Волейбол ойын ережесі


А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі
«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»
Колледж әдіскері Директордың оқу жұмысы
Ә. Керімқұл жөніндегі орынбасары
" " 2010ж А. Құралбаев
" " 2010ж
Волейбол
Дене тәрбиесі және А. Ә. Д бірлестігінің кеңес мәжілісінде бекітілген
№ хаттама «___»2010ж
"Гуманитарлық және сервис"
бөлімінің меңгерушісі
Г. Ерденова
" " 2010ж
Өтетін күні: 23. 12. 2010
Уақыты: 11 25
Өтетін орны: 302
Тобы: ТТС-1110 (1)
Пән оқытушысы: М. Бейсембаева
Түркістан
Жоспар
І. Ұйымдастыру кезеңі: (3мин)
1. Студенттермен сәлемдесіп, түгелдеу.
2. Студенттер назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (20 мин) Баскетбол
1. Сұрақ-жауап
ІІІ. Жаңа сабақ (25мин)
Жоспары: Волейбол
1. Волейболдың даму тарихы
2. Волейбол алаңы
3. Ережелері
4. Төрешілер
5. Команда мүшелері
6. Волейбол добы
ІV. Бекіту (25мин)
- «Топтастыру» стратегиясы.
- «Венн» диаграммасы
- «Адасқан әріптер» ойыны
- «Кім жылдам?!» ойыны
Ү. Студенттерді бағалау (3мин)
ҮІ. Үй тапсырмасы. (2мин)
ҮІІ. Пайдаланылған әдебиеттер (2 мин)
Пәні: Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Волейбол
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге волейбол ойынының әдіс-тәсілдерін, ережелерін түсіндіру;
Дамытушылық: Дене тәрбиесі сабағына студенттердің қызығушылығын арттырып, шапшаңдыққа, жылдам болуға үйрету; Байқағыштық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын ұстап, ұлттық намысқа берік етіп тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Доп, бүктеме қағазы
Сабақтың жабдығы: Оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың байланысы: Спорт физиологиясы, анатомия
Сабақтың типі: Жаңа сабақты топтастыру, білімді тексеру
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, қызығушылығын ояту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі . (3 мин)
1. Сабаққа қатысып отырған студенттер санын түгелдеу, аудитория тазалығын қадағалау, журнал толтыру.
2. Студенттердің көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару, оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасы: (17мин)
Тақырыбы: Баскетбол
Сұрақ-жауап
- Баскетбол ойыны ең алғаш қай елде дамыған? Жауабы: Америка
- “Баскетбол” сөзі не мағына білдіреді? Жауабы: Ағылшын тілінен аударғанда basket - торқалта, ball - доп деген мағынаны білдіреді.
- Баскетбол ойыны қандай спорттық ойын түріне жатады? Жауабы: командалық спорт ойыны түріне жатады.
- Баскетбол командасында неше ойыншы ойнайды? Жауабы: командада 5ойыншы болады.
- Баскетбол ойынын алғаш қандай доппен ойнаған? Жауабы: футбол добымен ойнаған.
- Баскетбол добының салмағы неше? Жауабы: 600-650г
- Баскетбол қақпасы қанша метр биіктікте орнатылады? Жауабы: үш метр
- Ойынды қай жылы олимпиада қатарына қосты? Жауабы: 1935 жылы
- Ең алғаш ойын ережелерін ойлап тапқан кім? Жауабы: Дисеймс Нейсмит
- Фиба (FIBA) қай жылы құрылды? Жауабы: 1932 жылы
- Дисеймс Нейсмит баскетбол ойынына қанша ереже ойлап тапты? Жауабы: 13 ереже.
- Баскетбол ойынының әдісі қанша топқа бөлінеді? Жауабы: 2 топ
- Финт дегеніміз не? Жауабы: ойыншылырдың нақты амалды қарсыласын қателестіріп, соны пайдаланып, келесі амалды тиімді қолдану.
- Доп берудің тәсіліндерін айт? Жауабы: 2 тәсіл
- Фибаның алғашқы құрамына қанша мемлекет енді? Жауабы: 8 мемлекет.
- Бір матчтың уақыты қанша? Жауабы: 20 минут, 3 кезеңнен тұрады.
- Ресейде баскетбол ойыны қашан қалыптасты? Жауабы: 1906 жылы
- Ойында ұпай жинау тәртібі қандай? Жауабы: тор қалтаны жақын жерден дәлдесе екі ұпай, егер доп 6, 25 метрден сәтті лақтырса онда 3 ұпай беріледі.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. (25мин)
Тақырыбы: Волейбол
Жоспары:
1 . Волейболдың даму тарихы
2. Волейбол алаңы
3. Ережелері
4. Төрешілер
5. Команда мүшелері
6. Волейбол добы
Волейболдың даму тарихы
Волейболдың тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек Европа Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жылдар бұрын ермекке айналдырған екен. Ежелгі Рим жылнамаларында да б. э. д. ІІІ ғасырда волейбол сынды фустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Десе де волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленеді. Оны алғаш ойлап тапқан американдық Уильям ДЖ Морган болатын. Уильям ДЖ Морган бұл ойынды «Минтонет» деп атаған.
