Болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің әдістемелік дайындығының педагогикалық алғы шарттары



1 Жоғары оқу орындарында болашақ дене тәрбиесі мамандарын дайындау
2 дифференциалды дене тәрбиесінің әлеуметке сәйкес принципі
3 Дифференциалды дене тәрбиесі жүйесіндегі білім кеңестігінің принципі
Жоғары оқу орындарында болашақ дене тәрбиесі мамандарын дайындау ерекше әдістемелік жүйеге сәйкес жүргізілуі қажеттігі айтылып келе жатқандығына қанша уақыт болса да оның мазмұндық құрылымына қойылатын талаптар мен алғы шарттардың нақты анықталмай отырғандығы белгілі. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың дене тәрбиесін сапалы деңгейге көтеру маман даярлау жұмысын жаңа әдістемелік деңгейде жүзеге асырумен тығыз байланысты екенін атап көрсетілген болатын[1]. Онда дене тәрбиесі жас ұрпақтың салуатты өмір салтын ұйымдастыру негізі ғана емес оның тәрбие жүйесінің дұрыс бағытталуына жетекші іс-әрекеттерді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды жүзеге асыра алатын мұғалімнің қызмет сферасын ұйымдастыру қарастырылған еді.
1. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2004
2. В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, Е.Н.Шиянов Общая педагогика.- М.,2002
3. Е.Н.Шиянов Развтие личности в обучении. – М.,1999

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің әдістемелік дайындығының педагогикалық
алғы шарттары

