Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру жолдарын қарастыру


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру ерекшеліктерінің педагогикалық сипаты . . . 6
1. 2 Музыка сабағын ұйымдастыру ерекшелігінің мүмкіндіктері . . . 11
2 Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру ерекшеліктерінің әдістемесі
2. 1 Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру жолдары . . . 26
2. 2 Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастырудың әдіс тәсілдері . . . 38
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қашан да жас ұрпақ халық педагогикасы негізінде ұлтымыздың мәдениетімен, тарихмен, салт-дәстүрімен танысады.
Халықтық тәлім-тәрбие өнегесінің бар болмысын танытып, жастарды имандылыққа, әсемдікке, әдептілікке, саналылыққа баулиды.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігінде ілікке елдер тобының ішінен орын алуына мүмкіндік беретін басты негіздердің бірі «халқымыздың сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәденниетін сақтап түлете беру» деп атап көрсеткен [1] .
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы болашақ мамандарсыз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын.
Сондықтан да қазіргі жаһандану заманында басқалардың көлеңкесінде қалмай, ықпалына ермей, Жолдауда көрсетілгендей, дәстүріміз бен тілімізді түлету, ұлттық мәдениетімізді сақтау үшін барынша аянбай еңбек етуіміз қажет. Біздің ұлттық байлығымыз; салт-дәстүріміз, тіліміз, ұлттық болмысымыз, жыр-дастандармыз.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы болашақ мамандарсыз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын
Музыка мұғалімі өз бойына өнердің сан қырын сіңірген сөйлеу мәдениеті, кәсіби-педагогикалық, музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары қабілетті, іскер, ізденімпаз маман болуы тиіс. Бәрімізга аян, музыка балалардың қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сџйіспеншілігін дамытады. Музыка пәнімен байланыста берілетін тәрбие шаралары мазмұны мен көркемдігі арқылы оқушылардың идеялық көзқарасын, қоғамға, Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, өмір құбылыстарын дұрыс түсініп, қабылдауға жәрдемдеседі. Музыкалық білім беру мәселесінің танымдық тџрі - сыныптан тыс тәрбие жұмыстары. Бұл мәселелерді зеттеуші педагогтарымыз А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, А. Г. Аргажникова, Д. Б. Кобалевский, Р. Р. Жәрдемалиева, Қ. М. Меңдаяқова, З. Абиевалардың және т. б. өз еңбектерінде кеңінен қарастырған. [2] .
«Тәрбие тал бесіктен басталады» дейді дана халқымыз. Халықтың ғасырдан-ғасырға жақсысын екшеп, жинап-теріп, көрегендікпен болашақ ұрпағына берер сыйы да осы ұлттық тағылымдары болса керек.
«Әсемдік - ізгілік сезімді оятады», - дегендей, осы ұлттық құндылықтарымызды эсететикалық тұрғыдан көркемдік мүмкіндіктеріне көңіл бөле отырып, жастарды тәрбиелесек, оларда әсемдікке, әдептілікке деген құрмет, ішкі мәдениет нышандары арта түседі.
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен тағылымды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оқушылардың эстетикалық түсінігі мен талғамын қалыптастыру болып табылады.
Халықтың бай тарихын, мәдени-рухани құндылықтарын, оның құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін білмей бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес.
Қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетінің тәрбиелік мүмкіндіктерін жас ұрпақтың, келешектің эстетикалық тәрбиесінде тиімді пайдалана білу осындай қажеттіліктің бірі болып отыр. Міне, әлемдік жаһандану үдерісі барысында білім беру мен тәрбие саласында ұлттық дәстүрге сүйене отырып, жаңа ұлттық үлгі қалыптастыру арқылы ғана мемлекетіміздің дербестігін сақтап, жоғары өркениетке жете аламыз.
Қоғамдағы қазіргі қалыптасу жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіруде музыка сабағының мәні зор
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектепте музыка сабағы арқылы білім беру - негізгі түпқазығы. [3] .
Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеуде музыка сабағының ерекшелігі - бүгінгі күннің басты талабы.
Әлемдегі екінші ұстаз атанған ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы». Себебі біз тәрбие арқылы ізгілік жолын, адамгершілік, имандылық, әдеп жолдарын бала бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру ерекшеліктерін бойына дарытамыз.
Қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен халықтың танымын дамытып, жинақтап бүгінгі жастарға ұсынып жүрген ғалымдар: Ә. Табылды, Қ. Бөлеев, Р. Төлебековалардың еңбектері қазақтың халықтық байлығының көзін ашып берді.
