Версаль-вашингтон жүйесі жайлы мәлімет


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ВЕРСАЛЬ-ВАШИНГТОН ЖҮЙЕСІ

Париж конференциясы. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін жеңіске жеткен елдер алдында дүние жүзін өздеріне ұтымды жолмен қайта құру міндеті тұрды. Осы міндетті орындау және келісімшарттарға қол қою үшін Парижде бітім конференциясы шақырылды. Ол өз жұмысын 1919 жылы 18 қаңтарда бастады. Конференцияға 27 елдің өкілдері қатысты. Конференция басынан бастап әділетсіз сипат танытты. Оның жұмыс тәртібін басқа елдердің мүддесімен санаспаған ұлы держава өкілдері басқарды. Францияның премьер-министрі Дж Джордж Клемансо, Англияның премьер-министрі Дэвид Ллойд- Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон сияқты мықтылар мәселені оңаша шешті. Конференцияға жекелеген елдердің өкілдері шақырылмады. Сол сияқты оған азамат соғысы жүріп жатқан Ресей де қатыса алмады.

ІІ. Жеңімпаздар арасындағы қарама-қайшылық. Вильсонның "14 тармағы". Соғыстың соңына қарай капиталистік дүниенің жаңа күштерінің арасалмағы анықталған болатын. Әрбір державаның көздеген мақсаты мен материалдық табысқа жетуінің өзіндік жоспарлары болды. Соғыстың үшінші жылында ғана қосылған АҚШ одақтастарына ірі несие берушіге айналды. АҚШ-тың әскери қуаты мен дүние жүзіне жетекшілік ететіндей мүмкіндігі бар болатын. Осыдан келіп, АҚШ Бірінші дүтшежүзілік соғыстан кейін дүние жүзін қайта бөлу бағдарламасында халықаралық қарым-қатынастардың жаңа ұстанымдарын белгіледі. Бұл мәселе президент Вильсонның 1918 жылғы 18 қаңтарда АҚШ конгресіне жолдаған "14 тармағында" баяндалып, халыққа жарияланды.

"14 тармақта" Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы отарлар мен ықпалды аймақтарды қайта бөлу мақсатында қол қойылған Антанта елдері арасындағы барлық құпия келісімдерден бас тарту, теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету, кеден кедергілерінің бәрін жою және халықаралык деңгейде "ашық есік" пен "тең мүмкіндік" ұстанымдарын мойындау, қару-жарақ шығаруды шектеу, келіссөздерді ашық және жария түрде жүргізу мәселелері көтерілді. АҚШ Бельгияны қалпына келтіруді, Францияға Эльзас пен Лотарингияны қайтаруды ұсынып, бейбітшілікті қолдау үшін халықаралық ұйым құру қажет деп есептеді. Вильсонның бұл ұстанымдары дүниежүзілік саясаттағы жаңа пікір болатын.

Ұлыбритания алға қойған міндеттерін Париж конференциясына дейін жүзеге асырды. Оның көздегені - қарсыласы Германияның әлсіреуі және оның ұлы державалар қатарынан шығарылуы болатын. Африкадағы Германияның отарлары Англияның қолына көшті. Осман империясының Таяу Шығыстағы иеліктеріне Германияның ықпалы жойылды. Өз үстемдігін басқалардан артық санаған Англия АҚІП-тың әп сәтте бұлай күшейетіндігін есептемеген. Сондықтан да Ллойд-Джордж және ол бастаған делегация Париж конференциясында АҚШ-тың Ұлттар Лигасы арқылы іске асырмақшы болған "жаңа дүниежцзілік тәртіп", "ашық есік", "тең мүмкіндік" сияқты жоспарларына қарсылық көрсетті. Ллойд-Джордж тәжірибелі және алысты болжай алатьін саясатшы болған. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ірі өзгерістердің болатынын ұғып, капитализмді реформалау қажеттігін түсінді. Басқалар Ұлттар Лигасын кұру идеясымен үнсіз келісті.

Франция соғыс кимылдары өз аумағында өткендіктен, өзге дер-жаваларға қарағанда қатты зардап шекті. Ол несие*беруші елден қарыздар елге айналды. Германияны мейлінше әлсіреуін құптаған Франция оны ұсақ мемлекеттерге бөлшектеу жоспарын ұсынды. Сонымен бірге Францияға Рейннің бүкіл солтүстік жағалауы қайтарылып, Германияға барынша көп өтемақы төлету, Осман империясьшың иеліктерін өз үлесіне беру сияқты талаптарын да ұсынды.

Бітім конференциясының барысында кешегі одақтастар арасында да келіспеушіліктер болды. Президент Вильсонның "14 тармағы" негізінде бейбітшілік орнату туралы келіссөз жүргізілсе де, жеңіске жеткен елдер өз мүддесін ешкімге жібергісі келмеді. Италия Антанта жағында соғысқа қатысқаны үшін Оңтүстік Тироль, Адриат теңізінің шығыс жағалауын және Кіші Азияның бір бөлігін өзіне беруді талап етті. Шындығында, Италияның соғыс күші бұл иеліктерді күшпен алуға шамасы жеткіліксіз болған. Сондықтан Италияның қойған бұл талаптары орынсыз көрінді. Румыния 1916 жылы өзіне уәде етілген Трансильвания, Буковина және Баната иеліктерін беруді талап етті. Ол 1918 жылы Бессарабияны басып алғандықтан, Париж конференциясында бұл мәселенің талқыланбай қалуы мүмкін емес еді.

Франция Еуропаның Польша, Чехословакия сияқты шағын мемлекеттерінен Германияға қарсы блок топтастыруды көздеп, жеңілген мемлекеттер есебінен олардың аумақтарын кеңейту талабын қойды. Англия Францияның бұл талабын қолдамай, Еуропада үстемдік орнату ниетіне қарсы шықты. Дегенмен ұзақ тартыстан кейін жеңіске жеткен елдер өзара мәмілеге келе отырып, бітім шартының жобасын жасауды аяқтады.

ІІІ. Версаль бітімі. Германия делегациясы келісімшартқа қол қою үшін Парижге шақырылды. Бұл елмен жасалған келісімшарт Версалъ бітімі деп аталды. 1919 жылы 28 маусымда Сараевода Версаль сарайының айналы залында бітімге қол қойылды. Бұл соғыстан кейінгі дүние жүзіндегі мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттеудегі маңызды құжат болды. Бұл келісімшарттың талаптары бойынша Германия аумағының белгілі бөліктері өзімен көрші мемлекеттерге берілді. Германия басып алған батыстағы Эльзас пен Лотарингия Францияға қайтарылды. Экономикалық жағынан аса маңызды Саар облысын 15 жыл мерзімге Ұлттар Лигасы басқаратын болды. Бельгия Эйен және Мальмеди округтерін алды. Данияға Шлезвигтің солтүстік бөлігі берілді. Силезияның бір бөлігі Чехословакияға өтсе, шығыста Германиядан Батыс Пруссияның ауқымды бөлігі, Померанияның бір бөлігі мен Познань облысы Польшаға қайтарылды. Версаль бітім шарты бойынша Германия аумағының 1/8 бөлігінен, халқының 1/12 бөлігінен және отарларының бәрінен айырылды. Версаль бітімі Германияның соғыстан кейінгі Еуропадағы орнын да анықтап берді.

Германияда жалпыға бірдей әскери міндет жойылды. Ол жалдамалы негізде құрылатын 100 мыңдық әскер ұстауға құқылы болды. Германияның танк, ауыр артиллерия, әскери авиация мен сүңгуір қайықтар ұстауына тыйым салынды. Соғыс жылдарында Антанта одағындағы елдерге келтірген шығындары үшін Германия өтемақы төлеуге міндеттелді. Бірақ оның көлемі жөнінде жеңген елдер бір шешімге келе алмады. Бұл мәселе туралы Бельгияда 1920 жылы шілдеде шығындарды өтеу жөніндегі тиесілі шешім қабылданды. Лондон конференциясы (1921 ж. ) өтемақының жалпы көлемін 132 млрд алтын марка деп есептеді. Германиямен жасалған шарт оның бұрынғы одақтастары Австриямен, Болгариямен, Венгриямен, Түркиямен бітім шарттарына қол қоюмен аяқталды. Бұл мемлекеттерге де әскери шектеулер мен ауыр өтемақы белгіленді.

Ұлттар Лигасы. Париж конференциясы Ұлттар Лигасын құру жөнінде шешім қабылдаған еді. Оның Жарғысын әзірлеуге арнайы комиссия құрылып, көптеген елдердің өкілдері қатыстырылды. Вильсонның басшылығымен Жарғының негізі қысқа мерзімде 1919 жылы 14 ақпанда дайын болды. Лиганың басты мақсаты - халықтар арасыңда ынтымақтастықты дамыту, бейбітгшлік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ассамблея мен Лига Кеңесінің басты органдары болды. Лиганың жоғары органы - Ассамблея отырысына жылына бір рет шақырылды, Ассамблеяның әрбір 'мүшесі бір дауысқа ие болды. Ассамблея отырыстарының арасында халықаралық бейбітшіліктің күзетшісі қызметін атқарушы Лига Кеңесі өз жұмысын атқарды. Кеңес бес (Англия, Франция, Италия, АҚІП, Жапония) тұрақты және Ассамблея тағайындайтын төрт ауыспалы мүшелерден құрылды. Ассамблея мен Кеңестегі барлық шешімдер бірауыздан қабылданды. Лигада басынан бастап-ақ жетекші рөлді Англия мен Франция өз қолына алды. Версаль бітімшарты АҚШ сенатында бекітілмеді. Ұлттар Лигасын құрудың бастамашысы болған АҚПІ оның қатарына кірмей қалды. АҚШ үкіметі еріксіз 1921 жылы тамызда Германиямен жеке бітімшартын жасауға мәжбүр болды. Бұл бітімшартта Ұлттар Лигасы туралы ештеңе айтылмады. Ұлттар Лигасы Вильсон жасаған Американың жаңа сыртқы саясатынан толығымен бас тартты.

Жаңа мемлекеттердің құрылуы. Париж бітім конференциясы Еуропада бірнеше жеке мемлекеттердің кұрылғандығы туралы құжатты бекітті. Польша мен Чехословакия мемлекеттерімен қатар бұрынғы Ресей империясының құрамынан бөлінген төрт мемлекет - Финляндия, Эстония, Литва және Латвия пайда болды. Австро-Венгрия империясы ыдырап, Австрия мен Венгрия жеке мемлекетке айналды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін өз алдарына жеке мемлекет болған Сербия мен Черногория аумақтарына оңтүстік славян халықтары мекендеген Словения, Хорватия, Далмация, Босния, Герцеговина, Македония өңірлері қосылып, кейін Югославия деп аталған серб-хорват-словен мемлекеті құрылды. ІV. Вашиштон конференциясы. Германия және оның одақтастарымен жасалған бітім шарттарын теңіз қару-жарақтарын шектеу, Тынық мұхиты және Қиыр Шығыс мәселелері бойынша шарттармен толықтыру қажет болды. АҚШ үкіметі осыны іске асыру үшін Вашингтонда конференция шақырды. Конференция 1921 жылдың 11 қарашасынан, 1922 жылдың 6 ақпанына дейін өтті. Оның жұмысына тоғыз елдің - АҚШ, Англия, Франция, Португалия, Қытайдың және басқа елдердің өкілдері қатысты. Конференцияға кеңестік Ресей мен Қиыр Шығыс республикасы шақырылмады. Вашингтон конференциясында теңіз қару-жарақтарын қысқарту туралы шарт қабылданды. Осыған сәйкес 35 мың тоннадан астам салмақты кемелерді жасауға тыйым салынды. Мұндай кемелерді жасауда АҚШ-тың шамасы жоқ емес, тек Панама каналы арқылы мұндай кемелер өте алмайтын еді. Салмақты кемелерді жасауға тыйым салу АҚШ үшін тиімді болды. Конференция АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия үшін кемелердің үйлесімді шамаларын белгіледі. Сөйтіп, АҚІП пен Англияның әскери теңіз флоты- бірінші орынға, Жапония - үшінші, Франция мен Италияның флоты төртінші орынға қойылды. Бұл халықаралық қатынастар тарихындағы қарулануды шектеуші тұңғыш келісім болды. Қытайға енудің аса тиімді жолын қамтамасыз ету үшін Америка делегациясы Қытайдың егемендігін және аумақтық тұтастығын құрметтеп, барлық державаларға Қытаймен өз қарым-қатынастарында "ашыкесік" және "теңмүмкіндік" ұстанымдарын басшылыққа алуды ұсынды. Соның негізінде Қытайдың тең емес - жартылай отарлық жағдайы сақталды.

Тоғыз державаның шартына сәйкес Жапония Қытайдағы бұрынғы артықшылықтарынан бас тартуға мәжбүр болды. Ол Қытайға Маньчжурия темір жолын салуға несие беру құқығынан және ол жерге өзінің екі кеңесшісін жіберу құқығынан айырылды. Сонымен қатар Жапония Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде басып алған Шаньдун аралы аумағынан бас тартып, оны Қытайға қайтарды.

Вашингтон конференциясы АҚШ жүргізген саясаттың үлкен жеңіске жеткендігн көрсетті. Бұл конференцияның шешімдері соғыстан кейінгі Версаль келісімшарттарына толықтырулар енгізумен бірдей болды.

Париж Вашингтон конференцияларының шешімдері соғыстан кейінгі халықаралық қарым-қатынастар үлгісін қалаған Версаль-Вашингтон жүйесін қалыптастырды. Бұл жүйенің құрылуы соғыстан кейінгі шиеленістерді бәсеңдетуге мүмкіндік берді. Халықаралық қарым-қатынастардың жаңа ұстанымдары бекітілді.

Халықтардың өзін-өзі билеуі мойындалды. Соғысты мемлекетаралық даулы мәселені шешудің құралы етуден бас тарту көзделді. Бейбітшілікті сақтаудың халықаралық ұйымы ретінде Ұлттар Лигасы құрылды. Бұл жүйенің осындай қол жеткен табыстарымен қатар, оның тиянақсыздығына негіз болған алғышарттар да сақталды.

Версаль-Вашингтон жүйесінің тұрақсыздығы. Версаль-Вашингтон жүйесі халықаралық қарым-қатынастардьщ жаңа моделі болғанымен, жүйенің империалистік сипатын өзгерте алмады. Бұл әсіресе кеңестік Ресейге қарсы жүргізілген күрестің барлық бағытынан көрінді. Революцияның таралуына тосқауыл ретінде кеңестік Ресейдің батыс шекарасы бойына Финляндия, Эстония, Латвия, Литва, Польша сияқты ұлттық мемлекеттердің тобын құрды. 1918-1919 жылдары интервенциялар ұйымдастырды. Кеңестіқ Ресей Версаль-Вашингтон жүйесінің бітімшарттарының бірде-біреуіне қол қоюға шақырылмады.

Жеңілген елдер ауыр өтемақы төледі, соғыстың бүкіл ауыртпалығы халықтың мойнына түсті. Жеңілген Германияны әлсіретуге, оның халқының революциялық қозғалысын тұншықтыруға АҚШ, Англия, Франция қол ұшын беруге әзір тұрды. Германияның өз ішінде қуғын-сүргін жүргізу міндетін атқару үшін белгілі деңгейде әскери күшін сақтап қалды. Бірінші дүниежүзілік соғыста көтерілген шовинизм мен ұлтшылдық толқыны төмендемеді. Оның күші ұлттық келіспеушілік сезімін қолдаудан көрінді. Ұлтшылдықтың төмендемеуіне шекара мәселесін дұрыс шешпеудің де ықпалы тиді. Румынияның құрамына венгр және болғар жұрты орналасқан аумақ берілді. Бұл Румыния және Венгрия, Болгария арасында тікелей дұшпандық қатынастарды орнатты. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада аумақты қайта қарау басқа да елдер арасында өткір қарама-қайшылықтарды тудырды. Бұл қайшылықтар Болгария мен Югославия, Австрия мен Венгрия, Венгрия мен Чехословакия, Чехословакия мен Польша және т. б. елдер арасыңдағы дұшпандыққа ұласты. Ұлттық-мемлекеттік межелеп бөлудің негізі етіп халықтардың өзін-өзі билеу ұстанымдарын жариялаған жеңілуші елдер сол ұстанымдарды өздері жиі бұзды. Өзге елдердің де оларды бұзуына жол берді.

Версаль-Вашингтон жүйесі Германия отарлары мен бұрынғы Осман империясының халықтарына тәуелсіздік әперген жоқ. Ұлттар Лигасы бұл халықтарды мандатпен басқаруды енгізіп, билеушілерін ғана өзгертті. Мандаттар Англия, Франция және Жапонияның қолына тиді. Англияға - Палестина, Трансиордания, Ирак, Танганьика, Камерунның бір бөлігі, Францияға - Сирия, Ливан, Камерунның екінші бөлігі берілді. Мариан, Каролин, Маршалл аралдары, Шандунь жартылай аралына берілген мандат - Жапонияға бекітілді. Капиталистік мемлекеттер арасында отарларды және ықпалды аймақтарды қайта бөлу іске асты. Отаршылдықтың жаңа түрі пайда болды. Сондықтан отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар туындап отырды.

КСРО-ның мойындалуы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері шовинизм мен ұлтшылдықты қоздырып, халықты бір-біріне айдап салды. Осы сәтте большевиктер ұлт мәселесін социалистік революцияның құрамдас бөлігі ретінде қарап, революция жеңіске жеткен жағдайда әр ұлттың өзін-өзі билеу және Ресейдің құрамынан шығып, егеменді ел болу құқығын беретіндігін мәлімдеді.

1922 жылдың 30 желтоқсанында өткен Кеңестердің Бүкілодақтық I съезі РКФСР, Украина, Белоруссия және Кавказ Республикаларының қосылуы арқасында тұңғыш Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылғандығын жариялады. 1924 жылы КСРО мен дүние жүзінің ірі державаларының арасында дипломатиялық қатынастар орнады. КСРО-ны Англия, Италия, Норвегия, Австрия, Грекия, Швеция, Қытай, Дания, Мексика таныды. Сол жылы Эррио басқарған Франция үкіметі КСРО-ны мойындайтынын мәлімдеді. 1923 жылы Кеңес елін Жапония да мойындады. КСРО бір жыл ішінде, 1924 жылы ақпанынан 1925 жылдың қаңтарына дейін 12 мемлекетпен толық елшілік қатынас орнатты. Кеңес Одағы капиталистік дүниенің 22 мемлекетімен елшілік қатынас жасады. Ірі державалардың арасында тек АҚІП қана КСРО-ны мойындамады. КСРО-ның Ұлттар Лигасының құрамында болмағанына қарамастан, оны дүниежүзілік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде мойындады.

Германияның халықаралық жағдайы. Рейн пактісі. Париж бітім конференциясы Германия мен оның одақтастарының соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесін түбегейлі шеше алмағандықтан, ол халықаралық қарым-қатынастағы бірден-бір шешуші мәселе болды. Германия 1921 жылы белгіленіп, 48 жылға созылған соғыс шығындарын өтеуден үзілді-кесілді бас тартты. Мұның салдары 1923 жылы қаңтарда француз-бельгия әскерлерінің Германияның ең өнеркөсіпті ауданы-Рурды күшпен басып алуына әкеліп соқты. "Рур дағдарысы" герман өнеркәсібінің қирауына, оның өнімдерінің төмендеуіне, құнсызданудың көбеюіне себепші болды. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдары іздестіріле бастады. АҚШ-тың ұсынысымен және американ банкирі Ч. Дауэстің басшылығымен сараптау комиссиясы құрылды. Оның ұсыңысы бойынша Германияға 800 млн алтын марка халықаралық несие беру қарастырылды. Дауэс жоспары Германияның соғыс шығындарын өтеу жөніндегі қарызының жалпы көлемін қысқарта алмаса да, төлемнің жылдық сомасын азайтты. Осы жоспарға сәйкес Германия алты жыл ішінде 7, 5 млрд марка соғыс шығынын өтеп, американ банкісінен 21 млрд марка несие алды. Аталмыш несие неміс экономикасын қалпына келтіруге үлкен көмек көрсетті. 1925 жылы Швейцариядағы Локарно қаласында сыртқы істер министрлерінің қатысуымен маңызды шешім қабылдаған конференция өтеді. Олардың арасында Франция мен Германияның, Бельгия мен Германияның арасындағы шекаралардың дәйекті "Рейндік тапсыру пактісі" болды. Бұл пакт бойынша Германияның бұрыннан армандаған саяси теңдігі өзіне қайтарылды. 1925 жылы Германия Ұлттар Лигасына қабылданды. Сөйтіп, Германия қайтадан ұлы державаға айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Америка Құрама Штаттарының Версаль келісімінен кейінгі сыртқы саясаты
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Париж бітім конференциясындағы ақш позициясы
Вашингтон конференциясы және «Тоғыз держава келісімі»
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Вена конвенциясы
Халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру
Версаль вашингтон жүйесі
Париж конференциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz