Математика пәні бойынша дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың әдістері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 3

Анықтамалар . . . 4

Кіріспе . . . 5

1. Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін дамытудың теориялық мәселелері

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларына дидактикалық ойынды дамытудың теориялық мәселелері . . . 7

1. 2 Дидактикалық ойындардың психологиялық-педагогикалық негіздері мен классификациясы . . . 16

2. Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін арттырудың формалары мен әдістері

2. 1 Математика пәні бойынша дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың ерекшеліктері мен формалары . . . 36

2. 2 Математика пәні бойынша дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың әдіс-тәсілдері . . . 42

2. 3 Педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі (оқушыларға математика пәнін оқытуда дидактикалық ойын элементтерін пайдалану . . . 62

Қорытынды . . . 66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68


Ф-ОБ-001/033

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер көрсетілген:

Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы заңнама»

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының (2003 ж. 27. 12. ) мақсаты

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан-2030” атты стратегиялық жолдауында «Қазақстан - 2030» - Алматы: Білім, 1997.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты /Жалпы бастауыш білім/. Алматы: РКБ, 2010

Ф-ОБ-001/033

Анықтамалар

Танымдық белсенділік - оқушының оқуға білуге деген ынта ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.

Қызығу - шындықтағы заттармен құбылыстарды белсенділікпен танып, бағытталған адамның бір шама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.

Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгерген және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті

Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі

Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға сабаққа деген белсенділігін арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады.

Іскерлік ойындар - дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету.

Дидактикалық ойындар - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.

Математиканы оқыту формасы деп - оқу процесін ұйымдастыру тәсілдері түсіндіріледі. Сабақ жоспарларын қарастыру кезінде ойынның ережелері құрылады, атрибуттары дайындалады. Бұл процеске оқушылар да тартылады.

Ф-ОБ-001/033

Белгілеулер мен қысқартулар

РКБ - Республикалық кітап баспасы

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның дамуы, ұлттық тәрбиенің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Оқушылардың белсенділігін арттыру жолында олардың пәнге қызығуын, ізденімпаздыққа тәрбиелеу мектептің міндеті.

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесіндегі стратегиялық мақсатында - «мемлекеттік, әлеуметтік және кәсіптік проблемаларын өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын, жоғары білімді, бәсекеге түсе алатын, тұлға қалыптастыруға жағдай жасау делінген [1] .

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы пікірлер айтылып зерттеліп жүрген еңбектер өте көп. Ал ертедегі ұлы ойшылдар И. Г. Песталоции [2] ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский [3] тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны ерекше екендігі туралы В. А. Сухомлинский [4], С. П. Шацкий [5] және Н. К. Крупская [6] өз пікірлерін білдірген. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген.

Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Себебі, ойын-оқу еңбек іс-әркеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілеттерінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.

Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал, кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойының дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері көп. Мысалы: қазақ халқының ұлттық ойындары, бұл ойынның алғашқы танымы десек артық болмас.

Ойын дегеніміз - жаттығу, сол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға сабаққа деген белсенділігін арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген. Сондықтан да ол мектепте де ойнауға бейім тұрады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ барысында ойын технологияларын әліде болса аз қолдануы, математика сабақтарында оқушылардың оқу белсенділіктерін дамытуға бағытталған ғылыми - әдістемелік материалдардың жетіспеуі мен қазіргі кезеңде бастауыш мектепке қойылып отырған мемлекеттік талаптар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу үшін біз дипломдық жұмыстың тақырыбын «Математика пәні бойынша дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың әдістері» деп алдық.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудің 2005-2015 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай пәндік білімдердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу үрдісі барысында танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде танымдық белсенділіктерін қалыптастырып, дамытып, жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр. Бұл мақсатты жүзеге асыру оқушыларды жинақылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді. Білімді саналы түрде игеріп, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін тудырады [7] .

Осыдан келіп оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен білім алу, даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиелеу әр мектептің, әр мұғалімнің міндеті. Нарықтық қатынастар орныға бастаған егеменді еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан-2030” атты стратегиялық жолдауында “әлемдік білім кеңістігінде толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететінін, жоғары сатылы білімді азамат қалыптастыру” керектігі көзделінген еді [8] .

Олай болса, қазіргі қоғам алдындағы негізгі міндеттерінің бірі - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отыр. Оқушылардың танымдық процесін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын арттыруды психологиялық тұрғыдан А. Н. Леонтьев [9], С. Л. Рубинштейн [10], Л. В. Занков [11], Л. В. Эльконин [12], т. б. ғалымдар қарастырса, педагогикалық тұрғыдан Т. Н. Шамова [13], Г. И. Щукина [14], П. И. Пидкасистый [15] т. б. болса, отандық ғалымдардан Т. Сабыров [16] т. б. ғалымдар зерттеп, жеке пәндерді оқытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауға үлес қосты. Мәселен, Т. Н. Шамова [13, 12 б. ] тұлғаның оқыту сипатына, мазмұнына, таным мақсатына еріктік-күш жігерін жұмсау іс-әрекет сапасын қарастырған.

Танымдық белсенділікті оқушы бойына дамытудағы мақсат, міндетіміз айқындалған соң, осы терминдерге анықтама берейік. Таным ұғымы - негізінен философиялық-педагогикалық ұғым. Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпарат тасқынынан оқушыларды ұлттық сана сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін деректерді оқыту үрдісіне енгізу әрбір математика мұғалімінің міндеті болуы шарт. Өйткені, математика сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындатуға болады.

Сондықтан математикадан дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.

Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану мол мүмкіндік береді.

Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.

Білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін, бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына назар аударуымыз керек. Оқу үдерісін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері өте көп. Оның өзі мұғалімнің шығармашылық еңбегіне, әдіс-тәсілдерін қолданудағы шеберлігіне, терең теориялық біліміне, тәжірибесіне, әр сабаққа тиянақты даярлығына байланысты.

Сабақ сапасын арттырудың тәсілі сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану. Дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде қолдану тарихы әріден басталады. Ойын сөзі мағынасының түп төркіні қуанышқа, әзілге сәйкес келеді. Мысалы, Ежелгі Рим халықтарында ойын сөзінің мағынасы қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен ұштасып жатса, еврей тілінде әзіл мен күлкіні білдіреді.

Ал қазақ тілінде жас балалардың іс-әркетін меңзейді. Бұл қазақ халқының мақал-мәтелдерінде анық байқалады. Мысалы, «Асық ойнаған - азар, доп ойнаған - тозар, кітап оқыған - озар» деген нақыл сөзінде ойын сөзі балалардың іс-әрекетін білдіреді. Ойын - іс-әрекеттің бір түрі. Психологиялық кернеуліктен құтылуға, яғни кездейсоқ жағдайдан бастап, адамдар қатынасының үйлесімді әлеміне қосады.

Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға сабаққа деген белсенділігін арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген. Сондықтан да ол мектепте де ойнауға бейім тұрады.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ барысында ойын технологияларын әлі де болса аз қолдануы, математика сабақтарында оқушылардың оқу белсенділіктерін дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік материалдардың жетіспеуі мен қазіргі кезеңде бастауыш мектепке қойылып отырған мемлекеттік талаптар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу үшін біз дипломдық жұмыстың тақырыбын «Математика пәні бойынша дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін арттыру» деп алдық.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына дидактикалық ойын элементтерін математика сабағында пайдалану арқылы белсенділіктерін арттырудың әдістерін анықтау.

Зерттеу нысанасы: Бастауыш мектепте - оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Математика сабағында дидактикалық ойынды пайдалану.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектерге, монографияларға, оқулық, оқу құралдарына шолу жасау;

2. Математика сабағында дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың озық іс-тәжерибесін жинақтау және қорытындылау.

3. Математика пәні бойынша дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың ерекшеліктері мен формалары

4. Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың әдістеріне талдау жасау.

Зерттеу әдістері: Математика сабағында дидактикалық ойын элементтерін пайдалануға байланысты бастауыш сынып мұғалімінің іс-тәжірибесіне талдау жасау, оларды жинақтау, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, оқушыларға математика пәнін оқыту үрдісінде дидактикалық ойын элементтерін қолдану арқылы олардың оқу белсенділіктерінің денгейін анықтау.

Зерттеудің теориялық қолданымы. Математика сабағында дидактикалық ойын элементтерін пайдалануға байланысты бастауыш сынып мұғалімінің іс-тәжірибесіне талдау жасау, оларды жинақтау, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, оқушыларға математика пәнін оқыту үрдіс дидактикалық ойын элементтерін қолдану.

Зерттеудің практикалық қолданымы.

Оқушыларға математика пәнін оқыту үрдісінде дидактикалық ойын элементтерін қолдану.

Зерттеу әдісі: материалдарды зерттеу әдістері, теориялық әдістер және эмпирикалық әдістер - бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және бастауыш сынып оқушыларының тдидактикалық ойын арқылы белсенділігін дамытуда қолданылатын ойындар, тапсырмалар таңдап алынды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, сабақ үлгілерінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде диплом жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, міндеттері, нысанасы, пәні, ғылыми - педагогикалық әдістері қарастырылады.

«Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін дамытудың теориялық мәселелері» атты бөлімінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу белсенділігін дидактикалық ойындар арқылы дамытудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктерін және «ойын» туралы ұғым, оның мәні, білім, мазмұны қарастырылады.

«Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың формалары мен әдістері» атты бөлімінде 3-сыныпта математика пәні бойынша дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың әдістері қарастырылған.

Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде белгіленген тақырып бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері тұжырымдалды.

Соңғы бөлімінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілді.

Диплом жұмысының қосымша бөлімінде тақырыпқа сай кестелермен жұмыс жүргізілді.

.

1. Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін дамытудың теориялық мәселелері

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларына дидактикалық ойынды дамытудың теориялық мәселелері

Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау - мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Ал оқушының негізгі іс- әрекеті бұл оқу. Бала белсенділігінің ең алғашқы формаларының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді .

Оқыту процесінде оқушының белсенділігі негізінен, екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл-қозғалыстары, тәжірибелік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т. б. ) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігіне - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән маңызды бір қасиет болып саналады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық т. б. белсенділік) түрлері болады [17] .

К. Д. Ушинский оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу ісінің сапалы құрылуы оқу процесін белсенді ететіндігіне сенді. Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді деп есептеледі [3, 16 б. ] .

Сонымен бірге К. Д. Ушинский еңбектерінде, дұрыс ұйымдастырылған жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталады. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді ендіру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан тақырыпты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т. б. [3, 17. ] .

Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттерден (материалдық, рухани) туады. Осы қажеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасауға тиіс. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажеттілігімен ұштасып жатады. Осыған орай олардың дербестігі, ең алдымен белсенділікке байланысты. Ал белсенділік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Бұл әсіресе, еңбекке баулу сабағында анық көрінеді. Сонымен белсенділік дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым.

Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгерген және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, ал оған білімін кеңейтіп толықтыру үшін өздігінен кітап оқуды, бақылауды, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеу керек. Өйткені, өтілген материалдарды сапалы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену де белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының беленділігі оқу процесінің барлық кезеңінде қажет.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес бастауыш мектеп білімінің дидактикалық ойын түрлерін жаңа тұрғыда дамыту, жетілдіру - педагогика ғылымының кезекті міндеті болып табылады.

Осыған орай бастауыш білімінің мазмұнын, білім беру жүйесіндегі орнын, оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін, оны дұрыс ұймыдастырудың негізгі әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек.

Оку-тәрбие процесінде дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың бойында жеке басының ерекшелігін есепке алуы тиіс.

Қоғамдық прогресс пен ғылымның ықпалынан, оқытудың жаңа міндеттері мен озат тәжірибесінің жинақталуынан оқыту талаптары дамиды, нақтыланады, жетіле түседі.

Білім беру және оқыту теориясы оқыту барысындағы, оқушылардың саналылығы, белсенділігі, біліктілігі, ұғынықтылығы және әрекеттілігі талаптарын қамтиды. Бұл талаптардың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерін дәлелдеуге ұмтылысынан көрінеді.

Мектеп оқушыларының оқу белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектерінде арналған. Зерттеулерде оқу белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған. Біреулері оқу белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.

А. Аристова танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына сәйкес субъектіде жаңару, өзгеру әрекетінің пайда болуы ретінде қарастырса [18. 12 б. ], ал Т. Сабыров «Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтін сапалы әрекеті» - деп атап көрсетеді [16. 28 б. ] .

Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, белсенділік - адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.

Белсендірудің қандай да бір тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек.

Бір авторлар белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.

Т. И. Шамова: «Біз белсенділікті шәкірттің ақыл-ой және дене қуатын жәй ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оны жеке тұлға әрекетінің сапасы ретінде қарастырамыз, бұл сапа шәкірттің әрекет мазмұны мен процесінде, көзқарасында, оның білімді және іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы қысқа мерзімде тиімді игеруге ұмтылуына, мінез- құлық, ерік-жігерін, оқу-танымдық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табады», - деп атап көрсетті [13, 28 б. ] .

А. П. Аристова белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына сәйкес субъектіде жаңару, өзгеру әрекетінің пайда болуы ретінде қарастырады [18, 12 б. ] .

Кейбір зерттеулерде оқушы белсенділігі - бұл интеллектуалды және кәсіптік дайындыққа бағытталған үздіксіз оқу процесі, оқу тиімділігі мен оқытудың ғылымилығы деңгейін оңтайландыру ретінде түсіндіреді.

А. П. Аристова [18], Б. П. Есипов [19], И. Я. Лернер [20], Т. И. Шамова [13] белсенділік ұғымын неғұрлым кең ұғым деп есептейді. Белсенділік ізденімпаздықтың дәрежесін анықтайды.

И. Я. Лернер белсенділікті ізденімпаздықтың шартына жатқызып, «Белсенді болмай, ізденімпаз бола алмайсың» - деген пікір айтады [20, 47 б. ] . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Оқу процесінде сабақта дидактикалық тапсырмалар
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары мен тиімді жолдарын айқындау
Бастауыш класс математика сабағында ойын технологиясын қолдану
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Пәнаралық байланыстың негізі
Балалардың жаңа біліммен қаруланудағы белсенділіктері
Танымдық дидактикалық ойындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz