Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы
1.1 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Қазақ тілінің заңдылықтары мен методикалық принциптері ... ... ... ... ..10
1.3 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі әдістері және бірінші сыныпта қазақ тілін оқыту мазмұны ... .15
2. Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс.тәсілдері
2.1 Сауат ашу әдістері және сауат ашу кезеңдеріндегі жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ...22
2.2 Бірінші сыныпта «Дыбыс пен әріп» тақырыбын оқыту ... ... ... ... ... ... .39 2.3 Бірінші сыныпта «Сөз» тақырыбын оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..43
2.4 Бірінші сыныпта «Сөйлем» тақырыбын оқыту тәсілдері ... ... ... ... ... ... 51
Қорытынды ... ... ... ..57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ...59
Қосымша
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті ізденіс арқылы, барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілі туындайды [1,5 б.].
Ғылым өзін-өзі түзете отырып, үздіксіз ілгері жылжи береді. «Ғылым – саты»,- деп В.Гюго айтқандай ғылым мен техниканың дамуы білім жүйесіне тың серпіліс әкеледі. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жаңа бағыт, жаңа мазмұн жүріп жатыр. Білім, білік дағдысын механикалық түрде емес, танымдық қабілетті дамыған өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға оқыту технологиясының маңызы зор .
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
2. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы» Алматы: 2005.
3. Ел басының халыққа жолдаулары және білім беру жүйесінің бағдарламалары (2008-2011 ж.) Наурыз -2009 ж. ж.
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі – Алматы: 1991.
5. Уәйісова Г. Бастауыш кластарда морфология ұғымдарды оқыту. – Алматы: «Рауан», 1999.
6. Әуелбаев.Ш. Сауат ашу әдістемесі – Алматы, «Атамұра» 2003.
7. Балақаев М., Уәйісова Г. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау. – Алматы: «Рауан», 1998.
8. Жазыбаев М., Асқарбаева А., Рахметова С. Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру. – Алматы: «Ана тілі», 1975.
9. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, «Өлке» 2005
10. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 3.
11. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: «Ана тілі», 1991.
12. Қазыбаев.С.Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі- Алматы: 2006.
13. Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы. – Алматы: «Рауан», 1990.
14. Маманов Н., Әлімжанов Д. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: 1965
15. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тілі методикасының очерктері. – Алматы: 1962.
16. Уәйісова Г.И., Асылов Ұ.Ә., Солтанғазина М.Қ. Қазақ тілі оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2007.
17. Жолымбетов К. Қазақ орфографиясын оқытудың ғылыми негіздері. – Алматы: «Ана тілі», 1974.
18. Исаев С. қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. – Алматы: «Ана тілі», 1992.
19. Асқарбаев А., Ботабаева Ұ. Ана тілін оқулығына методикалық нұсқау. – Алматы: «Мектеп», 1988.
20. Рахметова С. Кіші жастардың жазбаша тілін дамыту. – Алматы: «Ана тілі», 1998.
21. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: - 1969.
22. Қазыбаев С. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: 2007.
23. Әуелбаев Ш. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: 1987, 2004
24. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: 2006.
25. Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі. – Алматы: «Атамұра», 2005.
26. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: «Білім», 1994.
27. Уәйісова Г. т.б. Қазақ тілі (оқыту әдістемесі) 4-сынып, - Алматы: «Атамұра», 2005.
28. Уәйісова Г. т.б. Қазақ тілі (дидактикалық материалдар) 4-сынып, - Алматы: «Атамұра», 2006.
29. Уәйісова Г. т.б. Қазақ тілі (оқытуәдістемесі) 3-сынып, - Алматы: «Атамұра», 2006.
30. Уәйісова Г. т.б. Қазақ тілі 2-сынып, - Алматы: «Атамұра», 2004.
31. Гальперин П.Я «Психология мышления и учебник поэтапном формировании умственных действий» М: «Просвещение» 1996
32. Занков Л.В. «Содружество ученого и учителя» М: «Просвещение» 1991
33. Ильенков Н.В. «Что же такое личность ?» М: «Просвещение» 1994
34. Селевко Т.К. «Современные образовательные технологии» М: 1998
35.Әуелбаев т.б. Ана тілі (1-сынып) Алматы: Атамұра, 2003
36.Басатауыш мектеп журналдары (1990-2012 ж.)
37. Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары (1990-2012 ж.)

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы
1.1 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Қазақ тілінің заңдылықтары мен методикалық принциптері ... ... ... ... ..10
1.3 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі әдістері және бірінші
сыныпта қазақ тілін оқыту мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2. Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-
тәсілдері
2.1 Сауат ашу әдістері және сауат ашу кезеңдеріндегі жүргізілетін
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..22
2.2 Бірінші сыныпта Дыбыс пен әріп тақырыбын оқыту ... ... ... ... ... ... .39 2.3
Бірінші сыныпта Сөз тақырыбын оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..43
2.4 Бірінші сыныпта Сөйлем тақырыбын оқыту тәсілдері ... ... ... ... ... ... 51
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

