Болашақ тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық белсендігін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ КӘСІБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ КӘСІБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

1. 1 Болашақ тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық мәселелері . . .

1. 2 Тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың мүмкіндіктері . . .

1. 3 Педагогтардың кәсіби шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың шарттары . . .

2 ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ КӘСІБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.

2. 1Педагогтың кәсіби шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың мазмұны . . .

2. 2 Болашақ тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың әдістері . . .

2. 3 Болашақ тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы педагогикалық-тәжірибелік жұмыстар . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы өтіп жатыр. Осы 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктеріміз орасан зор.

Солардың бірі балалар үшін жасалынып жатқан игі істер. “Ел боламын десең - бесігіңді түзе” деп халқымыз айтқандай, бала тәрбиесі біздің негізгі мақсатымыз [1] .

Дағдарыстың тауқыметін халқымыз: көппен көтерген жүк - жеңіл деп жүріп, қиындыққа төзіп, шыдап, ерінбей, талмай еңбек етіп, маңдай тердің күшімен жеңіп шыққандай.

Елбасымыздың дәстүрлі “Халыққа жолдаулары ” халқына әр жыл сайын жол көрсетіп, жөн сілтеп отырды. әр іске көрегенділікпен, аса мән беріп отырған елбасымыз 2006 жылғы дәстүрлі жолдауында еліміздің болашағы үшін, жас бүлдіршіндердің қамын жеу, оларға жағдай жасау мақсатымен “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандықтарын дайындау мәселесін алға қойды 2006-2007 оқу жылында жоғарғы оқу орындарының Педагогикалық - гуманитарлық салаларында “ Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ” мамандықтары ашылды.

Мектепке дейінгі мекемелер, яғни бала-бақшалардың көбісі жабылып қалған болса, енді біреулері мектеп жанына көшіріліп, амалсыздың күнін кешіп еді. Енді сол мекемелердің бәрі қайта іске қосылып, бала-бақшалар қайта ашылып, балалар үшін жағдай жасала бастады. Жұмыс жүргізілген соң талапта күшейді. Енді сол бала- бақшадағы балаларға тәрбие беру ісі алға қойылып отыр. Халқымыздың ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келген ұрпақ тәрбиесі, жинақталған тағлымы, тәлім-тәрбиелік үлгілері, дұрыс дүниетанымдық ұстанымдарының, өмірлік бағыттарының қалыптасуы, мәдени мінез құлықтардың қалыптасуы бәрі де тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық белсенділігіне байланысты. Міне, сондықтан да біз дипломдық тақырыбымызды: “Болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастыру” - деп алуымызға себепші болды [2] .

Зерттеу обьектісі: - Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты: Болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың теориялық тұрғыда айқындап, тәжірибеде қолданудың әдістемелік кешенін жасау, оны эксперименттік байқаудан өткізу.

Зерттеудің міндеттері:

- Болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;

- Болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін құру;

- Болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын, өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау;

- Болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың әдістемелік кешенін тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, ұсыныстар беру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың мазмұны теориялық тұрғыдан нақтыланып, құрылымдық-мазмұндық моделі құрылса, болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігі қалыптасады, өйткені кәсіби-шығармашылығы артып, белсенділікпен қажетті дағдыларды еркін меңгеруге ықпал етеді.

Зерттеудің жетекші идеясы: Болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың теориялық және практикалық тұрғыдан негіздері тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылығы дамып, белсенділігі артады.

Зерттеудуң әдіснамалық және теориялық негіздері:

Таным теориясы, өзіндік таным теориясы, білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық негіздері, тұлғаны дамыту теориясы, психологиялық және педагогика ілімінің теориялық тұжырымдамалары, ғылым мен тәжірибені кіріктіру теориясы, тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін арттыру жөніндегі идеялар мен тұжырымдар құрайды.

Зерттеу көздері: Қ. Р. Президентінің халыққа жолдауы: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және әдістемелік құжаттары; Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру әрекетінің типтік ережесі; Қ. Р. Үкіметінің “Қазіргі заман кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттері туралы қаулы” ; Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; ; Қазақстан Республикасының “ Білім туралы заңы”; зерттеу мәселесі бойынша ғылымдар еңбектерінде көрініс тапқан философиялық және педагогикалық тұжырымдамалар; оқу тәрбие үдерісіндегі озат тәжірибелер: оқу-әдістемелік құралдар, сондай-ақ дисертанттың педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибелік.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми педагогикалық әдебиеттерге, білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына, теориялық талдау жасау, озат іс-тәжірибелерді талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, жүйелеу, моделдеу, сауалнама, бақылау, тестілеу, жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу, қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы

- кәсіби шығармашылық, кәсіби шығармашылық белсенділік, белсенділікті қалыптастыру ұғымдары теориялық тұрғыдан негізделіп, болашақ тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық белсенділігіне анықтама жасау берілді.

- болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың моделі құрылды, оның аясында өлшемдер, көрсеткіштер, деңгейлер анықталды, мониторинг жүйесі берілді.

- болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды;

-болашақ тәрбиешілердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың әдістемесі және оқу-әдістемелік кешені жасалды.

1 БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ КӘСІБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  1. Болашақ тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық мәселелері

«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әркеті деп түсіндіріледі.

Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық деп «жаңалық» ашатын әрекетті атаған. Ал, осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев шығармашылықты «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдың тұрғыда болса, ол адамның психикасын «жаңа» саналы деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі бір тұтас педагогиканың талаптарына сәйкес келеді [3] .

Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен «жаңалықпен» қатар «бастамалылық», «белсенділік» ұғымдары астарласа қолданылып жүр.

Шығармашылық -өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс -әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Бастауыш сынып еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В. А. Кан-Кашк, Н. Д. Никандровтың зерттеулерінде, ұстаз шығармашылығының, психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру жолдары қарастырылады [4] .

Шығармашылық туралы зерттеулердегі ойлар мен тұжырымдарды, негізге ала отырып, оны мына төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам іс-әрекеті деген қортынды жасауға болады:

  • Шығармашылықты тудыратын қарама-қайшылықтың болуы.
  • Әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы.
  • Шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы.
  • Шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы.
  • Нәтиженің жаңалығы.

Мұғалім өзекті мәселенің айналасына өзінің білім, біліктілігін тоқтайды. Мұғалімнің ұйымдастыру шығармашылығының да мәні ерекше. Әсіресе, оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру шығармашылығы [5] .

Тәрбиеші балалардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сана деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Сондықтан балалардың шығармашылық іс - әрекетінің мәнін дамыту үшін не істеуге болады деген сұрақ туатыны сөзсіз.

Ал ол үшін балалардың білім алуда тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыдан өз болмысын таныта алатын және тұлға тәрбиелеу болып отыр.

Ал балалардың шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық. Ендеше оларға тән шығармашылық кезеңдерін шартты түрде былайша топтастырамыз.

  1. Жаңалықпен бетпе-бет келу;
  2. Шығармашылық, екі ұштылық, белгісіздік;
  3. Шешімнің жарық етуі;
  4. Шығармашылық акт;
  5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Жалпы белсенділік деп - бүкіл жер бетіндегі жанды тіршіліктің өз тірлігіне мәні барды сақтауға, оның өзінің керегіне лайықты етуге жұмсалатын күші, ойлауы, тәсілі, яғни қоршаған дүниеге, әлемге өзіндік қатынасы [6] .

Шығармашылық деген қажеттілік - күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамдағы жаңару үрдістері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.

Шығармашылық іс-әрекет - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарында, жеке адамның, ақыл - санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи үрдістері үздіксіз жүріп, белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық үрдістерін табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой- санасына, айналысатын сана байланысты [7] .

Балалардың шығармашылық іс -әрекетке деген құлшынысы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып оның «әрекет» ұйымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.

Шығармашылық және іс- әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Іс -әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмыстыққа айналдырса, ал шығармашылық іс -әрекетті реттеуді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды.

Шығармашылық іс-әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.

Яғни, шығармашылық - қайшылықтарды шешуге ынталанған, жеке тұлғаның нәтижеде адамзатқа мәні бар.

Шығармашылық үрдісті ғалымдар әр кезеңге бөліп қарастырады. Әр кезеңде баланың бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады. Алғашқы кезеңдерде шығармашылыққа деген сенімсіздік, күдік білінуі мүмкін [8] .

Ал келесі сәттерде біраз ойлану, іздену кезеңдерінде табандылық, танымдық, белсенділік секілді қасиеттер қалыптасып, еңбектің нәтиже берер тұсында оқушының көңіл күйі көтеріліп, жаға істерге жігерлене түседі. Әрине, шығармашылық жұмыстардың түріне мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып қабысып жатуы мүмкін.

Оларда қалыптасып, одан әрі дамып отыратын сапалардың бірі айқын көрініп, бірі уақытта көмескіленуі ықтимал. Жалпы әр оқушының бойындағы қайталанбайтын табиғи ерекше құбылыстар біріге жинақталып, керемет шығармашыл тұлға жасап шығарады.

Бұл қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді гуманистік принциптегі бағытта дамыту идеясымен ұштасып жатыр.

- шығармашылық ізденістер, тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;

- оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын келешектегі өмірлерінде қолдана алуларына көздерін жеткізу;

Балалардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі, жұмыста өз еркімен, қалауымен орындауы;

Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын жеке тұлғаны қалыптастыру, өздігінен дамуға жағдай жасау, сондықтан оның өзіндік танымдық, шығармашылық іс -әрекеті белсенді болады.

Шығармашылық іс -әрекет мәселесі сан қырлы: оған философиялық - эстетикалық мәдениеттанымдық, әлеуметтік және психологиялық -бастауыш сынып аспектілер кіреді. Ал оның өмір сүруінің өзегін табу үшін кешенді қатынас қажет. Педагогика жеке тұлғаның шығармашыл қорының жетілу көзқарасын, шығармашыл бастамалардың қалыптасу механизмдерін аудару әрекеттері барысында шығармашылықты қарастырады [9] .

Балалардың өнімді ақыл-ой, іс- әрекеті, ұсынылған тапсырманы орындаудағы олардың шығармашылық мүмкіндігін пайдалану, басшылыққа алынатын білім, білік және дағдыларды қалыптастырудың жанама жолының басымырақ болуы көзделеді. Осыған орай оқулықтың көптеген тапсырмалары талқылау жүргізу, ұсыныс және болжам айту, әр алуан көзқарастарды қарастыру, шешудің жаңа жолын іздестіру және т. с. орындау мүмкін болатындай түрде, яғни формада тұжырымдалған.

Шығармашылық іс -әрекетке бейімдейтін жаттығулар, тапсырмалар, мәтіндер, өзіндік жұмыстар әр түрлі болады. Мысалыға:

Жасыл түсті қоршауға алынған жаттығулар негізінен, балалардың логикалық ойлау қабілетін, ақыл-ойын дамытуды көздейді. Ондай жаттығуларды орындау барысында оқушылар мазмұнға сәйкес объектілерді бақылайды, салыстырады; сондай -ақ әр алуан ақыл -ой іс -әрекеттерін орындайды, практикалық жұмыстар жүргізіледі; зерделілік білдіреді, ізденеді; болжам айтады, оны негізді беруге немесе дәлелдеуге талпынады, пәнге деген қызығушылығын, ынта - ықыласын тудырады.

Оқушыларға арналған тапсырмалардың бәрі арнайы жүйе құрайды. Оларды орындай алмаған оқушыға білімнің көрсеткіші ретінде нашар баға қойылмайды, ал оны орындаған оқушыны мадақтаған жөн [10] .

Сонымен, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, инициативаны, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру орта мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

Шығармашылық - оқушының танымдық іс -әрекетіне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.

Баланың шығармашылық іс-әрекетінің пайда болуы оның орындаған тапсырмасының нәтижесінен көрінеді және шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.

Шығармашылық іс-әрекет әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді [11] .

Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың мәні мен мазмұнына үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келдік:

- қоғамда болып жатқан өөзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;

- оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;

- білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;

- оқушының танымдық ойлау белсенділігінің дамуы;

- жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен қасиеттерінің дамуына;

- жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюі;

- тұрақты ізденімпаздық, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді.

Шығармашылық іс-әрекет ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл үғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық процестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоционалдық, бағыттаушы (зейін, ерік) байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді. Ғалымдардың бұл мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге байланысты шығармашылық іс-әрекет ұғымына өз анықтамамызды береміз [12] .

Біздің пайымдауымызша, «шығармашыық іс-әрекет» - жеке тұлғаның танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық ізденімпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық процестің қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілеті.

Шығармашылық іс-әрекет оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Шығармашылық іс-әрекет адам өмірін жаңа деңгейге көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоционалдық көңіл-күй орнатады.

Жүйелі жүргізілген зерттеулеріміз оқушының шығармашылық іс -әрекетін қалыптастырудың бағыты мұғалімнің бастауыш сынып іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігін көрсетті.

Мұғалімнің оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы қарым-қатынас оқушылардың шығармашылық іс -әрекетінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

Демек, сабақтың жоғары деңгейде өтуі, оқушылардың дамуы мен дайындығына сәйкес әр түрлі әдістерді қолдану, жеке ерекшеліктерін ескеру, сабақта түрлі танымдық тапсырмаларды мейлінше кеңінен пайдалану оқушыларда оқу материалына деген қызығушылығын тудырады.

Жұмыс түрлерін шығармашылық сипатқа өзгертіп, сабақтан тыс уақытта өздігінен ізденіп, белгілі бір оң нәтижеге жетуге бағыттау іс-әрекеттің қалыптасуына негіз болады [13] .

Мәселен, бала сабақты жақсы оқиды, қабілетті, белсенді, бірақ оқу жұмысын ол міндеті ретінде түсінеді. Демек, баланың шығармашылық іс-әрекетке тұрақты қызығушылығы, ізденімпаздығы дамымаған. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетке бағыттаушылық рөлі болмаған жағдайда оқушыда "интеллектуалдық енжарлық" пайда болады.

Шығармашылық іс-әрекет жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын белсендіретін қызықты интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс табады.

Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.

Шығармашылық іс-әрекет жеке тұлғаның қасиетіне айнала отырып, оның танымдық сипатын және қоғамдағы бағытын айқындайды, жеке тұлғаның болмысқа деген өзіндік көзқарасын қалыптастырады [14] .

Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу - бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Баланың шығармашылығын дамытатын тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек.

Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.

Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А. В. Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: «егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсыздықтың үлкен күнәсы. Бұл материалмен алдын ала не істейтінді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек»- дейді.

Н. К. Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.

Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А. С. Макаренконың (1988) пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік - бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы». Бұл жөнінде ол: «Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім» дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілуі, күлу бәрі-өнер болып табылады. Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мында кел» деген сөзді 15-20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана дейді.

В. А. Сухомлинский (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді дегенмен ол педагог тұлғасы тәрбиеленуші тәнті ететін, өзіне тарта білетін рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол идеалдар мен қағидалардың көзқарастары мен талғамының симпатия мен антипатияның моральдық әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы міне. Осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.

А. И. Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік -« мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі» - деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты - өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.

Ю. П. Азаров (1971) тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық - мәдени дүниетанымын қалыптастыру
Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Ойын феномен ретінде.ойынның психологиялық негіздері
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті - ролдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Білім беру технологиялары негізінде мектеп жасына дейінгі білім алушылардың қабілеттерін дамытып қалыптастырудағы педагогика ғылымындағы зерттелу теориясы
Музыка және музыкалық тәрбие беру әдістемесі
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz