Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі



КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда болып жатқан қоғамдық-тарихи бетбұрыстар жеке тұлға туралы көзқарасты қайта қарауды талап етіп отыр. Бүгінде Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған ҚР 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес жарлығымен бекітілген «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» байланысты білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың басым бағыттары мен тетіктерін қамтиды. Бұл бағдарлама ҚР «Білім» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелерін талдау негізінде әзірленеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат негізінде тұңғыш рет әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллекттік дамуы, тұлғаның ерекше қабілеті, яғни, дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Себебі, ғылым мен техниканы және өндірісті бүгінгі әлемдік стандарттағы деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар, білікті мамандар қажет. Міне мұндай мамандар дарынды балалардың ішінен шығатыны сөзсіз.
1. Қазақстан мектебі «Дарынды бала ұғымы» №12, 2006жыл.
2. Матюшкин А.М., Сиск Д.А. Одаренные и талантливые дети. Вопросы психологии. 1988. №4.
3. Нарыкбаева Л.М. Научно-практическое основы подготовки будущего учителя к работе с одаренными детьми. А., 2001.
4. Лейтес Н.С. Возрастная одаренность школьников: Учеб. Пособие для студ. высш, пед. учеб. заведений М: Издательский центр«Академия»,

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
сенова С.М., Үсенов  Н.М., Бәкірова Г.Ж.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
 
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ  ЗЕРТТЕУДІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
 
Дарындылық дегеніміз не және ол қалай көрінеді? Ата-анасына
нәрестенің бойындағы талантын байқауға не мәжбүр  етеді және неге осы
жаңалығына мамандардан тұжырымдама іздейді? Дарындылықтың жиі байқалатын
түрі –бұл ерте сөйлеу мен сөздік қор. Сонымен қатар, айрықша
байқампаздық  қызығушылыққа тоймау және есте жақсы сақтау қабілеті.
Дарындылықтың бұндай ерте байқалуы үздік ақыл-ой қабілетін білдіреді.
Тіпті, дарынды балалардың барлығы бірдей нәресте кезінде ата-аналарын өз
талантымен таң қалдыра бермейді.
Дарынды балалардың ерте сөйлеуі мен астракты ойлауға негізделген есте
сақтауы жақсы. Олар топтастыру қабілеті және мәлімет пен тәжірибені
категориялау алынған білімді кең көлемде қолдану ерекшелігімен байқалады.
Олардың топтастыру мен шешімге бейімділігі, дарынды балалардың ең сүйікті
ісі коллекция жинау мысал бола алады. Оларға өз коллекциясын жүйелеп жинау
мен қайта жасау үлкен қуаныш сезімін әкеледі, бірақ, әсемдеу, тәртіппен
жинау оларға мақсат болып табылмайды [1].
Дарынды баланың эмоциональды сферасының негізгі ерекшеліктерінің бірін
көптеген зерттеушілер жоғарылатылған деп санайды. Бұның негізі
интеллектуальды даму ерекшеліктеріне түп-тамырымен кететін қатты
сезімталдық деп есептейді. Дарын иесі тек көзбен көріп ғана емес, оны
сезеді. Бірнеше құбылыстардың артынан қарауға қабілетті болып келеді.
Әлдекімдер байқамағанды сезу, көру қабілетінің басым болуы заңды. Сонымен
қатар, әзіл-оспақ қабілеттілігі дарынды балаларда ерте кезінен қалыптасады.
Бұл дарындылықтың куәлігі және психологиялық қорғау механизмі.
Дарынды балалардың ата-аналарын ойландыратын мәселенің бірі –
мектептегі оқу кезінде кездесетін қиындықтар. Бұл қиындықтар дарынды бала
туралы қоғамда қалыптасқан түсінікке байланысты. Өйткені, орта қабілетті
бала мектепте мақталады да ақылды балаға сенімсіздік жасалады. Оның
қабілеті көп жағдайда ескерілмейді. Соның салдарынан дарынды балалар
ерекшеленбеуге, көзге түспеуге тырысады. Ортаның осындай ықпалының
нәтижесінде дарынды бала өз қабілетін танып, дұрыс бағалай алмайды.
Сөйтіп,  өз деңгейінде дамып жетілмей,  шектеледі. Бұл жерде дарынды
балаларды таңдап, олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірде дұрыс
бағдар бере білуіміз қажет [2].
Ғылыми зерттеулерге қарағанда, дарынды, талантты балалардың миының
биохимиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы қабылданған
мәліметтерді қорытуға қабілетті. Әрине, кейде шамадан тыс, әлі жетпейтін
мәселелерді де меңгеруге талаптанатыны да байқалады. Дарындылар
кішкентайынан-ақ себеп-салдарға көңіл аударып, соған сәйкес қорытынды жасап
отырады. Кез-келген жүйенің балама моделін жасауды ұнатады. Мұндай қабілет
шындықты тәжірибенің көмегінсіз ашуға негіз болады. Оларға нейрондық хабар
өте шапшаң беріледі. Мидың ішкі жүйесі көп тармақталған, байланыстар саны
өте көп. Үнемі іс-әрекетке даяр. Олар жинақталған білімін, тәжірибесін кең
пайдалана біледі, хабарларды жүйелеп бөліп, талдайды. Сөз қоры мол,
сөйлеуге қабілетті сұрақ қоя біледі. Дарынды балалар сөздіктер мен
энциклопедияны қызыға оқиды. Ой жұмысын талап ететін ойындарды қалайды.
Қиындықтарды жеңе отырып, талантты балалар танымдық дәйексіздікті тез
шешеді. Күрделі әрі ұзақ тапсырмаларды қызыға орындайды. Даяр шешуін айта
салғанды ұнатпайды. Кейбір балаларда математикалық қабілет, кейбірінде ой
жұмысын талап ететін ойындарға, көпшілігінде оқу қабілеті басым келеді.
Дарынды балалар өте зейінді. Өзіне қызғылықты мәселені шешуге талпынып,
табандылық көрсетеді. Өмір тәжірибесінің аздығына қарамастан әлі келмейтін
мәселелерді шешуге тырысады. Сол себептен нәтижесіз ісіне көңіл аудармай,
оларды түсініп, әрекетіне басшылық жасау керек.
Дарынды балалар шыдамсыз, бірақ эмоциясы ересектерге тәуелді.
Зерттеулерге қарағанда, кішкене балалардың қорқынышы реальды болмайды.
Қалада өскен ата-ана баласының арыстан және жолбарыстан қорқатынын, ал
реальды түрде одан автомобильдің қауіпті екенін түсінуі қиын. Қорқынышты
әсірелеп жібереді, себебі оның қауіптілігін қиялдайды. Мектепке дейінгі
кезеңде дарынды балалар – жағдайлар, құбылыстарды менің түсінігім ғана деп
танитын эгоцентристер. Бала қандай ақылды болса да, оның мұндай әрекеті
(қабылдауы) қалыпты жағдай болып саналады. Даму деңгейіне қарай бала
мәліметтерді түсініп, ойлауға қабілетті. Ғалымдар мұны матетаным деп
атайды. Ол өзінің заттар мен құбылыстарды қабылдауын басқалардың
қабылдауына ұқсас деп түсінеді. Басқалардың әлемді қабылдауы өзінен өзгеше
екенін бала әлі түсіне алмайды. Сондықтан құрдастарымен тіл табысуы
қиындайды.
 Дарынды балалардың қабілеттілігіне ортаның тигізетін әсері жан-жақты.
Бала өз талантын түрліше сезінеді. Отбасында іні, бауырларымен ойнағанда өз
ерекшелігін сезінсе, енді бірі мектепте құрдастарымен өзін салыстыру арқылы
байқайды. Мұны сезіну мен ақылмен түсіну екі түрлі іс. Өзін дұрыс бағалай
білу үшін басқа адамдармен де тығыз байланыста болып, артықшылығының аз
ғана екенін мойындау керек. Баланың таным процестері қабылдауы мен
тәжірибесіне байланысты [3].
Сондықтан, тек сөзіне ғана қарап, талантты деу дұрыс бола бермейді.
Бала қоршаған ортаны зерттеу барысында, нақты неге күйі келіп, нені істей
алмайтынын біледі. Ал қоршаған ортадағы адамдар оның істеген ісін түрлі
жолмен бағалайды. Әрі ол өзін қоршаған адамдардың, ата-анасының өзіне көңіл
аударғанын ұнатады. Ата-ана үшін өз баласының әрекетін бақылап, бағыттап,
оқыту көп қиындық жасамайды. Ең қиыны бағалау мен мейірімін реттеу. Дарынды
бала тәрбиелейтін ата-ана өзінің мінезін (реакциясын) бақылағаны жөн.
Шектен тыс әсірелеу талантты балаға кері әсер етеді.
Баланың өзін-өзі бағалап, кім екенін түсінуі ата-ананың бағалауына
байланысты. Әке балаға сыншы деп халық бекер айтпаған. Ата-ананың  Мен
баламнан нені көремін, несін қадірлеймін, ұнатамын, оны балама қалай
білдіремін? деген сұрақтарға өзінен жауап іздегені абзал. Сонда ғана ата-
ана оның көп қырлы талантын дәл, әрі толығырақ ашуға көмектеседі. Отбасында
дарынды бала тапсырмаларды басқаларға қарағанда шапшаң, нәтижелі орындайды.
Сондықтан, оларға түрлі затты әр адам, әр түрлі деңгейде меңгеретінін
түсіндіру керек. Оның бұл салада қабілетінің басым екенін айтумен бірге,
мейірімділік пен сүйіспеншілік, төзімділік пен басқа адамға көмектесу
керектігін бойына сіңірген дұрыс. Ақылды, дарынды бала көбіне құрдастарына
нұсқау бергенді ұнатады. Әйтпесе, ол зерігеді. Мұндайда ең тиімді жол дұрыс
бағыттау [4]. 
Қорыта келе айтарымыз, дарындылықтың дамуына маңызды әсер ететін
теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: дарындылық - бұл
интегралды тұлғалық білім, интеллектуальды жоғары сатысымен, шығармалық
потенциалымен сипатталады. Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз бейнелігінің
бірігуін анықтайды. Белгілі бір қызмет саласында ерекше табысқа жетуге
мүмкіндік туғызады.
 
Әдебиеттер
1.    Қазақстан мектебі Дарынды бала ұғымы   №12, 2006жыл.
2.    Матюшкин А.М., Сиск Д.А. Одаренные и талантливые дети. Вопросы
психологии. 1988. №4.
3.    Нарыкбаева Л.М. Научно-практическое основы подготовки будущего
учителя к работе с одаренными детьми. А., 2001.
4.     Лейтес Н.С. Возрастная одаренность школьников: Учеб. Пособие для
студ. высш, пед. учеб. заведений М: Издательский центрАкадемия, 2000 –
320 с.
ӘӨЖ 371.015.3:371.12:159.928
Қолжазба құқығында

МҰСТАЯПОВА ГҮЛЖАЙНА БОЛАТҚЫЗЫ

Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі

6М010300 – Педагогика және психологиямамандығы бойынша білім магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012 ж.
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Музыка-педагогикалық факультеті, педагогика және
психологиякафедраларында орындалды.

Ғылыми жетекші: психология ғылымдарының кандидаты
А.Ж. Аяғанова

Ресми оппонент: Пс.ғ.д., профессор С.Қ. Бердібаева

Диссертация 2012 жылдың ____маусымында сағат ____Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік универсиетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы,
Төле би көшесі, №36 А, 7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық факультеті, 4
қабат, №_____ дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертацияда шетел, кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы
зерттеулерге сүйене отырып, дарынды балалармен педагогикалық-психологиялық
жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі анықталды. Сонымен
қатар, дарынды балалардың қабілеті талданып, олардың танымдық
процесстерінің ерекшеліктері талданды. Дарынды балалармен педагогикалық-
психологиялық жұмыстарды ұйымдастыруда қабілет ерекшеліктерінің
категориялары мен критерийлерін ескеру қажеттігі дәлелденді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда болып жатқан қоғамдық-
тарихи бетбұрыстар жеке тұлға туралы көзқарасты қайта қарауды талап етіп
отыр. Бүгінде Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылға арналған білімді
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, ҚР Президентінің Қазақстан халқына
жолдаған ҚР 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес
жарлығымен бекітілген Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті
экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа байланысты білім беру саласындағы
мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың басым бағыттары мен тетіктерін
қамтиды. Бұл бағдарлама ҚР Білім мемлекеттік бағдарламасын жүзеге
асырудың нәтижелерін талдау негізінде әзірленеді. Қазақстан Республикасының
Білім туралы заңына мемлекеттік саясат негізінде тұңғыш рет әр баланың
жеке қабілетіне қарай интеллекттік дамуы, тұлғаның ерекше қабілеті, яғни,
дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.
Себебі, ғылым мен техниканы және өндірісті бүгінгі әлемдік стандарттағы
деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді,
жоғары дайындығы бар, білікті мамандар қажет. Міне мұндай мамандар дарынды
балалардың ішінен шығатыны сөзсіз.
Тұлға дарындылының ерте көрінуі қазіргі таңда өзекті мәселелердің
бірі. Осы орайда, психологиялы ғылымындағы дарындылық туралы жеткілікті
пайымдаулар болса да әлі жүйелі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр.
Себебі, “дарынды балалар” ұғымының астарында жатқан психологиялық
мәселелерге терең үңілу қажет. Бүгінгі күні дарынды және талантты
балалармен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру Қазақстандық білім беру
жүйесінің жетілуіне жаңа міндеттерді қояды. Дарынды балаларды тұлғалық
дамыту мен тәрбиелеу мемлекеттің шығармашылық әлеуеті қалыптасуының
мүмкіндігін шешеді. Сонымен қатар, қарқынды ғылыми- техникалық және
әлеуметтік прогресс, өндіріс пен әлеуметтік өмірдің барлық салаларының,
білім мен мәдениеттің әрі қарай даму мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді.
Психология ғылымында дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу адамның
шығармашылық дамуының тамаша үлгілерін құрайды. Көптеген зерттеулер мен
тәжірибелер көрсеткендей дарындылықтың дамуы қандай да болмасын дамудың бір
кезеңінде тоқталып қалуы, ал кей жағдайда тереңдетілетінін көрсетеді. Осы
орайда, дарынды тұлғаны дамытуда арнайы ұйымдастырылған психологиялық көмек
және қолдау қажет. Бүгінгі күні дарындылық мәселесінің феноменін зерттеуде
төңкеріс немесе жарылыс кезеңі байқалуда. Психология ғылымында бұл
мәселені зерттеуге көптеген шетел ғалымдары Г. Мелхорн, Х.Мелхорн, Дж.
Гилфорд, Т.Мейснер және Ресей психологтары А.М.Матюшкин, В.С. Юркевич,
Б.М.Теплов, В.Э.Чудновский, Ю.Д.Бабаева, сонымен қатар, Қазақстандық
зерттеушілер У.Б.Жексенбаева, Л.М.Нарықбаева елеулі еңбек сіңірді.
Зерттеушілердің анықтауынша үстіміздегі ғасыр шығармашылық дамуының
өзектілігінің себебі: қазіргі кездегі қоғамның әлеуметтік экономикалық
жағдайларымен шешіледі. Дарынды да талапты жас ұрпақ-бүгінгі мемлекеттің
келешегі. Осы адам ресурстары мен капиталын тиімді пайдалану үшін дарынды
балаларды өз мүмкіндігін толығымен пайдалана алатын тұлға ретінде
қалыптастыру үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп, оқу-тәрбие процесін тиімді
ұйымдастыру қажет. Жоғарыдағы айтылған мәселелерге қойылған міндеттерге
орай мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін ғылыми тұрғыда негіздеп, оны
дұрыс ұйымдастырғанда ғана қол жеткізіледі.
Қоғамдағы тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып,
таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарындылық аса жоғары
бағаланатыны белгілі. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғы шарты - дарындыларды
жастайынан анықтай білу. Кез-келген мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің
бірі елімізде өзінің алдында түрған міндеттерді өзбетімен шешім қабылдауға
қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
Тұлғаның білімге құмарлығы немесе ми қызметінің белсенділігі, жалпы
түрде ми қабілеттілігінің мотивациялық факторлар ретінде ұсынылады. Білімге
құмарлықтың тұруы тағы да бір маңызды ерекшелікке байланысты, зерттеулер
қатарында белгіленген.
Қазіргі өскелең ұрпақ еліміздің болашақ зиялы қауымы мен өкілдері болып
табылады. Сондықтан, дарынды балалардың бойындағы ерекше қасиеттері мен
әлеуетін бағалап, психологиялық ерекшеліктерін тиісті деңгейде зерттеп,
білу, өмірде өз орындарын табуға педагогикалық және психологиялық жағдай
жасау – ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе жалпы білім
беретін орта мектептерде әлі де болса зерттеулер жүргізуді талап етіп отыр.
Осы орайда, дарынды балалардың қабілетін анықтауда мақсатқа бағытталған
жүйелі жұмыстар бағдарламасын жасау қажеттігі туындайды. Аталмыш мәселелер
бойынша қазіргі қоғамның қажет етіп отырған бәсекелестікке қабілетті тұлға
қалыптастыру мен мұның негізінде теориялық және әдістемелік
бағдарламалардың арасындағы қарама-қайшылық тақырыпты Дарынды балалармен
жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі деп таңдауымызға негіз
болды.
Зерттеу мақсаты: Мектептегі дарынды балалармен жұмыстарды
ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:
• психология ғылымындағы дарындылық мәселелерінің зерттелуін ғылыми
теориялық талдау;
• дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін
теориялық жүйелеу;
• дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін
анықтау;
• дарынды балалармен жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалық-
психологиялық ұсыныстар жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: дарынды балалардың психологиялық
ерекшеліктері бойынша зерттеулер мазмұны байытылып, олармен жүргізілетін
жұмыс түрлері жүйеленіп, сол арқылы педагог-психолог қызметі ғылыми-
әдістемелік тұрғыда негізделеді.
Зерттеу пәні: дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-
психолог қызметі.
Зерттеу нысаны: дарынды балалармен ұйымдастырылатын жұмыстар.
Зерттеудің болжамы: егер, дарынды балалар психологиясы ғылыми-
теориялық тұрғыда негізделіп, олармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-
психолог қызметі жүйеленсе, онда қабілет құрылымындағы дарындылықты дамыту
әлеуеті жоғарылайды.
Зерттеудің жаңалығы:
• дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері теориялық талдау негізінде
зерттелінді;
• дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі
жүйеленді:
• Дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдаламасы
ұсынылды;
• Дарынды балалармен жұмыстарда кездесетін келеңсіз жағдайлар анықталды.
Қорғауға ұсынылатын жағдайлар:
• дарынды балалардың танымдық процесстері мен тұлғалық ерекшеліктеріне
тұпнұсқалық тән;
• дарындылықты дамытуда педагог-психологтың рөлі ерекше;
• психология ғылымында педагог-психологтың дарынды балалармен
психодиагностикалық жұмыстары жүйеленген;
• дарынды балаларға тұлғалық жағымсыз қасиеттер де тән.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Бiздiң зерттеуiмiзге
дарындылықты зерттеудің теориясы мен тұжырымдамасының негізі (Ю.З.Гильбух,
К.А.Хеллер, К.Юнг, Н.С. Лейтес), жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық
іс- әрекеттің рөлі (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, А. М. Матюшкин) мен
ерекшеліктері туралы (И.П. Волков, А.И. Савенков, В.В. Давыдов),
Қазақстандық ғалымдар У.Б. Жексенбаеваның, Қ.
Әбдібекқызының, Л.М. Нарықбаеваның ғылыми зерттеулері құрайды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 бағдарламасы,
Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, Қазақстан Республикасы 2005-2010
жылға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, оқу-әдістемелік
құралдар, зерттеу проблемасы бойынша психологтарының, педагогтарының,
философтардың ғылыми еңбектерi.
Зерттеуде қолданылған әдістер.
Алдымызға қойылған міндеттерді шешу мен болжамдарды тексеру үшін
зерттеу әдістерінің тобын анықтадық:
• теориялық (құжаттар мен іс -әрекеттер түрлеріне, ғылыми әдебиеттерге,
терминдік түсініктерге психологиялық - педагогикалық талдау);
• эмпирикалық (эксперименттік жұмыстар).
Эксперименттік зерттеу жүргізу үшін төмендегі әдістер таңдалып алынды:
• П.Торренстің шығармашылық дарындылықты анықтау тестісі;
• Дарындылардың когнитивті әрекетін дамыту жаттығулары.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы.
Зерттеуде мектептегі дарынды балалардың әлеуетін анықтау мақсатындағы
педагог-психолог қызметі жүйеленді. Алынған мәліметтер мен қорытындылар:
дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері, оны оқу-тәрбие процесінде
ескеру мәселелері анықталған.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы.
Зерттеу нәтижелері мектеп психологының дарынды балаларды анықтаудағы
тәжірибелік жұмысына ғана емес, пән мұғалімдерінің жұмысында да қолдануға
болады.
Ғылыми нәтижелердің дәйектілігі мен негізділігі. Дарынды балалармен
жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі жөніндегі тұжырымдар
теориялық - эксперименттік тұрғыдан негізделуімен және қабілет
құрылымындағы дарындылықты зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес
зерттеу әдістерін қолданумен, эксперименттік жұмыстың тұтастылығымен
қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияларда, сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің хабаршысы баспа беттерінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері.
Бірінші кезеңде (2011 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында)
дарындылыққа байланысты әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды, зерттеу
жұмысының обьектісі, пәні, жалпы және жеке болжамдары, мақсаты мен
міндеттері, зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды.
Екінші кезеңде (2012 жылдың қаңтар -мамыр айларында) дарынды
балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
эксперименттік тұрғыда жүйеленіп, нәтижелері талданды.
Зерттеу базасы. Қызылорда қаласындағы № 264 мектеп-лицейі. Зерттеуге 2-4
сынып оқушыларынан 80 оқушы қатысты.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі:
Магистрлік диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымша тіркелген
материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі – 81 бет, қолданылған деректер
тізімі- 90 әдебиеттерден тұрады.

Негізгі бөлім

Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі және
зерттелу деңгейі, зерттеудің нысаны, жұмыстың мақсаты мен міндеттері,
деректі көздері, әдістері мен тәсілдері, теориялық-әдістемелік негізі,
ғылыми жаңалығы айқындалады. Зерттеу жұмысының теориялық практикалық
маңыздылығы көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу жұмысының
талқылануы мен жариялануының барысы баяндалады.
Зерттеу жұмысының Дарынды балалар психологиясының ғылыми-теориялық
негіздері деп аталатын бірінші бөлімі үш тараушаға бөлінген. Дарынды
балаларды зерттеудің педагогикалық-психологиялық сипаттамасы деп аталатын
бірінші тараушада дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін, олармен
ұйымдастырылатын бірлескен танымдық әрекетті ғылыми -әдіснамалық тұрғыда
негіздеу қажеттігі туындайды десек қателеспеген болармыз.
Психологиялық зерттеулерде дарынды баланың бірден көзге түсетін
ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызады:
✓ оның шектен тыс жоғары белсенділігі;
✓ физиологиялық қажеттілігінде аз ұйықтауы;
✓ танып- білуге деген құштарлығы;
✓ қолына түскен заттарды реттеп, жүйелеуі;
✓ қайта құрастыру арқылы жаңа нәрсені ойлап табу әрекеттерін ұнатуы;
✓ ерте сөйлеуі;
✓ естігенін сөзбе-сөз қайталауы және тағы сол сияқты қасиеттер жатады.

Сонымен, дарынды баланы тәрбиелегенде қызыққұмарлықтан білім
құмарлығына өсуі өте қажет. Осы орайда, білім құмарлығы тұрақты психикалық
білім, яғни білу қажеттілігіне ауысады. Біз зерттеумізде бұл мәселеге
тоқталмаймыз. Бұған кеңес педагогтары А.К. Дусовицкийдің, Н.Б. Шумакова,
Г.И. Щукинаның көптеген қызықты арнайы зерттеулері берілген. Дегенмен, айта
кететін мәселе балалардың жартысының көбінің қызыққұмарлығы, қоршаған
әлемді зерттеуге ұмтылысы білімге деген құмарлыққа ауыса бермейді.
Керісінше, көбінесе дарынды балалар білімге, қоршаған ортаны зерттеуге
ұмтылады. Дарынды балалар өзінің зерттеулеріне шектеу қоюды ұнатпайды және
бұл оның қасиеті болып табылады. Атақты психолог Н.С. Лейтес зерттеулерінде
дарындылық- бұл мидың ізденуінде ерекше қажеттілік. Көп жағдайда, ең
жоғарғы деңгейде қабілеттіліктердің дамуын қамтамасыз етеді. Аталмыш ғалым
баланың білімге құмарлығын сақтап қалса, онда қабілеттіліктерге тұрақты
дамуға стимул береді деп есептеген.
Кеңес ғалымы В.С. Шубинский шығармашылық процессті үш сатыға бөліп,
ондағы көрінетін қабілеттің қасиеттерін көрсеткен.
Бүгінгі күні педагогика және психология ғылымдарында дарындылықтың 100-
ден астам анықтамасы бар. Осы орайда, психологтар дарындылықтың дамуының
сипаты, сапалы өзгешелігі, деңгейі-бұл әрқашанда тұқымқуалаушылық пен
әлеуметтік институттарда күрделі өзара қатынасының нәтижесі екендігін
мойындайды. Дарындылық белгілері – бұл баланың шынайы іс-әрекеттерінде
көрініп, арнайы бақылау арқылы бағаланатын ерекшеліктер болып табылады.
Сонымен бірге, бала дарындылығын оның мінезінің екі аспектісі ретінде
инструменттік және мотивациялық, яғни, қалаймын және шамам жетеді деген
категориялар негізінде және бірлігінде қарастырған дұрыс. Біріншісі, әрекет
тәсілдері болса, екіншісі шындықтың қандай да бір жағына қатынасы ретінде
сипатталады. Бірінші бөлімді тұжырымдай келе, дарындылықтың дамуына маңызды
әсер ететін теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: дарындылық -
бұл интегралды тұлғалық білім, интеллекттік жоғары сатысымен, шығармалық
әлеуетімен сипатталады. Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз бейнелігінің
бірігуін анықтайды. Сонымен бірге белгілі бір қызмет саласында ерекше
жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады.
Дарындылардың қабілет ерекшеліктерін категориялары мен критерийлері
деп аталатын екінші тараушада жалпы бүгінгі күні білім беру
тұжырымдамасының бағыттарының өзгерістерге ұшырағанына қарамастан,
мектептерде жүргізілетін оқу бағдарламасын оқушы тұлғасынан жоғары қою әлі
күнге дейін кездесіп жатады. Оқыту білімді меңгеруге, баланың интеллектісін
ғана дамытуға бағытталған. Ал, оқушының тұлғалық және психологиялық
шығармашылық қабілеттері көп жағдайда бірінші кезектен шығып қалып жатады.
Осы орайда оқушының тұлғалық және шығармашылық қабілетін дамытуға арналған
жұмыстар тең дәрежеде өткізілуі тиіс. Осы жұмыстарды педагогтардың
жүргізуіне бағыттаушы әрине педагог-психолог болуы тиіс.
Қоршаған ортаның эмоциялық қолдауы бостандық пен сенімділік Мен-ді
нығайтады, сол арқылы өз қабілеттерін қолдануға деген батылдық пайда
болады. Сол уақытта интеллекттік қолдау ақпарат пен ойды қамқорлыққа
алып талаптарға қоршау жасайды, қоршаған ортасынан балаға мотивация келеді.
Дарындылық жоғарыдағы факторлар арқылы дами алады.
Бала ата-ана мен педагогтар еркіндік беріп, өзіне керекті деген
білімді дамыту арқылы ғана дарынды бола алатынын сезеді. Олар интеллекттік
жетілдіру және ынталандыру арқылы баланың өзі дарынды болғысы келетіндей
жағдай жасай алады .

1-сурет. Дарындылыққа әсер етуші факторлар

Cурет-2. Дарындылық сипаттамасы

Көптеген ғалым зерттеушілер сезіну мәселесінің дамуын ең алдымен
оқытумен сипатталады деген тұжырым жасайды (К. Дункер, З.И. Калмыкова, Л.
Секей және т.б.). Баланың өзіндік зерттеу жұмысына көңіл аудару қиынырақ
бола отырып, оқыту қабілетілікті, басқа да шығармашылық сапаларды дамытады.
Жоғарыдағы пікір көбірек теориялық және эксперимент тұрғыда да дәлелденген,
олар атақтылар санына жатқанмен, психологиялық тәжірибеде алынған жалпы
санына жатпайды.
Дарынды балалардың таным процесстері мен тұлғалық
ерекшеліктерінің психологиялық мәселелері деп аталатын үшінші тараушада
олардың танымдық процестері мен тән тұлғалық ерекшеліктеріне сипаттама
беріледі.
Дарындылардың қиял процесі өте бай бола отырып, анық болып
келеді. Өмір барысында жоғарыдағы айтылған жағдай ойын бөліктерін сақтауға,
тапқырлыққа және іскерлікке негіз болады. Дарындылар іс-әрекет барысындағы,
қарым-қатынастағы ойланбаған жағдайларды тез байқап қояды.
Олардың шамалары жетпейтін мәселелерді шешуге талпынуы олардың даму
тұрғысынан пайдалы болып келеді. Дарынды балалар кейбір қиындығы шамадан
тыс емес мәселелерді шешуде өз құрдастары жете алмайтын жетістіктерге
жетеді де, кез-келген жағдайда да оңай жетістіктерге жетуім керек деп
санайды.
Көптеген психологиялық әдебиеттерде дарынды балалардың шыдамсыздығы
көрсетілген. Дегенмен, эмоциясы ересектерге тәуелді болып келеді.
Зерттеулерге қарағанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің теориялық маңыздылығы
Кіші мектеп оқушысының психологиясында дарындылығының көрінуі
Психологиялық кеңес жұмыстары
Талантты және дарынды бала
Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
Білім беру мекемелеріндегі педагог- психологтың атқаратын қызметі
Психологтың кәсіби қызмет үлгісі
Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының функциялары
Жоғары сынып оқушыларының оқу үрдісінде өздігінен білім ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын қабілетті интеллектуалды шығармашыл тұлға қалыптастыру
Дарынды балаларды дамытудың маңызы
Пәндер