КІРІСПЕ

Тақырыптың көкейкестілігі:
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті
ізденіс арқылы, барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол
ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілі туындайды
[1,5 б.].
Ғылым өзін-өзі түзете отырып, үздіксіз ілгері жылжи береді. Ғылым –
саты,- деп В.Гюго айтқандай ғылым мен техниканың дамуы білім жүйесіне
тың серпіліс әкеледі. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жаңа бағыт, жаңа
мазмұн жүріп жатыр. Білім, білік дағдысын механикалық түрде емес, танымдық
қабілетті дамыған өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға
оқыту технологиясының маңызы зор .
Қазақ тілі пәні – оқу осы тілде жүретін мектеп пәндерінің ішіндегі ең
бастысы, бәрінің ортақ өзегі әрі ұйытқысы. Ана тілін жақсы білмей тұрып,
ол тілде дұрыс та еркін сөйлеп, салауатты да сындарды жазуға үйренбей
тұрып, қалған пәндерді ойдағыдай саналы меңгеру жайында айтудың өзі артық.
Осы білім-білік дағдыларының бәріне негіз бастауыш сыныптарда қаланатыны -
тағы шындық [6,23 б.].
Мемлекеттік тіл – ұлттың әдеби тілі, ал әдеби тіл – сөздің мағынасы мен
қолданысы, жазу нормасы мен айту нормасы, атау-термині, т.б. жағынан сол
тілде жазатындар мен сөйлейтіндердің бәріне бірдей түсінікті, ортақ,
міндетті тіл деген сөз ғой. Біздің ұлты басқа отандастарымыз бен
шетелдіктердің үйреніп, бізден сөйлесетін тілі де сол ала-құлалықтан ада
(немесе елеусіз) әдеби тіліміз.
Олай болса, ана тілін ардақтаған ұлтжанды азамат, оны оқытатын мұғалім
ақиқаттығы анықталмаған, әлі дүлдәмал нәрселерді тіл жүйесіне енгізуге
емес, тілдегі проблемалардың ғылыми жолмен жете ойластырылып әрі көп
ұзартпай бірауызды шешілуіне күш салуы керек. Өйткені тіл жүйесі құрылым
болғандықтан, оған енгізілген жекелеген жаңалық, өзгеріс оның тұла бойына
тарайды.
Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білімі негіздерімен қаруландырып, оқу
материалдарының мазмұнын ойдағыдай меңгерту үшін оқытудың тиімді әдіс-
тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі. Кіші жастағы
мектеп оқушыларының жан-жақты есейіп, жалпы дамуына, олардың ақыл –ойы мен
рухани байлығының еселеп жетуіне ана тілі тікелей әсер етеді. Өйткені барша
таным процесі сөйлеу арқылы жинақталып жалпыланады, яғни тіл арқылы
түсіндіріледі.
Ана тілі қатынас құралы ретінде де мектепте жүйелі оқыту арқылы ғана
оқушыларды дұрыс сөйлеуге, елмен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге
тәрбиелейді. Бұл тұрғыда қазақ тілін оқыту әдістемесінің атқаратын
міндетінің аса зор екенін атап айтқан жөн. Қазақ тілін оқыту әдістемесі –
педагогика ғылымының арнайы бір саласы. Ол Ана тілін оқытудың мазмұны мен
принциптерін, әдістері мен тәсілдерін анықтайды. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі қолданбалы ғылым ретінде қарастырылады. Олай дейтініміз, оқыту
әдістемесі оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда, сондай-ақ жас ұрпақтың ой-
өрісін дамытуда, шын мәнінде, аса қажетті практикалық міндеттерді жүзеге
асырады. Оның негізгі мақсаты оқыту нәтижесінде оқушыларға ана тілі негізін
тиянақты меңгерту болып табылады.
Оқыту әдістемесі дербес ғылым ретінде басқа ғылымдармен, әсіресе,
лингвистика, психология, логика және педагогика ғылымдарымен тығыз
байланыста дамып отырады. Мұның өзі, ең алдымен, мұғалімнің аталған ғылым
негізінен жан-жақты терең біліп, жете меңгеруін талап етеді. Өйткені
мұғалім – білімнің қайнар бұлағы, оқытумен тәрбие берудегі басты тұлға.
Сабаққа қажетті оқыту әдістері мен тәсілдерін, дидактикалық оқу
материалдарын және жаттығу түрлерін дұрыстап таңдап, сабақта шебер қолдана
білу үшін мұғалім кіші жастағы оқушылардың, ең алдымен, психологиялық
ерекшеліктерін (жас ерекшелігі, нақты фактілер негізінде ұғымдылық
ерекшелігі т.б.) тікелей саналу керек. Сол сияқты, логикалық талаптарға да
баса назар аударған жөн. Тіл ойлаумен тікелей байланысты, соныдықтан тілді
ойдан бөліп алып дамыту мүмкін емес. Бала нақты ойланады, ол қоршаған
өмірді көру, есту, иіс т.б. сезім мүшелерді (анализаторлар) арқылы
қабылдайды. Талдау мен жинақтау, нақтылау мен жалпылау т.б. ойлау түрлерін
кіші жастағы оқушылар арнайы жүргізілетін логикалық жаттығулар негізінде
біртіндеп үйрене бастайды [35,15 б.].
Бұл айтылғандармен қатар, қазақ тілін оқытуда пәннің педагогикамен
тікелей байланысы ешқашан да назардан тыс қалдырылмайды. Қазақ тілі
сабақтарында, әсіресе, жалпы дидактикалық принциптер орынды пайдалануды
қажет етеді.
Оқыту әдістемесі өз пәнінің мазмұнына тәуелді, соны ғана үйретеді.
Әдістемелік ғылым алдында өз пәнін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін
анықтау проблемасы ғана тұрады. Осыған орай, пән мазмұны жекелеп дамыса,
оның оқыту әдістемесі де жетіліп дамиды, пән мазмұны көнерсе, әдістеме
ескіреді. Демек қазақ тілін оқыту деген сөз – оның теориялық мазмұнын жете
меңгеру деген сөз.
Оқыту әдістемесінің басқа ғылымдардан ерекшеленетін негізгі бір
ерекшелігі – ондағы барша оқыту процесі екі жақты бірліктегі қарым-
қатынасты керек етеді. Атап айтқанда, бірі – мұғалім, екіншісі – оқушылар.
Мұғалім оқытады, үйретеді, тәрбиелейді; оқушылар оқиды, үйренеді,
тәрбиеленеді. Осыған орай, аталған жақтардың өзіндік міндеттері
белгіленген. Ортақ мақсат – терең білім мен тәлімді тәрбиені қалыптастыру.

Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың
қажеттілігін сезінуі үлкен роль атқарады. Бұл жайттарды ескермесе,
балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен
оқушыларды білім алуға жаттықтықтыру, яғни олардың білімге деген ынтасын
арттыруға айырықша көңіл бөлінеді. Білім алу ақыл-ой қызметі арқылы жүзеге
асады. Олай болса, оқыту барысында мұғалім оқушылардың ойлау қабілетін
дамытуға назар аударып отыруы тиіс.
Болашақ ұрпақтарымызды дұрыс тәрбиелеу, оларға терең білім беру, оны
халық педагогикасымен ұштастыра отырып, оқыту жолында аянбай еңбек ету,
ұлағатты ұстаздарымыздың бастаған істерін жалғастыру біздің міндетіміз.

Зерттеудің мақсаты:

1. Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс –
тәсілдерін анықтау.

2. 1-сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдістерін, түрлерін құралдарын
жаңа талапқа сай жетілдіріп отыру.

Зерттеу нысанасы: Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқыту
әдістерін тиімді пайдалана білу үрдісі.

Зерттеу пәні: Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқыту әдістерін
тиімді пайдалана білу әдістемесі.

Зерттеу болжамы:

1-сыныпта сауат ашу кезеңдерінде, қазақ тілі сабағында жаңа материалды
меңгеру ісіне оқушылардың өздерін жан – жақты қатыстыра отырып, оларды
белгілі бір қорытынды жасай білуге баулу керек. Оқушылар сыныпта сабақта
белсене қатысып отырса, өз ойын пікірін еркін айтып беруге үйренеді, үй
тапсырмаларын сондай-ақ өздігімен орындайтын жұмыстарды да қиналмай
орындайтын болады. 1-сыныпта қазақ тілін үйрету кезінде, күнделікті
қолданып жүрген әдіс – тәсілдерімен қатар, сабақтың мақсатына сай көп
ізденіп, оқушылардың мүмкіншіліктерін ескере отырып, халық ауыз әдебиетінің
үлгілерін (жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер), сабақта ұтымды
пайдалана білсек, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып,
бағдарламадағы материалдарды толығырақ меңгеруіне болады деп ойлаймыз.

Зерттеу міндеттері:

1. Тақырып бойынша ғылыми-педагогикалық материалдарды жинақтап, алынған
материалдарға шолу, талдау жасау.
2. 1-сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдістерін,
түрлерін құралдарын жаңа талапқа сай жетілдіріп отыру.
3. 1-сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың әдіс- тәсілдерін, жолдарын
қарастыру.
Зерттеу әдістері: Ғылыми жұмыста теориялық әдістер, оқушылар әрекетін
жинақтау, талдау, оқушылардың танымдық дәрежесін бақылау, салыстыру,
әңгіме, педагогикалық, эксперименттік нәтижелерін жинақтау, алынған
нәтижелерді жүйелеу, пікірлерді қорыту әдістері қолданылды.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып,
жұмыстың ғылыми аппараты жазылды.
Екінші кезеңде ғылыми әдістемелік әдебиеттерден тәжірибе жинақталып,
озат тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып, өз тәжірибемізде қолдану.
Үшінші кезеңде зертеу нәтижелері өңделіп, қорытынды жасалынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- бастауышта көркем шығарма түрлерін оқыту оқушыларды ұлттық менталдыққа
тәрбиелейтіні айқындалды;
- бастауыш сыныпта көркем шығарма түрлерін оқытудың мазмұны анықталып,
оларды оқытудың тиімді әдістемелік жүйесі жасалды, жаңа инновациялық
бағыттары оқу үрдісіне енгізілді;
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелері мен
тұжырымдарын бастауыш мектеп мұғалімдері, ЖОО-ның бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі мамандығында оқитын білімгерлер пайдалана
алады.
Зерттеу орны: **** қаласы , № ***** қазақ орта мектебі, 1 “А”
сыныбы.

1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы

1.1 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу

Әліппе жас жеткіншектің ең алғаш танысатын оқулығы. Баланың оқи білу
және жазу дағдылары осы кітап арқылы қалыптасады. Бастауыш сынып
оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы неғұрлым жылдам әрі тез қалыптасса,
соғұрлым ол өзгеде ғылым негіздерін оңай әрі тез игеруіне дағдыланады.
Сондықтан да сауат ашу жүйесінің зәруліктері қазіргі таңдағы оқыту мен
тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі.
Сауат ашу мәселесі, бастауыш сынып оқушыларының оқыту сауатты жаздыру,
Әліппе оқулығының ғылыми тұрғыда белгілі бір тақырыптық – мазмұндық
жүйеде түзілуіне байланысты. Осыған байланысты сауаттылыққа үйрету
мәселесінің зерттеу тарихына да шолу жасай кеткенді жөн көреміз.
Қазан төңкерісіне дейінгі оқулықтарды екіге бөліп қарастыру қолға
ілініп келеді.
1. Ы.Алтынсарин құрастырған орыс алфавитіне негізделген оқулықтар.
2. Араб алфавитіне негіделген оқулықтар.
Ы.Алтынсарин жаңа оқулық жасау мәселесімен 60 жылдардың басында-ақ
шұғылданады. 1879 жылы басылып шыққан Қазақ хрестоматиясының негізін
К.Д.Ушинский сияқты озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасауда мақсат
етіп қойды және қазақ дыбыстарын орыс әріптерімен таңбалау мүмкіншілігін
қарастырып, сол ойын осы хрестоматияда жүзеге асады.
Мәселенің ең мәнді жері ол қазақтардың білім алуына татар фанатизімін
ықпалын тигізбеу. Ондай ықпалдан құтылу үшін бірте-бірте, бірақ шын құтқару
үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын
кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өзгелеріне таныс әріппен шығаруды
ұсынды [9,17 б.].
Ал, А.Е.Алегторов, А.В.Васильевтің әліппелері орыс алфавитін қазақ
қауымына сіңіру. оның негізінде жұртшылықтың сауатын ашу ниетінің жазылған
еңбектері болатын.
А.Е.Алегторов өзінің К мудрости ступенька атты еңбегінде: В этих
школах совсем неприемлемы учебные известных наших педагогов – Бупакова,
Ушинский, Водовозова, Тихомирова, и Корфа. Материалы их обращаются в
совершенно не удоворирумую пищу там, где учаться дети киргизов. Хорошо
владение языками их преподаватели, кое-как еще справляются со своей
задачей, употребляя, при обучения чтению, русские буквари, но учителям не
занющим киргизского языка, просто беда! Трудно им без знания этого языка
учеников своих совершенно не понимающих русской речи расшевеливать и
развить органы слуха и произношения для восприятия чуждых им звуков -
дейді.
Бұл әліппелерде қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарына ұқсастарын береді
де, тек қазақ тілінде ғана тән ң, ғ, ұ, ү, ә, тәріздес дыбыстарды әліппенің
соңынан қояды. Екі тілде бірден кездесетін, ашық естілетін жауан дыбыстылар
мен созып айтуға келетін с, ш, тәрізді дауыссыздар алдымен беріледі. Шұғыл
дауыссыздар кейінге қалдырады. Осы әліппелермен бірге араб алфавитіне
негізделген әліппелерде шыға бастады. Соның бірі Нұрбаевтың қазақша
әліппе оқулығы. Мұнда автор талдау – жинақтауға негізделген дыбыстық
әдісті ұсынғанымен, араб әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне
сәйкес келмейтіні анық болатын. Сонымен бірге әліппедегі жаттығулардың
кейбірі татар әдістеріне беріледі.
А.Байтұрсынұлының ағарту, сауат ашу төңірегінде атқарған қызметі
айрықша. Оның әліппелермен мектепте жасаған көпжылдық педагогикалық
еңбектерінің нәтижесі. 1912 жылы Орынборда басылған Оқу құралдарында Ахаң
қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың негізделген
әріптермен меңгеруді көздеген. Әліпбиді қазақтың төл дыбыстық
артикуляциясына дәл келтіре отырып, меңгертуді нысана еткен.
Әліппеден алынған мысалдарда қолданған тәсілдері де бірте-бірте
жеңілдеп күрделіге қарай меңгерту принципін ұстаған. Мысалы: алғашқы
сабақта а, р, з, дыбыстарын өткізуді ұсынса да оқыту барысында барлық үш
әріптерді бірден көрсетуді қолдамайды, әуелі жеке дыбыстарды қайталап
айттырып, содан соң әріпті көрсетіп дағдыландырғанан кейін ғана
қолдарындағы әліппеге қаратып оқытуды ұсынады.
Алғашқы сабақта бір-екі буыннан аспайды. Екінші сабақта л таңбасында
осы әдіспен оқыту ұсынылады. Қысқасы, оқулықтағы 28 дыбысты меңгеретін әр
бір сабақта да Ахан көрнекілі, жүйелік, ғылымилық түсінуге қолайлылық,
принциптерді ұсынған. Бұл принциптер әлі күнге маңызын жоймағаны шүбәсіз.
Келесі бір әліппе З.Ерғалиұлының 1910 жылы шыққан Қазақ әліппесі.
Бұл әліппенің бір жаңалығы: ол жалпылама оқуды уағыздамай, жаңаша оқытуды
насихаттайды. Мұның құрылым ерекшеліктеріне келсек, автор әріпті белгілі
жоспармен жеке-жеке сабақтарға бөлген. Бір бетте төрт сабақтың жоспары бар.
Мысалы: 1. А.З; 2. Т.П.; 3.О.Қ; т.б.с.с.
Қазақ оқулықтарында әліппені дыбыстық жүйеге келтіруді бағытталған
алғашқы оқулықтардың бірі – Қ.Серғалинның Қазақша әліппе кітабы болды.
Мұнда дыбыс - әріпті, буынды үйрету күнделікті сөйлеу тәжірибесімен
байланыстырды.
К.Д.Ушинский барлық әріптерді әліппедегі тәртіппен заулатып оқыта
бермей, олардың оңай – қиындық ерекшеліктерінің ескеруді, сол ретпен
үйретуді талап етсе, қазақ әліппесінің авторы да осы принципті басшылыққа
алды. Ол: Әріптерді бір-бірлеп оқығанда сөздің басына жазғанда нендей
дыбыс шығатының анықтап білдіруіміз тиіс дейді.
Сол сияқты тағы бір оқулық А.Байділдиннің Жаңа әліппе туралы еңбегі.
Мұнда алдымен а, т, н әріптері, одан соң тиісінше р, о, қ әріптері өтілуге
тиіс болды. Бұл әліппеге де тән нәрсе – оқу жазуға үйрету оқушыларға таныс,
жеңіл сөздерден бастаған. Мысалы: ат, ата, атан, тана, аттан т.б.
1929 жылы латын әліпбиін қабылдағаннан кейін ана тілінде оқулықтар
шығару ісі бір шама ілгерледі. Соның бірі Ғ.Мүсіреповпен А.Байділдіннің
1929 жылы шыққан Қызыл әскери әліппесі. Мұнда алдымен а және т әріптері
таныстырылып, содан кейін осы әріптерден құралған ат, ата, тат, атта
буындары өтіледі. Бір ерекшелігі – мұнда әр бір сабақта жеке бір дыбыс
таңбалары ғана емес, белгілі бір үйрететін сөздерді құрайтын екі немесе
бірнеше дыбыс таңбалары бір мезгілде өтіледі.
Жоғарғыда аталған әліппелердің ортақ кемшілігі – буын түрлерінің ауыр,
жеңілдігі ескерілмеу және дыбыстардың орын тәртібі түгелдей шешілмегендігі
болды.
Мысалы А.Байділдиннің Әліппесіндегі әріптердің реті а, т, н,
р,о,қ,д,ж,л,м болып келсе. Ғ.Мүсіреповпен А.Байділдіннің Қызыл әскер
әліппесінде а,т,б,л,с,н,ж,у,д,о,ғ болып келеді. Мұндай үйретілетін
күнделікті сөздерге қатысты әріптерге көңіл берілген сықылды. Бұдан басқа
1925-1930 жылдары арасында Ғ.Мүсіреповтың (1930), Ө.Тұрманжанов пен
Ш.Сарыбаевтың (1931),Б.Майлиннің (1931), А.Әлібаевтың (1934) т.б.
әліппелерінде дыбыстық методтың қайтадан күш ала бастағанын байқалады. Бұл
әліппелерде дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегенімен, авторлардың
бір қатары дидактикалық принциптерді ескеріп отырғаны көзге түседі
[12,11б.].
30-шы жылдары әліппе жасауда және сауаттылыққа үйретуді тұтас сөз
әдісінен гөрі талдау жинақтауға негізделген әдіс қажеттілігін уағыздаған
мақалалар пайда болды.
Сауат ашуға үйрету әдістемесі қазіргі әдебиеттерден негізінен көп
өзгеріске ұшыраған жоқ. Тек ғылыми фонетика мен психологияның соңғы кездегі
зерттеу деректеріне орай, дыбыстық талдау жинақтау тәсілдері анықтала
түсуде, дайындығы әртүрілі балалар жөніндегі мәселе шешілуге аяқ басты.
1987 жылы баспадан шыққан "Бастауыш оқу методикасы" жинағында сауат
ашуға үйрету негізі дыбыстық - талдау - жинақтау әдісі бойынша баяндалған.
Онда буындағы және сөздердегі дыбыстарды ажырату, салыстыру тәсілдерінің
неғұрлым ұтымдылары, сондай-ақ оқудың дыбыстық талдау - жинақтаумен ұштасып
отыратын тәсілдері берілген.
"1- кластағы оқыту" (Алматы, 1977) жинағында сауат ашуға үйретудің
әрбір кезеңдерінде жүргізілетін жұмыстар толық көрсетілген. "Әліппе серігі"
(Алматы, 1980 ), "Әліппеге методикалық құрал" (Алматы, 1984) кітаптарында
түрлі дайындықпен келген оқушыларға арналған тапысырмалар және сөз
құралдарындағы дыбыстарды талдауға үйрету жолдары көрсетілген. "Бастауышта
оқудың тиімділігін арттыру" (М.Жазыбаев, А.Асқарбаева, С.Рахметова, Алматы,
1975) кітабын атауға болады. Бұл кітапта азды-көпті, мақала деңгейінде
сауат ашу, оқудың әдіс-тәсілдері жөнінде, сондай-ақ грамматика: жазу, тіл
дамыту мәселелері сөз болады. Жалпы "қазақ тілі методикасының кейбір
мәселелері" туралы мәлімет беретін алғашқы еңбектердің бірі, белгілі
методист Ш.Сарыбаевтың еңбегі (Алматы, 1959), сондай-ақ методист ғалымдар
Ы.Маманов, Д.Әлімжановтардың "Қазақ тілін оқыту методикасын" (Алматы,
1965), атауға болады. Сонымен қатар бастауыш сыныптағы ана тілін үйрету
мәселелеріне арналып шығарылған мына сияқты әдебиеттерді көрсетеміз:
И.Қ.Ұйықбаев, Қазақ тілі методикасының очерктері, Алматы, 1962. Х.Арғынов,
құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы, Алматы, 1964. Х.Арғынов,
Ғ.Сүлейменов, Ана тілін оқыту жөнінде ІІ-сынып мұғалімдеріне арналған
көмекші құрал, Алматы, 1962. С.Рахметова, Ана тілі оқыту жөнінде 3-сынып
мұғалімдеріне арналған көмекші құрал, Алматы, 1961. Қ.Аймағанбетова,
Қ.Бозжанова, Ана тілін оқыту жөнінде, 1 - сынып мұғалімдеріне арналған
құрал, Алматы, 1970. Р.Әміров, 1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін
істелетін жұмыстар, Алматы, 1957. С.Рахметова, Кіші жастағы оқушылардың
жазбаша тілін дамыту, Алматы, 1978. Бірнеше жинақтар бар: 1-кластағы оқыту,
Алматы, 1977, 2-кластағы оқыту, Алматы, 1978, 3-кластағы оқыту, 1979,
Бастауыш мектеп методикасы, Алматы, 1987 [6.112.-113]
Соңғы шыққан әдебиеттерге шолу. Сауат ашуға арналып соңғы шыққан кітап
"Сауат ашу әдістемесі" атты, жалпы білім беретін мектепттің 1-сынып
мұғалімдеріне арналған көмекші құрал, (Алматы "Атамұра" 1998). Бұл кітаптың
маңызы зор. Бұл кітапттың авторлары: Ш.Әуелбаев, Ә.Наурызбаева,
Р.Ызғұттынова, А.Құлажанова. Бұл кітапта негізінен, сауат ашу әдістемесінен
негізгі мәселелеріне, әліппенің құрылысы мен мазмұнына, сауат ашу кезеңінің
міндеттері мен оған қойылатын талаптар жөнінде және сабақ үлгілер, сауат
ашуға байланысты күнтізбе жоспары, сауат ашуға арналған кестелер жөнінде
кеңінен тоқталған.
Бұл кітап бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс істеуіне ыңғайлы көмекші
құрал. Жаңа бағдарламаға байланысты әдістемелік материалдарды "Бастауыш
мектеп" журналының бетінен оқуға болады.

1.2 Қазақ тілінің заңдылықтары мен методикалық принциптері

Методика – метод, гректің metodos деген сөзінен шыққан, қазақша зерттеу
жолы деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілі методикасы – ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы
білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық
ғылым.
Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну
психологиясынан келіп шығады. Бұдан білім беру жолдарымен құралдары да
жағдай жасайды.
Білім беру жолдары мен құралдарына:
1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал;
2) оқу жұмыстарын ұйымдастыру;
3) оны үйрету әдістері жатады.
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте
оқуына байланысты сол табиғи процесс одан әрі жалғаса түседі. Сондықтан
мектептегі тіл үйрену жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің
заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі, ең алдымен тілдің өз табиғатынан
жеті заңдылық шығады.
Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық
және лексикалық мағыналарды меңгереді.
Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық
мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Егер бала үйренбеген болса,
мектептегі жүргізілетін жұмыстар да қиындай түседі. (мысалы, оқу дағдысын
қалыптастыру т.с.с.).
Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын да мектепке дейін меңгереді. Олар
мектепке оқуға түскеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту,
қолданатын сөздердің мағынасын анықтай түсу сияқты жұмыстарды жүйелі түрде
жүргізеді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін
танысады. Мектептің міндеті оқушыларға ана тілінің сан алуан грамматикалық
қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу.
Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай
болу керек. Сондықтан граматтикалық мағынаны ұғыну барысында олар
шындықтағы заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды түсінеді,
ойлауға үйренеді. Міне, осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп
шығады.
Сөйтіп, тілді ұғыну – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және
лексикалық фактілерімен оқушылардың тіл байлығын арттыру. Мұғалім бұл
міндетті методикалық құралдарды дұрыс іріктей алғанда ғана ойдағыдай іске
асыра алады.
Методологиялық принцип төмендегідей методологиялық ережелерді сақтауды
талап етеді:
1) оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру;
2) грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету;
3) қазақ тілі сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, балалардың
лексикалық қорын байыту және оларды сөйлеуге үйрету.
Осы ережеге сай, бастауыш мектептерде бағдарламалар жасалады,
дидактикалық материалдар іріктеледі және оқыту әдістері белгіленеді.
Екінші заңдылық. Тілді ұғынуы үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер
мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезінде болатындығын айтып жүр.
Грамматиканы үйрету осы тілдік сезімталдыққа сүйеніп, іске асырылады.
Бұл принцип төмендегідей методикалық ережелерді сақтауды талап етеді:
1) балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру (мұнда
грамматика басты орын алады);
2) оқушылар өздеріне белгісіз грамматикалық көріністерді бұрыннан таныс
көріністермен салыстыра алатындай дидактикалық материал іріктеледі;
3) тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен
қатар сөйлеу мәнері, сезімге бөліне сөйлеуді меңгереді.
Мұндағы методикалық принцип: сөйлеу мәнеріне назар аудару.
Бұл принципті іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:
1) тілдің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарын үйрету
барысында сезімге бөлене сөйлеу мәнерінің жолдарын түсіндіріп отыру;
2) ана тілі мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде байланыстырып
отыру;
3) тілдерін талдағанда көркем тексттердің сезімге әсер ететін бөліктерін
таңдап алу.
Төртінші заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеуді таңбалау жүйесіне
аудару ретінде (дыбысты таңбаға көшіру) ұғынылады.
Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеуді меңгерудің жалпы екінші кезеңі болып
табылады – дейді профессор Н.С.Рождественский. Ауызекі сөйлеудің өзі
шындықтағы заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады. Жазбаша
сөйлеу ауызекі сөйлеудің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде белгілейтін
таңбалардан тұрады. [9,5 б.].
Сауат шу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған
таныс емес әріптің бұрынан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы
бір маңызды мәселе – ауызекі сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып
тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының ролі.
Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы
мынандай методикалық принципке негізделеді.
Бұл принцип төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады:
1) ауызекі сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру;
2) дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру;
3) ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.
Бесінші заңдылық. Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық мағыналардың
барлығы тіл материасын, яғни тіл таңбаларын – дыбыс, морфема, сөз, дауыс
ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі) – ұғыну барысында
меңгеріледі.
Тілдің оқушы мазмұны және формасы, яғни логикалық, грамматикалық жағынан
қабылдайды. Ал әрбір сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктері тілдің көмегімен
анықталады. Ендеше тілді оқушы, практикалық жағынан, белгілі бір тілдік
фактілерді тану құралы ретінде де пайдаланды.
Мұнадай заңдылықтан тілді оқыту принципі келіп шығады.
Бұл принципті іске асыру ережесі мынандай:
1) көрнекілікті пайдалану (таблица, схема, түрлі суреттер, теледидар,
кино және т.б.);
2) есту құралдарын пайдалану (текстер оқып беру, магнитофон, радио,
теледидар, кино т.б.);
3) оқу құралдары, көркем текстер, ғылыми-көпшілікке арналған тексттер,
газеттер, журналдар;
4) ана тілін үйрету үшін оқушылардың басқа пәндерді оқу барысындағы
сөйлеу практикасы (мұғалімнің, жолдастарының сөзі, оларды аңғарту үшін
талдау) пайдаланады.
Тіл материясына көңіл аудару принципі мұғалімге нақты жол көрсетеді.
Оқушы әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәні сонан соң ғана
аңғарады.
Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену сөйлеу органдарының (өкпе, тамақ, тіл,
беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының
тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады.
Мұғалімнің айтқанын естіп немесе жолдастарының жұмысына қарап қана тіл
үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып, жазып, айтып, түрлі сөздер мен сөз
тіркестерін, сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан-салаға өзгертіп, өзі
әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді. Бұл заңдылықтан сөйлеу органдары мен
жазатын қолды жаттығулар принципі келіп шығады.
Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және
грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай
болса, тілдік фактілер де солғұрлым тез ұғынылады. Сондықтан оқушыларға
алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп тілдік материалдарды бірте-
бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалды.
Мұндай қайталаудың алатын орны ерекше және бала есіне саналы түрде,
түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек: салыстыру, анализ,
синтез, дерексіз ұғым, жалпылау, нақтылау және индуктивтік, дедуктивтік ой
қортындыларын жасай алатындай болуға тиіс.
Тілге жүйелі түрде, бірте – бірте үдетіле үйрету заңдылықтарынан
мынандай методологиялық принцип шығады:
1) ұштастыра оқыту;
2) қайталау;
3) өз бетімен жұмыс істеуді күшейте түсу.
Бұл принциптерді іске асыру үшін:
1) программаны тиянақты құру;
2) жоспарлы түрде қайталап отыру;
3) жаттығу жұмыстары;
4) оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері ірікетеу
сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.
Сөйтіп, анатілін меңгерудің заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі
болып табылады; ал методикалық принциптер осы заңдылықтардан туындайды,
мұндай принциптерге негізделген методика, сөз жоқ, оқушыларға ана тілін
үйрету жұмыстарын жүйелі жүргізуге көмектеседі.
Қазақ тілін оқу, білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі – қазақ
республиксының мемлекттік тілі, ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен
мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсетілетін
бай лексикасымен, қалыптсақан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік
тармақтармен (көркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ресми
іс-қағаз стилі және т.б.) сипатталады.
Қазақ тілінде көптеген газет-журналдар шығады. Көркем әдеби шығармалар
мыңдаған тиражбен басылып, таратылып отырады. Қазақ тілінде ғылыми
әдебиеттер шығарылады. Соңғы нәтижесінде қазақ тілінің лексикасы саяси және
ғылыми-техникалық терминдермен толығып баюда.
Қазақ тілі арнайы ғылымның зерттеу объектісіне айналып, оның әр түрлі
сөздіктері мен тұрақты оқулықтары жасалуда.
Қазақ тілі бастауыш, орта мектептерде, жоғары және арнаулы оқу
орындарында арнайы пән ретінде оқытылуда. Қазақ тілінің жеке грамматикалық
категорияларының өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, олар
жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда. Қайта құруға жұмыла кіріскен
бүкіл кеңес халықтарының ерлік қимылы барысында, басқа тілдер сияқты, қазақ
тілі де нәрлене, байи түсуде. Тіл мәдениеті күшеюде.
Бастауыш сыныптарда балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?
Балалар бастауыш сыныптарда оқуға, жазуға үйренеді, ойын анық, дәл
жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлесуге үйренеді.
Сөйтіп, қазақ тілін педагогикалық училищелерде оқудағы мақсат – бастауыш
сынып оқушыларын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге
үйретужәне соның негізінде олардыңтілдерін ұстарту, сондай-ақ жазу
дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге төселдіру болып табылады.
Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және олардың
дамытудағы маңызы. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды
ерлікке, Отанның, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде
К.Д.Ушинский Халық тілі – тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен
басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы
қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі
– барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде ... деп
көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі
пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы
пәндерді оқып үйретуге жол ашылды. Бұл жөнінде педагог К.Д.Ушинский: Ана
тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген
кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл
осындай күйге ұшырады. Ана тілі басқа пәндердің бәрінде қатысы бар және
олардың нәтижелерін өзінежинақтайтын баст, өзекті пән екені енді түсінікті
емес пе? - деген болатын [12,8 б.].
Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, интернационалдық, патриоттық
рухқа тәрбиеленеді.
Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған
материалдардағы ойды да дәл түсінеді.
Ал мектепте оқылатын грамматика, оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір
жағынан, білімдік мәні, екінші жағынан, тәрбиелік мәні, үшіншіден, баланың
жеке басындағы қасиеттерді дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай
түсуде орасан зор үлес қосатыны мәлім.
Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруде және
оларды дамытуда мынандай қағидалар басшылыққа алынды:
1. Мұғалім білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт
ұғымына сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған
материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып
отыруға міндетті;
2. Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде, үнемі
дағдыландырады;
3. Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың
сезімдеріне әсер етіп, адамдарға қажетті моральдық қасиеттер,
адамгершілік мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызады.

1.3 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі әдістері және бірінші
сыныпта қазақ тілін оқыту мазмұны

Бастауыш сынып оқушыларының қажетті білім негіздерімен қаруландырып,
оқу материалдарының мазмұнын ойдағыдай меңгеру үшін оқытудың тиімді әдіс-
тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуымен және оқудың
қажеттілігін сезіну үлкен роль атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды
білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды
білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға
айрықша көңіл бөлінеді.
Білім алу ақыл-ой қызметі арқылы жүзеге асады. Олай болса, оқыту
барысында мұғалім оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға баса назар аударып
отыруға тиіс. [6,3 б.].
Білім беру сабақ барысына мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге
асырылады. Мұғалім оқу материалдарының мазмұнын сөзбен түсіндіреді. Ал
мұғалім сөзі сабақта әр түрлі көрнекі құралдарды пайдаланумен толықтырып
отырады. Алайда мұның бәрі оқушыларға мағлұмат, түсінік беру ғана. Өйткені
түсіндіргенді, көрсеткенді оқушы естиді, көреді – сезініп, қабылдайды. Ал
мұндай бідім, әдетте, тез ұмытылдаы. Сондықтан алған білімді тұрақтандырып
бекіту, іс жүзінде пайдалана білу керек. Ол үшін оқушыны өздігінен жұмыс
істей білуге үйрету қажет. Мысалы, Сөйлем бас әріптен басталып, ондағы
жеке сөздер бір-бірінен бөлек жазылады, сөйлем соңына нүкте (сұрау, леп
белгілері) қойылады деген ережені меңгеру үшін белгілі бір сөйлемді жазып,
ереже талаптарын іс жүзінде қолма-қол орындау керек. Мұны өздігінен орындай
білушілік деп атайды. Оның өзі де жаттығу мен қабілетке байланысты.
Икемділік бірден тұрақтатылып, қалыптаспайды, жаттығулар жасау арқылы
жетілдіріп, тұрақтайды. Басқаша айтқанда, машыққа айналады. Соның
нәтижесінде оқушы алған білімін іс жүзінде еркін пайдалана алатын болады.
оқытудың мақсаты да осы.
Оқыту әдіс-тәсілдері аталған мәселелерді толық шешуге тиіс. Алайда оқыту
тәсілдері – қыр-сыры мол, күрделі, терең зерттеуді қажет ететін мәселе.
Оқыту әдіс-тәсілдерін топтау да әлі толық шешілген жоқ. Оның қиындығы –
бір әдіс екінші әдіспен ұштасып жатады. Ара жігін ажырату қиын. Мәселен,
мұғалім сөзінде оқытудың барлық әдістерді пайдаланады. Сондай-ақ бақылау,
көрінекі құралдарды пайдалану, жаттығу орындату сияқты әдістер барлық оқыту
методикасына қолданылды. Сабақ қандай тәсілмен өтсе де, онда байқау
жасалып, көрнекі құрал пайдаланып, жаттығу жұргізіледі.
Қазақ тілінен сапалы білім беріп, оқушының икемі мен машықтануын
қалыптастыру әрбір сабақ сайын алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы
жүзеге асады.[5,17 б.].
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін (гарамматика мен емлені) оқытудың
негізгі әдістері мыналар: мұғалімнің сөзі, әңгіме және оқушылардың
өздігініен істейтін жұмыстары.
1. Мұғалімнің сөзі. Білім берудің ең негізгі бір әдісі – мұғалімнің
сөзі. Мұғалім сөзі хабарлау, баяндау, және түсіндіру, сұрақ – жауап
әдістері арқылы іске асады.
Хабарлау кезінде сабақтың тақырыбы, тақырыптың негізгі мазмұны,
құрылымы, мақсаты, сабақта оқушылардың қандай мағұлұмат алатыны, ол
мағлұматтардың өткен материалдармен байланысы сияқты мәселелер ескеріледі.
Баяндау барысы бейнелі сөзге құрылып, эмоциялық әсермен оқушылардың
сезімін оятып, тақырыпты қызықты етіп түсіндіру үшін қолданылады.
Түсіндіру – білім беру әдісінің негізгі түрі. Түсіндіру нәтижесінде жаңа
тақырып мазмұны жан-жақты талданып, оқушылар грамматикалық білім негіздері
жөнінде түсінік алады. Оқу материалдарының тақырыптық басты ерекшеліктерін
ашып көрсету, деректерді нақты фактілермен дәлелдеу – түсіндіру әдісіндегі
алға қойылатын басты мақсат болып табылады. Түсіндіргенде грамматикалық
ережелер мен анықтамаларды егжей-тегжейлі меңгерту көзделеді. Ережелер мен
анықтамаларды талдау-жинақтау әдісімен түсіндіреді. Сабақ тақырыбының
мазмұнын оқыту жағы дайын анықтама – ережелер арқылы түсіндіру уақыт
үнемдеуге, түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім сөзі сабақ тақырыбына лайық көрнекі құралдарды орынды
пайдалануына білгенде әсерлі болады.
Мұғалім жаңа материалдарды түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар
оқушылардың өткен тақырып бойынша берген сұрақтарына да толық жауап, жан-
жақты түсінік беріп отырады.
Мұғалім сөзіне мынандай талаптар қойылады:
1) Мұғалім сөзі нақты, дәлелді және оқушыларға мейлінше түсінікті болуға
тиіс.
2) Өте тез, асығып сөйлеуге де, өте баяу, сылбыр сөйлеуге де болмайды.
Мұғалім байсалды, салмақты сөйлеуі керек. Әсіресе дауыс ырғағына баса
назар аударған жөн.
3) Уақытты үнемдей білуі керек. Мұғалім сөзі бастауыш сыныптарда көп
уақытты алмауға тиіс. Түсіндіру немесе қайталау 4-5 минуттан асапағаны
дұрыс.
2. Әңгіме әдісі. Бұл кейде сұрақ – жауап әдісі деп те аталады. Өйткені
бұл әдістің басты ерекшелігі – мұғалім жаңа материалды түсіндіргенде
оқушыларға бұрыннан таныс білім негіздері мен логикалық байымдауларын
сүйенеді. Әңгіме барысында түсіндірілетін талқыланып мазмұнын ашу үшін
қажет деректерге оқушылардың көздерін жеткізе, сендіре, мақұлдата отырып,
мұғалім тұтас сыныпты осы тақырып бойынша жалпы қорытынды жасауға
жетелейді. Бұл әдістің негізгі бір тиімділігі сонда – мұндай сабақ сыныптың
белсенділігін арттырады.Өйткені әңгімеге сыныптың барлық оқушы ынта қоя
қатысады, нашар оқиды деген балалар да түсінудің сұрақ-жауап әдісіне
ықыласпен араласып отырады. Дәл осы арада әрбір оқушының білімді қабылдау
дәрежесін, демек, жалпы қабілетін байқауға мүмкіндік туады. Сабақтың
әңгімелесу кезінде балалардың ақыл-ой жұмысы жетіле түсседі. Әсіресе
құбылыс ерекшеліктерін бір-бірімен салыстыру, бірін-біріне қарама-қарсы
қойып, олардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты оқушылардың өздеріне
байқатуға, байқағандарынан тиісті қорытынды жасатуға көбірек көңіл бөлінді.
Демек, бұл арада талдау-жинақтау әдісі баса жүргізіледі. Әңгіме әдісін өз
дәрежесінде пайдалану үшін оқушылардың осы тақырыпқа байланысты белгілі
дәрежеде білім қоры тиіс, оқыған грамматикалық тақырыптарды, олардың
атауларын түсіну керек. Мұндай білім негіздері жетіспесе, әңіме тәсілін
пайдалану қиын.
Әңгіме әдісі, оның ішінде сұрақ-жауап тәсілі алғашқы сабақтарда-ақ
қолданылады. Мысалы:
- Мынау не?
- Бұл – ойыншық.
- Ол кім?
- Ол – бала.
- Бала не істеп отыр?
- Бала ойыншықпен ойнап отыр, - сияқты сұрақ- жауап тәсілі
Әліппені оқытқан кезде-ақ кеңінен қолданылады.
Әңгіме мұғалімнің алдын ала жазбаша дайындап келген нақты сұрақтары
бойынша белгілі жоспармен өткізіледі.Әңгіме әдістінде пайдаланылатын
сұрақтар төмендегі талаптарға жауап беруі керек:
1) Сұрақ мазмұны толық және нақты болу керек.
2) Сұрақ тұжырымды, көңілге қонымды, сөйлем құрылысы оқушыға мейлінше
түсінікті және жеңіл болуға тиіс.
3) Берілген сұрақтар логикалық тұрғыдан түсінікті, байланысты, тақырып
мазмұнынан алшақтамауы керек.
Әңгіме әдісінің күрделі бір түрі – эвристикалық әдіс (грекше эфрико -
таптым деген сөзден алынған). Қазіргі уақытта мұны оқытудың проблемалы
әдісі деп те атайды. Бұл әдіс бойынша сыныпқа терең ойлауды талап ететін
тапсырмалар беріледі де, олардың жауабын оқушылар өз беттерінше табуға
тырысады. [5,23 б.].
Қазіргі бастауыш мектептерде әңгіме әдісі өте жиі қолданылады. Кейбір
мұғалімдер сабақты әңгіме әдісін қолданбай тіпті де өткізбейтін сияқты.
Әрине, мұндай бірыңғай сүйену де аса пайдалы емес. Әңгіме әдісін үнемі
қолдана беруге болмайды. өйткені бұл әдіске тән кемшіліктер де аз емес. Бұл
әдіс, біріншіден, көп уақыт алады. Әдетте (оқыту тәжірибесінде), әңгімеге
байланысты мұғалім сұрақтарды әзірлейді. Бұнда мұғалімнің сөзі оқушы
жауаптарына қарағанда әлдеқайда көп уақытты керек етеді – сұрақ түсінікті
болу үшін түрлендіріп беріледі. Ал оқушы жауабы көбінесе иә, жоқ деген
бір сөзбен ғана шектеледі. Екіншіден, берілген сұраққа қолма-қол жауап
берудің өзі көп жағдайда оқушылардың еркін ойлауына мүмкіндік бермейді.
3. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Бастауыш сыныптарда қазақ
тілі грамматикасы мен емілесін оқытудың басты бір әдісі – оқушылардың
өздігінен істейтін жұмыстары. өйткені әрбір оқушы өз бетінше сапалы жұмыс
істесе ғана, тиянақты білім ала алады. Өздігінен жұмыс істеудің негізгі
мақсаты – білім негіздерін сапалы меңгеру, икемділікті жетілдіру, тұрақты
машықтарды қалыптастыру. Өздігінен істелінетін жұмыс – мұғалімнің тікелей
басшылығымен жүргізілетін, белгілі мақсатты көздейтін, жоспарлы,
творчестволық әрекет. Мұғалім оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысының
түрін, мақсатын, тақырыбын, орындау жолдарын көрсетіп, нәтижесін тексеріп,
оған баға береді. Сондай-ақ жұмыс жекелеген оқушының ерекшеліктерін ескере
отырып, жіктеледі. Өздігінен істеуге берілген оқу материалдарының мазмұны,
негізінен, оқушыларға таныс, түсінікті болуы керек. Демек, оқушылардың
өздігінен істейтін жұмыстарды оқу әдісі ретінде аса қажетті диалектикалық
принциптерге (оқу материалының тәрбиелік мәні, ойлау қабілетін дамыту,
көрнекілік пен техникалық құралдарды пайдалану, тапсырма мақсатының
айқындығы, жеке оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеру, таңдай білу,
жұмыстың орындалу жүйесі, оқу материалдарының ғылыми дәлдігі, білімді іс
жүзінде пайдалану) негізделеді.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы, негізінен, мына төмендегілерден
құралады:
1.Фонетикалық және грамматикалық анықтамаларды меңгеруге арналған
жұмыс.
Бастауыш мектепте қазақ тілі пәні оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып оқытылады. Алайда ондай тәжірибе белгілі дәрежедегі грамматикалық
теорияға негізделеді. Теориялық басшылықсыз қазақ тіл білімі негізінген
практикалық жақтан машықтану мүмкін емес. Сондықтан бастауыш сыныптарға
арналған оқулықтарда әрбір тақырыпқа байланысты оқушылар түсіне алатындай
нақты анықтамалар мен жеңіл грамматикалық ережелер беріледі. Фонетика мен
грамматикадан берілетін теориялық мағлұматтар алдымен қарапайым
анықтамаларды түсіндіруден басталып, біртіндеп күрделене түседі. Ережеде
тақырыптың негізгі мазмұны, ортақ белгілері қорытынды ретінде беріледі.
Демек, ережені меңгеруге байланысты жүргізілетін жұмыстар ойдың талдау-
жинақтау қызметін керек етеді. Сондықтан, әдетте, өз бетімен жұмыс бастамас
бұрын, мұғалім талдау-жинақтау әдісі арқылы ережені сыныпқа түсіндіреді.
Кейде оңай ережелерді оқушылардың өздігінен оқып түсінуіне тапсырма ретінде
беруге болады. оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушылардың ережені
меңгеруге дайындығын алдын ала ескереді, ол үшін ережені жинақтауға
жетелейтін түрлі жаттығуларды күн ілгері орындатады.
Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы мына түрде болады: анықтамалар
мен ережелерді өз бетінше зейін қойып, ойланып оқу; оқығандарын мазмұн
жағынан бөлу; мазмұндық бөлшектерлдің негізгі түйінін еске сақтай
отырып,жазбаша жоспар жасау; өздігінен мысалдар келтіріп, дәлелдеу; жоспар
бойынша ереже мазмұнын өз сөзімен кеңейтіп, түсіндіріп айтып беруге
даярлану.
2. Оқулықтағы жаттығуларды өздігінен орындауға байланысты жүргізілетін
жұмыстар. Бұл – қазақ тілі сабақтарында көбірек орындалатын жұмыстың түрі.
Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ
тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің тұрақты
машықтары қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларына жаттығудың төмендегі түрлерін орындатуға
болады: фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және сөздік (лексикалық)
жаттығулардың басты мақсаты – оқушылардың ой өрісін дамытып, дұрыс
сөйлеуге, қатесіз жазуға баулу.
3. Байланыстырып жазуды (сөйлеуді) жетілдіруге байланысты жүргізілетін
өзіндік жұмыс. Өз бетімен орындалатын жазу жұмысы ой түйінін жинақтап,
тақырыптың негізгі мазмұнын таба білумен тығыз байланысты. Демек, ой
түйінін жинақтап жазу - өзіндік жұмысының бір түрі.
Оқушылар өзіндік жұмыстарын орындаудан бұрын, жазбаша қысқаша жоспар
жасауға машықтанады. Жоспар жасау – творчестволық жұмыстың алғашқы
сатысының бірі. Жоспарды екі-үш сөйлемнен бастап, әрі қарай дамытып,
күрделендіреді. Жоспардың, материал мазмұнына қарай, сөз тіркестері немесе
хабарлы, сұраулы сөйлем ретінде жасалуы мүмкін.
Өзіндік жұмыстарын жазбаша орындаудың негізгі мақсаты – оқушыларды
тақырып мазмұнын ауызша баяндай білуге машықтандыру. Жазбаша жұмыс
оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, сөйлеу тілін қалыптастыруға зор мүмкіндік
береді. Өзіндік жұмыстың бұл түрі кезінде жазу жылдамдығы мен техникасын
жетілдіруге ерекше назар аударылады. Бастауыш сынып оқушыларынан жылдам оқи
білу қалай талап етілсе, жылдам жаза білу де солай талап етіледі. Жылдам
жазу дегенге қалыпты қарқынмен таза әрі көркем жазу да енеді. Әрине, тез
жаздыруға машықтандырам деп оқушылардың көркем жазуға деген ынтасын
(каллиграфиясын) төмендетіп алмау керек.
Байланыстырып жазуды (сөйлеуді) жетілдіруде оқушылар мынандай
творчестволық жұмыстарды өз беттерімен орындайды:
- Жеңіл синтаксистік сөйлемдер үлгісі бойынша өзара байланысты шағын
сөйлемдер құрастыру. Ондай сөйлемдер біртіндеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Бастауыш сыныпта сауат ашу барысында оқушылардың тілін дамыту және сөз қорын арттыру
Бастауыш мектепте оқыту туралы
Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері.
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың теориялық негіздері
Пәндер