Жоғары оқу орындарында болашақ дене тәрбиесі мамандарын дайындау ерекше
әдістемелік жүйеге сәйкес жүргізілуі қажеттігі айтылып келе жатқандығына
қанша уақыт болса да оның мазмұндық құрылымына қойылатын талаптар мен алғы
шарттардың нақты анықталмай отырғандығы белгілі. Қазақстан Республикасында
2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында оқушылардың дене тәрбиесін сапалы деңгейге көтеру маман
даярлау жұмысын жаңа әдістемелік деңгейде жүзеге асырумен тығыз байланысты
екенін атап көрсетілген болатын[1]. Онда дене тәрбиесі жас ұрпақтың
салуатты өмір салтын ұйымдастыру негізі ғана емес оның тәрбие жүйесінің
дұрыс бағытталуына жетекші іс-әрекеттерді қамтамасыз ететін педагогикалық
шарттарды жүзеге асыра алатын мұғалімнің қызмет сферасын ұйымдастыру
қарастырылған еді. Ол үшін төменде аталған педагогикалық шарттардың тәлім-
тәрбиелік потенциалы мен күтілетін нәтижелердің мәнділігін сатылап
көрсеткен жөн деп санаймыз.
Біріншіден — тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, ол педагогика
жүйесін адамға жоғарғы элеуметтік құндылық ретінде қарауға адам
қажеттіліктері мен қызығушылықтарын міндетті түрде есепке алуға және оларды
дамытуға бағыттайды.
Екіншіден — оқу процесінің демократиялық бастауын және либерализациялауын
дамыту, адамның өз құндылыгының абсолютті сипаттамасын потенциалдан
шындыққа айналдыру дене тәрбиесі — спорт іс-әрекет түрлерін еркін таңдауға
тіршілік әрекетінің салауатты өмір салтының шарттары мен амалдары.
Жас ұрпақ жалпы адамгершілік мақсаттарға сәйкес тәрбиеленуі қажет. Дене
тәрбиесі процесінде табиғи жаратылысына сәйкес принциптің терең мәні мынада
жатыр: Ол адамның дене потенциалының үздіксіз дамуына себебін тигізетін
шарттар мен себептер жиынтығын осы уақыттағы үйлесуіне бағыттайды. Бұл
уақыт қамтамасыз етудің морфты-функционалды жүйелері мен қозғалыс дамуының
табиғи ырғағына сәйкес болуы мүмкін еді[2].
Осылай адам дамуының тарихи процесінде дене шынықтыру мазмұны көмегімен
табиғи дамудың бөлек кезеңдері арасындағы ұтымды жалғастырушылықты
қамтамасыз ету мүмкіндігі құрылады және жүзеге асырылады. Ол байланыстырып
ғана емес, сонымен біпге табиғи түрде оқыту мен тәрбиені адам дамуымен
қосады. Бұл принцип дене тәрбиесі формаларының көп түрлілігін жекелену және
жіктелу негізінде белгілейді. Ол дене шынықтырудың адамдар таңдаған
түрлерінде адамдардың қабілеттерін дамытып, және талаптарының пайда болуы
үшін, денсаулық жағдайын, қызығушылығын және қажеттіліктерді есепке алып,
осы түрлерді таңдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды қажет деп санайды.
Бүл принциптің әдістемелік базасы В.К. Бальсевич, Л.В.Волков, А.А.
Гужаловский, М.И.Семенов зерттеулерінде қарасытырылған. Бүл зерттеулерде
адам қозғалысы дамуының ең жақсы нәтижелері, жеке қозғалу қабілеттері мен
әлеуметтік - психологиялық себептерді толық есепке алынуда қамтамасыз
етіледі. Осыдан педагогикалық жүйе мен психологиялық қатынаста басым болып
өз-өзін тәрбиелеу қызметін жүзеге асыруға нақты алдын-ала жағдай жасайтын
формалар мен 2дістер табылады.
Дене тәрбиесіне осындай қадам жасағанда оқу бағдарламаның бәріне бірдей
мақсаттар қойылуы мүмкін емес, өйткені мұндай бірлікте басынан қалай дене
шынықтырудың шектеулі құндылығы, сондай-ақ адамның өз-өзін бағалауының
шектелуін жобалайды. Сонымен дене тәрбиесінің табиғат жаратылысына сәйкес
принципінің жүзеге асырылуы, әрбір адам табиғатынан шығуға және тәрбие
процесі мазмүнын үйлестіру мен жан-жақты болудан бас тартуды, жеке адам
түлғасына байланысты оқыту, тәрбие және дамудың көп түрлі және көп нұсқалы
бағдарламаларын жасауды талап етеді.
Дифференциалды дене тәрбиесінің әлеуметке сәйкестік принципі адам
дамуының әрбір жас кезеңдері үшін әлеуметтік шындыққа қарай қатынастардың
ерекше жеке жүйесін мойындау болып табылады, яғни өсіп келе жетқан адаммен
әлеуметтік тәжірибе арқылы әрекеттер мен қатынастарды меңгеру деңгейі, өзін
қоғамда тану деңгейі, өзін басқа адамдарға көру деңгейі, қоршаған ортада
жауапты әрекетке бейімделу деңгейі, қоғамға қатынасында оның мен деген
орынға шоғырлануы байқалады. Бір жағынан қоғамға қатынасында Мен деген
орнына жинау нәтижелері, рефлекстің өсуі, өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау,
өз-өзін түсініп дамуы, және оларды анықтауы жүзеге асырылғанда, екінші
жағынан оның әрбір сатысына жіктелу қадам қажеттілігі түлғаның өзін-өзі
жүзеге асырудағы қажеттіліктің ара қатынасын есепке алғанда ғана тәрбие
процесінде өсудің потенциалды мүмкіншіліктерін пайдалана алатын ерекше
күйді алуды белгілейді[3,16 б].
Ол тәрбие процесін, адамның әлеуметтік белсенділігін калыптастырудың
психологиялық заңдылықтарына барабар құруға көмектеседі. Әлеуметтік дамудың
маңызды көрсеткіші ретінде өсіп келе жатқан адамдардың қызығушылықтары алға
шығады.
Онда жеке адам тұлғаның бағыты, оның ақыл-ой, эмоциялық және дене
белсенділігі байқалады. Балалар, жасөспірім және бозбалалардың дамуында
маңызды мәні болып мінез-құлығы мен іс-әрекетінің өзіне, басқа адамдарға,
қоғамға қатынасының сипаты, өз-өзін түсіну және жауапкершілік деңгейі
белгіленеді. Дифференциалды дене тәрбиесінің әлеуметке сәйкес принципі
жаттығушылардың қызығушылықтары, себептері, қажеттіліктері мен ұстаған
бағыттарына сәйкес дене шынықтыру саласында құндылық бағыттар арқылы ақылды
реттеу қажеттіліктерін, тәрбие құралдар кешенінің спорт нәтижесіне даярлау
тенденциясына қарсы мақсатқа сәйкес қолдануға негізделген реттелу
қажеттілігін анықтайды. Сондықтан бұл жерде дене шынықтырушыны тәрбиелеу
бойынша күрделі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу
Құзыреттілік теориясы
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми- әдіснамалық сараптама
Қозғалыс кезінде
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдас-тырудың педагогикалық шарттары
Оқушыларды коньки спортына тәрбиелеу жолдары
Пәндер