Жас шыбық иілуге қандай тиімді болса, жас бала да тәрбиені қабылдауда сондай бейім. Сондықтан ұрпақ жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі оқу-тәрбие процесіне музыка сабағынендіру аса маңызды міндетіміз.
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару - қазіргі кезеңдегі басты міндет. [4]
Бүгінгі таңда ұлттық тәлім-тәрбиенің жастарға өз дәрежесінде берілмеуіне байланысты біршама қарама-қайшылықтар туындап отыр. Сондықтан да тақырыбымызды «Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері. » деп қарастырдық.
Зерттеудің мақсаты:
Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру ерекшеліктерінің педагогикалық сипатын қарастыру
- Музыка сабағын ұйымдастыру ерекшелігінің мүмкіндіктерін анықтау
- Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру жолдарын нақтылау
- Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастырудың әдіс тәсілдерін қодану
Зерттеудің нысаны: Жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық процесс.
Зерттеу пәні: музыка сабағы.
Зерттеу әдістері: Ұлы ойшылдарымыздың, педагог-ағартушылардың, ғалымдардың ғылыми еңбектерін жинақтау, талдау, саралау, іс-тәжірибелерін жүйелеу.
Зерттеу көздері: ҚР «Білім» туралы заңы, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары және басқа да ресми құжаттар. Педагогтардың еңбектері, ғылыми педагогикалық басылымдар, журналдар т. б.
1 Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру ерекшеліктерінің педагогикалық сипаты
Педагогика тарихында білім және тәрбие проблемасы қай заманда болмасын ұлттық ерекшелігімізге мазмұндас жүргізіліп отырды. Тарихқа көз жіберетін болсақ ерте кезде-ақ, ғұлама ғалымдар әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқаридың білім, тәрбие мәселелері жайлы кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен мол рухани мұралары осы күнге дейін өзінің маңыздылығын дәлелдеп келеді. Солардың ішіндегі бірегейі, кемеңгер ойшыл, Шығыс Аристотелі атанған әл-Фараби орта ғасырда өз еңбектеріне ұлттық тәрбиенің философиялық негізін қалады. Ол, тәрбие - философиялық категория және бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы - деп қарастырған.
Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, С. Көбеев, А. Байгұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймаутов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин еңбектерінде келешек ұрпақтың «көзі ашық, көкірегі ояу» болып, саналы да тәрбиелі болу керектігі жайлы айтып кеткен, ой-пікірлерін бүгінгі егемендік алған еліміздің ертеңгі ұрпақ тәрбиесінде басшылыққа аламыз. [5]
Ұлттық тәрбие мәселелерінің философиялық негіздері Ж. Әбілдин, Д. Кішібеков, Садықов, Ә. Нысанбаев теориялық негіздері, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский еңбектерінде қарастырылса; психологиялық-педагогикалық негіздеріне Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, Т. С. Сабыров, Р. М. Қоянбаев, С. А. Ұзақбаева, т. б. ғалымдар назар аударған. [6, 7, 8, 9]
Тәрбие - мәңгілік және жалпыадамзаттық категория. Алайда қай халықтың болмасын бұл салада өзіне ғана тән ерекшеліктері мен дараланып тұратын үлгілері болады. Бұл ерекшеліктердің негізін халық ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпакқа мирасқа қалдырып отырады. Егер оларды жай хронологияға көшірер болсақ қазақ жері мен еліндегі ғасырлар бойы қалыптасқан оны үйрету, тәрбиелеу, оқыту жүйелерінің даму диалектикасын да түсінер едік. Осы әдісті негізге алып жоғарыдағы үрдістерді:
- тәрбие мен үйретудін орта ғасырлық үрдістері. Бұл біліктілікке ұмтылыс, тәрбие мен оқуға ұмтылыстың өзіндік бір белесі;
- тәрбие мен біліктілікке, саналылық пен танымға бейімдеудегі шешендік сөздер мен өнердің биігіне шығуы;
- кейін осы үрдістер дамып, жетіліп, ал қайсы бір тұстарда құлдырап, дегенмен рухани дүниеміздің бір бөлігі болған және оны байытқан сазгерлікпен, ақын-жыраулардың ой толғауларымен ұласты. Мұны кемел ойшыл М. Әуезов халық қазынасы деп атады. Халқымыздң психологиялық, тәрбиелік үрдістері мен көзқарастары, дүниетанымы дами түсті [5. 32б] .
Қазақ топырағындағы қалыптасқан тәрбие үрдістері ұлтымыздың өзіндік ұлттык философиясын, педагогикасын, психологиясын, жалпы дүниетанымы мен талғамын қалыптастырды. Олар ұрпақтан-ұрпақка жетіп жалғастығын тауып отырды. Сондықтан қазіргі бастауыш сыныпта музыка сабағын оқу-тәрбие процесінде ұйымдастырудың ерекшеліктерін, теориялық санаға, оқуды білікпен ұштастыруға бетбұрыс жасаймыз.
Заман талабына байланысты бүгінгі оку-тәрбие ісіндегі этномәдениеттік бағыттарға бетбұрыс барысында, теориялық тұрғыдан, қандай өзекті теориялық мәселелерді түсінуіміздің қажеттігі осылай туындап отыр. Бұл тұрғыда теориялық жағынан тиянақтауды қажет етіп тұрған бірден-бір бағыт - халықтық ойлау, үйрету үлгілері мен тәрбиелері, олардың ұлттық ерекшеліктері мен біліктері туралы рухани мұраларында көрініс тапқан үлгі-ұғымдарды бастауыш сыныпта музыка сабағы арқылы қалыптастыруға болады. .
Қазақ халқының өткен ұрпағы артына жазба мәдениетін қалдыра алмағанмен, ауызекі үлгілермен өздеріне тән рухани мұралар жүйесін жасай білен. Осы рухани мұралар жүйесінің ішінде қазақ халқының диалектикалық ойлау элементтері мен халықтық тәрбиелеу бағытының алатын орны ерекше.
Көпшілік жұрт, жалпы қауым жеке адамнан бастап әлемдік өзгерістерге дейінгі аралықтағы болып жатқан құбылыстарды түсінуге әрекет жасап, өз білігі мен танымын кеңейтіп отырған. Табиғи таным процесі келесі ұрпаққа беріліп, әрі қарай жалғастын тауып, жетіліп, дамыған. Осының өзін халықтың даналық - философиясы деп түсінгеніміз жөн. Өйткені танымды тереңдетуге, жетілдіруге, көзқарасты негіздеуге байланысты нәрселердің бәрі ауызекі тілде даналықпен, философиямен байланыстырыла ұғындырылады.
Егер қазақ халқының таным барысындағы, ойлау жүйесіндегі диалектикалық әлементтерін қазақ философиясы деп алатын болсақ, оның негізгі тарихи даму бағыттарын жалпы әлемдік философия тарихының даму заңдылықтарын басшылыққа ала отырып былайша көрсетуге болар еді: күнделікті өмірден туған ойлар, дүниені тануға деген шынайы көзқарас; танымның діни жолдары мен басқа идеяларынан туындаған көзқарастар; табиғаттың, қоғамның, адамзаттың өзгеру, даму процесін ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіруге ұмтылушылық, т. б.
Қазіргі кезеңде халық педагогикасы делініп жүрген қазақ халқының үйрету, тәрбиелеу жүйелерінің даму идеясын да дәл жоғарыдай жолмен түсіндіріп беруге болады. Бұл жағдайда біз - тәрбие деп аталатын адамзат қауымына ортақ және мәңгілік категорияның тарихи тұрғыдан жылжып, дамып, мазмұнының толығып, жетіліп отырғандығының куәсі боламыз. Сонымен қатар тәлім-тәрбиенің ажырамас егіз ұғым екеніне де көз жеткізуге болады.
Халық философиясы қоғамдық құбылыстардың әр түрлі заңдылықтарын, оның ішінде жас ұрпақ тәрбиесін де ой елегінен өткізіп белгілі бір тұрғыдан баға беруге меңзейді. Олай болатыны тәрбиенің түрлері, негізгі қағидалары халық дүниетанымымен, көзқарасымен айқындалып, сонан туындап отырады. Мәселен, бағзы заманғы адамдардың түсініктерінде сол кездегі танымдарының да табы бар екендігі зиялы қауым арасында талас туғызбаған.
Бұларға қоса, қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды жақтау немесе заңдастыру философияның алдындағы негізгі міндеттерінің бірі. Осы істерге халықтық педагогиканың да тікелей қатысы бар. Себебі, тәлімсіз-тәрбиесіз, бір жүйеге түскен адамгершілік өлшемсіз қоғамдық қатынастардың да жете дамуы мүмкін емес. Сондықтанда бастауыш сыныпта музыка сабағын үйымдастырудың өзіндік ерекщелігі бар.
Өркениеттің күйзелу кезеңдерінде оның нақты себептерін философиялық тұрғыдан түсіну қажет болады, өйткені бұл уақытта қарапайым сана тұрғысынан түсіндіру мүмкін болмайтын, теориялық сана деңгейінен ойлайтын, айқын, даналық әдістерсіз қоғамдық құбылыстар өз шешімдерін таппайды. Ал жағдай тұрақты деңгейде болған жағдайда дәстүрлі, салыстырмалы түрде жай дамитын өркениетке тура даналық ойдың, ұғынудың, тәлім мен танымның, өзі керек. Бұл тұста белгілі бір қалыпқа түскен халық педагогикасы мен психологиясының, этномәдениеттік дәстүрдің орны ерекше.
Халық педагогикасын халықтың үйрету, оқыту, бейімдеу, тәрбиелеу бағыттарындағы ғасырлар бойғы жиған-терген тәжірибелері десек, халықтық тәрбие деп біз белгілі бір ұлттың жеке адамға, соның ішінде балаға тәрбиелік ықпал етуінің тарихи қалыптасқан жүйесін түсінеміз. Бұл жүйе халықтың бүкіл өмір тіршілігімен, болмысымен бір тұтастықта, болады.
Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойына берілгеніне дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар - барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Күні кешеге дейін халықтық тәрбиеге мән берілмей келді. Ал, өмірден, тұрмыстан аулақ турған, халық педагогикасына негізделмеген, барлық ұлттар мен ұлыстар үшін ортақ тәрбие беру теориялары өзінің өміршең болмайтындығын дәлелдеді [8] .
Қазіргі уақытта тек құр ұрандатып тәрбиелеуден ештеңе шықпайтынына баршаның көзі жетіп болды, ендеше тәрбие іс-әэрекет арқылы, күнделікті өмір-тіршілігімізбен байланысты жүзеге асырылуы және бүгінгі қажетгіліктен туындауы керек.
Олай болса, халықтық педагогика тұрғысынан, бүгінгі заманның талабын ескере отырып оқу-тәрбиеге жаңа көзқарасты қалыптастыруды жүйелі түрде жолға қоюды мақсатты түрде жүргізген жөн. Бұл іске деген жаңаша көзқарасымыз егеменді елімізде қолдану тауып жатуы керек. Әрине, оқу-тәрбие ісіне жаңаша көзқарасты, жаңаша түсінікті қалыптастыру бір күннің, тіпті бір жылдың да ісі емес, оқу процесінде музыка сабағы арқылы да дамытуға болады. Оны уақытпен шектеу де даму диалектикасына қайшы келер. Дегенмен, жаңа бағыттың басы бүгіннен біздерден басталары сөзсіз.
Сонымен, ойымызды түйіндесек, халық философиясы мен педагогикасының, психологиясының өмір сүру аясы, зерттеу объектісі әлем - коғам - адам аралығы екен. Бірі, бұларды теориялық тұрғыдан тереңдей зерттесе, екіншісі, салт-дәстүрлерді дамыта, жалғастыра, отырып тәлім-тәрбие мен танымды ұштастырады екен. Осыдан келіп Абай айтқан «Адам бол!» идеясы бұрынғы заманнан бастап бүгінге дейін қатар дамыпш келе жатқан бұл ғылымдар саласына да ортақ, танымнан тәлімге қарай даму болмақ. Олай болса, халық философиясы мен психологиясы, халық педагогикасы таным-тағылымының жиынтығы, бір-бірімен тығыз диалектикалық байланысты даму жолы. Сондықтан бұл байланыстарды терең ұғынып, оларды оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің жалпы жүйесінің жемістері, бір бағыты деп қарастырамыз.
Осы орайда өркениетті әлемнің таңдаулы мүшесі болу - елдің рухани және мәдени қуатына, ғылымы мен біліміне байланысты. Н. Ә. Назарбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық тұсында болады. Елімізді барынша дамытатын негізгі күш ұлттық тәрбие алған бүгінгі, жастар» - деп атап көрсеткен. Бүгінгі жаһандану жағдайындағы заман талабына сай тәрбие беру, оның мазмұны мен мақсатын, қағидалары мен міндеттерін қайта қарастырып, жаңарту қажеті күн сайын артуда. [10]
Музыкалық білім беру дегеніміз- музыкалық шығармалар арқылы жас ұрпақты өмірдегі, кџнделікті тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы және әдебиет пен өнердегі әсемдікті, сұлулықты, асқақтықты, азаматтықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, тџсініп бойына сіңіре білуге, әділ бағалауға, тіршілкте іске асырып отыруға баулу, әсемдікті тани, жасай білуге џйрету. Музыкалық білім берудің мақсаты - әр адамның ақыл- ойын, әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез- құлқының, тән- мен жанның қалыптасуына ықпал ету. Жасампаздықты мұрат тұтып, өзінің тұрмысын, мінез- құлқын, адамдармен қарым- қатынасын, ұйымдастыра білу қабілетін, қиялын, эстетикалық талғамын дамыту. Эстетикалық тәрбие жан- жақты дамыған, еңбек сџйгіш, достыққа берік, жаны сұлу, әдепті жастарды тәрбиелеудің басты бір саласы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz