
ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактылер
мен идеяларды түсінетіндігін көосету.
Оқушы :
- фактілерді (айғақтар), ережелер мен қағидаларды түсiнедi;
- сөздiк материалдарды, схемаларды, графиктерді, диаграммаларды
түсiндiрiп бередi (интерпретирует);
- сөздiк материалдарды математикалық өрнектерге өзгертедi
(түрлендіреді);
- бар мәлiметтерден туындайтын алдағы салдарларды дұрыс (оң)
сипаттайды.
Қолдану – таным мен ойлаудың орта деңгейі. Жаңа білімдерді, әдістерді
және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты
жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді,
әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық
тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда
материалды тереңірек игеруді талап етеді. Оқушы :
- жаңа ахуалдардағы қағидалары да ұғымды пайдаланады;
- заңдар, нақты жаттығу ахуалдарындағы теориясын қолданады;
- әдiс немесе процедураның дұрыс қолдануының көрсетедi.
Талдау – таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Дәйектер мен себептерге
сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың
болғанын растайтын дәлелдерді анықтау. Оқу материалының құрылымы анық
көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату;
бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория
оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша
құралатындығын меңзейді. Оқушы :
- (анықталмаған ) бүркеме жорамалдарды ерекшелейдi;
- пiкiрлердiң логикасындағы қате және бiлместiктi көредi;
- айғақтармен және салдарлардың арасындағы шектеу өткiзедi;
- мәлiметтердiң маңыздылығы бағалайды.
Жинақтау (синтез) - таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.Жаңа үлгідегі
әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу
немесе балама шешім ұсыну; Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан
бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем
өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды
атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды
жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді. Оқушы :
- ептеген творчестволық шығарма жазады;
- тәжiрибе өткiзудiң жоспар ұсынады;
- мәселе не бiр шешiмнiң жоспар белгiлеу үшiн әр түрлi облыстардан
бiлiмдi пайдаланады.
Бағалау - таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Пікірмен таныстыру және
оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау.
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын
білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол
жеткізуді меңзейді. Білімгер:
- материалдың логикалық тұрғызылуын жазба мәтін түрiндегi бағалайды;
- ішкі критерийлерден туындайтын іс-әрекет өнімінің мәнін, бар
мәліметтер қорытындыларының сәйкестігін бағалайды;
- сыртқы критерийлерден туындайтын іс-әрекет өнімінің мәнін бағалайды.
[11, 3-10б.].
Осы орайда мұғалімнің негізгі ұстанатын мақсаты – білім берудің жаңа
үлгісін жасап белгілі бір көлемдегі білім мен іскерлік дағдыларын меңгерту
үшін оқу мен тәрбие үдерісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс –
тәлсілдердің іздестіре отырып, жаңа технологияларды сабақта тиімді
пайдалана білу қажет. Нәтижелі педагогикалық үдерістің барысында жақсы
маман даярлығын жүзеге асыру болып табылады.
Қазіргі кезеңде барлық сала мамандарының құзыреттері туралы пікірлер,
кәсіби маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдар, педагогтар,
психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің
қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік ( компетентность)
және құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. С.Ожегов сөздігі
бойынша біріншісі, белгілі бір кәсіби қызыметке байланысты, қандай да
болмасын мәселеден хабардар болу, беделділік, ал екіншісі, қандай да бір
істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет
етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері.
Құзырет (компетенция) - нақты әрекет пен үдерістерге байланысты тиімді,
өнімді әрекеттер жасай алатындай дара тұлға сапаларының өзара байланысқан
бірлестігі (білім, іскерлік, дағдылар, іс-әрекет түрлері) .
Құзіреттілік – оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім
алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін
меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.
Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесін қарастыруда анықталуы тиіс
ұғым - білім сапасы. Сапа - объектіні басқа емес, дәл сол объект ететін
маңызды анықтылықты, айқындалғандықты көрсететін философиялық категория.
Сапа - объектілердің объективті және жалпылама сипаттамасы және олардың
қасиеттерінің жиынтығы ретінде білінеді.
Ал білім сапасы - дегеніміз, ол оқыған, игерген білімін өзінше
ізденістермен толықтыра отырып, оны тәжірбиемен ұштастыра, күнделікті
тұрмыста пайдалану арқылы зердеге жинақтау. Сол арқылы сол алған білімінің
сапасының толық немесе толымсыз екендігіне сараптама (анализ) жасай отыра,
ары қарай жетілдіру. Бір сөзбен айтқанда "Білім инемен құдық қазғандай" -
деген сөздің тура мәнін ұғыну [12, 924б.]. Сонымен объектінің орнықты,
тұрақты және оның мәнін анықтайтын сипаттамаларын құрайтын қасиеттері
объектінің сапасы деп аталады.
Требования к знаниям и умениям школьников атты авторлық бірлестікте
жазылған монографиялық еңбекте, Т.Л.Коган оқыту нәтидесінің сапасы туралы
тұтастай білім сапасын арттыру, білім беру тиімділігі туралы жазылып
жүргендігін айтады [13, 64б.]. Сондай-ақ, Т.Л.Коган сапа деп - меңгеру
нәтижесінің толықтылығы, дұрыстығы сияқты жекелеген едәуір мәнді
қасиеттерін түсінеді, білім сапасын меңгеру нәтижелерінің біртұтас және
тұрақты айырылып білінуі ретінде көрінуі мүмкін екендігін атап көрсетеді
[13, 65б.].
Білім сапасы дегеніміз - мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе
мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру
қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Педагогикалық зерттеулерде: оқушылардың білімінің сапасын – білімнің
балалардың өзінің іс-әрекеті объектісіне, объективті шындыққа деген
қатынасын қалыптастыру базасы ретінде қызмет ету қабілетін құрайтын
белгілері мен қасиеттерінің бірлігі ретінде де анықталады [13, 66б.].
Т.Л.Коган оқушылардың білімін оқыту үдерісінің, ең алдымен оқыту
мазмұнын меңгерудің нәтижесі деп санайды және де білім сапасын үш деңгейге
бөледі [13, 69-79 бб.].
1. Пәндік-мазмұндық деңгей. Бұл деңгейде білім сапасы
толықтығымен,талдап қорытындыланумен, жүйелігімен сипатталады.
2. Мазмұндық-іс-әрекеттік деңгей. Білім сапасының екінші деңгейі
беріктіктігімен,жұмылдыруымен (дайын тұрушылығымен), әрекеттілігімен
сипатталады. Бұл деңгей оқушылардың білімінің кейінгі өңделуінің және
түрлендірілуінің нәтижесін сипаттайды.
3. Мазмұндық жеке тұлғалық деңгей. Бұл деңгейде оқушының жеке басының
ақыл-ой іс-әрекетінің (ақылының) қандай да бір қасиеттерінің оқыту
ықпалымен қалыптасуы қарастырылады, олар: тұрақтылық, оралымдылық, тереңдік
сияқты қасиеттер.
Н.Н.Самылкина өзінің еңбегінде меңгерілген білімнің сапалық сипаттамасы
жөнінде Т.Л.Коганның ойын қуаттай келе деңгейлерді төмендегідей бөліп
көрсетеді:
-пәндік-мазмұндық (қалыптастырылған білімнің толықтығы және
жүйелілігі);
-мазмұндық-іс-әрекеттік (оқушылар білімінің беріктігі мен әрекеттілігі)
;
-мазмұндық-жеке тұлғалық (білімді қолдану кезіндегі өзбетінше әрекет
етушілігі және оперативтілігі).
Біздер қарастырып отырған оқушылардың білім сапасы және оны арттыру
жолдары көптеген дидактикалық зерттеулерде біршама қарастырылған.
Тарихи материалдарды зерделеуге ( Данилов М.А., Есипов Б.П., Занков
Л.В., Ганчаров Н.К., т.б.) сәйкес XX ғасырдың 30-60 жылдарында оқушылырдың
білім сапасын арттыру мәселесі дидакттардың назарында болды және ұдайы
жетілдірілу жұмыстары жүзеге асырылғандығын көруге болады. Зерттеушілер оны
әр қырынан зерттеді, атап айтқанда, таным теориясы басшылыққа алынып,
саналық, жүйелілік, оралымдылық, ықпалдылық, беріктік сияқты қасиеттрді
оқушылар білімінің сапасы ретінде тереңірек және жан-жақты ашып көрсетуге
талпынды. Олар оқушыларда білім сапасының жоғарыда келтірілген қасиеттерін
қалыптастыруда бақылаудың, салыстырудың, талдаудың, талдап қорытудың,
білімді практикада қолданудың, оқыту (бастамашылығы мен ынталы әрекетін),
шығармашылық қабілеттерін дамытудың, қайталаудың, оқушылардың есте сақтау
қабілетін дамытудың ролін атап өтті. Зерттеуші ғалымдар мектепте оқушыларды
терең, саналы, берік, жүйелі, ықпалды біліммен қамтамасыз етудің жолдарын
ұсынды, шарттары мен құралдарын анықтады [14, 176б.].
Білім сапасы жөніндегі берілген педагогтардың анықтамаларына тоқталар
болсақ.
В.М.Полонский: білім сапасы - мектеп түлектерінің оқу мен тәрбиенің
жоспарланған мақсаты негізінде белгілі бар білім, біліктілік, ақыл және
танымдық даму деңгейі, - деген анықтама береді [15, 28 б.]
Ю.В. Василькованың Страницы отечественного образования атты еңбегінде
білім сапасы білім мекемелеріндегі оқыту іс-әрекеттерінің аспектілері:
білімнің мазмұны, оқыту әдістемесі, әдісі, материалдық- техникалық базасы,
мамандардың құрамы т.б. оқушыны дамытуға қатысы бар көрсеткіштердің
жиынтығы арқылы анықталып, білім сапасы білім беретін мекемелерде олардың
барлық іс-әрекетінің бағыттарында қарастырылады, олардың жиынтығының
нәтижесінде жүзеге асады және білім беру мекемесінің оқудағы әрекетінің
аспектісін бейнелейтін білім сапасы көрсеткіштерінің жиынтығы:
- білімнің мазмұнымен;
- оқытудың түрлері және әдістерімен;
- мектептің материалды – техникалық базасымен;
- мамандардың біліктілігімен, тәжірибесімен анықталады [16, 65-70бб.]
Ю.А.Конаржевсийдің пікірінше, білім беру сапасы – қойылған талаптарға
тұлғаның азаматтық кәсіптік құзырлығының қалыптасуы мен даму дәрежесінің
ішкі және сыртқы тұтынушылардың сұранысы мен күткеніне сәйкес келу
деңгейімен сипатталатын білім беру үдерісінің жайы мен нәтижелілігі; білім
алушылардың белгілі бір кезеңде қол жеткізген білім мен біліктілік, ақыл-
ой, адамгершілік және дене көрсететін білім беру қызметінен күтетін білім
беру үдерісіне қатысушылардың қанағаттанушылық деңгей [17, 224б.].
С.Е.Шишов, В.А.Кальней өздерінің Мектепте сапалы білім берудің
моноторингі деген еңбегінде жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің
бағалау критерийі жайлы нақтылап жазып, білім беру сапасы –қоғамның
тұтынымының дамуымен және сұранысына талап сай келіп және тұлғаның
кәсібилілігін, адамгершілігін, қоғамдық өмірге бейімдеу қабілетін
қалыптастырып, қоғамдағы білім үдерісінің күйін және нәтижесін анықтайтын
әлеуметтік категория деп қарастырылған [18, 224б.].
О.Б.Епишева мен В.И.Крупич Учить школьников учится математике атты
еңбегінде білім сапасының оқыту әдістерімен, оқыту тәсілдерінің
кезеңдерімен, оқу іс-әрекетінің қасиеттерімен сәйкес қалыптастырылатын
қасиеттерді нақты көрсеткен [19, 224 б.].
Ғалымдар кең көлемде білім сапасы ұғымын, білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты негізінде оқытудың соңғы нәтижесі деп
қарастырады. Білім сапасы қоғамның сұранысына және білімді тұтынушының
талабына сай болуы керек. Әсіресе педагогикалық менджмент және маркитинг
теориясында білім сапасының мәселелеріне ерекше мән береді. Көптеген
ғалымдар білім сапасының әдістемелік, теориялық, мониторингтеу аспектісін
толық және білім беру мекемесіндегі білім беру әрекеттерін жекелеме
қарастырады. Білім сапасының теориясын жасауға өз үлесін қосқан белгілі
ғалымдар М.М.Поташник [20, 62б.], С.Е. Шишов [18,320б.], Конаржевский Ю.А.
[17,224с], Василькова Ю.В. [16, 376 б.] болып табылады.
Біздер үшін академик И.Я.Лернердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Шығармашылықты дамыту мақсатында бағдарламада
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
Көрнекі құралдар түрлері
«Көркем еңбек» пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Пәндер