Мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастыруда технологиялық қатынастың тиімділігін көрсету



1. КІРІСПЕ
2. Болашақ мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметтерінің біліктілік сипатын көрсету (әлемдік және отандық педагогика ғылымының тәжірибесіне талдау, сараптау жұмыстарын жүргізу)
1. Мұғалімнің дербес қызмет стилін анықтау сауалнамасы
3. Педагогикалық технология және технологиялық қатынас туралы ұғымдық.түсініктік аппаратты дайындау, оларға ғылыми.теориялық негіздеме беру
4. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқу және кәсіби қызметке даярлығын басқаруда технологиялық қатынасты қолдану тәжірибесі мен мүмкіндіктерін көрсету (анықтаушы эксперимент ұйымдастыру)
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоғары сыныптағы-ларға орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды енгізу қарастырылуда. Бейіндік оқыту, білім беру сапасын көтеру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асыру әдістерінің бірі ретінде ұсынылып отыр.
Стратегиялық анықталғандай жалпы орта білім беру бағдарламалары «білім беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін болады». Оқушыларға «дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беріледі. Шығармашылық қызмет пен жеке қабілетінің дамуына ерекше орын беріледі. Жинақталған білімді тауып алу өздігінен және шығармашылықпен қолдана білуге ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген ұғымдарды кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі».
Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесі дамуының өзектілігі бірқатар факторларға байланысты, олар төмендегідей:
- білім беру нәтижелері жүйесінің кеңейуі: білім, білік, дағды және құзыреттер;
- мектептердің білім берудің 12 жылдық моделіне көшуі;
- жоғары сыныптағылардың оқуын ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі;
1. Колесникова Н.А. Педагогическая реальность: опыт межпарадигмальной рефлексии. - Санкт-Петербург, 1999.
2. Абдуллина О.А. Общепедагогическая полготовка учителя в системе высшего педагогического образования. – М., 1990
3. Хмель Н.Д.Теоретические основы профессиональной подготовки учителя: Дис. ...докт.пед.наук. – Киев, 1986
4. Пралиев С.Ж. Научно-педагогические основы профессиональной адаптации молодых специалистов в системе «вуз- общеобразова-тельная школа»: Автореф. дис. ...докт. пед.наук. – Бишкек, 2002
5. 6. Педагогические технологии: Учебное пособие для Білімгеров пед.спец.-тест/ Под общей ред. В. С. Кукушкина. Серия «Педагогическое образование». Ростов-на-Дону: изд.центр «Март», 2002.
6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2004.
7. Қазақстан Республикасында орта білімнің дамыту тұжырымда-масы. - Алматы: Қазақстан, 1997.
8. Қараев Ж. Сущность технологии трехмерной методической системы обучения // Менеджмент в образовании. 2005, №6.
9. Ахметов А. К. Принципы технологии и содержание образовательной программы. Алматы.
10. Ахметова Г.К Современное образование Қазахстана в поисках идеала. В кн.: Кредитная система обучения: опыт внедрения и перспективы. Алматы: Қазақ университеті.
11. Әбілқасымова.А Жоғары мектепте оқытудың дидактикалық жолдары туралы. //Ұлт тағлымы, 2003, №4.
12. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004.
13. Әнуар Ж. Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісіне қолдану. ІІ ХХІ ғасыр мектебі, 2003, №1-2.
14. Бабанский Ю.К. Педагогика. М., 1986.
15. Баранова И. В., Лактионова С. Н. Тип обучения: к проблеме определе-ния нового дидактического понятия. // Поиск. Научный журнал.
16. Баранова И. В. Проблемы педагогических иноваций //Вестник НДП. 1993.№13.
17. Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика. 1989.
18. Беспалько В.П. Основы теории педагогических систем . Воронеж,
19. Беспалько В.П., Татур Ю.Г. Системно-методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса подготовки специалистов. М., 1989.
20. Бұзаубақова.К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМУ, 2003.
21. Бұзаубақова К.Ж. Қазақстан республикасында білім берудің инновациялық бағыттары. // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материлдары. Көкшетау, 2006.
22. Внедрение кредитной технологии подготовки специалистов в Университете «Мирас». Шымкент, 2003.
23. Глобализация образовательного рынка: реформа университетов Центральной Азии: Четвертая ежегодная международная конференция Образовательной сети. 5-6 апреля 2004г., Алматы, Казахстан.
24. Ахметов А. К. Принципы технологии и содержание образовательной программы. Алматы.
25. Ахметова Г.К Современное образование Қазахстана в поисках идеала. В кн.: Кредитная система обучения: опыт внедрения и перспективы. Алматы: Қазақ университеті.
26. Әбілқасымова.А Жоғары мектепте оқытудың дидактикалық жолдары туралы. //Ұлт тағлымы, 2003, №4.
27. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004.
28. Әнуар Ж. Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісіне қолдану. ІІ ХХІ ғасыр мектебі, 2003, №1-2.
29. Бабанский Ю.К. Педагогика. М., 1986.
30. Баранова И. В., Лактионова С. Н. Тип обучения: к проблеме определения нового дидактического понятия. // Поиск. Научный журнал.
31. Баранова И. В. Проблемы педагогических иноваций //Вестник НДП. 1993.№13.
32. Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика. 1989.
33. Беспалько В.П. Основы теории педагогических систем . Воронеж,
34. Беспалько В.П., Татур Ю.Г. Системно-методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса подготовки специалистов. М., 1989.
35. Бұзаубақова.К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМУ, 2003.
36. Бұзаубақова К.Ж. Қазақстан республикасында білім берудің инновациялық бағыттары. // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материлдары. Көкшетау, 2006.
37. Внедрение кредитной технологии подготовки специалистов в Университете «Мирас». Шымкент, 2003.
38. Глобализация образовательного рынка: реформа университетов Центральной Азии: Четвертая ежегодная международная конференция Образовательной сети. 5-6 апреля 2004г., Алматы, Казахстан.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Есеп-33 беттен, 4 бөлімнен, 3 кестеден, 1 суреттен, 38 әдебиеттен тұрады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу және кәсіби қызметке даярлығын
басқаруды ұйымдастырудағы технологиялық қатынас

Зерттеу объектісі: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу және
кәсіби қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастыру үдерісі.
Жұмыстың мақсаты: мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметке даярлығын
басқаруды ұйымдастыруда технологиялық қатынастың тиімділігін көрсету.
Зерттеу жұмысын жүргізу әдіснамасы мен әдістері: білім беру
субъектілерінің білім алу мақсатына жетуі және тұлғалық дамуына бағытталған
педагогикалық қызметтің сабақтастығы жүйесін қамтамасыз ететін жоба мен
оны жүзеге асыру механизмін технологиялық қатынас деп түсіндіреміз
(В.Д.Шадриков, Л.Цукерман). Педагогикалық технологиялар-дың негізгі
қызметтері – оқу үдерісінің білімдік мазмұнын және тұлғаның дамуы жолдарын
анықтау тетіктерін қамтамасыз ету.
Зерттеу жұмысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби
қызметке даярлаудың технологиялық қатынасын қалыптастыру мен дамыту-дың
заңдылықтарын қарастыратын технологиялық тұтастықты қамтамасыз ету
принципінің тиімділігі зерттелген. Бұл принцип екі бағытта қарастырыл-ды:
біріншісі - технологиялық тұтастық принципі: технологиялық жүйе
элементтерінің құрылылымының инварианттылығын қамтамасыз ету болса,
екіншісі – тұлғаның даралық ерекшеліктеріне бейімдеу арқылы вариативті-
тұлғалық оқытуды ұйымдастыру болып табылады.
Жоспар бойынша білім беру субъектілерінің кәсіби қызметінің
біліктілік сипатын айқындау мақсатында Қазақстан республикасында білім
беру саласына қатысты соңғы 2004-2010 жылдарда жарық көрген нормативті
құжаттар зерттелді және олардағы өзгешеліктер мен негізгі даму бағыттары
есепке алынды:
- ҚР 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004 ж.
- ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы, 2004 ж.
- ҚР жоғары педагогикалық білм беру тұжырымдамасы, 2005 ж (жоба).
- ҚР 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, 2005 ж (жоба).
- Бейінді оқытуды дамыту тұжырымдамасы, 2008 ж (жоба).
- ШЖМ дамыту тұжырымдамасы, 2009 ж (жоба).
- Техникалық және кәсіптік білім беруге арналған мемлекеттік
бағдарламасы, 2007ж.
- ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы, 2010 ж.
Зерттеу барысында мұғалімдердің кәсіби қызметтерін құзырлылық қатынас
негізінде анықтау қажеттілігіне байланысты 2009 жылы 27-28 наурызда Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты базасында өткізілген Республикалық
ғылыми-практикалық конференцияда Педагог қызметкер-лердің деңгей бойынша
біліктілік сипаты (1-4 сыныптар, 5-10 сыныптар, 11-12 сыныптар) нормативті
құжат басты құжат ретінде қабылданды.
Болашақ мұғалімді даярлаудың психологиялық-педагогикалық негізін
анықтауда А.Абдулинаның, А.Лобачевтің, Б.Сейтишевтің, В.Сластениннің,
Н.Кузьминаның, М.Н.Сарыбековтың, т.б. еңбектеріне талдау жасалынып,
зерттеу жұмысының ғылыми-педагогикалық ұстанымдары дайындалды. Осы
ұстанымдар негізінде Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу және кәсіби
қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастырудағы технологиялық қатынастың
тиімділігін көрсету тақырыбы бойынша ұйымдастырылатын зерттеу жұмысының
басты бағыттары көрсетіліп, жұмыс жоспары Педагогика және бастауыш оқыту
әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді (№5 хаттама,
03.01.2010ж.).

Зерттеу жұмысының жоспарының мазмұны мен орындалу мерзімі:

1. Кіріспе
2. Болашақ мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметтерінің біліктілік сипатын
көрсету (әлемдік және отандық педагогика ғылымының тәжірибесіне
талдау, сараптау жұмыстарын жүргізу) – мамыр, 2010 ж.
3. Педагогикалық технология және технологиялық қатынас туралы ұғымдық-
түсініктік аппаратты дайындау, оларға ғылыми-теориялық негіздеме беру-
2010 ж., маусым
4. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқу және кәсіби қызметке
даярлығын басқаруда технологиялық қатынасты қолдану тәжірибесі мен
мүмкіндіктерін көрсету (анықтаушы эксперимент ұйымдастыру)-2010 ж.,
қараша
5. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқу және кәсіби қызметке
даярлығын басқаруда технологиялық қатынасты қолданудың тиімді
әдістемелерін анықтау.-2011, мамыр
6. Зерттеу нәтижелерін өңдеу және оқу-тәрбие үдеріне енгізу мақсатында
әдістемелік ұсыныс дайындау.- 2011-2012 жж.
7. Зерттеу әдістерінің тиімділігін және мәнділігін көрсету.- 2012 -2013ж.

8. Зерттеу объектісін дамыту туралы болжам беру. 2013 ж.

1. КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоғары сыныптағы-ларға орта
білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды енгізу қарастырылуда. Бейіндік
оқыту, білім беру сапасын көтеру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның
өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асыру әдістерінің бірі
ретінде ұсынылып отыр.
Стратегиялық анықталғандай жалпы орта білім беру бағдарламалары білім
беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін
болады. Оқушыларға дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға
мүмкіндік беріледі. Шығармашылық қызмет пен жеке қабілетінің дамуына ерекше
орын беріледі. Жинақталған білімді тауып алу өздігінен және шығармашылықпен
қолдана білуге ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген ұғымдарды
кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі.
Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесі дамуының өзектілігі бірқатар
факторларға байланысты, олар төмендегідей:
- білім беру нәтижелері жүйесінің кеңейуі: білім, білік, дағды және
құзыреттер;
- мектептердің білім берудің 12 жылдық моделіне көшуі;
- жоғары сыныптағылардың оқуын ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі;
- техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің дамуымен
байланыстырылады.
Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесінің дамуы:
- 16-18 жастағы азаматтардың білімділік деңгейін, олардың қабілеті
мен қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру
мақсатында мүмкіндіктерді кеңейтуге;
- жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі өмірлік жолды таңдауға
бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын іске
асыруға;
- еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету
проблемаларын шешуге бағытталған.
Сондай–ақ, Қазақстанда кадрларға тапшылық орын алған құрылыс саласында
- 9900 адам, ауыл шаруашылығында – 9600 адам, технология мен өнеркәсіпте -
7600 адам, қызмет ету саласы 6800 - адамды қажет етуде құрайды. Қазақстан
Республикасындағы бейіндік оқыту тұжырымдамасы жоғары сыныптағылардың оқуын
ұйымдастыру бойынша кәсіби педагогикалық қауымдастықтың іс-әрекет жүйесін
анықтауға бағытталған.
Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастыруды оқушылардың оқуын саралап
жіктеу және даралау әдісі ретінде екі кезеңге бөліп қарастырамыз.
Республикадағы білім берудің бірінші кезеңі, ХХ ғасырдың 90-жылдарынан
бастап, барлық посткеңестік елдер кеңістігінің тәжірибесіндегі бір,
бірыңғай жалпы білім беретін кеңестік мектептерді өзгерту қажеттігі
туындады. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы оқу орындары (лицей, гимназия,
арнаулы мектептер, дарынды балалар мектебі, халықаралық мектептер)
моделінің дамуы және қалыптасуымен, мемлекеттік емес сектордағы оқу
орындарының құрылуымен, авторлық оқу курстарының бағдарламасын әзірлеумен,
қолда-нылатын білім беру дамытушылық технологиясы және т.б. спектрлардың
кеңейуімен ерекшеленді. Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастырудың
негізгі идеялары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектепте-
рінің даму тұжырымдамасында (1996 ж), жалпы орта білім берудің мазмұны-ның
Тұжырымдамасында (1996 ж) көрініс тапты. Сондай-ақ жалпы білім беретін
мектептердің даму тұжырымдамасы орта білім (толық) беретін мектептердің
жоғары сатысында аяқтауды анықтады. Сонымен қатар оқушы-лардың
қызығушылығын ескеру саралап жіктеу негізінде: жаратылыстану-математикалық,
гуманитарлық-эстетикалық және кәсіптік-техникалық бағыт-тар бойынша
ұйымдастыру жоспарланған. Оқушылардың белгілі таңдау деңгейін
қалыптастыруда таңдалған білімді іріктеу мен игеру мүмкіндігін қамтамсыз
ету және оқу процесіндегі таңдау құқығы білім беру мазмұнын гуманизациялау
мен даралау қазіргі мектептегі шешімді бетбұрысқа талаптануын көрсетті.
Мемлекеттік бағдарламасы бейіндік оқытуды деңгейлеп саралап жіктеу мен
даралауды жүзеге асыруда, соның ішінде сыныптың сыйымдылығының аздығы
жағдайы үшін педагогикалық қызметкерлердің дайындық деңгейін мазмұнды
жақсарту мен оқу процесін өзгеше негізде ұйымдастыру қажеттігімен
түсіндіріледі. Қазақстандағы бейіндік оқыту идеясын жүзеге асырудың екінші
кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта
білім беру стандарты Негізгі ережелер ҚР МЖБС 2003 – 2008 енгізумен
байланысты. Бұл құжатта жалпы орта білім берудің жоғары сатысына сипаттама
беріліп, 2006-2007 оқу жылындағы Қазақстандағы бейіндік оқытудың
ұйымдастырудың негізі болып есептелді. 2 жыл (10-11 сыныптар) оқытудың
нормативтік мерзімімен анықталған. Бейіндік оқытудың міндеттеріне
оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап
жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру жатқызылды.
Бейіндік оқыту мазмұнын іріктеу базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін
толық функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру
сатыларының сабақтастығына (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сәйкес іске
асырылады. МЖБС 2003–2002 сәйкес 10-11 сыныптардағы бейіндік оқыту қоғамдық-
гуманитар-лық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша әзірленеді.
Осындай сипатта ұйымдастырылатын бейіндік оқыту бастапқы кәсіптік, орта
кәсіптік, жоғары білім алуды қарастыратын болады.
Бүгінгі күнде Қазақстанда 11 жылдық білім беру стандарттарын іске асыру
жағдайында екі деңгейлік оқу бағдарламалары мен бейіндік оқытудың 10-11
сыныптардағы оқу пәндері бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-
математикалық бағыттарының оқу-әдістемелік кешендері дайындалды.
Республиканың педагогтары инновациялық қызмет жағдайын-да 10-11 сынып
оқушыларының бейіндік оқыту мазмұнының вариативті компонентін жүзеге
асыратын курстар бойынша оқу бағдарламаларын әзірледі. МЖБС 2008– 2009
мазмұнының Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңымен ара қатынасын,
әлеуметтік тәжірибенің дамуын ескере, қоғамдағы жаңа құндылықтарды, жоғары
сыныптағылардың оқуын ұйым-дастырудың халықаралық тәжірибесін зерделей, 12
жылдық білім беруге көшуде бейіндік оқыту моделін құрастыруға қажетті,
төрт ұстанымды көрсету маңызды :
- Бейіндік оқытудың міндеттерін жетістікпен іске асыру жағдайында
негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың бейіналды дайындық
жүйесін ұйымдастыруды қарастыру қажет.
- Бейіндік оқыту міндеттеріне оқушылардың кәсіби бағдары мен кәсіби
бағдарламаларын жетістікпен игерудегі даярлығын жатқызуға болады.
- Бейіндік оқытуды ұйымдастыруды орта білім берудің барлық деңгейінде,
соның ішінде–техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында
қарастыру қажет.
- Бейіндік оқыту моделі оқу орындары моделдерінің деңгейінде білім беру
вариативтілігін, білім беру мазмұнын, оқыту процесін, 11-12 сынып
педагогы инновациялық қызметін одан әрі даму қажеттілігін алдын-ала
ескеру керек.

2. Болашақ мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметтерінің біліктілік
сипатын көрсету (әлемдік және отандық педагогика ғылымының тәжірибесіне
талдау, сараптау жұмыстарын жүргізу)

Кәсіби іс-әрекеттің кез келген саласы сияқты педагогикалық іс-әрекетте
еңбек субъектісі - мұғалім. Болашақ мұғалімнің құралдары (еңбек құрал-
дары) - оның білімі, іскерлігі, тұлғалық сапасы, Н.Д. Хмель былай деп
жазады: ...мектептің педагогикалық оқу-тәрбие үрдісінде іс-әрекет субъек-
тісі мұғалім мен оқушылар; мұғалім іс-әрекетінің нысаны - оқушы емес,
педагогикалық үрдіс. Педагогикалық оқу-тәрбие үрдісі мұғалімнің мақсат-ты-
бағдарлы қызметі негізінде нақты педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыратын
ұйымдастырылған қатынас болып саналуда.
Ол туралы Ресей педагогтары Б.Т.Лихачев пен А.В. Мудрик педагоги-калық
іс-әрекет ұғымына былай анықтама береді: Педагогикалық іс-әрекет - бұл
кәсіби мақсаты өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылатын қоғамның ересек
мүшелерінің іс-әрекеті.
Педагогикалық іс-әрекет кәсіби-педагогикалық іс-әрекет болуы үшін қа-
жетті белгіні Н.В. Кузьмина былай сипаттайды: Педагогтың кәсібилігі
негізінен мынадан байқалады: ол қалай оқыту қалай тәрбиелеу, оқушыны бір
күйден екінші күйге қалай көшіру керектігін, педагогикалық мәселелерді
қалай шешуге мейлінше тез, үнемді жолдармен тәрбие мақсаттары мен
міндеттерін жүзеге асыруға болатындығын біледі... педагог білімдерінің
жүйесі оқушылар білімдерінің жүйесін анықтайды.
Н.В. Кузьмина педагогикалық іс-әрекетті барлық адам айналысатын кәсіби
емес педагогикалық іс-әрекетке арнайы оқу-тәрбие мен білім беретін
мекемелерде жүзеге асатын кәсіби білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды
талап ететін кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке бөледі.
Н.В. Кузьмина мұғалім білімдерінің педагогикалық құрылымынан үш
компонентті ажыратады: ғылыми кәсіби білімінің жүйесі. Бұл жүйенің маңызды
компоненттерінің бірі - мұғалім оқытатын пәнін терең білуі; оқушылардың
психикалық үрдістерін олардың білімін қабылдау, игеру ерекшелік-терін
қамтитын психологиялық білімдері; оқушылар білімдерінің сапасын анықтау,
білімдердегі кемшіліктерді байқау іскерліктерін қамтитын педагогикалық
білімдер мен іскерліктер, сондай-ақ, оқушы оқу жұмысында игеруі тиіс оның
білімі мен іскерліктерінің жүйесін алдын-ала жобалауды, ертерек қарастыру
іскерліктерін бұл білім мен іскерліктердің іс-әрекеттің қандай түрлерінде
қалыптасуы мүмкін екендігін анықтауды қамтитын педагогикалық білім мен
іскерліктер.
Білім - субъектіге белгілі бір дәрежеде болашақты көре білуге мүмкіндік
беретін объективтік дүниенің ойдағы бейнесі.
Іскерлік - субъектінің білімдері мен дағдылары арқылы іс-әрекетті
мақсатқа сай реттеу үшін қажетті психикалық практикалық әрекеттердің
күрделі жүйесін игеруі.
Жалпы педагогикалық іскерліктерге мыналар тән: ұдайы өзгеріп тұра-тын
жағдайларда мақсатқа бағытталушылық, жылжымалылық, икемділік, жоғары
дәрежедегі дербестік, шығармашылық сипат. Мұғалім іс-әрекетіндегі
іскерліктердің шығармашылық сипаты педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа,
ұғымды жолдарын іздестіруде байқалады.
Педагогикалық іс-әрекетті басқа адамның тұлғасын қалыптастыруға
бағытталған мәселелердің сансыз қатарын шешу ретінде қарастыруға, мұға-лім
шеберлігін бұл мәселелерді табысты шешуімен, яғни оң алуымен байла-
ныстыруға болады. Онда мұғалім шығармашылығының мәні педагогикалық
мәселелердің жаңа шешімін іздеуде және ол педагогикалық іс-әрекеттің мына
салаларымен: гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық коммуни-
кативтік байланыстылығы қарастыруға басты назар аударылғаны жөн деп
саналады.
Яғни, болашақ мұғалімнің конструктивтік іс-әрекеті - оқу-тәрбие
материалын іріктеп алумен, композициялаумен, жобалаумен байланысты іс-
әрекеті екендігін ғылыми негізде дәйектеп, болашақ мұғалімнің бұл іс-
әрекеті мыналарды: болашақ іс-әрекетінің (сабақтардың, сыныптан тыс
шаралардың) мазмұны, өз әрекеттерінің жүйесі мен тізбегі, оқушылар
әрекеттерінің жүйесі мен тізбегін жобалауды қамтуы тиіс екендігін
көрсетеді.
Осы еңбекте ұйымдастырушылық іс-әрекет бір мезгілде мұғалім жобаларын
практикада жүзеге асыру әлдеқайда нақты жобалаудың шарты болып табылады.
Осы себепті болашақ мұғалімнің бұл іс-әрекеті мына үш аспектіні қамтуы
қажеттігін: білім мазмұнын беру жөнінде өз іс-әрекетін ұйымдастыру
(баяндау, тапсырмалар жүйесі); өз мінез-құлқын ұйымдастыру (іс-әрекеттің
нақты жағдайларындағы педагогикалық әрекеттер); балалар іс-әрекетін
ұйымдастыру (ұжымдық, топтық жекелік) және сол арқылы бүкіл педагогикалық
қызметті ұйымдастыруды талап етеді.
Коммуникативтік іс-әрекет мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-
қатынасының саласын қамтиды. Педагогикалық іс-әрекет өзінің табиғаты
бойынша - оқушылар мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті. Оның табыс-
тылығы олардың арасындағы өзара қарым-қатынастың калай қалыптасатын-дығына
байланысты.
Ресей ғалымы В.И.Горовая болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке
даярлауда гностикалық іс-әрекет болашақ мұғалімнің төмендегілерді зерде-
леуін қамтитынын, яғни өз іс-әрекетінің объектісі - білімгерлер көмегімен
талап етілген іс-әрекет жүзеге асатын мазмұн, құралдар, нысандар мен
әдістерді меңгеру; өз тұлғасының сананы жетілдіру мақсатында өз іс-
әрекетінің артық-шылықтары мен кемшіліктерін сраптай алуды қамтамасыз ету
қажет санайды.
Жоғары қарастырылған ғылыми еңбектерден болашақ мұғалімнің
педагогикалық шығармашылығы деп, ең әуелі бір жағынан оның жүзеге асыратын
оқу-тәрбие жұмысын, ал екінші жағынан ғылымның жаңа табыстарын, озат
тәжірибені игеру жеке өзінің ғылыми-әдістемелік ізденістерін
белсенділендіру арқылы кәсіби шеберлікті жүйелі жетілдіруді талап ететін
мақсатқа бағытталған жасампаздық іс-әрекет екенін толық растадық.
Сондықтан, болашақ мұғалімді даярлауда ең басты алтын қағида – адам-
ның рухани сезімі мен дене дамуының үйлесімділігі білім беру жүйесіндегі
дене шынықтырудың дифференциалды қатынасын қалыптастыру тұжырымдамасына сай
тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, оқу процесінің демократиялық
бастауын және либерализациялауын дамыту, жаттығушылардың белсенділігі мен
дербестік дамуын қамтамасыз ету, тәрбие мазмұнының үзіліссіз даму
қажеттілігі мен байланысын қамтамасыз ету, дене шынықтырудың тұлға ұнатқан
түрлері мен биологиялық сәйкестігін қамтамасыз ету ретінде түсіндіріледі.
Ол біріншіден - тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, ол
педагогика жүйесін адамға жоғарғы элеуметтік құндылық ретінде қарауға адам
қажеттіліктері мен қызығушылықтарын міндетті түрде есепке алуға және оларды
дамытуға бағыттайды. Екіншіден - оқу процесінің демократия-лық бастауын
және либерализациялауын дамыту, адамның өз құндылығының абсолютті
сипаттамасын потенциалдан шындыққа айналдыру дене шынық-тыру - спорт іс-
әрекет түрлерін еркін таңдауға тіршілік әрекетінің салауатты өмір салтының
шарттары мен амалдарын жүзеге асырады.
Адам баласы жалпы адамгершілік мақсаттарға сәйкес тәрбиеленуі қажет.
Тәрбиелеу процесінде табиғи жаратылысына сәйкес адам баласының жалпы
адамгершілік мақсаттарға жету принципінің терең мәні мынада жатыр: Ол
адамның дене потенциалының үздіксіз дамуына себебін тигізетін шарттар мен
себептер жиынтығын осы уақыттағы үйлесуіне бағыттайды. Бұл уақыт қамтамасыз
етудің морфты-функционалды жүйелері мен қозғалыс дамуының табиғи ырғағына
сәйкес болуы мүмкін еді.
Осылай адам дамуының тарихи процесінде тәрбиелеу мазмұны көмегімен
табиғи дамудың бөлек кезеңдері арасындағы ұтымды жалғас-тырушылықты
қамтамасыз ету мүмкіндігі құрылады және жүзеге асырылады. Ол байланыстырып
ғана емес, сонымен бірге табиғи түрде оқыту мен тәрбиені адам дамуымен
қосады. Бұл принцип тәрбие жұмысының формаларының көп түрлілігін жекелену
және жіктелу негізінде белгілейді. Ол тәрбиенің адамдар таңдаған түрлерінде
адамдардың қабілеттерін дамытып, және талаптарының пайда болуы үшін,
денсаулық жағдайын, қызығушылығын және қажеттіліктерді есепке алып, осы
түрлерді таңдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды қажет деп санайды.
Бұл принциптің әдістемелік базасы В.К. Бальсевич, С.А.Волкова, А.А.
Гужаловский зерттеулерінде қарасытырылған. Бұл зерттеулерде адам қозғалысы
дамуының ең жақсы нәтижелері, жеке қозғалу қабілеттері мен әлеуметтік -
психологиялық себептерді толық есепке алынуда қамтамасыз етіледі. Осыдан
педагогикалық жүйе мен психологиялық қатынаста басым болып өз-өзін
тәрбиелеу қызметін жүзеге асыруға нақты алдын-ала жағдай жасайтын формалар
мен әдістер табылады.
Міне, жоғарыда зерттелінген психологтар мен педагогтардың еңбектерінің
мазмұны бойынша бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметі
күрделі психологиялық-педагогикалық категория деңгейінде қарастыруды қажет
етіп отыр. Атап айтқанда, С.Л.Рубинштейн, В.В. Давыдов, А.Н.Леонтьев,
Л.С.Выготский, С.Д.Смирнов, Д.Н.Узнадзе, Н.М.Борытко, М.В.Буланова-
Топоркова, Б.Т.Лихачев, т.б. педагогикалық қызметті әрекеттік қатынас
тұрғысынан қаруды дұрыс деп санайды. Оның ішінде Л.С.Выготскийдің кәсіби
педагогикалық қызметті әлеуметтік тәрбие негізінде қабылдау қажеттігі
теориясына ерекше назар аударуға болады. Өйткені, бастауыш мектеп мұғалімі
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару барысында оқушының дамуының
психологиялық заңдарына түсінік-пен қаруы тиіс, және әлеуметтік ортаның
өзгеру ерекшелігіне сәйкес өзіндік әрекет жүйесін таңдауға мәжбір болады
деп санайды. А.Н.Леонтьев мұғалім-нің кәсіби әрекетін көзделген мақсатқа
жету үрдісі деп, мотивация-лық қызметін басты орынға қояды. Сол себепті
бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысы оқушының
мотивациялық ұмтылысын қанағат-тандыруға бағытталуы тиіс деп тұжырымдайды.
Ал педагогтар, оның ішінде Б.Т.Лихачев кәсіби педагогикалық қызмет
деп жас ұрпақты өмірге дайындауға саналы бағытталған ересек адамдардың
пайдалы қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырады. Бұл қызметке сай
қойылатын педагогикалық мақсат қоғам мүшесін дайындауды күтілетін нәтиже
ретінде қабылдауды жөн деп есептейді. И.А.Зязюн мұғалім қызметін оқушы
әрекетін басқаруға негізделген шығармашылық қызмет деп көрсетеді . Осы
мақсатқа қол жеткізу үшін бастауыш мектеп мұғалімі болашақ маман-ның өз
кәсібіне саналы қарым-қатынасын қалыптастыратын ғылыми білімдер,
іскерліктер мен дағдыларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануы қажет.
Алайда, бастауыш мектеп мұғалімін дайындауда осындай қадам жасағанда
оқу бағдарламаларының бәріне бірдей мақсаттар қойылуы мүмкін емес, өйткені
мұндай бірлікте тәрбиенің шектеулі құндылығы, сондай-ақ адамның өз-өзін
бағалауының шектелуін жобалайды. Сонымен тәрбиенің табиғат жаратылысына
сәйкес принципінің жүзеге асырылуы, әрбір адам табиғатынан шығуға және
тәрбие процесі мазмұнын үйлестіру мен жан-жақты болудан бас тартуды, жеке
адам тұлғасына байланысты оқыту, тәрбие және дамудың көп түрлі және көп
нұсқалы бағдарламаларын жасауды талап етеді.
Міне, жоғарыда талданған еңбектер бойынша тұжырым жасай отырып, болашақ
мамандарды дайындауда педагогикалық қызметтің құрылымдың мазмұны мен оның
ұғымдық-түсініктік аппаратына толық зерттеу жасалынды. Оқу қызметі – таным
теориясының негізгі категорияларының бірі болғандықтан білімгерлердің оқу
қызметін басқару мәселесіне теория-лық-әдіснамалық көзқарастарға
психологиялық-педагогикалық негіздеме жасап отырмыз.
Өйткені, жалпы білім беру және кәсіби білім беру жүйесінің
қажеттіліктері, қоғамдық дамудың логикасы, педагогика мен психологияның
қазіргі заманғы деңгейі оқу қызметін ұйымдастыру мәселелерін жүйелі түрде
зерттеудің, оны объективті түрде шешу бағыттарын негіздеудің қажеттілігін
туындатып отыр. Оқу қызметінің құрылымы мен мазмұнына қатысты мәселелерді
зерттеуді жалпы дидактикалық деңгейден, яғни кез келген қызмет түріне тән
негізгі заңдылықтар мен ерекшеліктерді анықтаудан бастау қажет, өйткені
осындай көзқарас қарастырғалы отырған құбылыстың педагогикалық мәнін толық
түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді.
Сол себепті оқу қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың маңызы мен
ерекшеліктерін қарастырудың алдында қызмет және оқу түсініктерінің
білдіретін ұғымын айқындап алу қажет. Мұндай талдау, біріншіден – қызмет
ету теориясына сүйене отырып, оның жалпы құрылымы мен мазмұнын ашуға
мүмкіндік береді, екіншіден, қызмет етудің жалпы теориясын зерттеу оны
жоғары оқу орнындағы оқу қызметі үрдісінде тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Тұлғаның психикалық ерекшеліктері оның мінез-құлқы, іс-әрекеттері мен
қылықтары арқылы әрі көрініс табады, әрі қалыптасады, - деп жазды
С.Л.Рубинштейн. Белгілі бір объектіге бағытталған іс-әрекет оны жүзеге
асыратын субъектіні де анықтайды; әрекет ете отырып, ол объектіні ғана
емес, өзін де анықтайды. Бұл барлық органикалық байланыстағы құбылыс-тар
мен заттарға тән: әрекет ете отырып, организм өзі де қалыптасады. Енді осы
– жеке тұлға қызмет әрекеті арқылы әрі айқындалып, әрі қалыптасады – деген
нақты тұжырым жалпыға белгілі болды.
Қызмет, іс-әрекет түсінігі таным теориясының негізгі категориясы
болып табылады. Материалистік диалектикада қызмет, іс-әрекет әлеумет-тік
табиғи болмысты іс жүзінде түбегейлі өзгертуді білдіреді. Мұндай түбегейлі
өзгертудің бастапқы формасы еңбек болып табылады. Еңбек ету іс-әрекеті
табиғи және әлеуметтік болмысты өзгерту арқылы барлық басқа түрлердің
генетикалық негізі болып табылады. Табиғи және әлеуметтік болмысты өзгерту
іс-әрекеті қоғамдық индивидтің бүкіл өмірінің субстанция-лық бастауы болып
табылады.
Отандық психология мен педагогикада қызмет әрекетінің бірқатар тиімді
тұжырымдамалары мен оны зерттеудің әдістемелік бағыттары негізделген
болатын. Бұған К.А.Абулханова-Славскаяның, О.В.Петунин, Б.Г.Ананьев-тің,
А.Н.Леонтьевтің, В.Н.Мясищевтің, С.Л.Рубинштейннің, Б.М.Тепловтың,
В.Д.Шадриковтың жалпы теориялық зерттеулері, В.П.Дружининаның,
Г.М.Зараковскийдің, В.П.Зинченконың, Б.Ф.Ломовтың, Д.А.Ошаниннің,
К.К.Платоновтың, М.В.Каменская, Е.А.Климов, Ф.Рубахиннің еңбек психо-
логиясы мен қызмет ету әрекетінің психофизиологиялық мәнін түсіндіруге
үлкен үлес қосты. М.Н.Бахтиннің, Н.А.Бердяевтің, В.В.Давыдовтың,
О.С.Анисимов, В.П.Кузьминнің еңбектері қызмет ету әрекетінің әлеуметтік-
философиялық түсінік деңгейіндегі мәнін ашуға маңызды үлесін қосты.
Жоғарыда қарастырылған ғылыми еңбектер бойынша жасалынған жалпылама
тұжырымда қызмет әрекеті бір деңгейден келесі деңгейге ауысу мүмкіндіктері
мол күрделі, иерархиялық құрылымдағы көп деңгейлі және динамикалық түрде
дамитын құрылым ретінде айқындалатыны туралы тоқтамға келеміз.
Зерттеу барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу және
кәсіби қызметке даярлығын диагностикалау жұмыстары жүргізіліп, анықтау-шы
эксперимент қойылды.

1. Мұғалімнің дербес қызмет стилін анықтау сауалнамасы
Мақсаты – өзінің педагогикалық қызмет стилінің ерекшеліктеріне
мұғалімнің талдау жасауы.
Нұсқау. Төмендегі сұрақтарға жауап беру (№1 кесте) арқылы мұғалімнің
дербес жұмыс стилін (ЖБС-жүйесіз басқару стилі, ДБС-демократиялық басқару
стилі, ЛБС-либералды басқару стилі, ББС-белгісіз басқару стилі) анықтауға
мүмкіндік аламыз. Бұл үшін ұсынылып отырған сауалнамада мұғалімдер өзіне
сәйкес келетін жауап нұсқаларын белгілеп (екі-үш нұсқа сәйкес келген
жағдайда барлық бағандарды белгілейді. Әрбір бағандағы қойылған белгілерді
есептеп, мұғалімнің өзіндік жұмыс стилін анықтауға болады (ең көп белгі
соғылған баған).

№1 кесте - Мұғалімнің дербес қызмет стилін анықтау сауалнама сұрақтары мен
жауап нұсқалары

№ Сұрақтар Жауап нұсқалары
ЖБС ДБС ЛБС ББС
1 2 3 4 5 6
1. Сіз сабақтың толық жоспарын дайындайсыз ба? жоқ иә жоқ иә
2. Сіз сабақты тек жалпылама жоспарлайсыз ба? иә жоқ иә жоқ
3. Сабақ жоспарынан жиі ауытқисыз ба? иә иә иә жоқ
4. Оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді немесежоқ иә иә иә
материалды игерудегі қиындықтарды
байқағанда, сабақ жоспарынан ауытқисыз ба?
5. Сіз сабақтың басым бөлігін жаңа материалды иә иә иә жоқ
түсіндіруге арнайсыз ба?
6. Сіз түсіндіру барысында жаңа материалдың жоқ иә иә иә
қалай меңгеріліп жатқанын үнемі қадағалайсыз
ба?
7. Сіз сабақ түсіндіру барысында оқушыларға жоқ иә иә иә
сұрақ қоясыз ба?
8. Сабақ сұрау барысында әрбір оқушының жоқ жоқ иә иә
жауабына көп уақыт бөлесіз бе?
9. Сіз үнемі барынша дұрыс жауап беруді талап жоқ иә иә иә
етесіз бе?
10.Сіз сабақ айтушыдан өзінің жауабын өз жоқ жоқ иә иә
бетінше түзетуін талап етесіз бе?
11.Сіз сабақты түсіндіруде қосымша оқу иә иә иә жоқ
материалдарын жиі қолданасыз ба?
12.Сіз сабақтағы жұмыс тақырыптарын жиі иә иә жоқ жоқ
ауыстырып тұрасыз ба?
13.Сіз оқушылардан сабақ сұраудың жаңа оқу иә иә жоқ жоқ
материалын ұжымдық талқылауға айналуына жол
бересіз бе?
14.Сіз оқушылардың күтпеген жерден қойған иә иә жоқ жоқ
сұрақтарына бірден жауап бересіз бе?
15.Сіз сабақ сұрау барысында барлық оқушылардыңжоқ иә жоқ жоқ
белсенді болуын қадағалайсыз ба?
16.Сабаққа оқушылардың дайындықсыз келуі немесеиә иә жоқ жоқ
жағымсыз қылықтары сізді сабырлы қалыптан
айыра ма?
17.Сіз оқушылардың қателерін өзіңіз түзетесіз иә иә жоқ жоқ
бе?
18.Сіз сабақ шеңберінде үлгере аласыз ба? жоқ жоқ иә иә
19.Сіз оқушылардың тексеру жұмысын өз жоқ иә жоқ иә
беттерінше: оқулыққа қарамай, қосымша
көмексіз орындауын қатаң қадағалайсыз ба?
20.Сіз әрдайым әрбір жауапты жан-жақты жоқ иә иә иә
бағалайсыз ба?
21.Үздік оқушылар мен нашар оқушыларға қоятын иә жоқ жоқ жоқ
талаптарыңыз қатты ерекшелене ме?
22.Жақсы жауап бергені үшін жиі көтермелейсіз иә иә иә жоқ
бе?
23.Нашар оқитын оқушыны төмен жауаптары үшін жоқ иә иә иә
жазғырасыз ба?
24.Оқушылардың білімін жиі бақылайсыз ба? жоқ иә жоқ иә
25.Өтілген материалды жиі қайталайсыз ба? жоқ иә иә иә
26.Оқушылардың өткен сабақтың материалын жоқ иә иә иә
меңгергеніне көзіңіз жетпей тұрып, келесі
тақырыпқа көшесіз бе?
27.Сіздің ойыңызша, оқушылар үшін Сіздің иә иә иә жоқ
сабағыңыз қызықты өте ме?
28.Сіздің ойыңызша, оқушыларға сіздің сабағыңызиә иә иә жоқ
жағымды ма?
29.Сіз сабақтың жоғары белсенділігін тұрақты иә иә иә жоқ
түрде қадағалайсыз ба?
30.Сізді оқушылардың үй тапсырмасын жоқ иә жоқ жоқ
орындамағаны қатты толғандырады ма?
31.Сізді сабақ үстіндегі жұмыс шуы жоқ иә жоқ иә
алаңда-тады ма?
32.Сіз әрдайым сабақ үстінде тәртіптің қатаң жоқ иә жоқ иә
сақталуын талап етесіз бе?
33.Сіз сабақтағы өзіңіздің іс-әрекетіңізге жиі жоқ иә жоқ иә
талдау жасайсыз ба?

Зерттеуге алынған 28 мұғалімнің басым көпшілігі (3-ші баған-23,2% )
иә деп жауап беру арқылы өзіндік дербес жұмыс стилінде жауапкершілікті,
өз бетінше үнемі іздену арқылы, балалармен демократиялық қатынаста болудың
жиі кездесетінін көрсетсе, 85,1% (2-ші баған) балаларға сеніммен қарау
қажеттігін, оларды жиі қадағалаудың қажетсіздігін және жоспарлы жұмыс
істеуді дұрыс деп либералды қатынас стилін қолдайтынын білдірген. Ал 1-ші
(30%) және 4-ші(42%) бағандарда мұғалімдердің дербес стилінің нақты көрініс
таппағаны байқалды, олар өздеріне дейінгі белгілі педагогикалық
ұстанымдарды жағдайға байланысты қолданатыны және өздерінің нақты жұмыс
стилін шешуші қызмет атқарады санамайтынын байқатты. Алынған нәтижелерге
жасалынған талдаудан дене шынықтыру мұғалімдерінің өздерінің дербес жұмыс
істеу стилдеріне жеткілікті назар аудармайтындары, тек бағдарлама бойынша
жұмыс жасаумен шектелудің қажеттігін мойындайтынын айқындадық. Оның басты
себептері олардың өздерінің тұлғалық құндылықтарын бағалай алу
іскерліктерінің төмендігінен болып отырғаны анықталды. Осы тұрғыдан
болашақ дене шынықтыру мұғалімінің құндылықтық құраушысын күшейту үшін біз
Тұлғаның өзін-өзі бағалауы әдістемесін қолдандық.

Тұлғаның өзін-өзі бағалауы әдістемесінің бланкісі
Аты-жөні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Жынысы
... ... Жасы ... ... ... ... ...
Жұмыс (оқу) орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Толтырылған
күні ... ... ... ... ... ...
Нұсқау.
Төменде келтірілген тізімдегі (№2 кесте) тұлғалық сипаттардың мұғалімнің
бойында көріну деңгейін бағалаймыз. Жауаптар шкаласында берілген бес
жауаптың ішінен біреуін таңдап, оның қарсысына тиісті санды жазу ұсынылады.

Мүмкін болатын жауаптардың шкаласы:
1 – өте төмен деңгейдегі сипат;
2 – төмен деңгейдегі сипат
3 – орташа деңгейдегі сипат;
4 – жоғары деңгейдегі сипат;
5 – өте жоғары деңгейдегі сипат.

№2 кесте - Тұлғаның өзін-өзі бағалауына мүмкіндік беретін сипаттардың
тізімі

Мүмкін жауаптар
№ Тұлғалық сипат
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5 6 7
1 Белсенділік
2 Тәрбиелілік (адамдарды сыйлау)
3 Тілектестік
4 Өмірге төзімділік
5 Бастамашылдық (идеялар ұсыну)
6 Шыншылдық, адал ниеттілік
7 Табандылық
8 Қарым-қатынасқа бейімділік
9 Қайырымдылық (көмек беру)
10 Оптимизм, өмірсүйгіштік
11 Көнгіш мінез (икемді, әріптестікке
және келісімне келеді)
12 Парасаттылық (ақиқат жағдайды есепке
алу)
13 Өзін-өзі сынау (өзінің жақсылық
жақтарын дағ кемшіліктерін де көре
білу)
14 Дербестік (өзіне сену)
15 Ұстамдылық
16 Жинақылық
17 Шығармашылық
18 Сенімділік
19 Қызықты бір нәрсеге қызығушылық
20 Салмақтылық
21 Сұлулық сезімі
22 Шаманы білу
23 Үйлесімділік (өз-өзімен және сыртқы
дүниемен)
24 Тәуелсіз тұжырымдар жасау
Орташа мәні

Нәтижелерді өңдеу.
1. Сынақтан өтушінің жауаптарының орташа арифметикалық санын табамыз:
балдарының жалпы санын әдістеме пункттерінің санына, яғни 24-ке бөлеміз.
Нәтижесінде тұлғаның позитивті дамуын жалпы бағалау көрсеткі-шін аламыз.
2. Тұлғаның жекелеген факторларын, яғни арнайы топтарын бағалаудың
сипатталу көрсеткіштерін кілт арқылы анықтаймыз (№3 кесте). Әрбір категория
бойынша жинақталған балдарды қосып, тармақтардың санына бөлеміз –
нәтижесінде орташа арифметикалық сан шығады (үтірден кейін кем дегенде екі
сан сақталуы тиіс). Бұл сан тұлғаның осы категориясы бойынша өзіндік
сипаттарын бағалау көрсеткішін білдіреді. Осы ретпен №1-6 факторлардың
әрқайсысы бойынша орташа санды табуға болады.

№3 кесте - Бағалау көрсеткіштерінің кілттері


Тұлғаның позитивті дамуына ықпал етуші Тармақтардың №№ Тармақ
факторлар саны
1 Адамгершілік 2,3,6,9, 4
2 Ерік 4,7,15,16 4
3 Тәуелсіздік және шынайылықты сезіну 12,13,14,24 4
4 Креативтілік 5,17,19,21 4
5 Үйлесімділік 11,20,22,23 4
6 Экстраверсия 1,8,10,18 4
7 Тұлғаның позитивті аспектілерін жалпылама 1-24 барлық 4
бағалау тармақтар

3. Алынған нәтижелерді кестедегі өзін бағалау деңгейлерімен
салыстырып, Жалпы өзін-өзі бағалаудың және оның жекелеген факторла-рының
сипатталу деңгейлерін анықтаймыз.
Ең оңтайлы, үйлесімді деңгей сипаттаудың жоғары деңгейі болып табылады.
Психологиялық сау адамға тұлғаның позитивті аспектілері мен сапасының
сипатталуын Жалпы өзін-өзі бағалаудың осындай деңгейі тән. Сонымен қатар,
жоғары деңгейде Адамгершілік, Ерік, Тәуелсіздік және Үйлесімділік, ал
жастық шақта бұларға қоса Экстраверсия міндетті түрде сипатталуы тиіс.
Жалпы өзін-өзі бағалаудың жалған жоғары деңгейі өзін-өзі шамадан тыс
жоғары бағалауды, төмен деңгейі – өзін-өзі тым төмен бағалауды (сәйкессіз
жоғары немесе сәйкессіз төмен деңгей болуы да мүмкін) көрсетеді.
Біздің зерттеу жұмысымызға қатысқан 28 бастауыш сынып мұғалімдері және
124 білімгердің өзін-өзі бағалау деңгейлері бойынша жүргізілген жұмыстарда
тұлғалық бағалаудың әрекеттік дифференциациялануы байқал-ды. Мектеп
мұғалімдерінде жоғары деңгейде адамгершілік сапаны үнемі қадағалау, ерік-
жігердің тұрақтылығын қамтамсыз ету, әрекет пен мазмұн үйлесімділігін
сақтау және креативтілік секілді құндылықтық құраушыларды қолдау басым
болса, білімгерлерде экстраверсия, тәуелсіздік, тұлғаның пози-тивті
аспектілерін жалпылама бағалауға ден қоятыны анықталды. Алайда екі топта
да рефлексиялық бағалаудың назардан тыс қалғаны байқалды. Бұл әлі де
педагогикалық қызметте объект-субъект қатынасының жиі орын алатынын
көрсетеді. Яғни, рефлексияға тән кері байланысты қамтамасыз етудің
орындалмайтынын, яғни оқытудың қарқындылығын қамтамасыз ететін түрлі оқыту
формаларын қатар қолданудың арнайы педагогикалық шарт ретінде
пайдаланбайтындығын көрсетеді. Оның басты себебі бастауыш сынып
мұғалімдерінің және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметке
дайындалу үрдісінде педагогикалық көрегендіктің жетімсіз-дігінен деп
айтамыз. Сол себепті болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби
іскерліктері мен дағдыла-рын қалыптастыруда Педагогикалық көрегендіктің
диагностикасы мен тренингі әдістемесін меңгеруі міндетті деп, оны
төмендегідей мазмұнда ұсынамыз.
Төменде ұсынылған әдістеме мен оны жүргізу тәртібінің сипаттамасы
арқылы оқушылардың бағалаушы пікірлерін алдын ала көре білу шеберлік-тері
мен дағдыларын дамыту үшін өз бетіңізше диагностика және жаттығу-мен
айналыса аласыз.
Өзіңіздің бағалаушы пікіріңіз (1 және 2 аспектілер) бен оқушылардың
бағалаушы пікірлерінің (3 аспекті) арасындағы алшақтықты талдай отырып,
сіздің өзіңіз үшін пайдалы қорытындылар жасауыңызға мүмкіндігіңіз болады.
Сонымен, өзіңізді барлық сегіз октант бойынша (1 аспекті) бағалаңыз.
Бағалау 12 балдық шкала бойынша жүргізіледі. 1-4 аралығы бұл сапаның нашар
дамығанын көрсетеді; 5-8 аралығы – орташа; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚБІЛІМДІК ІС-ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Пәндер