Волейбол (Үлгі: Lang-en, volley - «қалқып ұру», ball - «доп») - ойын спорты деген мағынаны білдіреді. 1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын атап өтті.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнай тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «Минтонетті» «Волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады.
1900 жылы волейбол танымалдылығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен
шығып әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Волейбол ойынына ең алғаш Канада кейін Үндістан және Азия елдері қызығушылықтарын таныта бастады.
Волейбол елімізде кең таралған ойындардың бірі.
Волейбол алаңы
Волейбол ойынының аумағы 9х18м алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызықтың үстіне екі бағанаға керілген волейбол торы орнатылады. Ер балаларға арналған тордың биіктігі 2, 43см, қыздар үшін 2, 24см және тордың үстіңгі жағынан антенна орналасады. Ол тордан 80см жоғары шығып тұрады.
- Алаң аумағы: 9х18м
- Ойын алаңы 2-ге бөлінеді: 9х9
- Алаңның сызықтарының қылыңдығы: 5см
- Ойын алаңының ортасын тор бөліп тұрады.
- Биіктігі: ерлер үшін: 2, 43см
қыздар үшін: 2, 24см
- Тордың ені: 1м
- Тордың ұзындығы: 9, 50-10м
- Антенна биіктігі: 1, 80см
Ережелері
Волейбол ойыны негізінен 5 және 3 партияға дейін ойнатылады. Арнайы әлемдік. Азиялық. Олимпиадалық ойындар 5 партияға дейін ойнатылады. Жай ойындар 3 партияға дейін ойнатылады. Команда құрамында 12 адам болады. Ойынға әрқайсысында 6 ойыншысы бар екі команда қатысады. Әр команда ойыншылары өз алаңына орналасады. Ойын барысында ойыншылар допқа 3 реттен артық қол тигізуге болмайды. Сондай-ақ бір ойыншыға допқа қатарынан екі рет қол тигізуге рұқсат жоқ. Бір партия кезінде әр командада екі тайм аут (үзіліс30 секунд) алуға болады. Ойын екі доп айырмасымен аяқталады.
Волейбол ереже талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады:
∙ Ойыншылардың орын ауыстыруы;
∙ Допты біріне-бірі беруі;
∙ Допты ойынға қосуы;
∙ Шабуыл соққысы;
∙ Және оған тосқауыл қою;
∙ Ойыншылар ойын кезінде тек өз орнын сақтап тұрмайды;
Төрешілер
- Ойынға қатысатын екі бас төреші және сызық бойында тұратын төрт төреші және судья-хатшы бір төреші болады.
- Бірінші төреші - допты ойынға қосуға дабыл береді. Ойынға басшылық жасайды. Ойынға қатысты барлық сұрақтарды шешуге құқы бар және ойын кезінде біріншінің төрешінің шешімі соңғы шешім болып табылады. Бірінші төреші ойын алдында ойын алаңының жағдайын, допты және басқа қондырғыларды тексеру керек.
- Екінші төреші хатшылардың жұмысын бақылап отырады.
- Төрт төреші - доптың алаңға түсуін қадағалап, бақылап тұрады.
- Судья-хатшы - командалардың ұпай сандарын жазып, көрсетіп отырады.
Команда мүшелері
Командада негізінен 6 ойыншы ойнайды. 2, 3, 4-шабуылшылар, 1, 6, 5-қорғаушылар болады. Және де командада либеро ойыншысы болады. Ол ойыншының жидесінің түсі басқа түсте болады. Либероның қызметі шабуылдаған соққыны қабылдау және әріптестеріне допты берумен шектеледі. Шабуыл жасауға рұқсат етілмейді.
Волейбол добы
Волейбол добы негізінен резеңке теріден жасалуы керек. Ойында 300 - 325гр доп пайдаланады.
1900 жылы Американың “Shalding” алғашқы волейбол добын жасап шығарды. Ал кәзіргі таңда ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық “Mikasa” карпорациясы жауапкершілігіне алып отыр.
Сабақты бекіту
1-топ
- Бетолбакс
- Нетси
- Хатшам
- Тақғоқзылаұм
- Толбуф
- Баскетбол
- Тенис
- Шахмат
- Тоғызқұмалақ
- Футбол
2-топ
- Велйлобо
- Ганситимак
- Скоб
- Ресүк
- Шығңа
- Волейбол
- Гимнастика
- Бокс
- Күрес
- Шаңғы
Алдарыңызда дене тәрбиесі пәнінің адасқан сөздері берілген, осы кестеден қанша әріптерді байланыстырып, сөз таба аласыздар?!
- Студенттерді бағалау
Бағалау кестесі бойынша.
- Үйге берілген тапсырма:
Волейбол ережелері
- Пайдаланылған әдебиеттер:Ж. Қопарбаев, “Баскетбол ойынын оқытудың негізгі әдістемелік негіздері”, Алматы 2008ж. Интернет www. google. kz
Бағалау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz