Бастауыш сыныпта қазақ тілін cөзжұмбақтар арқылы оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Бастауыш сыныпта қазақ тілін CӨзЖҰМБАҚТАР

АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

  1. Көрнекiлiктiң түрлерi және оны пайдалану жолдары
  2. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Бастауыш сыныпта қазақ тілін CӨзЖҰМБАҚТАР

АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

Мемлекетiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi, елдiң сана-сезiмiнде түбегейлi өзгерiстер жүрдi. Бұл өзгерiстер Қазақстан мемлекетiн дүниежүзiлiк экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, елiмiздiң iшкi рыногын да әлемдiк деңгейге көтердi. Мұнымен қоса, бiлiм мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелi - “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы». Бұл Тұжырымдама елiмiздiң бiлiм жүйесiнде реформалық өзгерiстер жасау қажеттiгiнен туындайтын басты бағыт-бағдарды айқындайды.

Жалпы бiлiм беру жүйесiнде үйреншiктi дағдыдан үйлесiмдi, күрделi сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлi оқу жүйесiн орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлiк жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу - қазiргi заман талаптарынан туындап отыр.

Осы тұрғыдан келгенде, үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң базалық буыны саналатын орта бiлiм мекемелерiнiң жастарға сапалы бiлiм, саналы тәрбие беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастырар рөлі зор екені даусыз.

Тіл үйрету - ол зорлықсыз, иландыру арқылы жүргізілетін жұмыс екендігі белгілі. Алайда, қандай да бір құбылыс болмасын оның қажеттілігі байқалмайынша жүзеге аспайтыны анық. Олай болса, мемлекеттік тіл қазақстандық басқа ұлт өкілдерінің қажеттіліктеріне айналмайынша, олардың тілді үйренуі кешеуілдеу беруі ықтимал. Сол себепті мемлекеттік тілді жедел әрі тиімді оқытудың жолдары мен түрлерін тілші мамандар мен ғалымдар әртүрлі әдістемелер арқылы оқытуды ұсынуда.

Мемлекеттік тілдің іргетасын қалау бастауыш мектептен басталуы әбден заңды. Демек, мектептегі оқушыларға ұсынатын білім беру материалдары осы заман ғылымының дәрежесі мен талабына сай болу керек.

Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:

  1. Оқуға үйрету;
  2. Сөздік қорын, оқушылардың логикалық жүйелікті қамтитын байланысын сақтап сөйлеуін дамыту.

Оқыту ісі барысында қолданып жүрген негізгі әдістер төмендегідей:

  1. Мұғалім сөзі;
  2. Әңгіме әдісі ( сұрақ - жауап) ;
  3. Көрнекті құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер, сөзжұмбақтар, компьютер, т. б. ) ;
  4. Тілдік фактілерді талдау грамматикалық талдау;
  5. Тапсырмаларды орындату;
  6. Кітаппен жұмыс жасату;
  7. Топтық жұмыс;
  8. Тест өткізу;

Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін түсіндіргенді қайталап айтып беруге баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алынған білім мен білік дағды көп уақыт өтпей - ақ ұмытылады.

Қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуды бастауыш сыныптан бастап ыждағаттылықпен қолға алған жөн. Сондықтан да қазақ тілін үйретуде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қоршаған ортаны танып игеріп, сөйлесу, пікір алмасу, сұраққа дұрыс жауап беру, әңгімелесу тілді меңгерту жолында бастауыш сыныптардан бастап өтілген таныс, жеңіл сөздерді, сандарды сурет түрінде сөздермен байланыстыра, жұптастыра отырып, әртүрлі сөзжұмбақтар үлгісінде оқытуға болады. Мысалы, 4 - сынып оқушыларына «Мен және менің отбасым» модуліне байланысты сөздіктегі жаңа сөздерді меңгертуді төменде көрсетілген үлгі бойынша ұсынамын:

- «Қарындас» сөзін меңгертуде қарындаштың суретін салып, соңғы «ш» әрпін алып тастауды (‘) белгі арқылы көрсетіп, «с» әрпін жалғап, қыз баланың суретін көрсетеуге болады.

- «аға» сөзін оқушылар өздері айту үшін ағаштың суретінен соңғы «ш» әрпін алып тастауды (‘) белгі арқылы көрсетемін. Ребустағы сөздерді қазақ тіліне аудара отырып, « Менің елім - Қазақстан» модуліне байланысты жаңа сөздерді таныстырып, меңгертуге болады. «Огонь, хлеб, вода» сөздерінің орыс тіліндегі баламасын қазақшаға аудару арқылы, «огонь» сөзінің аудармасына «хлеб» сөзінің аудармасының соңғы екі әрпін алып қоссақ, «Отан» сөзі шығады. «Т» әрпіне «вода» сөзінің аудармасының соңғы «У» әрпін алып қоссақ, «ту» сөзі шығады. «Менің елім - Қазақстан» модулі бойынша оқушылардың алған білімдеріне қорытынды жасау мақсатында, берілген сөздердің орыс тіліндегі баламасын қазақшаға аударып, сөзжұмбақты шешу барысында тексеріп көруге болады. Мысалы: Столица, флаг, герб тағы да басқа модульге байланысты сөздерді қолдануға болады.

Сандар арқылы оқушыларды сергіту барысында мынандай сөзжұмбақтарды ұсынуға болады.

Мысалы: «1» лік - бірлік; с «2» р - секір; к3 - күш; «5» ік - бесік; «6» н - алтын; «7» ім - жетім; «8» - егіз; Т «10» - тон; Қ «10» - қон, тағы басқа сандар арқылы сөзжұмбақтар құрастырып ұсынуға болады.

Берілген сандар мен суреттердің орнына сөздерді пайдалана отырып, шағын өлең жолдарын құрап айтуға мүмкіндік жасауға болады. Сонымен қатар, оқушылар есептеп үйренуге де жаттығады.

Тапсырмалар:

Тақтада көрсетілген сандар мен суреттерді сөзбен жазып, шағын өлең жолдарын құрап, және есептеп жазуға болады.

«1» - «1» імен жарысқан,

«2» (түйенің суреті), «1» (керіктің суреті),

«3» (аюдың суреті), «2» (жолбарыстың суреті),

Бәрі нешеу? Кім біледі?

Жауабы:

Бір - бірімен жарысқан,

Екі түйе, бір керік.

Үш аю, екі жолбарыс

Бәрі қанша? Кім тапты?

Шешуі: 2+1+3+2=8

Оқушыға тілді меңгерте отырып, шағын өлең жолдарын сурет түрінде беру арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулимын.

  1. Оқушыларға берілетін нұсқа.

Туған қалам - Қарағанды,

Жарқырайсың сен (күннің суреті) - дей

Алыс кетсем, сағынам

(Жүректің суреті) - ім сенімен «1» - ге.

  1. Тексеруге арналған нұсқа:

Туған қалам - Қарағанды,

Жарқырайсың сен күндей

Алыс кетсем, сағынам

Жүрегім сенімен бірге.

Жоғарыда атап өткен сөзжұмбақтар сандар мен жануарлардың суреттерімен құрастырылған шағын өлең жолдары арқылы «Жануарлар әлемінде» модулін қайталауға және оқушылардың еске түсіру қабілеттерін немесе өткен модульді қаншалықты меңгергендіктерін анықтап байқап көруге болады.

Қорыта келсек, сөзжұмбақтар арқылы оқыту балалардың жүйкесіне салмақ салмай, қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыруға тиімді. Сонымен бірге жоғарыда пайдаланған әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың тіл жайында білімдерін тереңдету, сөздік қорларын, ой өрістерін, қазақ тілін қадірлей білуге, туған жерге, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырумен қатар, ұлтжанды, отаншыл рухани-адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелейміз.

Көрнекiлiктiң түрлерi және оны пайдалану жолдары

Егеменді еліміздің білім беру жүйесі бүгінгі таңда әлемдік білім кеңістігіне бағыт алып, өркениетті елдердің білім беру жүйесімен теңдесу жолында әртүрлі іс-шаралар жасалып жатқандығы баршамызға мәлім. Қазіргі қоғамның барлық саласында болып жатқан өзгерістер өмірге қадам басып отырған әрбір адамның әлеуметтік және жеке құзіреттілігінің жоғары деңгейде болуын қажет етеді. Бiлiм мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелi-“Қазақстан республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы». Бұл Тұжырымдама елiмiздiң бiлiм жүйесiнде реформалық өзгерiстер жасау қажеттiгiнен туындайтын басты бағыт-бағдарды айқындайды.

Жалпы бiлiм беру жүйесiнде үйреншiктi дағдыдан үйлесiмдi, күрделi сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлi оқу жүйесiн орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлiк жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу-қазiргi заман талаптарынан туындап отыр. Оқушыларды жан - жақты дамыту үшін сабақтарда көрнекілік қолдану оқушының, көріп, естіп ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретін, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайтын әдістердің бірі деп танимыз.

Оқу-әдiстемелiк кешенiнiң бiр бөлiгi ретiнде көрнекiлiк құралдары пән мазмұнының, ұйымдастырылуының, оқу әдiстемесi мен оқу-тәрбие жүйесiнiң бiртұтастығын талап етедi. “Көрнекiлiк құралдары” ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде әр түрлi сипатта берiледi. “Көрнекiлiк” деген терминнiң өзi “көру” етiстiгiнен шықса да, қазiргi кезде ол әр түрлi сезiм мүшелерi арқылы санаға әсер ету керектiгiн бiлдiредi.

Педагогикалық сөздiкте “көрнекiлiк-оқушылардың тiкелей қабылдауындағы нақты бейнелерде қалыптасатын оқытуға негiзделген дидактикалық ұстаным” деген анықтама берiлген. Оқушы санасында көрнекiлiк бейнелерiн қалыптастырудың құралдары ретiнде мектепте түрлi оқыту жабдықтары қолданылады. Педагогика ғылымын дамытушылардың бiрқатары табиғаттың, техникалық және қоршаған ортаның барлық заттары мен құбылыстары көрнекiлiктiң құралы ретiнде қолданылу керек деп есептейдi.

Оқыту процесiнде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекiлiк бейнелерiн қалыптастырудың қажеттi құралдары болып табылатыны белгiлi.

Педагогика ғылымында көрнекiлiктердi жүйелеудiң бiрнеше әдiсi бар. Негiзiнен оларды жеке түр белгiлерiне (көлемi, бiртүстiлiгi немесе әр түрлiлiгi, статистикалық немесе динамикалық, жекеше немесе ұйымда қолдануға арнаулы және т. б. ), құрастырылған затына қарай немесе дидактикалық түрде топтастырылады.

Көрнекi құралдар табиғи, бейнелеуiш, символикалық (нышандық), динамикалық болып бөлiнедi. Соның iшiнде бейнелеуiшке-оқу картиналары, диапозитивтер, диафильмдер, муляждар, макеттер, көркем суреттер жатады; символикалыққа-сызбанұсқа, мәтiндiк, сандық кестелер, диаграммалар, карта, таңбалық бейнелер жатады.

Жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үрдiсiнiң мiндеттерiн шешудегi көрнекi құралдарының қызметтерi олардың дидактикалық құрылымдары мен тәрбиелiк бағыттарына орай анықталады. Көрнекiлiк құралдары мектептегi оқыту мен тәрбиелеуде мынадай қызмет атқарады:

-оқушының жеке сезiм-күйiне әсер етедi, яғни таныммен, ғылыммен, өнермен байланыс жасауы мен тұрақтанушылық қызметi;

-ақпаратты меңгерудi жеңiлдетедi, яғни ақпараттық таныстырушылық қызмет атқарады;

-ақикатты объект жөнiндегi ақпаратты белгiлi шамаға дейiн ұғынуға мүмкiндiк жасайды. Оқушы санасын қалыптастыруда көрнекiлiк қызмет атқарады;

-iскерлiк дағдының қалыптасуына үлес қосады, яғни жаттықтыру қызметiн атқарады;

-оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесiн бақылауға ықпал етедi, яғни бақылау мен бағалау қызметiн атқарады.

Көрнекiлiк құралдары мынадай шарттарды ескергенде ғана, өз мiндеттерiн толық орындайды деп саналады:

-оқу бөлмелерiнiң, сыныптардың толық жабдықталуы;

-қажеттi құралдар мен жабдықтардың бiлiм беру мен оқыту аясында өз мүмкiндiктерiн жан-жақты жүзеге асыруы;

-оқу-тәрбие жүйесiнiң барлық салаларының кiрiктiрушiлiк, үйлесiмдiлiк және кешендiк мүмкiндiктерiнiң ескерiлуi;

-оқытушы мен оқушының қазiргi кездегi оқыту әдiстерiн пайдалану барысында көрнекiлiктердiң мақсатты пайдалана алуы.

Мектептегi оқу процесiнiң негiзi сабақ болып табылады. Оның бiлiмдiк мақсатын алатын болсақ, мынадай бөлшектерiн атауға болады: жаңа материалды игеру, сабақтың практикалық дағдысын меңгеру, бiлiмдi кешендi түрде қабылдау, бiлiмдi тексеру және жүйелi қабылдау. Осы сабақ түрлерiн қазiргi жаңаша дидактикамен байыта отырып, әдебиет сабағын өтуге қолдансақ, онда әдебиеттiң қарапайым ұғымдарынан бастап, теориясы мен тарихын, тiл дамытуды, сыныптан тыс оқу, әдебиет туралы әңгiме жүргiзуге дейiн жалғасып отырады.

Осы тұрғыдан алғанда әдебиет сабағында көрнекiлiк түрлерiн тиiмдi қолдана бiлу мәселесi де-маңызды мәселенiң бiрi. Көрнекi құралдарды қолдану мектеп тәжiрибесiнде әбден сыналған, ертеден қолданып келе жатқан тәсiл. Көрнекiлiк-әрбiр сабақтың тiрегi. Мұғалiм кейбiр түсiнуге күрделi материалдарды тез, оңтайлы түсiндiру үшiн көрнекiлiк түрлерiн қолданады. Қазақ әдебиетi сабағында мынадай көрнекiлiк түрлерiн қолдануға болады:

1. Сөздiк көрнекiлiк;

2. Заттық көрнекiлiк;

3. Сызбалық көрнекiлiк;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жaңa технологиялaрды қoлдaнy aрқылы caбaқтың тиiмдiлiгiн aрттырy
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқытудың көрнекілік әдістерін пайдалану жолдары
Бастауыш мектепте қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың міндеттері мен талаптары
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
Жалпы қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үйге берілген тапсырманы ұйымдастыру
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында сөз құрамын оқытудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz